Мектепке дейiнгi және психологиялық – педагогикалық даярлық

Кафедраның тарихы

Кафедра тарихы

70 жылдары Қазақстанда мектептерді жоғары білімді педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету жеткіліксіз болды. Жалпы білім беретін мектептің алғашқы звеносында жалпы орта және орта арнайы білімі бар мұғалімдер жұмыс істеді. Аймақтың қажеттілігін ескере келе, 1983 жылы Қарағанды педагогикалық дене тәрбие институтында педагогика институты құрылады. Қазақ ССР Ағартушы Министрествасының 1983 жылғы 24 наурыздағы № 74 алқалық шешімі бойынша Қарағанды педагогикалық дене тәрбие институтында мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы ашылды. 1985 жылы Қарағанды педагогикалық институтында педагогика және психология (мектепке дейінгі) өз бетінше факультет ұйымдастырылды. Факультеттің алғашқы деканы болып психология ғылымдарының кандидаты, доцент Чувакова О.А. болды. 1987 жылы факультетті биология ғылымдарының кандидаты Иванова А.И. басқарып, факультеттің дамуына, оның оқу материалдық базасын нығайту жұмыстарын жалғастырды.

1992-1993 оқу жылында факультетті психология ғылымдарының кандидаты Баскакова Т.Ю басқарды. 1993-2003 жж. Факультет деканы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Храпченкова Н.И. болды. 2003 жылдан бастап факультетті педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шкутина Л.А. басқарып, оның жетекшілігімен педагогикалық факультеттің дамуы бойынша көптеген жұмыстар атқарылды.

1990 жылдан бастап қосымша мамандықтар бойынша: білім беру мекемелеріндегі пратикалық психолог; балабақшада дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы; балабақшада қазақ тілінің оқытушысы; балабақшада бейнелеу өнері бойынша әдіскер кадрларды даярлау басталады.

Негізгі біліктілікпенқоса – мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі; педагогикалық колледжде мектепке дейінгі педагогика және психология оқытушысы атты қосымша мамандандыру мамандық түлектерінің кәсіптік білімдерін қодану ортасын ашты. Осы 1990 жылы, алғаш рет қазақ бөліміне студенттерді қабылдау жүзеге асты. Бұл өз кезегінде бар және енді ашылып жатқан балалақшаларды білікті мамандармен қамтамасыз етуге көмектесті.

Факультет құрамына 2 кафедра енді:

  • Мектепке дейінгі тәрбие педагогикасы мен әдістемесі, меңгерушісі биология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Л.Поппель;
  • Психология кафедрасы, меңгерушісі психология ғылымдарының кандидаты, доцент О.А.Чувакова.

1991 жылы «Психология» бөлімінің ашылуына байланысты педагогика және психология кафедраларын біріктіріп, жалпы психология кафедрасы құрылады. «Жалпы психология» кафедрасын доценттер А.Н.Кирпичев, В.В.Морозова, О.А.Чувакова, С.К.Жантекеев, Р.Ш.Сабирова басқарды.


МДТмӘ кафедрасының құрамы -1991ж. «Жалпы психология» кафедрасының құрамы 1993ж.

1993 жылы Қарағанды педагогикалық институтының базасында құрамына Саран, Теміртау, Қарағанды педагогикалық училищелері, Щучинский педагогикалық колледжі енген оқу-ғылыми педагогикалық комплекстер құрылады. Нәтижесінде педагогикалық училищені және комплекс колледжін үздік бітірген студенттерді үш жылдық оқу мерзіміне қабылдау жүзеге асты.

Жалпы психология және мектепке дейінгі педагогика кафедралары біріктіріліп, аталмыш кафедра 1999 жылы құрылады.

Кафедраны әр уақытта доценттер Р.Ш.Сабирова, Ж.А.Карманова, О.А.Михалькова, Г.К.Бельгибаева басқарды. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі п.ғ.д., доцент Н.В.Мирза.

