Экономикалық

Хабарландыру

2014 жылдың 29 қыркүйегінен 1 қазанына дейін Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да «Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз Агенттігінің» (АРТА) сарапшылары «5B090800-Бағалау», «5В050800-Есеп және аудит», «6М050800-Есеп және аудит», «5В050900-Қаржы», «6М050900-Қаржы», «5В011500-Құқық және экономика негіздері», «6М011500- Құқық және экономика негіздері», «5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару», «6М051000- Мемлекеттік және жергілікті басқару», «5В051100-Маркетинг», «6М051100-Маркетинг», «5В090400-Әлеуметтік-мәдени тынығу», «6М090400- Әлеуметтік-мәдени тынығу», «5В030200-Халықаралық құқық», «5В020200-Халықаралық қатынастар», «5В020300-Тарих», «6М020300-Тарих», «5В051300-Әлемдік экономика», «6М050600-Экономика», «6М050700-Менеджмент», «6М090200-Туризм» білім бағдарламаларын ұлттық мамандандырылған аккредиттеу бойынша жұмыс жасайды.

Есеп және аудит кафедрасы
Экономика және халықаралық бизнес кафедрасы

Деканат телефоны: 8(7212) 77-03-58

Email: econom@ksu.kz

Сайт: http:/www.ksu.kz/about/faculties/economic

Тұйіндеме. Экономика факультеті халықаралық білім сапасының стандарттары бойынша халықаралық аккредиттеу рәсімінен ойдағыдай өтіп, Еуропалық менеджментті дамыту қорының (ЕҒІШ) сертификатын алған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары оқу орындары экономика факультеттерінің арасында бірінші болып отыр. Экономика факультеті 1972 жылы ашылды.

Экономика факультетінің миссиясы кәсіби білікдцерінғылыіуща, өңцірісте, кәсіпкерлік қызметте жүзеге асыруға қабілетті жаңа формациядағы экономист мамаңцарды даярлау болып табылады.

Қазіргі таңда факультет түлектері Қазақстан Республикасының ірі қаржыбанк құрылымдарының басшылары, Президент Аппаратының түрлі құрылымдарында, Денсаулық сақтау министрлігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде, қаржы жүйесінің аймақтық органдарында, қазына органдарында, қаржылық бақылау және мемлекеттік сауда жасау органдарында, Ұлттық банк органдарында және екінші деңгейдегі банктерде, сақтандыру компанияларында қызмет етеді.

Ғылыми қызметі. Экономика факультетінің құрылымында 6 кафедра бар: экономикалық теория; бухгалтерлік есеп және аудит; маркетинг; менеджмент; қаржы; экономика және халықаралық бизнес. Студенттер келесі бағыттар бойынша арнайы курстарды тыңдап шығуға мүмкіндіктері бар: микро және макроэкономика, саяси экономия, корпоративтік қаржы, қаржы есептілігінің халықаралық стандарттары, лизинг және франчайзинг институттарының пайда болуы, мемлекеттік және муниципалдық менеджмент, салық және салық салу, банк ісі, қаржынесиелік тетіктер, сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, экономиканы мемлекеттік реттеу, әлемдік экономика т. б.

Экономика факультеті бакалавриаттың, күндізгі, сырттай оқыту түрлері мен қашықтықтан оқыту технологиясының (екінші жоғары білім) келесі мамандықтары бойынша дайындықты жүзеге асырады:

5В011500 — Құқық және экономика негіздері
5В050600 — Экономика
5В050700 — Менеджмент
5В050800 — Есеп және аудит
5В050900 — Қаржы
5В051000 — Мемлекеттік және жергілікті басқару
5В051100 — Маркетинг
5В051300 — Әлемдік экономика 5В090200 — Туризм
5В090400 — Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис
5В090800 — Бағалау

Келесі мамандықтар бойынша магистратура:

6N0506 — Экономика
6N0507 — Менеджмент
6N0508 — Есеп және аудит
6N0509 — Қаржы
6N0510 — Мемлекеттік және жергілікті басқару
6N0511 — Маркетинг
6N0902 — Туризм
6N0906 — Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис

«Экономика және жаһандану жағдайында инновациялық даму» дайындау бағыты бойынша (PhD) докторантура

Экономика факультеті материалдық өндіріс пен қызмет көрсету сферасының барлық салаларына арнап экономист мамандар даярлайтын университеттегі ең ірі факультеттердің бірі.

