Дене шынықтыру және спорт

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Рамашов Нурманбек Рамашович ,
ДМжС факультетінің деканы,п.ғ.к., профессор ҚарМУ

Дене тәрбиесі және спорт факультеті екі мамандық бойынша кадрлар дайындайды:

  • «Спорт түрлерінен жаттықтырушы және дене тәрбиесі мұғалімі » мамандығы 5В010800 – «Дене тәрбиесі және спорт ». Бұл мамандыққа бірінші студенттерді қабылдау, 1959 жылы Қарағанды педагогикалық институты жанынан іске асырылды. 1964 жылы бірінші түлектер шықты.
  • Мамандық 5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық » со специализацией «Алғашқы әскери дайындықты ұйымдастыру мұғалімі». 1981 жылдан бастап Қазақстанда бірінші рет Қарағанды педагогикалық институты базасында «Алғашқы әскери және дене дайындығы» мамандығы бойынша кадрлар дайындау іске асырылды

Факультеттің миссиясы
студенттерге жоғары мәдени- рухани және эстетикалық тәрбиені дамыту,қалыптастыру және ең бастысы Отан алдындағы борышын өтеуге талпындыру, патриотизмдік сана сезімдерін нығайту.

Көптеген бірінші түлектер институтты аяқтағаннан кейін спорт саласында жұмыс істеп, жоғары білікті спортшылар дайындауда үлкен еңбек сіңірді. КСРО еңбегі сіңген жаттықтырушы А.Д.Иванов 2 дүркін Олимпиада чемпионыВ.Т.Муравьевті тәрбиеледі. З.Е.Есмагамбетов –облыстық спорт комитетінің төрағасы; В.К. Станога – облыстық баскетбол құрамсын жаттықтырушы; К.Кенжебаев . – ДСО «Кайрат» төрағасы; В.И.Лепеха – А.Молдагулова атындағы спорт интернатының оқу ісі меңгерушісі.

Бірінші түлектердің ішінен, біздің университетімізде жұмыс істегендер және жұмыс істеп жүргендерде бар: Есмагамбетов З.Е. – профессор, Гаврилова Н.Н. – дене тәрбиесі кафедрасының доценті физвоспитания, Жулин А.Н. – ҚарМУФСО төрағасы, Карманова Г.Ж. – спорттық ойындар және цикльді ойын түрлері кафедрасының аға оқытушысы .

Қазіргі күні факультет түлектері Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында дене тәрбиесі және спорт мекемелерінде жұмыс істеуде.

ТАРИХЫ

Елуінші жылдардың аяғында Қазақстан Республикасында жоғары білімді дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша мамандардың жетіспеушілігі болды- ауылдық жерлерде мамандар 12-14 % құрады, қалаларда 25-28%. Осыны есепке ала отырып 1959 жылы Қарағанды педагогикалық институтының биология факультетінің жанынан дене тәрбиесі бөлімі ашылды, 1964 жылы дене тәрбиесі факультетінің студенттері саны өсті.

Бірінші студенттердің жинағында, негізінен Республиканың және облыстың құрама командасына енген жоғары дәрежедегі спортшылардың болғанын айта кеткен жөн.Олардың ішінде ұзындықтан секіруден ҚР рекордшысы А.А.Рогачев,сырықпен секіруден ҚР спортакиада чемпионы А.Д.Иванов,Қазақстан чемпионы спорт шеберлері Есмагамбетов З.Е., Лепеха В.И., Редник Б.И., Кенжебаев Е., Еланских В.И., Белавина Р.Б

1964 жылы дене тәрбиесі бөлімінен бірінші түлектер шықты.

1981 жылы Қазақстанда бірінші «Алғашқы әскери дайындық» мамандық бойынша кадрлар дайындау іске асты.

1982 жылы Қарағанды педагогикалық институт базасында Алғашқы әскери дайындық факультеті ашылды (АӘД), оның бірінші деканы аға оқытушы А.Г.Клюкин болды.АӘД факультетінің деканы болып доцент, к.м.н.А.П.Талалуев (1983-1987ж.ж), К.Н.Менлибаев (1988-1992ж.ж) жұмыс істеді.

