Толығырақ

Жиналыс барысында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, профессор Рымбек Мұратұлы Жұмашев, профессорлық-оқытушылар құрамының өкілдері, магистранттар мен студенттер сөз алды.
Еліміздің болашақ табыстарының стратегиясы айқындалған Президенттің “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ұжымы тарапынан қолдауға ие болды. ҚарМУ оқытушылары мен студенттері Елбасының отандық білім беру жүйесінің әрі қарайғы дамуы туралы, еліміздің озық университеттерін мемлекет тарапынан қолдау туралы айтқан сөздерін ерекше ықыласпен қабыл алды.
Қарағанды мемлекеттік университеті қауымдастығы өзінің негізгі мақсаттарының бірі – қазақстандық жас ұрпақты патриотизм және азаматтық жауапкершілік рухында тәрбиелеу деп біледі. Университеттің қызметі патриотизм құндылықтарын, мемлекеттік нышандардың маңызын, табысты және белсенді, прогресшіл жас қазақстандықтар бейнесін дәріптеуге бағытталады. 
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мақаласының қағидаларын бірауыздан қолдай отырып, Қарағанды мемлекеттік университеті ұжымы Президент алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін барынша күш жұмсайды.

 

14 апреля 2017 года в Карагандинском государственном университете имени академика Е.А. Букетова состоялось собрание коллектива преподавателей, сотрудников и студентов, посвященное обсуждению основных положений программной статьи Президента Республики Казахстан Нурсултана Абишевича Назарбаева народу Казахстана «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания».

Top