Физика-техникалық

Жалпы мәліметтер

Физика-техниқалық факультетінің миссиясы кәсіптік іс – әрекет аймағында жоғары бейімділкке ие жоғары квалификациялы ғылыми – педагогикалық және инженерлік кадрларды дайындау болып табылады. Физика факультетінің миссиясы кәсіптік іс – әрекет аймағында жоғары бейімділкке ие жоғары квалификациялы ғылыми – педагогикалық және инженерлік кадрларды дайындау болып табылады.

Физика-техниқалық факультеті 1972 жылы Қарағанды педагогикалық институтының физика – математика факультетінің негізінде ашылған факультет.

Факультет құрамына 4 кафедра кіреді: Физика және нанотехнологиялар кафедрасы, профессор Ж.С.Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасы, Транспорт және кәсіптік оқыту кафедрасы, радиофизика және электроника кафедрасы.

Материалды – техникалық базасы заманауи талаптарға сәйкес келеді. Оқу аудиториялары оқу процесінің сапалы түрде өтуі үшін қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Факультет студенттеріне – мультимедиялық сыныптарды, тьюторлік сыныптарды, компьютерлік сыныптарды, оқу залдарында, кітапханаларды пайдалану мүмкіндігі бар.

Факультет түлектері келесі мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі дайындықта магистрлік бөлімдерде білім ала алады: 6M011000 – Физика (білім беру), 6M060400 – Физика (жаратылыстану), 6М012000- Кәсіптік оқыту,  6M072300 – Техникалық физика, 6М071700–Жылуэнергетикасы.

Профильге сәйкес факультет 2008 жылдан бастап PhD 6D060400 – Физика (жаратылыстану) докторантурасында ғылыми – педагогикалық кадрларды дайындайды.

Факультеттің профессорлық – педагогикалық құрамы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, оның негізінде өзара ынтымақтастық туралы келісім – шарттарға қол қойған. Факультет ТМД және алыс шет ел мемлекеттерінің ғалымдарымен тығыз қарым қатынас орнатқан.

Факультет тарихы

Физика-техникалық факультеті – академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрылым бөлімдері.

Факультетте білім, өнеркәсіп және бизнес сфералары мен әртүрлі салаларда табысты түрде жұмыс істеуге қабілетті, кәсіпкерлік қызмет саласында жоғары бейімділікке ие болатын жоғары білікті, ғылыми-педагогикалық және инженерлік кадрлардың дайындығы жүргізіліп отырады. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы физиканың әртүрлі салаларында қолданбалы және іргелі зерттеулер жүргізеді.

Біздің факультет үшін бағыт бағдар болып көп деңгейлі білім бағдарламаларын жүзеге асыратын және ғылыми зерттеу жұмыстарын белсенді дамытатын белгілі ресей және шетелдік университет мектептерінің жалпымен мойындалған үлгілері қызмет етеді.

Қазіргі таңда физика-техникалық факультеті 11 мамандық бойынша дайындық жүргізеді және бүгінгі күні факультетте бакалавриат бағдарламалары бойынша 400-ден астам адам білім алуда, олардың 80% күндізгі оқу бөлімінің студенттері болып табылады. Мамандарды дайындауда көп сатылы үлгі табысты жүзеге асырылуда: магистратура және докторантура PhD.

Кейінгі жылдары физика-техникалық факультетінің студенттерінің санын арттыруға тұрақты тенденция қалыптасты, бұл әрине қазіргі әлемде жаратылыстану және техника ғылымдарының артып келе жатқандығына тікелей байланысты, ал бұл фактор өз кезегінде жастардың техника және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарына қызығушылығын артырып жатады.

Физика факультеті 1963 жылдан бастап Қарағанды педагогикалық институтының физика-математикалық факультетінде физика бөлімінің базасында қалыптасқан. Онда физика және жалпы техникалық пәндердің келешек ұстаздары оқып бітірді. 1966 жылға дейін факультет деканы Т.К. Кельтенев болды, 1966 жылдан 1969 жылға дейін – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент В.Н. Нам, ал 1969 жылдан 1972 жылға дейін – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, ал қазір педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.М. Арынғазин болды. Физика бөлімінде екі кафедра қызмет атқарды: физика кафедрасы (кафедра меңгерушісі доцент В.П. Усик) және жалпы техникалық пәндер кафедрасы (кафедра меңгерушісі Рах Георгий Иванович, одан кейін педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.М. Вахольский) 6 жалпы практикумда және арнайы практикумда 2 зертханалары бар: молекулярлық спектроскопия зертханасының меңгерушісі болып З.М. Молдахметов тағайындалды, қазір ол профессор, ҚР ҰАҒ академигі, ал  кристалдардағы оптикалық құбылыстар зертханасын физика-математика ғылымдарының кандидаттары, доценттер Б.К. Кусаинова, содан кейін Қ.М. Арынғазин басқарды.

Физика кафедрасында Ж.С. Ақылбаев, Б. Алешин, Қ.М. Арынғазин, А.Г. Виноградов, К.Т. Ермаганбетов, И.П. Жиленков, Г.К. Каратаева, Г.А. Кецле, Б.К. Кусаинова, Б.С. Какенов, В.Г. Иванчинова, М. Мадеев, B.Н. Ниханбаева және басқалары жұмыс істесе, ал жалпы техникалық пәндер кафедрасында А.Ф. Лепешкин, В.Е. Клочко, А.А. Тим, О.В. Прусаков және басқалары қызмет атқарды.

Педагогика институтының ректоры, доцент С.Б. Баймурзиннің бастамасы бойынша жетекшілігімен өңделген жоғары мамандандырылған ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауда арнайы бағдарламамен, елдің жетекші жоғары оқу орындарының мақсатты аспирантураларына физика кафедрасының білімді түлектері мен жас оқытушылары жіберілді: 1965 жылы Ж.С. Ақылбаев, К.М. Арынғазин (Киров атындағы ҚазМУ, Алматы), 1967 жылы К.Т. Ермаганбетов (ҚСРО СБ ЖӨИ, Новосибир қ.), Г.А. Кецле, Б. Алешин, М. Мадеев (М.В. Ломоносов атындағы ММУ, Москва). Кафедраның оқытушылар және қызметкерлер қатарын, оның ерекше түлектері мен оқу үздіктері толтырды: 1965 жылы – К.З. Әлжанов, С.Д. Дарибеков, В.Ю. Еськова, М. Абишев, Ю.А. Сойников, 1970 жылы – Ю.Н. Антипов, В.Е. Гладков, С.С. Контаев,  В.В. Брюханов.

