Әдістемелік кабинет

Әдістемелік кабинет Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың бас ғимаратында орналасқан (Университет көшесі 28), №218 каб., тел: 8(7212)77-03-69 (ішкі 1021), e-mail: metod_kab2014@list.ru

Әдістемелік кабинеттің негізгі міндеттері болып табылады:

  • университетте  оқу- әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру және жетілдіруде профессорлық-оқытушылық құрамға көмек көрсету;
  • студенттерді оқытуда өзінің әдістемелік деңгейін және педагогикалық шеберлігін жетілдіру бойынша оқытушыларға көмек көрсету;
  • ЖОО-да заманауи педагогикалық әдістермен оқытуды меңгерту бойынша жас оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету.

Кабинет кафедралармен, оқытушылармен, факультеттердің әдістемелік комиссияларымен, кітапханамен, редакциялық-баспа бөлімімен және университеттің басқа да бөлімдерімен тығыз байланыста.
Әдістемелік кабинет қызметінің негізгі түрлері болып табылады:

  • университеттің Ғылыми-әдістемелік кеңесінің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, қабылданған шешімдерді бақылауды жүзеге асыру;
  • оқу үдерісін  әдістемелікпен қамтамасыз ету сапасының мониторингін ұйымдастыру;
  • «Дәріскерлік шеберліктің негіздері» атты жас оқытушыларға арналған  оқыту семинарын ұйымдастыру және өткізу;
  • академиялық сабақтар мен СОӨЖ өткізудің сапасын бақылау және оқу үдерісінің мазмұнын талдау;
  • ЖОО шығаратын оқу, оқу-әдістемелік әдебиет, оқу құралы және басқа да материалдарды баспаға шығаруға ұсыну және сараптауды жоспарлау,  ұйымдастыру;
  • оқытуға жаңа технологияларды енгізу мен оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру,  жетілдіру бойынша озық тәжірибелерді жалпылау және тарату.
Top