Мансап

Құрметті студенттер!

Осы бөлімінде жұмыс берушілердің талаптары туралы жас мамандарға ақпарат алуға болады.

«Тайм-менеджмент негіздері»

Заманауи тілмен сөйлеу сәнге айналған соң, уақытты пайдалы өткізу деген ұзын-сонар тіркес тайм-менеджмент деген кірме сөз лексиконымызға еніп кеткен. Бұл — ағылшын тілінен тікелей аударғанда «уақытты басқару» дегенді білдіреді. Бірақ, жоғарыда айтқанымыздай, уақытты басқару мүмкін емес. Яғни, тайм-менеджменттің мәні — уақытыңды тиімді пайдалану.

Асық, асықпа? Дұрысы, жоспар құр!

Өте тез демалсаңыз, жүрегіңіз жиірек соғып кетеді. Миымыз бұдан шошып, өрт болғанда соғылатындай дабыл шақырады. Барлығын ақырын жасай бастасақ қалай болады? Ол уақытта миымыз бізді зынданға түсіп қалды, шектеліп қалды деп ойлайды.

Бұнымен айтқымыз келгені — табиғи темптен асуға тырыспаңыз. Екі жағдайда да ағзамызға келер зиян көп. Барлығын орнымен орындаңыз. Темп сақтау үшін сізге жоспар керек. Иә, жоспар құрған алғашқы апта темп сақталып, келесі аптада күлі қалатын кездер көп. Бірақ, жоспарды дұрыс құра білсеңіз, алысқа барасыз.

Жоспарды үнемі жазып жүру керек. Есіме сақтап қаламын деген бос әуре. Бүгінде қажетті-қажетсіз ақпарат көп. Радиодан жаңа естіген әуеннің бір шумағын есте сақтау үшін, оның алдындағы ақпарат ұзақ уақытқа жадыңыздан өшіп кетуі мүмкін. Ендеше, өшпейтіндей етіп жазып алыңыз.

Қолыңыздағы тізіммен жұмыс жасау өзінің нәтижесін алғашқы күні-ақ береді. Кешке қарай ертеңгі жоспарыңызды жүргізіңіз. Таңертең тізімді көріп, күніңіздің эскизін жасай аласыз. Жаңа бір іс туындаса — қосып қойыңыз. Қойын дәптеріңізді жаныңыздан бір елі тастамаңыз.

Қажетсіз дүниеден бас тартыңыз

Сондай-ақ, уақытыңызды «жеп» жатқан құрт-істердің көзін құртыңыз. Иә, ол істер сізге ұнауы мүмкін. Бірақ, пайдасы — 0. Ол уақытта сіз тиімділікті есіңізге түсіріңіз. Бүгін бітірмеген ісіңіз сіздің беделіңізге дақ, бойыңызға артық жүк артады. Ондай қажетсіз уақытжегіштердің қатарында әлеуметтік желі көш бастап отыр. Ол үшін де арнайы уақыт бөліңіз. Себебі, заман ағымына сай темп сақтаймыз деп басында келіскенбіз. Шектен шықпай, орнымен пайдалана білсеңіз, ісіңіздің табысын арттыруда интернеттің де ықпалы үлкен. Пайдалы уақыт, пайдалы істер және керемет нәтиже. Сіздің тайм-менеджментіңіздің негізі осы болсын!

Мен үшін маңызды не? — Өзіңізден сұраңыз

Істің үлкенінен бастап кішісіне қарай ойыстаңыз. Керісінше жасаған оңай емес пе деуіңізге болады. Бірақ, таңертең адам ағзасы сергек болады. Сол себепті маңызды әрі көбірек күшті талап ететін істерді күннің бірінші бөлігінде бітіруге тырысыңыз. Қандай да бір істі бітіретін меже қоюды да ұмытпағайсыз.

Уақытты бөлу арқылы жоспарлаңыз

Алдыңызда бір табақ бешбармақ тұр делік. Қанша қарныңыз ашса да, бір өзіңіз тауысып бітіре алмайтыныңыз сөзсіз. Күніне аз-маздап бөліп жейсіз. Осы секілді, барлық көлемді істеріңізді кішкене бөлшектерге бөліп үйреніңіз. Әр кішкене бөлшектің нәтижесі оң болған сайын, ісіңізге деген құлшыныс пайда болады.

Өткен іске өкін(бе)?

