Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы

Кафедра тарихы

КАФЕДРА ТАРИХЫ

ҚазКСР жоғары және орта арнаулы білім Министрлігінің 1966 жылғы 1 қазандағы бұйрығы бойынша Қарағанды мемлекеттік педагогика институтының тарих кафедрасы: Жалпы тарих кафедрасы (кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы И.А. Колыванов), КСРО және Қазақстан тарихы кафедрасы (кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы У.А. Жанайдаров) болып екі кафедраға бөлінді.

Кафедра оқытушыларының бірінші буынына Жанайдаров У.А., Жуасов К.Ж., Базанова Ф.Н., Спанов Р.Н., Тажибаев Е.Е., Кундакбаева Р.Н., Есимов К.А., Аубакиров Б.Т., Орешникова В.М., Свиденко В.С., Адамбеков Е.К. жатты. Кафедра ұжымының қалыптасуы, профессорлық-оқытушы құрамның ғылыми-зерттеу жұмысы бағытының құрылуы осы буын өкілдерінің есімімен байланысты болды және кафедраның, факультеттің дәстүрлерінің қалыптасуына жәрдемдесті.

1972 жылы педагогика институтының Қарағанды мемлекеттік университетіне болып қайта құрылуы тарих факультеті мен кафедраның дамуындағы басты кезең болды. 1972 жылдан бастап факультетте 3 кафедра жұмыс жасады. Солардың бірі КСРО тарихы (кафедра меңгерушсі Қ.А. Есімов), екіншісі Қазақстан тарихы кафедрасы (кафедра меңгерушілері Е.Е. Тәжібаев (1972-1979жж.) Е.К. Адамбеков (1979-1984 жж.), А.К. Әбілев (Күзембайұлы) (1984-1992 жж.), Момынова Ш.Р. (1992-1997 жж.). осы кафедра құрамынан қазіргі археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының негізі құрылды. 1970-1980 жж. КСРО тарихы кафедрасының құрамында келесі оқытушылар жұмыс жасады: Б.Қ.Қыздарбеков, Б.К. Адамбеков, А.К. Әбілев, З.Ө.Өтемісов, Ю.А. Евстигнеев, Н.А. Бейсенбекова, С.У. Жауымбаев, Б.М. Абдрахманова, М.Е. Омаров, Н.В. Джакупова, Ш.Р. Момынова, Л.И. Зуева, С.В.Селиверстов, Ж.О. Артықбаев, Р.М. Жұмашев, Л.Қ.Шотбақова және т.б. 1992 жылдан бастап КСРО тарихы кафедрасы құрамынан тарихнама, деректану және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасы (кафедра меңгерушілері Қ.А. Есімов 1992 жылдан 1996 ж. дейін., Р.М. Жұмашев 1996 жылдан 1998 ж. дейін), бөлініп шығып, онда Н.А.Бейсенбекова, Б.М.Абдрахманова, Н.В.Джакупова, Л.И.Зуева, Л.Қ.Шотбақова, Е.Ж. Есенғараев сияқты оқытушылар жұмыс жасады. Бұл кафедра 1997 жылға дейін өмір сүрді. Сонымен қоса 1992 жылдан бастап Қазақстан тарихы кафедрасының құрамынан археология, этнология және ежелгі дүние тарихы кафедрасы бөлініп шықты (кафедра меңгерушісі С.У. Жауымбаев 1992-1997 жж.).

1998 жылы тарихнама, деректану және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасы археология, этнология және ежелгі дүние тарихы кафедрасымен біріктіріліп, археология, этнология және Қазақстан тарихы кафедрасы деп атала бастады. Кафедралардың біріктірілуіне байланысты кафедра құрамы С.У. Жауымбаев, В.В. Евдокимов, З.Ғ. Сақтағанова, К.М. Қарабаспақова, В.В. Варфоломеев, М.С. Жакин, М.А.Алпысбес сияқты жоғары білікті мамандармен толықты. Бұл кафедраның профессорлық-оқытушы құрамның екінші буыны болды.

1990 жылдардың аяғы 2000 жылдардың басында кафедра құрамы Қ.С.Өскембаев, А.Н. Мұқанова, Л.Т. Тлегенова, Ж. Абдукаримова, Қ.Қ.Абдрахманова, А.Ж..Мырзахметова, сияқты келешегі мол оқытушылармен толықты. 2005 жылдан бері кафедра археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы болып аталды. Кафедра меңгерушілері Ж.О.Артықбаев (1998 -2000 жж.), М.А. Алпысбес (2000 – 2001 жж.), Н.А. Бейсенбекова (2001 -2006 жж.), З.Ғ. Сақтағанова (2006-2007 жж.) болды. Қазіргі кезде кафедра меңгерушісі Қ.С. Өскембаев (2007 ж. бастап) болып табылады.

Қазіргі кезеңде кафедрада 20 оқытушы қызмет етеді, оның ішінде 3 тарих ғылымдарының докторы (Р.М. Жұмашев, В.В. Евдокимов, З.Ғ. Сақтағанова); 12 тарих ғылымдарының кандидаты (С.У. Жауымбаев, Н.А. Бейсенбекова, Л.Қ. Шотбақова, Қ.С.Өскембаев, В.В. Варфоломеев, М.С. Жакин, Л.И. Зуева, Е.П. Зимовина, Л.Т. Тлегенова, А.Н. Мұқанова, А.Ж. Мырзахметова, Қ.Қ. Абдрахманова) және 5 магистр (Абдукаримова Ж.К., Шохатаев О.С., Бөдеев Қ.Т., Сақабай Т.Қ., Кукушкин А.И.).

Оқытушы-профессорлар құрамы

Мамандықтар

МАМАНДЫҚТАР

Кафедра Тарих (білім), Тарих (гуманитарлық), Археология және этнология, Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау мамандықтары бойынша бакалаврларды дайындауды жүзеге асырады. Қабілетті түлектердің Тарих (білім беру), Тарих (гуманитарлық), Археология және этнология мамандықтары бойынша магистратурада білімін жалғастыруларына мүмкіндіктері бар. Қазіргі таңда Тарих (білім беру), Тарих (гуманитарлық), Археология және этнология мамандықтары бойынша магистрлер даярлануда.

Бүгінде келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлануда – Тарих (білім беру), Тарих (гуманитарлық), Археология және этнология, Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау

5B011400 – ТАРИХ (білім) мамандығы

Маманның біліктілігі: «5B011400 – Тарих» мамандығы бойынша білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі

Оқу мерзімі: 4 жыл. Оқу түрлері: күндізгі, сырттай, сырттай-қысқартылған.

Мамандықта оқу барысында «Тарих (білім беру)» мамандығының студенттері ұлттық және дүниежүзілік тарихпен, әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық, саяси-заңға сүйенген басқаратын тәртіптің кең спектрімен комплексті классикалық түрдегі терең әрі жоғары білімді ала алады. Оқу уақытының артынан студенттер мен тарихшылар қатысатын археологиялық ірі қазулардың орындарына тәжірибелік этнографиялық-далалық зерттеулер жүреді; Қарағанды облысындағы мемлекеттік мұрағатта, тарихи-өлкетану мұражайында, тарихи-библиографиялық кітапханаларда және де қала мектептерінде педагогикалық практикалардан өтеді.

Тарихшы түлектер қызмет атқарады:

5B020300 – ТАРИХ (гуманитарлық) мамандығы

Маманның біліктілігі: «5B020300 – Тарих» бойынша гуманитарлық білімдер бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі

Оқу мерзімі: 4 жыл. Оқу түрі: күндізгі.

Мамандықта оқу барысында «Тарих (білім беру)» мамандығының студенттері ұлттық және дүниежүзілік тарихпен, әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық, саяси-заңға сүйенген басқаратын тәртіптің кең спектрімен комплексті классикалық түрдегі терең әрі жоғары білімді ала алады. Оқу уақытының артынан студенттер мен тарихшылар қатысатын археологиялық ірі қазулардың орындарына тәжірибелік этнографиялық-далалық зерттеулер жүреді; Қарағанды облысындағы мемлекеттік мұрағатта, тарихи-өлкетану мұражайында, тарихи-библиографиялық кітапханаларда және де қала мектептерінде педагогикалық практикалардан өтеді.

Тарихшы түлектер қызмет атқарады:

5В020800 – АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ мамандығы

Маманның біліктілігі: «5В020800 — Археология және этнология» бойынша гуманитарлық білімдер бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Оқу мерзімі – 4 жыл.

