Педагогика

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫ
ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ДОЦЕНТ
ИМАНБЕКОВ МИРЛАН МЕЙРАМБЕКҰЛЫ

Педагогикалық білім беру тұтас білім беру жүйесінің іргесі, ал мұғалім оның қайнар көзі, тұрпаты болып табылады. Педагог үнемі барлық құралдардың арсеналын игерген, әлеуметтік есейген, құзыретті маман, шығармашыл тұлға болған және болып қала береді. Бұл кәсіби жетілуге қабілетті және тырысатын тұлға.

Факультет миссиясы: аймақтың полимәдени ортасында инклюзивті саясатты жүзеге асыру мен оқыту, тәрбие беру, тұлғалық даму саласында кәсіби қызметін жүзеге асыратын өнер мен білім беру жүйесі үшін жоғары білікті маман даярлау болып табылады.

Факультет 1996 жылы құрылды.

Мамандықтар

Бакалавр Магистратура Докторантура PhD
5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 6М010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 6М010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 6D010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
5В010300 – Педагогика және психология 6М010300 – Педагогика және психология 6D010300 – Педагогика және психология
5В010500 – Дефектология 6М010500 – Дефектология
5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу
5В042100 – Дизайн

Кафедралар

  • бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
  • мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық
  • әлеуметтік жұмыс және педагогика
  • дефектология
  • бейнелеу өнері және дизайн

Оқу формалары

  • күндізгі
  • сырттай

Оқыту технологиялары

  • кредиттік
  • қашықтықтан

Оқу тілі

  • қазақша
  • орысша

Профессорлық-оқытушылар құрамы

  • Ғылым докторлары 7, ғылым кандидаттары 24, ғылым магистрі академиялық дәрежесіндегі оқытушылар 29.

Байланыстар

  • 100026, Қарағанды қ., Карбышев көшесі, 7, ғимарат 11
  • Факультет телефоны:/7212/35-11-55
  • Web-сайт: http://www.ksu.kz/
  • e-mail: socrab@mail.ru

ТАРИХЫ

Факультет тарихы

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің педагогикалық факультеті 1996 жылы құрылған. Сол уақытта Қарағанды педагогикалық институтының факультеттері университет құрамына еніп, әлеуметтік және педагогикалық деп аталатын екі факультет бірікті, оқу, ғылыми және тәрбие дәстүрлері ұқыпты сақталып, келешек ғалым ұрпаққа берілуде.

Педагогтың миссиясы былай анықталады, үлкендердің орнын басар келешек ұрпақ мұра ретінде алған тәжірибелерді қолданбаса және шығармашыл игермесе, бәрін жаңадан бастаса, онда қоғам пайда болмайды және дамымайды.

Факультеттің осындай мұрасы болып тарихи және ғылыми құраушылары табылады. Орталық Қазақстанда педагогикалық интеллигенция 1938 жылы Мұғалімдер институты ішінде педагогика және психология кафедрасының пайда болуына байланысты қайта оралды. Алғашқы меңгерушісі болып Л.И.Рах тағайындалды.

Сұрапыл соғыс жылдары А.Тургамбаев, С.Орлов, А.А.Колыванов сияқты педагог оқытушылар біздің Отанымызды қорғауға аттанып, ұлы жеңістен соң өз жұмыстарын жедел даму үстіндегі Қазақстан үшін мұғалім кадрларды даярлауда жалғастырды.

Қарағанды интеллегенциясының ғылыми педагогикалық өміріндегі маңызды кезең 1950 жыл болды, осы уақытта педагогика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуге алғашқы диссертация қорғалды. Бірінші педагогика ғылымының кандидаттары Л.И.Рах және Н.И.Жерносеков болды.

Педагогикалық қызметтің құрылуындағы өзгерісті жыл болып 1972 жыл табылады. Біздің елімізде С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінен кейін екінші болып Қарағанды мемлекеттік университеті ұйымдастырылды.

Педагогикалық факультеті Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен Қарағанды педагогикалық институтының екі факультеті: бастапқы оқытудың педагогикасы мен әдістемесі және педагогика және психология (мектепке дейінгі) базасында 1996 жылы құрылды. Педагогикалық факультет деканы болып п.ғ.к., доцент Н.И.Храпченкова тағайындалды.

2008 жылы біріктіру нәтижесінде педагогикалық факультеті құрылып, алғашқы деканы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Л.А.Шкутина болды. 2009 жылдан факультетті философия ғылымдарының кандидаты, доцент М.М.Иманбеков басқаруда.

Факультет университетіміздің ғылыми және қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген профессорлық-оқытушылар құрамымен ғана емес, сонымен қатар студенттерімен, магистрантарымен мақтан тұтады. Оның дәлелі ретінде қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конференциялар мен байқаулардан иеленген көптеген дипломдар мен жүлделерді атауға болады.