Дене тәрбиесі және спорт факультетінде әр жылдары Олимпиадалық ойындарға қатысушылар, Әлем Чемпионатының,Европаның,Азия мен КСРО ның жүлдегерлері мен жеңімпаздары оқыды: жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Зайцев Ю.,Олимпиада ойынына қатысушы жүзуден Абоимов В., Гаврилов А., Савицкий А., Егоров А., Борисенко С.,велосипед спортына қатысқандар Степаненко А., Василенко А., бокстан Топаев А., Абубакиров Е., Мунайтбасов К., по гребле Нурмагамбетов К., еркін күрестен Әлем және Европа чемпионы Абдулмуслимов М., бокстан Европа Чемпионы Нурказов С., Есжанов Б., Европа және Азия пауэрлифтинг ойынының Әлем Чепиондары Сивоконь А., Гарник М., жеңіл атлетикадан Хамяляйнен Э., еркін күрестен Жапаров А., греко-римше күрестен Нуров А., еркін күрестен КСРО Жүлдегері және Чемпиондары Гальвас В., Мьщик А., Жаксыбеков С., Мусабеков А., кикбоксингтен Әлем Чемпионы Папу Г., бокстанан Олимпиада жүлдегері Головкин Г., жеңіл атлетикадан Карпов Д. Осылардың ішінде көптеген спортшылар спорттың әр түрлерінен Қазақстанның құрама командаларның мүшелері болды . олардың ішінде КСРО спорт шебері: Есмагамбетов З.Е. – еркін күрес; Лепеха В.И., Резник Б.И., Кенжебаев К., Еланских В.И. – классикалық күрес; Белавина Ю.Б. – гимнастика; Рогачев А.А. – жеңіл атлетика .

Қазақстанның құрама командасының құрамында бірінші разрядты спортшылар да болды: Сурнаев М. – лыжы спорты; Валиева Г.Ж. (бұрынғы тегі ныне Карманова) – суға секіру ; Августыняк С.И., Августыняк Г.И. – волейбол (қыз.); Бреус Н.Н. (бұрынғы тегі Гаврилова Н.Н.), Станога В.К., Поппель Б.В. – баскетбол; Иманбаев Е. –еркін күрес ; Булибин В.Я., Асайнов У.Ш. – классикалық күрес ; Кутеров Н.В. –жүзу ; Рогачев В.И. – волейбол (ер.); Шабанов К. –жеңіл атлетика .

ФОТОГАЛЕРЕЯ


4 летняя Олимпиада по казахша курес


выпусники факультета ФКиС


Открытие зимней Оимпиады среди ППС факультетов университета.jpg


Соревнование среди ППС


Хавдал Кабанбай студент 3 курса факультета, МС по дзю-до


Хавдал Кабанбай студент 3 курса факультета ФКиС,МС по дзю-до


Хавдал Кабанбай студент 3 курс факультета ФКиС МС по дзю-до


Чемпион ХХХ-летних олимпийских игр в Лондоне,выпускник 2007г.С.Сапиев и декан фак ФКиС Рамашов Н.Р.


Чемпион ХХХ-летних олимпийских игр в Лондоне,выпускник 2007г.С.Сапиев и рукаводства КарГу

Разное


Выпускник КарГУ Андрей Самохин Мастер спорта международного класса, серебрянный призер чемпиона Азии, участник Олимпийских Игр

4 летняя Олимпиада по казахша курес

Двухкратный чемпион мира по боксу, выпускник 2007г. С.Сапиев и декан факультета ФКиС Рамашов Н.Р.

