Толығырақ

Қарағанды мемлекеттік университетінде Кәсіпкерлікті дамыту Қазақстанның стратегиялық басымдықтарының бірі. Ағымдағы жағдайларда ерекше маңызға ие жеке кәсіпкерлік бастамаларды толық ашып көрсету міндет болып табылатынын ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап айтқан болатын. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да кәсіпкерлік білім беруді дамыту бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында өңірдегі өзекті мәселелер мен кәсіпкерлік қызметтің мәселелері талқыланады деп жоспарлануда. 
Дөңгелек үстел жұмысына Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ экономика және заң факультеттерінің оқытушылары қатысты. Халықаралық бизнес академиясының президенті Қожахметов Асылбек Базарбайұлы (Алматы), Қарағанды облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасы инвестициялық жобаларды қолдау бөлімінің басшысыҚұлмағамбетова Жанаргүл Жұмабайқызы, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың бірінші проректоры Жұмашев Рымбек Мұратұлы, экономика және халықаралық бизнес кафедрасының доценті Райымбек Бағдат Хабибулаұлы, азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасының меңгерушісі Қыздарбекова Антонина Серікқызы, «Enactus ҚарМУ» командасының белсенділері талқыланатын мәселелер бойынша баяндамалар жасады.

Top