Оқыту кезеңінде Қазақстанның этникалық топтарымен қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мәселеріне; археология және мұражайтану саласындағы жинақтаушы және коллекциялық қызметтер археологиялық және этнографиялық ескерткіштер бойынша қайта жаңғырту және консервациялық жұмыстарды, Қазақстан тұрғындарының арасында және шетелде Қазақстанның мәдениеті туралы білімдерді насихаттау дағдыларын жүзеге асыруды қалыптастыруға дағдыланады.

Халықаралық бірлестік

Халықаралық байланыс

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында шетелдік ғалымдар: Карлов университеінен Х.Хавлуева, М.Ломоносов атындағы ММУ-дың профессоры Р.М. Шукуров, Болгарияның «Неофит Рильски» Оңтүстік-Батыс университетінің профессоры М. Милановтар студенттер, магистранттар және докторанттарға лекция оқыды.

Тарих факультетінде студенттер арасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына да үлкен көңіл бөлінеді. 2012-2013 оқу жылында Республикалық пәндік олимпиадаға тарих факультеті студенттерінен құралған төрт команда қатысып, командалық есеп бойынша «Тарих» мамандығы Республика көлемінде І орын (ғыл.жет.Сақтағанова З.Ғ.); «Археология және этнология» (ғыл.жет. Варфоломеев В.В.) мамандығы

2012-2013 оқу жылы ішінде доцент Жакин М.С. халықаралық ReSET бағдарламасына, Шотбақова Л.Қ, Смагулова Г.М., Төлеуова Б.Т., Абдрахманова Қ.Қ., Оразбекова Г.Б. ТЕМПУС бағдарламасының TuCAHEA: Орталықазиялық жоғары білім кеңістігі бағыты бойынша: Тюнинг құрылымы және мәдениет сапасын қалыптастыру» жобасына қатысты.

Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының меңгерушісі Өскембаев Қ.С. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттіңк грантына ие болса, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Жұмабеков Ж.А. Қазақстан Республикасының дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиясының иегері атанды.

Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының меңгерушісі Қ.С. Өскембаев 2013 жылдың 16 қыркүйегінен 2013 жылдың 29 қыркүйек аралығында ҚарМУ-ге арнайы Болгария Республикасынан шақырылған «Неофит Рильски» Оңтүстік-Батыс университетінің профессоры М. Милановтың «Жаңа әлемдік тәртіп жағдайындағы егемендік және қарулы гуманитарлық интервенция» («Суверенитет и вооруженная гуманитарная интервенция в условиях нового мирового порядка») атты арнаулы курсын тыңдап біліктілікті жетілдірді.

Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының меңгерушісі Қ.С. Өскембаев 02.07.2013 – 17.07.2013 Чехия Республикасының астанасы Прага қаласындағы Карлов университетінде «Тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін» тақырыбы бойынша тағлымдамадан өтті.

Т.ғ. докторы, профессор З.Г. Сақтағанова халықаралық конференцияда (Үндістан, Нью-Дели 2014 ж.)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де сараптама тобымен жұмыс (2013 жыл)

Кафедрада жасалатын ғылыми бағыттар

КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері монографияларда, оқу құралдарында, ғылыми жарияланымдарда көрініс тауып, халықаралық, республикалық, аймақтық оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында жарық көреді. Кафедра ғалымдары Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын атқарады.

«Қ.Ж. Жуасов атындағы сыйақы» иегерлері: профессор З.Ғ.Сақтағанова, профессор В.В.Евдокимов, профессор С.У.Жауымбаев, доцент Л.Қ. Шотбақова.

«ҚарМУ-дің еңбегі сіңірген қызметкері» атағын алғандар: доцент Н.А. Бейсенбекова, профессорлар: В.В.Евдокимов, С.У.Жауымбаев.

«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері» атағын алғандар: профессор В.В. Евдокимов, профессор Р.М. Жұмашев, доцент Н.А. Бейсенбекова.

ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын иеленген оқытушылар: доцент Л.Қ.Шотбақова, профессор З.Ғ.Сақтағанова.

«Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталғандар: профессор Р.М. Жұмашев, профессор З.Ғ. Сақтағанова,

«Талантты жас ғалым» номинацияларының иегерлері: Ж.Ә.Жұмабеков, А.Н.Мұқанова, А.Ж.Мырзахметова

Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы келесі ғылыми бағыттар бойынша зерттеулер жүргізеді:

 

  • Орталық Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеу (проф. В.В. Евдокимов, проф. С.У.Жауымбаев, доц. В.В.Варфоломеев)
  • Отандық тарих ғылмының теория және методология мәселелері (проф. Р.М. Жұмашев)
  • Қазақстанның жаңа және қазіргі кезеңінің экономикалық және саяси тарихы: зерттеудегі жаңа әдістер (проф. З.Ғ.Сақтағанова, аға оқыт. А.Ж. Мырзахметова, оқыт. Қ.Қ.Абдрахманова)
  • Орталық Қазақстанды тарихи-этнографиялық зерттеу (доц. М.С. Жакин, аға оқыт. Т.Т. Аршабеков, оқыт. Ж.Ә.Жұмабеков)
  • Қазақстан тарихының тарихнамасы (доц. Н.А. Бейсенбекова)
  • Қазақстан тарихының деректану мәселелері (доц. Л.Қ. Шотбақова, Л.Т. Тлегенова, А.Н. Мұқанова)
  • ХІХ ғ. аяғы ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясы (доц. Н.А. Бейсенбекова, доц. Қ.С. Өскембаев)
  • Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін тарихы (доц. Қ.С. Өскембаев)
  • Тарихты оқыту әдістемесі (аға оқыт. Л.И. Зуева)

Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жарыққа шыққан монографияларда, оқу құралдарында, ғылыми жарияланымдарда көрініс тауып, халықаралық, республикалық, аймақтық және оқу орны ішіндегі ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды.

Монографиялар мен ғылыми жинақтар туралы мәлімет:

2012-2013 жж. Словакияның Коменский атындағы университеті философия факультетімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

– Л.Н. Гумилевтің 100 жыл толуына арналған «Л.Н. Гумилевтің еуразиялық концепциясы: тарих және қазіргі заман» атты «дөңгелек үстел» (12 қазан 2012 ж.);

– «Еуразиялық кеңістік: интеграцияның мүмкіндіктері мен проблемалары»

атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-тәжірибелік конференциясы (30 қараша 2012 жыл);

– Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Қазақстан – менің отаным» атты ХҮ университет ішіндегі конференция (11 желтоқсан 2012 жыл);

  • Алаштың идеясы – Тәуелсіз Қазақстан: Алаш қозғалысының 95 және «Қазақ» газетінің 100 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция (12 желтоқсан 2012 жыл);
  • Тарих факультетінің 75 жылдығына арналған «Жуасов оқулары – 17» Республикалық ғылыми-практикалық конференция (27-28 наурыз 2013 жыл).

Өткізілген дөңгелек үстел мен ғылыми конференциялардың нәтижелері басып шығарылған жинақтардың көлемі 91,51 б.т. құрайды.

Оқу жылы барысында шаруашылық-есеп шарттары бойынша жүргізілген жұмыстарға тарих факультеті бойынша 4 оқытушы қатысты (Жауымбаев С.У., Варфоломеев В.В., Жакин М.С., Аршабеков Т.Т.).

Архология, этнология және Отан тарихы кафедрасының ғылыми-әдістемелік жұмысы Отан тарихының өзекті мәселелері мен әлемдік тарихи үдерістермен байланысты. Ғылыми-зерттеу жұмыстары бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылады.


ӨСКЕМБАЕВ ҚАНАТ СӘДУАҚАСОВИЧ
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Ғылыми бағыттары
– ХІХ ғ. аяғы ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясы

2001 ж. тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады. Қ.С.Өскембаевтің 100-ден астам ғылыми мақалалары жарық көрді. Қазақстан тарихы бойынша оқу-әдістемелік құралы (2004), төрт монография шығарды: «Ә.Ә. Ермековтің қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметі» (1891-1970жж.) (2003 ж.), Алматы, Семей, Карағанды қалаларының ғалымдарымен бірлесе отырып, қазақ және орыс тілдерінде «Восточная Сарыарка. Каркаралинский регион в прошлом и настоящем» (2004 ж.), «Сарыарқаның ұлы азаматтары. /ХХ ғасырдың басы/» (2007 ж. авторлық топпен), «Садырбек қажы әулеті» (2007 ж.). «Қарағанды. Қарағанды облысы энциклопедиясы: – Алматы: Атамұра, 2006; 2008 жж. авторларының бірі. «Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін» атты электронды оқулықтың авторларының бірі. (№ 043 Куәлік 16 қаңтар 2007 ж. және №308 Куәлік 14 маусым 2007 ж. Интеллектуальді меншік құқықтары бойынша Комитет Реестрі)


ЕВДОКИМОВ ВАЛЕРИЙ ВАЛЕНТИНОВИЧ
Тарих ғылымдарының докторы, профессор
Ғылыми бағыттары
– Орталық Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеу

1984 ж. кандидаттық жұмысын қорғап шықты, ал 2002 ж. «Қола дәуіріндегі Солтүстік және Орталық Қазақстан» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

Қола дәуірінің 40-тан астам археологиялық ескерткіштерін, оның ішінде Алексеевка, Загоринское, Семиозерное ІІ, Донгол, Кент сияқты эпонимдік қоныстар, Карагаш, Сатан, Бозенген сияқты обаларын және т.б. зерттеу үшін Қарағанды мен Қостанайға жасалған археологиялық экспедициялардың ұйымдастырушысы мен басшысы болды. Экспедиция зерттеулерінің материалдары 100-ден астам жариялымдарда, екі монография мен екі оқу құралының беттерінде жарық көрді. 3 ғылыми-археологиялық жинақтардың редакторы.