Открытие зимней Олимпиады среди ППС факультетов университета

Bыпусники факультета ФКиС

Двухкратный чемпион мира по боксу Серик Сапиев и руководство КарГУ

Жусупов Маргулан студент ФКиС 31 Мастер спорта по вольной борьбе

ЖЫЛДЫҚ ОҚИҒАЛАР

Дене мәдениеті мен спорт факультетінің 2013-2014 жылға ісшара жоспары

  1. қаңтар – Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ПОҚ және Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың қызметкерлері арасындағы дәстүрлі факультетаралық «Саулық пен сергектік» спартакиадасы;
  2. қаңтар-ақпан – ДМжС факультеті студенттерінің жеңіл атлетикадан ҚР Чемпионатына қатысуы; факультет ПОҚ-ының қысқы Біріншілікке және жеңіл атлетикадан ҚР Чемпионатына төрешілікке қатысуы;
  3. Ақпан –ДМжС факультеті ПОҚ-ының студент жастар арасындағы облыс Әкімі жүлдесі үшін қазақша күрестен жарыс ұйымдастыруы, өткізуі;
  4. ақпан-наурыз – факультетаралық «Салауатты өмір салты» студенттік спартакиадасы;
  5. наурыз – студент жастар арасындағы жеңіл атлетикадан облыс Әкімі жүлдесі үшін жарысқа қатысу;
  6. наурыз – Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша Республикалық пәндік Олимпиада өткізу
  7. наурыз – студенттер арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастыруы, өткізуі. Жауапты – Мускунов К.С.
  8. наурыз – ДТІмӘ және спорттық медицина кафедрасының Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектептері оқушылары арасында «Дене мәдениеті мен спорт» пәнінен Олимпиада өткізуі;
  9. сәуір – Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың студенттері арасында жеңіл атлетикадан дала жарысын ұйымдастыруы, өткізуі;
  10. сәуір – қазақша күрестен ҚР СШ А.Хабидолланы еске алуға арналған студент жастар арасында жарыс ұйымдастыру, өткізу;
  11. мамыр – «Бұқаралық-қорғаныс жұмысының айлығына» кіретін ісшаралар:
    • «Бұқаралық-қорғаныс жұмысының айлығының» салтанатты түрде ашылуы.
    • Әскеге шақырылуға дейін және әскер жасындағы жастар арасындағы әскери-спорттық жарыстар.
    • ДМжС факультеті студенттерінің арасында қабырға газетінің байқауы.
    • Жеңіс күні мен Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің күніне арналған БӘД факультеті 1-4 курс студенттерінің арасындағы ән мен саптық байқау
  12. мамыр – студенттердің ҰОС және Ауған соғысы ардагерлерімен кездесуі;
  13. мамыр – ДМжС факультеті студенттерінің «Индустриалдық Қарағанды» газетінің жүлдесі үшін дәстүрлі жеңіл атлетикада эстафетасына қатысуы;
  14. сәуір-маусым – Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттерінің Қазақстан Республикасының ЖОО студенттерінің арасындағы Универсиадаға келесі спорт түрлерінен қатысуы: бадминтон, жеңіл атлетика, ерлер волейболы, жүзу, бокс, еркін күрес, грек-рим, дзюдо, қазақша күрес, әйелдер футболы, үстел теннисі, жағажай волейболы, теннис;
  15. сәуір-маусым – Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ базасында Қ Р ЖОО студенттері Универсидасы бағдарламасына сәйкес үстел теннисінен жарыс;
  16. «Индустриалдық Қарағанды», «Орталық Қазақстан» газеттеріне мына тақырыпқа мақала жариялау: «50-летие специальности ФКиС в КарГУ им. Е.А. Букетова»; ; издание статьи в газете «Индустриальная Караганда», «Орталық Қазақстан» на тему: «Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ДМжС мамандығының 50 жылдығы»;
  17. қыркүйек-қазан – студенттердің ДМжС факультетін бітіруш ардагер-түлектермен кездесу ұйымдастыруы.

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Рамашов Нурманбек Рамашович ,
ДМжС факультетінің деканы,п.ғ.к., профессор ҚарМУ

ҚұрметтіТАЛАПКЕР,
Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университетінің
Дене мәдениеті және спорт факультетіне
түсуге шақырамыз

«Дене мәдениеті және спорт факультеті» Қарағанды педагогика институтының базасында 1964-жылы құрылды.

Бұл күндері дене мәдениеті және спорт факультеті дегеніміз:

  • 700-ден аса студенттер;
  • 50-ден аса оқытушылар. Оның ішінде: 3 ғылым докторлары, 16 ғылым кандидаттары, 15 ғылым магистрлері, 7 спорт шеберлері, 5 халықаралық дәрежедегі төрешілер, 3 ҚР еңбек сіңірген бапкері және 5 ҚР спортының құрметті қызметкерлері;
  • төрт маманданған кафедралар:
  • Дене мәдениеті мен спорттың ілімі және әдістемелік негіздері және спорттық медицина
  • Бастапқы әскери дайындық
  • Циклді спорт түрлері және спорттық ойындар
  • Дене тәрбиесі
  • гимнастика, күрес, бокс, спорт ойындары және жеңіл атлетика манежінен тұратын ірі оқу-жаттығу кешені;
  • «Бастапқы әскери дайындық» және «Дене мәдениеті және спорт» мамандықтары бойынша бакалавр кадрларын, сондай-ақ «Бастапқы әскери дайындық» және «Дене мәдениеті және спорт» мамандықтары бойынша магистрлерді даярлау.

Барлық мамандықтар бойынша оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Факультетте түрлі уақыттарда Олимпиада ойындарының чемпиондары, Әлем, Еуропа, Азия және КСРО-ның жеңімпаздары мен жүлдегерлері оқыды

  • ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы Зайцев Ю;
  • Олимпиада ойындарына жүзуден қатысқан Абоимов В., велосипед спортынан Степаненко А., бокстан Топаев А., Абубакиров Е., Мунайтбасов К., жүзуден Гаврилов А., Савицкий А., Егоров А., Борисенко С., ескек есуден Нурмагамбетов К., велосипед спортынан Василенко А.
  • еркін күрестен Әлем және Еуропа чемпионы Абдулмуслимов М.
  • бокстан Еуропа чемпионы Нұрқазов С., Есжанов Б.
  • пауерлифтингтен Әлем, Еуропа және Азия ойындарының чемпиондары Сивоконь А., Гарник М., жеңіл атлетикадан Хамяляйнен Э., еркіңн күрестен Жапаров А., грек-рим күресінен Нуров А. Кикбоксингтен Әлем Чемпионы Папу Г.

