Jun 13

«Жасыл Ел»

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының Қарағанды облыстық штабы биыл ХІV еңбек маусымының аясында Қарағанды қаласы бойынша маусым, шілде, тамыз айларында 285 жасты жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жастардың негізгі атқаратын жұмыс түрлері: қала аумағында орналасқан саябақтар мен гүлзарларда көгалдандыру, тазарту жұмыстарын жүргізу. Жұмыс уақыты ҚР Еңбек кодекісіне сәйкес. Еңбекақының орташа көлемі бір айға 55 000 теңгені құрайды.

Қажетті құжаттар тізімі:

– Жеке куәлік көшірмесі, 4 дана.

– Зейнетақы қоры келісімшартының көшірмесі, 3 дана.

– Мекен – жай анықтамасының көшірмесі, 3 дана.

– 18 жасқа толмаған жастардың ата – анасының рұқсат қағазы және ата – анасының біреуінің жеке куәлік көшірмесі, 3 дана.

Жұмыс 2018 жылдың 15-ші маусымынан басталады. Құжаттар Ерубаева 34, офис 212-ші кабинетте қабылданады.Анықтама телефоны: 8 708 554 61 06 (WhatsApp), немесе Жастар ісі жөніндегі комитет: 77 03 90 (11 10) 104 каб.

Top