Apr 16

Х Республикалық студенттік Олимпиада

2018 жыл сәуірдің 12-13 жұлдызы аралығында Алматы қаласынының Қазақтың спорт және туризм академсиясы базасында ұйымдастырылып өткізілген «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша Х Республикалық студенттік Олимпиадасында Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «5В010800-Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері I орынға ие болды.

Олимпиада мақсаты

5В010800-«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» пәнін білу деңгейі бойынша үздік студенттерді анықтау.

Олимпиада міндеттері

а) дене шынықтыру мен спорттағы болашақ мамандардың дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері бойынша білім деңгейін анықтау;

б) дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің жас ерекшеліктерінің негізі бойынша білім деңгейін анықтау;

в) бакалавриат студенттерінің дене шынықтыру мен спорт саласындағы ғылыми-танымдық әлеуетін анықтау;







Top