Қоғамның педагогика және психология бойынша мамандарға қажет екенін ескере келе, 2000 жылдан бастап, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалаврларды даярлау енгізілді (ҚР БҒМ 10.04.2000 жылғы № 315 бұйрығы). 2004 жылдан 6М010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (ҚР БҒМ 23.07.2004 жылғы № 642 бұйрығы), 6М010300 – Педагогика және психология (ҚР БҒМ 26.04.2004 жылғы № 361 бұйрығы) мамандықтары бойынша магистранттар даярлау жүзеге асырылды.

Екі мамандық бойынша бакалаврлар даярлау оқу мерзімдері мен оқыту формалары бойынша төмендегідей жүргізіледі: күндізгі оқу формасы – 4 жыл; күндізгі қысқартылған оқу формасы – 3 жыл; сырттай қысқартылған оқу формасы – 3 жыл; қашықтықтан оқу формасы – 2 жылдық (екінші жоғары білім). Оқыту 2 тілде жүргізіледі: мемлекеттік және орыс.

Екі мамандық бойынша магистранттарды даярлау екі бағыт бойынша жүргізіледі: кәсіптік (1 жыл), ғылыми-педагогикалық (2 жыл). Оқыту 2 тілде жүргізіледі: мемлекеттік және орыс.

Оқу-тәрбие процесін білікті профессорлық-оқытушылар құрамы ұйымдастырып, жүзеге асырады. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық теориясы мен әдістемесі кафедрасында: 3 ғылым докторлары, 7 ғылым кандидаттары, 5 ғылым магистранттары қызмет атқарады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми жобалар мен байқауларға белсене қатысады. ПОҚ ғылыми әрекеті әр түрлі деңгейде байқалады. Сонымен, «Жоғары оқу орнының ұздік оқытушысы» республикалық грантының иегерлері болған: Л.А.Шкутина (2006, 2011 жж.), Н.В.Мирза (2009 ж.), Ж.А.Карманова (2010 ж.), Г.К.Бельгибаева (2011 ж), Р.Б.Маженова (2012 ж.). Педагогика магистрі А.Н.Санхаева «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жас ғалымы» грантының иегері болды (2011 ж.). П.ғ.к., доцент Р.М.Айтжанова (2010 ж.), п.ғ.к., доцент Г.К.Бельгибаева к.п.н. (2011 ж.) п.ғ.к., доцент Т.К.Қамзабаева атындағы премияның лауреаттары болды. П.ғ.д., профессор Л.А.Шкутина ҚР ПҒА академигі, п.ғ.д, доцент Н.В.Мирза Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспонденттікмүшесі, п.ғ.к., доцент Г.К.Бельгибаева Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры болып табылады.

Н.В.Мирза талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік шәкіртақы иегері (2004-2006 жж.), Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін берілген мемелекеттік шәкіртақы иегері (2012 ж.); М.К.Омарова дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік шәкіртақы иегері болып табылады (2012 ж.).

Кафедра үшін «Замануи білім беру» журналын шығару маңызды болып табылады. Аталмыш журналға студенттер, магистранттар, оқытушылар және білім беру қызметкерлері өздерінің ғылыми ізденістері мен пратикалық тәжірибелерін ұсына алады.



Осымен қатар, кафедра ғалымдары «ҚарМУ Хабаршысы» университеттің ғылыми журналының педагогика ғылымдары атты сериясының редакция алқасына енеді (Л.А.Шкутина – бас редактор).

Педагогика және психология, мектепке дейінгі оқыту жәнетәрбиелеу бағдарламалары бойынша теориялық даярлау түйскен (контактілі) және қашықтықтан оқыту барысында жүзеге асырылады. Педагогикалық іс-тәжірибеден өту, кафедраның «Познание» (кәсіптік-қарым-қатынас мәселесі), «Психолог» (психологиялық құбылыс ерекшеліктері мәселесі), «Майдан» (өсіп келе жатқан ұрпақтың патриоттық тәрбие мәселесі) психолгиялық-педагогикалық үйірмелеріне қатысу бакалаврлар мен магистранттардың білім беру ұйымдарында кәсіби қызметін жүзеге асыруға даярлығын қамтамасыз етеді.

Дипломдық жобалар кафедраның ғылыми зерттеу тақырыптары шеңберінде орындалады. Студенттердің дипломдыө жобалары мектепке дейінгі білімнің, педагогика және психологияның замануи мәселелері бойынша зерттеушілік сипатта болады, білімберу ұйымдарының қызығушылықтарымен келісіледі, ал дипломдық зерттеудің нәтижесі жасалған өңдеулерді енгізу актісімен дәлелденеді.

