May 28

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

2018 жылдың 28 мамырында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында білім ордасы алған 18 оқулықтың тұсаукесері болды.

Аталған теңдессіз жоба бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті республикада алғашқылардың бірі болып 17 мамырда қазақ тіліне аударылған 18 әлемдік оқулықтың 4000 данасын алды.

Университеттің ғалымдары білім алушыларға және жалпы жұртшылыққа осы оқу әдебиеттерінің ерекшеліктері туралы, қазақстандық студенттер, магистранттар мен докторанттар ала алатын жаңа мүмкіндіктер туралы айтып берді.







Top