Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы

Кафедраның тарихы

Университеттің байырғы кафедраларының бірі – педагогика кафедрасы – өз тарихын 1938 жылдан бастайды, КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің (7.05.1938 ж. №40-200-1) және ҚазССР Халық Комиссарлар Кеңесінің (9.05.1938 ж. №454/12) Шешімімен екіжылдық Қарағанды мұғалімдер институты ашылды. Сол жылы институтта құрамында 3 адамы бар педагогика және психология кафедрасы ашылды. Педагогика және психология кафедрасының бастауында Н.И. Жерносеков, Л.И. Рах, А. Тургамбаев, т. б. тұрды.


Мұғалімдер институты, 1938 жыл

Ұлы Отан соғысы жылдары көптеген оқытушылар мен студентттер, қызметкерлер майданға кетіп, институт ғимараты эвакогоспиталь ретінде ұйымдастырылды.

Соғыстан кейінгі жылдары кафедра құрамы педагогика кадрларымен толығады. А. Тургамбаев, С. Орлов, И.А. Колывановтар майданнан оралып, педагогикалық қызметке қайта кірісті. Педагогикалық ұжым құрамына қаланың, облыстың ең үздік мұғалімдері кірді.

1952 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен (№716) Мұғалімдер институты Педагогика институты болып өзгертілді. Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған алғаш диссертациялар 50-жылдары қорғалды. Олар доцент Л.И.Рах және аға оқытушы Н.И.Жерносеков болды. 1955-56 жылдары кафедрада 6 штаттық бірлік, 1960-61 жылдары 9 бірлік, 1968-69 жылдары 20 оқытушы болды.


Мұғалімдер институтының ғимараты, 1944


ҚарПИ-дің бас ғимараты

1960-1972 жылдары педагогика және психология кафедрасын дарынды ғалым С.Б. Балаубаев басқарды, оны ңаты атақты педагог-психологтармен қатар тұр. Оның еңбектері 1995 жылы жарық көрген «Антология педагогической мысли Казахстана» атты оқу құралына енді. Кафедра ардагерлері мен оның жақындарының естеліктері бойынша, С.Б. Балаубаев тағдыры қиын адам болды. Жалған жала, 17 жыл репрессия, тас қашаудағы ауыр жұмыс ғалымды жасытпады. Оны ақтағаннан кейін 1955 жылы ғалым бойында өмір сүруге, жұмыс істеуге, оқытуға деген күш пен құлшыныс қайта өрбиді. Ол көптеген еңбектер шығарады, дәріс береді, кафедра меңгерушісі болады, психология мен педагогиканың жаңа мәселелерін зерттейді. С. Балаубаев психологияны оқытудағы тәжірибесін 1966 жылы С.А. Темірбековпен бірге жазған, педагогикалық институттар мен университеттердің студенттеріне арналған «Психология» оқулығында көрсетеді. Бұл Кеңестік билік жүріп тұрған жылдарда жарияланған психология бойынша қазақ тіліндегі алғаш оқулық болды. 1965 жылы КСРО ЖАК шешімімен доцент С.Б. Балаубаевқа психология бойынша аспиранттарға жетекшілік етуге рұқсат берілді. Сол жылдары (1960-1972) кафедра Қарағанды облысының қазақ мектептеріндегі оқыту мәселелері жөніндегі ғылыми-әдістемелік конференцияларға, психология теориясы мен тәжірибесі, педагогика мен педагогика тарихы бойынша республикалық пединституттар семинарына (С.Б. Балаубаев, А.Т. Архипова, Б.В. Максименко), Өзбекстан республикалық конференциясының жұмысына (С.Б. Балаубаев, Л.Х. Усачева, Б.В. Максименко) қатысады.


1 мамыр мерекесіне арналған сатанатты жиналыс (солдан оңға қарай: Қ.Ж. Жуасов, С.Б. Балаубаев, Х.М. Джумабаева және т. б.)

