Jun 07

«Менің Қазақстаным» атты акция

2018 ж. 4 – ші маусым еліміздің рәміздер күніне арналған, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ – дың «Жастар» алаңында, «Менің Қазақстаным» атты акция өткізілді. Шараға Жастар ісі жөніндегі комитет мамандарымен дайындық бөлімінің студенттері белсене атсалысты. Мерекелік іс – шараны еліміздің әнұранымен бастап, рәміздер мен Елбасы жолдауы туралы сұрақ – жауаптар, маңызды мәліметтермен жалғастырды. Мақсатымыз еліміздің рәміздерін құрметтеу және өскелең ұрпақты патриот етіп тәрбиелеу. Жастарымыз елім, жерім деп жырласа, көгімдегі байрағым, төрімдегі елтаңбам деп ұрандаса, Отанымыз Қазақстанның нығаюы, бейбіт заманға қадам басуының тағы бір айрықша дәлелі.

Top