Уақыт бізге берілген мүмкіндік. Оны бос өткізуден асқан қателік те, өкініш те жоқ. Сол себепті, бос уақытыңыз шыға қалса, оны да тиімді пайдалануға жұмсаңыз. Тым құрығанда рухани азық беретін, тынықтыратын іспен өткізіңіз. Әсем әуен тыңдаңыз, серуендеңіз. Әйтсе де, жоспардан ауытқымаңыз. Бос уақыттарыңыздың салмағын өлшеу үшін, күніңіздің қалай өткеннін саралау үшін сізге есеп бере білу керек. Ұлы Абай айтқан әдісті өзіңіз де білетін боларсыз?! Күніне бір, ол қолыңыздан келмесе — айына бір есеп беріңіз. Осы арқылы ішкі бейнеңізді айнадан көргендей боласыз.

Ақпарат  https://7kun.kz/tajm-menedzhmentti-7-altyn-erezhesi/ сайтынан алынған

«Барлық іске қалай үлгеруге болады»

Барлық іске қалай үлгеруге болады: уақытты тиімді пайдалануға арналған 10 кеңес

Нақты жоспардың болмауы өмірде қандай да бір нәтижеге жетуіңізге кедергі жасайды. Ол көп істің орындалмауына әкеліп, соның салдарынан жұмыста немесе сабақта аяқсыз қалған жұмыс көбейе береді. Ал бұл күйзеліске және сенімсіздікке әкеледі. Осы тығырықтан қалай щығуға болады? Бәріне үлгеру үшін нені ескергеніміз жөн?

Мақсат қойыңыз және орындаңыз

  1. Сіздің іскерлік мақсаттарыңызға – қысқа мерзімді де, ұзақ мерзімді де мақсаттарға жетуге көмектесетін іс-әрекеттер болғаны абзал. Өз уақытыңызды алдын-ала ойластырып, оны мағынасыз нәрселерге жұмсамаңыз. Мысалы, әртүрлі іс-шараларға қатысып, сіз жаңа адамдармен қарым-қатынас орнатасыз, сонымен қатар басшылықпен танысуға, белсенді қызметкерлермен байланыс орнатасыз.Жазылған тізім бойынша іске кірісіңіз

    Өміріңізді қиынтадпаңыз және келесі төрт тізімді жасаңыз:

    • Күнтізбе – жыл бойына күнделікті жоспарлар жасап, оларға ұқыпты қарау.
    • Міндеттер тізімі – негізгі үш немесе төрт маңызды және жедел тапсырмалар болуы керек.
    • Контактілер тізімі – электрондық поштаға қоңырау шалу немесе кімге жіберу керек екенін жазыңыз. Есімдері алфавиттік ретпен тұруы керек.
    • Кездесу жоспары – жиналыста не іскерлік әңгімелесу кезінде не талқылау керек екенін көрсетіңіз.

    Осы тізімдердің әрқайсысы сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес бейімделуі мүмкін. Ең бастысы – режимге үйренуіңіз қажет.

    80/20 ережесін орындаңыз

    Бұл ереже Парето заңы деп аталады.  Бұл ережені итальяндық экономист Вильфредо Парето ойлап тапты. Егер сіз осы ережені уақытты басқаруға қолдансаңыз, онда сіз 20%  әрекет етуіңіздің арқасында 80% істің нәтижесін көресіз.

    Мысалы, сіздің жоспарыңызда 10 пайдасыз тапсырмалар тізімі бар. 80/20 қағидасы бойынша, сіз алдымен алғашқы екеуімен жұмыс жасайсыз, себебі бұл тапсырмалар сіз үшін үлкен пайда әкеледі.

    Ережені ұстанып, көп уақытты ең маңызды нәрселерге арнау.

    Бас тартып үйреніңіз

    Мансап жолының өсу сатысында кейбіреулер ұсынылатын кез келген жобаға қатысуға дайын. Нәтижесінде, өнімділік зардап шегеді, өйткені барлық тапсырмаларды орындауға уақытыңыз болмайды. Ал осындай жағдай «жоқ» деген сөзді айта алмауыңыздан туындайды. Сондықтан да көп істен бас тартып үйреніңіз. Уақытты тиімді пайдаланып, өзіңіз қызығатын істерді ғана атқарыңыз.

    Кедергі келтіретін факторлармен күресіңіз

    Күнде қанша сағат уақытыңызға кедергі келтіретін іспен айналасатыңызды есептеңіз. Жұмыс уақытында әріптестеріңіз немесе туысқандарыңыз қанша уақытыңызды алады? Әлеуметтік желілерде қаншалықты көп отыратыныңызға мән беріңіз. Зерттеушілер осындай кедергі келтіретін істер 6 сағат уақытыңызды алып қоятынын анықтаған. Ал жұмысқа қайта оралуыңыз үшін  23 минут кетеді.