ЖҰМАШЕВ РЫМБЕК МҰРАТОВИЧ
Тарих ғылымдарының докторы, профессор
Ғылыми бағыттары
– Отандық тарих ғылымының теория және методология мәселелері

2004 ж. М.В.Ломоносов ат. ММУ-да 07.00.09 – Тарихнама, деректану, тарихи зерттеулердің әдістері мамандығы бойынша «Историография становления и развития культуры Казахстана 1936-1991 гг.» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

100-ден астам ғылыми еңбегі жарық шықты. Оның ішінде 7 монографиясы. История культуры Советского Казахстана в отечественной историографии (1917-1991 гг.). — Караганда: Изд-во КарГУ, 2002; Очерки истории культуры Казахстана, 1917-1991 гг. — Караганда: Изд-во КарГУ, 2002; История Казахстана: курс лекций. В 2-х ч. — Караганда, 2003 (Р.М. Жумашевке 10 б.б. тиесілі ) (авторлар тобы).


САҚТАҒАНОВА ЗӘУРЕШ ҒАЛЫМЖАНОВНА
Тарих ғылымдарының докторы, профессор
Ғылыми бағыттары
– Қазақстанның жаңаша тарихы XX ғасыр.

1990 ж. кандидаттық диссертация қорғады. 2004 ж. 07.00.02- Отан тарихы (ҚР тарихы) мамандығы бойынша «Советская модернизация экономики Казахстана в 1946-1970 гг.: критика исторического опыта» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

100-ден астам ғылыми жариялымдардың авторы (жалпы көлемі 200-ден астам басылым беттерін құрайды). Соның ішінде 2 монография, 1 хроника, 4 оқу және оқу-әдістемелік құралы, 2 электронды оқулық.

Негізгі еңбектері: История осуществления советского опыта экономической модернизации в Казахстане в 1946-1970 гг. Караганда, 2004; Сарыарқаның ұлы азаматтары. Караганда, 2008 г.; История Казахстана. Т.1, 2. Караганда, 2003-2004 гг. (в соавторстве); Хроника культурной жизни Карагандинской области 1936-2006 гг. Караганда, 2008 (в соавторстве).


ЖАУЫМБАЕВ САҒЫНДЫК УБАЕВИЧ
Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор
Ғылыми бағыттары
– Орталық Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеу

1983 ж. Кемеров мемлекеттік университетінде «Археология» шифрі бойынша «Орталық Қазақстанның ежелгі металлургиясы мен кең кәсібі (қола дәуірінде)» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Студенттік жылдарында К.А.Акишевтің жетекшілігімен ұйымдастырылып, «Алтын адамды» тауып зерттеген «Есік экспедициясына» қатысты.

80-нен астам аймақтық, республикалық және шетелдік (ресейлік) ғылыми-әдістемелік жариялымдардың авторы. Солардың қатарында ерекше орын алатын «Горное дело и металлургия бронзового века Сарыарки», «Қазақстан археологиясы» мен «Алғашқы қауымдық құрылыс тарихы» атты оқу-құралдары, екі тілде жарық шыққан «Караганда и Карагандинская область» энциклопедиясының (2007-2008жж.) авторларының бірі.


БЕЙСЕНБЕКОВА НҰРСАХАН АХМЕТҚЫЗЫ
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Ғылыми бағыттары
– Қазақстан тарихының тарихнамасы

1992 жылы «Қазақстанның Шығыс Европа елдерімен экономикалық және мәдени байланысы» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. Н.А. Бейсенбекованың 80-нен астам ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрді. Оның ішінде 2 оқу құралы («Қазақстан тарихының тарихнамасы», «Алғашқы қауымдық құрылыстың тарихы») 1 монографиясы («ХХ ғасырдың басындағы Сарыарқаның ұлы азаматтары») бар. Қазақстан Республикасы мәдени мұра бағдарламасының орындалуына өз үлесін қосқан ғалым ұстаз. ХХ ғасырдың басындағы «Орталық Қазақстандағы тарихи тұлғалар» атты жобаны дайындап, өзінің пікірлес әріптестерін ұйымдастыру арқылы «ХХ ғасырдың басындағы Сарыарқаның ұлы азаматтары» ғылыми еңбекті жарыққа шығарды. «Қазақстанның мерзімді басылымдары тарихы», «Қазақстан Республикасында мектеп білімніңі қалыптасу кезеңдері» атты екі пәннен оқу-әдістемелік кешен әзірледі.


ШОТБАКОВА ЛЯЗЗАТ ҚАСЫМОВНА
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Ғылыми бағыттары
– Қазақстан тарихының деректану мәселелері

1995 жылы «Национальный аспект переселенческой политики и коренизации в Казахстане в 1917-1941 годы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

80 нен астам ғылыми мақалалар мен зерттеу жұмыстарының авторы. «Цивилизационный подход в исследовании проблемы взаимодействия российской и западной культур (к постановке проблемы)». Россия и Запад: диалог культур. М. 1995; Проект стандарта по специальности «Демография и история » для вузов Республики Казахстан: обоснование и основные положения. «Демографическое образование в XXI в. в странах СНГ, Балтии и Восточной Европы»: Материалы междунар.конф. – М., 2002; Вспомогательные исторические дисциплины. Уч.пос. Караганда: Изд-во КарГУ, 2003. – 245 с. (в соавторстве с Баером Ю.В.); Көмекші тарихи пәндер. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМУ басылымы, 2003; Казахстан в годы Октябрьской революции и гражданской войны. «История Казахстана с древнейших времен по новейший период». В 2-х ТТ. Караганда, 2003. – Т.2. – Ч.4; Место и роль источника в историческом исследовании. Вестник КарГУ. – 2005. – №3; Взгляды казахской интеллигенции на политическое обустройство Казахстана в контексте третьей мировой теории: исторические параллели. Мировые цивилизации и Казахстан. Ч.1. Алматы, 2007.


ВАРФОЛОМЕЕВ ВИКТОР ВАСИЛЬЕВИЧ
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Ғылыми бағыттары
– Орталық Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеу

1992 жылы ҚР ҒА Ш.Уалиханов ат. Тарих, археология және этнология Институтында «Сарыарка в конце бронзовой эпохи» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1973 жылдан бастап археологиялық экспедицияларға қатысып келеді. Саргары, Петровка 2, Синташта қоныстары және Сангру т.б. обаларда археологиялық зерттеу жүргізді. Лисаковское, Темірқаш, Кент қоныстары, Қарағаш, Донғал, Қыштан, Тасырбай, Еңбек-Сүйгіш, Дермен және т.б. обаларында зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Соңғы жылдары Қарқаралы, Бұқар жырау аудандары мен Қарағанды облысы археологиялық ескерткіштерін зерттеуге ерекше ден қойды. Нұра өзенінің бойында, Теміртау қаласының маңында, Тегісжол археологиялық микроауданында Тегісжол және Темірқаш обаларын қазды, Темірқаш қонысы мен Беғазы-дәндібай мәдениетіне жататын Қойтас мавзолейін зерттеді. Қарқаралы ауданындағы басты зерттеу обьектісі – Кент қонысы. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын ескерткіштердің кезеңдеуін негіздеп шығарды.


ЗУЕВА ЛЮДМИЛА ИВАНОВНА
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Ғылыми бағыттары
– Тарихты оқыту әдістемесі

2008 ж. кандидат ғылыми дәрежесін алу үшін «Развитие школьного исторического образования Казахстана в контексте мировых тенденций обучения истории. 1985-2000 гг.» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап шықты.

30 ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерінің (мақалалар, баяндама тезистері, әдістемелік нұсқаулар, оқу-әдістемелік құралдар) авторы.

