Филологиялық

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Филология факультетінің миссиясы тіл мәдениетін дамыту, тілдер арасындағы байланысты нығайту, әлем әдебиетінің озық үлгілерін зерттеу, заманауи жаңа технологияларды білім беру ісіне енгізу.

Филология факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор

Мұхаммадғали Ілияұлы Әбдуов

Факультет құрамына: журналистика, қазақ тіл білімі, қазақ әдебиеті, Ғ.А.Мейрамов атындағы орыс тілі мен  орыс әдебиеті және қазақ тілінің практикалық курсы сияқты 5 кафедра енеді.

Филология факультетімен әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Еуразия гуманитарлық институты сияқты т.б жоғары оқу орындарымен ғылыми–зерттеушілік, шығармашылық байланыс орнатылған.

Факультетте Шыңжан (Қытай) университетімен, Диджле (Түркия) университетімен, Іле (Қытай) педагогикалық институтымен, сонымен қатар «Түркі академиясы» ғылыми орталығымен ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша меморандум жасалған.

Факультетте бірнеше ғылыми бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі:

  • Қазақ және орыс тілдерінің қазіргі тіл жағдайы мен құрылымдық-семантикалық өзгешелігі,
  • Көркем шығарманың тілдік ерекшеліктері;
  • Тіл білімінің өзекті мәселелері; Когнитивтік, психолингвистикалық, этномәдени зерттеулер;

Факультетте студенттер мен оқытушылар құрамына азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие беру, рухани-өнегелі тәрбие беру, полимәдениетті тәрбие беру, әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету, ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу, студенттер мен оқытушылар құрамының білімге және дамуға қажеттілігін, әлеуметтік маңызды және жеке қасиеттері мен тұлғаның коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу, олардың арасында экологиялық, дене тәрбиесін беру және саламатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу, тағылымдамалар ұйымдастыру және жас мамандарды жұмысқа орналастыру, еңбектік және экономикалық тәрбие, интеллектуалдық мәдениетті дамытуға, жас дарындарды дамытуға және қолдауға бағытталған іс-шараларды өткізу жұмыстары факультеттің тәрбие жұмысы жоспарына сай атқарылып келеді.

ТАРИХЫ

ТАРИХЫ

Филология факультеті 1938 жылы мұғалімдер институты негізінде құрылып, көптеген жылдар ішінде бірнеше құрылымдық өзгерістерді басынан кешті. 1952 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ құрамында, 1996 жылы ҚарПИ мен ҚарМУ-дың бірігуі нәтижесінде факультет жаңа білікті оқытушылармен толықтырылды. Классикалық университеттік білім беруге тән жан-жақтылықпен ұштасар лингвистика, әдебиеттану, әдістеме, мәдениеттегі соңғы тенденциялар мен бағыттарды меңгеру филология факультеті түлектерінің сапалы білім иесі екендіктерін дәлледейді. Білімін әрі қарай жалғастыруға ынтасы бар студенттерді факультет – магистратура, докторантурада оқуына мүмкіндік бар.

Факультет құрамына: қазақ тіл білімі, қазақ әдебиеті, Ғ.Ә.Мейрамов атындағы орыс тілі мен орыс әдебиеті, журналистика, қазақ тілінің практикалық курсы сияқты 5 кафедра енеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Деканатта

Журналистика кафедрасының оқытушылары

Магистранттармен

Диссертация қорғау сәтінен

Дөңгелек үстел. «Латын графикасы»

Абай оқулары. 2017. М.А.Тұрсынова, А.С.Әділова

 

Ғ.Ә. Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары


“Тілшілер сайысы”

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Құрметті талапкер!

Филология факультеті – тіл мен әдебиет саласындағы мамандар дайындайтын республикадағы белгілі орталықтардың бірі.

Факультет құрамына: классикалық және орыс филологиясы, қазақ тіл білімі, қазақ әдебиеті, Ғ.А.Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі мен практикасы, журналистика, қазақ тілінің практикалық курсы сияқты 6 кафедра енеді.