60-70 жылдары кафедра педагогтары мен психологтарының ғылыми-зерттеушілік қызметі күрт өседі. Өнімді жұмыс нәтижелері кафедраның ғылыми потенцияалының өсуіне әсер етті. Педагогика және психология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертацияларды осы жылдары М.И. Иманбеков, Т.К. Қамзабаев, З.А. Ахмедин, Б.М Хамзин, О.К. Орманбаевтар қорғады. Институттағы студентттер саны 1966 жылы 350 адам болды, оларға 24 ғылыми үйірмеде институттың жоғары білікті оқытушылары жетекшілік етті.

1972 жылдың 7 ақпанында Қазақстан КП ОК және Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің «Қарағанды мемлекеттік университетітн ұйымдастыру туралы» №73 Қаулысымен Қарағанды педагогика институты Қарағанды мемлекеттік университетіне қайта ұйымдастырылды. Алғашқы жылдары университетте педагогика кафедрасын доцент Т.К. Қамзабаев басқарды, ол облыста педагогикалық білімнің насихатталуына елеулі үлес қосты. «Қабілеті бойынша педагог», – дәл осылай доцент С.Б. Балаубаев Т.К. Камзабаевты бағалады. 1979 жылы кафедра оқытушылары сабақ жүргізген мұғалімдердің біліктілігін арттыру факультеті ашылды. Бұл ретте кафедра меңгерушісі доцент Т.К. Қамзабаевтың еңбегі зор еді. Кейін БАФ облыстық біліктілікті арттыру және мемлекеттік қызметкерлер мен білім беру саласындағы қызметкерлерді қайта даярлау институты болып өзгертілді. Қазіргі таңда институтта Т.К. Қамзабаев атындағы дәрісхана мен мұражай бар.

1972-1976 жылдары кафедрада оқыту сапасын жетілдіру бойынша теориялық семинар өтіп тұрды, семинар сабақтарында сол уақытта жеткіліксіз зерттелген педагогика мәселелрі қарастырылды, мысалы: «Жоғары оқу орындарындағы дәріс әдістемесінің мәселесі» (Маркина В.И.), «Болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастыру мәселелері» (Камзабаев Т.К.), «Білім алушылардың тәртібі мен мәдениетінде дағды мен машық қалыптастыру» (Иманбеков М.И.) және т. б.

80-жылдар басында бастауыш білім беру жүйесі жылдам қарқынмен дамыды. Осыған орай Орталық Қазақстанда жоғары білікті педагогика кадрларына деген сұраныс пайда болды. Күннен-күнге өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру мақсатында 1983 жылы Қарағанды педагогика институтында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша алғаш қабылдау жүргізілді. 1984 жылы дербес бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеті құрылып, ректорының 1984 жылдың 1 тамызындағы №150 бұйрығымен п.ғ.к., доцент С.Қ. Нуртақанов декан болып тағайындалды. Ол жұмыс істеген жылдары факультет толығымен қалыптасады, білім беру стратегиялары анықталады, педагогикалық іс-тәжірибеден өтудің барлық түрлері үшін базалық мекемелер таңдалады.


Нуртаканов С.К., ф.ғ.к.,
бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеті тұңғыш деканы (1984-1992 жж.)

БОПменӘ кафедрасының тұңғыш меңгерушісі ретінде педагогика ғылымдарының кандидаты В.И. Коркина Институт кеңесінің шешімімен таңдалып, ректордың 1984 жылдың 6 қыркүйегіндегі №187 бұйрығымен бекітілді, ол кафедраға 14 жыл бойы жетекшілік етті.


ҚарПИ кафедраларының меңгерушілері. Ортада ректор Досмаганбетов С.К.
және БОПменӘ кафедрасының меңгерушісі Коркина В.И.

1984 жылы «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасында бастауыш мектепке арналған педагогика кадрларын күндізгі және сыртқы бөлімдер бойынша дайындау басталады. 1987 жылы күнжізгі оқу бөлісінің алғашқы студенттері шығарылады – 75 адам. 1989 жылы қазақ бөлімі ашылады да, олардың бірінші шығарылымы 1993 жылы болады.

