May 25

2018 жылғы 23 мамырда Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеттің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа Қоғамдық кеңестің төрағасы, бірінші проректор Р.М.Жұмашев, Кеңес мүшелері: тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор А.Қ. Қалықов, Қызметкерлерді басқару бөлімінің бастығы З.Ғ. Жұмажанова, Оқу-әдістемелік басқармасының бастығы С.В.Гаголина, азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі А.С.Қыздарбекова, «Қазақстан» Республикалық  телерадиокорпорациясы» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Б.С. Дюсетаев, сондай-ақ шақырылған қонақтар: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы омбудсмені И.Н. Майшекин, жоғары оқу орынан кейін білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы Карстина С.Г., ЖІК мамандары: С.Г. Төлегенова, А.С. Рахимов және Қоғамдық кеңестің хатшысы, құқықтық қамтамасыз ету және ішкі аудит бөлімінің маман заңгері Ш.Т. Байкенжина қатысты.

Отырыста қарастырылған мәселелер:

  1. Жазғы емтихандық сессияны ұйымдастыру туралы. Баяндамашы – Оқу-әдістемелік басқармасының бастығы С.В.Гаголина.
  2. Оқу, ғылыми, дипломдық жұмыстарды, магистрлік және докторлық диссертацияларды плагиатқа тексеру туралы ережені сақтау туралы. Баяндамашы – Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы С.Г. Карстина.

Әртүрлі мәселелер.

Отырыс қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері қаулы етті:

  1. Қоғамдық кеңестің 2018-2019 оқу жылына арналған Жұмыс жоспарына «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубымен бірлескен іс-шаралар енгізілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы омбудсменмен ынтымақтастық жалғастырылсын.
  3. Университет факультеттерінің сыбайлас жемқорлық құбылыстарына төзбеушілік көзқарас рейтингін қалыптастыру параметрлері әзірленсін.








Top