Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы

Кафедра тарихы

Бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының тарихы


Жалпы тарих кафедрасы 1966 жылы құрылды. Оның негізінде доцент М.И. Богуславский (1914-1969 гг.) тұрды, бұл ғалым белгілі ғалым-полонист және 1950 жылдары жарық көрген үш томдық Польша тарихының авторларының бірі.

М.И. Богуславский Мәскеу философия, әдебиет, тарих институтың тамандаған, кандидаттық диссертация жұмысы «Борьба по вопросам внешней политики в Польше накануне II мировой войны» арналды және 1948 жылы Қоғамдық ғылымдар Академиясында қорғалды. 1952 жылдан бастап 17 жыл бойы Қарағанды педагогикалық институтыңда жұмыс атқарды.

Пединститутта екінші кафедра меңгерушісі кейін университетте бірінші кафедра меңгерушісі қызметін Ә.Н. Телгарин атқарды (1969-1979 жж.). 1972 жылы университет ашылған жылы ол жалпы тарих бойынша екінші тарих ғылымдарының кандидаты болды. 1971-1972 жж., ол университеттің парткомы секретары болып сайланды. Келесі жылдары болған бүкіл әлем тарихы кафедрасының меңгерушілері: доцент М.Х. Хасенов (1979-1989 жж.), доцент Н.М. Фарфутдинов (1990-1994 жж.), доцент М.В. Шлюпиков (1994-1999 жж.), доцент Л.А. Прокопенко (1999-2000 жж.), доцент Л.Л Батурина (2000-2005 жж.), доцент А.К. Капышев (2005-2006 жж.), доцент Г.М. Смагулова (2006-2012 жж.). Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі т.ғ.к., Тулеуова Б.Т.


Жалпы тарих кафредасы 1966 ж. оқу жылын келесі құраммен бастады: М.И. Богуславский, Э.С. Багинский, Н.М. Кабатбаева, И.А.Колыванов, Л.С. Панова, Н.М. Фарфутдинов, М.Х. Хасенов. Сол жылы Карлов (Прага) университетінде біржылдық стажировкасын және С.М. Киров атыңдағы ҚазМУ-да аспирантурасын аяқтаған сон Ә.Н. Телгарин жұмысын бастады.


Кафедра ұжымының қалыптасуы 1970-шы жж., аяқталды. Ол уақытта кафедрада 10 оқытушы жұмыс атқарды, оның ішінде 7 ғылымдар кандидаты, доценттер. Бұл Э.С. Багинский, Л.Л.Батурина, Л.С. Панова, Ю.Я. Серовайская, А.Н. Тельгарин, Н.М. Фарфутдинов, М.Х. Хасенов, аға оқытушы А.К. Арнгольдт, К.С. Бимахимов, И.А. Колыванов. Кафедраның ғылыми дәрежелік көрсеткіші 70% құрады, бұл университет бойынша ен жоғарғы көрсеткіштердің бірі болды. Кафедра өзінің барлық жылдарында формациондық және елтану принципі бойынша қалыптасты, яғни келесі классикалық пәндер «Ежелгі дүние тарихы», «Орта ғасырлар тарихы», «Батыс және Шығыстың жаңа және қазіргі заман тарихы» бағытында жұмыс атқарды. Көрсетілген әр бағыт бойынша сол елдер бойынша мамандандырылған 2 оқытушы жұмыс атқарды, олар: доцент Э.С. Багинский – Батыс елдерінің жаңа заман тарихы, Польша тарихының маманы ; доцент Л.Л. Батурина – Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Иран тарихының маманы; доцент Л.С. Панова – Батыс елдерінің жаңа заман тарихы, Англия и Франция тарихының маманы; доцент Ю.Я. Серовайская – Орта ғасырлар тарихы, Англия тарихының маманы; доцент А.Н. Тельгарин – Батыс елдерінің қазіргі заман тарихы, Чехословакия тарихының маманы; доцент Н.М. Фарфутдинов – Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы, Түркия тарихының маманы; доцент М.Х. Хасенов – Батыс елдерінің жаңа заман тарихы, Германия тарихының маманы; аға оқытушы А.К. Арнгольдт, И.А. Колыванов – Ежелгі дүние тарихы, К.С. Бимахимов – Орта ғасырлар тарихы.

80-90-шы жылдары кафедра жаңа ғылымдар кандидаттарымен толықты – Т.В. Топорина, В.В. Горовой, М.В.Шлюпиков.

1990-шы жж. кафедра алдымен бөлінді кейін ежелгі дүние және археология кафредасы ТМД халықтарының кафедрасымен біріктірілді. Бұдан сон кафедрада 20 оқытушы жұмыс атқарды. Олардың ішінде 13 ғылымдар кандидаты, доценттер. Доценттер қатарына ТМД халықтарының тарихы кафедрасының 5 доценті қосылды, олар: Б.К. Адамбеков, Е.Ш. Асаинов, Б.К. Киздарбеков, М.Е. Омаров, С.В. Селиверстов. Кафедраның ғылыми дәрежелік көрсеткіші 65%. Бұл университет бойынша бесінші көрсеткіш болды. Бүкіл әлем тарихы кафедрасында сонымен қатар аға оқытушылар Л.А. Прокопенко, С.Т. Толкеев, оқытушылар А.П. Булдыгин, А.К. Капышев, Б.Т. Тулеуова, С.Т. Турмаганбетова жұмыс атқарды.

