Заң факультеті

Факультет туралы жалпы мәлімет

Қожахметов Ғалым Зейнекенұлы Заң ғылымдарының докторы, профессор 2001 жылдан бері заң факультетінің деканы

Заң факультеті Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУдегі ірі құрылымдардың бірі болып табылады. Күндізгі және сырттай оқу нысанындарында білім алатын студенттердің саны 1300 адамды құрайды. Оқытушылар мен қызметкерлер құрамы 65 адам.

Факультетте бейіндік және ғылым-педагогикалық бағыттағы магистратура бойынша білім беріледі. Магистранттардың жалпы контингенті 2017-2018 оқу жылында 105 адамды құрады.

Факультет 2013 жылдан бастап PhD докторанттарын даярлауды жүзеге асыруды. Бүгінгі күні онда 27 адам білім алуда. Өткен кезеңде факультет 5 PhD докторларын және 2 нострифицирленген PhD докторларын дайындады. 2016 жылы докторлық диссертацияларды қорғау бойынша Кеңес ашылған болатын.

Заң факультетінің миссиясы құқық қорғау жүйесі мен мемлекеттің шаруашылық субъектілері үшін құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасы жоғары деңгейлі, ұлттық және халықаралық құқық саласында кешенді білімі бар бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау болып табылады.

Қомақты материалдық база және сапалы оқытушылар құрамы оқу үрдісін жүргізуде қолайлы жағдайлар туғызумен қатар студент жастарға ғылыми өсуде, патриоттық және мәдени тәрбие беруде үлкен мүмкіндіктер беруде. Студенттікпен бірге факультеттің жас ұжымы да біршама есейген, олардың орташа жасы 45.

Факультет еңбек нарығындағы конъюнктура мен мемлекеттік және жеке білім беру секторларындағы жоғары бәсекені ескере отырып мамандарды даярлауды жоғарғы деңгейге қоюға тырысады. Біздің мамандардың дайындық сапасы бүкіл Республикада мойындалған. Іс жүзінде барлық құқық қорғау мекемелерінің жоғары және орта буын басшылары — Қарму түлектері.

Заң факультеті әлемнің дамыған озық елдерінде қолданылатын білім беру процесінің жаңа әрі өзекті нысандарын оқу үрдісіне белсенді енгізуде. Қазіргі уақытта білім берудің несиелік жүйесі, сырттай бөлімде қашықтықтан оқыту (2 мамандық) сәтті жұмыс жасауда. Осыған байланысты кафедраларда электрондық оқулықтар әзірленген және бүкіл оқу-әдістемелік материалдар электронды және қағаз тасығыштарға басылған. Оқытудың мұндай жаңа технологиялары оқу процесін аса қызықты және өнімді етіп, факультет абыройын көтеретініне күмән жоқ.

Заң факультетінде өзінің дамуының қысқаша тарихы болғанымен, ғылыми–педагогикалық потенциалы мол және оның ғылыми атағы Қазақстан Республикасы шегінде ғана емес, сонымен бірге шет елдерге де таралған. Заң факультетінің беделі — ол әр қайсысы өзінің үлесін қосқан барлық ұжымның жетістігі.

Факультет тарихы

70-жылдардың басында Қарағанды ​​педагогикалық институтының негізінде Қарағанды ​​мемлекеттік университеті құрылды. Университеттің басқа бөлімдерімен бірге Экономика және құқық факультеті құрылады. Кейіннен Заң факультеті дербестікке ие болды.

Заң факультетінің даму тарихы оның көшбасшыларымен тығыз байланысты. Бұл жағдайда білім беру, ғылыми және білім беру әлеуетін дамытуға және кадрлармен қамтамасыз етуге үлкен үлес қосқан бірінші декандардың бірі Мәжит Тайырұлы Имашевтің қызметімен байланысты болды.

Студенттер мен оқытушылар бас ғимарат құрылысында 1977 ж.

Партия жиналысы. 1978 жыл

Мажит Тайырұлы декан болып жұмыс істеген алғашқы күндерден бастап жаңа кафедраларды ұйымдастырумен, профессор-оқытушылар құрамын жоғары білікті мамандармен нығайтумен айналысты. Келесідей кафедралар құрылған болатын: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, еңбек және ауыл шаруашылығы құқығы, конституциялық құқық және кеңес құрылысы, қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу. Ол жас оқытушылардың ғылыми өсуіне қолайлы жағдай туғызып, заң факультетіне жан жақты қолдау көрсетті. Мажит Тайырұлының қолдауымен келесі оқытушылар кандидаттық диссертацияларын қорғады: Ахметова Н.С., Идрисова С.Б., Балтабаев К.Ж., Нұртаев Р.Т., Шопин В.Д., Ким К.В., Сулейменова Г. Ж.Байсалов А.С. және басқалар.

