Толығырақ

Қазақстан – бұл Ұлы Дала елі. Бір жағынан алдыңғы кезеңдермен оны байланыстыратын, екінші жағынан – келешектің прогностикалық ізденістерін білдіру ретінде және мүлдем жаңа өнер болып табылатын заманауи көркем сананың артефактілері – шығармашылық туындылар заманауи көркем кеңістіктің сан қырлылығында тенденциялар байқалады.

Республикалық олимпиаданың мақсаты: Қазақстан заманауи өнері мен тарихи құндылықтардың ұштасуының негізінде студенттердің патриоттық тәрбиесін дамыту; студенттердің кәсіби тұлғалық қасиеттерін, санасын, шығармашылық қабілеттерін, өзін-өзі іске асыру мен өзін-өзі бекітуін ашу; азаматтық тұлғаны тәрбиелеу, Қазақстанның шығармашыл жастарының азаматтық және өмірлік белсенді позициясын қалыптастыру, сонымен қатар, бейнелеу өнері құралдары арқылы рухани-адамгершілік және моральдік саулығына талпыну; Ұлы даланың бабалар мәдениеті мен тарихына деген студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастыру; еліміздің әр түрлі ЖОО «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы студенттерінің арасында достық қарым-қатынасты және шығармашылық алмасуды ынталандыру.

Пәндік олимпиадаға еліміздің 13 жоғары оқу орындарынан 15 команда қатысты. Нәтижесінде, бірінші күні өткен командалардың «Визиттік карта» сайысы бойынша 3 дәрежелі Дипломмен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының «Ғибрат» командасы, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Тұмар» командасы және «Сырдария» университетінің «Алаш» командасы марапатталды.

2 дәрежелі Дипломды Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Степная Атлантида» командасы мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «Жас Шоқан» командасы иеленді. Осы сайыс бойынша 1 дәрежелі дипломмен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Искра» командасы марапатталды.

Келесі тапсырма «Эссе» сайысы бойынша 3 дәрежелі дипломға Оңтүстік-Қазақстан педагогикалық университеті «Жалын» командасы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Ясауи» командасы және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты «Өнер өрендері» командасы ие болды. Аталған сайыс бойынша 2 дәрежелі дипломмен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «Жас Шоқан» командасы және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Искра» командасы марапатталды. Осы сайыс бойынша 1 дәрежелі диплом алған Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Жалын» командасы жеңімпаз атанды.

Өз командаларын және эссені таныстырып болған соң студенттер сызу пәні бойынша тапсырманы орындады. Екі күндік шығармашылық бәсекеде Сызу пәні бойынша 3 дәрежелі дипломмен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «Жас Шоқан» командасынан Байтұрсынова Динара Табылдықызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Ясауи» командасынан Тәтен Бағила Құдіретуллақызы және Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Рауан» командасынан Әлмұрат Мейір Мерейұлы иеленді.

Ал 2 дәрежелі дипломды Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Искра» командасынан Ргайбаева Дина Аскаровна мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Тараз-ART» командасынан Даулетбаева Лаура Кеңесбекқызы қанжығаларына байлады. Осы пән бойынша жеңімпаз, яғни 1 дәрежелі дипломға ие болған Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Жалын» командасынан Ильяс Әсем Ерланқызы алға озып шықты.

Олимпиаданың екінші күні студенттер «Композиция» пәні бойынша тапсырманы орындады. Нәтижесінде, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Степная Атлантида» командасынан Левенец Виктория Валерьевна, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты «Ыбырай шәкірттері» командасынан Абдраев Амандык Казбекович және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Алау» командасынан Аманжол Абылайхан Нұржаубайұлы 3 дәрежелі дипломды иеленді. Ал 2 дәрежелі дипломды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «Жас Шоқан» командасынан Рахметова Махаббат Бырликовна мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Тараз-ART» командасынан Тұрсынбай Ермек Батырбекұлы алды. Осы пән бойынша 1 дәрежелі дипломды Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Рауан» командасынан Кәрімова Ақерке Тілеубекқызы жеңіп алды.

Қазылар алқасының шешімімен жалпы командалық сайыста 3 орынды Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Рауан» командасы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты «Өнер өрендері» командасы және Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Тараз-ART» командасы алды. Ал республикалық олимпиадада 2 орынға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «Жас Шоқан» командасы мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Жалын» командасы ие болды. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен студенттердің IХ Республикалық пәндік олимпиадасында жалпы командалық сайыста 1 орынға ие болған Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Искра» командасын құттықтаймыз!

Top