Тарих факультеті

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

ФАКУЛЬТЕТ ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Тарих факультетінің деканы, тарих ғылымының кандидаты, доцент

Смағұлова Гүлнара Мұратбекқызы

Тарих факультеті бұл – ҚарМУ-дегі ірге тасы ерте қаланған факультетінің бірі, негізі 1938 жылы қаланған. Оның қайнарында Ленинградтың, Алматының және Украинаның тарихшылары тұрды. Қарағандыда бірінші тарихшы түлектер 1940 жылы шықты. Сол уақыттан бастап 5 мыңнан астам маман даярланған. Олардың ішінде ғалым-тарихшылар, 120 астам ғылым кандидаттары мен докторлар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, министрлер және Президент аппаратының қызметкерлері, аналитиктер мен педагогтар, білім органдарының, саяси партиялар мен діни ұйымдардың басшылары, мәдениет қайраткерлері, ҰҚК, ІІМ, Қарулы күштер органдарының қызметкерлері, бұқаралық ақпараттар құралдарының, мұрағаттар мен мұражайлардың қызметкерлері.

Тарих факультетінің миссиясы кәсіптік қызмет саласындағы шығармашылық ойлы және кәсіби ұтқыр тарих, археология, этнология,және халықаралық қатынастыр саласында. Бәсекеге қабілетті жоғарғы білікті мамандар даярлау болып табылады.

Факультетте үш кафедра жұмыс жасайды:

археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы

бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы

жалпы университеттік Қазақстан тарихы кафедрасы

Тарих факультетінде мемлекеттік және ұлтаралық тілде келесі негізгі қоғамтану мамандықтары бойынша маман даярлау жүреді (оқу мерзімі 4 жыл):

050114 – «ТАРИХ» (білім беру)

5B011400 – «ТАРИХ»

050202 – «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР»

5B020200 – «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР»

5В020800 – «АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ»

050208 – «АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ»

  • мемлекеттік және жеке жалпы білім беру оқу орындарында тарих және әлеуметтік-саяси пәндер бойынша оқытушы болуына;
  • ғылыми мекемелерде;
  • мұражайда;
  • мұрағатта;
  • экскурсиялық және туристік агенттіктер мен бюроларда;
  • мемлекеттік мекемелерде қызметкер болуына болады.

Тарих факультетінің ғылыми-зерттеу жұмысының бөлінбес бөлшегі – бұл археологиялық және этнографиялық экспедициялар. Көптеген жылдар бойы тарих факультеті Орталық Қазақстандағы археологиялық, этнографиялық зерттеулердің орталығы болып табылады. 1972 жылдан бастап факультетте Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың археологиялық экспедициясы жұмысын жалғастыруда.

Тарих факультеті бүгінде – бұл:

300-ден астам студенттері

40-дан астам ғылым докторлары, кандидаттары, магистрлары:

5 бакалавр мамандықтары, 3 магистратура мамандығы және 1 PhD докторантурасы мамандығы;

оқулықтар мен әдебиеттерге бай библиотекалық қоры;

сирек кітаптар қоры;

археология және этнография мұражайы;

заманауи материалдық-техникалық базасы.

«Аймақтану» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарында студент 2 шет тілін тереңірек игеріп білім алады. «Аймақтану» мамандығында әлемнің бір аймағы бойынша маман дайындалады: Еуропа және Америка елдері, ТМД, Азия және Африка елдері. «Халықаралық қатынастар» мамандығының түлектері халықаралық қатынастарды және мамандану елдерін комплексті түрде зерттейді.

4 курстан кейін түлек біліктілігін жетілдіру мақсатында 2 жылдық магистратураға түсуіне болады. Тарих факультетінде «Тарих» (қоғамтану ғылымы), «Тарих» (білім беру) және «Археология және этнология» мамандықтары бойынша магистратура жұмыс жасайды.

2006 жылдан бастап Отан тарихы және тарихнама, деректану және тарихи зерттеулер әдісі пәндері бойынша ғылым докторларын даярлайтын Диссертациялық Қеңес өз жұмысын бастады.

Факультетте тәжірбиелі мамандар жұмыс жасайды, олар факультеттің және республиканың ғылыми өміріне белсенді қатысуда. Тарих факультетінің профессор-оқытушылар құрамы университеттегі біліктілігі жоғары факультеттердің бірі.

1976 жылы тарих факультетінде археологиялық зерттеу лабораториясы ашылды (жетекшісі В.В. Евдокимов), оның жанында көп жылдар бойы «Өлкетанушы» («Краевед») атты археологиялық ғылыми-зерттеулік отряд жұмыс істеуде. Экспедициялар барысында жиналған материалдар 1981 жылы ашылған археология және этнография мұражайына негіз болды. Бұл мұражай базасында 1994 жылы ҚР ҒА Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының Орталық-Қазақстандағы бөлімі ашылды. 2003 жылы ғылыми күшті шоғырландыру және аймақты фундаментальды археологиялық зерттеу мақсатында Сарыарқа археологиялық институты құрылды, оны тарих факультетінің түлегі т.ғ.к. Ломан В.Г. басқарады.

2000 жылы тарихи этнография лабораториясы ашылды, оның базасында ұзақ мерзімді (2001-2010 жж.) «Сары Арқа» аты этномәдени зерттеулік бағдарлама жасалған.

ФАКУЛЬТЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУЛІК ҚЫЗМЕТІ

Факультеттің ғылыми-зерттеулік қызметі әр кафедра шеңберінде жүргізіледі. Археология, этнология және Отан тарих кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасы тарихының ежелгі уақыттан қазіргі таңға дейінгі тарихымен айналысады.

Еуропа және Америка, Азия және Африка елдерінің көне дәуірдегі, орта ғасырлардағы, жаңа және қазіргі кезеңдегі тарихы, саясаты, дипломатиясы және мәдениеті бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының ғылыми қызығушылығы болып табылады.

Жыл сайын факультетте әр түрлі ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек стол және тренингтер өткізіледі. Факультет 1954-1986 жж. факультет деканы болған Қали Жуасұлы Жуасовтың құрметіне жыл сайын «Жуасов оқулары» атты дәстүрлі конференция өткізеді.