1972 жылы педагогика институты негізінде Қарағанды мемлекеттік университеті қалыптасты, ол кезде Республиканың екінші университеті болып табылатын. Физика факультетінде 5 кафедра болды, олардың меңгерушілері болып жас ғылым кандидаттары сайланды: жалпы физика (кафедра меңгерушісі Л.Ф. Ильина), теориялық физика (кафедра меңгерушісі Ж.С. Ақылбаев), зерттеу мен талдаудың оптикалық әдістері (кафедра меңгерушісі А.И. Перевертун), радиоэлектроника (кафедра меңгерушісі Л.А. Краусс), қатты дене физикасы (кафедра меңгерушісі Т.А. Көкетаев).

Жаңа университеттің бірінші ректоры Евней Арыстанұлы Бөкетовтың ұсынысы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетінің физика факультетінің бірінші деканы болып К.М. Арынғазин тағайындалды (1972 жылдан 1974 жылға дейін). Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де жұмыс істеген уақыт аралығында К.М. Арынғазин теориялық физика кафедрасы мен жалпы және теориялық физика кафедрасын меңгерушісі қызметін бірге атқарды, 10 жылдан аса ҚарМУ-нің біліктілікті жоғарылату факультетінің деканы болды, 7 жыл Біліктілікті жоғарылату институтының ғылыми жұмыстар бойынша проректор қызметін атқарды.

Келесі жылдары факультеттімізді Ж.С.Ақылбаев, А.И.Перевертун, Б.К.Кусаинова, Л.Ф.Ильина, Т.А.Көкетаев, А.Ж.Тұрмұхамбетов, К.С.Бақтыбеков, Н.Х.Ибраев, А.О.Саулебеков басқарды.

1980 жылдары факультетте жаңа кафедра ашылды – жылуфизикасы кафедрасы.

Физика-техникалық факультеті өзінің қалыптасуы мен дамуында үлкен және күрделі жолды өтті. Факультеттің жарқын жетістіктері оның қызметкерлерінің кәсіби дамуында көрінді. Егер 1972 жылы екі физика кафедраларында екі ғылым кандидаттары – К.М.Арынгазин мен Б.М.Вахольский және бір доцент В.П.Усик жұмыс істесе, ал қазіргі кезде факультетте 6 ғылым докторлары, профессорлар, 22 ғылым кандидаттары, доценттер және 3 PhD философия докторлары жұмыс атқаруда.

Факультет мақтаныштары ретінде жас оқытушылар мен факультет қызметкерлері және студенттер үшін үлгі бола алатын біздің еңбек сіңірген қызметкерлеріміз бен еңбек ардагерлерін ерекше ауыз толтырып айтуымызға әбден болады:

– п.ғ.д., профессор Арынғазин К.М. «ҚазССР білімінің үздігі»,  «Ыбырай Алтынсарин» және «ҚарМУ еңбек сіңірген қызметкері» атақтарының иегері;

– ф.-м.ғ.д, профессор Көкетай Т.А. «Қарағанды қаласының құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасының білім саласының құрметті қызметкері», «ҚарМУ еңбек сіңірген қызметкері», ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдар мен мамандар үшін арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының лауреаты;

­– ф.-м.ғ.к, профессор Ермагамбетов К.Т. «Қазақстан Республикасының білім саласының құрметті қызметкері» және «ҚарМУ еңбек сіңірген қызметкері» атақтарының иегерлері

– ф.-м.ғ.к., профессор Ильина Л.Ф «Жұмыста үздік жетістіктері үшін» (Жоғары мектеп СССР) және «ҚарМУ еңбек сіңірген қызметкері» атақтарының иегері;

– т.ғ.д., профессор Құсайынов Қ. «Қазақстан Республикасының білім саласының құрметті қызметкері», «ҚР ғылымының дамуына үлесін қосқан ғалым» атағының иегері;

– ф.-м.ғ.д., профессор Ибраев Н.Х., «ҚР ғылымының дамуына үлесін қосқан ғалым», «ҚарМУ еңбек сіңірген қызметкері», ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдар мен мамандар үшін арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының лауреаты;

– т.ғ.к., профессор Дәрібеков С.Д. «ҚарМУ еңбек сіңірген қызметкері» атағының иегері;

Профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсібиліктерінің куәсі ретінде біздің 6 оқытушыларымыздың әр жылдарда «Жоғары оқу орнының ең үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттарға ие болғандықтары дәлел бола алады: ф.-м.ғ.к., доцент Сакипова С.Е. (2005 жыл), т.ғ.д, профессор Құсайынов Қ. және ф.-м.ғ.д, профессор Ибраев Н.Х. (2007, 2011 жылдар), ф.-м.ғ.д, профессор Көкетай Т.А. (2008 жыл), ф.-м.ғ.д., профессор Саулебеков А.О. (2009 жыл), т.ғ.к., доцент Нүсіпбеков Б.Р. (2010 жыл).