Бокстан олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Головкин Г.

Серік Сәпиев Лондон Олимпиадасының чемпионы

2007 жыл факультеттің түлегі

  • еркін күрестен КСРО-ның чемпиондары мен жүлдегерлері Гальвас В., Жаксыбеков С., Мусабеков А.
  • бокстан олимпиада ойындарының жүлдегері Головкин Г., жеңіл атлетикадан Карпов Д.

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары және білім беру саласының үздіктері атағын алған факультет түлектері Л. Тлеубаев (бокс), Н. Снегуров (ауыр атлетика).


жеңіл атлетикадан олимпиада ойындарының
қола жүлдегері Карпов Д.


Айдова Екатерина конькимен жүгіруші

Қазіргі уақытта факультет түлектері Қазақстан Республикасының білім беру саласы мен дене тәрбиесі мен спорт мекемелерінде еңбек етуде.

Дене мәдениеті және спорт факультеті даярлықты келесі мамандықтар бойынша іске асырады:

5В010800 – Дене мәдениеті және спорт

Бітірушіге «5В010800- Дене мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша «білім бакалавры»дәрежесі беріледі.

Студенттерді даярлау кезінде келесі жағдайлар ескеріледі:

  • дене тәрбиесі, спорттық даярлық үдерісін (дене, техникалық, тактикалық, психикалық және қызметтік) жоспарлау, қадағала және басқаруды әдістемелік тұрғыдан негіздей білу;
  • ағзаға зиян келтірмей және бейімделу механизмдерін бұзбай, жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізу, ағзаның тиімді жұмыс істеу қабілетін арттыру және қорлық мүмкіндігін жетілдіруге қол жеткізу;
  • дене тәрбиесі саласының түрлері бойынша бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру мен іске асыру біліктілігі;
  • дене тәрбиесі үдерісін бағдарламалық әдістемелік деңгейде ұйымдастыру біліктілігі.

Мамандық түлектері келесі салаларда жұмыс істей алады: дене тәрбиесі мұғалімдері және жалпы орта білім беру мектептері мен колледждерде ұйымдастырушы, дене тәрбиесінің оқытушылары, БЖСМ, ЖШСМ, спорт командалары, спорт клубтарында бапкер, өндірістік ұжымдарда, туристік-экскурсиялық мекемелерде нұсқаушы, санаторий-курорт және емдік мекемелерде емдік дене тәрбиесі бойынша маман ретінде.

050104 – Бастапқы әскери дайындық

Бітірушіге «5B010400 – Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша «білім бакалавры»дәрежесі беріледі.

Студенттерді даярлау кезінде келесі жағдайлар ескеріледі:

– Әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыру мен басқаруды іске асыру;

  • бастапқы әскери дайындық бойынша оқу үдерісін, бұқаралық-спорт іс-шаралары бойынша жұмыстарды жоспарлау мен өткізу;
  • азаматтық қорғаныс бойынша жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыруды іске асыру;
  • әскери-техникалық үйірмелерге жетекшілік етуді іске асыру.

Мамандық түлектері келесі салаларда жұмыс істей алады:

Жалпы орта білім беру мектептерінде, мектеп-интернаттарда, гимназиялар мен лицейлерде, арнайы орта білім беру мекемелерінде бастапқы әскери дайындық оқытушылары; білім берудің әкімшілік ұйымдарында; азаматтық қорғаныс және тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастырушы; қауіпсіздік қызметтерінде нұсқаушы; сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде келісім-шарттық жүйе бойынша және офицерлер құрамында әскери қызметші, Ішкі істер министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік Комитетінде және Төтенше жағдайлар Министрліктерінде қызмет.

ДМжәнеС және БӘД мамандықтары бойынша оқуға түсу кезінде тапсырылатын емтихандар:

  1. Қазақ/орыс тілі
  2. Қазақстан тарихы
  3. Шығармашылық емтихан: 1-ші «Спорт ойындары», 2-ші «Гимнастика».

Құжаттарды тапсыру мерзімі – 20 маусымнан 1 шілдеге дейін.

Шығармашылық емтихандардың тапсырылатын мерзімдері – 2-ші шілдеден 6-шы шілдеге дейін. Шығармашылық емтихандардың нәтижелері (10-нан 25 балға дейін) ҰБТ немесе КТ (Қазақстан тарихы және қазақ/орыс тілі) нәтижелерімен қосылып есептеледі. Қосарланған балдың нәтижесінде түлек ДМжәнеС және БӘД мамандықтарына оқуға түсуге құқылы.

