Профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылуфизикасы кафедрасы

Кафедра тарихы

Жылу физикасы кафедрасы 1980 жылы құрылып ашылды. Сол кездегі декан, кейін университет ректоры т.ғ.д., профессор ЖМ ХҒА академигі Ақылбаев Ж.С. осы кафедраның негізін қалап, ұйымдастырып ашқан.
Климаты суық аймағымызға әр түрлі мамандар, оның ішінде жылу физика мамандары өте қажет болған. Іргелі жылу физика ғылымының мәселелерін шешуге, энергияның жаңа баламалы көздерін табуға, жылу ресурстарын үнемдеуге, жылу энергетика кәсіпорындарындағы технологиялардың тиімділігін арттыруда олардың қосқан үлесі зор.
Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып доцент А.Ж. Тұрмұхамбетов тағайындалды, кейінде ол – факультет деканы, физика-математика ғылымдарының докторы болды. Оның қызметі физика факультетімен және жылу физика кафедрасымен тығыз байланысты, көп жылғы еңбегі үшін кафедраның құрметті профессоры атағы берілді. Әртүрлі уақытта кафедраны профессорлар: Ж.С. Ақылбаев, Қ.Қ. Құсаиынов, Ю.Н. Антипов, М.Қ. Құрманов, Н.Ж. Жәйшібеков, доцент Ю.Н. Щербаков басқарды. Жылу физикасы кафедрасының алғаш рет ашылуына және оның өсіп өркендеуіне көп үлесін қосқаны үшін кафедра 2008 жылдың маусым айынан бастап “Профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасы” деп аталды.
Кафедра құрамында қазіргі кезде профессорлар: Сакипова С.Е., Нүсіпбеков Б.Р., доценттер: Айтбаева З.К., Шаймерденова Г.М., Сатыбалдин А.Ж., Сельдюгаев О.Б., Хасенов А.Қ.,  аға оқытушылар: Булкаирова Г.А., Оспанова Д.А., Кутум Б.Б., Нургалиева Ж.Г., Танашева Н.К, Ахмадиев Б.А., оқытушылар: Дюсембаева А.Н,  инженерлер: Тлеубергенова А.Ж., Адильбеков Е.Ж. қызмет етеді.
Кафедраның профессорлық – оқытушылар құрамының кәсіби деңгейі жоғары дәрежеде, үш оқытушы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері атанды, олар – ф.-м.ғ.к. С.Е. Сакипова (2006 жылы), т.ғ.д. Қ.Қ. Құсайынов (2007, 2011 жылдары), т.ғ.к. Б.Р. Нүсіпбеков (2010 жыл), Хасенов А.Қ. PhD (2017ж).
Кафедра мамандарды бакалавриат, магистратура, докторантура арқылы дайындайды.
5В071700 – Жылуэнергетика, 5В072300 – Техникалық физика, 5В073100-Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай оқу бөлімдері жұмыс істейді.
Сонымен қатар 6М071700 – Жылуэнергетика, 6М072300 – Техникалық физика мамандықтары бойынша магистратураның күндізгі оқу бөлімдері бар.
Жылумен жабдықтау және энергетика кәсіпорындарында жұмыс істеуге бейімделген мамандарды әзірлеуді кафедра 1992 жылдан бастап жүргізеді. Кафедрада оқу үрдісі 2 ғылыми зертханамен, 8 зерттеу зертханасымен, 10 оқу зертханасымен қамтамасыз етілген, мұнда кафедраның аспаптары мен зертхананың қондырғылары қолданылады. Олардың ішінде жұмыстық бөлігінің диаметрі 500 мм, ауа ағынының жылдамдығы ~30 м/с аэродинамикалық құбыр, электрогидравликалық қондырғы “Искра-Н”, «АТП-01 автоматтандырылған жылулық пункті» зертханалық кешені және ағыншалардағы, құбырдағы, арнадағы ағындарды зерттейтін, жылулық үдерістерді оқып үйренуге арналған құралдар бар.
Теориялық және қолданбалы тәжірибелік зерттеу жұмыстары кафедрада бірдей атқарылады. Мысалға Ресей, Украина, Қазақстан елдерінде электрогидравликалық тәсілмен құбырлардың ішін қақтан тазартатын «Искра – М» қондырғысы кеңінен тараған. Бұл аспап профессор, т.ғ.к. Қ. Қ. Құсайыновтың басшылығымен жасалған.
Ғылыми зерттеу жұмысына студенттер мен магистранттар кеңінен қатысады. Студенттердің халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларында мақтау қағазын және диплом алған жұмыстары көп.
Факультет пен кафедра аясында ғылыми «Бейсызықты жүйелердегі хаос және реттелген құрылымдар. Теория және тәжірибе» атты 9 халықаралық конференция Новосибирск, Томск, Кемерово, Екатеринбург (т.б.) қалаларының ғылыми зерттеу институттары мен жоғарғы оқу орындарының жетекші ғалымдарының қатысуымен өтті. Екі жылда бір рет өтетін, бұл конференция бейсызықты құбылыстардың ғылыми дамуына үлкен үлес қосады, 2015 жылы маусымда 9-шы халықаралық конференцияны өткізу жоспарлануда.
Кафедрада үздіксіз әдістемелік база толықтырылып отырылады. Компьютерлік технологияның меншікті үлесі артып келеді. Оқытушылар мен қызметкерлер қазіргі компьютерлік бағдарламалар пакетін кеңінен қолданады. Студенттер интернет жүйесін, цифрлік форматтағы әдебиеттер базасын тиімді пайдаланады.
Жылуфизика маманы іс жүзінде экономика мен ғылымның барлық саласында қажет: отын – энергетикалық кешен саласы, металлургия және машина жасау өнеркәсібі салалары, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтар салалары және т.б.
Кафедраны бітіруші түлектер әр түрлі халық шаруашылық салаларында, білім және ғылым саласында жұмыс істейді. Олардың ішіде: Қазақстан Республикасының Президент аппаратының бөлім басшысы Жұмабеков Б.К., ААҚ «Трансстройгрупп» директоры, т.ғ.к. Аманбаев Б.Ж., КГУ филиалының директоры, х.ғ.д. Агельменев М.Е., Облыстық телерадио тарату орталығының директоры, х.ғ.д. Бектұрғанов Ж.С., ҚЭУ проректоры, профессор, т.ғ.к. Какенов К.С., Алматы облысының Энергетиктер ауылының әкімі Көпбаева Т., ҚарМТУ аға оқытушысы Кәкімова К.Ш., Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ЖТФ кафедрасының доценті, х.ғ.к. Тенчурина А. Р., Оренбург ТУ профессоры, ф.-м.ғ.д. Кучеренко М. Г., Л.Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана) доценті, ф.-м.ғ.к. Мажитов М.Е., С.Сейфуллин атындағы ААУ (Астана) доценті, каф. меңгерушісі Мукашева А.К., белгілі кәсіпкерлер Юркин В., Медетбеков К.Б. және т. б. бар.