    Барлығын бірден аяқтауға тырыспаңыз.

    Бұл көп адамдардың ең басты қателігі. Маңызды істерден бөлек, кейінге шегеруге болатын істердің тізімін жасаңыз.

    Жиналыстарды аз өткізіңіз

    Ай сайынғы адамдар өнімді жиналыстарға орта есеппен 31 сағат жұмсайды. Ия, кейде сіз кездесуді өткізе алмайсыз, бірақ оларға барынша жақындаған дұрыс. Көп мәселерді лектрондық пошта арқылы орындауға тырысыңыз. Сонда ғана сіз маңызды жұмысқа көңіл бөле аласыз.

    Бос уақытыңызды ақылмен пайдаланыңыз

    Аптаның ішінде уақытты қалай өткізетіндігіңізді талдайтын болсаңыз, онда көп нәрсе қоқысқа кететінін байқайсыз. Мысалы, сіз жұмысқа, дүкенге барғанда,күту кезегінде тұрғанда ештеңе істемейсіз. Осы аралықтағы уақытта маңызды нәрсе туралы ойлануға тырысыңыз. Мысалы үшін кітап оқыңыз.

    Детективті романдардың авторы Скотт Тэру өзінің кітаптарын осы жолмен жазды. Нью-Йоркте жұмысқа бара жатқан кезде, таңертең метрода жазған. Тіпті 10 минут бос уақытыңыз болса да, оны ақылмен пайдаланыңыз.

    Блоктарға үзіліс жасау

    Бұл әдіс таңертеңгі дағдыларды дамыту үшін пайдалы. Қызығушылық танытатын іске, жұмысқа дайындалатын, хатқа жауап беретін аралықтарды белгілеңіз. Үздіксіз жұмыс істеу үшін, таңғы сағат сегізден бастап түске дейінгі кезеңді таңдай аласыз. Күннің қалған бөлігін – сол кездегі қысқа ұйқыға, қоңырауларға, хаттарға және кездесулерге жауап беретіндей етіп жоспарлау.

    Денсаулығыңызға мән беріңіз

    Ғалымдар жақсы ұйқының, жаттығудың және дұрыс тамақтанудың күні бойы мол қуат және күш беретіндігін дәлелдеді. Өзіңіз туралы ұмытпаңыз.

«Түйіндемені қалай құру керек»

Қазіргі  кезде жақсы жұмыс орның табу үшін сапалы құрастырылған түйіндемеңіз болуы қажет. Кейінгі бір-екі жылда «сапалы резюме» түсінігі  қатты өзгеріске ұшырады.

Өзгеріске дейін

Осы уақытқа дейін түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі болып табылатын . 15—20 секунд — бірінші іріктеуде сіздің резюмеңізге бұдан көп уақыт жұмсамайды. Осы уақытта қызметкерлер бойынша менеджер сізді «келешекті ізденушілер» санатына немесе «мүлдем келіспейтін» контингентке белгілейді. Контигент қатарына түспеу үшін, резюмені дұрыс үлгі бойынша жазыңыз.

Не өзгерді

Қазіргі заманда көптеген ірі компаниялар мен кадрлар агенттіктері күшті компьютерлік ақпараттық жүйелер еңгізген. Мұндай ақпараттық жүйелер сіздін түйіндеменіздін қысқалығына, жұмыс тәжірибенізге, шрифт әдемілігіне назар аудармайды, өйткені ол нақты түсініктер мен сөздергі іздеуге бағытталған. Мысалы,  қаржыгер болсаңыз, іздеу сөзі «АССА» (The Association of Chartered Certified Accountants, www.accaglobal.com –160 елдің 300000 студенттірі мен мүшелерін  біріктіретін бухгалтерлер мен қаржыгерлердің ірі халықаралық ассоциациясы) болуы мүмкін. Немесе сапалы бизнес мектептін түгелі болсаңыз МВА сөзі болуы.

Сонымен, сіздің түйіндеменіз өтеті алғашқы сынақ белгілі болды.

Ал тұйіндемеңіз таңдалған болса ол бастан аяқ оқылады.