Факультеттің халықаралық байланыстары жылдан жылға бекіп, біздің серіктестерімізбен ынтымақтастығымыз кеңеюде. Сонымен, факультет республиканың жоғары оқу орындары: аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен және т.б. Кеңес Одағынан кейінгі жылдардағы жоғары оқу орындары – К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университетімен, И.Кант атындағы Балтық федералды университетімен, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетімен және сонымен қатар алыс шетел жоғары оқу орындары – Гренобль Академиясы, Карлов университетімен тығыз байланыстарды ұстанады. Ғылыми идеялармен алмасудың негізі болып факультет көлемінде шығарылатын «Замануи білім беру» атты ғылыми еңбектер жинағын атауға болады. Мұнда біздің шетел және республикалық серіктестеріміз, жас ғалымдар, магистранттар мен студенттер өздерінің ғылыми ізденістерін ашық жариялауға мүмкіндіктері бар.

Жеткен жетістіктер ұқыпты сақталады. Бірақ тарих бізге жаңа сұраныстарын ұсынуда. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасы, Ғылым туралы жаңа Заңы, әлемдік ғылым және білім беру кеңістігін біріктіру, өмірдің өзі ғалымдардан үнемі ғылым мен білім мазмұнын қарастыруды талап етеді. Факультет алдына әрі қарай сындарлы даму міндетін қояды. Міндетті түрде факультет мамандықтары бойынша PhD докторларын даярлауды бастап, халықаралық аккредитациялау рәсімінен өту, жоғары импакт-фактор ғылыми журналдарына мақалаларын жариялаған оқытушылар үлесін арттыру, 12-жылдық орта білім беруге көшуге байланысты ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуге белсенді қатысу, факультеттің ғылыми мектебін дамыту, білім беру сапасын арттыру. Осындай жетістіктермен тоқтап қалмай, әрі қарай жақсылыққа, өсуге деген ұмтылысты жоғалтпау.

С.Б.Балаубаев – 1960-1972 жж. педагогика кафедрасының меңгерушісі, психология бойынша қазақ тілінде шыққан алғашқы оқулық авторларының бірі

Т.Қамзабаев – 1972-1979 жж. педагогика кафедрасының меңгерушісі, ұлы педагог

М.И.Иманбеков – педагогика ғылымдарының кандидаты, оқушылар тәртібінде мәдениет дың занимался проблемами формирования навыков и привычек культуры поведения учащихся

В.И.Верхов – 1979-1984 жж. педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты

МдТПмӘ кафедрасының оқытушылары (1991ж.)

Факультеттің алғашқы магистр түлектері

Қарағанды педагогикалық институты 1996ж.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЫЛДЫҚ ОҚИҒАЛАР

2012-13 оқу жылына арналған факультет іс-шаралары

Іс-шаралар атауы

Мерзімі

Факультеттің қыздар командасы «Бірінші курс» бағдарламасы бойынша күзгі жеңіл атлетикалық кросста 3 орынға ие болды

Қыркүйек 2012 ж.

1 курс студенттері Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де «Жас талап – Молодое дарование» байқауында Гран-При жүлдегерлері болды

Қыркүйек 2012 ж.

Студенттер «Студенттер қатарына қабылдау» байқауына қатысып, белсенді қатысқандары және көрнекті қойылымдары үшін дипломмен марапатталды.

Қараша
2012 ж.

ҚарМУ даму Стратегиясына сәйкес «Бейіндік мектеп» жоғары мектептері үшін кадрларды даярлау және 12-жылдық мәселелері білім беру үлгісіне көшу мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция

23-24 қараша
2012 ж.

«Бурлеск» КТК командасы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген факультет аралық турнирде 2 орынға ие болды

Қараша
2012 ж.

Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, п.ғ.к. Маженова Р.Б., педагогика және бастапқы оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, п.ғ.к. Жекибаева Б.А. «ЖОО үздік оқытушысы-2012» ҚР БҒМ грантының иегерлері болды

Желтоқсан
2012 ж.

ПжП-11 тобының студенті Жанибек Д. салауатты өмір салтын насихаттау бойынша үздік плакат шығармашылық байқауында 3 орын иеленді

Қаңтар
2013 ж.

Факультеттің ПОҚ командасы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің ПОҚ арасында өткен Ауған соғысының аяқталғанына 24- жыл болғанына арналған әскери-спорттық жарысқа қатысып, 2-ші орын иегерлері болды

Ақпан
2013 ж.

«Сарыарқа дарыны» Аймақтық ғылыми-әдістемелік орталықпен бірлескен «Мектепке дейінгі ұйымның дарынды тәрбиешісі» 3-ші областық байқау

Ақпан
2013 ж.

МТЖ-31 тобының 3 курс студенті Удешов А. 17-ші Облыстық «Жас қанат – 2013» байқауында «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша 3 орынды иеленді

Ақпан
2013 ж.

МТЖ-12 тобының 1 курс студенті Чуксина С. «Мисс және мистер – 2013» байқауында «Мисс спорт» атағын иеленді

Ақпан
2013 ж.