Ғылыми-тәжірибелік конференция. 1980 жыл.

Заң факультетінің деканы, кафедра меңгерушілері және студенттер 1981 жылғы Қазан демонстрациясында.

Заң факультетінің қалыптасуына және нығаюына доцент Шопин Виталий, доцент Куснидов Кыдырбай Кусниданович, доцент Куликов Владимир Иванович, доцент Жүнісов Бахтыбай Жолжақсынұлы, доцент Умуркулов Максим Капарович, доцент Кубеев Еркин Киноятович сияқты декандар өз үлестерін қосты.

Түлектерді жұмысқа бөлу. 1981 жыл.

Бірінші мамыр демонстрациясы. 1982 жыл.

Қыруар жұмыстардың арқасында заң факультетінің іргетасы қалыптасты, ол жыл сайын өзінің ғылыми және кәсіби әлеуетін арттырып, қысқа мерзім ішінде республикадағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінен кейінгі екінші орында болды. Факультеттегі бүгінгі күні студенттер мен оқытушылар тарапынан құрметтелетін үздік дәстүрлердің негізі сол бір тарихи кезеңдерде қаланған болатын. Декандардың, кафедра меңгерушілерінің және оқытушылардың сіңірген еңбектерінің арқасында факультет біліктілігі жоғары заңгерлік кадрларды даярлайтын орынға айналды. Оның оқушылары біздің елде ғана емес, сонымен қатар шетелде де танымал. Олар егемен мемлекеттің қоғамдық, саяси және ғылыми өмірінің барлық салаларында жұмыс істейді. Олардың ішінде: Тусупбеков Р.Т. – Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты, С.Б. Ақылбай – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Дулатбеков Н.О. – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Х.Ә. Әбішев – Қазақстан Республикасы Парламентімен байланыс жөніндегі Бас прокурордың көмекшісі, Шапак У.Ш. – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі,  Тоғжанов Е.Л. – Маңғыстау облысының әкімі, М.Абилов – Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы, М.Сексембаев – Қарағанды облысының прокуроры және тағы басқалар.

Факультеттің тәрбиеленушілері құқық қорғау және мемлекеттік қызметте ғана емес, сондай-ақ ғылыми жолда үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Бұндай түлектердің қатарында,  Жүнісов Б.Ж. және Жанайдаров И.О. танымал ғалымдар, ғылым докторлары, Қазақстанның алдыңғы қатарлы заң университеттерінің жетекшілері болып табылады. Заң ғылымдарының докторы, профессор Кубеев Еркін Киноятович 2004 жылдан бастап Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры.

Фотогалерея

Заң факультетінің деканаты

Қарағанды облыстық прокуратурасының қызметкерлерімен кездесу

Жастар форумы

Оқу кабинеті

Криминалистика және сот-сараптама зертханасы Олимпиадалар мен байқаулардағы студенттеріміздің жеңісі


Кристиан Цомплак – з.ғ.д., Вроцлав университетінің профессоры (Польша)

Сот процесі ойыны

Заң факультетінің магистранттары Чехия Парламентінің Сенатында
Заң факультетінің магистранттары Прагада тағылымдамада (Чехия)

Жаңа электронды микроскоп

Оқытушы Ботагарин Р.Б. М.Ломоносов атындағы ММУ-де тағылымдамада (2008 жыл желтоқсан)
Бойко Ганчевскии – София университетінің профессоры

 


Студенттер электронды ресурстар залында

Студенттер соттық сараптама сабағында
Білім беру бағдарламалары

Халықаралық құқық

  • 5В030200 – Халықаралық құқық (kaз/рус)

Құқықтану

Талапкерлерге арналған ақпарат

Құрметті
ТАЛАПКЕР,

Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университетінің
Заң факультетіне
түсуге шақырамыз

Академик Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-нің заң факультеті 1972-жылы құрылды. Факультет ғылыми–педагогикалық потенциалға ие және Қазақстан Республикасы шегінде ғана емес шет елдерде де ғылыми атағы таралған ірі бөлімдерінің бірі болып табылады. Факультет өзінің түлектерін де мақтан тұтады. Атап өтетін болсақ, Тусупбеков Р.Т. – Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты, С.Б. Ақылбай – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Дулатбеков Н.О. – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Х.Ә. Әбішев – Қазақстан Республикасы Парламентімен байланыс жөніндегі Бас прокурордың көмекшісі, Шапак У.Ш. – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі,  Тоғжанов Е.Л. – Маңғыстау облысының әкімі, М.Абилов – Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы, М.Сексембаев – Қарағанды облысының прокуроры және тағы басқалар.