Заманауи сапалы түйіндеме, бұл :

  • дұрыс және толық жазылған аты-жөніңіз,
  • цифрі фото,
  • байланысу мәліметтері,
  • болашақ жұмыс орнынын нақты не күтетіңіз жайлы ақпарат,
  • біліміңізді көрсетіңіз. Оқу мекемесін, оқу жылдары мен берілген біліктілікті көрсетіңіз. Бос орынмен байланысты болса, қосымша білімді (курстар, тренингтер, біліктілікті арттыру және т.б.)
  • жұмыс тәжірибесін сипаттаңыз, соңымен қатар компьютерді, шетел тілдерін білу дәрежесін жазыңыз және жұмыс үшін қажет басқа да білімдер мен қабілеттіктерді көрсетіңіз,
  • осындай түйіндемені жазу үшін уақытыңыз бен күшінізді аянып қалманыз.
«Жаңа жұмыс тапсаңыз»

Жаңа қызметке қалай жылдам бейімделуге болады? Бастапқыда бәрі қиын болары сөзсіз. Жаңа орта, бейтаныс жандар… Әйткенмен бәрі өзіңе байланысты. Жұмыста өзіңді дұрыс ұстаудың бірнеше ережелері бар. Оларды сақтай отырып, жаңа орынға тез бейімделуге және әріптестермен қатынасты жеңілдетуге болады.

Адамның жаңа ұжымға кіруін және тұлға ретінде қалыптасуын үш кезеңге бөледі. Оған бейімделу, даралану және бірігу жатады. Бірінші кезеңде адам осы топта қабылданған ережелермен танысады. Екінші кезеңде тіптен, елеусіз қалмас үшін адам өзінің мықты жақтарын көрсете бастайды. Оны басқалардан ерекшелейтін, сонымен қатар, ұжым бағалайтын жағын көрсетеді. Сондықтан, жағымды қабылданады, әріптестерінің алдында мәртебесі көрінеді. Үшінші кезеңде, бірігу кезеңінде адам ұжымның толық құқықты мүшесіне айналады. Қысқаша айтқанда, бұл үш кезеңді былай түсіндіруге болады: дағдылану, өз болмысын көрсету және екі жаққа (жеке тұлға және ұжым) да жаңа әрі қолайлы бастамаға бірігу.

Еңбек нарығы зерттеушілері жаңа орынға келгенде өзіңізде жұмылдыру қажет 8 негізгі қасиетті ұсынады:

Сабырлылық. Тыныштық, өзіңізге сенімділік және әзіл сезімін сақтай отыра, жанжалдарды жеңуді үйрену қажет.

Келісімге келуге және икемділік көрсетуге дайын болу.

Басшылыққа және әріптестерге құрмет көрсете білу. Отандық менталитетпен қоса, өзіңіздің жеке адамгершілік сезіміңізді жоғалтпауға тырысыңыз.

Топта жұмыс істей білу. Өзіңізді “команда ойыншысы” ретінде сезініп, бейресми шараға болса да қызығушылығыңыз бен дайындығыңызды көрсете білу керек.

Қарапайымдылық. Артық менмендік танытпау, әріптестеріңізбен бәсекелеспеу.

Тәуелсіздік. Жағымпаз деп қабылдап қалмас үшін басшылығыңызбен “дос” болуға сұрана жабыспаңыз.

Әділдік. Мысалы, егер сізге басқа жұмысты істеуге мәжбүрлесе, жеткілікті түрде жұмсақ, бірақ батыл түрде өзіңіздің міндеттер өрісіңізді және жауапкершілік аймағыңызды сызып көрсетіңіз.

Оптимизм. Кез келген, тіпті, ең даулы жұмыс жағдайында да барлығы жақсы болатындығына деген сеніміңізді жоғалтпаңыз.

Жаңа жұмыс орнында не істеуге болатындығына және болмайтындығына арналған кеңестер ұсынамыз:

– Алғашқы кездері қабылданған сөйлесу стилін меңгеріп, соны қолдану керек. Егер бәрін уақытында үлгерсеңіз, артық ынта білдіріп, бәрінен бұрын келіп және ең соңынан үйге қайтудың қажеті жоқ. Себебі, қатты шаршап қалып, басқа күндері жұмысқа энергияңыз жетпей қалуы мүмкін.

– Өзіңіздің міндеттеріңізді айқын анықтап алу қажет. Сол кезде өзіңізге артық жұмыс алмай, тек өзіңіздің аумағыңызға жауап беріп, жүктелген іске толық жауапкершілік алуға мүмкіндігіңіз болады.

