Толығырақ

Маркетинг бойынша өткен олимпиаданың финалына қазақстандық жоғары оқу орындарынан құрамы 29 студент пен 6 жетекшіден жасақталған 6 команда шықты.

1 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехника университеті, «Ауыл бренді» командасы, Астана қ.
2 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Феникс» командасы, Алматы қ.
3 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Лимон» командасы, Алматы қ.
4 М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал қ.
5 Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Ақтөбе қ.
6 Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Times New Roman» командасы

Олимпиаданың финалы 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең – университет және команда презентациясы;
2 кезең – «Қазақстанда өнімдер (қызметтер) брендін жылжыту негізінде инновациялық идеяларды әзірлеу» тақырыбында бейнеролик түрінде тапсырмалар презентациясы.
3 кезең – капитандардың зияткерлік конкурсы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті атынан «Маркетинг» мамандығында оқитын Жуканова Алина, Уәлибека Күнсұлу, Дауленова Мадина, Стожарова Кристина (ғылыми жетекшісі — э.ғ.д., профессор Тлеубердинова Айжан Тоқтарқызы және э.ғ.м., оқытушы Торжанова Данагүл Әсетқызы) сынды 2-3 курс студенттерінен жасақталған «Times New Roman» командасы шықты.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің командасы барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша ІІ орынды жеңіп алды.

Top