Бүгін де мектепке дейінгі және психологиялық педагогикалық даярлық теориясы мен әдістемесі кафедрасы тәжірибелі профессорлық-оқытушылар құрамымен, қажетті материалды-техникалық базасымен ерекшеленеді. Қазіргі технологияларды қолдана отырып, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қабырғасында қазіргі кезеңде Қазақстан қоғамының дамына қажетті жоғары білікті педагогикалық кадрларды табысты даярлайды.

Мамандық бакалаврлары мен магистранттарын даярлауда бастапқы бағыттардың бірі болып, академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ 2011-2015 жж. дамуының Стратегиялық жоспары табылады. Осы жоспарға іргелі тақырыптардың ішінен кафедраның ПОҚ да тақырыптары енгізілген:

Қазіргі және ақпараттық технологиялардың шоғырлануы негізінде болашақ педагогтарды даярлауды жетілдіру, замануи білім беру технологияларының көмегімен болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, ЖОО студенттерін азаматтыққа тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық негіздері, қосымша тақырыптар – студенттердің конфессияаралық толеранттылығын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері, жоғары мектеп жағдайында нағыз ұлт өкілін қалыптастырудың ғылыми-практикалық негіздері. Нәтижесі ретінде: ғылыми басылымдарды, оның ішінде инпакт-фактор журналдарына шыққан мақалалар, студенттер және магистранттармен авторлық бірлестікте шыққан мақалаларды, магистранттар мен оқытушылардың алыс және жақын шетел жоо мен орталықтарында өткен ғылыми тағылымдарын атап өтуге болады.

Оқытушылардың ғылыми-зерттеу әрекеті диссертацияларда, ғылыми басылымдарда, әр түрлі деңгейдегі конференцияларда талданып, нәтижесі дәрістік курстар мен оқу-әдістемелік өңдеулерде көрініс табады.

Кафедра оқытушылары оқу пәндерін өңдеу және енгізу процесінде келешек ұрпаққа тәрбие мен білім беру саласындағы соңғы ғылыми үрдістер көрсетілген мерзімдік басылымдарды, ғылыми-әдістемелік және қазіргі ғылыми әдебиеттерді қолданады. Олардың ішінде жоғары рейтингілі ғылыми журналдар: «Педагогика» (Ресей), «Вопросы образования» (Ресей), «Информационные технологии» (Ресей), «Вестник Российской академии наук» (Ресей), «Альма матер (Вестник высшей школы)» (Ресей), «Adaptive behvitor» (Ұлыбритания), «Accident analisis and prevention» (АҚШ) және т.б.

Кафедра оқытушыларының ғылыми жетістіктері шетел басылымдарында жарық көреді, атап өтсек «Education and science without borders» (Прага), «Nauka i Studia» (Польша), «International jornal of applied and fundamental research» (Турция), «Учитель» (Ресей), «Совет ректоров» (Ресей), «Мир образования» (Ресей), «Альма матер» (Ресей), «Международный научный альманах» (Ресей), «Современный научный вестник» (Ресей), «Приднепровский научный вестник» (Украина).

Соңғы үш жылда мектепке дейінгі және психологиялық педагогикалық даярлық теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушыларының 80 астам ғылыми мақалалары алыс және жақын шетел халықаралық ғылыми конференциялар материалдарында жарық көрген. Кафедра оқытушылары алыс шетел мемлекеттері ішінде мынадай мемлекеттердің конференцияларына белсене қатысады: Болгария, Чехия, Польша, Турция; жақын шетел мемлекеттері: Ресей, Украина, Татарстан және т.б.

Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық теориясы мен әдістемесі кафедрасының ұжымы 2013ж.

 

Мамандық туралы

Мамандықтар

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша студенттерді даярлау 1984 жылдан басталды. Аталған мамандық студенттеріне білім беру қызметін ұсыну негізінде МЖБС – 2006, 2010 жылғы мазмұны және пәндер бойынша типтік оқу бағдарламалары жатыр. Студенттерді даярлау лицензиясының мерзімі – шексіз. (0000077. ҚР БҒМ 09.06.2000ж. №552 бұйрығы).