1992 жылы БОПменӘ кафедрасының доценті Храпченков В.Г. факультет деканы болып тағайындалады. Сол жылы неміс тілінде оқытатын топқа қабылдау жүргізіледі. Мамагндық қызметінің барлық жылдарында күндізгі және сыртқы оқу бөлімдері бойынша қазақ, орыс және неміс оқу тілдерінде бастауыш мектепке арналған екі мыңдай маман шығарылды.


В.Г. Храпченков, п.ғ.д.,
бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі факультетінің деканы (1992-1996 жж.),
бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі (1999-2001 жж.)

Жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау мақсатында 1994 жылдан бастап институтта 13.00.01 «Педагогика теориясы мен тарихы» мамандығыи бойынша аспирантура ашылды. Аспирантураға түсу емтихандары бойынша кафедра оқытушылары мен мамандық түлектері қатарынан 5 адам қабылданды. 1999 жылдың мамырында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған алғаш диссертацияны 1993 жылдың түлегі С.Қ. Абильдина қорғады.

1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен Қарағанды педагогика институтының қосылуы кезінде бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі және педагогика мен психология (мектепке дейінгі) деген екі факультеттің негізінде педагогика факультеті құрылды, оның құгамына жалпы педагогика кафедрасы, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы және т. б. кірді. Педагогика факультетінің деканы ретінде п.ғ.к., бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының доценті Н.И.Храпченкова тағайындалды.


Н.И. Храпченкова, п.ғ.к.,
Педагогика факультетінің деканы (1996)

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ педагогика факультетіндегі кәсіби-бейінді кафедралардың бірі болды. ҚарМУ мен педагогика институтын қосқаннан кейін педагогика кадрларын дайындау мүмкіндіктері кеңейді. Студенттер жан-жақты дайындықтан өтеді, әлеуметтік-саяси, жалпы білім беру, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік циклдар пәндерін оқиды. Бастауыш мектепке арналған мамандарды дайындау күндізгі, қысқартылған сырттай және сырттай бөлісдерде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

1999 жылы кафедра жанынан «Жалпы педагогика» мамандығы бойынша магистратура ашылып, 2001 жылы алғашқы магистранттар (5 адам) шығарылды.


Педагогика магистрлерінің алғашқы түлектері, 2001 жыл

2001 жылы «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша екінші жоғары білімді алуға арналған бөлім ашылды. Сол жылы «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының ұжымы «Педагогика» мамандығы бойынша магистратураға арналған Мемстандарт құру бойынша жүргізілген республикалық конкурсқа қатысты.


БОПменӘ кафедрасы, 2001 жыл


БОПменӘ кафедрасы, 2002 жыл


БОПменӘ кафедрасы, 2003 жыл


Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректорының кубогына қысқы спартакиада, 2004 жыл
63-номерлі қатысушы – БОПменӘ кафедрасының оқытушысы Кушнир М.П.

2004 жылы бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша магистратура ашылады. Магистрлерге білім беруде олардың психологиялық-педагогикалық және арнайы цикл пәндерін, дәлірек айтқанда жоғары мектепте оқыту әдістемесін игеруге ерекше көңіл бөлінеді. Педагогика факультетінің кадрлық және ғылыми потенциалы магистрлердің зерттеу жұмысына жоғары ғылыми дәрежеде жетекшілік етуге мүмкіндік береді.

2006 жылы БОПменӘ кафедрасының ұжымы «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша (бакалавриат, магистратура) мемлекеттік білім беру стандартын жасауға қатысып, конкурс комиссиясының шешімімен жеңімпаз болып тағайындалады.

2011 жылы Ғылыми Кеңес шешімімен педагогика кафедрасы бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасымен біріктірілді.

2012 жылдың 17 ақпанында Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы, педагогика ғылымдарының кандидаты Нұртақанов Сайлау Құсайынұлымен кездесу өткізді. Кездесуде бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студентттері мен кафедра оқытушылары болды.