Кафедраның салмағы артып университеттің ең беделді кафедраларының біріне айналды. Бұған дәлел кафедраның жетекші доценттері университеттің жетекші қызметтерін атқаруы.

1990-шы жылдар жаңа отандық университеттік білім жүйесіне бейімделу кезеңі болды. Бұған дәлел келесі жаңа мамандықтардың ашылуы болды: «Елтану», «Аймақтану» және «Халықаралық қатынастар», бұл мамандықтардың ашылуына белсенді ат салысқан сол кезендегі декан С.В. Селиверстов болды. 1990-шы жылдардың аяғында жаңа мамандықтардың ашылуы жағыдайында кафедра ұстаздарының жаңа ғылыми және оқу-әдістемелік талпыныстарына әкелді. 2004 г. Г.М. Смагулова 07.00.15 – халықаралық қатынастар тарихы және сыртқы саясат шифры бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Халықаралық қатынастар мамандарын даярлауға байланысты 2002 жылы кафедра атауы «Бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастар» болып өзгертілді және сол жылы кафедра «Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 2002 жылғы Үздік кафедрасы» атағы бойынша ІІІ орынды иемденді.


2005 жылы қауіпсіздік мәселесі бойынша «HESP Regional Seminar for Excellence in Teaching» жобасы шенберінде семинар өткізілді. Семинар жұмысына Ресейден (Е. Кузьмина), Өзбекстан (Б. Эргашев), Әзербайджанан (В. Дадашев), Армениядан (А. Атанасян), Қырғызстаннан (А. Дундич) келген қонақтар және кафедра ұжымы мен «халықаралық қатынастар» және «аймақтану» мамандықтарының студенттері қатысты.

2006 жылы кафедра оқытушылары Орталық Азия Орталық Қорының бірінші таныстырушы семинарына қатысты. 2007 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да Қазақстандағы ЕҚЫҰ Орталығы өкілдері және Габургтық ЕҚЫҰ зерттеу Орталығының эксперттері ЕҚЫҰ мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырды.

 


2007 жылы кафедра меңгерушісі Смағұлова Г.М. «ЖОО Үздік ұстазы» атты мемлекеттік грант иегері атанды. Грант шенберінде кафедра оқытушысы С.М. Нұржановамен бірге Үндістан Республикасының ғылыми орталықтары және университеттерінде ғылыми зерттеулер жүргізілді. Ғылыми стажировка барысында олар Дж. Неру университеті төнірегіндегі ғылыми орталықтарда жұмыс атқарды.

Сол жылы Мемлекеттік грантты іске асыру шенберінде Смағұлова Г.М. тарих факультетінде Himalayan Research and Cultural Foundation директоры профессора К.Варику (Дж.Неру университеті, Нью-Дели) қатысуымен «Орталық Азия және Үндістан ынтымақтастығы: тарихи шындық және болашағы» тақырыбында дөнгелек стөл өткізілді. Дөнгелек стөл қорытындысы бойынша ғылыми және біліми байланыс саласында өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойылды.

Кафедра түлектері арасында жалпыодақтық, республикалық, облыстық конференциялар мен олимпияда женімпаздарыда болды. Олар Т.В. Топорина, А.А. Буллер, С.Ф. Мажитов, В.В. Горовой, Л.А. Прокопенко, Л.В. Шатилова, С. Джалмаканов, М.В. Шлюпиков, В. Янцен, Е.С. Сыздыкбеков, Алтаева К., Алиакпарова А. и многие другие.


Түлектер Елеманова (Актаева) К.К., Бекжанова (Бораншинова) С.Б. Лениндік степендия лауриаттары болды, Букубаева (Тулеуова) Б.Т. –ВЦСПС стипендиясының лауриаты, Алтаева К., Мухаметкали Г., Балканаев Г. – Президенттік стипендия иегерлері болды. Әр жылдары кафедра ұстаздарымен студенттері Жуасов премиясының иегерлері болды, доцент Смагулова Г.М. (2007 ж.), Горбунов А. (2007 ж.) және Балканаев Г. (2008 ж.).


Кафедра мамандықтары бойынша оқитын студенттер халықаралық білім гранттары мен бағдарламаларына қатысады: А. Сабитова АЙРЕКС бағдарламасы бойынша АҚШ оқыды, Тусупбекова ҚР Италия елшілігінің білім грантың иемденді, Медведева – АҚШ, Я. Маслова – DIEE бағдарламасы бойынша Корея Республикасының Йонсей университетінде оқыды; А. Сатжанова BEELERBUS бағдарламасы бойынша Кембридж (Ұлыбритания) оқыды; Ю. Коваль Оломоуц университетінде білім алуға шақырылды (Чехия); Асафов М. «Болашақ» Президенттік бағдарламасы бойынша АҚШ кетті; Назаров Е. и Балканаев Г. «The Golders Green School of English» ( Лондон қ., Ұлыбритания); Сагинбекова М. Барселона қаласында (Испания) екі айлық тіл курсына қатысты; Молдиярова Е. Сиань университетінде тілдік курстан өтті (ҚХР); Ж. Куанышбекова, Р. Каржасбаев и Б. Бакаев 2006 ж. Яссави атындағы ХҚТУ тілдік стажировкадан өтті; Суинова А. және Куанышбекова Ж. М.Ломоносов атындағы ММУ ААЕИ тілдік стажировкадан өтті; 2008 г. Студент Толеуова И. Пекин университетінде тілдік стажировкадан өтті; 2008 г. Краюшкина Л. және Жилина И. DAAD бағдарламасы бойынша Германияда жаз мезгілінде білім алу мүмкіндігіне ие болды; А. Алиакпарова және К.Алтаева «Ломоносов оқуларына» қатысты; Ю. Коваль, Длекешева Л. және Д. Сеитова VI Бүкілресейлік «Диалог культур и цивилизаций» (Тобыл мемлекеттік институты) жас тарихшылар ғылыми конференциясына өз мақалаларын жіберді.