Факультет ұжымы «Тарихи мұра» Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ғылыми жобаларға қатысып, оларды орындап жүр.

Ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау барысында зерттеулік жобаларды іске асыру мақсатында факультет жетекші республиканың және шет ел университеттерімен, ғылыми орталықтармен байланысты дамытуда.

Тарих факультетінің ғылыми-зерттеулік жұмысының маңызды бөлігі археологиялық және этнографиялық экспедициялар болып табылады. Көп жылдар бойы тарих факультеті Орталық Қазақстанды археологиялық-этнографиялық зерттеу орталығы болуда. 1972 жылдан бастап факультет жанында ҚарМУ-дың археологиялық экспедициясы жұмыс істейді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

  • Тарих факультеті әр түрлі формада халықаралық серіктестікті жүргізуде:
  • біріккен археологиялық экспедицияға қатысу және археологиялық материалдарды игеру;
  • халықаралық жобаларға қатысу;
  • ғылыми конгресстерде, конференцияларда, симпозиумдарда, семинарларда баяндама жасау.

Тарих факультеті шетелдік ғылыми орталықтармен белсенді қарым-қатынас орнатқан. Атап айтсақ: Еуропалық-Орталық университеті (Будапешт, Венгрия), Экология және экологиялық саясат факультеті, РҒА (Санкт-Петербург, РФ), Материалдық мәдениет тарихы институты – EHESS (Франция, қ. Париж), Әлеуметтік ғылымдардың жоғарғы мектебі, Халықаралық білктілікті жоғарылату институты (Дюссельдорф қ., Германия), Аризона штаты университеті (АҚШ), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жанындағы Азия және Африка елдері институты.

Тарих факультеті М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің Азия және Африка елдері институты және тарих факультетімен, Ресей ғылым академиясының Сібір тарих және этнография бөлімімен (Новосибирск қ.) серіктестік туралы келісім жасалған. 2007 жылы факультет Гималай және Орталық Азияны зерттеу орталығымен (Нью-Дели қ., Үндістан) серіктестік жөнінде меморандум бекітті.

2011 жылдан бастап 6D020300 – Тарих – мамандығынан PhD докторантурасы жұмысын бастады.

Тарих факультетінде «Этномәдени және тарихи-антропологиялық зерттеулер» Орталығы, «Археология және этнография мұражайы» және «Жас Алаш», «Археология», «Тарихи демография» атты студенттік ғылыми-зерттеу үйірмелері мен «Дипломат» атты студенттік клуб белсенді жұмыс істейді. Студенттер өздерінің зерттеу жұмыстарын тарих факультетінің базасында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жуасов оқулары» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдарына жариялауға мүмкіндіктер бар. Сонымен қоса «Атамекен» ғылыми жинағына студеннтер, магистранттар және докторнаттар өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарын жариялап отырады.

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ҚОР БАЗАСЫ

Тарих факультетінде оқу сабақтары № 3 корпуста жүргізіледі.

Жалпы көлемі 1002,8 шаршы метрді құрайтын 30 оқу дәріханасы бар. 3 потоктық аудитория, ТСҚ кабинеті, 20 орынға арналған лингафондық кабинет, 48 орыны бар 24 компьютер бар компьютерлік класс бар, 30 орынға арналған сирек кітаптар кітапханасы бар.

Тарих факультетінің қорында ауқымды ғылыми тарихи әдебиеттер фонды бар. XVII- XX ғ. басында шығарылған (9354 дана) кітаптар, баспасөз (3514 дана) фонды бар, қарапайым фонд 3807 дананы құрайды, баспасөз фонды – 2918 дананы құрайды. Сирек кітаптар фондына қазақстандық және ресейлік журналдар мен газеттер алдырылады.

СТУДЕНТТІК ӨМІР

Факультетте мәдени сипаттағы шаралар, әр түрлі мерекелер, кездесулер, мейрімділік шаралары өткізіледі; факультеттің өз КВН командасы бар, жыл қорытындысы бойынша үздік ұстаздар мен студенттерге табыс етілетін дәстүрлі «КЛИО» премиясы өткізіледі, студенттер тарих факультетінің 30 жылдан астам уақыт өткізетін бірінші сәуір әзіл мен күлкі мерекесі «Ералашқа» қатысады.

Факультетке №1 жатақхана бекітілген, онда қаладан тыс жерден келген студенттер орналасқан. Ректорат студенттердің жатақханадағы тұрмысын жақсартуға әр дайым жағдай жасауда.

ТАРИХЫ

Факультет тарихы

Тарих факультеті бұл – ҚарМУ-дегі ірге тасы ерте қаланған факультетінің бірі, негізі 1938 жылы қаланған. Оның қайнарында Ленинградтың, Алматының және Украинаның тарихшылары тұрды. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Қарағанды педагогикалық институтының ішінде тарих-филология факультеті жұмыс жасады. 1966 жылы дербес тарих факультеті құрылды. Қарағандыда бірінші тарихшы түлектер 1940 жылы шықты. Сол уақыттан бастап 5 мыңнан астам маман даярланған. Олардың ішінде ғалым-тарихшылар, 120 астам ғылым кандидаттары мен докторлар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, министрлер және Президент аппаратының қызметкерлері, аналитиктер мен педагогтар, білім органдарының, саяси партиялар мен діни ұйымдардың басшылары, мәдениет қайраткерлері, ҰҚК, ІІМ, Қарулы күштер органдарының қызметкерлері, бұқаралық ақпараттар құралдарының, мұрағаттар мен мұражайлардың қызметкерлері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ


8 республикалық пән олимпиадасының әділқазылар алқасы (08.04.2016 ж.)

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 100 жылдығына арналған «Жуасов оқулары–20» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы (15.04.2016 ж.)

2016 жылдың 9-ақпанында тарих факультетінде «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған «жыр кеші»

«КЛИО-2015» олимпиадасының жүлдегерлері (13-11-2015)

«Тарих тағылымы» облыстық ғылыми жобалар конкурсының қатысушылары мен ҚарМУ оқытушылары (25.10.2015.)