С.Қ.Нұртақанов бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі факультетінің қалыптасу тарихы туралы және БОПменӘ мамандығының Қарағанды педагогика институты мен Қарағанды мемлекеттік университетінде қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы айтты. Отырыста келесі мәселелер талқыланды: БОПменӘ мамандығының болашағы; бастауыш білім беретін мұғалім туралы мінсіз ой; 12-жылдық мектепке көшуге байланысты кәсіби қызмет мүмкіндіктері; болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері; заманауи бастауыш мектеп қажеттіліктері.


Бастауыш оқытудың падагогикасы мен әдістемесі факультетінің тұңғыш деканы
С.Қ. Нұртақановпен кездесу (17.02.2012 ж.)

Кафедраның құрамы
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының құрамы.
Қазіргі уақытта профессорлық-оқытушылық құрамда 2 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаттары, 5 ғылым магистрлері бар. Кафедра оқытушыларының жалпы саны 18 адамды құрайды. Кафедраның дәрежелілігінің деңгейі 67 %-ды құрайды.
Абильдина Салтанат Куатовна
Сарсекеева Жанар Есентаевна
Жекибаева Ботагоз Абдрахмановна
Одинцова Светлана Анатольевна
Шаушекова Баян Кырыкбаевна
Амирбекова Махаббат Рахимтаевна
Ишанов Пирмагамбет Зульпхарович
Аубакирова Кымбат Файзуллиновна
Аяган Еркин Сагинтаевич
Шаяхметова Маржан Накипбековна
Асетова Жаннур Бахытовна
Медиева Сара Хамитовна
Ланцева Татьяна Вадимовна
Скакова Асия Кудайбергеновна
Аналбекова Карлыгаш Тураровна
Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна
Мусина Венера Тлетаевна
Мамандық туралы

2013 жылы ҚР білім және ғылым Министрлігінің Ұлттық аккредитациялау орталықтары жүргізген мамандықтар рейтингі нәтижелері бойынша Қарағанды Мемлекеттік университеті 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бакалавриат мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасынан 2-ші орынды иеленді.

Кафедраның жоғары маманданған оқытушылары заманауи педагогикалық және ақпараттық технологиялардың қолданылуымен дәрістер, лабораториялық жұмыстар, практикалық сабақтар жүргізеді. Оқу үрдісінде кафедраның оқу-әдістемеліктері және оқу әдебиеттері, электронды оқулық басылымдары кеңінен қолданылады. Студенттерді даярлау сапасының өсуіне кафедра оқытушыларының пәндердің меңгерілуін кеңейтуші және тереңдетуші, сонымен қатар білім алушыға өзінің оқу бағдарламасын өзі құрастыруына септігі тиетін элективті курстарды құрастыруы әсер етеді..

Бастауыш мектептің заманауи мұғалімі бір уақытта түрлі салалық дербес пәндердің оқытушысы, тәрбиеші, педагогикалық үрдіс зерттеушісі, психолог болатындықтан, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының ерекшелігі – оқытушылардың жан-жақты даярлануы болып саналады. Оқу жоспары пәндерінің 75%-ы кәсіби бағыттағы оқу пәндері болып берілсе, 25%-ы болашақ педагогтардің тұлғалық дамуларына әсер етуші курстар жиынтығы ретінде берілген.

Кафедраның жоғары маманданған оқытушылары заманауи педагогикалық және ақпараттық технологиялардың қолданылуымен дәрістер, лабораториялық жұмыстар, практикалық сабақтар жүргізеді. Оқу үрдісінде кафедраның оқу-әдістемеліктері және оқу әдебиеттері, электронды оқулық басылымдары кеңінен қолданылады. Студенттерді даярлау сапасының өсуіне кафедра оқытушыларының пәндердің меңгерілуін кеңейтуші және тереңдетуші, сонымен қатар білім алушыға өзінің оқу бағдарламасын өзі құрастыруына септігі тиетін элективті курстарды құрастыруы әсер етеді.