Факультеттің тәрбиеленушілері құқық қорғау және мемлекеттік қызметте ғана емес, сондай-ақ ғылыми жолда үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Бұндай түлектердің қатарында,  Жүнісов Б.Ж. және Жанайдаров И.О. танымал ғалымдар, ғылым докторлары, Қазақстанның алдыңғы қатарлы заң университеттерінің жетекшілері болып табылады. Заң ғылымдарының докторы, профессор Кубеев Еркін Киноятович 2004 жылдан бастап Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры. Заң факультетінің беделі – бұл әрқайсысы өз үлесін қосқан барлық ұжымның жетістігі. Заң факультеті бүгінгі күні: 7 доктор, 30 доцент, кандидаттар, сонымен қатар 34 заң ғылымдарының магистрлері, 1300 студент және магистрант; 5 кафедра: конституциялық және халықаралық құқық, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, азаматтық және еңбек құқықтары, қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық процесс және криминалистика.

Криминалистика және сот сараптамасы оқу зертханасы, мамандандырылған кабинеттер; сот залы, ғылыми зерттеулер мен мемлекеттану ғылыми-зерттеу институты; заң клиникасы қызмет жасайды.

Заң факультетінде күндізгі және сырттай оқу бөлімдерде мемлекеттік және орыс тілдерінде келесідей мамандықтар дайындалады:

5B030100 – Құқықтану

5B030100 – Құқықтану мамандығын бітірген түлекке құқықтану бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Студенттер оқу үрдісінде құқықтық нормаларда жүзеге асыруға, көпшілік және жеке мүдделерді қорғау кезіндегі қоғам өмірінің түрлі саласындағы құқықтық тәртіп пен заңдылықтарды нығайтуды қамтамасыз етуге даярланады.

Біздің түлектер:

  • судья, сот мамандары;
  • прокурорлар мен прокурорлардың орынбасарлары;
  • полиция, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері;
  • кәсіпорындар мен мекемелердің заң кеңесшілері;
  • тіркеу бөлімі, ХҚКО мамандары және т.б .;
  • адвокаттар, нотариустар;
  • салық қызметінің мамандары және сот приставтары болып жұмыс істей алады.

Сот процесінен ойын.

Криминалистика және сот сараптамасы оқу зертханасындағы сабақ

5B030200 – Халықаралық құқық

5B030200 – Халықаралық құқық мамандығын бітірушілерге халықаралық құқық мамандығы бойынша құқық бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Халықаралық құқық кабинеті

Мамандық бітірушілері келесі қызметтерді атқара алады:

  • заңгер-сарапшы;
  • халықаралық құқық саласындағы кеңесші (ҚР министрліктері мен агенттіктерінде, халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде);
  • заң кеңесшісі;
  • адвокат (сыртқы экономикалық және сыртқы саяси қызмет мәселелері бойынша);
  • ҚР құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері;
  • Жергілікті мемлекеттік басқару органдары аппаратының маманы және т.б.

Өз болашағыңды ҚарМУ-мен бірге баста!

Біздің мекен жайымыз:
Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28 № 1 корпус
академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ. Заң факультеті
деканат тел: (8-7212) 77-03-91

Қабылдау комиссиясы:
Қарағанды қаласы , Университет көшесі, 28
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ.
111, 113 кабинет
Тел: 8(7212) 77-03-85

«27 мкрн» немесе «ҚарМУ» аялдамасына дейін:автобус № 40,70,145,118

маршруттық такси: № 02, 04, 07, 13, 23, 66
Университет сайты:www.ksu.kz

Халықаралық ынтымақтастық

Заң факультеті Болгария, Қытай, Польша, Чехия, Ресей Федерациясы, Украина, Белоруссия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және басқа елдердің ірі ғылыми орталықтарымен дәстүрлі байланыстарды жалғастырып келеді. Ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімдер жасалған.

