Химиялық

Жылпы мәліметтер

Химия факультетінің миссиясы химиялық өнеркәсіп, ғылым және білім саласында инновацияларды тиімді енгізуге қабылетті және іргелі білімдері бар жоғары білікті мамандар даярлау болып табылады.

Бүгінгі күнде химия факультеті  – төрт түлек шығарушы кафедрадан құралған, аймақтағы ірі химия орталығы, мұнда 9 х.ғ.д. (профессорлар) және 27 х.ғ.к. (доцентттер) және 8 PhD докторлары қызмет атқарады.

Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультеті көп кезеңді жүйе бойынша жоғары білікті мамандарды дайындайы: бакалавриат, магистратура, докторантура PhD. Мамандарды дайындау жұмысы үш тілде жүргізіледі: қазақ, орыс және ағылшын. Күндізгі оқу түрі бойынша 1-4 курс кредиттік технология, ал сырттай қысқартылған оқу түрі  – қашықтан оқу арқылы оқиды.

Қазіргі таңда химия факультет келесі мамандықтар бойынша бакалаврларды дайындау жұмыстарын жүргізеді: 5В060600 – «Химия» (жаратылыстану), 5В011200 – «Химия» (білім беру), 5В012500Химия-Биология, 5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»; магистрларды келесі мамандықтар бойынша: 6М011200 – «Химия», 6М060600 – «Химия», 6М072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6М072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6М073900 – «Мұнай химиясы».

2008 жылдан бастап «Химия» бағыты бойынша PhD докторларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

ҚР БҒМ комитеті торағасының 2008 жылдың 3 сәуір айының №58 бұйрығымен Қарағанды мемлекеттік университетінде «Физика-химиялық зерттеу әдістері» инженерлік зертхана ашылды.

2012 жылы химия факультетінде «Химиялық материалтану және нанохимия» технологиялық инкубатор ашылды.

Факультетте 4 түлек шығарушы кафедра жұмыс атқарады:

  • бейорганикалық және техникалық химия,
  • органикалық химия және полимерлер,
  • физикалық және аналитикалық химия,
  • химиялық технология және мұнай химия.

Назарбаев зияткерлек мектебі, ЖШС «Органикалық синтез және көмір химия институты» базаларында химия факультетінің кафедра филиалдары құрылған.АҚ «ҚазМұнайГаз Өнімдері», ЖШС «ALIAN- paint»  ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Факультет тарихы

70-ші жылдары Қарағанды өңірі Қазақстанда химия ғылымының дамуы бойынша жетекші орында болған. Қарағандыдағы көптеген зауыттар үшін химия саласындағы мамандықтар қажет болған. Сонымен қатар, облыстың орта мектептері химия мұғалімдеріне тапшы болған.

Осыған байланысты, 1972 жылы химия саласындағы мамандарды дайындау мақсатында Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану факультетінің химия кафедрасының негізінде химия факультетін ашу шешімі қабылданды.

Химия факультетінің бірінші деканы ретінде химия саласының жетекші мамандарының бірі, 20 жыл бойы химия кафедрасын меңгерген химия ғылымдарының кандидаты, доцент Рашида Газизовна Омарова тағайындалды

Доцент Рашида Газизқызы Омарова және хатшы  В. Ермолаева

Кафедралардың бірінші меңгерушілері: ҚазССР ғылым академиясының корреспондент мүшесі, химия ғылымдарының докторы, профессор, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қарағанды мемлекеттік университетінің бірінші ректоры Евней Арыстанұлы Бөкетов, доцент Еркен Гафурұлы Гафуров, доцент Акбет Аманбайқызы Кожакова.

Факультеттің ғылыми бағыттарының қалыптасуына, айқындауына және дамуына үлкен үлес қосқан  университеттің бірінші ректоры, жетекші ғалым-металлург, академик Е. А. Бөкетов.

Евней Арыстанұлы Бөкетов  1972-1983 жж. ректор міндетін атқарумен қатар, 1976 ж. физикалық химия кафедрасын меңгеріп жүріп, 1981 ж. Қазақстанда бірінші рет халькогендер мен халькогенидттердің ғылыми мектебін ұйымдастырған және аттас зертхананы ашқан.

Академик, химия ғылымдарының докторы, профессор
Евней Арыстанұлы Бөкетов

1978 жылы Химия металлургиялық инситуты мен Қарағанды мемлекеттік университетінің негізінде бірінші рет халькогендер мен халькогенидтердің химиясы мен технологиясы бойынша Бүкілодақтық кеңес өткізілді, бұл кеңес көптеген жылдар бойы өткізіліп отырған.

Сонымен бірге академик Е.А. Бөкетов «Өнеркәсіптік өнімдер мен минералды шикізатты өңдеудің реоиялық негіздері» тақырыбының жетекшісі болған.

Химия факультетінің Қазақстандағы жетекші ғылыми орталығы ретінде қалыптасуына (1983-1988 гг.) ректор, ұлттық ғылым академиясының академигі, еңбек сіңірген ғылым қайраткері, химия ғылымдарының докторы, профессор Зейнулла Мулдахметұлы Мулдахметов зор үлесін қосқан

ҚР ҰҒА академигі, еңбек сіңірген ғылым қайраткері, химия ғылымдарының докторы, профессор
Зейнулла Мулдахметұлы Мулдахметов

Қазақстанда алғашқы рет химия факультетінде кванттық химия кафедрасы құрылған. 1983 жылы факультетте кванттық химия және спектроскопия бойынша Бұкілодақтық кеңес  ашылған.

1980-1982 жж. ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, техникалық ғылымдарының докторы, профессор В.П. Журавлев коллоидтық химия және экология кафедрасын ашқан. Сол кезде қоршаған ортаны өорғау бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары басталған.

1982-1985 жж. ғылыми жұмыстар және оқу ісі жөніндегі проректор міндетін ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Жұрынұлы Жұрынов атқарған, 1984 ж. химия факультетінде электрлік химия кафедрасы ашылған.

ҚР ҰҒФ академигі, минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының директоры директор Жәрменов Әбдірасұл Алдашұлы 1984-1986 жж аналитикалық химия кафедрасын меңгере отырып, «Түсті металлургияда электрхимиялық әдістерді қолдану» атты ғылыми бағытты ұйымдастырған.

Халькогендер және халькогенидтер бойынша екінші бүкілодақтық кеңеске академик Е.А. Бөкетов, профессорлар — Н.С. Бектұрғанов, Х.К. Оспанов, Ә.А. Жәрменов және к.ғ.қ. Амерханова Ш.К.

Сонымен  80-ші жылдары химия факультетінде 7 кафедра өз жұмыстарын атқарған, олар Орталық Қазақстанның минералды шикізатын тиімді пайалдану мәселелерін шешетін күндізгі және кешкі оқу түрлері бойынша мамандарды дайындаған.