Оқытушылар құрамы

 

Шаймерденова Гүлжан Мейрамовна
Қызметі: кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты (2011), доцент.
Марапаттаулар: ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым министрінің алғыс хаты, Университет дамуына қосқан үлесі үшін ректордың құрмет грамотасы.
Ғылыми зерттеу бағыты: Волластонит кенін ұсақтаудың электрогидроимпульстік технологиясы.

 

Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы

Қызметі: физика-техникалық факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты (1998), доцент (2003).
Марапаттаулар: ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2010; А.Нобель Медалі (2012); Жаратылыстану ғылымдары Ресей Академиясының профессоры (2013).
Ғылыми зерттеу бағыты: металл құрамды және техногенді шикізаттан сирек кездесетін металдарды бөліп алудың электроимпульстік технологиясы.


Сакипова Сауле Еркешевна
Қызметі: физика-математика ғылымдарының кандидаты (1998), доцент (2003).
Марапаттаулар: ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2006; Қарағанды қаласы әкімінің мақтау қағазы (2002); ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағазы (2005); ҚарМУ 40-жылдығына орай медаль (2012).
Ғылыми зерттеу бағыты: сыртқы импульстік әрекет кезіндегі гетерогенді ортадағы жылуалмасу мен аэродинамиканың сызықты емес үдерісі.


Айтпаева Замзагуль Какентаевна
Қызметі: Химия ғылымдарының кандидаты, доцент.
Марапаттаулар: «Ресейлік ғылыми ұйымдағы ТМД елдеріндегі жас ғалымдардың ғылыми жұмысы» грантының иегері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым министрінің алғыс хаты (2011), «Жас мамандар мен магистранттар үшін Ресей Федерациясы ғылымының фонды» (2012) грантының иегері.
Ғылыми зерттеу бағыты: Табиғи минералдардан бағалы компоненттерді бөліп алу.

Сатыбалдин Амангельды Жарлыгасынович
Қызметі: Химия ғылымдарының кандидаты (2010), доцент.
Марапаттаулар: ҚР Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасы (2015).
Ғылыми зерттеу бағыты: мұнай қалдықтары мен мұнайқұрамды техногенді шикізатты қайта өңдеудің электрогидроимпульстік технологиясы.


Хасенов Аянберген Каирбекович

Қызметі: доктор философии PhD (2016), доцент

Марапаттаулар: Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы -2017;

Ғылыми зерттеу бағыты: техникалық физика

Оқытылатын курстар: Технологиялық өлшеулер және аспаптар, Жылуберу пәрменділігін арттыру, Жер асты су жарылыс теориясы


Сельдюгаев Олег Борисович

Қызметі: Химия ғылымдарының кандидаты (2010), доцент

Ғылыми зерттеу бағыты: полимерлер радиациялық өткізгіштік, компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігі, аударма бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу,жылуалмасу процессін моделдеу.