Барлық мамандықтар бойынша оқу үдерісі несиелік технология бойынша іске асырылады.

Үздік студенттердің оқуды 6М010800 – Дене мәдениеті және спорт, 6М010400 – Бастапқы әскери дайындық мамандықтары бойынша магистратурада жалғастыруға мүмкіндік бар

  • Лицензияның мерзімі – мерзімсіз, ( Серия АА № – 0000031 03.08.2001жылдан ҚР ҒБМ № 643 бұйрығы).

Оқыту мерзімі:
күндізгі бөлім – 4 жыл;
қысқарған, сыртқы бөлім – 3 жыл, (орта-арнайы білім базасынан кейін);
қысқарған, сыртқы бөлім – 2 жыл, (жоғары білім базасынан кейін);
Сырттан келіп оқитын студенттерге жатақханадан орын беріледі. Толыққанды демалыс және спорттың барлық түрлерімен шұғылдану үшін Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттеріне барлық жағдай жасалған. Біздің университеттің студенттері үшін студенттік емхана мен прафилакторий және тұрмыс-тіршілік кешені қызмет көрсетеді. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де спорт кешені, стадион, спорт алаңдары және студенттер сарайы мен тау шаңғысы базасы жұмыс істейді.Жазғы демалыс уақыттарында студенттер Топар су қоймасында ораналасқан спорттық-сауықтыру лагерінде, Қарқаралы және Балқаш қалаларындағы демалыс үйлерінде тынығуға мүмкіндік бар.

Дене мәдениеті және спорт факультетіне оқуға түсушілер келесі құжаттарды тапсырады:

Белгіленген форма бойынша өтініш;
Орта білім жөніндегі аттестат (түп нұсқа);
БҰТ тапсырғаны туралы сертификат;
Жеке куәлік көшірмесі (немесе оның орнын алмастыратын құжат);
3х4 өлшемді 6 фотосурет;
Скоросшиватель;
2 пошта конверті;
086 -У формалы медициналық анықтама.

Өз болашағыңды ҚарМУ-мен бірге баста!

Сіздерді қызықтырушы барлық сұрақтар бойынша әр күн сайын Дене мәдениеті және спорт факультетінің деканаты мен университеттің қабылдау комиссиясына хабарласа аласыздар.

Біздің мекен жайымыз:

Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі 1,

Дене мәдениеті және спорт факультетінің деканаты кабинет №301
Телефон: 77-04-34

Кафедра ТиМФК и СМ:
Адрес: Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі 1,корпус 7, кабинет №200
Телефон: 77-03-68

Кафедра НВП:
Адрес Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі 1, корпус 7, кабинет №108
Телефон: 77-04-12

Кафедра ЦВС и СИ:
Адрес: Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі 11а, корпус 12
Телефон: 77-04-26

Кафедра Физическое воспитание
Адрес: Қарағанды қаласы, университетская 28, корпус 1
Телефон: 77-03-93 (1098)

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛЕСТІК

Мейрамов Габит Габдуллович

«Диабетогенные цинксвязывающие В-цитотоксические соединения (механизмы действия и пути предотвращения развития диабета, вызываемого ими у человека)»

Цели исследования:
1. Исследовать механизмы диабетогенного действия производных 8-оксихинолина, в том числе и образующихся в организме пожилых людей;
2. Разработать пути предотвращения диабета, вызываемого этими соединениями.

Результаты исследований опубликованы в 2004-2008 г.г. в журналах США, ФРГ, Франции, Италии, Австрии
Членами группы официально были представлены и опубликованы доклады в 2004-2008 г.г.на высокорейтинговых конгрессах диабетологов, состоявшиеся в г.г. Париже, Сан-Антонио (США), Новый Орлеан (США), Сан-Диего (США), Орландо (США), Сан-Франциско (США), Вашингтон (США), Пиза (Италия), Венеция (Италия), Монпелье (Франция), Инсбрук (Австрия), Милан (Италия)
– – – – – –
Руководитель группы Мейрамов Г.Г. прошел в 2008 г. очередную специализацию в Институте Диабета (г.Карлсбург, ФРГ), получив соответствующий сертификат
– – – – –
Совместно с Институтом Диабета (ФРГ) запланировано начало внедрения в Казахстане современного менеджмента по коррекции обменных нарушений по у больных диабетом системе “KADIS”, в настоящее время используемой в масштабе Германии, отдельный европейских странах и в ОАЭ
– – – – –


Работа в лаборатории Института Диабета (ФРГ), октябрь 2008 г. (проф. Г.Г.Мейрамов)


Руководитель Группы Мейрамов Г.Г. В Институте Диабета «Герхардт Катч» , г.Карлсбург, ФРГ; октябрь 2008 г. (седьмой визит; к 20-летию со дня первой поездки в Карлсбург)