– Басқа қызметкерлердің немен айналысатынын білген артық етпейді. Сол кезде кей жағдайда қажет ақпаратты сол адамнан ала аласыз. Түсініксіз және белгісіз нәрсені біреуден сұрауға ұялмау керек. Үйренуге, анықтауға және сұрақ қоюға қорықпаңыз. Қаншалықты тәжірибелі маман болсаңыз да, жаңа жұмыс жаңа білімді қажет етуі әбден мүмкін. Сондықтан, біреуден ақыл сұрағаныңыз үшін өзіңізді қарыздар сезінбеңіз. Бастысы ризашылық білдіріп, алғыс айта біліңіз.

– Әріптестерге жағымпаздану міндетті деп ойламаңыз, іскерлік этикет ережесін сақтану жеткілікті.

– Жұмыста болып жатқанның бәрін дәл сізге құрылған қақпан ретіндегі жүйе немесе әріптестердің зұлым ниетімен жасалған істерінің нәтижесі деп қарамаңыз. Қандай жағдай болмасын өзіңізге деген сенімді, абыройыңызды жоғалтпаңыз.

 

Толығырақ: https://massaget.kz/jigitterge/psihologiya/52238/

«Егер сізге бос жұмыс орнын иеленуде бас тартса»

Иә! Сіз оны таптыңыз –өзіңіздің жаңа жұмыс орныңызды. Ертең жаңа компаниядағы алғашқы жұмыс күні. Кешке ақырғы рет өз портфеліңізді тексересіз (таңертең жарты сағатқа ертерек шыққан абзал, сол арқылы басшылық пен әріптестеріңізге өзіңіздің тиянақтылығыңызды көрсетесіз).

Содан соң телефон қоңырауын естисіз.

Болашақ басшыңыздың хатшысының жағымды дауысы (HR-менеджердің) сіздің қызметіңізге , өкінішке орай, мұқтаж еместігін айтады. « Не? Қалай? Неге?» деп телефон тұтқасына айқайлайсыз. Жауап ретінде тек «Кешіріңіз, менің жұмысым – сізге жеткізу ғана» дегенді естисіз, бірақ одан да бос жауап алуыңыз әбден мүмкін. Мысалы…

№1. « Жоба жабық»

Жұмыс уақытының кей тұстарын соңғы рет нақтылау үшін клубқа қоңырау шалған Маша осындай жауап алды. Маша жақын арада аудан тұрғындарының денесі мен әмиянына иелік ететінін жар сала мәлімдеген жаңа фитнес – орталыққа нұсқаушы болып қызметке орналаспақ болған. Ол абдырап , қаншама адамды жинап жатқан жоба қалайша жабылуы мүмкін екенін сұрағанда, оған инвестордың ойын өзгерткендінін, денсаулық алқабының орнына сауда орталығын салуды қалағанын айтады.

Не істеуге болады? Басшылықтың аяқ асты өзгеретін шешімдерінен ешкім сақтандырылмаған. Бұндай жағдайда жасауға болатын жалғыз нәрсе: мән-жайды бір күн қалғанда емес, жоспарларды өзгертіп, басқа жұмыс берушілердің ұсынысын қабылдауға үлгеру үшін алдан –ала егжей-тегжейлі сұрастырып алған жөн.

№2 «Сіздің жұмысқа шығатын күніңіз бізді қанағаттандырмайды»

Настя жаңа жұмыс орнына ескі офистен есебін алған соң , екі аптадан соң шығуға келіскен болатын. Опа – далап дүкеніндегі сатушы қызметі оның көңілінен шыққан-ды. Жалғыз түсініксіз нәрсе – жаңа компания директоры адамдар жұмыстан басшылыққа жақпағандықтан ғана кететіндігіне сенімді болатын. Оның бұрынғы басшыларына телефон соғып, ұсыныс хат талап ету арқылы Настяның жүйкесін әбден жұқартқан болатын. Ақыры кадр бөлімінің қызметкері Настяны бас директордың атынан жұмысқа шақырған еді. Екі күн өткенде жұмыстан кету жайлы өтінішін қол қойылған күйде қайта алған Настяға дәл сол қызметкер телефон шалып, бас директордың Настяның жұмысқа шығатын мерзіміне көңілі толмайтынын айтып, тағы да ұсыныстар жинастырып, бірнеше тест тапсырмаларын орындауды ұсынады. Настя бас директордың жұмысқа шығатын нақты уақытты белгілемегенін және бұрынғы жұмыс орнынан шығып кеткендігін ескертті. Кадр бөлімінің қызметкері оған тек екі күн өткен соң хабарласқанын айтып, бекер асығыстық танытқандығын айтты. Настя не деп наразылық танытарын білмеді.