2006-2008 жж. магистрант Д. Тусупбекова «Болашақ» бағдарламасы бойынша Чехияда оқыды. Магистратураны үздік тәмандаған сон Н.В. Кадацкая 2007 ж. Карлов университетіне (Чехия) докторантураға (PhD) түсті; 2012 жылы А.Айнабекова Кембридж (Ұлыбритания) университетінің бір жылдық магистратурасын аяқтады.

2004 жылы «Аймақтану» мамандығының студенті Л. Длекешева «ҚарМУ үздік студенті» атағына ие болды, 2007-2008 оқу жылы аталмыш студент магистратураны үздік бітірді.

2008 жылы бірқатар түлектер шетелдік жоғарғы оқу орындарына магистратура және докторантураға (PhD) түсті – Керембаев А., Мухтарова Ж., (Чехия), Алтаева К. және Ескендиров А. (Испания).

Кафедра мамандықтарының студенттері факультеттің және университеттің мәдени өміріне белсене қатысады. Талантты студенттер Г. Мухаметкали, Е. Молдиярова, Ж. Жылкыбаев, Г. Софина университет сахыналарында белгілі болды. Студенттер Шунгултаева М. және Нугманова М. Республикалық қыз сыны конкурсына қатысып, Шунгултаева М. 2-ші орынды иемденіп «Қазақстанның вице-миссі» титулын алды. Кафедра студенттері әр жылдары университет, қала және Қазақстанның КВН клубтарының белсенді мүшелері болды, олар – В. Шкарупин, С. Шапашов, Н. Овчарова, Р. Карасаев, О. Иванова, М.Чикуров және т.б.


Кафедра түлектері ұзтаздардың ерекше мақтанышы. Олар Абдикаримов О.А., Ертысбаев Е.К., Ашляев С.А., Баекенов Б., Шайхутдинов М.Е., Мажитов С.Ф., Актаева К.К., Прокопенко Л.А., Дюсетаев Э.С., Мусабаева А.Б., Нуржанов А.Б., және сонғы онжылдық түлектері Мухаметкали Г., Нуржанова С.М., Газизов Т.Ж., Ескендиров А.А. және т.б. көптеген түлектер. Кафедра Выпускники түлектері мен студенттері жоғары спорттық жетістіктергеде қол жеткізді. Боксер И. Шишкин әлем Кубогінің иегері атанды, КСРО халықтарының Спартакиадасының чемпионы болды. Юниорлар арасында велосипедист И. Гинер чемпион болды. Ф.Хасанова столдық тенистен Еуропа чемпионы болды. Осы спорт түрі бойынша Балько Е. және Дубаневич А. республика жүлдегерлері болды; шахмат бойынша республика және област Максименко В.болды; бірнеше рет волейболдан Кузнецова Е. област және республиканың жүлдегері болды; Чернецова Е. Лиллихаммередегі Қысқы Олимпияда ойындарына қатысты; Шарко Н. жеңіл атлетика бойынша област және республиканың бірнеше рет жүлдегері болды; Касымова А. Тоғыз құмалақ бойынша; Минакова Е. – столдық тенис бойынша; Горбунов А. – каратэ бойынша жүлдегерлер.

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының ең білікті кафедраларының бірінің тарихының жетістіктері осындай. Қазірде кафедра көп жылдар бойы қалыптасқан дәстүрді жалғастыруда.

Кафедраның қазіргі құрамы

 

Оқытушы-профессорлар құрамы

Бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы

Оқытушының Т.А.Ж.

Ғылыми дәрежесі, лауазымы

Оқитың курстары

2004 жылдан бастапқы оқу-әдістемелік жұмысының нәтижесі

Тулеуова Бахытгүл

Тлеубайқызы

т.ғ.к., кафедра меңгерушісі

Дипломатиялық және консульдық қызмет, Дипломатиялық құжатнама, Келіссөді ұйымдастыру және жүргізу, Келіссөз жүргізу үрдісінің техникасы, Халықаралық қатынастардағы имидж саясаты, Мамандану елдерінің мәдениеті, діні, ғылымы және білімі (Таяу Шығыс), Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері «Дипломатиялық және консулдық қызмет» оқу құралының авторы, 20 ғылыми мақала оның ішінде 1 импакт-фактором мақала авторы, «Адаптация казахского общества Центрального Казахстана к рыночным условиям во второй половине XIX – начала ХХ веков» монография авторы, 2 ұжымдық монография авторы, «Дипломатиялық және консулдық қызмет» электрондық оқулық авторы,

«Международные связи Республики Казахстан в контексте развития Центрально-Казахстанского региона» ғылыми жобасының авторы

Тельгарин Әлімжан Нұғманұлы

т.ғ.к., профессор

Қазіргі кезендегі халықаралық қатынастар тарихы

Мамандану елінің әлеуметтік-экономикалық құрылымы (Батыс), Мамандану елінің сыртқы саясаты (Батыс), Мамандану елінің саяси жүйесі (Батыс)