МТЖ-11 тобының 1 курс студенті Бекарыс ҚарМУ студенттерінің арасында өткен «Жыл студенті» байқауында «Жыл дарыны» дәрежесін иеленді

Наурыз
2013 ж.

Құрамы «Дефектология» мамандығының Токмирзаев А., Аманбай Ж., Бисенова Н. студенттерінен тұратын «Сарыарқа» тобы, әлеуметтік бейімделу және педагогикалық түзету кафедрасының аға оқытушысы Жусупбекова З.Д. басшылығымен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен «Дефектология» мамандығы бойынша студенттердің V-ші Республикалық пәндік олимпиадасында 1 орынға ие болды

Наурыз
2013 ж.

Құрамы «Педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша Таштаева Б., Сатжанова Г., Рамазан П. студенттерінен тұратын «Мейірім» тобы, педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы Абилов Д.К. басшылығымен Павлодар мемлекеттік педагоикалық университетінде өткен «педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша студенттердің I-ші Республикалық пәндік олимпиадасында 3 орынға ие болды

Наурыз
2013 ж.

Қарағанды облысының білім Басқармасы, Қарағанды облысының бала құқығын қорғау Департаментімен бірлесіп ««Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асырудың өзекті мәселелері Қазақстан Республикасының қазіргі қоғамында адамгершілік-құндылық ретінде» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция

29 наурыз
2013 ж.

ДФ-23 тобының студенттері (куратор әлеуметтік бейімделу және педагогикалық түзету кафедрасының аға оқытушысы Олексюк З.Я.) «Үздік студенттік топ» байқауына қатысып «Ең шығармашыл топ» номинациясын иеленді

Наурыз
2013 ж.

Құрамы «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша Сагадатова А., Байсалова Н., Кадырхан Н. студенттерінен тұратын «Достық» тобы педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті Джамалиева Г.Ж. басшылығымен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де өткен «Әлеуметтік жұмыс» бойынша студенттердің V-ші Республикалық пәндік олимпиадасының 1 орын иегерлері болды

Сәуір
2013 ж.

МТЖ-11 тобының студенті Бекарыс «Жастар әуені – 2013» университеттік байқауында Гран-При иегері болды

Сәуір
2013 ж.

МТЖ-11 тобының студенті Бекарыс «Жас ұлан – 2013» әскери-патриоттық әндер университеттік байқауында Гран-При иегері

Сәуір
2013 ж.

Факультеттің «Многоточие» КТК командасы «Ел ертеңі – жастар» байқауында 1 орынға ие болды

Сәуір
2013 ж.

«Инклюзивті білім беру: мәселелер, енгізу тәжірибесі, беталысы» тақырыбында түзету педагогикасы ғылыми-тәжірибелік ұлттық орталықтың өкілдерімен дөңгелек үстел

26 сәуір
2013 ж.

Факультет студенттері Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне «Бірлікті берік сақтау, күш біріктіру!» арналған халықтық шығармашылық Фестивалінде «Ең көрнекті қойылымдар» номинациясы бойынша жеңіске жетті

Сәуір
2013 ж.

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Құрметті,
Талапкер – 201
7!
Сіздерді
академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің
Педагогикалық факультетіне шақырамыз
!

Құрметті достар!

Қазіргі таңда факультетте Қазақстаннның тәжірибелі және ғылыми даму перспективаларына бағытталған сапалы оқу процесінде сапалы білім беру үшін барлық жағдайлар жасалуда. Біздің факультеттің дипломы – сәттіліктің белгісі. Факультет түлектері ғылымда, мемлекеттік қызметте, білім беру саласында көрнекі орын алуда.
Озық білім беру технологиялары, инновациялық оқу курстары, кең халықаралық байланыстар әртүрлі деңгейдегі жоғары білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік туғызады.
Сапалы білім алуға ұмтылған талапкер педагогикалық факультетінің бір мамандығын таңдауға мүмкіндігі бар. Мектеп бітірген түлектер үшін біз бакалавриаттың күндізгі бөлімін ұсынамыз, кейін әртүрлі бағыттағы магистратурада білім алуды ұсынамыз. Колледж бітірген түлектерге – күндізгі қысқартылған және сырттай бөлімдер бар. Екінші жоғарғы білім алатындарға сырттай бөлім бар.
Факультетте білім беру және ғылыми қызметтерді 4 кафедра іске асырады және инклюзивті білім берудің оқу-ғылыми орталығы қызмет етеді. Факультетте болашақ бастауыш білім беру мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйым басшылары, тәрбиешілер, дефектолог-мұғалімдер, логопедттер, әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік педагогтар оқып, ғылыммен айналысып, тәжірибеден өтеді, белсенді студенттік өмірге қатысады. Келесі мамандықтар бойынша бакалавриат пен магистратура мамандары даярланады:
5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 5В010300 – Педагогика және психология, 5В010500 – Дефектология, 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу, 5В042100 – Дизайн.
Біздің түлектер сөйлеуінде кемшіліктері бар, әртүрлі ауытқулары бар сәбилермен, балалармен жұмыс жасауға үнемі дайын яғни, бүгін күні факультет баланы өмірдің маңызды – туғаннан және орта мектепке барғанға дейінгі кезеңдерінде жетелеу үшін қажетті мамандарды даярлайды.
Дәріс оқу үшін жетекші ресей, шетелдік ғалымдар шақыртылады.
Факультеттің маңызды ерекшелігі мұнда сауатты, белсенді, шығармашыл студенттердің білім алуында. Олардың іс-әрекеттерін республикалық және университеттік деңгейдегі байқауларда жүлделі орындар алуға профессорлық-оқытушылар құрамы бағыттайды.
Құрметті талапкерлер, өзгермелі әлемде бәрі де өткінші, материалдық құндылықтар құнсызданады, сәтті адам өз байлығын жоғалтуы мүмкін, бірақ адамдарға әр кезде тәрбиешінің жылы алақаны, алғаш ұстазының ақылы, әлеуметтік қызметкердің көмегі, логопед-мұғалімінің жан жылуы әр кезде қажет. Ал бұл осы мамандықтардың кажеттілігінің белгісін білдіреді.
Егер сіз академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алғыларыңыз келсе – педагогикалық факультет – ұтымды таңдау! Біз сіздердің қызығушылықтарыңызға сәйкес келуге тырысамыз және білім алуларыңызға сәттілік тілейміз.
Педагогикалық факультет деканы, доцент, философия ғылымдарының кандидаты М.М. Иманбеков