Булкаирова Гульден Айтбаевна
Қызметі: Физика магистрі (2005), аға оқытушы.
Марапаттаулар: «Ресейлік ғылыми ұйымдағы ТМД елдеріндегі жас ғалымдардың ғылыми жұмысы» грантының иегері (2011); Жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Болашақтың ғалымдары» Республикалық байқаудың жеңімпазы болған студентке жетекшілік еткені үшін Қазақстан Республикасы президентінің Бірінші Қоры кезіндегі жас ғалымдар Кеңесінен алғыс хат.
Ғылыми зерттеу бағыты: Табиғи кварц минералын электрогидроимпульстік технологиямен бөлшектеу.

 


Оспанова Дидар Асыловна
Қызметі: Физика магистрі (2004), аға оқытушы.
Марапаттаулар: «Ресейлік ғылыми ұйымдағы ТМД елдеріндегі жас ғалымдардың ғылыми жұмысы» грантының иегері (2009); «Ресейлік ғылыми ұйымдағы ТМД елдеріндегі жас ғалымдардың ғылыми жұмысы» грантының иегері (2012); «Ресейлік ғылыми ұйымдағы ТМД елдеріндегі жас ғалымдардың ғылыми жұмысы» грантының иегері (2013).
Ғылыми зерттеу бағыты: ауыспалы қиманың арнасы бойынша газсұйық ағынның қозғалысы кезіндегі электрогидравликалық құбылыс және жылумассаалмасу.


Нургалиева Жаннур Гинаятовна

Қызметі: аға оқытушы

Ғылыми зерттеу бағыты: электрогидроимпульстік өңдеу негізінде жылусораптық ұңғымадан жылу алудың тиімді технологиясын жасау

.


Кутум Баян Байсултановна
Қызметі: Физика магистрі (2008), аға оқытушы
Ғылыми зерттеу бағыты: Өсімдіктер мен тірі ағзалардың өмір тіршілігі үшін су қорларын электр разрядты технологиямен тазалау және оң әсер етуін белсендендіру әдістемесін жасау.


Танашева Назгуль Кадыралиевна

Қызметі: PhD докторы (2016), аға оқытушы

Ғылыми зерттеу бағыты: айналмалы  цилиндрлердің аэродинамикасын зерттеу, аэродинамикалық сипаттамаларды моделдеу


Ахмадиев Бектурсын Айтжанович

Қызметі: Жылуэнергетика магистрі (2015), аға оқытушы
Ғылыми зерттеу бағыты: Өсімдіктер мен тірі ағзалардың өмір тіршілігі үшін су қорларын электр разрядты технологиямен тазалау және оң әсер етуін белсендендіру әдістемесін жасау

.


Дюсембаева Айнура Нуртаевна

Қызметі: Жаратылыстану ғылымдарының магистрі (2012), оқытушы.

Ғылыми зерттеу бағыты: екі айналмалы цилиндрлердің аэродинамикасын зерттеу.


Тлеубергенова Акмарал Жарылкасыновна
Қызметі: Жылуэнергетика магистрі (2015), оқытушы
Ғылыми зерттеу бағыты: айналмалы  цилиндрлердің аэродинамикасын зерттеу, аэродинамикалық сипаттамаларды моделдеу.

Мамандықтар

5В071700 “Жылу энергетикасы” мамандығы бойынша техника және технология бакалавры;
5В072300 “Техникалық физика”мамандығы бойынша техника және технология бакалавры;
5В073100 “Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қаіпсіздігі”мамандығы бойынша техника және технология бакалавры;
6М071700 “Жылу энергетикасы” мамандығы бойыншатехника ғылымдарының магистрі;
6М072300 ” Техникалық физика” мамандығы бойыншатехника ғылымдарының магистрі;
Докторов философии (PhD) по специализации   6D060400 “Физика”.

2014 жылдың желтоқсан айында кафедра 5В071700 «Жылуэнергетикасы»бакалавры және 6М071700 «Жылуэнергетикасы» магистратура білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік алды..



В декабре 2014 года кафедра получила свидетельство о специализированной аккредитации по образовательной программе бакалавриат 5В071700 «Теплоэнергетика» и магистратура 6М071700 «Теплоэнергетика».