Зерттеу жобаларын жүзеге асыру үшін және жоғары білікті мамандар дайындап шығару мақсатымен, факультет таяу және алыс шетелдің, Ресей, Өзбекстан, Монголия, Польша, Түркия, Германиядағы ғылыми орталықтарымен және университеттерімен қарқынды байланыс жасауда. Оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларды, ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін оқытушылар ҚарМУ-дің баспа орталығында жүзеге асыра алады.

Орыс, қазақ, шет тілдерін үйрену барысында сөйлеу тілі дағдыларын меңгеру үшін, лингафондық, аудиовизуалдық және интерактивтік оқыту құралдары кеңінен қолданылады. Түрлі жүйелік қорлармен жұмыс істеу үшін компьютерлік сыныпта дәріс беру қарастырылған.

Біздің студенттер Қарағанды қаласының түрлі аймақтарында фольклорлық, лингвоелтанушылық және лингвостилистикалық машықтанудан өтіп, Қарағанды қаласы мен облысының оқу мекемелерінде педагогикалық тәжірибеден өтеді.

Факультетте жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеп шығаруға аса көңіл бөлінеді, шығармашылыққа құмар, дарынды студенттер өз тілектері бойынша жастар клубының көркем ұжымдарында, «Шабыт» ақындар бірлестігінде жұмыс атқарып, өз мүдделерін«Жастар әлемі» аймақтық газетінде жүзеге асыра алады. Филология факультетінде университет студенттері мен оқытушылары және қаламыздың әдебиет сүйер қауымы шығармаларыносы басылымда жариялауға мүмкіндіктері бар.

Факультет студенттері дәстүр бойынша«Студент қатарына қабылдау», ғылыми кештер, студенттік конференциялар. «Филология апталығын» өткізеді, әйгілі жазушылардың мерейтойларын атап өтеді, спорттық жарыстар мен жайдарманға қатысады.

Студенттер үшін ғылыми және оқу әдебиеттерге бай кітапхана, оқу залы, әдістемелік кабинет қызмет көрсетеді.

Өз болашағыңды ҚарМУ-мен бірге баста!

Филология факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор: М.І.Әбдуов

Филология факультеті мына мамандықтар бойынша қазақ, орыс тілдерінде білім береді:

Шифр 5В011700

Мамандық: «Қазақ тілі мен әдебиеті».

Шифр 5В011800

Мамандық: «Орыс тілі және әдебиеті».

Оқу мерзімі: күндізгі бөлім: 4 жыл

сыртқы бөлім: 2,3 жыл.

Кәсіби орта білімі бар студенттер қысқартылған (3 жылдық), жоғары білімі бар студенттер қысқартылған (2 жылдық) топтарға оқуға түсіп білімін жалғастыруына болады.

Шифр 5В020500

Мамандықтар: «Қазақ филологиясы», «Орыс филологиясы».

Біліктілік: «Филология бакалавры».

Оқу мерзімі: күндізгі бөлім: 4 жыл.

сыртқы бөлім: 2-3 жыл.

Кәсіби орта білімі бар студенттер қысқартылған (3 жылдық), жоғары білімі бар студенттер қысқартылған (2 жылдық) топтарға оқуға түсіп білімін жалғастыруына болады.

тілі;

Шифр 5В050400

Мамандық «Журналистика».

Біліктілік: «Журналист».

Оқу мерзімі: күндізгі бөлім: 4 жыл.

сыртқы бөлім: 2 жыл.

Шифр 5В051400 – Қоғаммен байланыс

Бітіруші-түлекке «5В051400 – Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша әлеуметтік білімдер саласындағы бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Студенттер білімін магистратураның мына мамандықтары бойынша жалғастыра алады: 6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 6М011800 – Орыс тілі мен әдебиеті, 6М020500 – Филология, 6М050400 – Журналистика. Магистратураны бітіруші түлектерге 6D020500 – Филология мамандығы бойынша докторантурада оқуға болады.

