Jun 20

«Рухани жаңғыру» жобалау кеңселерінің бірлескен отырысы

2018 жылдың 20 маусымында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде аймақтық және университеттік «Рухани жаңғыру» жобалау кеңселерінің бірлескен отырысы өтті.

Кездесудің басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласы аясында қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру.

Отырысқа аймақтық жобалау кеңсесінің жетекшісі Гүлнәр Құрбанбаева, Қарағанды аймағындағы университеттердің өкілдері және бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

Аймақтық жобалау кеңсесінің жетекшісі Гүлнәр Құрбанбаеваның айтуынша, зияткерлік ресурстық әлеуеті бар жоғары оқу орындары «Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасын іске асырудың зияткерлік драйвері бола алады.

Отырыс барысында облыстық және университеттік жобалау кеңселерінің жұмысы, қазақ жазуын латын графикасына аудару, Ұлы даланың тарихи тұлғалары, кириллицадан латын жазуына компьютерлік бағдарламамен транслитерациялау, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының өзекті мәселелері және «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы туралы айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қарағанды облысының жетекші жоғары оқу орындары мен аймақтық жобалау кеңсесі арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді; жастар бастамаларына, IT-технологиялар саласындағы жобаларға, Орталық Қазақстан облысының қасиетті жерлерін насихаттауға баса назар аударылды














Top