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы студенттеріне «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бакалавры» академиялық дәрежесі тағайындалады.

ҰБТ тапсыруда таңдайтын төртінші пән Биология

Студенттерді даярлау келесі оқу мерзімдері мен оқыту формалары бойынша төмендегідей жүргізіледі: күндізгі оқу формасы – 4 жыл; күндізгі қысқартылған оқу формасы – 3 жыл; сырттай қысқартылған оқу формасы – 3 жыл; қашықтықтан оқу формасы – 2 жылдық (екінші жоғары білім). Оқыту 2 тілде жүргізіледі: мемлекеттік және орыс.

МДОжТ мамандығының студенттері балабақшада істәжірибеде

5В010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша студенттерді даярлау 2000 жылдан басталды. Аталған мамандық студенттеріне білім беру қызметін ұсыну негізінде МЖБС – 2006, 2010 жылғы мазмұны және пәндер бойынша типтік оқу бағдарламалары жатыр. Студенттерді даярлау лицензиясының мерзімі – шексіз. (0000077. ҚР БҒМ 10.04.2000ж. №315 бұйрығы).

5В010300 – Педагогика және психология мамандығы студенттеріне «Педагогика және психология бакалавры» академиялық дәрежесі тағайындалады.

ҰБТ тапсыруда таңдайтын төртінші пән Биология

Студенттерді даярлау келесі оқу мерзімдері мен оқыту формалары бойынша төмендегідей жүргізіледі: күндізгі оқу формасы – 4 жыл; күндізгі қысқартылған оқу формасы – 3 жыл; сырттай қысқартылған оқу формасы – 3 жыл; қашықтықтан оқу формасы – 2 жылдық (екінші жоғары білім). Оқыту 2 тілде жүргізіледі: мемлекеттік және орыс.

ПжП мамандығының студенттері мектепте істәжірибеде

МДжППДТмӘ кафедрасы төмендегі мамандықтар бойынша магистрлерді даярлайды:

  • 5М010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша магистрлерді даярлау ҚР МЖБС 7.09.107-2009, «Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ магистрлерді даярлау Ережесі» (Қарағанды, 2003) сәйкес 2007 басталды. Магистрлерді даярлау лицензиясының мерзімі – шексіз. (серия АА №0000031. ҚР БҒМ 23.07.2004ж. №642 бұйрығы). Бекітілген оқу мерзімі: 1 жыл (кәсіптік), 2 жыл (ғылыми- педагогикалық).

6М010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығын аяқтаған бітірушіге педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі тағайындалады.

  • 6М010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша магистрлерді даярлау ҚР МЖБС 7.09.102-2009, «Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ магистрлерді даярлау Ережесі» (Қарағанды, 2003) сәйкес 2004 басталды. Магистрлерді даярлау лицензиясының мерзімі – шексіз. (серия АА №0000031. ҚР БҒМ 26.04.2004ж. №361 бұйрығы). Бекітілген оқу мерзімі: 1 жыл (кәсіптік), 2 жыл (ғылыми- педагогикалық).

6М010300 – Педагогика және психология мамандығын аяқтаған бітірушіге педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі тағайындалады.

Магистранттардың халықаралық тағылымы (Словакия – 2012ж.)

Магистранттардың халықаралық тағылымы (Чехия – 2011ж.)

Педагогика ғылымының магистрлеріне диплом ұсыну сәті

Халықаралық серіктестік

Халықаралық ынтымақтастық

Кафедрада алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарымен, орталықтарымен, ғылыми бірлестіктер және ұйымдарымен ғылыми байланыстың тұрақты жүйесі қалыптасқан.

