Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасы

История кафедры

Қазақстан тарихы кафедрасы

Қазақстан тарихы кафедрасы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 13 факультетінде мемлекеттік білім беру стандарт бойынша Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жүргізетін жалпыуниверситеттік кафедра болып саналады.

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңы қабылданған кейін ғана халқымыз өз мемлекеттілігі мен тарихын, ұлттық мәдениетін дамытуға, қайта түлетуге белсене кірісті.

1992 жылы Қазақстан тарихы пәнін Қазақстан Республикасының барлық Жоғары оқу орындарында оқытып, мемлекеттік емтихан тапсырылуы міндеттелді. Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы курсының арнайы оқу пәні ретіндегі маңыздылығы артып жоғары мәртебеге ие болып отыр.

Тарих факультетінің бұл құрылымдық бөлігі 1997 жылы гуманитарлық факультеттерге сабақ жүргізетін Қазақстан тарихы кафедрасының базасында ұйымдастырылды. 1998 жылдың басында Қазақстан тарихы кафедрасының штаттық құрылымдық жүйесін құру толық аяқталды.

1997-1998 оқу жылдарында кафедраның ең бірінші меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Момынова Шолпан Рахметқызы болды. Одан соң кафедраны тарих ғылымдарының докторы, профессор Алимбаев Тұрғай Амирханович 1998-2002 жылдары және 2004-2006 жылдары басқарды. 2002 жылдан 2004 жылдары аралығында бұл кафедрада тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Малыбаева Бану Сәкенқызы меңгеруші болды. 2006 жылдан бастап 2012 жылдың маусымына дейін кафедра меңгерушісі лауазымында тарих ғылымдарының докторы, профессор Козина Валерия Викторовна болды.

2012 жылдан бастап қазіргі уақытта Қазақстан тарихы кафедрасың меңгерушісі болып, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмабеков Жамбыл Әзмұханұлы қызмет атқарады.

Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушы профессор құрамы 2 тарих ғылымдарының докторы, профессордан, 6 тарих ғылымдарының кандидаты оның ішінде 5 доценттен, 2 аға оқытушымен, 3 оқытушыдан және 1 аға лаборанттан тұрады.

 

ФИО ППС
Специальности
Международное сотрудничество

Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасының меңгерушісі., т.ғ.к., доцент Жұмабеков Ж.А. ««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» негізінде Испанияның Валенсия қаласындағы Политехникалық университетінде 24.05–03.06.2015ж. аралығында біліктілікті арттыру курсынан өтті. «Основные принципы университетской педагогики» тақырыбында дәрістер тыңдалып, сертификатқа ие болды және меңгерілген әдіс-тәсілдер негізінде кафедрада семинар-трейнинг өткізіп, тәжірибе алмасты.

Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасының меңгерушісі., т.ғ.к., доцент Жұмабеков Ж.А. Валенсия қаласындағы Политехникалық университетінде (Испания, 24.05–03.06.2015ж.)

Научные направления

2015 жылдың 20 қарашасында Астана қаласындағы мемлекеттік басқару Академиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. «Государственное управление и публичная политика в сфере межэтнических отношений Республики Казахстан: выработка технологий управления и гражданского участия в укреплении общественного согласия» тақырыбында өткізілген конференцияға Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасының меңгерушісі., т.ғ.к., доцент Жұмабеков Ж.А. қатысып, баяндама жасады.

Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасының меңгерушісі., т.ғ.к., доцент Жұмабеков Ж.А. Астана қаласындағы мемлекеттік басқару Академиясында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (20.11.2016ж.)

Кафедра доценті, т.ғ.к., Қарсыбаева Жұлдыз Алпысқызы Астана қаласындағы Мемлекеттік басқару Академиясында өткен (3-6.02.2016ж.) республикалық семинар-трейнингке қатысты. «Укрепление казахстанской идентичности и единства: задачи и технологии реализации Плана нации «100 конкретных шагов» тақырыбында өткен трейнинг қорытындысында, Қарсыбаева Жұлдыз Алпысқызы сертификатқа ие болып, біліктілікті жетілдірді.

Қарсыбаева Жұлдыз Алпысқызы Астана қаласындағы Мемлекеттік басқару Академиясында өткен республикалық семинар-трейнингте (3-6.02.2016ж.)

2016 жылдың 3-наурызында Астана қаласының Назарбаев орталығында Қазақстан Халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама кеңесінің Кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасының меңгерушісі., т.ғ.к., доцент Жұмабеков Ж.А. қатысты.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде 02.03.2016 ж. «Демографические и социальные аспекты этнополитики Казахстана» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Оған кафедрадан т.ғ.д., профессор Козина В.В. қатысып, сертификатқа ие болды.

Воспитательная работа

Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушы профессор құрамының ұжымы Қазақстан Республикасың Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын ел арасында кеңінен насихаттайды. Мемлекеттік маңызы бар мерекелік шараларға белсенді түрде ат салысып қатысады. Облыстық және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 13 факультетіндегі өткізілетін барлық шараларға қатысып, үнемі алдыңғы қатарда жүреді.
Қазақстан тарихы кафедрасы тарих факультетінің қоғамдық жұмыстарына белсенді ат салысып қатысады. Кафедраның жұмыс жоспарына саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ісшаралар, соның ішінде бос уақытты тиімді өткізу мен спорттық жарыстарды ұйымдастыру кіреді.
Профессорлық-оқытушы құрамы факультет, университет және қала шеңберінде өткізілетін спорттық және қоғамдық іс-шараларға үнемі белсенді ат салысады.
2015 жылдың 18-22 тамызында «Хан қорық» республикалық студенттік фестивалі өтті. Тарих факультетінің студенттері т.ғ.к., доцент Жұмабеков Ж.А.-ның жетекшілігімен қатысып, 1-орынға ие болды.