Оқу бағдарламасына келесі пәндерді зерттеу кіреді:

  • Турбуленттік ағыстар теориясы
  • Сұйық және газ механикасы
  • Жылу беру негіздері
  • Жылуалмасу
  • Технологиялық өлшеулер және автоматтандру жүйелері
  • Басқару жүйесі
  • Энергия қолдану және жылуэнергетикалық жүйелері
  • Еңбе қорғау
  • Желдету, жылыту және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелерін жоспарлау және пайдалану
  • Өндірісті жоспарлау және басқару
  • Автоматтандыру басқармасының теориясы
  • Өндірістік жылуэнергетикалық жүйелердегі ЖЭК жобалау
  • Инженерлік гидрогазодинамика
  • Шекаралық қабат теориясы
  • Гидравлика
  • Қолданбалы жылуфизика
  • Жылутехнолгия және жылуэнергетикада энергияны үнемдеу
  • Энергетикада және жылутехнологиясында энергоаудит
  • Су дайындаудың физика – химиялық әдістері
  • Су дайындау
  • Жылу электр есептеулерде компьютерлік технологиялары
  • Жылу электр есептеулерде ақпараттық технологиялары
  • Бу генераторлары және қазандық қондырғылары
  • Сығымдағыштар және жылу қозғалтқыштары
  • Дәстүрлі емес энергия көздері
  • Жылуэнергетикада төтенше жағдайлар мен сенімділігі
  • Инженерлік экология
  • Жылуэнергетикасының экологиялық проблемалары
  • Жанудың арнайы сұрақтары
  • Жану құрылғы теориясы
  • Жылу беру пәрменділігінің әдістері
  • Жылуэнергетикадағы энергетикалық ресурстардың қолданылу тиімділігін арттыру
  • Жылутасымалдағыш жүйелердің пайдалануы және тәртібі
  • Инженерлік желілер, жүйелер мен жабдықтар
  • Энергиямен қамтамасыз ету
  • Жылуфикация және жылулық жүйелері
  • Энергетикалық желілердің пайдалануы
  • ЖЭС турбиндік қондырғылары
  • Кәсіпорындардың технологиялық энергия тасымалдағыштары
  • Жылуэлектр орталықтардың электр бөлігі және автоматтандыру жүйелері
  • Жылуэнергетикалық қондырғыларды сынау және жөндеу жұмыстары
  • Жылуэнергетикалық қондырғылардың жалпы теориясы және құрылымдары
  • Жылу техникасының теориялық негіздері
  • Өндірістік экология
  • Өндірістік санитария
  • Жұмыс орындарын ұйымдастыру және жоспарлау теориясы
  • Қоршаған ортаны қорғауды басқарудың ақпараттық технологиялары
  • Құтқару жұмыстарының қаупсіздігі
  • Қоршаған ортаға дірілдің әсері
  • Қоршаған ортаның электромагниттік радиациялық ластануы
  • Өнеркәсіптік шығындардың экологиялық проблемалары
  • Экологиялық инспекция және бақылау
  • Жану және жарылыс теориясының негіздері
  • Су асты жарылыс теориясы
  • Жобаны зерттеу
  • Отын және жану теориясы
  • Қауіпіздіктің биологиялық және химиялық негіздер
  • Жылуэнергетикалық өндірістегі автоматты жүйелердің экологиялық қауіпсіздігі
  • Қалдықтарды қайта өңдеу үрдістері мен аппараттар
  • Компьютерлік технологияда эксперименттік деректреді өңдеу
  • Ресурс үнемдеудің сандық моделдеуі
Халықаралық бірлестіктер

Халықаралық ынтымақтастық келісімдер, меморандумдар, аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен келісімдер мен ғылыми-зерттеу орталықтары

  1. Украинаның МҒА техникалық жылу физика институты, (Киев)
  2. Жылуфизикасының ҒЗИ – нің РҒА СБ, (Ресей)
  3. Жоғары ағымдағы электроника интитуты РҒА СБ, Томск (Ресей)
  4. Томск мемлекеттік университеті (Ынтымақтастық туралы келсім)
  5. Латвий университет, Рига (Халықаралық ынтымақтастық туралы келсім)
  6. Мемлекеттік зерттеу Томск политехникалық университеті (Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім
  7. Бельско – бяла университет (меморандум,
    философия докторанттардың ғылыми жұмыстарының бірлескен басқару туралы келісім)
  8. «Неофит Рилски» Оңтүстік-Батыс университеті, Благоеврад (меморандум, философия докторанттардың ғылыми жұмыстарының бірлескен басқару туралы келісім)
  9. Профессор Нусупбеков Б.Р.:

    Шрагер Э.Р. (Томск, Россия), (Меморандум + Философия докторының ғылыми жұмыстарын бірлесіп басқару туралы келісім);

    Миньков Л.Л. (Томск, Россия) (Меморандум + Философия докторының ғылыми жұмыстарын бірлесіп басқару туралы келісім);

    Крайнов А.Ю. (Томск, Россия) (Меморандум + Философия докторының ғылыми жұмыстарын бірлесіп басқару туралы келісім);

    Митько Стоев (Благоевград, Болгария) (Меморандум + Философия докторының ғылыми жұмыстарын бірлесіп басқару туралы келісім).