Факультет дәстүрлерін жауапкершілікпен және абыроймен факультеттің жас оқытушылары мен қызметкерлері жалғастыруда, олардың ішінде дарынды жас ғалымдар үшін арналған мемлекеттік стипендияның лауреаттарын ф.-м.ғ.д., доцент С.Г. Карстинаны және философия докторы (PhD) Д.А. Афанасьевты ерекше атап өтуімізге болады; іргелі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған Іргелі зерттеуге арналған Ресей Федерациясының қоры «Ресей ғылым ұйымдарында ТМД елдерінен жас ғалымдардың ғылыми жұмысы» атты грант иегерлері физика магистрі Д.А. Оспанованы; х.ғ.к., доцент З.К Айтпаеваны;  техника және технология магистрі А.К. Хасеновты (2009-2010 оқу жылы); физика магистрі Г.А. Булкаированы (2010-2011 оқу жылы) айтуымызға болады; дарынды жас ғалымдар үшін арналған мемлекеттік стипендия лауреаты және «Жаратылыстану ғылымдары» номинациясында жас ғалымдар арасында Қарағанды облысының әкімінің сыйақысының номинанты ф.-м.ғ.к. А.К. Аймухановты; докторант PhD, іргелі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде грант иегері Д.А. Афанасьевты;  докторант PhD, «Жаратылыстану ғылымдары» номинациясында жас ғалымдар арасында облыс әкімінің сыйақысының номинанты, жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысы Республикалық байкауының жеңімпазы Е.В. Селиверстованы; физика магистрі,  Томск мемлекеттік университетінде іргелі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге бөлінген Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің грант иегері Г.Е. Сейсенбекті (2009 ж.) және басқаларын айтумызға болады.

Факультеттің аса ерекшеліктері профессор-оқытушылар құрамының шетелдің серіктес жоғары оқу орындарымен жақсы қарым-қатынас орнатуы болып табылады. Көбіне, кафедралар Тарту университеті (Эстония), Гумбольд университеті (Берлин, Германия),  Чехия Республикасының ғылымдар академиясының Ядролық физика институты (Прага, Чехия), Рязань мемлекеттік радиотехникалық университеті (Ресей), Аль – Фараби атындағы КазҰУ, Абай атындағы ҰПУ, Еуразиялық гуманитарлық институты,  Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА,  РҒА СБ «Жылуфизикасы» институты, РҒА СБ теориялық және қолданбалы механика институты, РҒА СБ органикалық емес химия институты, ҰҒА Беларусь қолданбалы механика институты, Томск мемлекеттік университеті, РҒА СБ материалдардың физикасы мен беріктілігі институты, Кемер мемлекеттік университеті, ҚР БҒМ физика-техникалық институты (Алматы), Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университеті,  техникалық жылуфизика институты (Украина) және т.б. сияқты белгілі ғылыми-білім орталықтарымен тығыз қарым-қатынасқа ие.

Мамандықтар тізімі мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім шегінде дайындау бағыттарын белсенді түрде кеңейту – бұл да біздердің негізгі басымдықтарымыздың бірі. Көбіне, ҚарМУ магистратура шегінде білім алушылардың барлығына міндетті шетелдік стажировкадан өткізуге кепілдік береді (үш айға дейінгі ұзақтылық мерзіммен).

Қазіргі таңда физика-техникалық факультетінде төрт кафедра бар:

Физика және нанотехнологиялар (меңгерушісі – ф.-м.ғ.к, доцент А.С.Кудусов);

– профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылуфизикасы (меңгерушісі – т.ғ.к., доцент Г.М. Шаймерденова);

  • Транспорт және кәсіптік оқыту (меңгерушісі – п.ғ.к., доцент С.Г. Курумбаев);

– Радиофизика және электроника (меңгерушісі – PhD докторы, доцент А.К. Зейнидинов).

Физика және нанотехнологиялар кафедрасы – Қарағанды мемлекеттік университетінің қалыптасуы аралығында 1972 жылы құрылған біздің факультетіміз және университеттің ең байырғы кафедраларының бірі. Кафедраны Ильина Лидия Федоровна басқарды – жас ғылым кандидаты. Ол университеттің бірінші ректоры  Бөкетов Евней Арыстанұлымен Алматыдан шақыртылған болатын. Кафедраның оқытушыларының көбісі сол жылдары мүлдем жас және педагогикалық институттың ең үздік түлектері болатын. Әр жылдары кафедраны Л.Ф.Ильина, Ю.А.Сойников, С.С.Контаев, Т.Ж.Конакбаев, Ю.Н.Антипов, М.К.Курманов, Т.М.Мукатов, А.Ж.Тұрмұхамбетов, Н.Ж.Жәйшібеков, К.М.Арынғазин, А.О.Саулебеков, С.Е.Сакипова басқарды.

Қазіргі жаңа кезеңде оқу-әдістемелік жұмыстың көбісі кафедра оқытушыларына жүктеледі. Алғашқы кейстар, оқу-әдістемелік кешендер, оқудың кредиттік жүйесіне өту, дидактикалық принциптар және жаңа білім технологиялары бойынша қала және облыс мектептерінің физика мұғалімдері үшін университет қасындағы әдістемелік семинарлар.

Кафедра базасында 10 және 11 класс оқушылары үшін физика бойынша  бірнеше ашық олимпиадалар өткізілді.

Кафедрада 6 оқу зертханалары бар: механика, молекулярлық физика, электр және магнетизм, физиканы оқыту әдістемесі, мектептік тәжірибе техникасы, физикалық емес мамандықтар үшін физпрактикум.

Кафедраның зерханалық жабдықтары факультетте жалпы және арнайы курстарды өткізу кезінде, дипломдық және курстық жұмыстарды орындау барысында оқу үрдістерін ұйымдастыруда ғана қолданылмайды, кафедраның филиалдары ашылған мектептердің профилді класстардағы оқушыларға сабақтар өткізу үшін де (ДБМ «Дарын», мектеп – гимназия №38 қ. Қарағанды), педагогикалық практика аралығында студенттермен есепті сабақтарын өткізу кезінде де пайдаланылады.

Радиофизика және электроника кафедрасы – Қарағанды педагогикалық институтының радиоэлектроника кафедрасының базасында ұйымдастырылған. Кафедраның ең бірінші меңгерушісі п.ғ.к., доцент Вахольский Б.М. болды. Содан кейін кафедраны біртіндеп т.ғ.к., доцент Краусс Л.А., ф.-м.ғ.к., профессор Ермаганбетов К.Т., т.ғ.к., профессор Муканов Д.М., х.ғ.к., доцент Мукатов Т.М., т.ғ.к., профессор Чиркова Л.В. басқарды

Бастапқы кезеңдерде бар жоғы үш зертханасы ғана бар кафедра кейінгі жылдары аса кеңінен дами түсті. Қазіргі таңда студенттер 14 арнайы жабдықталған зертханаларда жұмыс істейді, сонымен бірге студенттер D-Link компаниясымен заманауи жабдықтармен жасақталған телекоммуникация салаларында да жұмыс істейді. Мұндай даму жетістіктері кафедраның  Орталық-Қазақстан аймақтарының басты кәсіпорындарымен және елдің ғылыми аймақтарымен орнатылған тығыз байланыстарының арқасында қол жеткізілді.