Педагогикалық факультеті инновациялық педагогикалық технологияларды апробациялау және өңдеу бойынша зертхана болып табылады. Факультет оқытушылары мен студенттері педагогикалық процеспен айналысып, өзін-өзі жетілдіруге талпыныстарымен ерекшеленеді.
Факультет өзінің көп жылғы тарихында аймақтың қыжеттіліктеріне жауап беретін 5000 астам бастауыш мектеп мұғалімдерін, жоғары оқу орны, колледж оқытушыларын, мектепке дейінгі ұйым әдіскерлерін, тәрбиешілерін, практикалық психологтарды, логопедтер мен дефектологтарды, әлеуметтік жұмыскерлер мен әлеуметтік педагог-психологтарды, мәдени-тынығу қызметкерлерін дарялаған.
Факультет ұжымы педагогикалық кадрларды даярлаудың жаңа, инновациялық формаларын табысты енгізу үстінде. Факультет педагогика және психология, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бойынша республикалық студенттік олимпиада өткізуге ынталанады; мақсаты біріккен Еуропалық жоба ТЕМПУС «Профессионализация образования в социальной сфере» жүзеге асыруда бағыты бойынша Халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс бастады; Еврошкола (Вольфен, Германия) және әлеуметтік агентство «СОЦИУС» (Берлин, Германия) бірлесе Халықаралық жоба «Внедрение системного ухода за одинокими пожилыми и престарелыми» жүзеге асырылуда.
Педагогикалық факультет бүгінгі күні – бұл:

  • мыңнан астам студент;
  • 70 астам оқытушылар, оның ішінде 10 ғылым докторы, 35 ғылым кандидаты, 25 магистрант;
  • 7 бакалавриат және 6 магистратура бойынша мамандықтар;
  • 4 кафедр;
  • электронды тасымалдаушылардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің өте бай кітапхана қоры;
  • замануи материалды-техникалық база.