Қазіргі таңда біздің факультеттің түлектері Қазақстанның бүкіл аймақтарында жұмыс атқарады, жоғары оқу орындарын, ғылыми зерттеу институттарын басқарады, орта білім беру оындарының мұғалімдері мен директорларының қызметін атқарады.

Факультеттің дамуына, жаңа кафедралардың ашылуына, ғылыми бағыттардың қалыптасуына химия факультетінде әртүрлі жылдарда қызмет атқарған ҚР ҰҒА акдемиктері: Бектұрғанов Н.С., Жәрменов Ә.А., Газалиев А.М., Адекенов С.М., профессорлар: Курманалиев О.Ш., Шарипов М.Ш., Бакеев М.И., Казанцев А.В., Аяпбергенов К.А., Кагарлицкий А.Д., Касенов Б.К., Малышев В.П., Минаев Б.Ф., Макаров Г.В., Угорец М.З., Цыцура А.В., Стряпков В.Г., Шкодин В.Г. және тағы басқалары ұлкен үлес қосқан.

Химия факультетінің ұжымы – социалистік жарыс жеңімпазы, 1980 ж., Ленин көшесі, 5 орналасқан корпус

Фотогалерея













Жылдық оқиғалар
2018 жылдың 12-13 сәуірінде академик Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының студенттері арасында V Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 4 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Оңтүстік-Қазақстан медицина академиясы, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМу командасына ТФП-31, ТФП-32, ТФП-41 және ТФП-42 топтарының студенттері Ағдарбек Аяулым, Шепеленко Малика, Қалиева Альбина, Жаппасова Бахыт және Сейдалина Наргиз қатысты.
ТФП -41 тобының студенті Ағдарбек Аяулым 2 орын және ТФП-42 тобының студенті Шепеленко Малика 3 орынға ие болды.

5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы бойынша студенттер арасында 2018 жылдың 12- 13 сәуірінде өткен V Республикалық пәндік олимпиадаға қатысушылар, ҚарМУ, химия факультеті Қарағанды қ.

Екі тур нәтижелері бойынша жүлдегерлер арасындағы орындар төмендегідей бөлінді:
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің І деңгейдегі дипломымен – Сарбасова Гауһар Кеменгерқызы (Оңтүстік-Қазақстан медицина академиясы),
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ІІ деңгейдегі дипломымен – Воротынцева Виктория (С.Д. Асфендирияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті);
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ІІ деңгейдегі дипломымен – Ағдарбек Аяулым Айдынқызы (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті);
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ІІІ деңгейдегі дипломымен – Сағындық Салтанат Талғатқызы (Қарағанды мемлекеттік медицина университеті);
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ІІІ деңгейдегі дипломымен – Шепеленко Малика Алишеровна (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті);
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ІІІ деңгейдегі дипломымен – Шаназарова Шахсанам Агабековна (Оңтүстік-Қазақстан медицина академиясы).
11-12 сәуір аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінде 5В011200 – «Химия» мамандығы бойынша жиырма ЖОО-нан алпыс студент қатысқан Республикалық студенттер олимпиадасында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ химия факультетінің құрама командасы І орынды иеленді. Команда құрамына ХО-41 п/я тобының студенттері Жантөре Жансәуле, Қасымова Айдана, Нургалиева Эльмира кірді; соның ішінде Нургалиева Эльмира жекелей есепте бірінші орынды жеңіп алып, келесі олимпияданы өткізу біздің униерситетіміздің еншісіне бұйырды; команданың ғылыми жетекшісі бейорганикалық және техникалық кафедрасының профессоры, х.ғ.к. Кокибасова Г.Т.


5В011200 – «Химия» мамандығы бойынша Республикалық студенттер олимпиадасындағы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ химия факультетінің құрама командасы, 11-12 сәуір 2018 жыл, Қызылорда қ.

5В072000-«Бейорганикалық заттар химиялық технологиясы» мамандығы бойынша 2018 жылдың 29-30 сәуір аралығында өткен Республикалық студенттер олимпиадасында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ химия факультетінің құрама командасы І орынды жеңіп алды. Олимпиаданы ұйымдастырушы Білім және ғылым министрлігі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ. Команда құрамына ХТНВ-21, ХТНВ-31 топтарының студенттері Қилыбай Мүслім, Рыстин Диас, Рүстем Алия,  Сейтжан Райхан кірді; команданың ғылыми жетекшісі химиялық технология және мұнайхимия кафедрасының профессоры, х.ғ.к. Татеева А.Б.


5В072000-«Бейорганикалық заттар химиялық технологиясы» мамандығы бойынша Республикалық студенттер олимпиадасындағы
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ химия факультетінің құрама командасы,
29-30 сәуір 2018 жыл, Шымкент қ.

Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетінде 2018 жылдың 31 наурызында мектеп оқушылары арасында ғылыми-зерттеу жобаларының конкурсы өтті. Аталған конкурста Қарағанды облысының білім беру мекемелерінен 60-тан аса оқушы қатысты. Ғылыми-зерттеу жобалары конкурсының жеңімпаздары:

  • «Қоршаған орта экологиясы» секциясы бойынша: 1 орын – Қарағанды қ., №63 ЖББОМ, 10А сынып оқушылары Конюхова Маргарет, Маймаева Анастасия. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Эковата», ғылыми жетекшісі Чернова Ирина Константиновна; 2 орын – Қарағанды қ., №101 мектеп-лицейінің 8А сынып оқушысы Совет Айбек. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Шыны қалдықтарынан екіншілік өнім алу», ғылыми жетекшісі Е.А. Бөкетов ат. ҚарМУ химиялық технология және мұнай химиясы кафедрасының профессоры, х.ғ.к. Татеева Алма Баймагамбетовна; 2 орын – Қарағанды қ., №17 ЖББОМ, 10Ә сынып оқушылары Дәулет Айару, Темирова Сафия. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Үй жағдайында биоотын әзірлеу», ғылыми жетекшісі Жалгасова Гулнар Кашкинбаевна; 3 орын – Саран қ., №16 ЖББОМ, 11Ә сынып оқушысы Картаева Шахсанам. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Темекі күлі – катализатор», ғылыми жетекшісі Султанова Жамила Асыкбаевна;
  • «Химиялық экспертиза» секциясы бойынша: 1 орын – Балқаш қаласы жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінің 9А сынып оқушысы Казбекова Меруерт. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Ерін далабы: әсемдік әлде қауіп», ғылыми жетекшісі Дуамбекова Б.К; 2 орын – Теміртау қ., №54 ЖББОМ 10А сынып оқушылары Прутько Елена, Касяник Кристина. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Исследование состава зелёного чая», ғылыми жетекшісі Грибанова Марина Владимировна; 3 орын – Бұқар жырау ауданы, «Үштөбе ЖОББ ТМ», 8Ә сынып оқушысы Қазкенова Ақбота. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Табиғи индикаторларды зерттеу», ғылыми жетекшісі Салжанова Әсел Саматқызы.
  • «Органикалық химия» секциясы бойынша: 1 орын – Қарағанды қ., №32 ЖББОМ 10А сынып оқушысы Бухталкин Никита. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Влияние фитонцидов на грибки», ғылыми жетекшісі Черкашина Людмила Ивановна; 2 орын – Қарқаралы ауд., Ақжол ауылы, Әлібек Бүркітбаев ат. №12 ЖББОМ, 10 сынып оқушысы Манкен Гүлзат. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігі», ғылыми жетекшісі Шамакова Айгерим Жанайхожакызы; 3 орын – «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Степаненко Мария. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Фармакогностическое изучение эндемичных видов тимьяна частолистого и тимьяна бритого как перспективного источника получения фитопрепаратов», ғылыми жетекшісі Джумагулова Алма Ташеновна;
  • «Бейорганикалық химия» секциясы бойынша: 1 орын – Саран қаласы әкімдігінің №16 ЖББ мектебінің 11Ә сынып оқушысы Шыныбай Тлеужан. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Орамжапырақ суы-индикатор», ғылыми жетекшісі Султанова Жамила Асыкбаевна; 2 орын – Жамбыл облысы, Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Анарова Әлия. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Фосфор өндірісінен шығарылатын газды қалдықтардың құрамынан газдарды аммиакпен Р2О5 –ті ерітінділерге сіңіріп алу», ғылыми жетекшісі Алайдарова Жанат Қалдарбекқызы; орын – Абай ауд., Топар кенті, Абай ат. ЖББМ 8А сынып оқушысы Серік Айбол. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Су – тіршілік көзі», ғылыми жетекшісі Абишева Гульдана Толеубековна;
  • «Тұрмыстық химия» секциясы бойынша: 1 орын – Теміртау қ., №4 ЖББОМ 9 сынып оқушысы Бухарбаева Меруерт, 8 сынып оқушысы Айткен Дильназ. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Шаш бояуының пайдалы және зиянды жақтары», ғылыми жетекшісі Булатова Тазагуль Кадыровна; 2 орын – Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 9А сынып оқушысы Мақан Аружан. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Кока-коланың адам ағзасына әсері», ғылыми жетекшісі Файзуллина Инкар Кантарбаевна; 3 орын – №52 ЖББОМ 9В сынып оқушысы Епифанцев Вячеслав Константинович. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Вред и польза батарейки», ғылыми жетекшісі Голубева Анастасия Викторовна.

Химия факультетінде 13.02.17 мен 18.03.17 аралығында мектеп оқушылары арасында химия пәні бойынша ғылыми жобалар байқауы өтті. Жарысқа 8 – 11 сынып оқушылары қатысты. Байқау екі айналымда өтті. Жоба тақырыбы мынадай бағыттар (секциялар) бойынша құрылды:

1) Органикалық химия.

2) Бейорганикалық химия.

3) Химиялық сараптама және тұрмыстық химия.

4) Өндірістік экология және мұнай, газ және көмір технологиясы.

Қазылар алқасы факультет кафедраларының профессорлары, доценттерінен тұрды. Байқаудың қорытындысы бойынша мұғалімдер алғыс хаттармен, ал қатысушылар – бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

22 сәуір2017 жылы 11-сынып оқушылары арасында XI Химия бойынша ашық олимпиада өтті. Байқауда 45 орта мектеп, лицейлер, гимназиялар, Қарағанды және Қарағанды облысының мектеп-интернаттарының және іргелес аймақтардыңоқушылары қатысты.

Ең жақсы нәтижелер ЛМ №15 (Балқаш қ.), ММИ Дарын, №92, №1, гимназиялары, МЛ №57 және т.б. көрсетті.

XI Химия бойынша ашық олимпиадасының бірінші және екінші турларының жеңімпаздары:

Бірінші орын дипломы–Қабдуахит Дарын (МЛ №15 Балқаш қ.)

Екінші орын дипломы–Мұсайын Мәди (ММИ Дарын), Тарасова Мария (№ 1гимназия Теміртау қ.)

Үшінші орын дипломы–Қуан Нұрбек (С. Саттаров ат. МЛ №57), Дәрібай Арайлым(КММ «№25 жалпы білім беретін орта мектебі»), Муслимова Айшабиби (№92 гимназия).

2017 жылдың 15-17 маусымы аралығында «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған «Теориялық және эксперименталды химия» атты VI Халықаралық ғылыми конференция өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты химия саласындағы соңғы ғылыми нәтижелер мен жаңа тәсілдердің халықаралық алмасуы болып табылады.

Конференцияға АҚШ, Германия, Қытай, Түркия, Ресей, Украина, Қазақстанғалымдары мен мамандарықатысты. 50-ден астам ғылыми-зерттеу, білім беру және өндірістік мекемелер мен кәсіпорындардан 300-ден астам авторлар өз баяндамаларынұсынды.

Конференцияда химия және химиялық технология саласындағы келесідей бағыттардағы өзекті мәселелер талқыланды:

– теориялық және тәжірибелік химияның қазіргі мәселелері;

– жаңа химиялық материалдарды синтездеу және оларды қолдану;

– химиялық технология мен экологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері.

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аясында «Болашақ энергиясы: инновациялық сценарийлері және оларды іске асыру әдістері» тақырыбы бойынша WSEC 2017 Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар съезінде химия факультетінің ғалымдары 3 инновациялық жоба ұсынды.

Х.ғ.д., профессор Бүркеев М.Ж. жетекшілігімен құрылған «Ауыл шаруашылығында жаңа полимер ылғал сорбенттерін қолдану арқылы су ұстағыш технологияларды құру» жобасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесінде ұсынылды және «Қазақстан Республикасының ғалымдар мен ұйымдардың жобаларын» көрмесінде көрсетілді

Х.ғ.д., профессор Мерхатулы Н. «Қазақстанның көпжылдық шөпті өсімдіктен зауытынан моторлы көлiк құралдарына арналған екіншілік буын биоотыны», х.ғ.д., профессорМұстафин Е.С. «Мұнай өндіру мен мұнай өңдеу қалдықтарынан синтез-газ алу үшін плазмахимиялық қондырғы» атты 2 жоба Қарағанды облысы атынан «Қазақстан» «Жасыл экономика» жолында» экспозициясына қатысты.

2017 жылы «Университеттің үздік оқытушысы» атағын жеңіп алғандар:

  1. Абуляисова Ляззат Кабылашевна, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, физикалық және аналитикалық химия кафедрасының профессоры;
  2. Дюсекеева Алмагүл Тәрбиевна, техника ғылымдарыныңкандидаты, бейорганикалықжәнетехникалық химия кафедрасыныңдоценті;
  3. Омашева Айман Валекановна, химия ғылымдарының кандидаты, органикалық химия мен полимерлер кафедрасының доценті;
  4. Татеева Алма Баймағанбетовна, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылғанпрофессор, химиялық технология мен мұнайхимиясы кафедрасының профессоры.