Қазіргі таңда экономика факультетінің бес кафедрасында («Бухгалтерлік есеп және аудит», «Маркетинг», «Менеджмент», «Қаржы», «Экономика және халықаралық бизнес») бакалавриаттың 11 мамандығы, магистратураның 8, доктарутарының 1 мамандығы бойынша мамандар даярланады. Факультетте оқып жатқан студенттер мен магистранттар саны 3000 – ға жуық.Факультет құрамында нарықтық қатынастар Институтты қызмет атқарады.

Экономика факультеті қазақ, орыс және шет тілдерінде ғылыми және оқу әдебиеттерінен тұратын кітап қоры өте мол кітапханаға ие,сондай-ақ факультетің материалдық-техникалық базасы заман талаптарына сай.

Экономика факультеті жоғары білікті мамандарды дайындауды келесі мамандықтар бойынша жүргізеді:

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ – материалдық өндіріс пен қызмет көрсету барлық салаларына экономист-мамандар даярлайтын ең ірі фкультеттердің бірі.

Қазіргі таңда экономика факультетінің 5 кафедрасында бакалавриаттың 11 мамандығы, магистратураның 8, докторантураның 1 мамандығы бойынша мамандар дайындайды. Факультетте 1000-нан аса студенттер мен магистранттар білім алуда.

Факультетте келесі мамандықтар бойынша дайындық жүргізіледі:

5В011500-ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ

Түлектерге «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектер орта және орта кәсіби оқу орындарда құқық және экономика негіздері, экономикалық білімдер, мемлекет пен құқық теориясы негіздері бойынша оқытушы; әкімшілік білім беру мекемелерде, біліктілікті арттыру институттарда мамандар; білім беру жүйесінде менеджер, ғылыми қызметкер ретінде қызмет атқарады.

5В050600-ЭКОНОМИКА

Түлектерге «Экономика» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектер экономист, маман, аналитик лауазымдарда атқара алады: ҚР-ның Инвестициялар және даму министрлігінде, Ұлттық экономика министрлігі; министрліктер мен мекемелердің экономика департаменттерде, трансұлттық корпорациялар мен ұлттық компаниялар; облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктердің экономика мен бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменттерде; экономика және жоспарлау бөлімдерде, кәсіпорынның еңбек пен жалақы бөлімдерінде, фирмаларда, түрлі меншіктік ұйымдарда; мемлекеттік және коммерциялық банктерде, сақтандыру компанияларда, кедендік басқармаларда, статистикалық агенттіктерде және т.б.

5В050700-МЕНЕДЖМЕНТ

Түлектерге «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектер келесідей лауазымдарда атқара алады: басқару жүйесінде жоғары және орта буында жетекші, кейін түрлі экономикалық құрылымдарда жетекшілік лауазымда; әлеуметтік қызметтерде, басқару жүйеде ұйымдастыру бөлімшелерде, салааралық кешендерде, басқару мекемелерде, акционерлік қоғамдастықтарда, түрлі шаруашылық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарда: жоспарлау мен бақылау, оперативтік басқару бойынша экономист-менеджер, кадрмен, технологиялық және өндірісті техникалық дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғат қорын пайдалану, өнеркәсіптік өндіріс пен ұйымдарың түрлі қызметтік бөлімдердің қаржысы бойынша жұмыстарда; кіші, орта, және үлкен бизнес саласында, экономикалық басқармалық қызметтер мен мемлекеттік басқару ұйымдардың бөлімшелерде, сонымен қатар жеке меншік құрылымдарда экономист.