Негізгі жариялымдары: Усиление гуманистической направленности исторического образования в условиях реформирования средней школы// Материалы международной конференции, посвященной 80-летию Е.А.Букетова (23-24 марта). – Караганда: Изд-во КарГУ, 2005; Методика преподавания истории в средней школе. Караганда: Изд-во КарГУ, 2005. -169 с.; История Казахстана для студентов 1 курса, обучающихся по кредитной системе – Караганда: КарГУ, 2007. 140 с.; Об изучении отечественной истории в высших учебных заведениях Республики Казахстан //Закон РК «Об образовании» в свете реализации национальной идеи Республики Казахстан / Под ред. Т.А.Кожамкулова, Г.К. Ахметовой. – Алматы, 2007.


ЖАКИН МАУЛЕН СОВЕТОВИЧ
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Ғылыми бағыттары
– Орталық Қазақстанды тарихи-этнографиялық зерттеу

2002 жылы Ш.Ш.Уалиханов ат. Тарих және этнология Институтында (Алматы қ.) құрылған диссертациялық кеңесте шифрі 07.00.07 – этнография, этнология және антропология мамандығы бойынша «Функциональное значение принципа родства и родовой структуры в этносистеме кочевой цивилизации казахов (по материалам XVIII-XIX вв.)» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

М.С.Жакин жыл сайын далалық этнографиялық экспедициялар жүргізеді. «Топонимическая карта Карагандинской области» атты 6 шаруашылық келісім шарт жобаларына қатысушы, «Шет өңірі: тарихи-танымдық жинақ» атты бірінші шаруашылық келісім шарт жобасының жетекшісі.

50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

Негізгі жариялымдары: Шет өңірінің тарихы. – Қарағанды: ҚарМУ, 1998.-275 б. (в соавторстве); Некоторые проблемы изучения кочевой социальности казахов // Общест-во как система. Социально-экономические проблемы на истоке третьего тыся-челетия / Сборник научных трудов. – Караганда, 1999; Социокультурное содержание понятий ру и его эквивалентов: ел, жұрт в традиционном обществе казахов (опыт семантического анализа) // Вестник КарГУ.- 2000.- №4; Қарағанды облысының топонимикалық картасы: Нұра, Осакаров, Бұхар жырау аудандарындағы елді мекендер мен жер-су аттарының тарихи негіздемесі // Қарағанды:МББҚБА және ҚДИ, 2003. – 104 б. (в соавт.); Шет өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері: фото-шежіре // Қарағанды: ҚарМУ-ТАиС ЖШС, 2004. – 152 б.; Керней. Ел мен атамекен тарихы. 1824-1920 ж.: мұрағат құжаттарының жинағы – Алматы, 2005. 500 б.; «Осакаров» елдімекенінің төл тарихи атауы төңірегіндегі мәселелер // Ономастикалық хабаршы. 2007 ж. №2. 28-36 б.; Жақсы Жанқұтты: сыни талдау тәжірибесі // ҚарМУ Хабаршысы, 2008. №2.


Амрина Минар Сапарқызы
Тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы<ик>Ғылыми бағыттары –
Қазақстанның ХХ ғасырдағы қазіргі заман тарихы

2010 «ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы Орталық Қазақстанның этно-әлеуметтік дамуы (Ф.А. Щербина экспедициясы мәліметтері бойынша)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Автордың 30 дан астам ғылыми жариялымдары бар. Ә.Н.Бөкейханның Ф.А.Щербина экспедициясы құрамындағы қызметі. Қазақстан тарихы мен этнологиясы мәселелері. «Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл: тарихи және даму перспективалары» атты аймақтық ғылыми теориялық конференция материалдары. -Қарағанды: 2001.-Б.116-120.; ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ шаруашылығының бюджеттік статистикасы және оны игеру. Қазақстан тарихы мен этнологиясы мәселелері (магистранттар мен студенттердің мақалалар жинағы). –Қарағанды: 2000. -Б.126-131.; А.А.Кауфман жазбаларындағы қазақ шаруашылығының бюджеттік статистикасы. Шоқан тағылымы–7: Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы. І-том. – Көкшетау: 2002. – Б.46-48.; А.А.Кауфман еңбектеріндегі патшалық Ресейдің Қазақстанға жүргізген қоныс аудару саясаты. Академик Е.А. Бөкетов – ғалым, оқытушы, ойшыл: Е.А. Бөкетовтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. 2-том. Гуманитарлық ғылымдар. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. –Б.357-361.


Тілегенова Лора Төлеутайқызы
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Ғылыми бағыттары
– Қазақстан тарихының деректану мәселелері

2006 ж. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жанындағы диссертациялық кеңесте «тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері» мамандығы бойынша «Қазақстандағы мәдени құрылыстың материалдық-техникалық базасының дамуы (1928-1941 жж.): сандық талдау тәжірибесі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Бүгінде 30 дан астам ғылыми-зерттеу жұмыстарының авторы.

История Казахстана с древнейших времен до наших дней. – Караганда, 2003 (в соавторстве). Қазақстанды киноландыру // Қазақ тарихы. – 2004. – №4. – 61-67 бб. Қазақстандағы мәдени құрылыстың экономикалық қамтамасыз етілуі (1928-1940 жж.): сандық талдау нәтижелеріне түсініктеме беру мәселесі // Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих, философия, құқық сериясы. – 2004. – №4 (36). – 55-60 бб. Қазақстан театрларының материалдық қамтамасыз етілуі (20-жылдардың соңы – 1941 ж.) // Шоқан тағылымы – 10: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Көкшетау, 2005. – 1-том. – 231-235 бб. Қазақстандағы мәдени құрылысты қаржыландыру (20-жылдардың соңы – 1941 ж.) // ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. – 2005. – №3 (38). – 48-52 бб. Тарихи зерттеулерде Microsoft Excel электрондық кестесін пайдалану жолдары // Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих, философия, құқық сериясы. – 2005. – №4 (40). – 30-35 бб.


АБДРАХМАНОВА ҚЫМБАТ ҚАЗАЛИЕВНА
Тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
Ғылыми бағыттары
– Қазақстанның жаңа және қазіргі кезеңінің экономикалық және саяси тарихы: зерттеудегі жаңа әдістер

2009 ж. Е.А.Бөкетов ат. ҚарМУ тарих факультетінде «Повседневная жизнь городов Центрального Казахстана 1945 – 1953 гг.» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. (ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор З.Ғ.Сақтағанова) 2009 ж. ҚР БҒМ білім беру мен ғылым салаларын бақылау Комитетінің шешімімен тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы берілді.

Қ.Қ.Абдрахманова «күнделікті өмір тарихы», соғыстан кейінгі қала мен кеңестік күнделікті өмір тарихы бағыттары бойынша зерттеу жүргізеді. 30 дан астам ғылыми мақаланың 1 монографияның авторы. 2006 ж. М.Ломоносов ат. ММУ-да тарих кафедрасы жанындағы гуманитарлы және қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін көтеру Институтында бір айлық тағылымдамадан өтті. Өз біліктілігін көтеру үшін түрлі курстар мен бағдарламаларға, кафедра мен факультет семинарларына, түрлі деңгейдегі конференцияларға қатысады.


МҰҚАНОВА АРНА НАЗЫМҚЫЗЫ
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Ғылыми бағыттары
– Қазақстан тарихының деректану мәселелері

2007 жылдың 1 желтоқсанында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жанындағы Д 14.50.11 диссертациялық кеңесінде 07.00.09 – тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері мамандығы бойынша «Құрбанғали Халидтың «Тауарих хамса» еңбегі қазақ тарихының дерегі ретінде» тақырыбындағы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясын қорғады.

2008 жылдың 8 сәуірінде тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. Ғылыми тақырыптарға арналған 30 дан астам мақалаларды жарыққа шығарды. Бірнеше шетелдік ғылыми-халықаралық конференцияларға қатысты.

Оқу-әдістемелік жұмысы бойынша негізінен лекциялық сабақтарды жүргізіп, дәстүрлі және кредиттік оқу жүйелерінен тәжірибесі бар. Бірнеше диплом жұмыстарына жетекшілік етті.

Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жарыққа шыққан монографияларда, оқу құралдарында, ғылыми жарияланымдарда көрініс тауып, халықаралық, республикалық, аймақтық және оқу орны ішіндегі ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды.