Педагогикалық факультетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде, күндізгі және сырттай оқыту формалары бойынша, төмендегідей мамандықтар бойынша даярланады.
5В010700 Бейнелеу өнері және сызу
Түлектерге 5В010700 сызу мамандығы бойынша «Білім беру бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
Білім алу барысында бейнелеу өнерімен сызуды оқыту әдістемелерімен, өнер теориясы мен тарихына, сурет, кескіндеме, композиция, мүсін және пластикалық анатомия, сәндік-қолданбалы өнер, көркем безендіру және жобалау негіздері, станоктық кітап және қолданбалы графика, кіші сәндік пластика, қыш, тоқу, халық кәсіпшілігі, киімді көркем үлгілеу, сызба геометрия және сызу пәндері бойынша арнайы дайындыққа көңіл бөлінеді.
Мамандықтың түлегі орта жалпы білім беру мектептерінде гимназияларда, лицейлерде, колледждерде мұғалім; мектептен тыс білім беру мекемелерінде оқытушы; білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастырушы; бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер бойынша әдіскер; балалардың көркем шығармашылығын ұйымдастырушы; балалар көркем студияларында, жастар бірлестіктерінде сәндік-қолданбалы өнер үйірмелерінің жетекшісі болып қызмет жасай алады.
5В042100 Дизайн
Түлектерге 5В042100 Дизайн мамандығы бойынша «Өнер бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
Оқыту барысында графикалық және сәулетттік дизайн маманданулары бойынша жалпы көркемдік графикалық және сәулетттік-жобалау дайындықтарына үлкен көңіл бөлінеді. Барлық мамандану бойынша жобалаудың дәстүрлі түрлерімен қоса Corel Draw, Adobe Photoshop, Adobe IIIustrator, 3-D Max, AutoCad бағдарламаларының графикалық пакеттерінің көмегімен заманауи компьютерлік жобалау әдістері және замануи кәсіби дизайнерге қажетті фотография, типографика т.б. пәндер меңгеріледі. Түлектер алған мамандықтары бойынша сәулет және аймақтарға құрылыстар салудың қалалық және аудандық қызметтері; сәулеттік, жарнамалық фирмалар, агенттіктер; полиграфиялық кәсіпорындар; сәулеттік жобалау фирмалары; жобалау шеберханалары, галереялық және көрмелік кешендер сияқты мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындарда маман ретінде; орта және орта-арнайы білім беру мекемелерінде оқытушылық қызметпен; жеке жобалау қызметтерімен айналысуыларына болады.
5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Мамандық түлектері төмендегідей қызметтер атқарады: мектепке дейінгі ұйымдарда – тәрбиеші, әдіскер, меңгеруші; педагогикалық колледждерде, лицейлерде және гимназияларда психологиялық–педагогикалық пәндердің оқытушысы; жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда – мектепалды даярлық мұғалімі; білім беру бөлімдері мен Басқармасында – әдіскер, жетекші маман; педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарылату Институтында – мектепке дейінгі тәрбие маманы.
5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Мамандық түлектері төмендегідей қызметтер атқарады: жалпы білім беретін мектептерде, шағын комплектілі мектептерде, гимназия мен лицейлерде бастауыш сынып мұғалімі; орта кәсіби оқыту мекемелерінде педагогикалық профильдегі пәндердің оқытушысы; білім беру басқармасы бөлімдері және мектептен тыс тәрбие-білім беру мекемелері әдіскері.
5В010300 – Педагогика және психология
Мамандық түлектері төмендегідей қызметтер атқарады: педагогикалық колледжде және басқа да орта кәсіптік оқу мекемелерінде педагогика және психология оқытушысы; білім беру мекемесі, орта жалпы білім беретін мектептерде, мектеп интернаттарында, гимназия мен лицейлерде, мектептен тыс тәрбие-білім беру мекемелері әдіскері; кәсіптік ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкері.
5В010500 – Дефектология
Мамандық түлектері төмендегі қызметтерді атқарады: олигофренопедагог, қосымша мектептің бастауыш, орта, жоғары сынып мұғалімі; сурдопедагог, есту қабілеті нашар балаларға арналған мектептің бастауыш сынып мұғалімі, мектепке дейінгі және мектептік ұйым логопеді; тифлопедагог, көру қабілеті нашар балаларға арналған мектептің бастауыш сынып мұғалімі; түзете-дамыта оқыту мұғалімі, психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған мектептің бастауыш сынып мұғалімі; жалпы білім беретін мектептерде түзете оқыту мұғалімі; интеллектісі, көру, есту мүшелері зақымдалған балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі мекеме педагогі; ерте алд ын-алу маманы.
Барлық мамандықтар бойынша оқыту кредиттік технология негізінде жүзеге асырылады. Бакалавр дипломына иеленген студент әрі қарай 6M010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6M010200- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 6M010300 – Педагогика және психология, 6M090500 – Әлеуемттік жұмыс, 6M010500 – Дефектология, 6М012300 – Педагогика және өзін-өзі тану мамандықтары бойынша магистратураға түсуге болады.
Өзге қалалық студенттерге жатақхана ұсынылады. Оқу ғимаратында студенттердің асханасы бар. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері үшін жақсы демалуға және барлық спорт түрлерімен айналысуға толық жағдай жасалған. Біздің студенттерімізге студенттік поликлинка мен профилактория және сонымен қатар тұрмыстық комплекс қызмет көрсетеді. Университеттің спорткомплекс, стадион, спортзал және студенттер Сарайы, тау шаңғысы базасы бар. Жазғы демалыстарында студенттер Топар суқоймаларының жағалауындағы спорттық сауықтыру лагерлерінде, Қарқаралы, Балхаш зоналарында демалуға болады.

2016-2017 оқу жылы талапкердің коммерциялық негізде оқу ақысының баға көрсеткіштері

Шифр

Мамандық атауы

Құны, теңге

Күндізгі толық оқу формалары

Сырттай қысқартылған
оқу формасы

5В042100 Дизайн 371 800 тенге 198 000 тенге
5В010700 Бейнелеу өнері және сызу 443 300 тенге 198 000 тенге
5В010500 Дефектология 443 300 тенге 198 000 тенге
5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 443 300 тенге 198 000 тенге
5В010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі 443 300 тенге 198 000 тенге
5В010300 Педагогика және психология 443 300 тенге 198 000 тенге

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛЕСТІК

Халықаралық ынтымақтастық

Педагогикалық факультетінің инновациялық қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі болып инновациялық саясат табылады. Аталмыш саясаттың басты міндеттерінің бірі: мамандар даярлауда шетел тәжірибелерін енгізу, тәжірибелермен алмасу, оқытушылар, магистранттар және студенттер үшін академиялық ұтқырлық үшін жағдай жасау, ғылыми байланыстарды кеңейту.