По теме исследования начиная с 1980 г. выполнено и успешно защищено 5 кандидатских и одна докторская диссертации, одна докторская принята к защите
– – – – –
Получен 1 предпатент на изобретение (№18352, февраль 2007 г.)
– – – – –
Члены группы выезжали с научными докладами в 2008 г. по приглашению научных организаций ФРГ.
– – – –


В группе налажены все известные в мире методы гистохимического и иммуногистохимического анализа клеток поджелудочной железы

Совместно с руководством Института Диабета (ФРГ) с октября 2008 г. начинается изучение возможностей масштабного использования в РК нового менеджмента по коррекции обменных нарушений у больных диабетом с помощью современных технологий, по которому руководитель Группы прошел стажировку в Институте Диабета в 2008 г.


г.Карлсбург (ФРГ), октябрь 2008 г. Обсуждение возможностей применения в РК современной технологии ведения больных диабетом; слева направо: проф. Конерт К.-Д., д.м.н., зам. директора по науке; проф. Мейрамов Г.Г., д.м.н., Директор Института Диабета «Герхардт Катч», д.м.н. Э.Зальцигер

 

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАР

ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫС

Бекітемін

ДТ және С факультетінің деканы

Канд.пед.наук, профессор

_____________________ Н.Р.Рамашов

«_____» ____________________ 2014ж

Дене тәрбиесі және спорт факультетінің

тәрбие жұмысының жоспары. 2014-2015 оқу жылы

Қаралатын сұрақтар

Өткізілетін уақыты

Жауаптылар

  • Оқытушылар ұжымымен студенттерді қоғамдық- саясаттану және азаматтық- патриоттыққа тәрбиелеу

 

Куратор сағаты, дәрістер Қазақстан халқына Қазақстан Республикасының Президенттінің Жолдауынан. « Қазақстан жолы – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 17 қантар 2014ж
Жыл бойы ТЖ бойынша деканның орынбасары, топ кураторлары.
Факультетте Құқықтық білім күнін ІСД , прокуратура, ҰҚК департаменті, әділет департаменті, облыстық сот өкілдерінің қатысуымен ұйымдастыру. Жыл бойы Декан, кафедра меңгерушілері, кураторлар.
Факультет студенттерінің Қазақстан Республикасының халықтар тілдерінің күніне арналған байқауларға қатысуы . Қыркүйек Декан, старостылар, кураторлар.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің «Жас Сұнқар» әскери-спорттық клубының қортынды жиналысын өткізу Қазан БӘД каф.менг., клуб төрағасының орынбасары.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс шара өткізу. 15-16 желтоқсан ТЖ бойынша деканның орынбасары , кураторлар, старостылар.
Жатаханаларда студенттік кеңес, студенттік топтарда семинарлар, жиналыстар, куратор сағаттарын өткізу. Ай сайын Деканат, фак-ң ЖІК, кураторлар, старостылар.
Факультет студенттерінің парламент депутаттарының жұмысы, интелектуалды клубтардың іс шараларына қатысу. Жыл бойы Деканат, кураторлар, топ старостылары , фак-ң ЖІК , факультет кәсіподағы.
Университет, факультет ауласында, жатаханада тәртіп сақтауға көмектесетін полицияға жәрдемдесу жедел тобының мәдени-бұқаралық іс шараларын ұйымдастырып өткізу. Жыл бойы Деканат, кураторлар, топ старостылары , фак-ң ЖІК, факультет кәсіподағы.
II.Студенттерге рухани,эстетикалық, этномәдени тәрбие беру және шығармашылық потенциалдарын дамыту.
ҚарМУ мұражайына топен бару,ҚарМУ концерттерін, фильмдерін ұжыммен көруді ұйымдастыру. Жыл бойы Кураторлар, ТЖ бойынша деканның орынбасары.
Газет, журналдарға жазылу. Жыл басында Деканат, кураторлар, фак-ң ЖІК, факультет кәсіподағы.
Факультет студенттерінің «Жас талап – Молодое дарование-2014» бірінші курс студенттерінің байқауына қатысуы Қыркүйек Деканат, кураторлар, фак-ң ЖІК, факультет кәсіподағы.
«Посвящение в студенты-2014» байқауын ұйымдастыру және өткізу Қазан Деканат, кураторлар, фак-ң ЖІК, факультет кәсіподағы.
«Жас толқын-2014» Қазақстан студент жастарының Республикалық фестиваліне қатысу Қазан ТЖ брйынша деканның орынбасары , факультет САҒАсы, кураторлар, фак-ң ЖІК, факультет кәсіподағы.
«Қазақстан болашағы-жастар» студенттердің региональді фестиваліне қатысу. Қараша Деканат , факультет САҒАсы.
Шоу- бағдарламаларды жүргізушілер және жас орындаушылар «Әсем әуен-2014» байқауына қатысу Қаңтар ТЖ бойынша деканның орынбасары , старостылар, фак-ң ЖІК, факультет САҒАсы,.
«Мисс университет-2015», «Жігіттің сұлтаны мен арулар сыны-2015» байқауына факультет студенттерінің қатысуы. . Наурыз Фак-ң ЖІК, факультет кәсіподағы.
“Жас дәурен-2015”.шығармашыл жастар байқауына қатысу Сәуір Кафедра меңгерушілері, факультет кәсіподағы.
Қазақстан Халқының Бірлік күні мерекесі аясында «Бір тұтас және әр қилы» фестиваліне факультет студенттерінің қатысуы. Сәуір ТЖ бойынша деканның орынбасары , фак-ң ЖІК, факультет кәсіподағы.
«Жыл студенті», «Үздік студенттік топ» байқауына факультет студенттерінің қатысуы. Сәуір ТЖ бойынша деканның орынбасары , фак-ң ЖІК, факультет кәсіподағы.
Отаң қорғаушылар күніне және ҰОС женісіне арналған 70-жылдық мерекелік іс шараларға қатысу Мамыр ТЖ бойынша деканның орынбасары , фак-ң ЖІК, факультет кәсіподағы, кафедра меңгерушілері.
 

