Студенттермен жұмыс жасау қызметі

Студенттермен жұмыс жасау қызметі Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың бас ғимараты, Университет к., 28. №215, 217 дәрісханада орналасқан; тел: 8(7212)77-04-18; e-mail: stdep@ksu.kz

Қызметтің негізгі бағыттары:

  • «АЖО Студенттік», «Платонус», «ЕСУВО» білім алушыларының деректер базасын қалыптастыру және жаңарту;
  •  студенттер контингентінің қозғалысын есепке алу және бақылау;
  • студенттік контингент бойынша есептік ақпарат және жеке істерді ресімдеу, қалыптастыру және сақтау;
  • негізгі құжаттарды қамтамасыздандыру, дайындау және ресімдеу (студенттік билеттер, академиялық анықтамалар, дипломдар, дипломдардың көшірмелері);
  • «Дипломдардың көшірмелерін беру», «Студенттерді қайта қалпына келтіру және ауыстыру» мемлекеттік қызметтері бойынша есептерді дайындау;
  • стипендия тағайындау туралы,  студенттерді ауыстыру, қайта қалпына келтіру және оқудан шығару және т.б. бойынша ректор бұйрығын дайындау;
  • студенттер контингентінің жай-күйі мен қозғалысы бойынша статистикалық деректерді дайындау;
  • 3 НК – нысаны бойынша  жыл сайынғы статистикалық есепті дайындау және құру;
  • №1 және № 2 н. бойынша әкімшілік есептілікті дайындау және құру;
  • білім алушылардың сұратуы бойынша анықтамалар беру;
  • студенттердің оқуы, ауыстыру және қайта қалпына келтіру мәселелері бойынша азаматтармен және ұйымдармен хат алмасу;
  • мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға бос орындарға құжаттарды дайындау.

2016-2017 оқу жылындағы университеттің студенттер контингенті 9627 адамды құрайды, оның ішінде  5982 студент күндізгі бөлімде және 3645 студент сырттай бөлімде.

 

Студенттердің жалпы санынан алғанда 1752 адам – мемлекеттік білім беру грантына ие болды.

  • Контингент студентов по источникам финансирования 2016-2017 уч.году

2016-2017 оқу жылындағы қабылдау 3584 адамды құрады. Оның ішінде күндізгі бөлім бойынша – 1733, сырттай бойынша – 1851 адам.

Top