Батыс және Шығыс Еуропа елдерінің аймақтық және елтанулық саласына қатысты 20 астам мақала авторы
Адамбек Бітімбек Көпбайұлы

т.ғ.к., профессор

ТМД елдерінің тарихы, Ресей және Кеңес мемлекетінің мемлекеттік мекемелер тарихы 30 жуық ғылыми мақалалар авторы, «ХХ ғасырдағы Ресей империясы, Кенес мемлекеті және ТМД тарихы» монография авторы, «ХХ ғасырдағы Ресей империясы, Кенес мемлекеті және ТМД тарихы» электрондық оқулық авторы
Батурина Людмила Леонидовна

т.ғ.к., профессор

Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Орта ғасырлар тарихы (Шығыс), Қазіргі қақтығыстар және оларды шешу,

Жаһандану және халықаралық қатынастар, Тоталитаризм және қазіргі кезендегі демократия, Мамандану елінің саяси жүйесі (Таяу Шығыс), Мамандану елінің сыртқы саясаты (Таяу Шығыс)

«2010 жылы ЖОО Үздік оқытушысы» грантының иегері, 60 мақала, оның ішінде шетелдік басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалар авторы. Жаңа заман тарихы мектеп оқулығының авторының бірі (2001, 2002, 2003), сонымен қатар 8 сыныпқа арналған әлем тарихы бойынша оқу-әдістемелік комплекс, 2 электрондық оқулық авторы.
Шлюпиков Михаил

Владимирович

т.ғ.к., доцент

Орта ғасырлар тарихы, Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Мамандану елінің сыртқы саясаты (Батыс), Мамандану елінің саяси жүйесі (Батыс), Мамандану елінің тарихы (Батыс),

Түркі халықтарының тарихы, Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесі, Қазіргі дипломатия

Батыс Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихына, шетел тарихнамасына арналған 20 астам мақала авторы
Горовой Вячеслав Владимирович

т.ғ.к., доцент

Ежелгі дүние тарихы, Көпжақты дипломатия,

Сыртқы саяси доктринаның қалыптасуы, Тарихи ретроспективадағы демократия, Әлемдік интеграция үрдістері, Халықаралық ұйымдар, Халықаралық қатынастардағы имидж саясаты

Ежелгі дүние тарихы, археология, тарихи урбанизация мәселелеріне арналған 30 мақала авторы
Смағұлова Гүлнар Мұратбекқызы

т.ғ.к., доцент

Әлемдік интеграция үрдістері, Халықаралық ұйымдар, Саяси лидерлер және олардың халықаралық қатынастардағы ролі,
Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері, Халықаралық қатынастардың қазіргі концепциялары,
Тоталитаризм және қазіргі кезендегі демократия, Әлемдік саясат және әлемдік экономикалық
«2007 және 2010 жылы ЖОО Үздік оқытушысы» грантының иегері, 80 астам мақала авторы, зеріттеу объектісі: Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесі, Қазақстанның сыртқы саясаты, Қазақстанның посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық саясаты (ЕврАзЭС, Кедендік Одақ, ОДКБ, ШОС и СВМДА),

«Интеграционная политика Казахстана как один из факторов стабильности национальной и региональной безопасности в Центральной Азии» атты ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі

Досова Бибігүл Аралбайқызы

т.ғ.к., доцент

Халықаралық қатынастар теориясы, Мамандану елінің сыртқы саясаты және дипломатиясы (Қиыр Шығыс), Мамандану елінің тарихы,

Мамандану елдерінің мәдениеті, діні, ғылымы және білімі (Қиыр Шығыс)

«Болашақ» президенттік степендиясының иегері, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Азия және Африка Институтында стажировкадан өткен,

60 жуық мақала авторы, оның ішінде бір мақала импакт-фактор, «Синергетика и историческое познание: историографический обзор» монография авторы, «Oriens Exstremus» студенттік ғылыми үйірменің жетекшісі.

Сердхан Аманбек

Аға оқытушы

Ежелгі дүние тарихы, Орта ғасырлар тарихы, Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы, Мамандану елінің тарихы (Таяу Шығыс), Қазіргі қақтығыстар және оларды реттеу Қазіргі халықаралық қатынастар мәселесіне арналған, Орталық Азия халықтарының тарихына, деректануға арналған 20 мақала авторы, «Азия және Африка елдерінің жаңа және казіргі замаң тарихы» оқулығының авторы,

Разработчик тестовых заданий Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы бойынша ВОУД тест құрастырушы

Аймахов Ермек Насратуллаұлы

Магистр, аға оқытушы

Ежелгі дүние тарихы, Орта ғасырлар тарихы, Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Геосаясат негіздері, Көпжақты дипломатия, Мамандану елінің сыртқы саясаты (Батыс), Мамандану елінің саяси жүйесі (Батыс), Мамандану елінің тарихы (Батыс), Сыртқы саяси доктринаның қалыптасуы, Халықаралық қатынастар теориясы Оннан астам ғылыми мақалалар авторы, көптеген студенттік мақалаларға ғылыми жетекшілік атқарған, «Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша қолданылатын терминдер мен ғылыми ұғымдар сөздігі» авторының бірі, 2012 жылдан бастап академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің докторанты, қазіргі танда «1954-1964 жылдардағы Орталық Қазақстан тұрғындарының күнделікті өмірі» атты докторлық диссертацияны жазу үстінде.
Стамбулов
Серік Бердибайұлы

Магистр, аға оқытушы

Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері

Халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер Қазақ университетінің докторанты

Кенжеғали Жарас Маханұлы

Магистр, аға оқытушы

Жаһандану және халықаралық қатынастар, Сыртқы саясат және дипломатия (Таяу Шығыс), Международные отношения и глобализация

Мамандану елінің саяси жүйесі (Таяу Шығы), Жаңа және қазіргі замандағы халықаралық қатынастар, Дипломатиялық хаттама және этикет

ЕЕуропалық Комиссияның ТАСИС, ТЕМПУС бағдарламлары арқылы Орталық Азия елдерінде жұмыс істеуіне арналған мақалалар авторы.