Қазіргі уақытта университет білім беру және ғылым саласы бойынша әр түрлі шетел жоғары оқу орындарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша келісім-шарттар жасасқан. Оның ішінде мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық теориясы мен әдістемесі кафедрасы халықаралық ынтымақтастық бойынша ұзақ мерзімді келісім-шарт жасады. Олар: Interkulturelle Weiterbildungsgesellschaft e.V. (Германия, Дюссельдорф), Карлов университетімен (Чехия, Прага қ.), Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университетімен (Ресей, Мәскеу қ.), Вятский мемлекеттік гуманитарлық университетімен (Ресей, Киров қ,). Осы келісім-шарттар шегінде оқытушылар, магистранттар және студенттер өтілімдерден өтеді. Профессорлық оқытушылар құрамының шетелге шығуының тиімділігі тек оқытушылардың біліктіліктерін жоғарылату ғана емес, сонымен қатар кафедра, факультет және университет деңгейінде өз тәжірибесін танытуға, тәжірибе алмасуға, ғылыми қызығушылықтарды дамыту және белсендіруге, жаңа курстарды өңдеуге мүмкіндігі болады.

ППС кафедры выиграли грант TEMPUS – IV и работают по проекту EDUCA «Развитие и модернизация учебных программ по Педагогике и Образовательному менеджменту в странах Центральной Азии».

Семинар по проекту EDUCA «Методология разработки образовательных
программ бакалавриата» (г. Магдебург, ноябрь 2012г.)

Кафедра білім берудің өзекті мәселелері, бағыттары бойынша шетел ғалымдарымен бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады: мысалы, мектепке дейінгі және орта білім берудің артықшылықтары бойынша (серіктес – Hochschule fur Soziale Arbeit, Германия); психологиялық-педагогикалық менеджмент (серіктес – Interkulturelle Weiterbildungsgesellschaft e.V., Германия); социум және бала тұлғасын қалыптастыру (серіктес – Венский университет, Австрия); оқушылардың педагогикалық толеранттылығы (серіктес – К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университеті, Ресей); отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері (серіктес – Орал мемлекеттік дене тәрбиесі университеті, экономика институты, Ресей); мәдениет тарихы мен теориясы (серіктес – Орал мемлекеттік университеті (Ресей); білім берудегі қазіргі технологиялар (серіктес – Тбилис мемлекеттік университеті, Грузия), жоо мамандарын даярлау (серіктес – Новосибирск мемлекеттік университеті, Ресей); педагогтардың құзыреттілігі (серіктес – Қазан мемлекеттік университеті, Татарстан).

Interkulturelle Weiterbildungsgesellschaft e.V.
(г.Дюссельдорф, сентябрь 2011г.)
Лекция Dozent: Prof. O. Platzeck

Interkulturelle Weiterbildungsgesellschaft e.V.
(г.Дюссельдорф, июль 2012г.)
Лекция доктора PhD Михайловой Н.Б.

Ресейдің атақты ғалымдары қонақи дәріс өткізуге шақырылды. Қонақ дәрісінің тақырыптары психологиялық-педагогикалық ғылым мен практикасының өзекті бағыттарымен байланысты. Сонымен, 2009 жылы психология ғылымдарының докторы Н.Б. Михайлова (Германия) «Психологистика и социальная психология» курсы бойынша; философия ғылымдарының докторы,, профессор А.В. Медведев (Ресей) «Современные проблемы теории и истории культуры» курсы бойынша; ал 2010 жылы PhD докторы Michal Nedelka (Чехия) «Болонский процесс: за и против» курсы бойынша; 2012 жылы PhD докторы Я.Данека (Славакия) «Педагогика» курсы бойынша дәрістер оқыды. Академиялық ұтқырлықтың бұл формасы көптеген студенттер, магистранттар мен оқытушыларды психологиялық-педагогикалық ғылым мен практиканың дамуының қазіргі, замануи бағыттарымен таныстыру үшін өте қолайлы болып табылады.

Серіктес ұйымдармен халықаралық ынтымақтастық оқытушылардың, магистранттардың, студенттердің академиялық ұтқырлығын жоғарылатуға әсерін тигізеді, ол өз кезегінде біліктіліктерін жоғарылатқандар санының көбеюіне, жаңа оқу пәндерін енгізуге, дипломдық жұмыс тақырыптары мен магистерлік диссертация тақырыптарын жаңартуға, рейтингтік журналдарда ғылыми басылымдар санының, қонақи дәрістер пратикасының көбеюіне септігін тигізеді. Қорытындылайтын болсақ, университет ғылымының деңгейін көтеруге көмектеседі.

