Apr 16

2018 жылдың 14 сәуірінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Ашық есік күні өтті.

2018 жылдың 14 сәуірінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Ашық есік күні өтті.

2018 жылғы 14 сәуірде Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да Ашық есік күні өтті. Университет үшін бұл дәстүрлі іс-шара. Жыл сайын бұл күндері білім беру мекемесіне мектептердің бітіруші сынып оқушылары, қала және облыс колледждерінің студенттері, мұғалімдер мен ата-аналар келеді. Биылғы жылы университет 600-ден астам мектеп пен колледждердің болашақ түлегін қарсы алды, жалпы алғанда Ашық есік күні шарасына 70-ке жуық білім беру орны қатысты. Бұл күні университет Астана қ., Теміртау қ., Шахтинск қ., Саран қ., Қарағанды облысының Осакаров, Шет, Жаңаарқа, Бұқар жырау, Абай аудандарынан келген қонақтарды қарсы алды. Қонақтар арасында «Қарағанды қ. Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚ, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты, №№ 3, 9, 38 гимназиялары, М.Жұмабаев атындағы № 39 гимназия, №101 мектеп-лицейі, «Лингва» колледжі, Қарағанды гуманитарлық колледжі, Қарағанды политехникалық колледжі, КГТК, ҚЭУ колледжі және басқа да білім беретін орындар болды.

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде болашақ түлектер мен ата-аналар алдында бірінші проректор, профессор Жұмашев Рымбек Мұратұлы сөз сөйледі. Ол біздің университет жайлы баяндап, түлектерді білім ордасының жетістіктерімен таныстырды.

Физика-техникалық факультетінің 4 курс студенті Қыпшақов Сұлтан ҚарМУ-дағы оқуы жайлы әсерлерімен бөлісті. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы С.Ғ. Құрымбаев қонақтарды ҚР жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерімен таныстырды. Салтанатты ашылу рәсімінде Студенттер сарайының шығармашылық ұжымдары өздерінің музыкалық нөмірлерін көрсетті. Содан кейін барлық іс-шара қонақтары факультеттермен өткізілетін кездесулерге шақырылды, онда декандар, кафедра меңгерушілері мен оқытушылар мамандықтар, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы мен факультеттердегі қоғамдық өмір туралы әңгімелеп берді.

ҚарМУ қонақтары үшін бұл күні ҚарМУ тарихы мұражайының, Археология және этнография мұражайының, кітапхана оқу залдарының, Электрондық ресурстар залының, Технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің, Тіркеуші кеңсесі мен басқа да бөлімшелердің есіктері ашық болды.










Top