May 10

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 73-жылдығына арналған «Жас Ұлан – 2018» әскери-патриоттық әндер байқауы

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 73-жылдығына арналған «Жас Ұлан – 2018» әскери-патриоттық әндер байқауы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында 2018 жылдың 19-20 сәуірінде өтті.

Байқаудың мақсаты – жастарды азаматтыққа, патриотизмге, өз Отанына деген адалдыққа тәрбиелеу; өзін-өзі шығармашылық түрде жетілдіруге жағдай жасау; әскери-патриоттық тақырыптағы әндерді насихаттау.

Байқаудың ұйымдастырушылары және демеушілері – академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректораты, Студенттер сарайы, Кәсіподақ комитеті.

Байқауға қатысушылар – Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ факультетітерінің студенттері және әскери бөлімдерінің қызметшілер.

Байқау репертуары: соғыс жылдарындағы әндер; соғыс туралы әндер; әскери қызмет туралы әндер және де әскери-патриоттық тақырыптағы авторлық шығармалар.

 

Байқаудың жеңімпаздары:

«Соғыс жылдарындағы әндер» номинациясы

1. Аблаев Альфараби Педагогика факультетіі I орын
2. Тәжібай Жанерке, Мейрамбеков Мейірбек Филология факультетіі I орын
3. Бердикулова Адель Биология-география факультетіі II орын
4. Бораш Әлім Философия және психология факультетіі III орын

«Соғыс туралы әндер» номинациясы

5. Касымхан Нұрмұханбет Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімі I орын
6. Абдықадырова Динара Математика және ақпараттық технологиялар факультетіі I орын
7. Турсбек Аяулым Педагогика факультеті I орын
8. Жумагалиева Диана Физика-техникалық факультеті II орын
9. Назар Диана Химия факультеті III орын
10. Әлім Балнур Химия факультеті III орын

«Жеңіс және әлемде туралы әндер» номинациясы

11. Гельдыева Элеонора Философия және психология факультеті II орын
12. Утебаев Армұхаммед Дене мәдениеті және спорт факультеті III орын

«Қазақстан туралы әндер» номинациясы

13. Серикбай Гулбаршын Дене мәдениеті және спорт факультеті I орын
14. Роман Әсем Химия факультеті I орын
15. Совет Әнел Химия факультеті II орын
16. Ершора Аружан Педагогика факультеті II орын

«Әскери қызмет туралы ең үздік әнді орындау» номинациясы

17. Кошанов Абзал Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімі I орын

 

Студенттер сарайының директоры К.Г.Гаркуша













Top