Халықаралық серіктестік
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі С.Қ.Абильдина ACQUIN агенттігінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін Халықаралық мамандандырылған аккредиттеу бойынша сараптамалық топтың құрамында

20.11.16 – 03.12.16 ж. аралығында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің педагогикалық факультетінің магистранттары үшін шетелдік тәжірибе ұйымдастырылды,Charles University in Prague, Faculty of Education Чехия Республикасы, Прага қ. (2016).
«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс магистранттары:
Мусина Венера Тлетаевна, Турганбекова Назерке Накыпбековна.


Pro vsechny мектебі, Прага қаласы

Прага қаласы, pro vsechny, мектебінде сабақ кезінде

Сертификаттарды табыстау
ҚарМУ педагогикалық факультет ібастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында. Е.А. Бөкетов атындағы, мамандығы бойынша докторлық 6D010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 2014-2015 оқу жылында ашылды. Қазіргі таңда 5 докторант оқып жатыр.
2017 жылы философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертациялардың алғашқы түлектері:
1.Аданов Қуаныш Буланович тақырыбы: «Кәсіптік оқыту үдерісінде болашақ бастауыш педагогтардың басқару мәдениетін қалыптастыру», педагогика ғылымдарының докторы ғылыми директоры, профессор Әбілдина Салтанат Қуатқызы.
2. Шелестова Татьяна тақырыбы: «Ағылшын тілін ерте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері», педагогика ғылымдарының докторы ғылыми директоры, профессор Жетпісбаева Бақытгүл Асылбекқызы.
Докторантураның барысында, докторанттар дайындау PhDдокторлары мамандығы 6D010200 оқу бағдарламасын меңгеруге – «Ғылыми және педагогикалық бағыты бар және іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен жоғары жүйесі үшін ғылымдарының тиісті салалардағы пәндерді терең зерттеуді көздейді Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым.
Зерттеу жұмысының тиімділігі үшін докторанттардың ғылыми тағылымдамасы болып табылады. Зерттеу мақсатында, талдау және мазмұны бастауыш білім беру саласындағы ғылыми проблемаларды, докторлық Аданов Қ.Б. зерттеді және Шелестова Т.Ю. 2016 жылдың қараша-желтоқсан айларында Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Жекелеген әдістер бойынша бастауыш мектепте арнайы жасақталған кабинеттің қолданылуы оқу үрдісінің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған, сондай-ақ лабораториялық, тәжірибелік дайындықтың, студенттердің жекелеген, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарының барлық түрлерінің өткізілуін қамтамасыз етеді.

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бакалаврларын дайындау бойынша оқу үрдісінің ұйымдастырылуының маңызды үлгісі – педагогикалық тәжірибе. Педагогикалық тәжірибе студенттердің алған білімдерін қатайтып, тереңдетуге мүмкіндік бере отырып теоретикалық дайындығын толықтырып, байытады; заманауи жағдайда білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуге қажетті негізгі педагогикалық дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасайды; мұғалімнің шығармашылық жұмысына студенттерді даярлай отырып, болашақ мамандықтың теоретикалық саналылығын мойындауға қажетті жеке тұлғалық тәжірибе алуларына көмектеседі. Тәжірибе базасына жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, Қарағандының және Қарағанды облысының лицейлері кіреді. Тәжірибе мамандықтың оқу жоспарымен сәйкес өткізіледі, тәжірибеден өту кезеңдері оқу үрдісінің кестесіне сәйкес жасалады. Тәжірибе базалары болып жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, Қарағанды қаласының лицейлері саналады.

Студенттер тәжірибенің келесі түрлерінен өтеді:

  • оқу-педагогикалық тәжірибесі «Педагогикалық қызметке кіріспе»;
  • оқу-таныстыру тәжірибесі «Жаратылыстану негіздері»;
  • өңдірістік (педагогикалық) тәжірибе «Төменгі мектеп оқушысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы»;
  • Педагогикалық тәжірибе «Тәрбие жұмысы әдістемесі»;
  • өңдірістік (педагогикалық) тәжірибе «Баланың мектептегі алғашқы күндері»;
  • өңдірістік (педагогикалық) тәжірибе «Бастауыш мектептегі сынақ сабақтары»;
  • өңдірістік (педагогикалық) тәжірибе.