Кафедра жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі өндіріс орындарымен әрқашанда тығыз байланыс орнату болды. ААҚ «Казчерметавтоматикамен» тығыз көп жылдық байланыс осы ұйым ішіндегі кафедра филиалының ұйымына келіп құйылып жатты. Мұның бастамашысы профессор Ермаганбетов К.Т. болды. ААҚ белсенді, табысты қызметкерлері оқу үрдісін ұйымдастыруға тікелей қатысып жатады, яғни студенттердің курстық және дипломдық жұмыстарына жеткешілік етеді. Бұл ұйым, сонымен қатар АҚ «Қазақстан Республикалық радиотелекорпорация», Қарағанды филиалының тарату орталығы АҚ «Қазтелерадио» студенттердің машықтану өтетін тұрақты базасы болып табылады. Сонымен қатар, кафедраның көптеген түлектері ААҚ-ға жұмысқа шақырылып жатады.

Кафедра Қарағанды облысының Радиохабар тарату дирекциясымен, АҚ «Қазтелерадио», «Экоэксперт», ЖШС «Аква – Рем», ЖШС «Казстройпроект 2010» орындарымен келісім шарттар жасады, бұл орындардың қызметкерлері де оқу үрдісінің ұйымдастырылуында белсенді, үздіксіз қатысып отырады.

Кафедра бірінші болып оқу үрдісіне ЭЕМ енгізе бастады, цифрлық және микропроцессорлы техниканың зертханалары құрылды. Профессор К.Т. Ермаганбетовпен Республикада бірнші рет қазақ тілінде «Цифрлық электроника» атты оқу құралы мен профессор Ж.С. Акылбаевпен бірге «Электр және магнетизм» атты кітап дайындалды.

Кафедрада көп көңіл техникалық білімді негіздеудегі мектеп оқушыларының жұмысына бөлінді. Кафедра күшімен электроника бойынша мектеп оқушыларының 4 ашық қалалық және облыстық олимпиадалары өткізілді, бұл кейіннен республикалық статусқа ие болып, тағы да екі республикалық олимпиада өткізілді, сонымен қатар электроника бойынша студенттік жұмыстардың байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.

Машықтану базаларын қалыптастыру тарапы жағынан кафедра саясаты оқытылатын арнайы пәндердің барлық кешені бойынша студенттердің тәжірибелік дағдыларын алу үшін жағдайларын жасауға негізделген.

Көптеген студенттер үшін практиканың логикалық жалғасы болып жоғарыда көрсетілген ұйымдардың табысты мамандарының жетекшілігімен курстық және дипломдық жұмыстардың орындалуы табылады. Дипломдарын алғаннан кейін кейбір түлектер қатары мамандық бойынша жұмысқа шақырылады.

Транспорт және кәсіптік оқыту кафедрасы 2013 жылы Машинатану және Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту әдістемесі кафедраларының бірігуінен кейін құрылды. Бұл кафедраның пайда болуы 1993 ж. 9 шілденің кәсіби-бейнелеу факультетенің Машинатану кафедрасының ашылуынан бастау алады.

Кафедраны әртүрлі жылдары т.ғ.к., доцент С.Ш. Магавин; т.ғ.к., профессор Овчаров М.С.; т.ғ.к., доцент Нартя В.И.; т.ғ.к., доцент Каримов К.Г.; т.ғ.д., профессор Куанышбаев Ж.М.; п.ғ.к., доцент Исаева К.Р.; п.ғ.д., профессор Тажигулова Г.О. меңгерді.

Қазіргі уақытта бакалавр мен магистранттарды 23 оқытушы, оның ішінде 4 профессор, 5 ғылым кандидаттары, 9 магистр, 4 аға оқытушы және 1 доктарант дайындайды.

Профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылуфизикасы сол жылдары декан болып, кейінгі жылдары университет ректоры болған техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлының жетекшілігімен 1980 жылы ұйымдастырылып, құрылған болатын.

Жылуфизикасы мамандары іргелі жылуфизика ғылымдарының мәселелерін шешуге ғана керек емес, сонымен бірге қолданбалы міндеттерді де шешуге қажет: жаңа дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану, энергия ресурстарын үнемдеу, жылуэнергетика мекемелерінде жұмыс істеп тұрған технологияларды жаңғырту және т.б..

Кафедраның ең алғашқы меңгерушісі болып доцент (кейін факультет деканы) ф.-м.ғ.д., профессор Тұрмұхамбетов А.Ж. тағайындалды, оның еңбек жолдары физика факультетімен бірге жылуфизикасы кафедрасымен де үздіксіз тығыз байланысты. Әр жылдарда кафедраны: Ақылбаев Ж.С., Жәйшібеков Н.Ж., Құсайынов Қ., Антипов Ю.Н., Курманов М. К., доцент Щербаков Ю.Н. басқарды. 2008 жылдың маусым айында кафедраның аты профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылуфизикасы кафедрасы болып өзгертілді.

Қазіргі таңда кафедраның профессор-оқытушылар құрамында: профессор Құсайынов Қ., профессор Жақатаев Т.А., доценттер: Сакипова С.Е., Нүсіпбеков Б.Р., Шаймерденова Г.М., Айтпаева З.К., аға оқытушылар: Сатыбалдин А.Ж., Булкаирова Г.А., Оспанова Д.А., оқытушылар: Дюсембаева А.Н., Кутум Б.Б., Нургалиева Ж.Г.,  инженерлер: Мейрманова А.С., Баспаков А.Б. қызмет атқаруда.

Профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсібиліктеріне келесі нәтижелер дәлел бола алады: әр жылдары үш оқытушы «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері болды: ф.м.-ғ.к., доцент Сакипова С.Е. (2005 ж), т.ғ.д., профессор Құсайынов Қ. (2007ж. және 2011ж.) және т.ғ.к., доцент Нүсіпбеков Б.Р. (2010 жыл).

