Іштей академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлықты жүзеге асырудың негізгі ұғымдары мен шарттары
  1. Академиялық ұтқырлық – білім алушының немесе зерттеуші-оқытушының белгілі бір академиялық кезеңге білім алу, оқыту, зерттеу жүргізу немесе біліктілігін арттыру үшін басқа білім беру немесе ғылыми мекемеге (ел ішінде немесе шетелде) орын ауыстыруы.
  2. Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық – студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттарының, оқытушылардың шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелерінде білім беру бағдарламаларын игеруі және іске асыруы.
  3. Ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық – студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттарының, оқытушылардың алдыңғы қатарлы қазақстандық университеттері мен ғылыми орталықтарында білім беру бағдарламаларын игеруі және іске асыруы.
  4. Тік академиялық ұтқырлық – студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттарының шетелдік ЖОО-да білім беру бағдарламаларын толық игеруі.
  5. Деңгейлес академиялық ұтқырлық – белгілі бір шектеулі мерзімде студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттарының шетелдік және отандық Жоо-да білім беру бағдарламаларын игеруі және оқытушылардың ЖОО мен ғылыми мекемелерде жұмыс істеуі.
  6. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру Болон декларациясын негізгі қағидаларына сәйкес келеді.
  7. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру ережелері мен рәсімдері күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, сондай-ақ университет штатындағы оқытушылар мен қызметкерлерге қолданылады.
  8. Білім алушылар мен оқытушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы, әдеттегідей, ҚР-нан тыс жерлерге іссапарға жіберу, яғни белгілі бір мерзімге қызметтік тапсырманы орындау үшін шетелге бару арқылы жүзеге асырылады.
  9. Білім алушылар мен оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы академиялық ұтқырлық аясында серіктес ЖОО-мен шарт жасалған жағдайда ҚР ішінде іссапарға жіберу арқылы жүзеге асырылады.
  10. Жеке академиялық ұтқырлық жеке сапар түрінде жүзеге асырылады, ол тек жыл сайынғы ақылы демалыс (студенттік демалыс) немесе ақысыз демалыс (академиялық демалыс) кезінде мүмкін болады.
  11. Жоғарыда аталған нысандардың бірінде жүзеге асырылатын студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы ҚР заңнамасына, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Жарғысына қайшы болмауы тиіс.
Академиялық ұтқырлықты жүзеге асырудың тетігі
  1. Білім алушылар білім беру бағдарламасын (ел ішінде немесе шетелде) меңгеру үшін серіктес ЖОО-ны өз бетімен таңдауға, оқу пәндерінің тізімін анықтауға және бағдарламалар үйлестірушісіне өтінім беруге құқылы.
  2. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мерзімі – семестр (15 апта). Мерзімнің ұзартылуы кафедра меңгерушісінің дәлелденген өтініші негізінде жүзеге асырылады.
  3. Жеке білім беру траекториясын, академиялық немесе зерттеу бағдарламасын жоспарлайтын білім алушылар, оқытушылар мен қызметкерлер ресми шақыру алған кезде кафедра басшылығымен бару мүмкіндігін келісуге және оң шешім қабылданған жағдайда университет ректорының атына өтініш жазуға тиіс.
  4. Академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын құжаттар:
  • білім алушының өтініші;
  • ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу туралы келісім;
  • оқу туралы транскрипт;
  • ақпараттық пакет (курстар каталогы).
  1. Іссапар қорытындылары бойынша білім алушы қабылдаушы ЖОО-ның транскриптін ұсынады.
  2. ЖОО үйлестірушісі ECTS кредиттерін ҚР кредиттеріне қайта есептеу тетігі негізінде білім алушының жинаған кредиттерін оның академиялық тарихына, сондай-ақ шығару кезінде транскриптке қоса есептейді.
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ұлттық ұтқырлық аясындағы серіктес-ЖОО-лары

Ұлттық ұтқырлық аясында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың серіктес-ЖОО-лары

ЖОО АТАУЫ
1 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
2 Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
3 М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
4 І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
5 А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
6 Л.М. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
7 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
8 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
9 М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
10 С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
11 М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
12 Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
13 С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
14 М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
15 Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік лицейі
16 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
17 Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
18 Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
19 Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
20 Қазақ гуманитарлық-заң университеті
21 Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
22 Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
23 Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
24 «Сырдария» университеті
25 Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
26 С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
27 Қазақ технология және бизнес университеті
28 Қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық институты
29 Көкше академиясы
30 Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық университеті
31 Қазақстан-Американдық еркін университеті
32 Атырау мұнай және газ институты
33 Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА кампусы)
34 Орталық Қазақстан Академиясы
35 Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
36 Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті
37 Ұлттық Білім беру сапасын бағалау орталығы
38 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
39 Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
40 УҒҰА Техникалық жылу физикасы институты
41 Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университеті (МЭСИ)
42 Козминский Университеті (Польша)
43 Вильнюс университеті (Литва)
44 Легницадағы менеджмент Университеті (Польша)
45 Ресей-Армян (Славян) университеті (Армения Республикасы)
46 Орал мемлекеттік экономикалық университеті (Ресей Федерациясы)
47 Алтай мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы)
48 Омбы гуманитарлық академиясы (ОмГА) (Ресей Федерациясы)
49 Еуропалық политехникалық университеті (Болгария)
50 Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті
51 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
52 М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
Ұтқырлық бағдарламасы бойынша кетіп бара жатқан студенттің өтініші
Оқыту туралы транскрипт
Ақпараттық пакет

Top