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығында 8 қараша 2017 жылы«Ғылым көшбасшысы – 2017» жыл сайынғы марапаттау рәсімі өткізді. Springer Nature «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы Қазақстанның ең жарияланған ғалымдар» атты номинациясында марапатталды: химия ғылымдарының докторы, профессор, химиялық технология мен мұнайхимиясы кафедрасының меңгерушісі Байкенов Мырзабек Исполович және PhD докторант Сәтпаева Жанаркүл Болсынбековна.

Ауыл шаруашылығы және биологиялық ғылымдар саласындағы «Шетелдік автор қатысуынсыз жоғары цитирленетін мақаланың авторы» номинациясында химия факультетінің магистрі Ырымғали Мәди Жүнісұлы марапатталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 28 қараша 2017 жылдан №599 «2017 жылғы ғылым саласындағы атаулы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми степендиялады тағайындау туралы»бұйрығына сәйкес химия факультетінің үш оқытушылары мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері атанды:

ғылым мен техниканың дамуына үлесін қосқан ғалымдар мен мамандар үшін мемлекеттік ғылыми стипендия:

  • Амерханова Шәмсия Кенжегазиновна – химия ғылымдарының докторы, физикалық және аналитикалық химия кафедрасының профессоры.

жас ғалымдар үшін мемлекеттік ғылыми степендия:

  • Бүркеева Гүлсім Кабаевна – PhD философия докторы, органикалық химия мен полимерлер кафедрасының аға оқытушысы;
  • Минаева Елена Викторовна – химия ғылымдарының кандидаты, органикалық химия мен полимерлер кафедрасының доценті;

«Шапағат» республикалық өнертапқыштардың Республикалық онлайн-конкурсының дипломы мен мүсініхимия ғылымдарының докторы, органикалық химия және полимерлер кафедрасының профессоры Бүркеев Мейрам Жүнісұлына берілді.

Химия факультетінің студенттері жыл сайын өткізілетін пәндік олимпиадалар мен байқауларда жоғары көрсеткіштерге ие. 2017 жылы «5В074800-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының студенттері Республикалық пәндік олимпиадада жеке пәндік олимпиадада бірінші және үшінші орындарды (Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы) алды.

«5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша республикалық олимпиадада (Әуезов атындағы ОҚМУ) университет студенттері  командалық сайыста 3-ші және жеке біріншілікте 2-ші орынды иеленді. «5В060600-Химия» мамандығының студенттері 3 орынды иеленді.

«5В072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «5В074800-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 6 студенті «Қазақстан Республикасы ЖОО студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» республикалық байқаудың қорытындысы бойынша 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

«6М011200-Химия» мамандығы магистрі Искандеров Аблайхан «Жылдың жас ғалымы» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.

Химия факультетінің студенттері Атамбаев А.пен Байжігіт А. «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған «Ең жақсы инновациялық жоба» номинациясы бойынша «Сарыарқа Болашағы» байқауының жеңімпаздары атанды.

Химия ғылымдарының докторы, профессор О.Ш. Құрманалиев атындағы премияны химия ғылымдарының кандидаты, органикалық химия және полимерлер кафедрасының доценті Минаева Е.В. мен ХТОВ-42 тобының студенті Жусупов С. иеленді.

Хe-41 тобының студенті Сабыр А.Қ. «Болашақтың ғалымдары» атты жаратылыстану ғылымдары бойынша үздік ғылыми жұмыс үшін республикалық конкурста жеңімпаз деп танылды.

Магистранттар мен студенттердің «Бөкетов оқулары-2017» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында «Идеяның түпнұсқалығы» номинациясы бойынша Кенжеева Л.К., Шалдыбаева А.Д. және Комерист Е.В., Баранников Р.В. (I дәрежелі диплом)үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ағымдағы жылы ҚарМУ диссертациялық кеңесінде 6D060600 – Химия мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшінТур А.А.«Динамическая ЭПР-спектроскопия и квантовая химия механизмов быстрых протолитических реакций» тақырыбында (Жетекшілері: Масалимов А.С.,х.ғ.д., профессор ҚарМУ; Рахимов Р.Р. – PhD, профессор НорфолкМемлекеттік Университеті, АҚШ) жәнеБектұрғанова Айжан Жаналыевна «Синтез и физико-химические свойства ряда теллуритов и никелитов некоторых s-, d- и f-элементов»(Жетекшілері: Рүстембеков К.Т. – х.ғ.д., бейорганикалық және техникалық химия кафедрасының профессоры, Митко Стоев – доктор, «Неофит Рильский» Оңтүстік-батыс университетінің қауымдастырылған профессоры (Болгария))PhDдокторлық диссертациялар қорғаулары өтті.

Білім беру бағдарламалары

Химия

Химия (естественнонаучная)

  • 5В060600-Химия (естественнонаучная)(kaз/рус)
  • 6М060600-Химия (естественнонаучная)(kaз/рус/анг)
  • 6D060600-Химия (естественнонаучная)(kaз/рус//анг)

Химическая технология органических веществ

  • 5В072100 – Химическая технология органических веществ (рус)

Технология фармацевтического производства

  • 5В074800 – Технология фармацевтического производства (рус)

Химическая технология неорганических вещест

  • 6М072000 – Химическая технология неорганических веществ (рус)
Талапкерлерге арналған ақпарат

Құрметті талапкер
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің
Химия факультетіне түсуге шақырамыз

Химия факультеті бүгінгі күнде – химия ғылымдарының 11 докторы (профессоры) және 38 кандидаты (доценттер) қызмет ететін төрт кафедрадан, ғылыми-зерттеу институтынан және 15 ғылыми-зерттеу зертханаларынан тұратын аймақтағы ірі химия орталығы.

На базе ТОО «Eurasian Industrial Chemical Group», Международного научно-производственного холдинга «Фитохимия», Химико-металлургического института имени Ж. Абишева, Института органического синтеза и углехимии созданы филиалы кафедр химического факультета, где студенты проходят производственную практику. Заключен меморандум о научно-техническом сотрудничестве в области нефтехимии с АО «ҚазМұнайГаз Өнімдері».

Химический факультет ведет подготовку магистрантов и докторантов PhD совместно с Университетом имени Гёте (Германия), Эйндховенским технологическим университетом (Нидерланды), Синьдзянским государственным университетом (КНР), Норфолкским университетом (США), Томским политехническим университетом (Россия) и др.