Факультеттің мекен-жайы:

Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі №1

Тел: 77-04-32

Қабылдау комиссиясы:

Қарағанды қаласы, Университет көшесі №28

Тел: (3212) 77-03-85

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛЕСТІК

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛЕСТІК

Факультет магистранттары Словакиядан келген профессор Станислав Бенчинаның (2013 жыл мамыр), Ломоносов атындағы ММУ профессоры Андрющенконың (2013 жыл маусым) мәдениетаралық коммуникация мәселелері бойынша дәрістерін тыңдады. Халықаралық байланысты нығайту негізінде «Қоғам» институттары журналистерімен қарым-қатынас мақсатында РФ Мемлекеттік кеңесшісі, халықаралық-журналист, РЖҒА академигі, профессор Кипрас Мажейкамен «масс-медиа» аясында этикалық нормалар мәселесі бойынша филология факультетінде 2013 жылдың 9-10 желтоқсанында филология факультетінің студенттері мен магистранттарына арналған семинар-тренинг өтті.

Филология факультеті алыс шетел оқутушыларымен бірлесіп қызмет етеді.

– Познанидағы Адам атындағы университеттің оқытушысы Томаш Эвертовски салыстырмалы лингвистика бойынша магистранттарға дәріс оқыды (сәуір, 2013);

– профессор Любор Матейко (Братислава қаласындағы Комениус университеті, Словакия) русистиканың өзекті бағыттары бойынша курста дәріс оқыды (сәуір, 2013), курс аяқталғаннан соң, қатысқан магистранттар сертификаттар алды.

– PhD докторы Станислав Бенчич (Selye Janos University, Faculty of Education, Komarno, Slovakia) 2013 жылдың маусым, қыркүйек айларында «Мәдениетаралық коммуникация мәселелері» тақырыбында курста жәріс оқыды.

– PhD докторы, Батысс-Венгер университеті Славян Филологиясы институтының ғылыми-зерттеу тобының меңгерушісі Михай Фрешли 2013 жылдың қазанында Славяндық мәдениетаралық ғылыми-зерттеу тобының таныстырылымын көрсетті.

– Силез университетінің польшалық ғалымдар тобы (Лешна қаласы, Польша) өздерінің университеттері жайында таныстырылым көрсетті, онда шетелдік тағылымдаманың мүмкідігі туралы айтылды.

Сондай-ақ, 2013 жылдың 21 қазанынан 2 қараша аралығында факультет магистранттары Братисслава қаласындағы Евразия академиясында (Словакия) білім беру жүйесінің практикалық аясында шетелдік тәжірибе алу, оқытудың негізгі тәсілдерін оқып білу, мәдениетаралық коммуникация бойынша басты мәселелерді талқылау, әр түрлі құбылысты лингвистикалық талдау дағдысын алу мақсатында шетелдік тағылымдамадан өтті.

2013 жылы журналистика кафедрасының оқытушысы Дмитренко Ульета Томск қаласындағы (Ресей) халықаралық конференцияға «Воздействующая роль рекламы в СМИ в условиях конвергенции» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты. Баяндамасы жоғары бағаланып, ғылыми еңбектер жинағына басылып шықты. 2014 жылдың 11-нен бастап 13 шілдеге дейін журналистика кафедрасының оқытушылары Ж.С.Рамазанова мен Ж.Ж.Еркін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қырғызстанда ұйымдастырған «Журналистика және коммуникация» жазғы мектебінде біліктілігін арттыру курсынан өтті. 2014 жылдың шілдесінде журналистика кафедрасының меңгерушісі М.К.Жумабеков Чехия мемлекетіндегі Прага қаласындағы тіл институтында бір айлық тілдер курсынан өтті.

Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, профессор Ш.М.Мажитаева 13.07.2012 – 4.08.2012 аралығында Дюсельдорф қаласында біліктілікті жетілдіріп, сертификат алды. Кафедра оқытушылары Түйте Е.Е., Рапишева Ж.Д., Тұрсынова М.А., Жуынтаева З.Н., Әділова А.С., Қазанбаева А.З., Ажарбекова Э.Н. 24.09.12 – 05.10.12 аралығында «Актуальные проблемы общего и германского языкознания» атты дәріс (36 cағат) тыңдап, РҒА тіл білімі институтының сертификатын алды. 2012 жылдың 4 желтоқсанында профессор Ш.М.Мажитаева мен доцент М.А.Тұрсыновалар ҚарМУ өткізген «Инфактфактор журналына мақала жазу жайы» тақырыбындағы семинарға қатысып, сертификат алды. Профессор А.С.Адилова мен доцент З.Н.Жуынтаева 2012 жылдың 5 – 9 қарашасында «Педагогикалық өлшеу теориясымен әдістемелерінің негіздері тақырыбында профессор В.С.Аванесовтың семинарына қатысып, ұлттық тестілеу орталығының сертификатын алды.

Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі, доцент Б.М.Айтбаева Германияның Дюссельдорф қаласында халықаралық білім және ғылыми зерттеу орталығында біліктілікілін жетілдіріп, сертификат алды. Сонымен қатар, Б.М.Айтбаева Анкара университетінде «Тілдерді оқытудың тиімді тәсілдері – Халықаралық ынтымақтастық» атты конференцияға қатысты. Кафедра оқытушыларының барлығы 2013 жылдың 20-22 маусымы аралығында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де өткізілген М.В.Ломоносов атындағы ММУ орыс тілінен шетел азаматтарын тестілеу орталығының директоры филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.П.Андрюшинаның «Лингводидактическое тестирование и проблемы функциональной грамотности» атты халықаралық семинар-тренингке қатысты. Кафедраның аға оқытушылары Г.Ш.Мизанбаева, А.Ш.Смаиловалар Қытай Халық Республикасындағы Санжы университетінде «Жоғарғы оқу орындарында ғылыми-техникалық терминологияны оқытудың заманауи технологиясы» атты семинарға қатысып қайтты. Кафедраның оқытушысы Н.Ақжүнісова 2012 жылы Бішкек қаласының Қырғыз-Түрік «Манас» университетінің Жас түркологтардың V ел аралық симпозиумына қатысты.

Қазақ әдебиеті кафедрасы Қытайдағы Шыңжан университетімен, Іле педагогикалық институтымен,Түркиядағы Диджле университетімен, сонымен қатар «Түркі академиясы» ғылыми орталығымен ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша меморандум жасалған. Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы Еуропаның, Азияның ЖОО-да халықаралық тағылымдамадан өтті. Профессорлар М.І.Әбдуов, Ж.Қ.Смағұлов, Ж.Ж.Жарылғаповтар Қытайдың ЖОО-да өз тәжірибелерін шыңдап келді.

Қытай Халық Республикасы және Румыния Республикасының ғалымдарымен

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАР

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАР

Филология факультетінің ғылыми-зерттеу қызметтегі негізгі мақсаты білім берудің негізі ретінде ғылыми зерттеу жұмыстарын қолдау және дамыту, сол сияқты ғылыми зерттеу жұмыстары қоғам мен мемлекеттің талаптарына сәйкес біліктілігі жоғары қызметкерлерді даярлаудың негізі болып табылады.

Ғылыми-зерттеу қызметі саласында негізгі міндеттерге тмендегілер кіреді:

  • студенттер мен ПОҚ-тың ғылыми-шығармашылық қызметтерін дамыту;
  • білім беру мен тәрбиелеу міндеттерін шешуге ғылымның әсерін нығайту.

Факультет оқытушыларының ғылыми-зертету бағыты: қазақ және орыс тілдерінің қазіргі тіл жағдайы мен құрылымдық-семантикалық өзгешелігі,көркем шығарманың тілдік ерекшеліктері, тіл білімінің өзекті мәселелері, когнитивтік, психолингвистикалық, этномәдени зерттеулер, қазақ тілінің тарихы мен түркітануға байланысты зерттеулер жатады.