5В071700-Жылуэнергетика, 5В072300-Техникалық физика, 5В073100-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай оқу бөлімдері бар.

Кафедра – бакалавриат, магистратура, докторантура арқылы жас мамандардың іргелі дайындығын жүзеге асыруда.  Жылуэнергетика мекеме орындарында жұмыс істеуге бағытталған инженер – жылуфизиктердің дайындығы 1992 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Кафедраның оқу жұмысы 8 оқу зертханаларымен қамтамасыз етіледі, мұнда кафедраның бірегей қондырғылары қолданылады: 500 мм диаметрдегі жұмыс бөлігі бар және ~30м/с жылдамдықтағы ауа ағынын қамтамасыз ететін аэродинамикалық құбыр, «Искра-Н» электрогидравликалық  қондырғысы, ағыншаларда, құбырда және арналарда ағынды қарастыру үшін аэродинамикалық қондырғылар.

Кафедра келесі орталықтармен бірлесе жұмыстар орындап жатыр: «Сызықтық емес физика зертханасымен» Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ (жетекші – ф.-м.ғ.д., проф. З.Ж. Жанабаев, Алматы); Ж.Абишев атындағы ХМИ (директор – т.ғ.д., проф. Толымбеков М.Ж.,  Қарағанды қ.).

Профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылуфизикасы кафедрасының қызметкерлері келесі халықаралық ұйымдармен ынтымақтасып, жұмыстар жүргізеді:

-Украинаның ҰҒА техникалық жылуфизика институты, (Киев),

– РҒА СБ жылуфизика ҒЗИ, Новосибирск (Ресей),

– РҒА СБ күшті тоқты электроника институты, Томск (Ресей),

-Томск Мемлекеттік Университеті, Томск, (Ресей).

Кафедра әрдайым халықаралық ғылыми конференциялар өткізіп отырады «Сызықтық емес жүйелерде бейберекет және құрылымдар. Теория және тәжірибе» және кафедра мен факультет базасында Новосибирск, қ. Томск, қ. Кемерово, қ. Екатеринбург және т.б. қалалардың ғылыми зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының табысты ғалымдардың қатысуымен көптеген конференциялар өткізілуде. 2 жылда бір рет өткізіліп тұратын аталмыш конференция сызықтық емес құбылыстар туралы ғылымның дамуына өзіндік ықпалын тигізіп жатыр.

Ғылыми зерттеу жұмыстарына кафедраның студенттері және магистранттары белсене қатысып жатады, олардың жұмыстары бірнеше рет халықаралық және республикалық конференциялардың, сонымен қатар студенттік жұмыстар байқауының мақтау қағаздары және дипломдарымен марапатталды.

Жылуфизика мамандары экономика және ғылымның барлық салаларына қажет: энергетикалық кешеннің, металлургиялық және машина жасау өнеркәсібінің отынынан бастап құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және тұрғылықты-коммуналдық шаруашылыққа дейін. Кафедраның барлық жас қызметкерлері ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысады және олардың  республикалық және шетелдік ғылым баспаларында  басылымдары бар.

Сөз соңында физика-техникалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамының  жоғары біліктіліктерін ғана емес, сонымен қатар әртүрлі стипендиялар мен ғылым гранттарына үміткер болатын сәйкесті мамандықтардың бакалавр, магистр және РhD  докторларын дайындаудағы деңгейді де ерекше атап айтуға әбден болады.

Физика-техникалық факультет әрқашанда жоғары мамандандырылған ғылым кадрларының таптырмайтын “ұстаханасы” болуда және болып қала бермек, бүгінгі күні олар өз еліне өркендеуді алып келуге қабілетті және оған жоғары ғылыми-технологиялық даму деңгейі бар дүниежүзілік елдердің арасында құрметті орынды алып беруге кепілдік бере алатын өз елінің нағыз байлығы болып табылады.

Жылдық оқиғалар

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ 5В011000 – физика (білім беру), 5В060400– физика (жаратылыстану ғылымдары) бакалавр және 6М011000 – физика (білім беру); 6М060400 – физика (жаратылыстану ғылымдары) магистратура мамандықтары бойынша «ACQUIN» Германия институтының сапа белгісіне ие. Осы мамандықты бітірген түлектер Европаның білім кеңістігінде еркін жұмыс істей алады.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнанан кейінгі білім беру департаментінің, негізгі жоғары оқу орындарында пәндік олимпиада өткізу туралы 28.02.2013ж. жолдаған хаты негізінде 2013 жылдың 27-27 сәуірінде академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 5В011000-«Физика» мамандығы физика пәні бойынша V Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді.
Ресей Жаратылыстану Академиясы Президиумының шешімі бойынша ғалымдарды ғылым мен тәжірибе үшін маңызды роль атқаратын ғылыми еңбектері, ғылыми жаңалықтары мен ашқан жаңалықтары үшін марапаттау мақсатында А. Нобель атындағы награда (сертификат, куәлік және төс белгісі) табысталды.

Медальді РЖА атынан РЖА Президиумының атақты ғылыми жұмыстар, ашқан жаңалықтар және өнертабыстар немесе ғылыми мен тәжірибелік маңыздылығы зор жұмыстардың жиынтығы бойынша өткізген конкурсының нәтижесі бойынша РЖА Президиумы табыстады.

2012 ж. 29 мамыр күнгі (хаттама №12) Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ғылыми кеңесінің шешімі бойынша физика факультетінің атауы 2012ж. 21 тамызынан бастап физика-техникалық болып өзгертіледі.