«ҚАЗАҚСТАН – МЕНІҢ ОТАНЫМ» атты IІ аймақтық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылуы (11-12-2016 ж.)

«Қазақ хандығының 550-жылдығына» байланысты театрландырылған қойылым (14.10.2015 ж.)

«Әлихан Бөкейхан және Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы құрылтай қатысушылары (26.02.2016 ж.)

Дарын мектебінде Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған дөңгелек үстел ( 19.02.2016 ж.)

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетінің Серпіндіктері топ кураторы Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызымен Бірінші Президент музейінде

Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектептегі «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығы зертханасының ашылу салтанаты

Жас ақындар мүшəйрасының жеңімпаздары (05.04.2016 ж. )

Жас ақындар мүшəйрасы қатысушылары (05.04.2016 ж. )

Жас зерттеушілердің ІІ аймақтық құрылтайды Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы ашып берді(26.02.2016 ж.)

Жас зерттеушілердің ІІ аймақтық құрылтай қатысушылары (26.02.2016 ж.)

Жас зерттеушілердің ІІ Құрылтайында бас жүлдені ұтып алған Әлихан және Нұрсахан Ахметқызы (26-02-2016 ж.)

ИО-41 тобы педагогикалық практикада

Кентбек Салават Камшыбаевич

Назарбаев зияткерлік мектебінде педагогикалық практикадағы 4-курс студенттерінің сабақтары

Назарбаев интеллектуалдық мектебіндегі Əлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған дөңгелек стол (06.04.2015 ж.)

Республикалық пәндік олимпиада қатысушылары Нұрсахан апаймен (08.04.2016 ж.)

Т.ғ.к., доцент Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызының жетекшілігімен ИО-11к тобының Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған кураторлық сағаты (24.02.2016 ж.)

Т.ғ.к., доценті Жұмабеков Ж.А. Назарбаев зияткерлик мектебіндегі екінші мектепшілік ғылыми жобалар конкурсында

Тарих факультетінде 14.10.2015 ж. өткен «Қазақ хандығының 550-жылдығына» байланысты театрландырылған қойылым қатысушылары

Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Мәңгілік Ел – болашақтың бастауы, бірліктің негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел (26.02.2016 ж.)

Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасы ұйымдастыруымен өткізілген «Мәңгілік Ел – болашақтың бастауы, бірліктің негізі» дөңгелек үстелі (26.02.2016ж.)

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «КЛИО-2015» атты 11-сынып окушылары арасындағы облыстық Олимпиада (13-11-2015)

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «КЛИО-2015» Олимпиада ұйымдастырушылары (13-11-2015)

ҚР Бірінші Президентінің Кітапханасы. «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренигтің қорытындысы (Астана, 2016 ж.)

Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған кураторлық сағат қа қатысушы ИО-11к тобы (24.02.2016 ж.)

Әскери-патриоттық жарыс

8 республикалық олимпиадада 3-орын алған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің “Махамбет ұрпақтары ” командасы (08.04.2016 ж.)

8 республикалық олимпиадада 3-орын алған “Әуезов ұландары ” командасы ҚарМУ оқытушыларымен бірге (08.04.2016 ж.)

№ 76 Әлихан Бөкейхан атындағы мектепте өткен “Əлихан-тəуелсіздік жаршысы” атты жас ақындар мүшəйрасының жеңімпаздары (05.04.2016 ж. )

№ 76 Әлихан Бөкейхан атындағы мектепте өткен “Əлихан-тəуелсіздік жаршысы” атты жас ақындар мүшəйрасы қатысушыларына «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығы қолдау көрсетті ( 05.04.2016 ж. )

М. Жұмабаев атындағы 39 мектепте “Əлихан Бөкейханның 150 жылдығына” арналған конференцияда Әлихан мұралары талданды (22.02.2016 ж.)

М. Жұмабаев атындағы 39 мектепте “Əлихан Бөкейханның 150 жылдығына” арналған конференция қатысушылары (22.02.2016 ж.)

Дарын мектебінде Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған дөңгелек үстелге «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығы атынан т.ғ.к., доцент Бейсенбекова Н.А., т.ғ.к., доцент Шотбақова Л.Қ. қатыып, қолдау көрсетті ( 19.02.2016 ж.)

ЖЫЛДЫҚ ОҚИҒАЛАР

Тарих факультетінің оқытушылары мен студенттері Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының елшілігімен ұйымдастырылған «Қазіргі заманғы Қытай» тақырыбындағы графикалық көрме мен фотогалереяның ашылу салтанатында

Встреча преподаваталей и студентов исторического факультета с Послом Индии в Казахстане (март 2013 г.)

К.и.н., профессор Жауымбаев С.У. и Мураками Я. директор центра по изучению культур древнего железа университета Эхимэ (Япония), на конференции, посвященной происхождению древнего железа на Евразийском континенте.

Директор центра по изучению культур древнего железа Восточной Азии Я. Мураками (Япония) с гостевой лекцией на темы «металлургическое производство в раннем железном веке».

Д.и.н., профессор Сактаганова З.Г. на встрече с учеными из Индии.

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Құрметті талапкер!
Сізді Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университетінің
Тарих факультетіне шақырамыз

Тарих факультеті – Е.А. Бөкетов ҚарМУ- ҚарМУ-дегі ірге тасы ерте қаланған факультетінің бірі. 1940 жылы Қарағандыда тарихшылардың бірінші түлектері шықты. 2000 жылдан бастап халықаралық қатынастар мамандығы бойынша мамандар, кейін бакалаврлар дайындалуда. Осы уақытқа дейін факультет 6 мыңнан астам мамандар даярлап шығарды. Олардың ішінде біразы тарихшы ғалымдар, 150-дей ғылым докторлары мен кандидаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Президент аппаратының қызметкерлері мен министрлер, сарапшылар мен оқытушылар, саяси партиялар мен діни ұйымдардың жетекшілері, мәдениет қайраткерлері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, КР СІМ және министрліктердің халықаралық бөлімдерінің қызметкерлері, сонымен қатар радио және теледидар, мұрағат пен мұражай қызметкелері.