Қазақ әдебиеті кафедрасының ғылыми-зерттеу бағыттары:

1. Қазіргі қазақ әдебиеті: жанр және стиль мәселелері. Қазіргі қазақ әдебиетінің жанр жүйесі мен стиль мәселелері кешенді зерттеу міндеттері қойылады. Қазіргі қазақ әдебиетінің даму жолындағы, идеялық-эстетикалық жаңа биікке шығу бағдарындағы жанр табиғаты мен стильдік ізденістерді кешенді зерттеу.

2. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы мен әдіснамалық мәселелері. Ұлттық әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу және даму жолдарының тарихын қарастыру. Әдебиеттің ғылыми тарихын жасау бағытында қол жеткізген табыстары мен олқылықтарын сараптап, дәуірлеудегі жаңа концепция негізінде қазақ әдебиеті қалыптасу кезеңдерін айқындау және ертедегі әдебиет нұсқаларын ғылыми айылымға түсірудегі қадамдардың әдеби-тарихи маңызын ашып көрсету. Әдеби сын табиғатын саралап, қазақ сөз өнері теориялық тарихының даму өрісін жанр жүйесінің зерттелуі тұрғысынан анықтау.

3. Көркем шығарма мәтіні және мәтінтану. Көркем шығарма мәтіні және мәтінтану мәселелерін қарастыру, әдеби туындыны филологиялық талдаудың ғылыми-әдіснамалық сипатын саралау.

Көркем шығарма мәтін және мәтінтану мәселелері зерттеліп, әдеби туындыны филологиялық талдаудың ғылыми-әдіснамалық сипаты сараланады.

Қазақ тіл білімі кафедрасының ғылыми-зертету жұмыстарының бағыты түрлі салаларды қамтиды. Филология ғылымдарының докторы, профессорХ.М.Нұрмұқановтың докторлық диссертациясына негіз болған «Сөз және шеберлік» кітабы ұзақ уақыт бойы лингвист-ғалымдар, тіл өнерімен айналысушылар мен әуестенушілер, тіл жанашырлары ерекше ден қойып оқып жүрген іргелі ғылыми еңбек. 1998 жылы кандидаттық, 2009 жылы доктрлық диссертация қорғаған А.С.Әділова, 2002 жылы кандидаттық диссертация қорғаған М.А.Тұрсынова аталмыш кафедрада жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ университет қабарғасында еңбек ететін 2009 жылы кандидаттық диссертация қорғаған М.Қ.Жүнісова, тіл мәдениеті, көркем шығарманың тілі, көркем мәтінді лингвистилық талдау саласында ғылыми мақалалар, еңбектер жазып жүрген доценттер Т.Т.Пірімбетов, А.З.Қазанбаева, Б.А.Қалиевтерді айтуға болады. Аталған оқытушылардың барлығы ғалымның ісін жалғастыруда еңбек етіп, көркем мәтінді лингвистикалық талдау мәселесімен айналысып, мәтіндегі сөзқолданыстардың берілу жолдарын, лексика-прагматикалық ерекшеліктерін, стилін, мәтіннің тілдік түзілу ерекшелігін, мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін қарастыруда және студенттерге дәріс беруде ол кісінің еңбектерін пайдалануда. Сондай-ақ, Х.М.Нұрмұқановтың жетекшілігімен диссертациялар, дипломдық жұмыстар қорғаған кандидат, магистрант, студенттері Қазақстанның әр түкпірінде көптеп саналады.