Магистранттар Прага қаласындағы Карл университетінде тағылымдамадан өтуде.

Чехия Республикасының Парламенті. Прага қ.

ҚарМУ оқытушылары түрлі халықаралық бағдарламалардың қатысушылары болып табылады. Мысалы, Турлаев А.В. ЕҚЫҰ Бала құқықтары жөніндегі ұйымы 2017 жылғы 26-27 тамызда Астанада ұйымдастырған тренингке қатысты.

Оқытушылар Балғымбекова Г.У. мен Рысжанова Г.С. Халықаралық қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл бағдарламасы бойынша Мәскеудің қаржылық мониторингінің оқу-әдістемелік орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

2017 жылдың 14-22 қаңтарында аға оқытушы Нұрбекова Г.Т. және заң факультетінің 4 студенті Францияда (Парижде) келесі тақырып бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті: «Role of international courts and arbitration in the development of international law. Educational experience of france in the field of law».

Вроцлав университетіндегі докторанттардың ғылыми тағылымдамасы (Польша)

Заң факультеті оқытушыларының шетелдік және отандық жоғары оқу орындарында оқу үшін ұсынылатын дәрістердің академиялық курстары

Оқытушының ТӘЖ Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Дәріс курстарының тақырыптары Тілі
1 Қожахметов Ғалым Зейнекенович З.ғ.д., профессор, заң факультетінің деканы «История становления и развития национальной государственности в Казахстане» Орысша
2 Ахметова Найля Сейсембековна З.ғ.к., мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры «Проблемы обычного права казахов» Орысша
3 Машабаев Аманбек Жуканович З.ғ.к., қылмыстық құқық және криминология кафедрасының доценті «Уголовно — правовая охрана прав и свобод личности в РК» Орысша
4 Божқараұлы Алтай З.ғ.к., конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының доценті Становление миграционного права в системе национального право Қазақша
Ғылыми бағыттар

Заң факультетінің ғылыми бағыттары

– Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің теориялық және халықаралық-құқықтық мәселелері

– тәуелсіз Қазақстандағы азаматтық қоғамды қалыптастыру;

– Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесін қалыптастыру тұрғысында азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері;

– қылмыстардың біліктілігін арттыру мәселелері;

– діни экстремизм және терроризм: құқықтық, психологиялық және соттық аспектілер.

2013 жылы ҚарМУ да заң факультетінің базасында «Құқықтық зерттеулер және мемлекеттану» ғылыми-зерттеу институты құрылды. Институт институттың қызметкерлері, оқытушылары, магистранттар мен Phd докторанттардың қатысуымен фундаменталды, қолданбалы, шарттық ғылыми зерттеулер бағдарламалары бойынша өз қызметін жүзеге асырады. Қазіргі кезде «Қазақстандағы және қазіргі әлемдегі кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жүйесінің дамуы мен қалыптасуы жағдайында бала құқығын конституциялық-құқықтық қорғауы және қамтамасыз ету» тақырыбындағы гранттық тақырыпты жүзеге асыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жетекшісі – заң ғылымдарының докторы, профессор Е.К.Кубеев.

Факультет жыл сайын шетелдік және республиканың басқа да жоғары оқу орындарының ғалымдары мен тәжірибе қызметкерлерінің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. 2000 жылдан бастап факультет 16 конференция өткізді, олардың 11-і Халықаралық. Осылайша, 2014 жылы «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы үресудің өзекті мәселелері: теориясы мен практикасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция» өткізілген болатын. 2015 жылы Қазақстан Республикасының «Конституциясының 20 жылдығына арналған «Конституция әлеуеті және Қазақстандағы құқықтық мемлекеттілікті қалыптастыру жағдайындағы конституциялық құндылықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді, 2016 жылы  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Қазақстандық заңнаманы жетілдіру: теория және тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді, 2017 жылы «Интеграциялық процесстер ауқымында ұлттық заңнаманы үйлестіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Заң факультетінің 10 оқытушысы «ЖОО үздік оқытушысы» атағына ие болды.

Кафедралардың профессорлық оқытушылық құрамдарының мақалалары Thomson Reuters, Scopus, РИНЦ ғылыми басылымдарында басылған.