Тарих факультеті шетелдік ғылыми орталықтармен белсенді қарым-қатынас орнатқан. Атап айтсақ: Еуропалық-Орталық университеті (Будапешт, Венгрия), Экология және экологиялық саясат факультеті, РҒА (Санкт-Петербург, РФ), Материалдық мәдениет тарихы институты – EHESS (Франция, қ. Париж), Әлеуметтік ғылымдардың жоғарғы мектебі, Халықаралық білктілікті жоғарылату институты (Дюссельдорф қ., Германия), Аризона штаты университеті (АҚШ), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жанындағы Азия және Африка елдері институты, Дж. Неру университеті қарамағындағы Гималай зерттеу және мәдени орталығымен (Үндістан), Коменск атындағы университеттің философия факультетімен (Словацкая Республикасы), Еуропалық ақпараттық орталық, американдық және демократиялық зерттеу орталық Қорымен, НАТО ақпарат және қор Орталығымен байланыс орнатып жұмыс жасауда.

Тарих факультетінде «Этномәдени және тарихи-антропологиялық зерттеулер» Орталығы, «Археология және этнография мұражайы» және «Жас Алаш», «Археология», «Тарихи демография» атты студенттік ғылыми-зерттеу үйірмелері мен «Дипломат», «Oriens Extremus», «Что? Где? Когда?» атты студенттік клуб белсенді жұмыс істейді. Студенттер өздерінің зерттеу жұмыстарын тарих факультетінің базасында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жуасов оқулары» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдарына жариялауға мүмкіндіктер бар. Сонымен қоса «Атамекен» ғылыми жинағына студеннтер, магистранттар және докторнаттар өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарын жариялап отырады.

Тарих факультетінің ғылыми-зерттеу жұмысының бөлінбес бөлшегі – бұл археологиялық және этнографиялық экспедициялар. Көптеген жылдар бойы тарих факультеті Орталық Қазақстандағы археологиялық, этнографиялық зерттеулердің орталығы болып табылады. 1972 жылдан бастап факультетте Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың археологиялық экспедициясы жұмысын жүргізуде. Экспедициялар барысында жиналған тарихи жәдігерлер археология және этнография мұрағатында орнын тапты.

Сіздердін әр қасыларыныз бізбен бірге өмірдегі өз орнынызды табасыз, студент ретінде сіздердін әр қайсыларыныз өздерінізді ғылымдада, қоғамдық жұмыста да көрсете аласыз. Әзілін жарасса күлкі мерекесі – «Ералашқа», саясатқа қызықсаныз форумдарға, конференцияларға және пікір-таластарға қатысыныз, өңерініз болса бізде өткізілетің мерекелік іс шараларға қатысыныз. Өзінді біздін факультеттен тап!

Тарих факультетінің деканы,
Т.ғ.к., доцент Смағұлова Г.М.

Талапкерге арналған ақпарат

Тарих факультеті бүгінде – бұл:

  • 300-ден астам студенттері
  • Үш кафедра: археология, этнология және Отан тарихы; Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар; Қазақстан тарихы;
  • 40-дан астам ғылым докторлары, кандидаттары, магистрлары:
  • 5 бакалавр мамандықтары, 3 магистратура мамандығы және 1 PhD докторантурасы мамандығы;
  • оқулықтар мен әдебиеттерге бай библиотекалық қоры;
  • сирек кітаптар қоры;
  • археология және этнография мұражайы;
  • заманауи материалдық-техникалық базасы.

Тарих факультетінде күндізгі және сырттай оқу бөлімдерде мемлекеттік және орыс тілдерінде келесідей мамандықтар дайындалады:

5В011400 — Тарих

Түлектерге «5В011400 — Тарих» мамандығы бойынша білім бакалавры академилық дәрежесі беріледі.

Оқу үрдісі барысында оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруды қалыптастыра білуге назар аударады, білім мекемелерінде тарих пәні бойынша оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білуге, технологиялық оқуға және әдістерді жетілдіруге; тарих, педагогика саласындағы өзекті зерттеулердің бағытын нақтылауға үйрету.

  • Түлектер мамандығы бойынша келесідей лауазымдарды атқара алады Қазақстан тарихы және жалпы тарих пәнінен және гуманитарлық бағыттағы білім мекемелерінде оқытушы болып, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерінде маман болып (біліктілікті жетілдіру институтында, баспаларда), фирмаларда кеңесші, оқу орындарында (кабинет меңгерушісі, кеңесші, менеджер және т.б.) болып қызмет атқарады

5В020200 — Халықаралық қатынастар

Түлектерге «5В020200 — Халықаралық қатынастар» бойынша гуманитарлық білімдер бакалавры академилық дәрежесі беріледі.

Оқу үрдісі барысында студенттерде келесідегі біліктіліктер қалытасады: шығармашылыққа, болып жатқан оқиғалардың объективті көрінісін жасау үшін ақпараттарты қолдану және тәуелсіз, сыни тұрғыдан өңдеу; сыртқы саясат бөлімдер, департаменттер, мемлекеттік құрылымдар және мемлекеттік емес ведомстволарға (министрліктер, әкімдіктер, президент аппаратында, премьер-министр кеңсесінде, әртүрлі дәрежедегі ұйымдарда және т.б.) жетекшілік ету; жауапты шешімдер қабылдай білуге және олардың ұжымда орындалғанына жауап бере білуге үйретеді.

Мамандық бойынша көптілде білім алатын тәжірбиелік топтар құрылады.

  • Түлектер мамандығы бойынша келесідей лауазымдарды атқара алады: халықаралық қатынастар саласында референттер, эксперттер, сарапшылар, кеңесшілер, сыртқы саяси шолушылар, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінде сәйкесінше шет тілі (тілдер) бойынша аудармашылыр, (аудармашы-референт), мемлекеттік басқарманың түрлі орындарымен әлемдік саясат, сыртқы саяси қатынастар саласындағы ұйымдарда, халықаралық ұйымдарда, трансұлттық корпороцияларда.

