Толығырақ

Кейінгі жылдары университеттің қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы мен Саран колледжінің қазақ тілі кафедрасы арасында мәдени дәстүрді қалыптастыру, шығармашылық қарым-қатынасты нығайту мақсатында оқытушылардың тәжірибе алмасу іс шаралары қалыптасып келеді. Бұл сайыстың мақсаты да студенттерге салт-дәстүрді насихаттауға, әдебиетті,тарихты терең меңгеруге,жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталды. Сайыс 5 кезеңге жоспарланды.

Сайыс нәтижесінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттерінен құралған “Жас кыран” командасы 1 дәрежелі дипломды иеленіп, КарМУ командасының жетекшісі, қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының аға оқытушысы Ж.А. Кенжебекова мадақтамамен марапатталды.

Top