Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері

2017 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелері.

2017 жылы университет ғалымдары Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың 4 басым бағыты бойынша 40 жоба, соның ішінде 28 жоба гранттық қаржыландыру, бір мақсатты қаржыландыру жоба, РННТД коммерцияландыру бойынша бір жоба, шарттық қаржыландырудың 10 жобасы бар.

«ЭКСПО-2017» көрмесінде «Нұр Әлем» павильонында университет ғалымдарының бес жобалары ұсынылды: бір жоба – «Қазақстандық ғалымдар мен ұйымдардың жобалары» көрмесінде және төрт жоба – «Қазақстан жасыл экономикаға жол» атты көрмеде Қарағанды облысынан ұсынылды.

ҚарМУ ғалымдары 2017 жылы Thomson Reuters және Scopus дерекқорларында 270 мақала жариялады.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Springer Nature» журналдарында жариялаудың жоғары көрсеткіштері үшін «Қазақстанның ең үздік басылым ұйымдары» аталымында Springer Nature аталымында жеңімпаз атанды.

«Жаратылыстану ғылымдары саласындағы Қазақстанның ең көп жарияланған ғалымдары» аталымында «Springer Nature» номинациясы бойынша химия ғылымдарының докторы, профессор М.Байкенов, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Н. Ибраев марапатталды.

2017 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 3 журналы Clarivate Analitics (Thomson Reuters) компанияның Web of Science Core Collection дерекқорына еңгізілд:

  • Bulletin of the University of Karaganda – Chemistry.
  • Bulletin of the University of Karaganda – Physics.
  • Bulletin of the University of Karaganda – Mathematics
Top