Кәсіби тәжірибе

«Кәсіптік іс-тәжірибе»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысынан үзінді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру стандарттарын бекіту туралы 
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 
Қаулысынан үзінді

п. 61. Кәсіптік практика жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді.

Кәсіптік практиканың барлық түрінің жалпы көлемі 6 кредиттен кем болмауы тиіс. «Білім» мамандықтары тобы бойынша кәсіптік практика көлемі 6 кредиттен 20 кредитке дейін, «Техникалық ғылым және технологиялар» мамандықтары тобы бойынша кәсіптік практика көлемі 6 кредиттен 15 кредитке дейін болады.

Практикалардың ұзақтығы студенттің практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативті жұмысын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемін тиісті практика түрінің оқу сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына көбейту керек және оны студенттің апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлу керек.

Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы оқу практикасы үшін 15 сағатты (50 минуттан), педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде оқу практикасы үшін 0,5 аптаны, педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика үшін 2,5 аптаны құрайды.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларынан үзінді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 
17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген 
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларынан үзінді

п.60. Білім алушылардың кәсіптік практикасы мен қорытынды аттестаттауды мемлекеттік жоғары білімнің жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.

Кәсіптік практика оқыту процесінде алынған теориялық білімдерді бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді меңгеруге бағытталған.

п.61. ЖОО әзірлеген кәсіптік практика бағдарламасы мен базасы мамандық бейініне (білім бағдарламасына) сәйкес келуі тиіс.

п.62. ЖОО (құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-нан басқа) оқу жылы басталғанға дейін 1 айдан кешіктірмей кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша үлгілік шарттың нысанына сәйкес практика базаларымен тиісті шарттар жасайды.

п.63. Кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жолдама мерзімі, базасы мен басшысын көрсете отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен рәсімделеді.

Диплом алды практикаға ғылыми жетекшілікті дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге асырады.

п.64. Кешкі және сыртқы нысанда білім алушылары мамандығы бойынша жұмыс істеген жағдайда, кәсіптік практикадан босатылады. Бұл жағдайда олар ЖОО-ға жұмыс орнынан анықтама және олардың кәсіби қызметін көрсететін мінездеме ұсынады

п.83. Кәсіптік практика қорытындылары бойынша студенттер тиісті кафедраға есеп тапсырады, оны жетекші мен кеңесші тексереді және кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингілік әріптік жүйесі сараланған сынақпен бағаланады.

Практика бойынша бір жетекшіні тағайындау кезінде (әдетте оқу, оқу-таныстыру, далалық және т.б.) баға көрсетілген білімге сәйкес ұсынылған есепті қорғау қорытындылары бойынша қойылады. Практика бойынша екі жетекшіні тағайындау кезінде (әдетте оқу, оқу-таныстыру, далалық және т.б.) практика базасынан жетекшісінің үлес салмағы қорытынды бағалауда 40 %-ды құрайтын бағасы мен ЖОО барған жетекшінің қорытынды бағалауда 60 %-ды құрайтын бағасы ескеріле отырып қорытынды баға қойылады

п.84. Практикадан өтпеген, практика бағдарламаларын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер теориялық оқытумен қатар келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестр кезеңінде практикаға қайта жіберіледі.

 

ҚарМУ 2016-2017 оқу жылына факультеттер бойынша кәсіби іс-тәжірибеден өтудің күнтізбелік кестесі

Күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған ақпарат

Сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған ақпарат

Top