Магистратурада оқу бітірушілерге нәтижесінде ғылыми-педагогикалық қызметпен шұғылдануға мүмкіндік беретін тереңдетілген арнайы кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді. Магистратурада білім алу кафедраның жетекші профессорлары мен доценттерінің басшылығымен белсенді ғылыми-зерттеушілік жұмыс жүргізуді білдіреді. Магистратураның білім беру бағдарламаларының жүзеге асуы алғы қатардағы шетелдік білім мен ғылым ұйымдарымен байланыс арқылы іске асып отырады. Магистранттар үшін жыл сайын шетелден шақырылған профессорлар дәріс оқиды, университеттің халықаралық дамыған қатынастарының арқасында магистранттар шетелдік ЖОО-лар мен зерттеу орталықтарына оқуға және тәжірибе алмасуға шыға алады. Магистратураны табысты аяқтаған соң бітірушіге магистрдің академиялық дәрежесі беріледі және мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады.

Кафедра Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің маңсап Орталығымен бірлесіп жыл сайын қала мен облыстың жетекші жұмыс берушілерін шақыртумен «Маңсап күнін» өткізеді.

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім мекемелері (жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысы, педагогикалық колледждер, педагогикалық кадрларды қайта даярлау мен мамандарды жоғарылату институты, білім департаменттері) бітірушілердің кәсіби қызмет істеу аясы болып табылады





Кафедраның ғылыми қызметі
На кафедре сложились научные школы в области теории и методики начального и профессионального образования, общей педагогики, истории педагогики и образования, этнопедагогики. Ученые кафедры выполняют фундаментальные и прикладные исследования в различных приоритетных направлениях педагогической науки. На кафедре ведутся разработки научных направлений:

  • «Научно-педагогические основы модернизации профессионального образования в Республике Казахстан»,
  • «Совершенствование профессионально-педагогической подготовки будущих учителей начальных классов в условиях перехода на 12-летнее образование». Данные темы сформулированы согласно программных целей «Государственной программы развития образования в РК на 2011-2020 годы».

В рамках данных научных направлений на кафедре разрабатываются следующие инициативные темы: «Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы» (Абильдина С.К.); «Научно-теоретические основы формирования культуры профессионального мышления будущих учителей» (Сарсекеева Ж.Е.); «Теоретико-методологические основы формирования педагогического потенциала будущих учителей» (Омарова К.Т.); «Педагогические основы повышения качества подготовки специалистов в системе среднего профессионального образования» (Ишанов П.З.); «Научно-практические основы формирования готовности будущих учителей к нравственно-эстетическому взаимодействию с учащимися» (Жекибаева Б.А.); «Научно-теоретические основы формирования готовности будущих учителей к педагогическому мониторингу» (Амирбекова М.Р.); «Проблемы модернизации образования в малокомплектных школах» (Бокижанова Г.П.); «Педагогические условия формирования этнопедагогической компетентности будущих учителей» (Аубакирова К.Ф.); «Научно-методические основы подготовки будущих педагогов к работе в профильных школах» (Мухатаев А.А); «Қазақстандағы білім беру және педагогикалық ойлар тарихының мәселелері» (Аяган Е.С.), «Болашақ студенттердің этникалық толеранттылығын қалыптастыру» (Шаяхметова М.Н.); «Болашақ мұғалімнің рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» (Асетова Ж.Б.); «Подготовка будущих учителей начальных классов к музыкально-педагогической деятельности» (Одинцова С.А.); «Студенттердің экологияның зерттеу іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері» (Шаушекова Б.К.).

В учебном процессе используется учебная и учебно-методическая литература, опубликованная преподавателями кафедры: Г.Т.Омарова «История развития всеобщего обучения в Казахстане»; А.А.Мукатаев «Инновациялық мектептердегі бейіндік саралау», С.К. Абильдина «Педагогика тарихы» и др.