Бұйрық

Талапкерлерге ақпарат











Халықаралық бірлестіктер

ШЕТЕЛДІК ЖОО-СЕРІКТЕСТЕРМЕН КЕЛІСІМДЕР

МЕН МЕМОРАНДУМI-ШАРТТАРДЫҢ ТІЗІМІ:

 

Ресей:

  1. Ұлттық зерттеушілік Томск политехникалық университеті (білім беру мен ғылым облыстарындағы ынтымақтастық келісімі)
  2. Томск мемлекеттік университеті (Ынтымақтастық туралы келісім)
  3. Рязань мемлекеттік радиотехникалық университеті (Ынтымақтастық туралы келісім)
  4. «Органикалық жартылай өнімдер мен бояғыштар институты» мемлекеттік ғылыми-зерттеушілік орталығы, Мәскеу
  5. РҒА СБ жылуфизика ҒЗИ, Новосибирск
  6. РҒА СБ Күшті дәлді электроника институты, Томск
  7. И.И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік университеті (магистранттары оқыту үшін квота беру туралы келісім)
  8. Екатеринбург политехникалық университеті
  9. ҒӨБ «Санкт-Петербург электротехникалық компания», Санкт-Петербург

 

Украина:

  1. Украинаның ҰҒА техникалық жылуфизика институты (бірлескен жоба)
  2. Украинаның ҰҒА органикалық химия институты, Киев (бірлескен жоба)
  3. Тарас Шевченко атындағы Ұлттық университеті, Киев

 

Болгария:

  1. «Неофит Рилски» Оңтүстік-Батыс университеті, Благоеврад (философия докторанттардың ғылыми жұмысын бірлесіп жетекшілік ету туралы меморандум + келісім)
  2. Химиялық технологиялар мен металлургия университеті, София (PhD докторанттарды жетекшілік етуде консультативті көмек көрсету туралы)

 

Чехия:

  1. Чех республикасының ҒА ядролық физика институты, Прага төңірегіндегі Ржеж (философия докторанттардың ғылыми жұмысын бірлесіп жетекшілік ету туралы меморандум + келісім)

 

Англия:

Брайтон университеті (философия докторанттардың ғылыми жұмысын бірлесіп жетекшілік ету туралы меморандум + келісім)

 

Швеция:

  1. Лунд университеті (Лунд)

 

АҚШ:

  1. Массачусетс технологиялық институты (философия докторанттардың ғылыми жұмысын бірлесіп жетекшілік ету туралы меморандум + келісім)

 

Латвия:

  1. Латвий университеті, Рига (Халықаралық ынтымақтастық туралы келісім)

 

Польша:

  1. Бельско – Бяла университеті (Өзаратүсіністік туралы меморандум, философия докторанттардың ғылыми жұмысын бірлесіп жетекшілік ету туралы келісімі)

 

Эстония:

  1. Тарту университеті (философия докторанттардың ғылыми жұмысын бірлесіп жетекшілік ету туралы меморандум + келісім)

 

Румыния:

  1. Бабеш-Больяй университеті (студенттермен, оқытушылық құрамымен алмасу туралы келісім)

ҒЗИ МЕН ҒЫЛЫМИ ЗЕРТХАНАЛАР

  1. Молекулалық нанофотоника ғылыми-зерттеушілік институты (жетекші – ф.-м.ғ.д. Ибраев Н.Х.).
  2. Техникалық физика және экология мәселелерінің институты (жетекші – ф.-м.ғ.д. Көкетай Т.А.).
  3. Гидродинамика мен жылумассаалмасу зертханасы (жетекші – т.ғ.д. Кұсаиынов Қ.Қ.).
  4. «Ионды-плазмалық технологиялар мен қазіргі заманғы аспапжасау» ғылыми-зерттеу орталығы (жетекші – ф.-м.ғ.к. Юров В.М.).

 

ЖУРНАЛДАР

 

  1. «Eurasian Physical Technical Journal» ғылыми-техникалық журнал
  2. «Қарағанды университетіің хабаршысы» журналы, «Физика» сериясы

 

ҚОНАҚ ДӘРІСТЕР

 

Жыл сайын студентер, магистранттар мен докторанттар шетелдік ЖОО-дардың ғалымдары дәрістер оқиды.

2013 жылы:

  1. Нуршат Нураджи (қыркүйек, 2013) – PhD доктор, Массачусетс технологиялық институтының профессоры, АҚШ. Дәрістер тақырыбы: «Нанотехнологиялар мен жаңартылған энергетика».
  2. Митко Стоев (қараша, 2013) – инженерия докторы, «Неофит Рилски» Оңтүстік-Батыс университетінің ассоц.профессоры, Благоевград, Болгария. Дәрістер тақырыбы: «Энергияның жаңартылған көздері».

 

ҒЫЛЫМИ СЫНАҚТАР

 

Жыл сайын факультеттің магистранттары, докторанттары мен профессорлы-оқытушылық құрам  шетелдегі озық ЖОО-дарында сынақтардан өтеді.

2013 жылы:

2 курс магистранттары Молдабаева А., Зубарева Ю., Шаланова Ж., Завацкая О., Кыздарбекова Ш., Копбалина К., Тунгушбекова Ш. академиялық мобильділік аясында Томск мемлекеттік университетінде ғылыми сынақтан өтті. Өту мерзімі: 5 -19 сәуір 2013 жыл (Томск).

Ж.С.Ақылбаев атындағы инженерлік жылуфизика кафедрасының докторанттары Хасенов А.К. пен Шуюшбаева Н.Н. докторантураның ғылыми сынақтар аясында Неофит Рильский Оңтүстік–батыс университетінде ғылыми сынақтан өтті (Благоевград).  Өту мерзімі: 10 маусым  -10 тамыз 2013 жыл.

2 курс магистранттары Закиев Д.М. пен Жаргакова С.С. академиялық мобильділік аясында  Бабеш  – Больяй университетінде сынақтан өтуде (Клуж-Напока қ., Румыния). Өту мерзімі: 02.10.2013ж- 26.02.2014ж.

2 курс магистранты Сұлтанов А.А. академиялық мобильділік аясында Адам Мицкевич университетінде  сынақтан өтуде (Познань, Поляк Республикасы). Өту мерзімі: 2.10.13 – 15.05.14 г.

Аспап жасау мен нанотехнология кафедрасының докторанты Тусупбекова А.К. докторантураның ғылыми сынақтар аясында Тарту университетінің физика институтында ғылыми сынақтан өтті  (Эстония). Өту мерзімі:  21.10. – 24.12.2013ж.

Ж.С.Ақылбаев атындағы инженерлік жылуфизика кафедрасының доценті, ф.-м.ғ.к.   Сакипова С.Е. 2013 жылдың қараша айында Валенсияның политехникалық университетінде екі апталық біліктілікті жоғарылату курсынан өтті (Испания).