Әртүрлі тілдерді салыстырмалы оқытудың педагогикалық кадрларын дайындау бакалавриаттың 050118 – Орыс тілі мен әдебиеті, 050122- орыс тілінде оқытылмайтын мектептегі орыс тілі мен әдебиеті базасы негізінде, 10.02.20 – Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салыстырмалы тіл білімі мамандығы бойынша аспирантура ( Альбатырова А., Бондарук О….) және ізденушілік институты (Ибраев Г.У.) арқылы жүзеге асырылады. Кафедра магистратурасын бітіруші Григорьева И.В. кафедра мүшесі, аға оқытушы. Кафедра оқытушыларының ғылыми бағыттары орыс тілін оқытудың әдістемесімен байланысты (п.ғ.к., доцент Сыздыкова Ш.М., п.ғ.к., доцент Баяманова Р.Г., п.ғ.к., доцент Бекмамбетова З.Ж., п.ғ.к., доцент Бейсекеева Б.Т., аға оқытушы Оспанова Д.Б.), әдебиетті оқыту әдістемесімен ( п.ғ.к., доцент Яковлева Н.Н, аға оқытушы Мамедова М.Г.), салыстырмалы-типологиялық тіл білімімен (ф.ғ.к., доцент Аязбаева Б.К., ф.ғ.к., доцент Балмагамбетова Ж.Т., аға оқытушы Ибраев Г.У.), лингвистика және әдебиеттанудың жалпы және жеке сұрақтарын зерттеумен ( ф.ғ.к., доцент Хан Н.К., аға оқытушы Жунусова Н.А.).

Журналистика кафедрасының ПОҚ диссертациялық кеңес жұмысына қатысады. Профессор В.Т. Абишева PhD философия докторы ғылыми дәрежесін беруде диссертацияны қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі, 6D050400 мамандығы бойынша Абылайхан атындағы Тіл институтының докторы, ал Қ.Д.Асанов Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры болып табылады. Кафедра профессорлары ф.ғ.д. В.Т.Абишева мен ф.ғ.д. Қ.Д. Асановтың журналистикадағы ғылыми мектебі республиканың ғылыми шеңберінде мойындалды. В.Т.Абишеваның «Қазақстанның заманауи журналистикасының деонтологиясы: қалыптасу мәселелері» атты зерттеуі парыз бен жауапкершілік, нақты қызмет саласындағы маманның кәсіби мінез-құлқын оқу ретінде – деонтология ғылымының жаңа бағытына арналған. Қазақстан халықтарының рухани мұрасының сақталу мәселелеріне мемлекеттің тұрақты көңіл бөлуіне байланысты, Қ.Д. Асановтың «Айтыс өнерінің публицистикалық мәні» атты диссертациялық зерттеуі маңыздылыққа ие болуда, оның мақсаты қазақтың халық ауыз поэзиясының қалыптасу және даму кезеңіндегі әлеуметтік болмысы мен қоғамдық маңызын ашу, осы өнер түрінің насихаттау, ақпараттық-танымдық бағытын анықтау.

ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫС

ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫС

Филология факультетінде студенттермен тәрбиелік жұмыс оқу үдерісі арқылы, сондай-ақ жастардың зияткерлік, кәсіби-бағытталған, кәсіби-шығармашылық, еңбек, эститикалық, экологиялық, патриоттық және физакалық дамуын, заманауи ғылыми дүиетанымын және базалық құндылықтар жүйесін қалыптастыру мақсатында әртүрлі аудиториядан тыс жұмыстарды ұйымдастыру кезінде жүзеге асады. Оқу-тәрбиелік жұмыс негізіне рухани-өнегелі және эстетикалық тәрбие аспектілері кірді:

– таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілік.

– адамға деген ізгі қарам-қатынас.

– тұлғаның рухани дамуы.

– толыққанды оқу қызметі үшін топта қолайлы климаттық жағдай жасау

 

Бірінші курс студентінің алғашқы қадамы дәстүр бойынша «Студентке арнау» кураторлық сағатымен басталды. Жоғары білімді мамандарды тәрбиелеу оқу-тәрбиелік жұмыстың барлық бағытының нәтижесінде жасалады. Студеттерге арналған жеке консультациялар өткізіледі, олар емтиханға дайындалу барысында туындайтын субъективті дау туғызатын мәселелерді шешуге, студенттік топта психологиялық климатты жақсартуға көмек береді

Тәрбие жұмысына мына бағыттарды кіреді:

Шығармашылық қызмет: саяхат ұйымдастыру, зиялы қауыммен кездесу, студенттік топтардың іс-шараларына қатысу. 16.09.2012 жылы студенттердің жазушы, ядроға қарсы тұрушы Олжас Сүлейменовпен кездесуі, 23.10.2013 жылы алматылық журналистер Айман Каймульдина және Анвармен кездесу өтті, шеберлік сыныптарын өткізді. Қарашада 5 арнаға экскурсия ұйымдастырылды, ол жерде студенттер тележурналистермен кедесті және журналистердің, операторлардың жұмыстарымен танысты.