Кафедраның ғылыми қызметі

Кафедрада өңделген ғылыми бағыттар

Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық теориясы мен әдістемесі кафедрасы оқытушыларының жоғары ғылыми-зерттешілік әлеуеті іргелі және қолданбалы сипаттағы зерттеу жобаларын жүзеге асыруға көмектеседі. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 2011-2015 жылдарға арналған дамуының Стратегиялық жоспарына енгізілген ғылыми зерттеулер төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Қазіргі және ақпараттық технологиялардың шоғырлануы негізінде болашақ педагогтарды даярлауды жетілдіру. Аталған бағыт шеңберінде болашақ педагогтарды даярлау сапасын жоғарылату мен басқару аспектілері зерттеледі; қазіргі және ақпараттық технологиялардың мәнділігі мен олардың зерттеу мәселесі бойынша қолданбалы мәні. (п.ғ.д., профессор Л.А. Шкутина).
  2. Замануи білім беру технологияларының көмегімен болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру. Осы тақырып шеңберінде болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігі феномені, оқытудың 12- жылдық моделіне көшу жағдайы үшін маңызды теориялық және әдіснамалық негіздегі өңдеулер зерттеледі. (п.ғ.д., доцент Н.В. Мирза).
  3. Студенттердің конфессияаралық толеранттылығын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері. Бұл зерттеу Қазақстанның полимәдени жағдайында студенттердің конфессияаралық толеранттылығын қалыптастыру технологиясы мен педагогикалық жүйесін өңдеуге бағытталған. (п.ғ.д., доцент Ж.А.Карманова).
  4. ЖОО студенттерін азаматтыққа тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Бұл бағыт төмендегідей сұрақтарды шешуде жүзеге асады: ЖОО студенттерін азаматтыққа тәрбиелеу моделі, тарихи-педагогикалық кезеңдері. (п.ғ.к., Г.Қ.Белгібаева).
  5. Жоғары мектеп жағдайында нағыз ұлт өкілін қалыптастырудың ғылыми-практикалық негіздері. Берілген мәселе шеңберінде, әлеуметтік-тарихи талдау негізінде этнос субъектісі феноменінің мазмұнын ашуға, қазіргі жоғары мектеп жағдайында, психологиялық-педагогикалық, этнопедагогикалық, этномәдени білім беру жағдайында тұлғаны қалыптастыруға маңызды көңіл бөлінеді. (п.ғ.к. Р.М.Айтжанова).

Осылармен қатар, кафедраның профессорлық оқытушылар құрамы «ЖОО білім беру жүйесінде мамандарды даярлау» мәселесін әр оқытушы әр түрлі аспект бойынша зерттеуде.

Кафедра оқытушылары өздерінің ғылыми жетістіктерін төмендегідей ғылыми басылымдарда жариялайды: монография, әр түрлі деңгейдегі конференциялар материалдарына ұсынылған мақалалар, инпакт-фактор журналдарындағы мақалалар, БҒСБК, ЖАК ұсынған журналдардағы мақалалар, отандық басылымдарда ғана емес сонымен қатар алыс және жақын шетел басылымдарын атауға болады.

Тәрбие жұмысы

Кафедраның тәрбие жұмысы

Кафедра студенттері «Жаңғырық» атты интелектуалды телеойынға қатысты.

03.04.11 ж. Кафедраның ПОҚ, студенттер мен магистранттар Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына белсене қатысты.

04.04.11 ж. МДОжТ-12 тобының студенттері Ұлт Көсбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жақтаушылары облыстық Форумға қатысты.

Кафедраның ПОҚ және студенттер 26.04.11 ж. өткен аймақтық патриоттар Форумына қатысты.

Студенттер мен кураторлар Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ мұражайы мен Қарағанды қаласының театрларына үнемі барып тұрады.

Күз және көктем мерзімдерінде кафедраның ПОҚ мен студенттер қалалық және облыстық сенбіліктерге, қала, университет, ғимарат маңдарын көгалдандыру шараларына белсене қатысады.

Кафедраның ПОҚ және студенттер «Наурыз» мейрамын тойлауға арналған мерекелік концертін даярлап, өткізді.