В 2009-2012 оқу жылдарында келесі монографиялар, зерттеу жұмыстары жарияланды: Аршабеков Т.Т., Жакин М.С., Жұмабеков Ж.А. Қарағанды облысы Нұра ауданының топонимикалық картасы: тарихи негіздеме.- Қарағанды, 2009. – 220 б. (13,75 б.т).; Аршабеков Т.Т., Жұмабеков Ж.А. Сарыарқа қазақтары.- Қарағанды, 2009.- 292 б. (18,25 б.т).; Сактаганова З.Г., Абдрахманова К.К. Повседневная жизнь городов Центрального Казахстана в 1945-1953 гг. – Караганды: «Болашак-Баспа», 2010. – 252 с. (16 п.л.).; Бейсенбекова Н.А., Жұмашев Р.М. Қазақстан тарихының тарихнамасы. Очерктер. Қарағанды, 2009. – 275 бб. (17,2 п.л.); Жумашева Р.М., Золотаревой Л.Р., Ускембаева К.С. Сарыарқа мәдениеті. Караганда, 2009г.; Попов Ю.Г. Волостные управители и народные судьи (бии) Каркаралинского уезда: 1871-1919 годы (хроника фактов). Сб./ Сост. и отв. ред. Шотбакова Л.К., Смагулова Г.М. – Караганда: типография «Гласир», 2010. – 130 с. (8,2 п.л.); Сактаганова З.Г., Абдрахманова К.К. Повседневная жизнь городов Центрального Казахстана в 1945-1953 гг. Караганды: «Болашак-Баспа», 2010. – 252 с.; Сактаганова З.Г., Казбекова А. Деятельность обществ частной инициативы на территории Казахстана во второй половине XIX- начале XX. Монография. Караганды: «Болашак-Баспа», 2011. – 271 с.; Жауымбаев С.У., Евдокимов В.В. По следам древних металлургов Сарыарки (научно-популярный очерк). – Караганды: Изд-во КарМУ, 2011. – 66 с.; Жумашев Р.М., Сактаганова З.Г., Козина В.В., Елеуханова С.В. и др. Карагандинский государственный университет им. академика Е.А.Букетова (1917-2012 гг.). История и современность. /Под редакцией Е.К. Кубеева.-Караганда: Изд-во КарГУ, 2012.-284 с. (17,75 п.л.).; Жауымбаев С.У., Евдокимов В.В. По следам древних металлургов Сарыарки (научно-популярный очерк). – Караганды: Изд-во КарМУ, 2011. 66 с. (на казахском и русском языках).(4, 12 п.л.); Варфоломеев В.В., Шотбакова Л.К., Зуева Л.И. Шахтинск – город шахтерской судьбы (к 50-летию города). – Шахтинск, 2011. – 326 с. (на казахском, русском и английском языках).

Сонымен қатар кафедра оқытушылары 12 жылдық білім беру бойынша эксперименттік мектептердің оқулықтарын жасауға қатынасты.

Кафедрада бірқатар шаруашылық шарттық жұмыстар орындалуда. 2009 жылы Варфоломеев В.В. «Археологические исследования комплекса разновременных памятников Тенгисжол, Бухаржырауский район»; 2010 году Жауымбаев С.У – «Культура древних металлургов и скотоводов Каркаралинского региона в эпоху бронзы и раннего железного века», Жакин М.С «Сарыарқаның этникалық тарихын зерттеу», Аршабеков Т.Т. – «XVIII-XX ғғ. облыстың этнографиялық картасын жасау» тақырыптары бойынша жұмыстар атқарылды. Бүгінгі таңда шаруашылық шарттық жұмыстарды орындау шеңберінде келесі тақырыптар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр: «Культура древних скотоводов и металлургов Каркаралинского района в эпоху бронзы и раннего железа» (Жауымбаев С.У., Варфоломеев В.В.), «Орталық Қазақстандағы этнотопонимикалық зерттеулер:тарихи негіздеу және Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының топонимикалақы картасын жасау» (М.С. Жакин, Т.Т. Аршабеков, Ж.А. Жұмабеков).

Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау жөніндегі Комитеттің 2006 ж. 23 қаңтардағы №61 шешімімен 07.00.02- Отан тарихы (Қазақстан Республикасы тарихы) және 07.00.09- Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері мамандықтары бойынша тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Д 14.50.11 (2008 жылдан ОД 14.50.12) Диссертациялық Кеңес ашылды. Диссертациялық кеңес құрамына жетекші отандық және ресейлік ғалымдар, тарих ғылымы саласында белгілі мамандар – Б.Е. Көмеков, Т.Х. Тлеуов, А.П. Толочко, К.К. Абуев, А. Жұмасұлтанов, В.Г. Рыженко, А. Күзембайұлы, С.П. Исачкин, Т.А. Әлімбаев, С.К. Игибаев, В.В. Козина, К.Ж. Абилов енді. Диссертациялық кеңестің төрағасы кафедраның профессоры т.ғ.д. Р.М. Жұмашев, төрағаның орынбасары т.ғ.д., профессор З.Ғ. Сақтағанова, ғалым хатшы т.ғ.к., доцент Қ.С. Өскембаев (2006-2007 жж.) болып табылады.

В 2009-2011 жылдар аралығында Абдрахмановой Қ.К (2009 ж.), Зуева Л.И (2009 ж.), Джумабеков Д.А (2010 ж), Амриной М.С (2010 ж) кандидаттық диссертацияларын дайындап, табысты қорғады. Жалпы алғанда, диссертациялық кеңесте 15 диссертация қорғалды, оның ішінде 14-і кандидаттық және 1-уі докторлық диссертация.

2005 ж. ҚарМУ-дің Ғылыми Кеңесінің шешімімен доцент Қ.Ж. Жуасов атындағы Сыйақы тағайындалды. Профессор З.Ғ. Сақтағанова (2004 ж.), профессор В.В. Евдокимов (2005 ж.), доцент Е.П. Зимовина (2007ж.), доцент Шотбақова Л.Қ. (2010 ж.), доцент Зуева Л.И. (2011 ж.) осы сыйақы лауреаттары атанды.

Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы мүшелерінің ішінен ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын иеленген оқытушыларды атап өткен жөн. Олар т.ғ.д., профессор З.Ғ. Сақтағанова (2006ж.) және т.ғ.к., доцент Л.Қ. Шотбақова (2008 ж.). 2007 жылы оқытушы Д.Б. Тебаев 2007-2010 жылдар аралығында М.В. Ломоносов атындағы ММУ аспирантурадан өту үшін «Болашақ» Президент стипендиясының иегері болды. Кафедра оқытушылары республикалық және аймақтық деңгейдегі құрметті атақтарды иеленді. Т.ғ.д., профессор Р.М. Жұмашев «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» төс белгілерімен марапатталды. 2005 ж. «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрметті атағы т.ғ.д., профессор В.В. Евдокимовқа берілді. 2005 ж. «ҚарМУ-дің еңбегі сіңірген қызметкері» атағы т.ғ.к., доцент Н.А. Бейсенбековаға берілді. 2008 жылы т..ғ.д., профессор З.Ғ. Сақтағанова ҚР БҒМ-нің «Ғылымдағы көрнекті жетістігі үшін» атағын, үш жас ғалым 2008-2010жж. Жұмабеков Ж.А., Мұқанова А.Н., Мырзахметова А.Ж. ҚР БҒМ-гі жариялаған «талантты жас ғалым» номинацияларының иегері атанды

2011 жылы Өскембаев Қ.С. еліміздің жоғары білім беру саласын дамытуға және жоғары сапалы мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары ассоциациясының А.Байтұрсынов атындағы меделімен марапатталды. Кафедра оқытушылары 2011 жылы ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. 2012 жылы кафедраның 10 мүшесі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне 40 жыл толу мерейтойына сәйкес «Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ға 40 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Кафедраның оқытушылары мен қызметкерлері ҚарМУ базасында көптеген халықаралық, республикалық және аймақтық конференцияларды ұйымдастырып, өткізуге үнемі ат салысады. Солардың ішіндегі соңғылары М.Ф. Достоевский атындағы ОМУ бірлесіп өткізген «Еуразия далалық өлкесіндегі тарихи-мәдени ықпалдастық және бүгінгі кезең» (2007 ж. қыркүйек) және ҚР БҒМ археология институтымен бірлесіп өткізілген «Марғұлан оқулары -2008» (2008 ж. наурыз) Халықаралық ғылыми археологиялық конференция. Осы халықаралық конференцияларды дайындап, өткізуде профессорлар Р.М. Жұмашев, З.Ғ. Сақтағанова, В.В. Евдокимов, С.У. Жауымбаев, доценттер В.В. Варфоломеев, Қ.С. Өскембаев және т.б. белсене ат салысты.