Учебно-методические и научные издания преподавателей кафедры педагогики и методики начального обучения

Преподавателями кафедры разрабатываются электронные учебники, учебные пособия, автоматизированные обучающие программы и получены свидетельства о государственной регистрации объекта интеллектуальной собственности: Г.Т.Омарова «Основы алгоритмизации и программирования на языке PASCAL»; С.К.Абильдина «Мектеп және педагога тарихы»; Ж.Е.Сарсекеева, К.А.Сарбасова «Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстары»; Ж.Е.Сарсекеева «Автоматизированная обучающая программа по курсу «Дидактика»; С.А.Одинцова, А.Г.Бушуева «Грамматика русского языка в начальной школе»; П.З.Ишанов «Современные образовательные технологии», А.А. Мукатаев «Бейіндік оқыту» и др.

Электронные издания преподавателей кафедры педагогики и методики начального обучения

Результаты научно-исследовательских работ публикуются в отечественных и зарубежных изданиях, в сборниках материалов региональных, республиканских и международных конференций. Публикации освещают проблемы и фундаментального плана, и прикладного характера. Особое внимание уделяется опубликованию результатов научно-исследовательской работы в зарубежных изданиях. Так, ППС кафедры опубликовал результаты своих научных изысканий в изданиях ближнего и дальнего зарубежья: «Education in the context of modernization International Experience» (Англия), «Social Science Edition» (Китай), Education and science without borders» (Прага), «Nauka i Studia» (Польша), «Совет ректоров» (Россия), «Альма матер» (Россия), «Современный научный вестник» (Россия), «Педагогические науки» (Россия), «Этнопедагогический ежегодник НИИ этнопедагогики Чувашского государственного педагогического университета им. И. Я Яковлева» (Россия), «Сибирский педагогический журнал» (Россия), «Этнопедагогика в системе образования» (Россия), «Перспективы современного образования» (Россия), «Одаренные дети» (Россия), «Наука и новые технологии» (Киргизия), «Социальные и гуманитарные науки» (Киргизия), «Известия вузов» (Киргизия). Заведующая кафедрой педагогики и методики начального обучения Абильдина С.К. входит в состав редакционных коллегий таких научных журналов, как «Бағдарлы мектеп және кәсіптік білім», «Кәсіптік мектеп».

Научный потенциал ученых кафедры позволяет успешно принимать участие в грантовых, премиальных и стипендиальных конкурсах посредством которых можно реализовывать творческий потенциал, совершенствовать свое профессиональное мастерство. Преподаватели кафедры являются обладателями гранта МОН РК «Лучший преподаватель вуза» (Абильдина С.К., Сарбасова К.А., Сарсекеева Ж.Е., Жекибаева Б.А.); лауреатами премии Фонда Первого Президента Республики Казахстан в области науки и техники (Сарсекеева Ж.Е.); обладателями Государственной научной стипендии для талантливых молодых ученых (Мукатаев А.А., Сарсекеева Ж.Е.); лауреатами премии имени Т.К.Камзабаева (Одинцова С.А.).


Зав.кафедрой Абильдина С.К. на торжественном вручении гранта «Лучший преподаватель вуза» (г.Алматы, 2009 г.).

Доцент Жекибаева Б.А. на торжественном вручении гранта «Лучший преподаватель вуза» (г.Алматы, 2013 г.).

Профессор Сарсекеева Ж.Е. на торжественном вручении гранта «Лучший преподаватель вуза» (г.Алматы, 2010 г.).

Доцент Одинцова С.А. на торжественном вручении университетской премии им.Т.К.Камзабаева (Караганда, 2012 г.).

Профессор Сарсекеева Ж.Е. на торжественном вручении премии
Фонда Первого Президента Республики Казахстан (Алматы, 2010 г.).

Одной их форм организации научной деятельности кафедры является проведение научных конференций. Так, 23 ноября 2012 г. состоялась Республиканская научно-практическая конференция «Проблемы перехода на модель 12-летнего образования и подготовки кадров для старшей школы «Бейіндік мектеп». Цель конференции – освещение актуальных проблем педагогической науки, связанных с современными подходами к подготовке педагогических кадров для общеобразовательной школы в условиях 12-летнего образования. В материалах конференции были представлены статьи ведущих ученых Казахстана, педагогов дошкольных учреждений и учителей общеобразовательных школ, гимназий, лицеев, магистрантов, студентов высших учебных заведений городов Республики Казахстан: Астана, Алматы, Актобе, Балхаш, Жезказган, Семей, Талдыкорган, Тараз, Туркестан и др.