Жалпы және теориялық физика кафедрасының доцент, ф.-м.ғ.к.   Мүсенова Э.Қ. 2013 жылдың қараша айында Республикалық біліктілікті жоғарылату институтында  екі апталық біліктілікті жоғарылату курсынан өтті, Алматы қ.

Жалпы және теориялық физика кафедрасының аға оқытушысы, ф.-м.ғ.к.   Балтабеков А.С. 2013 жылдың қазан айында  Республикалық біліктілікті жоғарылату институтында  екі апталық біліктілікті жоғарылату курсынан өтті, Алматы қ.

.

Ғылыми бағыттар

2013 жылы факультетте 19 ғылыми мемлекеттік бюджеттік жобалар, оның ішінде 6 жоба іргелі және 13 қолданбалы бағыттар бойынша орындалды, сонымен қатар ғылымның әр түрлі бағыттары бойынша бастамашыл жобалар іске асырылды.

Іргелі зерттеулер:

  1. Аморфты жартылай өткізгіштер мен органикалық бояғыштар негізіндегі күн энергиясының фототүрлендіргіштерін өңдеп шығару.
  2. Шектелген геометрияға ие молекулалық жүйелердегі спин-селективтік фотопроцестер.
  3. Қатты денелердің беттік керілуін эксперименттік анықтау әдістерін және олардың практикалық қолданысы бойынша нұсқауларды өңдеу.
  4. Кеуек алюминий оксидінің негізінде функционалдық оптикалық элементтер.
  5. Кең зоналы кристалдардағы ақаулардың жиналуы мен ыдырауына құрылымдық фактордың ролі мен әсері.
  6. Гретцель ұяшықтар үшін жоғары меншіктік бетті металл оксидті қабыршақтарды алу технологиясын өңдеу.

Қолданбалы зерттеулер:

  1. Энергетикалық құрал-жабдықтар мен жылулық электр станциялар машиналарының механизм бөлшектеріне нанокристалды жабуларды төсеу мен лазерлік өңдеу технологиясын өңдеп шығару және өндіріске енгізу.
  2. Кіші тереңдіктегі жердің жылуын алуға арналған жылуалмастырғыштарды құрудың электргидроимпульстік технологиясы.
  3. Металқұрамды мен техногендік шикізаттан сирек кездесетін металдарды алудың электрогидроимпульстік технологиясы.
  4. Сукөмірлі отынды алу үшін Шұбаркөл көмірдің қалдықтарын қайта өңдеудің электрогидроимпульстік технологиясы.
  5. Конвейерде сусымалы материалды салмақтауға арналған ақпараттық-өлшеуіш жүйені өңдеу мен оны өндіріске енгізу.
  6. Жылулық электрстанциялардың механизмдер бөлшектері мен технологиялық агрегаттардың орнығу мен қайта жаңғыртуға арналған тәжірибелі‑өндірістік аумақтың технологиясын өңдеу мен құру.
  7. Зиянды газдарды талдау үшін отандық портативтік ақпараттық-өлшеуіш жүйені өндеу мен оны өндіріске енгізу.
  8. Дозиметрия үшін люминофор мен аспапты өңдеп шығару.
  9. Жылулық электрстанциялардың бөлшектеріне ыстыққа төзімді жабуларды магнетрондық төсеу технологиясының өндірістік аумағын құру мен енгізу.
  10. Плазмонды‑күшейткіш фотовольтаикалық ұяшықтарға жаңа жақындау.
  11. Жылулық электрстанциялардың көмірді ұнтақтайтын диірменнің биласына электронды-сәулелік балқыту технологиясының өндірістік аумағын құру мен енгізу.
  12. Желдің аз жылдамдықтары үшін қалақ беті динамикалық түрде өзгеретін жел турбиналары.
  13. Электрмагниттік көтергіш қондырғыны құру жолымен таулы массаны ойып алудың энергия үнемдегіш технологияны негіздеу мен өңдеу.

 

Қазақстанның педагогикалық ғылымдарының Академиясымен қарамағындағы бастамашыл жоба:

ЖОО-да физиканы оқытудың дидактикалық принциптері мен әдістемесінің салыстырмалы талдауы.

 

ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕЛЕР

 

  1. Күрделілігі жоғары есептерді шығару (жетекшілері: доценттер Кудусов А.С., Мүсенова Э.Қ.)
  2. Инженерлік жылуфизика (жетекші: доцент Нүсіпбеков Б.Р)
  3. Теориялық физиканың мәселелері (жетекші: доцент Архипов В.В.)
  4. Корпускалалық оптика жүйелерін модельдеу (жетекші: аға оқытушы Қамбарова Ж.Т.)
  5. Жылумассаалмасу процестерін компьютерлік модельдеу (жетекші: доцент Сакипова С.Е.)
  6. Радиотехника (жетекші:профессор Жакатаев Т.А.).
  7. Нанотехнологиялар негіздері (жетекші: профессор Ибраев Н.Х.).
  8. Электроника мен микропроцессорлық техника (жетекшілері: профессор Ермағанбетов К.Т., доценттер Исмаилов Ж.Т., Қасымов С.С., Чиркова Л.В.).

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИЗЕРТТЕУШІЛІК ЖҰМЫСЫ

 

Факультеттің бұл бағыты жоғары білікті мамандарды дайындау үрдісіндегі маңызды роль атқарады. Физика-техникалық факультеттің студенттер әр түрлі ғылыми сайыстарға, олимпиадаларға, жобаларға қатысады. 2013 жылы студенттер келесідей жүлделі орындарға ие болды:

Жалпы және теориялық физика кафедрасының 3 курс студенті Қыстаубаева А.Ж.  Қазақстан Республикасының Ұлт көшбасшысы – Бірінші Президент Қорының студенттік стипендияға іздестірудің республикалық сайысының жүлдегері.

Студенттер Оспанова Ж., Аганина Г. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми жұмыстардың республикалық сайысында 2 жүлделі орын иегерлері.