Кафедра оқытушылары көп жылдан бері әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асыруда. 2005-2007 жж. кафедра оқытушылары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы қайта даярлау және біліктілікті жетілдіру Инситутында ғылыми тағылымдамадан өтті (Қ.А.Есімов, З.Ғ.Сақтағанова, А.Ж.Мырзахметова, Д.Б.Тебаев, К.К. Абдрахманова). 2008 ж. мамыр айында доцент Л.Қ. Шотбақова М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка елдерінің Инситутына (Мәскеу қ.) ғылыми іссапармен барып қайтты. Доцент В.В.Варфоломеев Эксеттер университеті (Англия) және Санкт-Петербург университетінің ғалымдарымен бірлесіп археологиялық зерттеулер жүргізуде. Кафедра оқытушылары «Bilim Central Asia» және Foundation «Education Initiatives Support» өткізетін халықаралық білім жобаларына қатысады: доцент Е.П. Зимовина – «Нарративные оси национального строительства в Центральной Азии» (2006-2008 жж.) жобасына қатысушы; аға оқытушы А.Ж. Мырзахметова «Национальные историографии в постсоветской Центральной Азии» (2007-2009 жж.) жобасына қатысушы. 2007 жылдың қараша айында доцент Л.Қ. Шотбақова Үндістанның Нью-Дели қаласындағы Дж. Неру университетінде өткен «Mongolia in the twenty first century» атты халықаралық ғылыми семинар жұмысына қатысып, «The migration policy in contemporary Kazakhstan: case study of oralman from Mongolia» аттық тақырыпта баяндама жасады. Баяндама семинар материалдарының жинағына енді. Семинар дөңгелек үстел ретінде өтіп, оған Үндістан, Монғолия, АҚШ, Түркия, Ресей және Қазақстанның ғалымдары мен саясаткерлері қатысты.

Алыс-жақын шетелдер мен республиканың алдыңғы қатарлы ЖОО және ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылған. Олардың қатарында:

  • Томск мемлекеттік университеті;
  • Ф.Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университеті;
  • Орталық-Еуропа университетінің Экология және экологиялық саясат факульеті;
  • Эксеттер университеті (Англия);
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  • Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институті;
  • Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институті.

Кафедраның оқытушылар құрамы Қазақстан мен жақын шетелдердің жетекші мамандарының көшпелі дәрістерін ұйымдастырады. А.Г. Вишневскийдің, Б.Е. Көмековтың, П. Толочконың, В.Г. Рыженконың, С.П. Исачкиннің, Томаша Кучердің, Матео Фумагаленің дәрістері ұйымдастырылды.

Кафедрада кафедра методистері басқаратын (Бейсенбекова Н.А., Зуева Л.И.), Қарағанды қалалық орта мектептердің оқытушыларына арналған семинар жұмыс жасайды. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын үйірмелер: – археология (Евдокимов В.В., Жауымбаев С.У. басқарады), «Жас Алаш» (Бейсенбекова Н.А. басқарады), «Атамекен» (Жакин М.С., Аршабеков Т.Т., Бөдеев Қ.Т.басқарады.) жұмысы жолға . қойылған.

Кафедра қызметкерлері таихи білімді көпшілкке таратуда –үнемі Отан тарихының, аймақ тарихының мәселелеріне арналған радио және теледидар бойынша дәрістер өткізеді, сонымен қатар Орталық Қазақстанның, Қарағанды қаласының, факультеттің үздік педагогтары, профессорлары жөнінде жергілікті баспасөзде мақалалар жариялайды.

Кафедра жанында «Этномәдени зерттеулер» атты оқу-зерттеу зертханасы жұмыс жасайды. Зертхана меңгерушісі т.ғ.д., профессор Сақтағанова З.Ғ.

Оқу іс-тәжірибелерін ұйымдастыру және өткізу кафедраның көп жылдар бойғы оқу жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Педагогикалық іс-тәжірибе барысында кафедра оқу-әдістемелік жұмысын базалық мектептерде орындайды, сонымен қатар мектеп түлектері арасында кәсіптік бағадар жұмысын жүргізеді. Педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінде кафедраның жетекші мамандары мектептің пән-мұғалімдеріне Отан тарихын оқытудың жекелеген мәселелері бойынша кеңес беріп, олармен әдістемелік материалдармен алмасады. Мұрағаттық іс-тәжірибе мұрағат қорларын толықтыру және тәртіпке келтірудің негізгі қағидаларымен және студенттердің мұрағат жұмысының ерекшеліктерімен танысуларына бағытталған. Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты және қалалық мұрағат іс-тәжірибенің базасы болып табылады. Мұражайлық іс-тәжірибе облыстық тарихи-өлкетану және ҚарМУ-дің археология және этнология мұражайлары базасында жыл сайын өткізіледі. Студенттер қор құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеумен айналысады, көрмелерді ұйымдастырудың негізгі қағидаларымен танысады. 2008 ж. Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің мұражайымен (Астана қ.) Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің тарих факультетінің студенттері мұражайлық іс-тәжірибеден өту жөнінде келісім шарт жасалды. Жыл сайын археологиялық іс-тәжірибе жүргізіледі. Іс-тәжірибеден өтер алдында жетекшілер В.В. Евдокимов және С.У. Жауымбаевтың қадағалауымен ұйымдастыру-іс-тәжірибе жұмыстары жүргізіледі. Іс-тәжірибе бойынша жинақталған материалдардың ғылыми жұмыстарда да қолданылатынын ерекше атап өтуіміз керек. Олардың негізінде 100 ден астам мақала мен 3 жинақ басылып шықты.

Кафедрада жүргізілетін тәрбиелік жұмыс

Тәрбиелік іс-шаралар

Қыркүйек айынан бастап, алғашқы назар бірінші курс студенттеріне аударылады. Кафедраның мамандықтарына әр жақтың мектеп түлектері түседі. 2013-2014 оқу жылының алғашқы аптасы студенттердің қалыптасу аптасы болды. Сол апта негізінде топтар анықталып, кураторлар мен төрайымдар, төрағалар белгіленді. Айтар болсақ, «тарих білім беру» мамандығы бойынша:

  • ИО-11п/я, топ төрайымы Құтжан Жансая, топ кураторы Тлегенова Л.Т.;
  • ИО-12р, топ төрағасы Хамитов Нұрәділ, топ кураторы Зуева Л.И.

«Тарих гуманитарлық» мамандығы бойынша:

  • ГИ-13к, топ төрайымы Әуеспекова Бекзат, топ кураторы Тлегенова Л.Т.;
  • ГИ-14р, топ төрайымы Ашкарова Әйгерім, топ кураторы Зуева Л.И.

«Археология және этнология» мамандығы бойынша:

  • АЭ-15р, топ төрағасы Мәкен Әділ, топ кураторы Кукушкин А.И.

Студенттердің көбісі №1 және №3 жатақханаларға орналастырылып, студенттер Кеңесінің мүшелері тағайындалды. №1 жатақхана төрайымы ГИ-37к тобының студенті Бинепесова Гүлмира, оның орынбасары болып ГИ-25к тобының студенті Бекмурзинова Айдана тағайындалды.

Сонымен қатар, оқытушылар құрамынан кезекшілік кестесінің жоспары құрылып, уақытылы кезекшілік қызметі атқарылды.

Әдеттегідей екінші апта «бірінші курс апталығы» деген атпен белгілі болды. Бұл апталықта бірінші курс студенттерінің толықтай тарих факультетінің бір мүшесі болуына ықпал тигізетін әр түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Ол, футбол, волейбол, шахмат-дойбы және әр түрлі интеллектуалдық ойындар. Бұл іс-шара аптаның соңында қорытындыланып, жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды. Бұл аптаның қатысушылары тек бірінші курстар ғана емес, сонымен қатар, барлық курс студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы болды.

Жоғарыда айтылған іс-шараның ұйымдастырушылары тарих факультетінің «жастар ісі жөніндегі комитеті» болып табылады. Комитеттің басшысы ИО-32р тобының студенті Балабиева Фариза. Оның көмекшілері болып, жоғарғы 3 және 4 курс студенттері арасынан тағайындалды.

Университет сенбіліктерінің жоспарына сәйкес жалпыоблыстық, жалпықалалық және жалпыуниверситеттік санитарлық тазарту кафедра студенттері, оқытушылары және қызметкерлері күшімен белгіленген орындарда атқарылды.

2013 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Халықтарының мемлекеттік тілінің күніне орай филология факультетінде қазақша, орысша, ағылшынша жетік білетін ҚарМУ студенттері арасында сайыс ұймдастырылды. Сайысқа кафедра атынан 1 курс студент Тё О. (ИО-12р) қатысып, 2 орынды иеленді.

25 қыркүйек 2013 жылы Қасым Аманжолов атындағы аллеядағы Қасым ескерткіші алдында «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…» атты дәстүрлі Қасым оқулары өтті. Бұл оқуларға танымал ақын-жазушылар мен журналистер қатысты. Аталған оқуларға ГИ-25к тобы, топ кураторы А.Н. Мукановамен бірге қатысып, сауал қойып, мәдени сергіп қайтты.