«Eurasian Industrial Chemical Group», «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің, Ж.Әбішів атындағы Химиялық-металлургиялық Институтының, Органикалық синтез және көмір химиясы Институтының іргесінде химия факультетінің кафедраларының филиалдары құрылған, мұнда факультет студенттері өндірістік іс- тәжірибе өтеді. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ-мен мұнай химиясы саласында ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа келіссөз бекітілді.

Химия факультеті магистранттар мен PhD докторанттарды Гёте атындағы Университетпен (Германия), Эйндховен технологиялық университетімен (Нидерланд), Синьдзян мемлекеттік университетімен (ҚХР), Норфолк универсиетімен (АҚШ), Томск политехникалық университетімен (Ресей) және т.б. бірігіп дайындайды.

Барлық мамандықтар бойынша оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Ағылшын тілінде білім алам деушілерден көп тілді топтар құрылған.

 

5В011200 – Химия

Бұл мамандықты тәмәмдаған түлектерге «Химия» мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы – білім беру саласы болып табылады.

Түлектер оқу-тәрбие орындарында, жалпы орта білім беру, кәсіби-техникалық білім беру, арнайы орта білім беру, сонымен қатар мектептен тыс және білім беру мен тәрбиелеу ұйымдарында химия пәнінің оқытушысы, лаборант инженер, кіші ғылыми қызметкер, әкімшілік қызметкері, оқу және оқу-тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасары, үйірме жетекшісі және т.б. болып қызмет жасай алады.

5В012500 -Химия-Биология

Бұл мамандықты тәмәмдаған түлектерге «Химия-Биология» мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектер оқу-тәрбие орындарында, жалпы орта білім беру, кәсіби-техникалық білім беру, арнайы орта білім беру, сонымен қатар мектептен тыс және білім беру мен тәрбиелеу ұйымдарында химия және биология пәнінің оқытушысы, лаборант инженер, кіші ғылыми қызметкер, әкімшілік қызметкері, оқу және оқу-тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасары, экологиялық  және мектеп өлкетану үйірмелерінің меңгерушісі, қорықтарда, зоологиялық және ботаникалық бақтарда, өсімдіктерді қорғау станцияларында, ғылыми-зерттеу институттарында, мемлекеттік және табиғатты қорғау ұйымдарында,  табиғат мұражайларында маман және т.б. болып қызмет жасай алады.

5В060600 – Химия

Бұл мамандықты тәмәмдаған түлектерге «Химия» мамандығы бойынша «жаратылыстану бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы химиялық, металлургиялық, мұнай-химиялық, фармацевтік өнеркәсіптер және білім беру, ғылым мен экология салалары табылады.

Студенттерді экономика мен өнеркәсіптің химиялық салаларында өндірістік және технологиялық үрдістерді жүзеге асыруға; ғылыми зерттеулерді, бағдарламаларды ұйымдастыру және жоспарлауға; өндірістік, ғылыми және оқытушылық ұжымға, зертханаға жетекшілік етуге дайындайды.

Түлектер аналитикалық, экологиялық, кедедік, санитарлы-эпидемиологиялық, сертификациялық қызметтердің өндірістік зертханаларында, химиялық, мұнай-химиялық, экологиялық, металлургиялық фармацевтік профильдегі ғылыми-зерттеу мекемелерінде (институттар, зертханалар), жалпы білімдік мекемелер мен білім беру бөлімдерінде жұмыс істей алады.

5В072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Бұл мамандықты тәмәмдаған түлектерге «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша «техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы болып табылады: минералды шикізатты мақсатты өнімге химиялық өңдеу үрдістерін басқару; технологиялық үрдісті сараптауды іске асыру; бастапқы материал мен алынатын өнімнің қасиеттерін, құрылымын, құрамын сараптау; химиялық реакторлармен, аппараттармен жұмыс істеу.

Түлектер кен байыту комбинаттарында; минералды шикізатты өңдеу кәсіпорындарында; бейорганикалық қышқылдарды, негіздерді, тұздар мен минералды тыңайтқыштарды өндіру кәсіпорындарында; металлургиялық өнеркәсіп комбинаттарында; құрылыс, керамика, композициялық материалдарды өндіру зауыттарында; электрохимиялық өндіріс, плазмохимиялық үрдістер кәсіпорындарында, нанотехнология бойынша жұмыс жасайтын зауыттарда; зауыт, цех және ғылыми-зерттеу зертханаларында қызмет ете алады.

Технолог, инженер, химик-технолог, инженер-технолог, маман лауазымдарын атқара алады.

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Бұл мамандықты тәмәмдаған түлектерге «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша «техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы болып мұнай өңдеу, мұнай химиясы, полимерлерді өңдеу, геология, гидрогеология, тау-кен өнеркәсібі, ғылым және білім беру салалары табылады.

Түлектер органикалық заттарды өндіру, мұнай, газ, көмір және полимерлерді, эластомерлерді, лак-бояу материалдарын, оқ-дәрі дәрмек, қатты және сұйық ракета отындарын өңдеу кәсіпорындарында; көмірсутекті шикізаттарды алу, дайындау мен тасымалдау және оларды тиімді пайдалану кәсіпорындарында; ғылыми-зерттеу жобалау салалық институттарында; қорғаныс мекемелерінде жұмыс істей алады. Ғылыми-зерттеу институттарының, конструкторлық және жобалау мекемелерінде бірінші дәрежелі техник, кіші ғылыми қызметкер, инженер-лаборант, инженер лауазымдарын атқара алады.

5В074800 – Фармацевтік өндірістің технологиясы

Бұл мамандықты тәмәмдаған түлектерге «Фармацевтік өндірістің технологиясы» мамандығы бойынша «техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Білім алу үрдісінде студенттер дәрілік заттарды алу технологиясын, дәрілік заттың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде сапамен қамтамасыздандырудың мемлекеттік жүйе негіздерін, дәрілік заттардың аумағында бағаның белгіленуін, фармациядағы жаңа ақпараттық технологияларды жасауды меңгереді. Мамандық түлектері дәрілік заттардың алыну технологиясының теориялық негіздерін, дайын дәрілік үлгілердің дизайнын, дайын дәрілік үлгілердің және субстанцияны алу технологиясын жасаумен айналысады.

Түлектер химиялық-фармацевтік кәсіпорындарында, медициналық препараттарды және медициналық мақсатта тағайындалған бұйымдарды өндіру кәсіпорындарында, биотехнологиялық және парфюмерлік-косметикалық өндірістерде, техникалық бақылау бөлімдерінде, орталық-зауыттық зертханаларда, дәрілік затттардың сапасын бақылау және стандарттау зертханаларында, стандарттауды, сертификациялауды және лицензиялауды басқару ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында қызмет жасай алады.

Барлық мамандықтар бойынша білім алу несиелік технология бойынша жүргізіледі. Сырттай білім алуға мүмкіндік бар. Студенттер оқуын жалғастыра алады:

  • келесі мамандықтар бойынша магистратурада: 6М011200-Химия, 6М060600-Химия, 6М072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 6М072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 6М073900-Мұнай химиясы.

