Толығырақ

Олимпиаданың мақсаты – білім арқылы тілдік және мәдени әр алуандықты сақтау және дамыту.

Барлығы 18 тіл: қазақ, орыс, қырғыз, тәжік, түрікмен, өзбек, татар, шугнан, ағылшын, француз, неміс, қытай, корей, түрік, араб, ұйғыр, парсы, дари.

Көптілділік бойынша өтетін халықаралық олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан студенттері қатысатын болады. Халықаралық олимпиадаға қатысуға Орталық Азия елдерінің 10 жоғары оқу орнынан және Қазақстанның 15 жоғары оқу орнынан студенттер өтініш білдірген. Жалпы олимпиадаға 25 жоғары оқу орнының командалары қатысатын болды.

Олимпиаданың серіктес ұйымдастырушылары Қарағанды облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердіңбіліктілігін арттыру институты».

Олимпиада аясында «Өрлеу» БАҰО» модераторларымен көптілді білім беретін кадрларды даярлау мәселелері бойынша семинар өткізу, сонымен қатар екінші тілді оқыту әдістемесі және пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесі бойынша шеберлік-сабақтарын (CLIL) өткізу көзделіп отыр.
Көптілділік бойынша өтетін халықаралық олимпиаданың ашылуы 2017 жылдың 4 мамырында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Студенттер сарайында. 
4 мамырда таныстыру кеші өтеді, олимпиада қатысушылары көркем тілмен өз командасын, жоғары оқу орнын, өз елін таныстырды.
Олимпиаданың қорытындысы – 6 мамыр Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Студенттер сарайында. Жүлделі орындармен қатар «Ана тілдің үздік білгірі», «Мемлекеттік тілдің үздік білгірі», «Шет тілдің үздік білгірі», «Орталық Азия тілдерінің үздік білгірі», «Супер полиглот», «Ең көптілді команда» номинациялары қарастырылған. Жеңімпаздар олимпиада ұйымдастырушылары Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, ЕҚЫҰ, Қарағанды облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Top