Жыл сайын С.У. Жауымбаев және М.С. Жакиннің ұйымдастыруымен жаздық далалық археологиялық және этнографиялық практикаларының қорытынды студенттердің есеп конференциясы өткізіліп, онда студенттер көзқарасы бойынша практиканың өткізілген барысы анықталды. Бұл конференцияда студенттер өзінің адами және ғылыми деңгейлерінің сапалық дәрежесі жоғарылағаны туралы сөз етті. Аталмыш конференцияда алғашқы сөз легін кафедра меңгерушісі Қ.С. Өскембаев алды. Ол өзінің студенттік уақытындағы практикасының естеліктерімен бөлісіп, студенттерге алғысын білдірді. Өз ойларын ортаға практика жетекшілерімен қатар, В.В. Евдокимов, Қ.Т. Бөдеев, О.С. Шохатаев, А.И. Кукушкин салды.

2013 жылдың 25 қыркүйегінде Теміртау қ. Қазақстан Республикасының көрнекті саяси өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған жылдық «Нұр Отан» ХДП форумы өтті. Кафедрадан бұл форумға ИО-11п/я тобының студенттері кураторы т.ғ.к., доцент Л.Т. Тлегеновамен бірге жіберілді.

Жыл сайын мини-футболдан шынықтыру кезеңі басталып, 12 ғимараттан денешынықтыру және спорт деканы Н.Р. Рамашовқа ұсыныс хат жіберіліп, мақұлданды. Әр дүйсенбі сайын сабақтардан кейін, шынықтыру уақыты белгіленді.

2013 жылы 25 қыркүйекте Қарағанды мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен бірінші курс таланттарын анықтайтын жыл сайын өтетін «Жас талап-2013» байқауының нәтижесінде келесідей студенттер жүлделі орындарға ие болды: Сембеков Әлібек (ИО-11п/я), Тё Олег (ИО-12р), Әуеспекова Бекзат (ГИ-13к), Жүнісова Аида (ГИ-14р), Майлыбаева Диана (АЭ-15р).

2013 жылдың 3 қазанында Қарағанды қ. Кеншілер Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Бас мүфтиі Ержан қажы Майемировпен кедесу өткізілді. Кездесуге кафедрадан ИО-21к және АЭ-25к тобының студенттері кураторлары Г.М. Халықбергеновамен және О.С. Шохатаевпен жіберілді.

2013 жылдың 22 қыркүйегінде «студенттік бағыштау-2013» сайысында тарих факультетінің 1 курс студенттері «history movie night» тақырыбы аясында өз өнерлерін көрсетіп, 2 орынды иеленіп, арнайы мақтау қағазы және естелік сыйларымен марапатталды.

«Жас Алаш» ғылыми-зерттеу клубының ұйымдастыруымен 2013 жылдың қазан айында «1931-1933 жылғы Қазақстандағы аштықтың тарихы» атты аға оқытушылар мен студенттер арасында дөңгелек үстел болып өтті. Аштыққа байланысты баяндамалар тыңдалды.

«Сергектік және денсаулық» атты профессорлық-оқытушылар арасында спартакиадада кафедра оқытушылары белсенділік танытты. Атасақ, шахмат ойынынан С.У. Жауымбаев және кафедра магистранты Н. Ошанов 2 орынды иеленді. Үстел теннисінен З.Ғ. Сақтағанова, А.Н. Муканова, кафедра магистранттары Н. Ошанов, Д. Шашенов жүлделі орындарға ие болды. Шаңғы жарысынан З.Ғ. Сақтағанова, А.Н. Муканова, Г.М. Каликбергенова, Д. Калиева, Қ.С. Өскембаев, С.У. Жауымбаев, М.С. Жакин 2 орынды еншісіне басты.

Кафедра мамандығы ГИ-13к тобы «ГИМО» атты құрамасымен Қарағанды мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан республикасының жемқорлықпен күресу заңдарының» брейн-рингінде 2 орынды иеленді.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері мен мемлекеттік рәміздерін білу бойынша олимпиададан» кафедраның студенттері (Жұмағалиқызы Л. (АЭ-27к), Бейсембай С., Сәтқұл Ә., Жабагина Ә. (ГИ-25к), Садвокасов Ш., Нурмангалиев Е. (ИО-21к)) 3 орынды иеленді.

Қарағанды мемлекеттік университетінің жыл сайын өткізетін «Жас сұңқар» әскери-патриоттық сайысында кафедра мамандықтарының 1 курс студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Жатақханаларда тұратын студенттермен, әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, жастар ісі бойынша комитет, деканның тәрбие ісі бойынша орынбасарлары, кураторлармен студенттің тұрмысы туралы мәселелер бойынша кездесулер жиі болады. №1 жатақханада келесі жұмыстар жүзеге асырылды:

  • университет жоспарына сай профессорлық-оқытушылар құрамында кезекшілік ету;
  • студенттер тұрмысын ұйымдастыру бойынша жетіспеушіліктер жағдайына байланысты талдау жасалды;
  • Факультет кафедраларының күндерін өткізілді.

2013 жылдың 29 қарашасында Теміртау қ. Металлургтер Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың күніне орай форум ұйымдастырылды. Формға кафедра атынан деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кафедраның аға оқытушысы О.С. Шохатаев пен ЖІК басшысы Ф. Балабиева қатысты.

Факультеттен және кафедрадан омбудсмен болып Уваидильденова Г. (ГИ-13к), волонтерлар (ерікті қызметкерлер) болып Сейтбатталова Ж. (ИО-21к), Тулебаева М. (ГИ-27к), Жұмағалиқызы Л. (АЭ-25к) бекітілді.

2013 жылы 4 желтоқсанда ҚарМУ Студенттер Мәдениет сарайында «КЛИО-2013» жылдық фестивалі өткізілді. Фестиваль барысында жылдық қорытындылар жасалып, жыл қорытындысы бойынша өзін көрсеткен студенттер мен оқытушыларға мадақтамалар мен тақырыптық символикасы бар тәрелкелер берілді.

Кафедра кураторлары кураторлар Кеңесінің жетекшісі Н.А. Бейсенбекованың басшылығымен әр түрлі маңызды тақырыптарға сай академиялық топтарға кураторлық сағаттарын өткізді. Кураторлық сағаттар тек бір топтарға ғана емес, сонымен қатар топтардың бірігуімен жүзеге асырылды. Мысалы, ИО-11п/я, ИО-21к, ИО-31к бірігуімен өткен кураторлық сағат.

Кураторлық сағаттарда мынандай мәселелер топтамасы қаралды:

  • Жоғары оқу орны – студенттер этикасы;
  • Қ.Р. Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы туралы дәріс;
  • О борьбе с религиозным экстермизмом в Казахстане;
  • Қазақстандағы діни ахуал және діни экстремизммен күресу;
  • Қ.Р. алғашқы Президенті күні;
  • Тәуелсіздіктің көк туы желбіресін және т.б.

Тарих факультетінде студенттерді ғылыми іс-шараларға тарту мақсатында клуб «Жас Алаш» (координаторы: Бейсенбекова Н.А. археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы доценті) үйірмесі қызмет жасайды.

Факультеттің өмірі, жетістіктері үнемі «Жастар әлемі» университеттік газетінде жарияланып тұрады. Тарих факультетінің студенттері де студенттік іс-шаралар туралы, факультет жаңалықтары туралы ақпараттарды «Жастар әлемі» газетінде жариялап тұрады. Ағымдағы оқу жылында археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының доценттері Бейсенбекова Н.А., Өскембаев Қ.С. және 1 курс студенті Қойшыбаева Е. мақалалары жарияланды.

2013 жылдың желтоқсан айында «Жас Алаш» клубының қатысуымен Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Алашорданың құрылған күніне орай ШҚО облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасымен «Семей-Алашорданың астанасы» тақырыбында оnline конференция болды.

2013 жылы желтоқсанда «Жас Алаш» ғылыми-зерттеу клубының ұйымдастыруымен «Алаш идеясы – қазақ елінің азаттығы» атты 1-2 курстар арасында ойын жарыс өткізілді.

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасы эфирінен «Жаңғырық» интеллектуалдық сайысына О.С. Шохатаев әділқазы мүшесі ретінде қатысты.

Тарих факультетінде өткізілген іс-шаралар, сайыстар, бағдарламалардың барлығы «тарих факультетінің 75 жылдығына» арналып өткізілді.

«Тарих факультетінің 75 жылдығына» кафедра шақыртуымен «ЮНЕСКО тобындағы Шахтинск қаласының өнер мектебі, директоры Ш.К. Абдыгаликов» ат салысты. 5 қабатқа аталған өнер мектебінің оқушылары салған «көркемсурет көрмесі» қойылды. Жаздық С.У. Жауымбаевтың жетекшілігімен өткізілген археологиялық практикасының негізінде А.В. Лигай басшылығымен аталған мектеп шақырылған болатын, сол практиканың қорытындысы бойынша 5 қабатқа қорытынды «плэнер стенды» орнатылды.