PhD докторантурада 6D060600-Химия мамандығы бойынша.

Сырттан келген студенттерге жатахана ұсынылады. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері үшін толық демалуға және спорттың барлық түрлерімен айналысуға жағдайлар жасалған. Біздің студенттерге студенттік емхана және емдік-сауықтыру орталығы, сонымен бірге тұрмыстық комплекс қызмет етеді. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да спорт кешені, стадион, спортзал, тау шаңғысы базасы және студенттер Сарайы бар. Жазғы демалыс уақытында студенттер Топар су қоймасы жағалауындағы спорттық-сауықтыру лагерінде, Қарқаралы, Балқаш демалыс орындарында демала алады.

Құрметті талапкер!!!

Болашақтағы шығармашылық қабілетіңнің жүзеге асуы сапалы дайындық пен білім алу үрдісінде белсенді қатысуыңнан тікелей тәуелді. Жақсы мамандар өмірдегі орынын әр уақытта таба алады. Оқуың табысты, студенттік өмірің қызықты және жарқын келешек болсын, талапкер!

Өз болашағыңды ҚарМУ-мен бірге баста!

Сіздерді қызықтырушы барлық сұрақтар бойынша әр күн сайын химия факультетінің деканаты мен университеттің қабылдау комиссиясына хабарласа аласыздар.

Біздің мекен жайымыз:
Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі, 41
(«Оңтүстік-Шығыс автостанция» аялдамасы),
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ. Химия факультеті
Тел: (8-7212) 34-19-40
Қабылдау комиссиясы:
Қарағанды қаласы , Университет көшесі,28
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ.
111, 113 кабинет
Тел: 8(7212) 77-03-85
Университет сайты: www.ksu.kz

2017/2018 оқу жылында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің мамандықтарыбойынша ақылы негізінде студенттердің оқу бағасының прейскуранты

Шифр Мамандық атауы Бағағы, тенге
Күндізгі

(4 жыл)

және күндізгі қысқартылған оқу түрі

(3 жыл)

Сырттай оқу түрі

(5 жыл)

Сырттай қысқартылған оқу түрі

(2 және 3 жыл)

5В011200 Химия 443300 198000
5В012500 Химия-Биология 443300 198000
5В060600 Химия 342900 198000
5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы 346600 198000
5В072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы 346600 198000
5В074800 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы 346600 198000

 

2017 жылдың межелік өту балдары (күндізгі оқу бөлімі)

 

Шифр Мамандық атауы Қаз. бөл. Орыс. бөл.
Жалпы Ауыл Жалпы Ауыл
5В011200 Химия 104 98 79 70
5В012500 Химия-Биология 116 105 93 68
5В060600 Химия 52 62
5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы 50 54
5В072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы 50 79
5В074800 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы 108 94

 

Химия факультетіне оқуға түсушілер келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Орта мектепті бітіргені туралы аттестаты мен қосымшасы (түпнұсқа+2 көшірмесі);
  2. 3×4 өлшемдегі 8 фотосурет (түрлі түсті немесе қара-ала);
  3. 086-У медициналық аңықтамасы (ағымдық жылдың флюорографиясы)
  4. Егу картасының көшірмесі 063-У;
  5. Жеке куəліктің 2 көшірмесі;
  6. 1 тезтікпе, 2 пошталық конверт (маркасыз);
  7. ҰБТ тапсырғаны туралы мемлекеттік сертификаттың (түпнұсқасы + 2 көшірмесі);
  8. Оқудың ақысын төлеген туралы түбіртек (ақылы оқу негізіне түсетіндерге)
  9. Әскери билет немесе тіркеу куəлігі + 2 көшірмесі (күндізгі оқу бөліміне түсетін ер азаматтарға).
  10. Мекен-жай анықтамасы

Оқуға түсу емтихандары кешенді тестілеу түрінде келесі пәндер бойынша жүзеге асырылады:

 

3 негізгі пәндер:

·         Математикалық сауаттылық

·         Оқу сауаттылығы

·         Қазақстан тарихы

+ 2 бейіндік пән (таңдаған мамандығына байланысты):

Биология+Химия

Химия+Физика

Халықаралық бірлестіктер

Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ химия факультеті халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуда. Осы саладағы міндеттер:

  • шетелдік компанияларда,халықаралық ұйымдарда факультет түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • студенттерге жетекші шетел университеттерінде оқытуды жалғастыруға мүмкіндік беру;
  • шетелдік серіктестермен бірлескен зерттеулер жүргізу;
  • әлемдегі жетекші заң мектептерінің деңгейіне жету мақсатында оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесін алу.

Химия факультеті халықаралық ынтымақтастыққа Якобс университеті (Бремен қаласы, Германия), Карлов университеті (Прага қаласы, Чехия), М. Ломоносов атындағыММУ, СБ РҒА А.В.Николаев атындағы бейорганикалық химия институты (Новосибирск қаласы, Ресей),Норфолк университеті(Норфолк қаласы, Вирджиния штаты, АҚШ),А.Н. Несмеянов атындағы элементорганикалық қосылыстар институты (Мәскеу қаласы, Ресей), СБ РҒА Г.К. Боресков атындағы катализ институты (Новосибирск қаласы), СБ РҒА механохимия және қатты дене химиясы институты (Новосибирск қаласы), Арбузов атындағы органикалық және физикалық химия институты (Қазан қаласы),«Неофит Рильский» Оңтүстік-Батыс университеті (Благоевград қаласы, Болгария), В. Гёте атындағы университеті (Франкфурт-на-Майн қаласы, Германия), Эйндховен технологиялық университеті (Нидерланд), Шыңжаң университеті (Шыңжаң провинциясы, ҚХР), Томск политехникалық университеті (Томск қаласы, Ресей), РҒА макромолекулалық қосылыстар институты (Санкт-Петербург қаласы, Ресей), Харбин политехникалық университетінің техникалық және технологиялық институты (Харбин қаласы, Қытай), Пекин университеті Пекин қаласы (ҚХР); Илинойс университеті, Чампейн қаласы (АҚШ), РҒА Н.Д.Зелинский атындағы органикалық химия институты (Мәскеу қаласы, Ресей), А. Тамчиев атындағы мұнай-химия синтезі институттары (Мәскеу қаласы, Ресей) қатысады.

Органикалық химия және полимерлер кафедрасының профессоры, х.ғ.д Салькеева Л.К. докторант С.Н. Мантлермен Венгрияның Сегеда университетінің профессоры, PhD докторы Хоманн Юдитпен бірлесіп мақалалар жазу туралы меморандум жасады.