«Хан қорық» республикалық студенттік фестивалі (18-22.08.2016.)

2015 жылдың 25-қазанында Кафедраның ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған «Тарих тағылымы» облыстық мектеп оқушылар арасында ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурсқа Қарағанды қаласынан (№82 орта мектебі, №36 орта мектебі, №10 орта мектебі, №21 орта мектебі, «Дарын», «Мурагер» т.б.) және облысынан (Үштөбе, Топар, Ақтоғай, Шет, Абай т.б.) 8-10 сынып оқушылар қатынасты. Конкурс қорытындысында жүлделі орындар анықталып, диплом мен сыйлықтар табысталды.

«Тарих тағылымы» облыстық ғылыми жобалар конкурсының қатысушылары (25.10.2015.)

2015 жылдың 13 қарашасында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, тарих факультеті, Қазақстан тарихы және Қазақстан Халқы Ассамблеясы және Археология, этнология және Отан тарихы кафедраларының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «КЛИО-2015» атты Олимпиада өткізілді. Аталған іс-шара Қазақстан тарихы пәнінен 11-сынып оқушыларының арасында өтті. Оған Қарағанды қаласынан және облысынан 449 оқушы, оның ішінде қазақ бөлімі-270, орыс бөлімі-179 оқушы қатынасты.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «КЛИО-2015» Олимпиадасы (13.11.2015.)
Мектеп мұғалімдеріне Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының ұлағатты ұстаздары т.ғ.к., доцент Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы, т.ғ.к., доцент Шотбақова Ләззат Қасымқызы, т.ғ.к., доцент Зуева Людмила Ивановна және Бүкіләлем тарихы және Халықаралық қатынастар тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Тулеуова Бақытгүл Тілеубайқызы «Тарих бағытында оқу нәтижелерінің терминдік деңгейінің дескрипторлары» тақырыбында қазақ, орыс тілдерінде семинар өткізіп, мұғалімдерге сертификат табысталды.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «КЛИО-2015» Олимпиадасы (13.11.2015.)

Кафедра ұжымы сондай-ақ студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етіп, етене тығыз жұмыс істейді. Соның бірі «Шежірелі Сарыарқа» студенттік ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Аталған іс-шара Қазақстан Халқы Ассамблеясының Қарағанды облыстық Секретариаты және Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді (30 қараша-11 желтоқсан). Тарих факультетінің студенттері өз ғылыми жобаларын ұсынып, әділқазылар алқасы бағалады. Бас жүлделі орынды тарих факультетінің 4-курс студенті Бейсенбай Сұңғат иеленді. Сондай-ақ Садвокасов Ш., Бабырбек А. де жүлделі орындарға ие болып, қаржылай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

«Шежірелі Сарыарқа» студенттік ғылыми жобалар конкурсының қатысушылары
(30 қараша-11 желтоқсан, 2015 жыл).

Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасы 2015 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған «ҚАЗАҚСТАН – МЕНІҢ ОТАНЫМ» атты IІ аймақтық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Бұл шараға академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің барлық факультетінің І курс студенттері қатысты. Кафедраның барлық профессор оқытушы құрамы конференцияға ұсынылған студенттердің жұмысына ғылыми жетекшілік етті. Конференцияның корытындысында ғылыми жұмыстарымен қатысқан барлық студенттер грамоталармен марапатталды және ең үздік деп танылған 9 ғылыми жоба І, ІІ, және ІІІ орын номинацияларымен жеңімпаз деп танылды.

«Қазақстан менің-Отаным» атты IІ аймақтық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылу рәсімі (11.12.2016.)

«Қазақстан менің-Отаным» атты IІ аймақтық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушылары (11.12.2016.)

Факультет аралық профессорлар-оқытушылардың қысқы
шаңғы спортынан жарысы (09.01.2016 ж.)

Факультет аралық профессорлар-оқытушылардың
әскери-спорттық жарысы (20.02.2016 ж.)

2016 жылдың 20 қаңтарында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының отырысына Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасының меңгерушісі., т.ғ.к., доцент Жұмабеков Ж.А. қатысып, баяндама жасады.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының отырысы (20.01.2016)

Тарих және шет тілдер факультетінің профессорлар-оқытушылар құрамы мен студенттерімен бірге Қытай Жаңа жылы аталып өтілді (15.02.2016ж.)
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы 2016 жылдың 26 ақпанында ҚарМУ-нің баспасөз-конференц залында «Мәңгілік Ел – болашақтың бастауы, бірліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиынның модераторы Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент – Ж.А.Жұмабеков. Дөңгелек үстел отырысына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің докторанттары Нұртас Смағұлов және Рауан Байдалы да қатысып, мазмұнды баяндама жасады. Дөңгелек үстел жұмысына тарих, экономика, заң, филология, философия-психология, педагогика факультеттерінің студенттері қатысып, сертификаттар иеленді.

«Мәңгілік Ел – болашақтың бастауы, бірліктің негізі» дөңгелек үстелі (26.02.2016ж.)

16.03.2016 жылы Назарбаев зияткерлік мектебінде екінші мектепшілік ғылыми жобалар конкурсы өткен болатын. Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасының меңгерушісі., т.ғ.к., доцент Жұмабеков Ж.А. қатысып, әділқазылар алқасының құрамында төрелік етті.


2016 жылдың 26 наурыз күні ҚарМУ-де волейболдан жолдастық кездесу өтті. ҚарМУ командасымен Достық қытай мәдениеті орталығының командасы кездесті және Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасы оқытушылары белсене қатысты

Top