Мансап және түлектерді жұмыспен қамту орталығы

Жалпы мәлімет

2005 жылдың ақпанында құрылған Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқу-әдістемелік басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Орталық қызметінің негізгі бағыттары болып:

  • кәсіптік үгіт жұмысы;
  • университет түлектерін жұмысқа орналастыруда көмектесу және олардың мансабын құру бойынша университет кафедралары мен факультеттерінің жұмысын ұйымдарстыру.

Орталық қызметінің маңызды бағыттарының бірі – мектептер мен колледждердің түлектерімен кәсіптік үгіт жұмысын жүргізу. Біз университеттің Ашық есіктер күнін өткіземіз, мектеп түлектерімен, ата-аналармен және мұғалімдермен жоғары оқу орнына түсу ережелері бойынша түсіндіру кеңестері, сонымен қатар жоғары оқу орны мен мамандықты таңдауды айқындау мақсатымен мектеп түлектерін психологиялық тестілеуден өткізу ұйымдастырылады. Бүгінгі күнде Орталықтың мамандары университетте оқу түрлері және мамандықтары жайлы әр-түрлі анықтамалық-ақпараттық материал дайындады. Бұдан басқа жоғарғы оқу орнына түсу үшін біз ҰБТ пәндері бойынша талапкерлер үшін дайындық курстарын ұйымдастырамыз.

Жоғары оқу орнының түлектерін табысты жұмысқа орналастыруға дайындау мақсатымен нарықтық жағдайларда жұмыс іздеу технологиясын жетілдіру, түйіндеме құрастыру және әңгімелесуден өту бойынша психологиялық тренингтер ұйымдастырылады. Алынған ұсыныстар ұсынылған бос орындардың тізімінен өз таңдауын жасауға, кәсіби, сауатты құрастырылған түйіндемені беруге, әңгімелесуде өзін лайықты ұсынуға, және, нәтижесінде, ұсынылған жұмыс орнына орналасуға нақты мүмкіншілік алуға көмектеседі.

Өз жұмысымызда біз еңбек нарықтарының мониторингісінің жаңашыл әдістерін енгізуге, бос жұмыс орындарын табу стратегиясы мен тактикасын дамытуға, және, дәл солай, біздің университеттің студенттеріне және түлектеріне жұмысқа орналасуда көмек көрсетуге ұмтыламыз. Біздің қызметкерлер Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша ақпараттарды жинауды және жүйелеуді өткізеді, әрдайым рекрутингтің озық технологияларын зерттейді, әлемдік компьютерлік жүйенің тақырыптық сайттары мен тиісті бағыттың мерзімді баспасөздің соңғы басылымдарын мұқият талдайды.

Біздің Орталықта түлектер еңбек нарығындағы бос орындары туралы ақпарат ала алады. Жоғары оқу орнының түлектерін жұмысқа орналастыру үшін Орталық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің басшыларымен және аймақтың кадрлық агенттіктерімен тікелей байланыстар орнатады, болашақ жұмыс берушілерді іздестіреді. Бүгінгі күнде біз нақты жұмыс берушілер жайлы мәліметтер базасын жасадық, ақпарат ҚарМУ-дың ресми сайтында орналастырылған және жүйелі түрде жаңартылады. Біздің бетте аймақ бойынша еңбек нарығының жағдайы, түйіндемені құрастыру және рәсімдеу ережелері, жұмыс іздеудің қазіргі әдістері туралы, сонымен қатар жұмыс берушімен әңгімелесуден өту тактикасы туралы ақпаратты табуға болады.

Жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстың бағыттарының бірі болып, өзін ойдағыдай көрсеткен, бұл түлектің Мансап күнін өткізу. Оны өткізу үшін жұмыс берушілер мен ағымдағы оқу жылының түлектері шақырылады. Оның белсенді қатысушылары болып Қарағанды облысының білім беру басқармасы, Қарағанды облысы бойынша ішкі істер Департаменті, Кедендік бақылау Департаменті, Қарағанды облысы соттарының әкімшісі, Қарағанды облысының прокуратурасы, Kazcentrelektprovod, «Eurasian Foods» ЖШС, «Қарағандырезинотехника» және «Сараньрезинотехника» ЖШС, «Казчерметавтоматика» АҚ, «Из рук в руки» ЖШС, N&K Décor сияқты және т.б. ұйымдар мен кәсіпорындар табылады. Ұйымдардың өкілдері түлектерге бос жұмыс орындарына конкурстың ережелері, жұмысқа орналасу және мансабының өсу мүмкіндіктері туралы түсіндіру кеңестерін өткізеді. Мансап күнінде қазіргі еңбек нарығында жоғары оқу орнының түлектеріне қойылатын талаптар туралы ақпаратты алу мақсатымен жұмыс берушілерді әлеуметтік сауалнама өткізіледі. Бұл сұрастырудың нәтижелері жаттықтыратын психологиялық тренингтерді жүргізу үдерісінде қолданылады.

2009 жылы басталған «Дипломмен Ауылға!» республикалық акциясын жүзеге асыру шеңберінде Мансап орталығы университет басшыларымен ауылдық жерлердің студенттерімен кездесулер ұйымдастырады. Осындай кездесулер барысында болашақ жас мамандар ауылдық жерлерде жоғары оқу орнының түлектерін жұмысқа орналастыруға бағытталған жобаның мақсаты туралы, ауылда жұмыс істеу жағдайлары жайлы, берілетін жеңілдіктер мен жәрдемақылар туралы барлық қажетті ақпаратты алады. Сонымен қатар біздің Орталықтың қызметкерлері университетте ауылдық квота бойынша бітіретін түлектер үшін жұмыс орындарын ұсыну мүмкіндіктері бойынша талдамалы жұмыс өткізеді.

Орталық қызметінің қарқындылығын жоғарылату және жүйеге келтіру үшін біз әрқашан қызметтің нәтижелерін бақылауға, жасалған жұмысты талдауды және есепке алуды жүзеге асыруға тырысамыз.

Орталық Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың басты ғимаратында (Университет көшесі, 28) орналасқан, №113 каб., телефоны: 77-03-85.

Жұмыс кестесі: дүйсенбі–жұма, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері
  • Тишмаганбетова Гульжан Скендыровна – жетекші
  • Баймагамбетова Динара Умиргалиевна – бас маман
  • Шалжанова Гүлайша Рахымбайқызы – маман
  • Абишева Гульбахыт Темирхановна – маман

Байланысу:

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Университет көшесі, 28, 1 ғимарат, №113 каб. Тел.: 8-7212-77-03-85
E-mail: ckit_ksu@mail.ru

ҰБТ-ға дайындық курстары

ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ БІТІРУШІЛЕРІ!

Академик Е.А.Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ЖОО-на түсу үшiн мектеп бiтiрушi түлектерге және колледж түлектеріне ҰБТ және Кешенді тестілеу пәндері бойынша даярлық курстарына (3 айлық; 6 айлық) қабылдау жариялайды.
Курстар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Сабақтарды Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары жүргізеді.
Оқу ақылы түрде жүзеге асырылады.
Сабақтың басталуы: 6 айлық курс – 1 қараша
3 айлық курс – топтың құрылуына байланысты

Барлық сұрақтар бойынша келесі анықтама телефонына хабарласыңыздар: 8(7212) 77 03 85.
Біздің мекен-жайымыз: Университетская к-сі, 28, бас ғимарат, 113 каб.

Top