Мәдени және қоғамдық өмір

Жастар iсi жөніндегі комитеті

2015 жылдың 17-20 қарашасында академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Халықаралық студенттер күніне орай «Біз – Қазақстанның болашағымыз» – «Мы – будущее Казахстана» форумын өткізді.

Форум аясында мынадай іс-шаралар өткізілді:

Іс-шара Өткізілген уақыты Өткізілген орны
 1 «Студенттік өзін-өзі басқару: мәселелері және даму болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел 17 қараша

11.00-12.00

Е.А. Бөкетов атындағы

ҚарМУ Студенттер сарайы,

Баспасөз орталығы

 2 «Мәңгілік ел» идеясынжүзегеасырушеңберіндеөткізілген «Күй-тартыс» музыкалық-патриоттықакциясы 17 қараша

15.00

Е.А. Бөкетов атындағы

ҚарМУ Студенттер сарайы,

2 қабаттағы фойе

 3 «Армысыңдар, біріншікурстықтар!» акциясыныңжабылуы, «Жасталап – Молодое дарование – 2015», «Студенттіктұсаукесер –2015» байқауларыныңжеңімпаздары мен қатысушыларынмарапаттау. 17 қараша

16.00

Е.А. Бөкетов атындағы

ҚарМУ Студенттер сарайы

 4 Университет жатақханаларында тұратын студенттер арасында өткен мәнерлеп оқу сайысы 18 қараша

15.00-18.00

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың №11 оқу ғимараты,акт залы
 5 «КТК маусымашары» фестивалі (қазақ жәнеорыс лигалары) 19 қараша

16.00

Е.А. Бөкетов атындағы

ҚарМУ Студенттер сарайы,

 6 Жастардыңшығармашылықжәнезияткерлікәлеуетіндамытумақсатындаактерлікшеберлік, жастаркәсіпкерлігі, табыстарихы, әлеуметтік желілерді ілгерілетужәне дамытунегіздері, көшбасшылық қасиеттер бағыттары бойынша шеберліксыныптарыөткізілді. 19 қараша

14.30-16.00

Е.А. Бөкетов атындағы

ҚарМУ-дың№1, №11 оқу ғимараттары

7 «My opinion» кері байланыс кеңесі 19 қараша

14.00-16.00

Е.А. Бөкетов атындағы

ҚарМУ-дың №1 оқу ғимаратының фойесі

8 Жатақханадатұратынстуденттерарасындаөткен спартакиада:

  • эстафета
  • баскетбол
  • волейбол
  • үстел теннисі
17, 18, 19 қараша Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ №1 және №8 оқу ғимараттарының спорт кешені
9 «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында «Біз өз болашағымызды қалаймыз, біз жаңа Қазақстанды құрамыз» атты ең үздік бейнеролик байқауы 20 қараша

10.00

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ №1 оқуғимараты,

№1 кеңейтілген дәрісхана

2015 жылдың 19 қарашасында «Біз – Қазақстанның болашағымыз» – «Мы – будущее Казахстана» форумы аясында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде студенттердің шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында шеберлік сыныбы өткізілді.

Шеберлік сыныбы мына бағыттар бойынша ұйымдастырылды:

Жастар кәсіпкерлігі: «Табыс тарихы»,жаттықтырушы — «Inside» бизнес-мектебінің бас директоры, Кәсіпкерлер ұлттық одағы басқармасының төрағасы Н.Ж. Әбдіқалықов.

«Әлеуметтік желілердіілгерілетужәне дамытунегіздері», жаттықтырушы – Қарағанды қаласы әкімдігініңЖастарісі жөніндегіорталығыақпараттық жәнемониторингжұмыстары секторыныңмеңгерушісіА.В. Савчук.

«Көшбасшылық қасиеттер», жаттықтырушы – «Жас Отан» ЖҚ Қарағанды облыстықфилиалының төрағасы Н.А. Жетпісбаев.

«Жылдам оқу және зерде дамыту мектебі: өз зердеңіздің мүмкіндіктерін ашыңыз», жаттықтырушы — IQ007 Жылдам оқу және даму мектебінің басшысы Н.С. Якименко.

«Актерлік шеберлік» шығармашылық кеші, К.С. Станиславский атындағы орыс драма театры актерлері.

Студенттер мәдениет сарайы

Телефоны: 8(7212) 77-03-93

Email: dks@kargu.krg.kz, dks.studio@kargu.krg.kz

Студенттер мәдениет сарайы университеттің мәдени өмірінің орталығы болып табылады. Бұл сәулет өнерінің бірегей ғимаратында ыңғайлы даярлық бөлмелері, хореография залдары, дыбыс жазу студиясы, жайлы студенттік кафетерийі орналасқан, қазіргі заманның дыбыс аппаратурасымен жабдықталған 800 орындық тамаша залы бар.