Химия ғылымдарының докторы, органикалық химия және полимерлер кафедрасының профессоры Буркеев М. Ж. – докторант Ж.Б.Сатпаевының сын дайындау және докторлық диссертация бірлесіп мақала жариялау туралы келісіміне Чехия мемлекетінің Карлов университетінің профессоры Д. Хавличекпен қол қойылды.

Х.ғ.д., профессор М.И. Байкеновтің ғылыми тобы профессор Латвиханның ғылыми тобымен (Иллинойс университеті, АҚШ) және профессор Ма Фэн-юньның мұнай химия саласындағы ғылыми тобымен (Шыңжаң университеті, Үрімші қаласы, ҚХР); Қазақстан-Қытай жобасының бағдарламасына сәйкес «Орталық Қазақстанның және Шыңжаңның Тянь-Шань тауларының солтүстік тау бөктері мен көмір жағу агентін органикалық массасын кавитациялау арқылы сұйық және газ тәрізді өнімдерге көмірді өңдеу технологиялары» бірлескен зерттеулержүргізеді.

Профессор Су Ксин Тау (Шыңжаң Университеті) және химиялық технологиялар және мұнай химиясы кафедрасының ғылыми қызметкерлері басшылығымен көмір мен ауыр майларды сұйық және газ тәрізді өнімдерге өңдеу процестеріне жаңа ұрпақ нанокатализаторларын синтездейді.

Профессор Байкенов М.И. студенттер, магистранттар мен ғылыми зерттеушілер үшін Пекин университеті, Харбин политехникалық университеті және Шыңжаңуниверситетінде (ҚХР) «Мұнайхимия» және «Қатты отын химиясы» пәндері бойынша дәрістер өткізді.

Х.ғ.д., профессор Масалимов А.С. ғылыми тобы (Норфолк университеті, Вирджиния, АҚШ) материалтану бағытында профессор Рахимов Р.Р. Норфолкғылыми ұжымымен бірлескен зерттеулер жүргізеді.

Х.ғ.д. профессор Мерхатұлы Н. жобаның шеңберінде Ланкастер Университетінің (Великобритания) шетелдік әріптестерімен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізеді: органикалық күн сәулелеріне арналған жаңа азуленді олигомерлерді құру».

ТәжбаевЕ.М. және Буркеев М.Ж. профессорлардың ғылыми топтары профессор Й. Кройтердің (Гёте атындағы университет, Германия) РҒА корреспондент-мүшесі, профессор Панарин Э.Ф. (РҒА-ның жоғары молекулалық қосылыстар институты, Санкт-Петербург, Ресей) және профессор Алекс Ван Херк (Эйндховен технологиялық университеті, Нидерланды) фармацевтикалық нанотехнологиялар бағытында бірлескен зерттеулер жүргізеді.

Х.ғ.д., профессор Салькеева Л.К. – профессор Бузыкин Б.И. органикалық және физикалық химия институтынан А.Е. Арбузов Қазан Ғылым Академиясы (Қазан қаласы, Ресей) гетероциклді және органофосфор қосылыстары химиясының бағытында, сондай-ақ, фосфор құрамында органикалық қосылыстар саласында Герд-Фолькер Рошенталлердің Якобс университетінің профессоры (Бремен, Германия) әріптестерімен жұмыс жасайды.

Ағымдағы оқу жылында Карлов университетінің (Прага қаласы, Чехия) шетелдік ғалымдары – PhD докторы, профессор Давид Хавличек (дәріс тақырыбы: Solid State Chemistry) және PhD докторы Юрий Плоцек (дәріс тақырыбы: Chemistry of solid state materials) қатысты.

Ғылыми бағыттар

Ғылыми жұмыстар Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ұзақ мерзімді ғылыми-зерттеу жұмыс жоспары мен ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын гранттық тақырыптарға сәйкес жүзеге асырылады:

  1. Сұйық фазада тез жүретін протолиттік реакциялар механизмдері мен кинетикасының динамикалық ЭПР-спектроскопиясы және кванттық химиясы

Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Масалимов А.С.

  1. Ауыспалы металдардың сулы – органикалық еріткіштерде органикалық лигандалармен комплекстүзу үрдісінің электрондық спектроскопиясы

Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., профессор Халитова А.И.

  1. Сұйық кристалды қосылыстардың мезоморфты қасиеттер қалыптастырудағы физика-химиялық заңдылықтарының ab initio зерттеулері. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., профессор Абуляисова Л.К.
  2. Аминқышқыл ерітінділері және олардың туындыларының физика-химиялық қасиеттерін аспаптық зерттеу. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Кутжанова К.Ж.
  1. Дикарбон қышқылдары тұздарының жоғары температуралық өткізгіштігі жоғары көп элементті тотықар түзітетін элементтермен бірге тұнуын зерттеу. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Дюсекеева А.Т.;
  2. Разработка технологии комплексной переработки медного электролита. Мыс электролитін кешенді өңдеу технологиясын жетілдіру. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Омаров Х.Б.;
  3. Бөлшектер өлшемі басқарылуға келетін ауыспалы металлдардың нано бөлшектердің өндіру технологисын жетілдіру. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор
  4. Кокс газының атмосферасында ауыр мұнай қалдықтарының біріншілік тас көмір шайырымен бірг термохимиялық өңдеу. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Байкенов М.И.;
  5. Исследование и разработка технологии получения буроугольного воска из углей низких стадий метаморфизма Центрального Казахстана. Орталық Қазақстанның метаморфизм деңгейі төмен көмірлерден қоңыр көмірлі балауызды алу технологиясын зерттеу және жетілдіру. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., профессор Татеева А.Б.;
  6. Полипропиленгликольмалеинат пен полипропиленгликольмалеинатфталат негізінде жаңа конструкциялық материалдарды, ион алмасу заттарды және күшті ылғал сорбенттерін алу технологиясын жасау. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Буркеев М.Ж.;
  7. Күкіртті альбумин және полисүт қышқылының негізінде  туберкулезге қарсы және гепатопротекторлы препараттардың өндірісін ұйымдастыру бойынша өнеркәсіптік реактордың түптұлғасын құру. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Буркеев М.Ж.;
  8. Сутекік энергетикада қолданылатын қатты-тотықты отын элементтері үшін жаңа материалдары физика-химиялық зерттеу және синтез технологиясын әзірлеу. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к. Мустафин Е.С.
  9. Каз ҒИИПСХП отандық сүт өңдеуші кәсіпорындар қалдықтарынан лактоза және оның туындыларын алу технологиясын әзірлеу.Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Тажбаев Е.М.
  10. «Кейбір ауыл шаруашылығы дақылдарының өнгіштігін және өнімділігін жақсарту үшін қанықпаған полиэфирлі шайырдың сополимерлері негізінде жаңа ылғал сорбенттерін жасау». Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Буркеев М.Ж.

Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша кафедрада соңғы үш жылда Е.М. Тажбаевтың, Л.К. Салькееваның, С.О. Кенжетаеваның, Л.М. Сугралинаның, Т.С. Жумалиеваның, Е.В. Минаеваның және МИ. Байкеновтың монографиялары; 300 астам ғылыми мақалалар мен халықаралық, республикалық және аймақтық конференцияларда баяндама тезистері, 10 оқу-әдістемелік құралдар жарияланды.

Кафедрада ғылыми жобалар мен шаруашылық шарт жұмыстарын орындау бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Факультет профессорлары Е.М. Тажбаев пен М.Ж. Буркеев кафедра қызметкерлерімен гранттық қаржыландыру жобалары аясында ғылыми зерттемелер жүргізуде.

Соңғы жылдары 7 PhD докторлық диссертациясы қорғалды: Жапарова Л.Ж., Шибаева А.К., Буркеева Г.К., Тайшибекова Е.К.. Тур А.А., Абеуова С.Б., Түсіпхан А.,

«Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» грантымен х.ғ.к., профессор А.В. Омашева, х.ғ.к., доцент А.Т. Дюсекеева, х.ғ.к., профессор Татеева А.Б., х.ғ.к., доцент Л.К. Абуляисова  марапатталды.

Жетекші оқытушылардың дәрістері

Шетелдік және отандық жоғары оқу орындарында академиялық курстарды оқуға дайын

лекторлардың ұсынған курстар тізімі

Аты-жөні, тегі Ғылыми атағы, лауазымы Оқытылатын курстар Өткізу тілі Электрондық пошта
1 Тажбаев Е.М. Химия факультетінің деканы, х.ғ.д., профессор Химия мен фармациядағы нанотехнологиялар орысша tazhbaev@mail.ru
2 Татеева А.Б. х.ғ.к., профессор Ауыр мұнай және мұнай қалдықтарын терең өңдеу Орысша, қазақша almatateeva@mail.ru
3 Байкенов М.И. х.ғ.д., профессор Қатты отын химиясы орысша murzabek_b@mail.ru
4 Мерхатулы Н. х.ғ.д., профессор Органикалық электроника үшін жаңа азуленқұрамды біріккен олигомерлер Орысша, қазақша merhatuly@yandex.ru
Тәрбиелік жұмыс

Факультетте тәрбиелік жұмыс бағытталған түрде келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: қоғамдық-саяси және құқықтық, әскери-патриоттық, мәдени-эстетикалық және этномәдени, экологиялық, әлеуметтік, физикалық және салауатты өмір салтын үгіт-насихаттау, студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық потенциалдарын дамыту, діни экстремизмнің профилактикасы, құқықты бұзу, есірткіні пайдалану профилактикасы, сонымен қатар жатақханадағы тәрбие жұмысы.

Қыркүйек айында барлық академиялық топтарда «Академиялық адалдық ережелері», «Корпоративтік этика кодексін» талқылауға арналған кураторлық сағаттар өткізілді.

Факультет студенттреі мен ПОҚ «таза бейсенбі» және университеттік, қалалық, облыстық сенбіліктерге белсене қатысты

Химия факультетінің тәрбие жұмысы жоспары бойынша, сонымен қатар кураторлардың жоспары бойынша академиялық топтарда «Мәнгілік ел»  Ұлттық идеясын насихаттау бойынша кураторлық сағаттар жүргізілді.

Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы кезекшілік кестесіне сәйкес №5 жатақханада (1900ден 2200 ге дейін) кезекшілік етеді. Оқытушылар мен кураторлар студенттердің бөлмелерін тексеріп, олармен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту мәселелері жөнінде әңгімелеседі, тәртіп сақтауды қадағалайды. Жатақхананы тексеру барысында студенттермен жатақхана мүліктеріне ұқыптылықпен қарау, электр энергиясын үнемдеу, қауіпсіздік ережелері мен жатақхана ішінде тәртіп сақтау жөнінде сұхбаттар жүргізіледі.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” мақаласын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылдың 6 қарашасында химиялық технология және нефехимия кафедрасы №5 жатақанада «Рухани жаңғыру. 100 қадам» тақырыбында студенттерімен кафедра күнін өткізді

2017 жылдың 27 қарашасында физикалық және аналитикалық химия кафедрасы ұйымдастыруымен №5  жатақханада тұратын студенттермен көрнекті ғалым-химик, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ университетінің бірінші ректоры академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтің ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған  кездесу өтті.

2017 жылдың қыркүйек айында 1 курс студенттерінің арасынан белсенді және таланттыларын анықтау мақсатында «Жас талап-2017» сайысы ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысы бойынша факультет сайысты жоғары ұйымдастырғаны үшін және факультет студенттері дипломдар және еркерткіш сыйлықтармен марапатталды.

9 қыркүйек күні химия факультетінің студенттері кеңмасштабты «Өз денсаулығымыз өз қолымызда» атты ұранмен өткен «Денсаулық фестивальі-2017» акциясына қатысты.

25 қазанда факультетте 1 курс оқушыларын ҚарМУ студенттері  қатарынана қабылдау рәсімі өтті.

27 қазанда 1 курс студенттері Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Қоғамдық кеңесінің жыл сайын ұйымдастыратын «Біз-жемқролыққа қарсымыз!» атты ақциясына қатысты.

11 қарашада 2 курс студенті Егинбаева Диана «Алаш ордаға – 100 жыл!» тақырыбында өткен плакаттар сайысына қатысып жүлделі 2 орынға ие болды.

2017 жылдың 17,18 қараша аралығында факультет студенттері Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Халықаралық студенттер күніне арналған «Біз – Қазақстанның болашағымыз! – Мы – будущее Казахстана» атты студенттер форумына қатысты.

17 қарашада 1 курс студенті Махадиева Камшат және 2 курс студенті Төкен Тоғжан  «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыру аясында «Күй-тартыс» атты музыкалық-патриоттық акциясына қатысып 1 дәрежелі дипломдармен марапаталынды

7 желтоқсанда ХТОВ-41 тобының студенттері Халықаралық жемқорлыққа күрес күніне арналған «Рухани жаңғыру: жемқорлықсыз қоғам» атты облыстық форумға қатысты.

Химия факультетінде оқып жатқан студенттердің патриоттық рухын арттыру  мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған 20.11-08.12.2017 жылы аралығында студенттер арасында «Тәуелсіздік – ел тірегі»  атты шығармашылық жұмыстар конкурсы өтті

2017 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған патриоттық әндер айтудан музыкалық ән байқауы өтті. Екі конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаздар дипломдар және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.

 

Байланыс

M02A3G8, Қазақстан Республикасы
Қарағанды, қ., Мұқанов көшесі, 41

Химия факультеті

Декан: Тажбаев Еркеблан Муратұлы
тел: 8 (7212) 34-19-40

e-mail: kargu_chem@ksu.kz

website: www.ksu.kz

Top