5В050800-ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ

Түлектерге «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектер келесідей лауазымдарда атқара алады: компания, фирма, банк және басқа шаруашылық субъекттерде бухгалтерлер; министрліктер, мекемелерде, фирмаларда есеп, есептілік әдістемесі мен аудиторлық жұмыс бойынша экономист; қаржы-мемлекеттік бақылау бойынша ұйымдарда, аудиторлық фирмаларда аудитор; бухгалтерлік есеп, оперативтік-экономикалық бақылау, шаруашылық қызметтерді талдау, жоғары және кәсіби орта оқу орындардағы аудит бойынша оқытушы.

5В050900-ҚАРЖЫ

Түлектерге «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектер республикалық, мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік мекемелерде, банктерде, биржаларда, қаржы және сақтандыру компанияларда, инвестициялық қорларда, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық банкте, ҚР бірыңғай зейнетақы қорының жүйесінде, қаржы мекемелерінде, түрлі деңгейдегі әкімшіліктегі қаржы басқармасы мен бөлімдерде, әр түрлі меншіктегі өнеркәсіптің қаржы қызметтерде және ұйымдарда қызмет атқара алады. Келесідей лауазымдарда қызмет атқара алады: қаржы бойынша басты және жетекші маман, қаржы директоры, қаржы менеджері мен қаржы аналитигі, аудитор немесе ревизор; сыртық экономикалық қызмет бойынша маман; салық инспекторы, салық полициясының маманы, кедендік комитет және т.б.

5В051000-МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ

Түлектерге «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектер халықпен жұмыс жасайтын ұйымдарда, мемлекеттік қызметкерлер ісі бойынша комитеттерде, департаменттерде, әкімшіліктерде, республикаларды, облыстарды, аудандарды, қалаларды әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша мемлекеттік және муниципиалдық қызмет бөлімдерде келесі лауазымдарда қызмет атқара алады: басқарудың орталық және жергілікті ұйымдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда, акционерлік қоғамдастықтарда, өндірістік компанияларда, қызмет көрсету саласының өндірістерде экономист; қаржы-кредиттік секторының басқару құрылымдардағы менеджер, әлеуметтік сфераның экономика саласында маман.

5В051100 – МАРКЕТИНГ

Түлектерге «Маркетинг» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектер өндірістер мен ұйымдарда келесі лауазымдарда қызмет атқарады: маркетолог, аналитик, маркетинг, жарнама, өткізу бойынша менеджер; қоғаммен байланыс бойынша менеджер; бренд-менеджер; логистика бойынша менеджер; эксперт-менеджер; сапа бойынша менеджер; тауартанушы-менеджер; баға белгілеу бойынша менеджер.

5В051300-ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА

Түлектерге «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектер түрлі деңгейдегі мемлекеттік ұйымдарда; өндірістік және кредиттік-банктік өнеркәсіптер саласында; қаржы, консалтингтік, сақтандыру және аудиторлық компанияларда, инвестициялық қорларда, сонымен қатар халықаралық келісімдер жасайтын шетел компанияларда қызмет атқара алады. Олар экономикалық қызметтерде, өндіріс пен фирманың экспорттық-импорттық, коммерциялық бөлімдерде меңгерушілік қызметке бағытталған.

5В090200-ТУРИЗМ

Түлектерге «Туризм» мамандығы бойынша қызмет көрсету бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектер туризм ұйымдарымен байланысты мемлекеттік басқарма мекемелерінде (министрлік, әкімшілік, олардың аумақтық бөлімшелері мен құрылымдары); әлеуметтік-мәдени сұрақтар мен туристік бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке компанияларда; туристік бағыттағы консалтингтік компанияларда; туризмді дамыту мәселесін зерттейтін ғылыми-зерттеу ұйымдарда; ішкі және сыртқы нарыққа туристтік қызметін жылжытумен айналысатын жарнамалық агенттіктер; мейманханалық шаруашылықтарда, ойын-сауық индустриясында қызмет атқара алады.