2 курс магистранты Завацкая О.Н. АҚ «ҰҒТХ «Парасат» өткізілген магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар арасында «Парасатты жас ғалым» инновациялық жобалар сайысының лауреаты атанып, 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

4 курс студенті Мырзаханова М.Е. «Жылуэнергетика» мамандығы бойынша «Айналмалы қозғалыстағы қосақталған кеуек бетті цилиндрлердің аэродинамикасын зерттеу» ғылыми жұмысы үшін Білім және Ғылым Министрлігімен 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.  (ғылыми жетекші  – профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылуфизика кафедрасының доценті, х.ғ.к. Айтпаева З.К.).

3 курс студенттері Курмангалиев А.Ш., Бейсенбек А.Ж., Толынбеков А.   «Жылуэнергетика» мамандығы бойынша «Электрогидроимпульстік технологияның көмегімен металлургиялық кремнийді ұсақтап таза зат алу» Білім және Ғылым Министрілігімен 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. (ғылыми жетекші  – профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылуфизика кафедрасының доценті, т.ғ.к. Нүсіпбеков Б.Р.).

4 курс студенті Оспанова Ж. «Бөкетов оқулары – 2013» магистранттар мен студенттердің ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша «ойлардың түпнұсқалығы» номинациясы бойынша 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды ( 27-28 наурыз 2013ж.).

 

.

Докторанттар Зейниденов А., Сериков Т және 2 курс магистранты Айткенова Г. «Шеврон» компаниясы,  энергетика мен байланысының Алматы университеті мен   «RESD» қоғамдық қорымен өткізілген студенттер мен магистранттар ішінде жобалардың IV Республикалық  сайысында «Ең үздік жоба» номинациясына ие болып, 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Аспапжасау мен нанотехнологиялар кафедрасының аға оқытушысы Аймуханов А.К.және докторанты Зейниденов А.К. К.И.Сатпаев атындағы КазҰТУ –де халықаралық ғылыми семинарында, Алматы қ.

Аспапжасау мен нанотехнологиялар кафедрасының профессоры, ф.-м.ғ.д., профессор Көкетай Т.А.  Қытайда өткен 9-шы халықаралық конференцияда

 

Аспап жасау мен нанотехнология кафедрасының Тагаева Бәтима Серікбайқызына

Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті Қорының

ғылым мен техника облыстары бойынша сыйлықты марапаттау рәсімі

Тәрбиелік жұмыс

ОҚУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ІСІ ТӨҢІРЕГІНДЕ ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНІҢ  ЖЕТІСТІКТЕРІ
2012-2013 оқу жылында Тәрбие жұмысын үздік ұйымдастырудағы факультет жетістігі

«Жас Талап – 2013» байқауы

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ» МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН «БІРЛІКТІ НЫҒАЙТА ОТЫРЫП, КҮШКЕ ИЕ БОЛАМЫЗ!» АТТЫ ХАЛЫҚТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНДЕ ФАКУЛЬТЕТ СТУДЕНТТЕРІ «ҰЛТТЫ ҮЗДІК ТАНЫСТЫРУ» НОМИНАЦИЯСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

«СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ – 2013»

Студенттердің спорттық жетістіктері

 

Шет елдік және отындық университеттерде оқытуға арналған лекторлардың академиялық курстарының тізімі
Аты – жөні Лауазымы Дәріс сабақтарының тақырыптары Электронды адрес

 

Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы т.ғ.к., доцент, физика-техникалық факультетінің деканы 1. Наноматериалдарды алудың электротехнологиялары bek_nr1963@mail.ru

 

Көкетай Темірғали Әбілдаұлы т.ғ.д., профессор 1. Конденсирленген күй физикасы

2. Қатты дененің радиациялық физикасы

3. Кристаллдар люминесценциясы

katkargu@mail.ru

 

Арынғазин Қанапия Мүбаракұлы

 

п.ғ.д., ф-.м.ғ.к., профессор, Қазақстан ПҒА академигі 1. Классикалық механика

2. Кванттық механика

aryngazin_k_m@mail.ru

 

Ибраев Ниязбек Хамзаұлы ф-.м.ғ.д., профессор 1. Молекулалық жүйелер фотоникасы

2. Нанотехнология негіздері

niazibraev@mail.ru

 

Жақатаев Тоқсан Айыпханұлы т.ғ.д., Ж.С.Ақылбаев атындағы инженерлік жылуфизикасы кафедрасының профессоры 1. Жылу және массаалмасу теориясы

2. Сұйық және газ механикасы

3.СГМ және жылумассаалмасу есептерін шешудің сандық әдісі

4. Турбулентті факел аэродинамикасы.

toksanzh@yandex.kz
Лауринас Витаутас Чесловасович ф.-м.ғ.к., доцент, приборлар жасау және нанотехнологиялар кафедрасының меңгерушісі 1. Лазерлер физикасы

2. Лазерлік аналитикалық спектроскопия

vitas-laurinas@rambler.ru

 

Ермағанбетов Қанат Төлеуханұлы ф.-м.ғ.к., доцент, радиофизика және электроника кафедрасының профессоры 1. Молекулалық электроника

2. Манганиттер мен олардың қоспаларындағы кинетикалық құбылыстар

ekt_38@mail.ru

 

Сакипова Сауле Еркешевна ф.-м.ғ.к., доцент 1. Физиканың компьютерлік әдістері

2. Қүрделі жүйелерді ақпараттық талдау

sesaule@mail.ru

 

Чиркова Любовь Васильевна т.ғ.к., доцент, радиофизика және электроника кафедрасының профессоры 1. Оптоэлектроника,

2. Кванттық электроника

tchlv_53@mail.ru
Исмаилов Жарасқан Төлегенұлы ф.-м.ғ.к., доцент, радиофизика және электроника кафедрасының меңгерушісі 1. Төмен температуралар физикасы мен техникасы zhismailov@yandex.ru
Айкеева Алтын Аманжоловна т.ғ.н., радиофизика және электроника кафедрасының доценті 1. Электр тізбектеріндегі ауыспалы процестер aikeeva@mail.ru
Аймуханов Айтбек Калиевич ф.-м.ғ.к.., приборлар жасау және нанотехнологиялар кафедрасының аға оқытушысы 1. Молекулалық жүйелер люминесценциясы a_k_aitbek@mail.ru

 

Top