III. Әлеуметтік жұмыс

Факультеттердің «Жүректен жұрекке » акциясына қатысуы. Жыл бойы Фак-ң ЖІК, факультет кәсіподағы, кураторлар
ҚарМУ студенттеріне, мұғалімдер және факультетің басқада адамдарына демалу орындарына, профилакторияларға жеңілдетілген жолдама беру. Жыл бойы Деканат, факультет кәсіподағы.
Студенттердің бос уақытының болмауын екінші жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Жыл бойы Деканат, фак-ң ЖІК.
Аз қамтылған отбасы студенттеріне, спортшы студенттерге, балалар үйінде тәрбиеленген студенттерге, жетім студенттерге материалдық көмек көрсету. Жыл бойы Деканат, факультет кәсіподағы.
 

IV. СӨС насихаттау және спорт түрлерін дамыту.

Факультетте СӨС насихаттау жөнінде іс шаралар өткізу. Күнеділікті Спорттық шараларға жауапты, факультет.
Жатаханаларда және корпуста нашақорлықты, ішімдікті, темекі шегуді алдын алуға байланысты үгіт-насихат көрнекіліктерін, қабырға ақпараттарын жаңарту. Жыл бойы ТЖ бойынша деканның орынбасары , фак-ң ЖІК, кураторлар, старостылар.
«Ұлт денсаулығы» облыстық жеңіл атлетика кросына студенттердің және мұғалідердің қатысуы. Қыркүйек, сәуір. Декан, спорттық шараларға жауапты, кафедра меңгерушілер, кураторлар.
Жеңіл атлетика кросынаң, теннистан,тоғыз-құмалақтан, шахматтан «Бірінші курс студенті» атты спартакиадасын ұйымдастыру және өткізу Қыркүйек, қазан, қараша,желтоқсан. ДМ және С факультеті, спорттық шараларға жауапты.
ЖҚТБ мен күрес күніне арналған «Жастар салауатты өмір салтын таңдайды» акциясына факультет студенттерінің қатысуы. 1 желтоқсан 2014 жыл Фак-ң ЖІК, факультет кәсіподағы.
Ректор Кубогына арналған мұғалімдер арасындағы спартакиада : мини-футбол, волейбол, баскетбол, лыжы жарысы, шахмат, теннис Қаңтар. Фак-ң ЖІК, факультет кәсіподағы.
Ректор Кубогына факультеттер арасындағы студенттер спартакиадасы: шанғы жарысы, Баскетбол, Волейбол, Теннис, Шахмат, Жеңіл атлетика кросы, Футбол, Жазғы президенттік көпсайыс. Ақпан, наурыз, сәуір, мамыр. Фак-ң ЖІК, факультет кәсіподағы.
«Дені сау ұлт- дені сау ұрпақ» акциясына факультет студенттерінің қатысуы. Мамыр-маусым Деканат, фак-ң ЖІК , факультет кәсіподағы.
«Экология- тазалық- денсаулық» акциясына факультет студенттерінің қатысуы. Сәуір Деканат, фак-ң ЖІК, факультет кәсіподағы.
«Инустриальная Караганда» газетінің жүлдесіне, дәстүрлі жеңілатлетика эстафетасына факультет спортшыларының қатысуы. Мамыр Факультет, спорттық шараларға жауапты, факультет кәсіподағы.
 

V.Жемқорлықтың және діни экстремизмнің болуын алдын алу.

