Оқу-әдістемелік басқармасы қызметінің негізгі бағыттары

1. ҚР БҒМ нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес университеттегі оқу үдерісінің жүруін ұйымдастыру жетекшілік ету және бақылау;
Оқу үдерісінің нәтижелілігін көтеру және жетілдіру бойынша әзірлеме және ұсыныстар енгізу;
– университетте оқу үдерісін жүзеге асыру бойынша нормативтік және ұйымдастырушылық, ақпараттық, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу;
– университеттің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру;
– оқыту үдерісіне шығармашылық көзқарастағы технологияларды енгізу мен дамыту;
-оқу сабақтарын бақылауды ұйымдастыру және талдау;
–  оқу сабақтарының, емтихандық сессиялардың, мемлекеттік емтихан және диплом жұмысын қорғаудың кестесін құру;
– оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша жиналыстар, семинарларды ұйымдастыру және өткізу;
– университеттің кафедралары мен бөлімшелерінің әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру;
– кафедра филиалдарын ашу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
– кәсіби тәжірибені өткізу аясында универстеттің білім беру, өндіріс және ғылыми мекемелермен байланысын нығайтып, әлеуметтік серіктестігін кеңейту;
– ЖОО-да оқытудың заманауи педагогикалық әдістерін меңгерту бойынша жас оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету.

 

 

Қызмет түрлері:
2. Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру:

  • Университет кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық жүктемесінің есебі;
  • Кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамына педагогикалық жүктемені бөлу;
  • Кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық жүктемені орындау есебі;
  • Кафедралардың, деканаттың және ПОҚ-тың жеке жоспарларын орындауын бақылау;
  • Профессорлық-оқытушылық құрамның электронды журналдарын тексеру және бекіту;
  • Тәжірибенің барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу бойынша факультеттердің және кафедралардың жұмыстарын үйлестіру;
  • МАК төрағаларының және МАК құрамының бекітуі бойынша бұйрықтардың жобаларын әзірлеу;
  • Студенттердің, жетекшілердің, рецензенттердің дипломдық жұмыстарының тақырыбын бекітуге бұйрықтың жобасын даярлау;
  • МАК төрағаларының есептерін сараптау және жалпылау;
  • Жұмыс берушілермен элективті пәндерді келісу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
  • Жаңа мамандықтарды ашу бойынша құжаттарды әзірлеу;
  • ҚР БҒМ, кәсіпорындардың, мекемелердің сұраулары бойынша ақпараттарды әзірлеу және ұсыну;
  • Ректордың оқу-әдістемелік жұмыс бойынша және т.б. бұйрықтарын әзірлеу.

 

3. Оқу үдерісін жүзеге асыру бойынша оқу-әдістемелік, ақпараттық құжаттамаларды ұйымдастыру және әзірлеу;

  • Модульдік оқыту бағдарламаларын (МОБ);
  • Элективті пәндер тізімдемесін (ЭПТ);
  • Оқытудың барлық нысандары бойынша бакалавриат мамандықтарының оқу жұмыс жоспарларын;
  • Мамандықтардың оқу-әдістемелік кешенін (МОӘК);
  • Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін (силлабустарды);
  • Пәндердің оқу жұмыс бағдарламаларын;
  • Академиялық күнтізбелерді.

 

4. Оқу сабақтарын бақылауды ұйымдастыру және сараптау.

  • Академиялық сабақтарды және СОӨЖ-ді  өткізу сапасын бақылау мен оқу үдерісінің мазмұнын талдау;
  • Студенттердің оқу сабақтарына қатысуын бақылау және талдау;

 

Top