  10. Доцент Шаймерденова К.М.:

    Шрагер Э.Р. (Томск, Россия), (Меморандум + Философия докторының ғылыми жұмыстарын бірлесіп басқару туралы келісім).

Халықаралық ұйымдармен бірлестіктер туралы ақпарат

  Ресей Федерациясының ғылыми ұйымдарында кандидаттар мен ғылым докторларының жетекшілігімен жас ғалымдардың «Ресейлік іргелі зерттеулер қорының жас ғалымдарының мобильділігі» аясында жүргізілген ғылыми грантты жобаларды (Ресей, Томск қ.) Доктор PhD Хасенов А.К., магистр Тлеубергенова А.Ж., магистр Саденова К.К жеңіп алды.

  • Жобаның аты: № 12-08-90910 Электрогидроимпульсті технологияның металлургиялық кремнийді жоюға әсері

Конкурс түрі:  Ғылыми жобаларды Ресей Федерациясының ғылыми ұйымдарында кандидаттар мен ғылым докторларының жетекшілігімен жас ғалымдар жүргізеді (Томск, тамыз-желтоқсан 2012ж.)

Орындаушы: Хасенов А.К.

  • Жобаның аты: № 12-01-90913 Электроимпульстік технология көмегімен мыстың шикізатын ұнтақтау, ұсақтау және байыту

Конкурс түрі:  Ғылыми жобаларды Ресей Федерациясының ғылыми ұйымдарында кандидаттар мен ғылым докторларының жетекшілігімен жас ғалымдар жүргізеді  (Томск, тамыз-желтоқсан 2012ж.)

Орындаушы: Айтпаева З.К.

  • Жобаның аты: № 12-08-90912 электрогидравикалық құбылыстар мен жаңа технологиялардың физикалық үлгілері болған кезде қоспалардағы көпкомпонентті жылумассалық тасымалдау зерттеу

Конкурс түрі: Ғылыми жобаларды Ресей Федерациясының ғылыми ұйымдарында кандидаттар мен ғылым докторларының жетекшілігімен жас ғалымдар жүргізеді (Томск, тамыз-желтоқсан 2012ж.)

Орындаушы: Оспанова Д.А.

  • Жобаның аты: № 12-01-90910 Магнус  әсеріне негізделген жел турбинасының негізгі элементтері болып табылатын айналмалы цилиндрлер жүйесі аэродинамикасын зерттеу саласында ғылыми зерттеулер жүргізу.

Конкурс түрі: Ғылыми жобаларды Ресей Федерациясының ғылыми ұйымдарында кандидаттар мен ғылым докторларының жетекшілігімен жас ғалымдар жүргізеді (Томск, тамыз-желтоқсан 2012ж.) 

Орындаушы: Тансыкбаева Н.К.

  • Жобаның аты: № 13-01-90907 Ауыспалы көлденең қималар арналарында газ-сұйықтық ағындарының импульстік қысымының динамикасын зерттеу

Конкурс түрі: Ғылыми жобаларды Ресей Федерациясының ғылыми ұйымдарында кандидаттар мен ғылым докторларының жетекшілігімен жас ғалымдар жүргізеді (2013ж.)»

Орындаушы: Оспанова Д.А.

  • Жобаның аты: № 14-31-50228 Электрогидравликалық технология көмегімен  металлургиялық кремнийді тегістеу

Конкурс түрі: Ғылыми жобаларды Ресей Федерациясының ғылыми ұйымдарында кандидаттар мен ғылым докторларының жетекшілігімен жас ғалымдар жүргізеді  (Томск, қазан-желтоқсан 2014 ж.)

Орындаушы: Бейсенбек А.Ж.

  • Жобаның аты: № 15-38-50842 Электримпульстік әдіспен металы бар кендерді зерттеу

Конкурс түрі: Ғылыми жобаларды Ресей Федерациясының ғылыми ұйымдарында кандидаттар мен ғылым докторларының жетекшілігімен жас ғалымдар жүргізеді  (Томск, қазан-желтоқсан 2015 ж.)

Орындаушы: Бейсенбек А.Ж.

  • Жобаның аты: № 4515-38-50849 Қарағанды көмір кенішіндегі сулы көмір шламын қайта өңдеудің электрогидропульсті технологиясымен отын өндіруге зерттеу

Конкурс түрі: Ғылыми жобаларды Ресей Федерациясының ғылыми ұйымдарында кандидаттар мен ғылым докторларының жетекшілігімен жас ғалымдар жүргізеді  (Томск, қазан-желтоқсан 2015 ж.)

Орындаушы: Тлеубергенова А.Ж.

  • Жобаның аты: № 16-38-50176 Сұйық ортадағы табиғи және техногендік шикізатты электроимпульсті жою әдісі

Конкурс түрі: Ғылыми жобаларды Ресей Федерациясының ғылыми ұйымдарында кандидаттар мен ғылым докторларының жетекшілігімен жас ғалымдар жүргізеді (Томск, қазан-желтоқсан  2016 ж.)