Не істеуге болады? Наразылық танытудың, шынында да, мәні жоқ. Жұмысқа қабылдамаудың шынайы себебін бәрі бір xабарламас еді, бірақ енді сіз жұмысқа қабылданар алдындағы әңгімелесу барысында жаңа жұмысқа шығатын уақытты нақты белгілеп алу керектігін ұқтыңыз.

№3 «Біз сіздің түйіндемеңізді мұқият қарастырып, жеткілікті жұмыс өтіміңіздің жоқтығын түсіндік». 

Лиза жылжымайтын мүлікпен айналысатын шағын компанияға жұмысқа тұрады. «Жұмыс өтілінің жоқтығы қалай?Біз бұның барлығын қызметке тұрмас бұрын ақылдасқан едік қой!»- «Біз кеңесшінің жарнамалық материалдармен айналысқанын қалаймыз, ал сіз мұнымен айналысып көрмегенсіз…» осындай мәтіндегі қоңырауға дейін барлығы жақсы болған.

Не істеуге болады?

Жұмыс берушінің ұстанымдарының мәнін түсініп, егжей-тегжейлі барлық мәселені сұрастырған жөн. Бір сөз («менеджер» сөзін мысалға алсақ) бір-біріне ұқсамайтын бірнеше қызметтердің қатарын білдіруі мүмкін.
Бұл жосықсыз басшының қызметке кірісіп кеткен соң, жылжымайтын мүлік кеңесшісі техникалық бөлімге арналған шығыс материалдарының баға тізімін де құрастыру керектігін айтпасы үшін қажет.

№4 «Кеше ғана бізге қызметтік тілдесуге біліктілігі әлдеқайда жоғары маман келді.»

Жаңа жұмыс орнына барайын деп көлігін оталдырып жатқан Юлияға осылай дейді.Артқы орындықта іс папкасы, сонымен қоса Юдияның түйіндемесі де жатқан болатын. Оның мазмұны жұмыс берушілердің осы уақытқа дейін көңілінен шығып келген болатын.

Не істеуге болады?

Сіздің орныңызға қызметке тұрғысы келетін «өз» адамының аяқ асты пайда болуы әбден мүмкін.

Әрине,мекеменің маңдайында бір жұлдыздың  пайда болу мүмкіндігі ғана қалады.Бірақ, өзіңіз де білесіз, профессионалдар жоқтың қасы.Тиісінше, олар жоқ жерден пайда бола бермейді! Уайымдама!

Бұл-көп тарамаған жағдайдың бірі және қуанғаның жөн:сені одан да жақсы орын күтіп тұрғаны анық!

№5. «Сіз конкурстан өте алмадыңыз»

Алла ұйықтап жатып, өзін маркетингтанушы қызметінде көрді.Лайықты бос қызмет орнының барын біле салысымен, өз түйіндемесін жіберген болатын. Оны қызметтік кездесуге шақырды. Бірақ жалғыз оны емес, кезекте онымен бірге төрт үміткер тұрды.

Алланы елең еткен екінші қоңырау   оған мекеменің маркетингтік шаралардың бюджетін құрастыруды тапсырғанда соғылған болатын. Алдын-ала мұның қызметтік құпия екендігін ескертті( «Құжатты бірден жойып тастаңыз!»). Демалыс күндерін  сарп етіп, Алла бюджет есебін құрастырып бітеді. Жібере сала, жауабын күтуге көшті. Жауап та көп күттірген жоқ: « Сіз конкурстан өте алмадыңыз». Біршама уақыттан соң, Алла өзінің танысының да аталмыш компанияға бюджет құрастырып, конкурстан өте алмағанын білді…

Не істеуге болады?

Офистан тыс жерде орындауға берілген маңызды тапсырмалардан бас тартқан жөн, әсіресе таңсық, шағын мекемелер, баспа үйлері не агенттіктерден емес, әңгіме өзіндік орны бар үлкен компаниялардан түскен ұсыныс жайында болса.

Мейлі мақала жазу болсын, 50 мың белгі қамтитын мәтінді түзейтін болсын, не сағат бауын зерттеу жұмысы болсын… Компания сіздің еңбегіңізді өз мүддесіне пайдаланғысы келетіндігінің қаупі зор. Ал келісуге шешім қабылдаған болсақ, сен жұмысқа сыйақы алу туралы не еңбегіңнің сенің келісіміңіздің өзгенің мүддесіне қолданылмайтындығы жайлы қолхат алғаның абзал.