Факультет оқытушылары шетелдік ғалымдарымен бірге монографиялар, оқулықтар шығарылып, ғылыми мақалалар жарияланды. Конференциялар, олимпиадалар, дөңгелек үстелдер және ғылыми-зерттеу жұмыстарының басқа да түрлері өткізілді, бұл факультеттің жақын және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен қарым-қатынасын кеңейтіп, факультетке заң ғылымына қатысты барлық халықаралық ғылыми жобаларға қатысуға мүмкіндік береді.

Факультеттің профессорлық оқытушылық құрамы TEMPUS-VI бағдарламасының шеңберінде «Орталық Азиядағы жоғары білімге: Тюнинг құрылымы мен сапалы мәдениетті қалыптастыру» (TuCAHEA) Халықаралық гранттық жобасын жүзеге асыруға қатысты.

Біліктілікті арттыру, шетелде тағылымдамадан өту

2014 жылдың қыркүйек айында Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы Нұрбекова Г. Феррара университетінде (Италия) «Erasmus Mundus» халықаралық грант бағдарламасы бойынша 1 айлық тағылымдамадан өтті (2014 жылдың қыркүйек айы).

Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент Киздарбекова А.С. 2016 жылдың 18-30 сәуір аралығында Пенсильвания штатында «Visiting scholar in Penn State Law school» жобасы бойынша АҚШ-та шетелдік тәжірибеден өтті.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

Заң факультеті студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына баса назар аударады. Заң факультетінің барлық кафедраларында студенттік ғылыми-зерттеу топтары жұмыс істейді. Факультеттің студенттері халықаралық, республикалық, аймақтық және университеттік конференцияларға, ғылыми жұмыстар конкурстарына, пәндік олимпиадаларға белсене қатысады.

2014 жылы ҚарМУ командасы «Құқық» мамандығы тобында оқитын, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында өтізілген республикалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша 12 команданың ішінде жалпыкомандалық 3 оырнды иеленді (ҚР Білім және ғылым Министрінің ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды), 3 курс студенті Нұрмағанбетов A.Ж. 3-ші орынға ие болды – ҚР Білім және ғылым Министрінің ІІІ дәрежелі құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, олимпиада қатысушылары әр түрлі номинациялар бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өтізілген студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауына қатысып, дипломдармен марапатталды.

– Самат Ж. – ҚР Жоғарғы Сотының «Үздік жұмыс» номинациясындағы І дәрежелі Дипломымен марапатталды (ғылыми жетекшісі аға оқытушы Сұлтанбекова Г.Б.)

– Қабдулмахитова М.М. – «Қазіргі заманғы құқықтық мансап» тақырыбындағы «Үздік жұмыс» номинациясындағы Қазақстан заңгерлері Одағының І дәрежелі дипломымен марапатталды  (ғылыми жетекшісі з.ғ.к., доцент Жамиева Р.М.)

– Ысқақ Ж. – ҚР Жоғарғы Сотының «Үздік жұмыс» номинациясындағы ІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды (ғылыми жетекшісі доцент Байжанова Г.Т.)

2015 жылдың 16 мамырында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен «Үш би» жас ғалымдарының республикалық конкурсында 2-курс студенті Ким Е. 1-ші орынды иеленіп Қазақстан Республикасы Білім және Республикасы Білім және ғылым министрінің І дәрежелі дипломымен марапатталды (ғылыми жетекшісі аға оқытушы Старожилова Н.П.).

2016 жылы заң факультетінің студенттері мен магистранттары қылмыстық-іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының жетекшілігімен  Оңтүстік-Батыс Мемлекеттік Университетінің (Ресей Федерациясы) үздік ғылыми жұмысына арналған халықаралық ашық конкурсқа қатысып, келесі дипломдарға ие болды: 3 курс студенті Ким Е студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың ғылыми эсселерінің Халықаралық конкурсына қатысып 3 орынды иеленді (Мәскеу).

2016 жылдың сәуір айында заң факультетінің командасы «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша оқитын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы Республикалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша пәндік олимпиадада 3 орын алды.

2016 жылы 25 қарашада Л.Н. атындағы Еуразия ұлттық университетінде заң факультетінің командасы азаматтық құқық циклы (азаматтық, экологиялық және жер құқығы) пәндері бойынша Халықаралық студенттік олимпиадаға қатысып 3 орынды иеленді. (Астана).