 

Мамандықтар

Мамандықтар

Бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы жоғарғы мамандандырылған кадрларды мемлкеттік және орыс тілінде келесі мамандықтары дайындайды.

5B020200 – «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР»

Маманның біліктілігі: Халықаралық қатынастар маманы.

Оқу мерзімі: 4 жыл.
Оқу түрлері: күндізгі

«Халықаралық қатынастардың» маманы, яғни, мәмілегер (дипломат) жоғары білімді адам болуға, сонымен қатар ол өз елінің жүргізіп отырған сыртқы саясатын өзгелерге түсіндіруге міндетті. «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша студенттер 2 шет тілін мүлтіксіз терең меңгеріп шыға алады, сондай-ақ, БҰҰ-дағы басты орынға ие негізгі беске дейінгі тілдерді үйреніп шығуына толық мүмкіндігі бар (ағылшын, француз, испан, орыс, қытай, араб тілдері); саясаттағы, экономикадағы, мәдениет пен әлеуметтік өмірдегі сұрақтарды дұрыс реттеп отыруға қатысады; өз елінің сыртқы саясатының халықаралық қатынастарда оңтайлы дамуын қадағалайды; әрбір халықаралық мамандандырылған органдарға тағайындалуды біледі; БҰҰ, ЕО, ТМД, АСЕАН, ШОС, ЕҚЫҰ және өзге де халықаралық ұйымдардың жұмысын талдауға хабардар болады; әлемдік өндірістің даму статистикасына және де дүниежүзілік демография мен экологиялық жағдайларға бақылау жасай алады.

Халықаралық қатынастар мамандығын тәмамдаған әрбір түлек барлық мемлекеттік қызметтер мен жекеменшік құрылымдарда, сондай-ақ, осы мамандыққа қай жерде сұраныс болса, сол жерде жұмысқа орналаса алады. «Халықаралық қатынастардың» маманы Қазақстан Республикасының СІМ жүйесіне бағытталуы мүмкін. Бітірушілер елдермен референттердің лауазымды орындарына ие бола алады, тарихи, сыртқы саяси, экономикалық және басқа сұрақтармен эксперттер ретінде қатыса алады; шекараның ар жағында Сыртқы істер министрлігінің аппаратында, Қазақстан дипломатиялық өкілділіктерінде, мамандандырылған халықаралық ұйымдардағы Қазақстан өкілділіктерінде, БҰҰ-ның жанында, ЕҚЫҰ және басқа мекемелерде қызмет атқарады. Халықаралық қатынастар мамандығын алып шыққан түлектер сапалы аудармашылар ретінде де жұмыс істей алады; аналитикалық орталықтарда халықаралық проблемаларды зерттеу жұмысын істейді; кеңесшілер әртүрлі бірлестіктерде саяси сұрақтармен және эксперттер сияқты бөлек елдермен байланыс орнатады. «Халықаралық қатынастардың» маманы кеңесшілер және эксперттер ретінде сыртқы істер жүйелері мен баспаларда жұмыс істейді.

Халықаралық қатынастар мамандығын толық университет деңгейінде аяқтаған әрбір түлек мамандығына сай халықаралық мекемелерде жұмыс істеумен бірге ғылыми-зерттеу жұмысымен де айналысады.

5В050500 – «Аймақтану»

Маманның біліктілігі: Аймақтану бакалавры.

Оқу мерзімі: күндізгі оқу түрі – 4 жыл

«Аймақтану» мамандығын бітіруші келесідей тиісті талаптарға жауап береді: қазақ (бұл тілді білу міндетті), орыс және әлеуметтік-тұрмыстық, сондай-ақ, ғылыми қатынас сферасының көлемінде бір еуропалық, бір шығыстық тілді білуі керек; компьютерлік әдіс-тәсілдерді, ақпаратты өңдеудің және сақтаудың жолдарын білуі керек; өзінің кәсіпшілік әртүрлі қызмет саласында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың әдістерін қолдана білуі керек; оқытушылық басқаруға арналған (педагогикалық) дағдыларға ие болуы керек.

«Аймақтану» мамандығы бойынша студенттер 2 шет тілін терең меңгеріп шығады. «Аймақтану» мамандығы – дүние жүзінің бір аймағы: Еуропа және Америка елдері, ТМД (Евразиялық елдің) елдері немесе Азия және Африка елдерінің тарихы терең оқытылады. Аймақтанушы-тарихшы оқытушылық қызметке және әртүрлі мемлекеттік мекемелерге, сонымен қатар аудармашылық, сондай-ақ басқа да аймақтарға жұмыс істеу үшін орналаса алады.