№ 6 «Біз келісілген сомада жалақы төлей алмаймыз!»

Сізге жалақы сомасын 30%-ға төмендетуді ұсынуы мүмкін. 100 жағдайдың 90-ында бұл компанияда қызмет етуден өзің-ақ бас тартасың, әсіресе талаптар көңіліңнен шықпаса.

Не істеуге болады?

Өзіңді қалай да болса қорғаудың бір ожлы ретінде сынақ мерзімі кезінде, одан кейін, яғни жалпы жалақы көлемін егжей-тегжейлі біліп алған жөн. Сол сомада қаласыз,олай болмағанда, жұмысыңды дұрыс орындамағаның үшін босатылуыңыз әбден мүмкін.

Абзалы- нақты сомадан белгіленген келісім шартқа қол қойдырған дұрыс. Бүгін таңертең осыған ұқсас хабар алдың ба? Күйзеліске түсіп, өзіңді төмен бағалаудың қажеті жоқ,оған жол берме!

Есте сақта!

– Көбіне бұл аталғандар саған қарсы айтылмайды – компанияның саяты осындай;

– Сен өз бағаңды білетін мамансың. Ал олар сенен айырылып қалды. – Профессионалды кадр бөлімінің қызметкерлері, басшылықтағылар сені мақтағандай болып, бас тарта алады. Сенің дәл сондайлармен жұмыс істегің келіп пе еді?! Солай ма?

«Нарық қандай мамандықтарды қажет етеді?»

Мамандықтың болғаны жақсы ғой, ал ол мамандық әрі сұранысқа ие болатын болса нұр үстіне нұр емес пе?! Қазіргі жас мамандар келешекте толық жұмыспен қамтамасыз етіледі жане жалақысы жоғары болады деп кепілдік бере аламыз ба? Ресей еліне алдағы 5-10 жылда қандай мамандар қажет? 

Келешек компьютер заманы болмақ.

Соған орай акпараттық технологиялар саласына қатысты мамандықтар сұранысқа ие болатыны сөзсіз. Осы салаға қатысты бағдарлама жасаушы, электрондық жобалардың менеджері, электрондық бағдарламаларды түсіндіруші консультанттар қашанда нарық шеңберінде әлі ұзақ уақыт үстемдік етеді.

Қазіргі таңда жүйелік администратордың жалақысы орта есеппен – $700, программистердікі –$600-1000, ал кеңесшілердікі – $2500 дейін барады. Егер бұл тенденция сақталса, қызметкерлердің Батысқа кетуі бірте-бірте азаяды.

Ақпараттық технологияны өз кәсіби саласы ретінде таңдаған адамдарға қатысты.Сонымен қатар, компьютерлік бағдаламалармен жұмыс істеуге қабілетті адамдарға кәсіби қажеттілік болып табылады. Қазірдің өзінде төмен деңгейдегі қызметкерлерден көмпьютерді игеру талап етілмейді. Алдағы уақытта, базалық бағдарламалармен жұмыс істеу мүмкіндігі міндетті болмайтын орындар қалмайды. Тиісінше, барлық ізденушілерге компьютерлік сауаттылықты меңгеру керек.

Инженерлік-беделді іс.

Инженерлер, схемотехниктер, техникалық қадағалау мамандары, электр  инженерлері посткеңестік кезеңдегі жалақының аздығын ұмыта алады. Білікті техникалық кадрлар өте қажет болады.

Бос орындыр тізімін ұсынатын газетерде жас мамандар қорғау жүйелерін, қауіпсіздік техникаларын, жабдықтарын, сондай-ақ еңбек нарығында инженерлік коммуникациялар үшін монтаж жұмыстарын жүргізуге мамандар қажет. Ұсынылатын  жалақы $500-2000 құрайды. Болашақта инженерлердің жағдайы жақсарады.

Болашақта мамандар нарығында мамандар хатшылығының тек инженерлерде ғана емес, сол сияқты азықтыру және химиялық орындарда технолог мамандарының жетіспеушілігі қатты байқалады. Себебі бұл салада бәсекелестік сапасы халықаралық деңгейде болады. Қазіргі уақытта Үлкен кәсіпорындарында технолог мамандарының еңбек ақысы 500 ден 1000 долларға дейін бағаланады. Алайда бұл нақты бекітілген еңбек ақы бұдан да жоғары болуы мүмкін. Сондықтан қазіргі жастарға мамандық таңдауға келгенде терең ойланып жоғары инженер технологтар білімін алуға болатынын айтамыз.