Орындаушы: Хасенов А.К.

  • Жобаның аты: № 16-38-50172 Көмір шламынан электрогидроимпульсті өңдеу арқылы алынатын көмір суы отынының технологиясын зерттеу

Конкурс түрі: Ғылыми жобаларды Ресей Федерациясының ғылыми ұйымдарында кандидаттар мен ғылым докторларының жетекшілігімен жас ғалымдар жүргізеді (Томск, қазан-желтоқсан  2016 ж.)

Орындаушы: Тлеубергенова А.Ж.

Профессор Ақылбаев Ж.С. атындағы инженерлік жылуфизика кафедрасының аға оқытушылары Нұрғалиева Ж.Г. және Дюсембаева А.Н. логистика, мехатроника, Қазақстанды тұрақты энергиямен жабдықтау (2018-2020 жж.) саласындағы халықаралық жобаға (Германия) білім беру мамандығына жұмыс тобына кіреді.

Шетел ғалымдарымен бірлескен басылымдар:

– Thomson Reuters базасы бойынша импакт-факторы бар журналдардағы басылымдар:

  1. Kusaiynov K., Nusupbekov B.R., Min’kov L.L., Tanasheva N.K., Stepanova Yu.O., A. V. Rozhkova. Numerical simulation of a flow past a triangular sail-type blade of a wind generator using the ANSYS FLUENT software package // Technical Physics. – 2016. –Vol. 61. – № 2. – pp 299-301. (IF 0,527).
  2. 2. Sakipova S., Jakovics A., Gendelis S. The potential of renewable energy sources in latvia // latvian journal of physics and technical sciences. – 2016. – Vol. 53 (1). – P. 3-13.
  3. 3. Mustafin E. S., Kaikenov D. A., Pudov A. M., Omarov Kh. B., Karabekova D. Zh., Sarsenbaev B. Sh. X-ray diffraction study of the 5 (M-II = Mg, Ca, Sr, Ba) cobaltites // Inorganic Materials.-2016.-Vol 52. -№1 – P.48-52. (IF 0,556).

– Thomson Reuters деректер базасына негізделген нөлдік импактфакторлы журналдардағы жарияланымдар:

  1. Kurytnik I.P., Nussupbekov B.R., Karabekova D.Z., Khassenov A.K. Theoretical bases of work of heat flow meters for diagnostics of technological processes // Bulletin of the university of Karaganda-physics. – 2017. – Vol. 1. – №85. – P. 55-59.
  2. Nussupbekov B.R., Khassenov A.K., Stoev M., Karabekova D.Z., Beysenbek A.Z. The technology for the intensification of the process of bioethanol production // Bulletin of the university of Karaganda-physics. – 2017. – Vol. 1. – №85. – P. 60-66.
  3. Nussupbekov B.R., Khassenov A.K., Karabekova D.Z., Stoev, M., Beysenbek A.Z., Kazankap B.I. New technology for the recovery of heat exchangers // Bulletin of the university of Karaganda-physics. – 2017. – Vol. 1. – №85. – P. 67-72.

Scopus базасы бойынша импакт-факторы бар журналдардағы басылымдар:

  1. Kusaiynov K., Nusupbekov B.R., Min’kov L.L., Tanasheva N.K., Stepanova Yu.O., A. V. Rozhkova. Numerical simulation of a flow past a triangular sail-type blade of a wind generator using the ANSYS FLUENT software package // Technical Physics. – 2016. –Vol. 61. – № 2. – pp 299-301.
  2. 2. Sakipova S., Jakovics A., Gendelis S. The potential of renewable energy sources in latvia // Latvian journal of physics and technical sciences. – 2016. – Vol. 53 (1). – P. 3-13.
  3. 3. Mustafin E. S., Kaikenov D. A., Pudov A. M., Omarov Kh. B., Karabekova D. Zh., Sarsenbaev B. Sh. X-ray diffraction study of the 5 (M-II = Mg, Ca, Sr, Ba) cobaltites // Inorganic Materials.-2016.-Vol 52. -№1 – P.48-52.
  4. Nussupbekov, B.R.,Karabekova, D.Z.,Khassenov, A.K.,Zhirnova, O. Heat flow meter for the diagnostics of pipelines // Proceedings of SPIE – The International Society for Optical Engineering.-2016.