Осындай міндеттерді шешуде факультет пен кафедралардың алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарымен, орталықтарымен, ғылыми ұйымдарымен тұрақты ғылыми байланыстар орнату басты орынға ие. Қазіргі уақытта факультетте білім және ғылым салалары бойынша әр түрлі шетел жоғары оқу орындарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық бойынша бірнеше келісім-шарттар бар.

Осы келісім-шарттардың шеңберінде педагогикалық факультетінің оқытушылары, магистранттары мен студенттері жыл сайын ғылыми тағылымнан өтіп, өздерінің білімдерін шетел ғылымы мен практикасындағы жетістіктерімен толықтырып отырады. Осымен қатар, профессорлық-оқытушылар құрамының шетелге шығуының тиімділігі тек оқытушылардың біліктіліктерін жоғарылатуға мүмкіндік алып қана қоймай, олар кафедра, факультет және университет деңгейінде өз тәжірибелерімен бөлісуге, жаңа курстар өңдеуге, ғылыми қызығушылықтарын белсендіру мен дамытуға мүмкіндік алады.

Соңғы уақытта Германия, Чехия, Словакия, Ресейден әлеуметтік жұмыс, психология, педагогика облыстары бойынша шетелдің жетекші мамандарының дәріс оқуы практикаға кеңінен ене бастады. Дәріс тақырыптары ғылым мен практиканың көкейкесті бағыттарымен байланысты.

2009 жылы психология ғылымдарының докторы Н.Б.Михайлованың (Германия) «Психологистика және әлеуметтік психология»; философия ғылымдарының докторы, профессор А.В.Медведевтің (Ресей) «Мәдениет тарихы мен теориясының қазіргі мәселелері»; в 2010 жылы PhD докторы Michal Nedelkaның (Чехия) «Болон процесімен: біргеміз және қарсымыз»; 2012 жылы PhD докторы Ян Данектың (Словакия) «Педагогика» курстары бойынша дәрістері өткізілді. Академиялық ұтқырлықтың осы формасы оқытушылардың, магистранттар мен студенттердің көпшілігін психологиялық-педагогикалық ғылым мен практиканың қазіргі тенденциялары мен таныстыру үшін анағұрлым тиімдірек болады.

Халықаралық ынтымақтастықтың келісім-шарттары: Interkulturelle Weiterbildungsgesellschaft e.V. (Германия, Дюссельдорф қ.), Карлов университеті (Чехия, Прага қ.), Әулие Кирилл және Мефодий университеті (Словакия, Трнава қ.), Central European Education Institute (Славакия, Братислав қ.), К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университеті, (Ресей, Мәскеу қ.), Вятск мемлекеттік гуманитарлық университетімен (Ресей, Киров қ,) және т.б.

Халықаралық ынтымақтастықтың маңызды формасы болып білім алушылар мен оқытушылардың төмендегі мемлекеттерден өткен ғылыми тағылымдары табылады: Istituto di Psicologia Analitica Esistenziale di Ascoli Piceno (Италия), Charles university in Prague (Чехия), И.Кант атындағы Балтық федералды университеті (Ресей), Адам Мицкевич атындағы Университет (Польша), Отто фон Геринс атындағы университет (Германия), Александр Иоан Куз университеті (Румыния) және т.б.

Факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы тақырыбы ғылыми практикалық зерттеулердің әр түрлі аспектілерінен тұратын TEMPUS халықаралық гранттық бағдарламаны жүзеге асыруға белсенді қатысады. Атап өтсек: Ресей, Украина және Қазақстанда көшіп қонушылармен жұмыс үшін әлеуметтік психология бойынша екі деңгейлік (лицензиат-магистратура) жүйе; Орталық Азия елдерінде білім беруді басқару және педагогика бойынша оқыту бағдарламаларын дамыту мен модернизациялау; жоғары оқу орнында Орталық-Азиалық кеңістігін құру.

Аталған жобалар шеңберінде факультет ғалымдары жақын (Ресей, Украина, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, үрікменстан және т.б.) және алыс (Италия, Испания, Швеция, Словения, Бельгия, Австрия, Болгария, Франция, Греция, Румыния, Великобритания, Германия, Ирландия және т.б.) шетел ғалымдарымен тәжірибе алмасып, тығыз байланысты жүзеге асыруда.

Халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың құрамды бөлігі болып факультет ғалымдарының ғылыми зерттеу нәтижелерін шетелдің жоғары рейтингілік ғылыми журналдарында және шетел ғалымдарының университет және факультеттің ғылыми басылымдарында жарық көрген жарияланымдары табылады. Факультет ғалымдары Германия, Чехия, Словакия, Польша, Болгария, Ресей, АҚШ, Қытай, Украина және т.б. елдерде жарияланады. Өз кезегінде пікірлермен ғылыми айырбастың маңызды алаңы болып «Қарағанды мемлекеттік университетінің Хабаршысы. Педагогика сериясы» ғылыми журналы және «Заманауи білім беру» ғылыми журналы қызмет атқарады. Мұнда Словакия, Ресей, Франция, Украина, Румыния, Венгрия, Польша, Германия, Өзбекстан, Монғолия, Қытай және т.б. елдердің ғалымдары өз мақалаларын жариялайды.