5В020300 — Тарих

Түлектерге «5В020300 — Тарих» бойынша гуманитарлық білімдер бакалавры академилық дәрежесі беріледі.

Оқыту кезеңінде өндірістік-басқармалық, ғылыми-зерттеушілік, сараптама кеңесшілік, мәдени ағартушылық қызметке дайындауға көңіл бөлінеді.

  • Түлектер мамандығы бойынша келесідей лауазымдарға ие бола алады: архивариюст, кіші ғылыми қызметкер, меммлекеттік мекемелердегі ғылыми институттардағы баспа үйлерінде әкімдіктерде, кітапханаларда, мұрағаттарда, мұражайларда референт кеңесші, мемлекеттік басқармалық сектордағы мемлекеттік қызметкер.

5В020800 — Археология және этнология

Түлектерге «5В020800 — Археология және этнология» бойынша гуманитарлық білімдер бакалавры академилық дәрежесі беріледі.

Оқыту кезеңінде Қазақстанның этникалық топтарымен қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мәселеріне; археологгия және мұражай тану саласындағы жинақтаушы және коллекциялық қызметтер археологиялық және этнографиялық ескерткіштер бойынша қайта жаңғырту және консервациялық жұмыстарды, Қазақстан тұрғындарының арасында және шетелде Қазақстанның мәдениеті туралы білімдерді насихаттау дағдыларын жүзеге асыруды қалыптастыруға

  • Түлектер мамандық бойынша келесідей лауазымдарды атқара алады:
  • жалпы білім беретін және арнайы білім мекемелерінде мектептік және мұражайларда өлкетанушылық жұмыстарды ұйымдастырушы;
  • ғылыми-зерттеу экспазициондық және қор бөлімдерінің ғылыми қызметкері, гид экскурсовед, мұражайлық мекемелерде негізгі сақтаушы.
  • Ғылыми-зерттеу институттарында (орталықтарда) кіші ғылыми қызметкер;
  • референт, мәдени және табиғи ескерткіштерді қорғауда тарих және мәдениет саласының бас маманы; эксперт; этникааралық және конфессионалдық қатынастарда және үрдістерде мемлекеттік қызмет органдарының кеңесшісі.

Барлық мамандықтар оқу кредиттік технология бойынша жүзеге асырылады.

Басқа қалалардың студенттері үшін жатақхана бар. Оқу ғимараттарында студенттік асханалар бар. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері үшін спорттың барлық түрлерімен шұғылдануға және жан-жақты жақсы демалуға жағдай жасалған.

Біздің студенттерге профилактория және студенттік емхана сонымен қоса тұрмыстық кешен қызмет атқарады. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттік спорттық кешендер мен стадион, спорт залдары мен Студенттік сарай және тау шаңғысы базасы бар. Жазғы каникул уақытында студенттер Топар суқоймасы жағасындағы спорттық-тынығу лагерінде, Балқаш, Қарқаралыдағы демалыс зонасында тынығуға мүмкіндіктері бар.

Барлық мамандықтар бойынша білім алу несиелік технология бойынша жүргізіледі. Сырттай білім алуға мүмкіндік бар. Студенттер оқуын жалғастыра алады. Келесі мамандықтар бойынша магистратурада:

 

  • 6M011400 «Тарих»
  • 6M020300 «Тарих»
  • 6M020800 «Археология және этнология»

 

PhD докторантурада 6M011400 «Тарих» мамандығы бойынша.

Студенттер оқуларын 6М011400 – Тарих, 6М020300 – Тарих, 6М020800 – Археология және этнология мамандықтары бойынша магистратурада жалғастыра алады.

Магистр түлектер үшін 6D020300 – Тарих мамандығы бойынша PhD доктарантурасы ашылды.

Күндізгі оқу бөліміне түсетін талапкерлерге арналған құжаттар тізімі (оқу мерзімі – 4 жыл):

  1. Орта мектепті бітіргені туралы аттестаты мен қосымшасы (түпнұсқа және 2 көшірмесі);
  2. 3×4 өлшемдегі 6 фотосурет (түсті немесе қара-ала);
  3. 086-У медициналық анықтамасы (ағымдағы жылдың флюорографиясы + егу картасының көшірмесі);
  4. жеке куәліктің 2 көшірмесі, ӘЖК 2 көшірмесі, СТН 2 көшірмесі;
  5. 1 іс-қағаз папкасы, 2 пошта конверты (маркасыз);
  6. ҰБТ тапсырғаны туралы мемлекеттік сертификаттың түпнұсқасы + 2 көшірмесі;
  7. әскери билет немесе тіркеу куәлігі+ 2 көшірмесі (күндізгі оқу бөліміне түсетін ер азаматтарға)

Е<.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ мамандықтары бойынша 2015 жылғы ҰБТ және ТКТ тестілеу пәндері, мемлекеттік білім беру тапсырысы және межелік өту баллдары

 

 

Мамандық атауы

Таңдау бойынша

пәндер

 

Бейіндік пән

ҚР бойынша 2015 жылғы

мемлекеттік тапсырыс

 

2015 жылдың межелік өту балдары (күндізгі оқу бөлімі)

күндізгі/ күндізгі қысқартылған

оқу бөлімі

сырттай қысқартылған

оқу бөлімі

 

қаз. бөл.

 

орыс. бөл.

 

қаз. бөл.

 

орыс. бөл.

 

қаз. бөл.

 

орыс. бөл.

