Толығырақ

Сәуір айының 21 жұлдызы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Республикалық жоғарғы оқу орындарының арасында «Студенттік көктем» фестивалі аясында «Жастар дауысы» ретро әндер байқауы өткен болатын. Байқауға еліміздің әр өңірінен келген жоғарғы оку орындарының дарынды да талантты студенттері мен магистранттарының арасында өткізілген болатын. Аталған конкурсқа Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нен «Арын» вокалды триосы қатысты, топ құрамында: Бекарыс (философия және психология факультетінің магистранты), Бактыгелды Макибай (философия және психология факультетінің магистранты), Ерлан Әмзе (заң факультетінің студенті).

Шығармашылық кезең екі турдан тұрды: бірінші тур «Замана сазы», қатысушылар 70-90 жылдардағы қазақстандық композиторлардың ретро әндерін орындады. Ал екінші турда «Елім менің», қатысушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жазылған отан, туған жерге деген махаббат, батыр бабаларымыздың өшпес ерлігі жайында әндер орындады. «Арын» вокалдық триосы бірінші турда И.Жақановатың әнімен сөзіне жазылған «Жайлаукөл кештері» әнін орындап көрерменнің жүрегінен орынан тапса, екінші турда Б.Сарсенханның сөзіне жазылған композиторы А.Ботақараевтың «Бабалар рухы» әнін орындап, тыңдаушыларды жалынды рухпен жігерлендірді.

Байқауға қатысушыларды Қазақстан Республикасының халық әртістерімен сондай-ақ Жамбыл облысының облыстық филормониясының белгілі әншілері мен компизторлары бағалады. Бірінші тур бағалау бойынша «Арын» вокалды триосы жалпы есепте алға шыққандығын көрсетті. Екінші турда да сондай қошеметке бөленіп, ең жоғарғы баллды қанжығаларына иеленді. Сахнадағы жарқын бейне, сахнадағы мәдениеті, сахнадағы қойылған мән мағыналы қимыл-қозғалыстар, әнге деген, сахнаға деген құрмет, бәріде қырағы көзді әділқазылар алқасын назарынан тыс қалған жоқ, керісінше өте жоғары бағалап, екі кезеңнін есебі бойынша республикалық «Жастар дауысы» ретро әндер байқауының жеңімпазы атанып, Гран-приді жеңіп алды. Студенттер сарайының «Жастар» вокалды студиясының жетекшілері Базылова Ж.С. мен Муканова С.Н. алғыс хаттарымен марапатталды.

Студенттер мен магистранттар осы байқауға қолдау білдірген Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің ректоры Е.К.Көбеевке және Студенттер сарайының директоры К.Г.Гаркушаға ерекше алғыстарын білдіреді.

Top