Толығырақ

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 10 жоғары оқу орнынан 21 команда қатысты. Олардың қатарында:Қазақ спорт және туризм академиясы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Алматы технологиялық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Алматы менеджмент университеті, Халықаралық бизнес университеті, Нархоз университеті, Тұран университеті, Қазақ технология және бизнес университеті бар.

Олимпиада 3 кезеңнен тұрды:

 

  • компьютерлік тестілеу,
  • жобаларды қорғау,
  • зертханалық-тәжірибелік.Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ экономика факультетінің құрамы Шохаманова Арайлым (СЕР-31), Полатова Таңшолпан (СЕР-34с), Қабдуахит Балкен (РД-21) сынды студенттерінен жасақталған командасыжалпыкомандалық есеп бойынша ІІ орынды жеңіп алды. Жеке есеп бойынша ҚР БҒМ ІІ дәрежелі дипломымен Полатова Таңшолпан марапатталды.

 

Top