Магистратура және докторантура

Факультетте докторантура, магистратура, тағылымда және БАФ арқылы оқытушылардың ғылыми деңгейін көтеруге көп көңіл бөлінеді. Магистратурада мамандар екі бағыт бойынша білім алады: профильдік және ғылыми-педагогикалық.

Факультетте магистратура 1998 жылдан бастап жұмыс істейді. Ағымдағы оқу жылында магистратурада 105 адам, докторантурада 27 адам білім алуда.

Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: ғылыми практиканы өту, ғылыми мақалаларды жазу, конференцияларда баяндама жасау, курстық және магистрлік диссертациялық жұмыстарды жазу және қорғау.

Жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауда заң ғылымдарының докторы, профессор,  ЖБ ХҒА академигі Е.К. Көбеев және заң ғылымдарының докторы, профессор Г.З. Қожахметов көп жұмыстар жасауда.

Факультеттің жетекші оқытушыларының дәрістері

Заң факультетінің оқытушылары шетелдік және отандық жоғары оқу орындарында оқу үшін ұсынылған дәрістердің академиялық курстары

Оқытушының ТӘЖ Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Дәріс курстарының тақырыптары Тілі
1 Қожахметов Ғалым Зейнекенович З.ғ.д., профессор, заң факультетінің деканы «История становления и развития национальной государственности в Казахстане» Орысша
2 Ахметова Найля Сейсембековна З.ғ.к., мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры «Проблемы обычного права казахов» Орысша
3 Машабаев Аманбек Жуканович З.ғ.к., қылмыстық құқық және криминология кафедрасының доценті «Уголовно — правовая охрана прав и свобод личности в РК» Орысша
4 Жамиева Роза Мусилимовна З.ғ.к., доцент қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі — Уголовный процесс
— Судебная адвокатура
— Criminal trail law
— defender of justice
Орыс./ағыл.
5 СултанбековаГульмира Болатовна Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы — Судебная риторика
— Юридическая техника в уголовном процессе
Орысша
6 Сухотерин Владимир Егорович Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Прокурорский надзор Орысша
7 Аренова Лейла Клементьевна З.ғ.к., қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті — криминалистичес-кая психология
— нетрадиционные методы в криминалистике
Орысша
8 Абзалбекова Марал Тлеугабыловна Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы ·                     Соттық риторика

·                     Қылмыстық іс жүргізудегі заңдық техника

Қаз
9 Тусупов Нурлан Мухамеджанович Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Международные стандарты и принципы в уголовном процессе Орысша
10 Оленберг Галина Васильевна Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы — Судебные экспертизы
— криминалистичес-кая техника
Орысша
11 Божқараұлы Алтай Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к. Қазақстан Республикасындағы көші қон құқығының қалыптасуы және оның ұлттық құқық жүйесіндегі орны Қаз
12 Мусилимова КарлыгашСериковна Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к. Институт государственной службы Орысша
13 Балгимбекова Гульнара Укибаевна Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD Конституционно-правовой институт гражданства РК Орысша
14 Ержанова Фарида Анаевна Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к. Актуальные вопросы института Конституционного контроля в РК и ЗС Орысша
15 Какимова Майра Шариповна З.ғ.к., профессор мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі Правовое сознание Казахстанского общества Орысша
16 Турлаев Андрей Викторович З.ғ.к., мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының доценті — Теории прав человека
— Модельное законодательство
— Правовое регулирование институтов гражданского общества
Орысша
17 Прудникова М.Ю Азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасының аға оқытушысы «Гражданско-правовое регулирование медицинского обслуживания» Орысша
18 Жаскайрат Мира Жаскайратовна З.ғ.к., азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасының доценті «Брачный договор»
«Медиация как способ разрешения конфликтов»
«Тенденция развития семейного права»
Орысша
19 Ильясова Гульжазира Ахтореевна З.ғ.к., азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасының доценті «Транспортное право»
«Методика рассмотрения гражданских дел»
Орыс.  Каз
20 Киздарбекова Антонина Сериковна З.ғ.к., доцент азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасының меңгерушісі «Право общей долевой собственности» «Правовое регулирования частного
предпринимательство»
Орысша
21 Кыздарбекова Баян Жакеновна З.ғ.к., қылмыстық құқық және криминология кафедрасының доцент 1. Правовое положение осужденных
2.Теория и практика назначения наказания
3.Теория и практика исполнения наказаний
Орысша
22 Озбеков Дархан Озбекович З.ғ.к., қылмыстық құқық және криминология кафедрасының доцент 1. Қылмысқа қатысудың қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспекттері
2. Ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы күрес
Қазақша
23 Калгужинова Айгуль Майлыбаевна Құқық магистрі 1. Уголовно-правовые и криминологические аспекты борьбы с преступлениями против личности
2. Предупреждение экономических преступлений
Орысша
Тәрбиелік жұмыс