 

Жалпы

 

Ауыл

 

Жалпы

 

Ауыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Археология және этнология

 

Дүниежүзі тарихы

Дүниежүзі тарихы

30

10

86

75

Тарих (гуманитарлық)

Дүниежүзі тарихы

60

20

91

86

Тарих (білім)

Дүниежүзі тарихы

21/8*

7/2*

96

91

84

81

Халықаралық қатынастар

 

Шет тілі

Шет тілі

15

5

АБ-96

АБ-96

 

* – қысқартылған оқу түрі бойынша бөлінген гранттар (/ арқылы көрсетілген)

АБ – “Алтын Белгі” иегерлері

2015-2016 оқу жылына академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің мамандықтары бойынша коммерциялық негізде студенттерді оқыту құнының

ПРЕЙСКУРАНТЫ

(күндізгі, күндізгі қысқартылған, сырттай қысқартылған оқыту нысандары)

(2015 жылғы қабылдау)

 

 

Мамандық коды

 

Мамандықтар атаулары

 

Құны, теңге

 

Күндізгі бөлім

 

Сырттай қысқартылған бөлім

5В011400

Тарих (білім)

443,300 тенге

176,000 тенге

5В020300

Тарих (гуманитарлық)

342,900 тенге

176,000 тенге

5В020200

Халықаралық қатынастар

342,900 тенге

176,000 тенге

5В020800

Археология және этнология

342,900 тенге

176,000 тенге

 

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы:
Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, каб. 113.
Телефон: 8 (7212) 77-03-85
ресми сайт: www.ksu.kz
«27 мкрн» немесе «ҚарМУ» аялдамасына дейін:автобус № 4,25,40,70,145,118
маршруттық такси:№ 02,04,06,07,23,66

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛЕСТІК

Халықаралық байланыс

Тарих факултеті Кеңес дәуірінен баста КСРО және Социалистік республикалардағы жетекші ЖОО байланыстарын орнатқан. Қазақстан республикасының тәуелсіздік жылдарыда осы бағытта жұмыс жалғасырылды. Факультетің сонғы жылдарда халықаралық байланыс орнату саласындағы жұмыстарына келетің болсақ, 2006 ж. бастап тарих факультеті Халықаралық А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетімен қатынас орнатып келісімге қол қойды (2006-2010 жж.). Осы келісімге Каир Университетінің профессоры Д.Араби қатысты (Египет Араб республикасы).

Мамандар дайындау мақсатындағы шетел мемлекеттерімен қызметкер болу, жеке негізде ұсынылды. Т.ғ.д.,профессор Сақтағанова З.Ғ. француз оқымыстысы Катрин Пужоль, PhD, өркениет пен шығыс тілдерінің Ұлттық Университетінің профессоры Винсентом Фурние, PhD жақсы қарым-қатынас орнатты (Париж, Франция).

Т.ғ.д., профессор Жұмашев Р.М. Сорбон Университетінің Shahranou Tajbakhsh, Akbar Tusunzat, PhD (США) Пенсильвания Университетінің профессорымен жақсы қарым-қатынас орнатты. Бұл байланыстар Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ үшін болашақта білім бағдарламасын PhD мына бағытта: «XIX-XX ғғ. Қазақстанда ұлттық және қоғамдық институттарды трансформациялау» жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Т.ғ.к.,халықаралық қатынастар мен бүкіл әлем тарихы кафедрасының доценті Смагулова Г.М. Нью-Мехико (АҚШ) Университетінің профессоры, политехникалық ғылымының докторы Грегори Глисонмен және халықаралық қатынастардағы белсенді маман, философия ғылымының докторы, профессор Рашми Дорайсвами (Samia Millia Islamia, New Delhi) қатынас орнатты.Сонымен қатар, ғылыми жұмыстардың алдыңғы қатарлы мамандарының бірі, халықаралық қатынастар филоофиясының профессоры К.Варику ғылыми іс-әрекетті жүзеге асырды.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетінің доценті Шотбақова Л.К. мен Дж. Неру атындағы Гималайлық зеттеу мен мәдениет орталығы Университетінің профессоры К.Варику арасында қарым-қатынас мемарандумына қол қойылды. Орталық Азия аймағындағы халықаралық интеграциялық мәселелерді зерттеу инициативалық көзқарасы бойынша, жоғарыда аталған қарым-қатынастардың болашағы зор.

Қазіргі таңда тарих факультетінің осы бағыттағы жұмыстары мына бағыттарда жүруде:

  • М.В.Ломоносов атындағы МГУ, Москва қаласы,Ресей 5 жылға (2008ж. дейін);
  • Кемеровтық мемлекеттік университеті, Кемеров қаласы, Ресей, 6 жылға (2010ж. дейін);
  • Челябиндық мемлекеттік университеті, Челябин қаласы, Ресей,6 жылға (2007ж. дейін);
  • А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті (2006-2010);
  • Халықаралық қатынастар мен бүкіл әлем тарих кафедрасының доценті Батурина Л.Л. өзінің келісімімен әр уақытта М.В.Ломоносов атындағы ММУ-не қарасты Азия және Африка елдері инситутының профессоры Ж.С.Сыздықовамен қарым- қатынас жасайды.
  • Қазақстан кафедрасының аға оқытушысы Аймағамбетова Г.Т. өзінің келісімімен әр уақытта профессор Т.Кучермен (Карлов университеті, Чехия) және де өз қалауымен профессор В.В.Елизаров, профессор В.Н.Архангельскпен қарым-қатынас жасайды.
  • Халықаралық қатынастар мен бүкіл әлем тарих кафедрасының оқытушысы Нұржанова С.М. өзінің келісімімен индиялық оқымысты, профессор Рашми Дорайсвами, Варику, Аджай Патнайкпен (Дж. Неру университеті (Нью- Дели)), Азиялық тынық мұхит қауіпсіздігін қадағалау орталығының профессоры Рубенмен байланыс орнатты (Гавай,АҚШ).
  • Халықаралық қатынастар мен бүкіл әлем тарих кафедрасының оқытушысы Адишева Г.Б. өзінің ықыласымен профессор Г.Глиссонмен ғылыми қатынас орнатты (Нью-Мехико, АҚШ).

Факультеттің мамандандырылған пәнаралық ғылыми мектептермен қарым-қатынасы.

2007ж. 14 қарашада тарих факультеті шет тілдер факультетімен бірлесе отырып, шетел ғалымдарымен – Махмуд Фикми Хизажи (Египет мұсылман мәдениеті университетінің ректоры, Каир мен Дамаск араб тілдер Академиясының академигі, Египеттің Білім министірі); Хайриддин Раймон Иозгарт Бозук Университетінің профессоры (Иозгарт қаласы, Түркия Республикасы), сонымен қатар А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің қытай мен араб тілдері факультетінің меңгерушісі Агабенова Ж.А. кездесу ұйымдастырып өткізді Осы кездесуге «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану» мамандықтарының студенттері қатысты.