«Тарих факультетінің 75 жылдығының» қорытындысы бойынша кафедрамен жоғарыда аталған мектеп арнайы шақырылып, мектеп директоры Ш.К. Абдыгаликовқа және мектеп оқу ісінің меңгерушісі А.В. Лигайға алғыс хаттар тапсырылды.

«Тарих факультетінің 75 жылдығының» еншісіне Қарағанды облыстық тарихи–өлкетану мұражайы арнайы тарих факультетінің тарихы мен жетістіктерін көрсететін 1 қабатта арнайы көрме ұйымдастырды.

Кафедра меңгерушісі Қ.С. Өскембаев және кафедра доценті Н.А. Бейсенбекованың тапсырысымен факультеттің 5 қабатында орналасқан 522 дәрісхана орнына «Тұлғатану» орталығы құрылды.

Астана қаласының «Астана-Арена» стадионында өткен «Қазақстан Кубогының» жеңімпазын анықтайтын финалдық бәсекені тамашалауға кафедрадан О.С. Шохатаев, Т.Т. Аршабеков және студенттер қатысты. Бұл жолы қаламыздың «Шахтер» футболдық клубы өз кезекті жеңісін тойлады.

2013 жылы 7 қарашада тарих факультетінің студенттері арасында «Виктория» әлеуметтік-психологиялық және құқықтық жәрдем беру орталығының дәріскерлері ұйымдастыруымен діни экстремизмнің алдын алу және профилактикасы атты семинар-тренинг өткізілді. Аталған іс-шараға 50 астам студент қатысты.

Тарих факультетінде құрылған қазақ КВН лигалары «Күлсек қайтеді» құрамасы «Үміт» қайырымдылық орталығы ұйымдастырған Қарағанды орталық лигасында ҚарМУ Студенттер Мәдениет сарайында 2 орынды және «үздік әзіл» номинациясын иеленді.

2013 жылдың 12 желтоқсанында Қарағанды қ. облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай кеш өткізілді. Кешке арнайы т.ғ.к., доцент Н.А. Бейсенбекова бастаған тарих факультетінің мамандары және 1986 жылы оқиғаның қатысушыларын шақырылды. Сонымен қатар, кеш қатысушаларының ішінде тарих факультетінің 4 курс студенттері болды.

2013 жылы 20 желтоқсанда «Нұр Отан» ХДП ғимаратында жастар арасындағы діни экстремизмнің профилактикасы атты Қарағанды облысының имамдарымен кездесу-сұхбат жүргізілді. Бұл кездесуге Қарағанды облысының аудандарының барлық бас имамдары шақырылды. Кафедрадан ИО-31 тобы аталған кездесуге қатысты.

2014 жылы қаңтарда Қарағанды қаласының 80-жылдығына байланысты Университет және тарих факультетінің қаланың дамуына қосқан үлесі. Қарағанды орталық өлкетану мұражайында «Жас Алаш» клубының мүшелерінің қатысуымен телехабар түсірілді.

Қарағанды қаласының 80-жылдығына орай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен облыстық көркемөнер мұражайы тақырыптық көрмелер ұйымдастырды. Кафедраның барлық курс студенттері көрмемен толық қанды танысты.

2014 жылы 23 қаңтарда және 6 ақпанда жастар арасындағы діни экстремизмнің профилактикасын жүргізу мақсатында дінтанушы-теолог Рүстем Сыздықов шақырылды. Ол студенттермен дәріс және сұрақ-жауап арқылы сұхбаттасты.

2014 жылы 29 қаңтарда Қарағанды қ. құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысуымен «құқықбұзушылық профилактикасы» атты студенттер арасында семинар өткізді. Кафедрадан 1 курс студенттер кураторларымен бірге қатысты.

2014 жылы қаңтар айының аяғына қарай (21.01.2014) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Халыққа Жолдауын ғимарат ішінде насихаттау тобы құрылды. Тарих факультетінің топ мүшелерінің қатарында т.ғ.к., доцент Н.А. Бейсенбекова болды. Арнайы отырыстарда насихаттау тобы Жолдаудың негізгі сәттеріне тоқталып, студенттермен әңгіме жүргізді.

2014 жылы 7 ақпанда «Жас Алаш» клубының жоспарына сәйкес «М. Мақатаев пен М. Жұмабаев және Фариза Оңғарсынова Тәуелсіздікті жырлаған ақындар» атты поэзиялық кеш өткізілді. Көптеген баяндамалар мен өлеңдер оқылды. Қатысқан әрбір студент пен әр аға оқытушыларға алғыс хаттар ұсынылды. Филология факультетінің студенттері және ф.ғ.д., профессор С. Жұмағұлов қатысып, шараны тәрбиелі мәнінің жоғары екенін қөрсетті. Кеш тақырыбына байланысты өзінің ой-пікірімен бөлісті.

2014 жылы ҚарМУ спорттық базасында «Жас сұңқар» әскери-спорт клубының ұйымдастыруымен әскери-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Кафедрадан 2 студент: Кобжасаров И. (АЭ-26р) және Нурпейсова А. (ГИ-28р), 1 магистрант: Укеев Ж. Тарих факультетінің командасы 1 орынды иеленді.

2014 жылы ақпан айында Қарағанды облысының студенттері арасындағы спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте ҚарМУ 1 орынды жеңіп алды. Кафедрадан спорттың әр түрінен студенттер қатысты: Наскенова С. (ГИ-27к)-үстел теннисі, Ахметов Б. (ИО-31к)-волейбол.

Осы аталған айдың көлемінде Республикалық Универсиада өткізіліп жатқан болатын. Шаңғы жарысында ҚарМУ 2 орынды иеленді. Кафедрадан 2 курс студент Нурпейсова А. (ГИ-28р) қатысты.

2014 жылы 13-14 ақпан аралығында ҚарМУ-да Қарағанды қаласының 80-жылдығына байланыстырылған «Жастар Әуені-2014» атты эстрадалық ән және шоу-бағдарламалардың жүргізушісі сайысы өтті. Кафедрадан жүргізуші жағынан өзін әр қырынан көрсете білген Әуеспекова Б. (ГИ-13к) 2 курс студенті 3 орынды иеленіп, халықтың айдарына ілінді.

2014 жылы 21 ақпанда ҚарМУ Студенттер Мәдениет сарайында «Мисс и мистер университет-2014» атты студенттер арасындағы байқау өткізілді. Кафедрадан мистер тарапынан Сембеков Ә. (ИО-11п/я) қатыстып, «мистер харизма» атағына ие болды.

2014 жылы 25 ақпанда ҚарМУ Студенттер Мәдениет сарайында филология факультеті қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы өзге ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары» атты байқау өткізді. Аталған байқауға кафедрадан 1 курс студент Тё О. (ИО-12р) қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.

2014 жылы наурыз айында Қарқаралының 190 жылдығына арналған «Ә. Бөкейханов қоғамдық-саяси қозғалысының басшысы» атты телебағдарламаға «Жас Алаш» клубының мүшелері қатысты.

2014 жылы 5 наурызда «Жастар» спорт кешенінде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қолдау акциясы өтті. Акцияға кафедрадан 20 астам 2 курс студенттері қатысты.

Сонымен қатар, факультетте әр түрлі мерекелік мейрамдарға байланысты іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Наурыз мейрамы кезінде арнайы киіз үйдің баламасы құрылып, 1-3 курс студенттері мерекелік концерт ұйымдастырды.

2014 жылдың 15 сәуірінде ҚарМУ Студенттер сарайында «Жыл студенті-2014» атты сайыс өтті, ГИ-27к тобының студенті Жабагина Әсел (топ кураторы доцент А.Н. Мұқанова) сайысқа қатысып, 1 орын және «ҚарМУ жыл студенті-2014» атағына ие болды.

2014 жылдың 18 сәуірінде ҚарМУ Студенттер сарайында «Ең үздік топ-2014» сайысы өткізілді, факультеттен ИО-32р тобы (топ кураторы доцент Л.Қ. Шотбақова) қатысып, сайыс қорытындысы бойынша 1 орын және «ҚарМУ ең үздік тобы-2014» атағына ие болды.

2014 жылдың 30 сәуірінде кафедраның 1 және 3 курс студенттері «Халық шығармашылығының фестивалінде» өнер көрсетті, бұл сайыста Ирландия елін көрсетті. Фестиваль қорытындысы бойынша «поликультурный эрудит» номинациясына ие болып, естелік сыйларға қол жеткізді.

Top