Студенттерді азаматтық тәрбиелеуде олардың факультеттің қоғамдық қызметіне белсене қатысу роль атқарады. Студенттер филиалдың қоғамдық-саяси өміріне, әртүрлі іс-шараларға, ғылыми-зерттеу және шаруашылық жұмысына қатысуға белсенді жұмылдырылады.

Құқықтық тәрбие студенттік ортада бейәлеуметтік құбылыстың алдын алуда құқықтық білім беруді ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Ол саналы азамат пен патриотты қалыптастыруда маңызды болып табылады.

Оқудың міндетті бөлшегі ретінде студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыруға, нашақорлық пен араққұмарлықтың алдын алуға ерекше назар аударылады

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – студенттердің рухани-патриоттық ұмтылыстарын бекітумен қатар білім сапасын арттыру.

Тәрбие жұмысы аясында студенттер мен жастар арасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған бағдарламаларын талқылауға көп көңіл бөлінеді

Студенттер факультеттегі, жалпы университет көлеміндегі қоғамдық жұмыстарға, түрлі мәдени іс-шараларға белсенді түрде қатысады.

Қазақ тіл білімі кафедрасында студенттер мен оқытушылар құрамына азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие беру, рухани-өнегелі тәрбие беру, полимәдениетті тәрбие беру, әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету, ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу, студенттер мен оқытушылар құрамының білімге және дамуға қажеттілігін, әлеуметтік маңызды және жеке қасиеттері мен тұлғаның коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу, олардың арасында экологиялық, дене тәрбиесін беру және саламатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу, тағылымдамалар ұйымдастыру және жас мамандарды жұмысқа орналастыру, еңбектік және экономикалық тәрбие, интеллектуалдық мәдениетті дамытуға, жас дарындарды дамытуға және қолдауға бағытталған іс-шараларды өткізу жұмыстары кафедраның тәрбие жұмысы жоспарына сай атқарылып келеді. Кафедрадағы тәрбие жұмысының барысы кафедра, деканат, факультет Кеңесінің мәжілістерінде үнемі қаралып отырды.

Қазақ әдебиеті кафедрасының жанынан құрылған «Жалын» және «Шабыт» студент жастар клубының негізгі мақсат-міндеттері: Қазақстан жастары арасында мелекеттік тілді дамыту, олардың сөйлеу мәдениетін арттыру, шығармашылығын шыңдау. Жастарды туған елін сүюге және патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады. Кафедрадағы оқу – тәрбие жұмыстары сабақ кезеңінде де және сабақтан тыс уақыттарда жүргізіліп келді. Оқу жылының басынан бастап, Қарағанды қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №39 гимназиясындағы қазақ әдебиеті кафедрасының филиалдары оқу – тәрбие жұмыстарына айтарлықтай үлес қосты. Белгіленген жоспарға сәйкес мектептегі филиалдарда мәжілістер уақыты өтіп, жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруге байланысты кездесулер өтіп, онда университет туралы жан –жақты мәліметтер берілді.

Ғ.А. Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемесі және практикасы кафедрасы оқытушылары Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы бойынша, Қазақстан Республикаксының «Тілдер туралы» заңын талқылау бойынша, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері бойынша, толеранттылықты қалыптастыру бойынша, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша, діни экстремизмдің алдын алу бойынша, сөйлеу этикеті дағдысын қалыптастыруға, іс-қағаздарын жүргізу, іскерлік сөйлеу мәдениетіне арналған жаттығуларды орындау. Педагогикалық практика кезінде оқытушылар студенттермін көптеген тәрбие жұмысын жүргізеді: конкурстар, викториналар, кештер, пікірталастар ұйымдастырады.