Ғылыми жоба мен гранттарға қатысу.

2006 ж. магистрант Кадацкая Н.В., аспирант Яковенко О.А. CARTI атты гранттың иегері атанды. 2007ж. қыркүйек айында Кадацкая Н.В. Чехия қаласында доктарантурада оқып, халықаралық конкурстың степендиаторы болып, «Болашақ» степендиясын иеленді.

2007 ж. 8 қаңтарында археология, этнология, Отан тарихы кафедрасының оқытушысы Тебаев Д.Б. ҚР ҒБМ-нің грантын иеленіп алды. «Болашақ» бағдарламасының степендиасына және 2007 ж. қыркүйек айынан бастап, М.В.Ломоносов атындағы МГУ-де аспирантура оқыды. 2007 жылы 2 курс магистранттары Тусупбекова Д. және Абилов Т. «Болашақ» степендиясының иегерлері атанды.

Т.ғ.д., археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының профессоры Сақтағанова З.Ғ.( 2006), т.ғ.к., халықаралық қатынастар мен бүкіл әлем тарихы кафедрасының доцнті Смагулова Г.М.( 2007), т.ғ.к., археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті Шотбақова Л.К.(2008) ҚР ҒБМ «Үздік оқытушысы» грантын жеңіп алды.

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАР

Ғылыми бағыттар

  1. Актуальные проблемы археологии и этнологии
    Руководитель: д.и.н., профессор
    Евдокимов Валерий Валентинович
  2. Историография отечественной истории, история культуры, социальная история, политическая история
    Руководитель: д.и.н., профессор
    Жумашев Рымбек Муратович

ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫС

Жыл сайынғы дәстүр бойынша қыркүйек айының соңында тарих факультетінің 1 курс студенттерінің апталығы өткізіледі. Апталық аясында 1 студенттерінің арасында мемлекетік рәміздерді білімділігін анықтайтын брэйн-ринг ұйымдастырылады.

1 курс студенттері мен оқытушылардың арасында спорттық сайыстар да осы апталық барысында өткізіледі. Студенттер мен оқытушылар арасында футболдан, баскетболдан және волейболдан жарыстар болады. Ерлер және әйелдер командалары арасында 5 команда, яғни 1,2,3,4 курс және оқытушылар командалары құрылып, сайысқа түседі, жеңіске жеткен команда диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Бұл сайыс 1 курс студенттерінің бір ортақ ұйымға бірігуіне, ауызбіршілікке тәрбиелейді.

Қазан айында жыл сайын «Студенттер мәдениет сарайында» ҚарМУ студенттерінің арасында «Студенттік бағыштау» мерекесі өтіп тұрады. Жоғарғы курс студенттері жаңадан оқуға түскен талапкерлереге тарих факультеті туралы мәліметтер келтіре отырып, мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Бағдарлама ән-күй, әзіл-қалжың аралас, өте қызықты болады. Факультет оқытушылары да өз кезегінде құр алақан бармай, студенттерге өз өнерлерін көрсетеді. Гитарамен ән шырқап, би билеп сахнаны жандандырып жібереді.

Бірінші курс студенттері де өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік кештің қызықты өтуіне үлес қосады және өздерімен таныстырады. Соңында факультет деканы бірінші курс студентерінен ант қабылдайды.

2013-2014 оқу жылында тарих факультеті барлық факультеттер арасынан жүлделі 2 орынға табан тіреді. Бұл жүлдеде біз «history movie night» тақырыбында өнер көрсеттік. Барлық бірінші курс студенттері өте жақсы дайындықпен сахнаға шықты.

Тарих факультеті студенттердің мәдени-қоғамдық жұмыстарының тарихына бай. Соның негізінде 2009 жылы тарих факультетінің студенті, қазіргі таңда тарих факультетінің 1 курс магистранты Сатыбаев Амандық өзінің халық әндерімен Ресей Федерациясы Орынбор қаласында өткен жас орындаушылар халықаралық сайысында гран-при марапатын иеленді.

Археология және этнография мұражайының 80-ші жылдары В.В. Евдокимов басқарды, келер жылдары оны В.В. Ломан басқарып келе жатыр. Бұл мұражай тарихи білімдердің мәдени ошағы болып қала бермек, студенттерді Отансүйгіштікке әрқашан да баулып отырады. Мұражай қызметкерлері әрқашан мектептегі оқушылардан бастап, үлкен лауазымды адамдармен жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар, мұражай тарихи жәдігерлердің белсенді қорғаушысы болып танылады. Әр жылы мұражай қызметкерелерімен археологиялық және этнографиялық барлау жұмыстары жүргізіліп тұрады. Мұражай әсіресе тарихшы, археолог және этнолог студенттерге ыстық, өйткені жазғы арнайы экспедицияларға барып келген студенттер үшін бұл өте қызықты да мәнді ошақ болып саналады.

Қазіргі уақытта тарих факультетіндегі тәрбие жұмысы бірнеше бағыттармен іске асады. Демек, деканат, кафедра және жастар ісі жөніндегі комитет студенттерді қызықтыру, біріктіру, белсенділікке шақыру мақсатында жұмыс жасайды.

Қоғамдық-саяси және құқықтық тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасының негізгі заңдары мен заңнамалық актілерінің біліктілігін, белсенді өмірлік ұстанымы бар, саяси шыншылдық пен құқықтық мәдениеті басым, ғылыми көзқарасы және әдістемелік ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.

Осы мақсат аясында тарих факультетінде студенттердің құқықтары мен міндеттерін айғақтайтын дұрыс бағытталған және жоспарланған жұмыстар іске асырылып жатыр. Дәріс, пікір-талас, саяси ақпарат құралдарын пайдалана отырып, болашақ маманның рухани мәдениеті және адами қасиеттері дамыған тұлға қалыптастыру.