РИНЦ базасы бойынша импакт-факторы бар журналдардағы басылымдар:

  1. 1. Н.К. Танашева, Л.Л.Миньков, Б.Р. Нусупбеков, Ю.О.Степанова, А.В.Рожкова. Математическое моделирование обтекания парусной треугольной лопасти ветрогенератора в пакете программ ANSYS FLUENT // Журнал технической физики, Т. 86, №2. – Санкт-Петербург, 2016г. – С. 150-152. (0.715)
  2. Е.С.Мустафин, Д.А. Кайкенов, Д.Ж. Карабекова, А.М. Пудов, Х.Б. Омаров, Б.Ш. Сарсенбаев. Рентгенографическое исследование кобальтитов GdMIICoO 3.5 (MII-Mg,Ca,Sr,Ba) // Неорганические материалы.-2016.-Т.52.№1 – С.51-55. (РИНЦ – 0,483)

-алыс және жақын шет елдердегі журналдарда жарияланымдар, оның ішінде:

– жақын шетел:

  1. Н.К. Танашева, Л.Л.Миньков, Б.Р. Нусупбеков, Ю.О.Степанова, А.В.Рожкова. Математическое моделирование обтекания парусной треугольной лопасти ветрогенератора в пакете программ ANSYS FLUENT // Журнал технической физики, Т. 86, №2. – Санкт-Петербург, 2016г. – С. 150-152. (0.715)

– ККСОН журналындағы басылымдар:

  1. 1. K. Kussayinov, N.K. Tanasheva, N.N. Shuyushbayeva, Yu.N. Ryzhykh, Yu. O. Stepanova, S.B. Bagdatova. Simulation of airflow pattern of two rotating cylinders // Вестник КарГУ. – 2016. – № 2 (82). В печати

– алыс және жақын шет елдердегі журналдарда жарияланымдар, оның ішінде:

алыс шетел:

  1. Sakipova S., Jakovics A., Gendelis S. Studies energy efficiency of the renewable sources use considering climate in Latvia // 6th International Building Physics Conference (IBPC 2015). Energy Procedia. – 2016. – Vol. 78. – P. 1980-1984.

 басқа да баспалардағы басылымдар:

  1. Танашева Н.К., Кусаиынов К., Рыжих Ю.Н., Саденова К.К., Оспанова Д.А., Степанова Ю.О., Алибекова А.Р. Исследование аэродинамических характеристик двухлопастного ветродвигателя при малых скоростях воздушного потока // G-Global. ветроэнергетика нового поколения: EXPO-2017.
  2. 2. Н.К. Танашева, А. Кусаиынова, Л.Л. Миньков, М. М. Тургунов, Н.Н. Шуюшбаева, К.К. Саденова. Теоретическое исследование аэродинамики вращающихся цилиндров в турбулентном потоке воздуха // G-Global. Технология и инновация: EXPO-2017.

Патенттік-лицензиялық қызмет:

  1. 1. Кучерук В.Ю., Нусупбеков Б.Р., Севастьянов В.Н. КарабековаД.Ж., Хасенов А.К., Маньковская В.С., Глушко М.В. Преобразователь сопротивления в напряжение на основе RL-диодного генератора хаотических колебаний № 2016/0060.2 от 02.2016г.

– ККСОН журналындағы басылымдар:

  1. Хай Т.Л., Бау Л.И., Шау И., Жиан К.Ж., Татеева А.Б., Синтай С., Байкенова Г Г., Байкенов М.И., Сатыбалдин А.Ж. Бояғыштардың деградациясына арналған жоғары фотокаталитикалық белсенді BiOCl нанобөлшектерінің сольвотермальды синтезі // Вестн. Караганд. ун-та. Серия Химия. – 2017. – №3(87). – С. 114-119.
  2. Танашева Н.К., Шрагер Е.Р., Сакипова С.Е., Дюсембаева А.Н., Нургалиева Ж.Г., Карсыбеков Исследование аэродинамических характеристик ветрогенератора на основе эффекта Магнуса // Вестник Карагандинского университета. – Серия физика. – 2017. – № 3 (87)
  3. Б.А. Ахмадиев, Б.Р. Нүсіпбеков, Л.Л. Миньков, Н.К. Танашева, А.Ж.Тлеубергенова, Н.К. Сейтжаппаров Көмір қадықтарынан алынған сулы-көмірлі отынның жану үдерісін ұйымдастыру. Вестник Карагандинского университета. – Серия физика. – 2017. – № 2 (86). – С.35-39.
  4. Нүсіпбеков Б.Р., Хасенов А.К., Стоев М., Карабекова Д.Ж., Бейсенбек А.Ж., Умаров А.Б. Аққыш сұйық өнімдерді өңдеудің жаңа əдісі // Қарағанды университетінің Хабаршысы. Физика сериясы. – 2017. – № 2(86).–Б.30-34.
  5. Kabdullinov A.M., Nussupbekov B.R., Khassennov A.K., Stoev M., Karagaeva M.B. Automated control system for casting process // Bulletin of the university of Karaganda. Physics series. – 2017. –  №3(87). – P. 65-70.