Қазақ тіліінң практкиалық курсы кафедрасы қаламыздағы жоғары оқу орындарының орыстілді студенттерінің арасында қазақ тілінен байқау өткізуді қолға алды. Алғашында дәстүрлі пән олимпиадасы ретінде өткен өткен байқау кейіннен көңілді тапқырлар клубының сайысына айналды, жыл сайын 4-5 команда қатысатын бұл сайысқа студенттер, қала жұртшылығы тарапынан қызығушылық өте үлкен. Орыс тілді аудиторияда оқитын қазақ балаларының ана тілін білуге талабын ұштау, құштарлығын арттыру мақсатында соңғы жылдары Тәуелсіздік күніне орайластырып үлкен интеллектуалды ойын өткізілуде. Бұл интеллектуалдық ойынға университеттің 13 факультетінен студенттер қатысып, қоғам дамуы, ұлттық болмыс туралы өз ойларын қазақ тілінде жеткізуге ұмтылады. Сондай-ақ кафедра оқытушылары жатақхана студенттері үшін түрлі тақырыптағы пікірсайыстар, кештер өткізуді де дәстүрге айналдырған.

«ҚР Тұңғыш Президентінің қазақстандық мемлекетті қалыптастырудағы рөлі» және «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (бірінші кезең 2013-2015 жылдар) жүзеге асыру аясында азаматтық белсенділік позициясын қалыптастыру және студенттер бастамашылдығын дамыту бойынша және «Тұңғыш Президенттің қазақстандық мемлекеттің қалыптасуындағы рөлі» атты тақырыптарда кураторлық сағаттар өткізді. Хаттамалары бар.

«Университет аумағы мен бекітілген территорияларды тазалау мен қалыпқа келтіру бойынша екіайлық шарасын» өткізу жоспарына сәйкес факультет оқытушылары мен студенттері күз айларында республикалық, облыстық, қалалық, жалпыуниверситеттік сенбіліктерге шықты. Сонымен қатар, «Тазалық бейсенбісінде» факультетке қарасты дәрісханалар жуып тазалады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Филология факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Мұхаммадғали Ілияұлы Әбдуов

Филология факультеті

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

100028 . Қарағанды, Мұқанов көш, 1 8 корпус, 210 каб.

тел: 8(7212)77-04-32
e-mail: phil_faculty@ksu.kz

Ғ.А.Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

Факультеттің мекенжайы:
100028 . Қарағанды, Мұқанов көш, 1
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, 8 корпус. 221-222каб.
Телефон: 8 (7212) 77-04-32
Электронды мекенжайы: phil_faculty@ksu.kz

Журналистика кафедрасы

Факультеттің мекенжайы:
100028 . Қарағанды, Мұқанов көш, 1
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, 8 корпус. 219-220 каб
Телефон: 8 (7212) 77-04-32
Электронды мекенжайы: merik.75@ mail.ru

Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы

Факультеттің мекенжайы:
100028 . Қарағанды, Мұқанов көш, 1
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, 8 корпус. 224 каб.
Телефон: 8 (7212) 77-04-32 вн. 117
Электронды мекенжайы: phil_faculty@ksu.kz

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Факультеттің мекенжайы:
100028 . Қарағанды, Мұқанов көш, 1
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, 8 корпус. 110-111 каб.
Телефон: 8 (7212) 77-04-32
Электронды мекенжайы: phil_faculty@ksu.kz

Қазақ тіл білімі кафедрасы
Факультеттің мекенжайы:
100028 . Қарағанды, Мұқанов көш, 1
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, 8 корпус. 209 каб.

Телефон: 8 (7212) 770366
Электронды мекенжайы: phil_faculty@ksu.kz

Top