Фото с конференции 23/11/2012Научно-исследовательская деятельность студентов осуществляется в рамках выполнения курсовых и дипломных работ под руково-дством профессоров и ведущих доцентов кафедры. Тематика курсовых и дипломных работ связана с актуальными проблемами воспитания и обучения младших школьников. Преподаватели кафедры принимают активное участие в подготовке студентов к участию в конференциях и конкурсах научных работ. Так, студентка гр. ПиМНО-31 (ЗФО) Тусупова С. награждена грамотой за участие в международной научно-теоретической конференции «Актуальные проблемы юридических и общественных наук в Республике Казахстан» с докладом на тему «Оқу процесінде интерактивті құралдарды пайдаланудың ерекшеліктері» (научный руководитель: д.п.н., профессор Абильдина С.К.). Студенты Жексенбекова Ж., Айменбетова Д., Жамкеева А. занимали почетные места в конкурсах научных работ среди студентов.

Одной из форм привлечения студентов к исследовательской работе является участие в предметных олимпиадах, которое способствует углубленному усвоению студентами изучаемых дисциплин, всестороннему развитию интересов, способностей студентов к творческому овладению специальностью с учетом достижений науки. Так, 5-6 апреля 2012 года на базе Таразского государственного педагогического института проходила IV Республиканская студенческая олимпиада по специальности 05010200 – Педагогика и методика начального обучения. Команда «Исключение из правил» социально-педагогического факультета КарГУ имени академика Е.А.Букетова заняла 3 место и получила дипломы в номинациях: «Креативная идея», «Учитель новой формации». В состав команды вошли студенты 2-3 курсов: Амирова Айсулу, Богданова Екатерина, Хатюшина Татьяна; руководитель – к.п.н., доцент кафедры ПиМНО Одинцова С.А.

Команда КарГУ им.Е.А.Букетова «Волна», занявшие 1 место на олимпиаде по специальности «Педагогика и методика начального обучения» (Караганда, 2009 г.).
Команда КарГУ им.Е.А.Букетова «Исключение из правил», занявшие 3 место на олимпиаде по специальности «Педагогика и методика начального обучения» (Тараз, 2012 г.).
Тәрбие жұмысы

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында оқыту тек кеңейтілген және нақты білімдерді алуға ғана бағытталмаған, сонымен бірге студент тұлғасының жоспарлы түрде дамуы мен тәрбиеленуіне септігін тигізеді. Педагогика кафедрасының тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы қоғам өміріне пайдасы тиетін студенттердің тұлғалық және кәсіби бағалы қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған, әрі олар келесідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

– Азаматтық-патриоттық тәрбие;

– Рухани-әдептілік тәрбие;

– полимәдениеттік тәрбие;

– Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтының қалыптасуы;

– Экологиялық және еңбек тәрбиесі,;

-интеллектуалдық мәдениетті дамыту және жас таланттарды қолдау;
-студенттер мен оқытушылардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету;- Интеллектуалды-шығармашылық тәрбие.

Студенттердің азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбиесі шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі ережелері, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдаулары мен бағдарламалық мақалалары түсіндіріледі.

Cобрание, посвященное обсуждению положений Послания Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции»

Студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамының рухани-адамгершілік тәрбиелеу мақсатында кафедра Білім күніне арналған іс-шараларға, «Сәлем, бірінші курс студенті» акциясына, КВН, «Студенттерге арнау» мерейтойлық іс-шараларына белсене қатысады.

 «Студенттер қатарына қабылдану» сәті

Наурыз мерекесі

студенттер мен оқытушылардың спорттық жарыстарына қатысып, университеттік деңгейдегі жарыстарда жүлделі орынға ие болу сәттері.

«Денсаулық фестивалі»

КарМУ студенттерінің арасындағы спорттық сайыс

Top