 

Халықаралық бірлестік

Бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының халықаралық ынтымақтастығы

Бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы бірқатар ғылыми мекемелер және білімберу орталықтарымен байланыс орнатқан:

  • М.В. Ломоносов атындағы ММУ Азия және Африка елдерінің институтымен (Мәскеу, РФ);
  • Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар тарихы және теориясы кафедрасымен;
  • Дж. Неру университеті қарамағындағы Гималай зерттеу орталығы және мәдени орталығымен (Нью-Дели, Үндістан);
  • Халықаралық біліктілікті арттыру Институтымен (Дюссельдорф, Алмания)

Екіжақты ынтымақтастық шеңберінде ғалымдармен зерттеушілердің қонақтық дәрістері, ғылыми семинар және конференциялар өткізіледі, сонымен қатар магистранттар мен докторанттарға консультация жүргізіледі.

2011 ж. қыркүйекте Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ға қонақтық дәрісімен PhD Мундира Датта келді. Студенттер және магистранттар арасында Орталық Азия аймағындағы ұлттық қауіпсіздік мәселесі тақырыбында дәріс откізілді. Бұл сапар нәтижесінде Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ және Дж. Неру университеті арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалды.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде оқытушылар мен студенттер әр түрлі семинарлар және білім гранттарына, халықаралық конференцияларға белсенді қатысады. Профессор Батурина Л.Л. (грант иегері ретінде) қазақстан-герман «Орталық Азиядағы білім» жобасы шеңберінде өткен халықаралық семинарға қатысты (Алматы қ., 24-26 мамыр 2509 ж.).

2010, 2011 жылы Батурина Л.Л. «Орталық Азиядағы қаупсіздік мәселесі» (Нью-Дели, Үндістан Республикасы), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (Дж. Неру университеті, Нью-Дели, Үндістан Республикасы) атты халықаралық семинарларға қатысты. 2011 ж., қазан-қараша айларында Батурина Л.Л. қоғамдық және халықаралық қатынастар Институтында ғылыми-кәсіби стажировкадан өтті (Прага, Чехия Республикасы), сонымен қатар 2011 ж. қарашада Халықаралық философиялық симпозиумға қатысты (Санкт-Петербург қ,, Ресей).

Аға оқытушы Стамбулов С.Б. АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің грантың иемденіп Флоида университетінде стажировкадан өтті (АҚШ, 2010 ж., маусым-тамыз).

Доцент Смагулова Г.М. біліктілікті арттыру Халықаралық Институтында стажировкадан өтті (Дюссельдорф қ,, Алмания, 2-20 тамыз 2509 ж.)

2012 ж., шілдеде доцент Смагулова Г.М. және 4 курс студенті Тулеуова К. Словакия және Чехия Республикаларында Қоғамдық және халықаралық Жоғарғы мектебінде ғылыми стажировкадан өтті.

Доцент Досова Б.А., «Болашақ» халықаралық бағдарламалар Орталығының степендиаты ретінде 2011 ж., қыркүйек-қараша айларында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Азия және Африка Институтында ғылыми стажировкадан өтті ( Мәскеу қ., РФ)

Кафедра оқытушылары Тельгарин А.Н., Батурина Л.Л., Досова Б.А., Смагулова Г.М., Аймахов Е.Н. «Построение мостов между Словакией и Казахстаном: политический форум и обмен опытом трансформации» атты біріккен Халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференция жұмысына қатысты (Қарағанды, 2509 ж.).

«Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері Аязбаев Надир (4 курс) және Серикова Диана (3 курс) 2012/2013 оқу жылының бірінші семестрнде Шихэцзы университетінде оқуға степендия ұтып алып білім алды (ҚХР).

«Халықаралық қатынастар» мамандығының 3 курс көптілді тобының студенттері Савченко Анна және Алайдарова Жансая академиялық ұшқырлық шенберінде 2012 жылдың 30 қыркүйегінен 2013 жылдың 15 ақпан аралығында Бабеш-Боляй қаласының университетінде білім алды (Румыния).

 

Кафедрада жасалатын ғылыми бағыттар

Бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы

Бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушыларының ғылыми зерттеу жұмыстары әлемдік тарихи үрдістердің өзекті мәселелерімен байланысты. Кафедра оқытушыларының жұмыстарының ерекшелігі пәнаралық байланыс жағдайында жұмыс жасаулары, осыған байланысты оқытушылардың ғылыми зерттеу жұмыстары бірнеше бағытта жүреді.

 

Т.ғ.к., профессор Ә.Н. Тельгариннің 80 астам мақаласы Батыс және Шығыс Еуропаның аймақтық және елтанулық мәселелеріне арналған. Профессордың негізгі зерттеу объектісі бұрынғы Чехословакияның және қазіргі Чехия және Словакия Республикаларының сыртқы саясаты болып табылады.

Т.ғ.к., доцент Б.К. Адамбековтың 60 астам мақалалары Ресей, КСРО және ТМД-ның ішкі және сыртқы саясатына және мәдени даму ерекшелігіне арналған. Сонымен қатар доцент Адамбеков Б.К., «ХХ ғасырдағы Ресей империясы, Кенес мемлекеті және ТМД тарихы» атты монографияның авторы.

Т.ғ.к., профессор Батурина Л.Л. 100 астам мақаланың авторы. Профессор жаһанданудың, аймақтық қақтығыстардың алдың алу және жоғарғы білім мәселелерінің әртүрлі аспектілерін зерттейді. Орта мектепке арналған «Жаңа заман тарихы» (2001, 2002, 2003) оқулығының және әлем тарихы бойынша оқу-әдістемелік комплексінің (8 класс) авторларының бірі болып табылады.