Сонымен, педагогикалық факультетінде профессорлық оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер өздерінің ғылыми қызығушылықтарын жүзеге асыруға көмектесетін тиімді халықаралық ынтымақтастық үшін барлық жағдайлар жасалған.

Факультеттің шетелдік серіктестері

  • Гренобль Академиясы /Франция/
  • Қайырымдылық Милан католик университеті /Италия/
  • Александр Иоанн Куз Университеті /Румыния/
  • Биттерфельт Евромектебі /Германия/
  • Карлов университеті /Чехия/
  • Әулие Климент Охридский атындағы София мемлекеттік университеті /Болгария/
  • Жаратылыстану Ресей Академиясы (ЖРА) /Ресей/
  • Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университеті /Ресей/
  • Ресей мемлекеттік әлеуметтік университеті /Ресей/
  • И.Кант атындағы Ресей мемлекеттік университеті /Ресей/
  • Вятск мемлекетік гуманитарлық университеті /Ресей/
  • Омск мемлекеттік педагогикалық университеті /Ресей/
  • Томск мемлекеттік университеті /Ресей/
  • Кузбас мемлекеттік педагогикалық академиясы /Ресей/

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАР

Педагогикалық факультетінің ғылыми бағыты

Педагогикалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу іс-әрекеті «Үздіксіз білім беру жүйесіне мамандарды кәсіби даярлаудың ғылыми негіздерімен технологияларын жасау» проблемасы бойынша ғылыми бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған.

Осыған орай, факультет кафедраларының ғылыми зерттеулері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті дамуының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарымен, 2013-2020 жылдарға арналған фундаменталды зерттеулердің негізгі тапсырмаларымен көрсеткіштері Бағдарламасында айқындалады.

Педагогикалық факультеті TEMPUS Халықаралық 2 жобасына қатысып келе жатыр. Олар «ЕDUСА Орталық Азия елдерінде білім беру менеджменті бойнша оқу бағдарламаларын жасау және дамыту» (Германия), TEMPUS-IV (LTMS) (LMPSMN-516721-TEMPUS-1-2011-1-RO-TEMPUS-JPCR) «Әлеуметтік психология бойынша лицензиатты дайындау» (Румыния, Франция).

Ғылыми-зерттеу іс-әрекеті бойынша тәжірибе алмасу мақсатында факультетте Алыс және Таяу Шетелдер мен халықаралық ынтымақтастық орнатылған. Олар арасында: Interkulturelle Weiterbildungsgesellschaft e.V.(Германия, Дюссельдорф), Карлов университетімен (Чехия, Прага), Мәскеу технология және басқару мемлекеттік университетімен(Россия, Мәскеу), Вятский мемлекеттік гуманитарлық университетімен (Россия, Киров), И. Кант атындағы Балтық федеральды университетімен (Россия, Калининград), және Омбы мемлекеттік университетімен(Россия, Омск), тығыз қарым-қатынастар жасалуда.

Факультеттің CMFA іс-әрекеті маңызды орынға ие. Магистранттар мен студенттер факультеттің ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне белсенді қатысуда. Олардың іс-әрекеттері психология-педагогика ғылымы дамуының түрлі аспектілерін қамтиды.

Бұл бағытта, магистранттармен студенттердің ғылыми-зерттеу іс әрекеттерін тиімді ұйымдастыру мақсатында, шетелдік ғалымдарды шақыру арқылы, жалпы психология және педагогика, әлеуметтік және арнайы педагогика, бойынша қонақ дәрістер оқылады.

Факультеттің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жетістіктері, түрлі ғылыми басылымдарда, ҚР БжҒМ БҒСҚК тарапынан ұсынылған ғылыми журналдарда, инпакт-факторға ие болған шетелдік ғылыми журналдарда және түрлі деңгейлердегі өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларда жарияланады.

ФАКУЛЬТЕТТЕРДІҢ ЖЕТЕКШІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ДӘРІСТЕРІ

«Дефектология» мамандығы бойынша
шетелдік және отандық университеттерде оқуға әлеуметтік бейімдеу және педагогикалық
түзету кафедрасының оқытушылары ұсынған академиялық дәріс курстары

 

Оқытушылардың

аты-жөні

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

Дәріс курстарының тақырыбы

 

Сағаттар саны

 

Тілі

1

Тебенова К.С.

М.ғ.д, профессор

Age physiology and school hygiene

15 сағат

Ағылшын

2

Дахбай Б.

М.ғ.д, профессор

Основы дефектологии

15 сағат

Орыс

3

Ахметова Н.Ш.