Оқу үрдісі азаматтықты және қазақстандық патриотизмді тәрбилеудің басты бағыты болып табылады. Тарих факультетінде азаматтық пен патриотизм мәселелері қарастырылған негізгі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытылады.

Факультетте арнайы Қазақстан Республикасының Рәміздерін айқындайтын стендтер, Академик Е.А. Бөкетовтың қызметіне арналған стенд, Қазақ халқының дара тұлғалары, факультет ардагерлері және факультеттің белсенді мүшелері – студенттер стенділері құрылған. Сонымен қатар, Шахтинск қаласында орналасқан өнер мектебімен тығыз қарым-қатынас орнап, арнайы аталған мектеп ұжымымен ұсынылған «археологиялық пленэр» стендісі де көз тартады.

Қазақстан Республикасы ұлттық бірігу, мемлекеттілікті нығайту мәселелері бойынша құжаттар және материалдармен таныстыру ұйымдастырылған. Сол орайда студенттер, ҚР тарихи ой-өрісінің қалыптасу тұжырымын, ҚР Президентінің Халыққа жолдауы және ҚР Президентінің әр жиынын тереңдетіп оқиды.

Діни экстремизм құбылысының алдын алу мақсатында тарих факультетінде дәрістер, әңгімелер, пікір-таластар, дөңгелек үстелдер, діни ұйымдардың қызметкерлерімен кездесу және студенттермен басқа да формадағы мәселелермен күресу жұмыстары жүргізілуде.

Бірнеше мәрте арнайы шақырылумен Қарағанды облыстық орталық мешітінің ақпарат-насихаттау тобының мұшесі Рүстем Сыздықов студенттермен түсіндіру әңгімелерін жүргізді, сонымен қатар тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор С.К. Кентбек басшылығымен арнайы діни экстремистік жолдарының алдын алу тақырыбында фильмдер көрсетілді.

Тарих факультетінде мамандарды даярлау үрдісінің басты маңызды рөлін орындайтын академиялық топ кураторлары. Кураторлардың арқасында студенттер оқытушылар құрамымен қарым-қатынасты жақсартып, болашаққа жарқын бағыт алады.

Студенттік өмірдің белестеріне бойлататын басты баспалдақ болып табылатын жылдағы дәстүрге айналған «Студенттік бағыштау» конкурсы өткізіледі.

2009 жылдың тарих факультеті «Студенттік бағыштау» конкурсында жалпы университет арасында, ең үздік бағдарлама номинациясында 1 орынды иеленді. Ал, 2010 жылы конкурстан 2 орынға ие болды. Кейінгі 2011-2012, 2012-2013 және 2013-2014 оқу жылдарында да тарих факультеті конкурстың 2 орынынан түскен емес.

Факультетте КВН құрамалары да жалпыуниверситеттік ойындарға қатысады, жүлделі орындарға да ие болады. Факультетте КВН командалары құрылды, олар «Күлсең қайтеді» және «Борщ» командалары. 2012 жылдың қараша айында университетте өткізілген біріншілікте осы аталған екі команда да жүлделі 3 орынды иеленеді, ал 2013 жылдың қарашасында 2 орынды місте тұтты.

2002 жылдан бастап, тарих факультетінің студенттері жылда «Клио» дәстүрлі церемониясын өткізеді. Бұл церемонияда оқытушылар мен студенттерге арналған жыл қорытындысы іске асады, сонымен қатар студенттер де, оқытушылар да өз өнерлерін ортаға салады.

ҚарМУ-де өткізілген «Талантты қылқалам шеберлері» конкурсынан тарих факультеті 2004 жылы жүлделі 3 орынды иеленді. Ал 2012 жылы тарих факультеті жүлделі 2 орынға ие болды.

Тарих факультетінің талантты жастары күлкі мен қалжыңның мерекесі – «Ералаш» мерекесін дайындауға белсене ат салысады. Осындай айтулы дәстүрлі мереке осымен 30-дан астам жыл тойланады және бұл күнде тек біздің факультеттің мерекесі болып саналмай, жыл өте өзінің көрерменін жинап келе жатқан айтулы оқиға деп те атауға болады. «Ералаш» мерекесінің бір қасиеті, мұнда «әзілің жарасса» деген ұранмен шынайы бір күліп алу болып табылады. Студенттер арасында тек оқу үрдісі ғана емес, сонымен қатар жалындаған жастық шақ үрдісі бірге жүргені жөн. Сол мақсатта 2013 жылы археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті Л.И. Зуева «Ералаш» атты кітабын шығаруға ұсынды.

Жалпы факультет ішінде тек осы айтылған мереке-іс-шаралар ғана емес, осы қатарда айтсақ,

  • Бірінші Президент күні;
  • Тәуелсіздік күні;
  • Жаңа жыл;
  • Халықаралық әйелдер күні;
  • Армысың, әз-Наурыз мерекесі тойланады.

2012 жылдың қыркүйек айында самбо және әскери самбо түрлерінен Республикалық чемпионатта тарих факультетінің МО-23к тобының студенті Сарбасова Жайна 1 орынды иеленді.

Сонымен қатар, университетте жыл сайын әр спорттың түрлерінен студенттер және оқытушылар арасында «ҚарМУ Ректор кубогы» біріншілігі өтеді. Тарих факультеті осы жыл сайынғы біріншілік қорытындыларында алдағы 1, 2 орынды місте тұтады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТТАРЫ

Тарих факультетінің деканаты:
Мекен-жайы: Қарағанды қ., Университет көшесі 28, №3 ғимарат, №508 кабинет
Телефон: 8 (7212) 77-04-09

Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы:
Мекен-жайы: Қарағанды қ., Университет көшесі 28, №3 ғимарат, №514 кабинет
Телефон: 8 (7212) 77-04-09

Дүние жүзі тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы:
Мекен-жайы: Қарағанды қ., Университет көшесі 28, №3 ғимарат, №505 кабинет
Телефон: 8 (7212) 77-04-09

Қазақстан тарихы кафедрасы:
Мекен-жайы: Қарағанды қ., Университет көшесі 28, №3 ғимарат, №507 кабинет
Телефон: 8 (7212) 77-00-30

Top