Студенттер мәдениет сарайы дегеніміз — бұл музыка, хореография, театрдрамалық және басқа өнер сүйер қауымын біріктірген 20 шығармашылық ұжымы.

«Жарқын» халық би ансамблі (1977 ж. құрылған) — республикалық және халықаралық байқаулардың, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Мәскеуде өткен Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фести-валінің лауреаты, «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің I сыйлығының иегері, Ш. Жиенқұлова атындағы II Республикалық қазақ би байқауының, аймақтық және Республикалық студенттер фестивалінің лауреа-ты, Австриядағы Қазақстан Республикасының Мәдениет күндері бағдарлама-сына қатысқан болатын. 2002 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсы-нысы бойынша «Жарқын» ансамблі Түркияда өткен Жерорта теңіз елдері сту-денттерінің VI халықаралық фестивалінде Қазақстанның студент жастары аты-нан өнер көрсетті. (2001,2005,2006 ж.ж.) – «Жас толқын» Қазақстанның студент жастары фестивалiнiң лауреаты болып атанды. (1998 -2008 ж.ж.) – «Жастар – Қазақстан болашағы» атты, аймақтық студенттер фестивалiнiң лауреаты атанған. 2010 ж. Ресейде Орынбор қ. өткен XXI Халықаралық студент жастары фестивалiнде жеңiмпаз атанды. («Би өнерi» жаныры).

«Сарын» фольклор ансамблі — «Жастар — Қазақстанның болашағы» ай-мақтық студенттер фестивалінің лауреаты атағына ие болды.

«Шабыт ақындар клубы бірнеше мәрте облыстық, аймақтық және респуб-ликалық студенттер айтыстарының лауреаты атанған.

«Жастар» эстрадалық ән айту студиясы — «Жас қанат» облыстық байқау-ларының, аймақтық студенттер фестивалінің, республикалық ән байқаулары мен фестивальдерінің лауреаты, «Шабыт» шығармашылық жастардың V Ха-лықаралық фестивалінің дипломанты. Эстрадалық ән айту студиясы — облы-стық, аймақтық, республикалық жас орындаушылар байқауларының лауреаты. Бұнда : Әсет Жабаев, Сана Мұқанова, Жайсан Төлеутаев, Айгерім Фазылова, Шыңғыс Жүкенов, Амандық Сатыбаев, Юлия Слепенкова, Медет Мауиянов, Еркебұлан Қалиев, Ағыбай Үдешов және т.б. сияқты эстрадалық ән студиясы-ның мүшелері облыстық, аймақтық және республикалық жас орындаушылар байқауларының лауреаттары атағын иеленген. (2004-2010 ж.ж.) Обылыстық «Жас сүңқар» патриоттық әндер байқауының лауреаттары, «Қарағанды жұлдызы» атты байқауының лауреаттары. 2010 ж. Ресейде, Орынбор қ. өткен XXI Халықаралық студент жастары фестивалiнде лауреат атанды. («Эстрадалык ан айту» жанры.)

«Шаттық» театр-драмалық студиясы «Жастар – Қазақстанның болашағы» аймақтық студенттер фестивалінің лауреаты, «Шабыт» VI халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты болды. «Грация» спорт би сту-диясы, «Лица» сән театры, «Релиз» шоубалеті – аймақтық және республикалық студенттер фестивальдерінің лауреаты.

КВН клубы (қазақ және орыс лигалары) – облыстық, республикалық және халықаралық КВН Одағының Жоғарғы Лигасына қатысушылары, ҚР КВН чемпионы, Қарағанды облысы әкімінің КВН Кубогінің иегері.

Студенттер сарайы жастардың шығармашыл зиялы қауымымен, мәдениет және өнер қайраткерлерімен қауышатын орынға айналды деуге болады. Университет қонақтарының қатарында Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев тәрізді ғарышкерлер, Бибігүл Төлегенова, Айман Мұсаходжаева, Жәния Әубәкірова, Дүйсен Қасеинов, Төлеген Мұхамеджанов, Нұржамал Үсенбаева, Бекболат Байсағатов, Ескендір Хасанғалиев, Бекболат Тілеухан, Кенжеғали Мыржықбаев, Меруерт Өтекешева, Құман Тастанбеков сияқты әйгілі әртістер мен әншілер болды.

Мәдени табыстар
Фотогалерея
Top