May 02

Химия пәні бойынша облыстық ХІІ-ші Ашық олимпиада

2018 жылдың 28 сәуірінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетінде химия пәні бойынша облыстық ХІІ-ші Ашық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының, сонымен қатар, оған серіктес аймақтардың орта мектептері, лицей, гимназия және мектеп-интернаттарының 11-сынып оқушылары қатысты. Олимпиада екі кезеңде өткізілді: бірінші теориялық кезең және екінші кезеңнің түрі – эксперименталды тапсырмаларды орындау. Екінші кезеңге бірінші кезеңде жоғары балл жинаған оқушылар өткізілді. Қатысушы оқушылар химия пәні бойынша жоғары білімдерін көрсетті. Жалпы екі тур бойынша 66 баллдан (1 тур – 30 балл, 2 тур – 36 балл) жоғары балл жинап.

Суырылып шыққан жеңіпаздарымыз:

Қатысушының аты-жөні Мектептің атауы Қорытынды балл Жүлде орыны
Туровец  Милана Александровна «Гимназия № 93» КММ 61 1 орын
Ойнабеков Селим Қарағанды қаласының

ХББ НЗМ

58 2 орын
Толокнова Анастасия Дмитриевна «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 5 гимназиясы» КММ 57 2 орын
Советханов Азат

Рымгалиевич

Елтай ЖББОМ 55 3 орын
Солод Артём Александрович «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 6 жалпы білім беру мектебі» КММ 55 3 орын
Каманова Айгуль Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицей, Шахтинск қаласы 54 3 орын
Саркен Айзат Талды жалпы орта білім беру мектебі 54 3 орын

 

Жеңіпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз, жетістіктерге жете беріңіздер!!!

Top