М.ғ.к., профессор

Anatomy, physiology, pathology of the organs of hearing and vision and speech Illnesses of sensorys

15 сағат

Ағылшын

4

Боброва В.В.

П.ғ.к., доцент

Correctional rhythm and logomassage

15 сағат

Ағылшын

ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫС

Тәрбие жұмысы

Факультеттегі тәрбие жұмысының әр-түрлі бағыты:

  • азаматтық-патриоттық,
  • қоғамдық-саяси және құқықтық,
  • рухани-адамгершілік,
  • эстетикалық,
  • полимәдениетті,
  • интеллектуалды-шығармашылық,

салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру.

Факультетте жүргізілетін тәрбие жұмысы студенттердің ортада табысты түрде әлеуметтік бейімделуін, әлеуметтік ортада өзінің қабілеттерін жүзеге асыруды қалыптастыруды, азаматтық-патриоттық ұсатанымның болуын, рухани-адамгершілік интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеуді, мәдени мұраны оқып білуге баулуды, қазақтың салт-дәстүрін сыйлауды мақсат етеді.

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін әралуан формалар мен жұмыстар жүргізіледі: танымал шығармашыл интеллигенция өкілдерімен кездесу, қазақ халқының ұлы тұлғаларына арналған шығармашылық кештер, саяси, әлеуметтік, экономикалық, тілдік дебаттық турнирлер, тақырыптық интеллектуалдық конкурстар, өзін-өзі басқару күндері, флеш-моб, студенттерді күнделікті дене тәрбие сабақтарына, спортпен айналысуға тарту, ЖИТС, арақ, темекі мәселелеріне байланысты диалог орнату.

Бұлардың барлығы студенттердің бойына патриоттық сезімді,отбасына деген жауапкершілікпен мақтанышты, корпоративті рух пен мәдениеттілікті қалыптастырып, студенттердің шығармашылық потенциалын дамытады, салауатты өмір салтын насихаттайды.

Тәрбие жұмысының жоспарланған дәйекті нәтижелері болып факультет студенттерінің интеллектуалды, шығармашылық конкурстарда, спорттық сайыстарда, тапқырлар клубында «Көп нүкте», пән олимпиадаларында, республикалық, университеттік, аймақтық конкурстарда «Жыл студенті – 2014», «Жыл ораторы», «Жас сұңқар» (Гран-при, 2012ж), «Жас Талап» (Гран-при, 2013ж, Диплом 1 дәрежелі 2014ж.), «Студенттерге бағыштау» (2 орын, 2014ж.,), «Мистер Университет» (Гран-при 2014ж.,), халық шығармашылығы фестивальі «Бірлікті нығайта отырып – күшке ие боламыз!», Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған (номинациялар «Ерекше әзірленген ұлттық тағам», «Ең жарқын ұлттық колорит» 2012ж, 2013 ж.), студенттердің 7 – ші қысқы Азия ойындарыныңы ашылу салтанатының жоспарлы дайындығына қатысуы (қараша 2010ж.), «Сары-арқа» әуежайында Азияда алауын қарсы алу кешіне қатысулары (қаңтар 2011ж.), жастар спорт кешенінде өткен «Мәңгілік ел» атты облыстық студенттердің патриоттық акцияға қатысулары.

«Таңшолпан» балалар үйінде өткен «Простоквашинодағы жаңа-жыл» тақырыбындағы ертеңгілік

Отбасы үлгісіндегі «Таңшолпан» балалар үйіне материалдық көмек

Қарттар күніне арналған «Любовь – источник вдохновения!» атты кеш

Мерекелік концерт «Арулар-асыл жандар»

Фестиваль «Бірлікті нығайта отырып – күшке ие боламыз!»

Фестиваль «Бірлікті нығайта отырып – күшке ие боламыз!»

Конкурс «Студенттерге бағыштау – 2012 ж»

Конкурс «Студенттерге бағыштау – 2013 ж.»

Жеңімпаздарды марапаттау

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Педагогикалық факультетінің деканаты:

Мекенжайы: Қарағанды қ., Мұқанов көшесі 1, №10 ғимарат, №301 кабинет

Телефон: 77-04-33

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы:

Мекенжайы: Қарағанды қ., Мұқанов көшесі 1, №10 ғимарат, №204 кабинет

Телефон: 77-03-70

Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық теориясы мен әдістемесі кафедрасы:

Мекенжайы: Қарағанды қ., Мұқанов көшесі 1, №10 ғимарат, №202 кабинет

Телефон: 77-03-70

Әлеуметтік жұмыс және педагогика кафедрасы:

Мекенжайы: Қарағанды қ., Мұқанов көшесі 1, №10 ғимарат, №303 кабинет

Телефон: 77-04-30

Әлеуметтік бейімдеу және педагогикалық түзету кафедрасы:

Мекенжайы: Қарағанды қ., Мұқанов көшесі 1, №10 ғимарат, №304 кабинет

Телефон: 77-04-30

 

Top