Жатаханаларда жастар ортасындағы діни экстремизм мәселелеріне арналған жиналыстар, куратор сағаттарын өткізу. Жыл бойы Деканат, кафедралар.
ҚР Конституциясын білу, ҚРЖК, «Басқыншылық туралы», «Жемқорлық туралы» заңдар жөнінде байқаулар және дискуссиялар, лекциялар өткізу. Жыл бойы БӘД кафедрасы, факультет деканы
Халықаралық басқыншылықпен күреске арналған студенттердің шығармашылық жұмыстарының байқауын өткізу. Жыл бойы Деканат, кафедралар.
«Біз жемқорлыққа қарсымыз!» акциясына факультет студенттерінің қатысуы. Қараша, сәуір Деканат, фак-ң ЖІК.
 

VI. Жатаханалардағы тәрбие жұмысы

Жатаханада тұратын студенттер арасында ҚР президентінің қазақ халқына жіберген жолдауын, Қазақстан 2030 даму стратегиясын іске асыру және насихаттау жөнінде акция және кездесулер, әңгімелесулер өткізу. Жыл бойы Деканат, кураторлар , жатахана старосталары .
Туберкулез ауруын ескерту жөнінде облыстық бірлестік «Фтизиатрия дәрігерлерімен кездесу ұйымдастыру . Жыл бойы Факультет, фак-ң ЖІК.
ЖҚТБ мәселелері жөнінде наркология орталығының мамандарымен кездесу өткізу. Жыл бойы Факультет, фак-ң ЖІК.
Жатаханада тұратын факультет студенттерінің арасында,спорт түрлерінен жарыс өткізу. Жыл бойы Жатахана старостылары , спорттық шараларға жауапты, кураторлар.
Университет кәсіподағымең, ЖСЖК , университет факультет жетекші өкілдерімен жатахана студенттерімен кездесуі. Жоспар бойынша Декан, ТЖ бойынша деканның орынбасары.
Жатахана студенттерінің «Таланты отзовитесь!» байқауына қатысуы. Қазан Старосталар, кураторлар.
Жатахана студенттерінің «Үздік жатахана», «Үздік секция», «Үздік бөлме» байқауына қатысуы. Қараша- желтоқсан . Старосталар, кураторлар.
Жатаханада жататын факультет студенттерінің «Жатахана менің екінші үйім!» акциясына қатысуы. Сәуір Старосталар, кураторлар, ТЖ бойынша деканның орынбасары.
Факультке бекітілген алаңды көгалдандыру , студенттердің баспана жағдайларын жақсарту және көріктендіру жұмыстарын жүргізу. Жыл бойы Факультет, факультет коменданттары.
 

VII. Даталы күндерге арналған іс шаралар

Білім күніне арналған салтанатты іс шараға мұғалімдердің және студенттердің, деканат өкілдерінің қатысуы. 1 қыркүйек Деканат, кафедра кураторлары.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік бағдарламаға қатысу. 16 желтоқсан Ректорат, факультет, СС.
Факультетте мерекелік іс шараларды ұйымдастыру және өткізу, жалпы универститтетің мерекелік іс шараларына факультет өкілдерінің қатысуы:

Жаңа жыл .

    • Халықаралық қарттар күні .
    • 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні .
    • Наурыз мейрамы.
    • Отан қорғау күні .
    • Университет күні
    • Балаларды қорғау күні.
    • ҚР мемлекеттік рәміздер күні.
 

 

27-30 желтоқсан

1 қазан

7-8 наурыз

21-23 наурыз

7 мамыр

30 мамыр

1 маусым

4 маусым

Ректорат, деканат, кафедралар, фак-ң ЖІК, СС, факультет кәсіподағы, старосталар, кураторлар.
Факультеттің іштей және сырттай оқу бөлімінің түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру. Маусым-шілде Ректорат, факультет, фак-ң ЖІК.

Деканның ТЖ жөніндегі орынбасары      К.Б.Аданов

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Деканат факультета физическая культура и спорта:
Адрес: г. Караганда, ул. Муканова 1, корпус 7, кабинет №301
Телефон: 77-04-34

Кафедра ТиМФК и СМ:
Адрес: г. Караганда, ул. Муканова 1, корпус 7, кабинет №200
Телефон: 77-03-68

Кафедра НВП:
Адрес: г. Караганда, ул. Муканова 1, корпус 7, кабинет №108
Телефон: 77-04-12

Кафедра ЦВС и СИ:
Адрес: г. Караганда, ул. Муканова 11а, корпус 12, кабинет №12
Телефон: 34-14-58

Кафедра :Физическое воспитание
Адрес: г. Караганда, ул. университетская 28, корпус 1,
Телефон: 77-03-93 (1098)

Top