Т.ғ.к., доцент Г.М. Смағұлованың зерттеу объектісі халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері, Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесі, Қазақстанның сыртқы саясаты, оның ішінде Қазақстан Республикасының посткеңістік кеністіктегі интеграциялық саясаты болып табылады. 40 астам мақаланың авторы.

Т.ғ.к., доцент М.В. Шлюпиков Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихының маманы, зерттеу объектісі шетел тарихнамасы және парламентаризм тарихы болып табылады.

Т.ғ.к., доцент Б.А. Досова тарих ғылымының әдістеме мәселесімен айналысады, қазақстан-қытай қатынасын, Қазақстандағы діни ахуалды зерттейді (60 астам мақала). «Oriens Exstremus» студентер ғылыми үйірмесінің жұмысына жетекші.

Т.ғ.к., доцент Б.Т. Тулеуова дәстүрлі қоғамның өзгеріп жатқан жағдайға икемделуі мәселесін зерттейді және мәдениетаралық коммуникация, сыртқы саясат және дипломатия тарихына, Қазақстан Республикасының және шетелдердегі дипломатиялық қызметін тарихы мен қазіргі жағдайына қызығушылық танытады.

Т.ғ.к., доцент В.В. Горовойдың жақын шетелде жарияланған 30 астам ғылыми мақалалары антикалық тарихтың нақты тарихи аспектілеріне және көне тарихты зерттеудің теориялық-әдістемелік мәселелеріне арналған. Сонымен қатар доцент В.В. Горовойдың ғылыми қызығушылығы археохронология, тарихи урбанистикамен байланысты.

Аға оқытушы А. Сердхан ХІІІ-ХҮІІІ ғғ. Монғол деректерін зерттейді және ол деректердің Қазақ тарихын зерттеуде құндылығы мен қажеттілігін қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда аға оқытушы А.Сердханның зерттеу объектісі өзекті болып табылады.


Аға оқытушы, тарих магистры Е.Н. Аймахов
он жылдан астам уақыт Наполеон соғыстары жылдарындағы дипломатиялық қатынастарды зерттеді, сонымен қатар геосаясат мәселелеріне қызығушылық танытады. 2012 жылдан бастап Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің докторанты, қазіргі танда «1954-1964 жылдардағы Орталық Қазақстан тұрғындарының күнделікті өмірі» атты докторлық диссертацияны жазу үстінде.

Аға оқытушы, тарих магистры С.Б. Стамбуловтың зерттеу объектісі Орталық Азиядағы қақтығыстардың көздерің және оларды болжау мүмкіндігі болып табылады. Қазіргі танда С.Б. Стамбулов Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінің докторанты.

Аға оқытушы, тарих магистры Ж.М. Кежеғали Еуропалық комиссияның ТАСИС, ТЕМПУС бағдарламалары арқылы Орталық Азия елдеріндегі рөлі мен орнын зерттейді.

Кафедраның ғылыми қызыметінің жетістіктерінің бірі Дж. Неру университеті қарамағындағы «Гималай және Орталық Азия» (Нью-Дели, Үндістан) зерттеу орталығымен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қоюы.

Кафедра оқытушылары профессор Л.Л. Батурина (2011 ж.) және доцент Г.М. Смағұлова (2012 ж.) Білім және ғылым министрлігінің «Жоғарғы оқу орынының үздік оқытушысы» грантының иегерлері болды.

Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары әр түрлі деңгейдегі (республикалық, жақын және алыс шетелдердегі халықаралық конференциялар) конференцияларда жариялануымен қортындылады. Кафедра 2 ғылыми еңбектердің жинағын жариалады, бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастардың өзекті мәселелеріне арналған 3 «дөнгелек стөл» өткізді, оның бірі «Жаһандану жағдайындағы қазіргі әлем» (жалпы көлемі – 84,75 б.б.). Жалпы 2009 жылдан 2012 жыл аралығында жалпы көлемі 63,5 б.б. құрайтын 128 ғылыми мақала жарияланды. Оның ішінде 13 ғылыми мақала шетелде жарық көрді.

Профессор Батурина Л.Л. Мемлекеттік бағдарлама «Мәдени мұра» шеңберінде құрастырылған «Адамзат ақыл-ойының қазынасы» атты 20 томдық еңбектін құрастыру жұмысына қатысты.

Кафедра мамандығында оқитын студенттерде кафедра ұстаздарының жетекшілігімен мақалалар жазып әр түрлі деңгейдегі конференцияларда жариалайды. Кафедра магистранттары және студенттері факультетте жылсайын өткізілетін дәстүрлі «Жуасов оқулары» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияға белсенді қатысады.

Халықаралық қатынастар мамандығының 2 және 3 курс студенттері 2009 ж. қазанда Алматы қ., өткен НАТО-ның Орталық Азиядағы қызметіне арналған университет аралық студенттік конференцияға қатысты. Конференция шеңберінде студенттер НАТО-ның әскери атташесі және Словакия Республикасының ҚР елшісімен кездесу болды. Конференция қорытындысы бойынша 1 және 2 дәрежедегі (Химич Т., Оразбекова Г., Жаксылык Д., Ордабаев А.) дипломдар табысталды.