Кафедраның ПОҚ және магистранттар Ұлы Жеңіс күніне арналған қалалық мерекеге қатасты.

2011 жылдың сәуір айында кафедра студенттері Бардакова Елена және Лепихина Елена «Зерек бала» интеллектуалды олимпиадасының 2 турын жоғары деңгейде өткізгені үшін Қарағанды облысының білім беру Басқармасы атынан алғыс хатпен марапатталды.

Желтоқсан айында Педагогика және психология мамандығының 3 курс студенттері волейболдан жарысқа қатысты.

19.02.11 ж. аға оқытушы Санхаева А.Н. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің ПОҚ арасында өткен Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына және 22-ші и 22-й годовщине со дня вывода войск из Афганистана арналған әскери-спорттық жарысқа қатысып, 2-ші орын иегері болды..

07 сәуір 2011 жылғы «Орталық Қазақстан» газетіне Белгібаева Г.Қ. «Тәуелсіздікпен бірге түледік» атты мақаласы және «Жастар әлемі» №18 (156) 28 желтоқсан 2010 ж. газетінде ПжП-32 тобының студенті Мырзахметов Алмаздың «Көк байрақты сүйген күн, Көкке төбе тиген күн» атты мақаласы жарық көрді.

21.11.11 ж. ПОҚ және МДОжТ-22 және МДОжТ-21 топтарының студенттері Қарағанды қаласының «Қарағанды-Арена» атты Мұз Айдынының ашылуына қатысты.

2012 ж. сәуірінде кафедра доценті, п.ғ.к Белгібаева Г.Қ. Абай атындағы ҚАЗҰПУ пікір-талас клубының «Проблемы национального воспитания в высших учебных заведениях» тақырыбын талдауға қатысты.

Қыркүйек айында ПОҚ және студенттер «Фестиваль здоровья» атты республикалық акцияға қатысты.

Кафедраның 1 курс студенттер Копенова С., Баярхуу М., Макишева Д., Калашникова Ю., Секербай Н., Әдиқамит Е., Сабырбай Б. «На приз первокурсника» атты жарысқа теннис бойынша және жеңіл атлетика кроссына қатысты.

16-21.11.11 ж. баскетболдан қыздар командасы құрамында болған кафедра студенттері Калашникова Ю., Терюкова В., Сорокина Ю. «На Кубок Ректора» арналған спартакиадаға қатысты

Сонымен қатар 2011 ж. қазан және қараша айларында ПжП-11, ПжП-13, МДОжТ-12 студенттері Қарағанды қаласының жаңа мешітін участвовали в благоустройстве территории

14.11.11ж. МДОжТ-12 және ПжП-12 топтарының студенттері Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Самый умный» интеллектуалды марафонына қатысты. МДОжТ-12 тобының студенті Цыбина Полина 1 орынды иеленді.

29.11.11 ж. сағат 15:00-де ПжП-11 тобының студенті Жетписбаева А. және ПжП-12 тобының студенті Грищенко О. Шетел тілі апталығы шеңберінде ағылшын тілі бойынша олимпиадаға қатысты.

МДжППДТмӘ кафедрасының академиялық топтарында «Роль первого Президента в становлении казахстанской государственности» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.

Сонымен қатар, студенттермен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27 қаңтар 2012 жылғы «Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана» Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

2012 ж. желтоқсан айында кафедра студенттері деканнық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының басшылығымен №5 жатақханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ар намысым касіретін мақтанышым желтоқсан» атты шара өткізілді.

Топ кураторлары бірінші курс студенттеріне ЖОО-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі жөнінде тәрбие сағатын өткізуде

«Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша оқитын студенттер халықаралық студенттер күніне арналған мерекелік шараға ат салысуда

Ұстаздар күніне арналған салтанатты шарада факультет деканы – М.М. Иманбеков МДжППД кафедрасының аға оқытушысы –
С.А. Смағұлованы факультеттің оқыту-тәрбиелеу жұмысына қосқан үлесі үшін марапаттауда

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын қолдау мақсатында ұйымдастырылған шарададан көрініс

Қарағанды қаласының 80 жылдығы және Ауған соғысына 25 жыл толуы аясында университетте өткен оқ ату жарысынан көрініс

Top