5В090400-ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Түлектерге «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету» мамандығы бойынша қызмет көрсету бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектер мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық ұйымдарда және ойын-сауық саласындағы мекемелерде, мейманханалық қызметтерде, әлеуметтік тамақтануда маман, менеджер және т.б. қызмет атқара алады.

5В090800-БАҒАЛАУ

Түлектерге «Бағалау» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектер жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, жерді, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды, машиналарды, жабдықтар мен көлік құралдарын, жаңа технологиялар мен жаңалықтарды, материалдық емес активтерді және зияткерлік меншікті, бизнесті бағалау бойынша сарапшы-бағалаушы, кеңесші; ғылыми-зерттеу ұйымдарда ғылыми қызметкер, түрлі салалық мен меншік түріне байланысты жоғары және орта деңгейдегі өндірістің, фирманың және ұйымдардың меңгерушісі қызметтерін атқара алады

Факультетте көптілділік топтары құрылған.

Түлектер оқуын 6М011500-Құқық және экономика негіздері, 6М050600-Экономика, 6М050700-Менеджмент, 6М050800-Есеп және аудит, 6М050900-Қаржы, 6М051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6М051100-Маркетинг, 6М090200–Туризм, 6М090400-Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету мамандықтары бойынша магистратурада жалғастыра алады.

Факультетте 6D050600-Экономика мамандығы бойынша докторантура бар.

Мамандық түлектері сарапшы-бағалаушы, жылжитын және жылжымайтын мүлікті, жерді, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды, машиналарды, жабдықтар мен көлік құралдарын, жаңа технологиялар мен жаңалықтарды, материалдық емес активтерді және зияткерлік меншікті, бизнесті бағалау бойынша кеңесші, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейімдегі ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғылыми қызметкері, әртүрлі салалар мен меншік нысандағы кәсіпорынның, фирмалардың және ұйымдардың жоғары және орта буын маманы.

Оқу мерзімі: күндізгі оқу түрі 4 жыл, сырттай қысқартылған оқу түрі (колледж базасында) 3 жыл, сырттай қысқартылған оқу түрі (жоғарғы білім базасында) бойынша 2 жыл.

Оқу тілі: мемлекеттік, орысша.

Барлық мамандықтарда оқу кредиттік технология бойынша жүзеге асырылады. Факультетте экпериментті түрде көптілде оқыту топтары қалыптасуда. Сырттай оқу түрі бойынша екінші білім алуға мүмкіндік бар. Студенттер магистратурада оқуды келесі мамандықтар бойынша жалғастыра алады: 6М011500 – Құқық және экономика негіздері, 6М050600 – Экономика, 6М050700 – Менеджмент, 6М050800 – Есеп және аудит, 6М050900 – Қаржы, 6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6М051100 – Маркетинг, 6М090200 – Туризм, 6М090400 – Әлеуметтік-мәдени сервис. Магистратура түлектері үшін 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша докторантура ашылған.

Басқа қалалардың студенттері үшін жатақхана бар. Оқу ғимараттарында студенттік асханалар бар. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері үшін спорттың барлық түрлерімен шұғылдануға және жан-жақты жақсы демалуға жағдай жасалған. Біздің студенттерге профилактория және студенттік емхана сонымен қоса тұрмыстық кешен қызмет атқарады. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттік спорттық кешендер мен стадион, спорт залдары мен Студенттік сарай және тау шаңғысы базасы бар. Жазғы каникул уақытында студенттер Топар суқоймасы жағасындағы спорттық-тынығу лагерінде, Балқаш, Қарқаралыдағы демалыс зонасында тынығуға мүмкіндіктері бар.

Өзіңнің болашығыңды

ҚарМУ-мен баста!

 

Top