Маркетологтер, аналитиктер, бизнес-кеңесшілер

Бірнеше жыл бұрын, маркетолог мамандығына сәнге құрмет деп қарастырылады. Бұл мамандық нарықтық зерттеулерімен айналысады. Компаниялардың тауарларын тексергеннен кейін өнімнің тұрақты тұтынушысын білу арқылы ғана оған сұраныс болжап жасалу керек. Егер компания үлкен болса, маркетолог нарық ауқымын жоспарлауға , баға саясатын жасауға, аймақтық нарықты зерттеуге қатысады. Талапкер: жоғары білім (әрине, экономикалық, маркетингтік, техникалық), жас 25-35жас. Шет тілін білу,стресстік қарсылық, деректер қорын құру және тиімді пайдалану мүмкіндігі.

Сонымен қатар, маркетологтардан басқа, бірнеше жылда ақпараттық менеджмент саласындағы мамандар,  яғни жаңа жағдайларда бизнесті дамыту стратегиясын қалай есептеу керектігін білетіндер сұранысқа ие болады. Бұл үрдіс бүгінгі  күні байқалады-МВА дәрежесін алу беделді бола түсуде және  бұл жиі-жиі топ-менеджерлердің бос орындарын толтыру үшін міндетті талап болып табылады. Бұрын жас мамандар бизнесті басқару дәрежесін алу үшін шетелге барған болса, бүгінде Ресейде мұндай мүмкіндіктер бар.

Жан-жақты менеджерлер

Сатып алу және сату жөніндегі менеджерлер танымал кәсіптер  рейтингінде көшбасшылық ұстанымдарды жалғастыруда және келешекте де жалғастырады.Бүгінгі таңда жұмысқа орналастыру ресурстарында ең көп бос жұмыс орындары (7% дейін) – сату жөніндегі менеджерлер болып табылады.

Бүгінгі таңда және болашақта өзекті болып табылатын тағы бір мамандық – клиенттермен , корпоративтік, негізгі, желілік  және тағы  басқа  жұмыс жасау жөніндегі менеджер.

Клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі менеджердің жауапкершілігіне дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерін сату, компанияның басқа бөлімшелерімен және клиенттермен тиімді өзара іс-қимыл жасау, компанияның маркетингтік және насихаттық науқандарына қатысу қамтиды.

Менеджмент мамандығы жақында ғана университет бағдарламасына мамандық ретінде енгізілді. Сондықтан адамдар еңбек етіп ақша табуға бел байлаған. Менеджмент мамандығын тек университетте емес, және қысқа мерзімді курстарда да қажетті білімді ала алады.

Сіз нені таңдайсыз?

Дамыған елдерде халықтың басым бөлігі қызмет көрсету секторында жұмыс істейді. Бұл тұжырымдама өте кең және өз ішінде жеке қызметтерді көрсетеді. Сауда орталықтары, сұлулық салондары, спорт кешендері және ойын сауық орталықтары.

Бүгінгі және болашақтағы мамандықтар:

Туристік қонақ үй және мейрамхана бизнесі,

Сәулет, құрылыс және дизайн (үй –жайлар, ландшафт) – бүгінгі таңда тұрғындардың көбеюі типтік тұрғын үй жобаларынан бас тартуға және жылжымайтын мүлікке (қала маңы) ақша салуға дайын, дизайн және сәулет бюросының жұмыс салмағы келесі он жылдықта ғана өседі;
· Медиа,жарнама,баспа;

Рейтинг жайында

Болашақта ең көп сұранысқа ие мамандықтар:

1)Сату жəне сатып алу менеджерлері.

2)Бағдарламалар, веб-дизайнерлер, телекоммуникациялық мамандар.

3)Банк қызметкерлері, бухгалтерлер.

4)Бөлім басшылары, менеджерлер.

5)Жарнама берушілер, маркетологтар, бренд-менеджерлер.

6)Интерьер дизайнерлері, сəулетшілер.

7)PR мамандары, принтерлер, журналистер.

8)Инженерлер, жетекші мамандар.

9)Адвокаттар (адвокатура).

10)Аудармашылар.

Аудармашылардың бұл тізімде жазылуы кездейсоқ емес. Нарықтың динамикасына қарағанда жақын арада шетел тілдеріне қойылатын талаптар өзгеруі мүмкін. Ағылшын тілі жеткілікті болса да, бірақ көп ұзамай, қытайлықтар жоғары сұранысқа ие болады. Сондықтан тілдерді үйреніңіз. Оларсыз болашақта мансапқа жете алмайсыз.

Top