Кафедрада студенттік үйірме және «Дипломат» ғылыми-саяси клуб өз жұмысын атқарады. 2005 ж. наурызда клуб Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің UNION клубымен бірлесіп «БҰҰ: өткені мен бүгіні» атты отырыс өткізді. 2005 ж. 16 мамырда Астана қ., «Дипломат» клубы UNION клубымен отырыс жиын өткізді.


2009 жылы қарашада халықаралық қатынастар мамандығының 2 және 3 курс студенттері ҚарМТУ-ті ұйымдастырған Қазақстандағы БҰҰ-ның мамандары және РФ келген қонақтардың қатысуымен өткен БҰҰ-ның облыстық моделі жұмысына қатысты.

2011/2012 оқу жылы «Дипломат» клубының кеңейтілген жұмысына Қарағанды экономикалық университетінің және ҚарМУ «халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттері қатысты.


2011 жылы қараша айында бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы өзінің 45 жылдық мерей тойын атап өтті. Кураторлық сағаттар, кафедра ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кафедра менгерушісі доцен Г.М. Смағұлованың жетекшілігімен студенттік конференция өткізілді.

Кафедра мамандықтарының командалары республикалық олимпиадаларға қатысуда. 2009 жылы Әл-Фараби атыңдағы ҚазҰУ-нің 75 жылдық мерей тойына арналған «Ғылым әлемі» атты студенттер мен жастардың ІІІ Халықаралық конгрессі шеңберінде өткен «Аймақтану» мамандығы бойынша Республикалық олимпиадаға екі команда қатысты. «Форс можор» командасы Республика бойынша ІІ орынды (жетекші проф. Батурина Л.Л.) және «За нами регионы» командасы белсенділік үшін ІІІ орынды (жетекші доц. Смағұлова Г.М.) иемденді. 2011 жылы Әл-Фараби атыңдағы ҚазҰУ-де аймақтану бойынша өткен ІІ Республикалық олимпиадада «Халықаралық қатынастар» мамандығының командасы жүлделі І (қазақ бөлімі) және ІІ (орыс бөлімі) орындарды иемденді. Олимпиада нәтижесінде Ордабаев Ә. (1 дәреже) және Қасымжанова Н. (2 дәреже) диплом табысталды.


2012 жылы аймақтану бойынша ІІІ Республикалық олимпиадада «Халықаралық қатынастар» мамандығының командасы «Центр» (орыс бөлімі) 1 дәрежедегі және Альтаир» командасы (қазақ бөлімі) 2 дәрежедегі дипломды иемденді және студенттерге сертификаттар табысталды..

Студеттер Ахметов Б. және Ахмедия Н. 2012 жылы сәуірде Әл-Фараби атыңдағы ҚазҰУ-ті қарамағындағы НАТО ақпарат қоры орталығы ұйымдастырған «Мини-НАТО» жобасына қатысып Республика бойынша ІІІ орынға ие болды.


2012/2013 оқу жылы «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенті Тулеуова Қарлығаш Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Қоры стипендиясының иегері болды.

 

Кафедрада жүргізілетін тәрбиелік жұмыс

Бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының

тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы бірнеше бағытта іске асады: оқу үрдісі барысында және оқу үрдісінен тыс уақытта. Факультет және кафедра мамандықтарының ерекшелігі оқытушыдан үнемі студентті отансүйгіштікке, жауапкершілікке, адалдыққа шақыруын талап етеді.

Кафедрадағы тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстар білім жүйесіндегі Конституция және нормативных актілер, сондай-ақ Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ тәрбиелік жұмысының тұжырымдамасы негізінде жүзеге асады.

Оқу жылының басында, қалыптасқан дәстүр бойынша бірінші курс студенттерін кафедра мүшелерімен, тарихымен, дәстүрімен таныстырып, жиналыс өткізіледі.

Жетекші студенттермен бірге жалпы факультет аралық іс-шараларға қатысады. Олар: Студенттік бағыштау, “КЛИО” номинациясының конкурсы,

бірінші сәуірде өткізілетін “Ералаш”.

Халықаралық қатынастар” мамандығының студенттері факультеттегі, университеттегі көптеген мәдени іс-шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. МО- 13 тобының студенттері Төлешов Ернар и Шынберген Ерқанат “Жас талап – жас дарын – 2010” деген конкурста “Халық сазы” номинациясы бойынша І орынды иеленді. МО- 13 тобының студенттері Сақтапберген Акім и Дербіс Шыңғыс “Жас талап – жас дарын – 2010” деген конкурста «Бағдарлама жүргізуші» номинациясы бойынша І орынды иеленді.

2012 жылдың көктемінде «Ең үздік студенттік топ» конкурсында МО-33 тобы оқу және ғылыми жетістіктерін ең жоғары деңгейде көрсетіп, «Үздік зияткерлік топ» номинациясын алды.

Халықаралық қатынастар” кафедрасының маңызды жетістіктерінің бірі студенттердің әр-түрлі халықаралық іс-шараларға қатысуы.

2010 жылы желтоқсанда ЕҚЫҰ VII бас қосуында (2010 ж. 1-2 желтоқсан, Астана қ.) студенттер тобы өз еріктерімен барып қатысты.

2011 жылдың мамыр айында «Халықаралық қатынастар» тобының студенттері Астана қаласында өткен Халықаралық экономикалық жиынына қатысты.

2011 жылдың маусым айында өткен Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясына қатысты.

Top