Қазақстан Республикасындағы білім беру саясатының басым бағыты кәсіби міндеттерді шеше алатын, білімді шығармашылықпен жүзеге асыратын және жоғары азаматтық қасиеттерге ие мамандарды даярлау сапасын арттыру болып табылады


Студенттер сенбілікте

Осы мақсатқа жету дұрыс жолға қойылған тәрбие жұмысы болғанда ғана мүмкін. Бұл жағдайда кураторлар мен курстардың инспекторлары маңызды рөл атқарады. Факультеттегі тәрбие жұмысы университеттің және заң факультетінің тәрбие жұмысының жоспары негізінде жүргізіледі.

Куратордың қызметі, ең алдымен, оқу үдерісінің тәрбиелеуші сипатын күшейтуге бағытталған. Бұл жолда кураторлық сағаттар өткізудің маңызы жоғары.

Бірінші курс студенттерін университет өміріне тартудың жақсы дәстүрі – жыл сайын өткізілетін «СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚОСУ» байқауы болып табылады. Байқау университеттің факультеттері арасында қазан айында университеттің жетістіктерін, оқытушылар мен факультетті студенттерімен таныстыру, шығармашылық және ұйымдастырушылық тұрғыда белсенді және талантты студенттерді анықтау мақсатында өткізіледі. Конкурстың қорытындысы бойынша заңгер студенттер жиі сыйлықтар алады.

Жатақханадағы тәрбие жұмысы факультет деканатының, жастар ісі жөніндегі комитет қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Факультетте университеттің жатақханаларында профессор-оқытушылар құрамының кезеекшілік кестесі жасалған.

Жыл сайын профессор-оқытушылар құрамы белгілі қоғам қайраткерлерімен, алыс және жақын шет елдер ғалымдарымен, құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездеседі. Мысалы, соңғы бірнеше оқу жылында келесі кездесулер өткізілді:

  • 2010 жылы наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Темірболатовпен;
  • 2011 жылы қыркүйекте ҚР Бас прокурорының көмекшісі Х.А. Әбішевпен кездесу;
  • 2012 жылы мамырда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Шәкіровпен;
  • 2012 жылдың қазан айында Университетте Қазақстан Республикасы Конституциясының және мемлекеттік рәміздерінің негіздерін білу бойынша облыстық студенттік олимпиада өтті.
  • 2013 жылғы мамырда Қарағанды ​​облыстық сотының мүшесі Ж.К.Жакуповпен;
  • 2015 жылы Қарағанды ​​облысы Әділет департаментінің басшысы М.Әбіловпен кездесу өтті;
  • 2016 жылы Оңтүстік-шығыс ПБ ұжымымен және полицияға көмек көрсету тобының қызметкерлерімен кездесу өтті;
  • 2017 жылдың желтоқсанында Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Әбдіровпен кездесу өтті.

Факультет басшылығы студенттерді білім беру және әлеуметтік салаларда қолдауда барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. Атап айтқанда, жоғарғы курс студенттерін университетті аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу мәселесіне қатты алаңдатады. Осыған байланысты деканат және ректорат Қарағанды облысының құқық қорғау органдарының басшыларымен үнемі кездеседі, онда студенттер жұмысқа орналасу проблемаларын шешуге мүмкіндік алады.

Конференция өтуде

«Құқықтық зерттеулер және мемлекеттану» ҒЗИ дөңгелек үстелі

Сенбілікте

«Таза бейсенбі»

Заң факультетінің студенттері «Жарқын» ансамблінің құрамында

Оқу жылы бойы заң факультетінің студенттері мен оқытушылары университеттегі және облыстыағы салауатты өмір салтын насихаттайтын барлық іс-шараларыға қатысады. Ректордың кубогы үшін «Бірінші курс», «Сергектік және денсаулық» ойындарына заңгерлердің қатысуы дәстүрге айналған.

Байланыс

Деканаттың орналасқан жері: Қарағанды қаласы, Университетская  көшесі 28, 332 кабинет. Телефон 77-03-91 (1068).

Top