 – алыс және жақын шет елдердегі журналдарда жарияланымдар, оның ішінде :

-алыс шетел:

  1. Nussupbekov B., Khassenov A., Stoev M., Karabekova D., Beysenbek A., Kazankap B. Еlectrohydraulic ragging of metallurgical silicon // Seventh International Conference «Modern Trends in Science». – Blagoevgrad 2017. – P. 198.

жақын шетел:

  1. Хасенов А.К., Нусупбеков Б.Р. Рыжих Ю.Н., Карабекова Д.Ж., Бейсенбек А.Ж. Электроимпульсный метод разрушения и измельчения руды // Тенденции развития науки и образования. – Самара, 2017. – С. 58-61.

Алынған патенттер мен алдын ала патенттер саны және тіркелген өтініштер

  1. Патент на полезную модель №2020, Республика Казахстан, МПК G01R 027/26 (2006.01). Преобразователь емкости в напряжение на основе RL-диодного генератора детерминировано-хаотических колебаний / Кучерук В.Ю, Карабекова Д.Ж., Нусупбеков Б.Р., Хасенов А.К., Глушко М.В., Нусупбеков А.Б.; заявитель и патентообладатель Кучерук В.Ю, Карабекова Д.Ж., Нусупбеков Б.Р., Хасенов А.К., Глушко М.В., Нусупбеков А.Б. опубл. 15.02.2017, бюл. № 3.

Студенттер мен оқытушыларға арналған халықаралық ғылыми тағылымдамалар

2 курс магистрантары:

Тусупбаева А.С. және Котляров В. 04.12.17 бастап 10.12.17 аралығында Прагадағы Чех техникалық университетінде «Safe Applications of Radiation and Radionuclides» тақырыбында шетелде тағылымдамадан өтті.

ПОҚ:

  1. PhD докторы, кафедра доценті Хасенов А.К. 12.06.17-ден 27.06.17-ге дейін «Неофит Рилски» Оңтүстік-Батыс Университетінің математика және жаратылыстану факультетінің материалдық-техникалық лабораториясында (Благоевград қ., Болгария) «Күн энергетикасы орталығында» халықаралық тәжірибеден өтті.
  2. Доцент Шаймерденова К.М. Прагада (Чехия) ағылшын тілін даярлау курстарынан өтті (09.07.2017-05.08.2017ж).
Ғылыми бағыттар

Кафедрада дамытылып жатқан ғылыми бағыттар:

-1766/ГФ4 «Электрогидроимпульстік өңдеу негізінде жылусорғыштық ұңғыдан жылу алудың тиімді технологиясын жасау»

  • Жоба жетекшісі – проф. Ж.С Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Шаймерденова К.М.;
  • Ғылыми қызметкер – проф. Ж.С.Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасының аға оқытушысы Ахмадиев Б.А;
  • Инженер – проф. Ж.С.Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасының аға оқытушысы Нургалиева Ж.Г.

– 1775/ГФ4  «Өсімдіктер мен тірі ағзалардың өмір тіршілігі үшін су қорларын электр разрядты технологиямен тазалау және оң әсер етуін белсендіру әдістемесін жасау»

  • Жоба жетекшісі – проф. Ж.С Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент, Шаймерденова К.М.;
  • Ғылыми қызметкер, жауапты орындаушы – проф. Ж.С.Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасының аға оқытушысы Кутум Б.Б.;
  • Аға ғылыми қызметкер – проф. Ж.С Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасының х.ғ.к., доценті Айтпаева З.К.;
  • Аға ғылыми қызметкер – проф. Ж.С Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасының PhD докторы Хасенов А.К.;
  • Ғылыми қызметкер– проф. Ж.С.Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасының аға оқытушысы Булкаирова Г.А.;
  • Инженер – проф. Ж.С.Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасының инженері Рахманкызы А.
  1. -3647/ГФ4 «Шағын жел электр станцияларының білікті-өнеркәсіптік үлгілерін кешенді игеру, технологияларды жасау, өндіріс, теориялық және тәжірибелік зерттеу» 2015-2017 ж.:
  • Жоба жетекші – проф. Ж.С Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасының PhD докторы Танашева Н.К.
  • Ғылыми қызметкер – проф. Ж.С.Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасының аға оқытушысы Дюсембаева А.Н.
  1. 1172/ГФ4 «Мұнай қалдықтарының және құрамында мұнайы бар техногенді шикізаттарды электрогидроимпульстік өңдеу технологиясы»
  • Жобаның жетекшісі- проф. Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасының х.ғ.к., доцент Сатыбалдин А.Ж.
  • Аға ғылыми қызметкер – Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасының х.ғ.к., доцент Айтпаева З.К.;
Тәрбиелік жұмыс

Профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылуфизикасы кафедрасында тәрбие жұмысы. жоғары білім беру саласындағы Конституция мен нормативтік актілер, мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы, сонымен қатар ҚарМУ-дың тәрбие жұмысының негізгі қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Жоспарланған іс-шаралар студенттің жеке, ғылыми, кәсіби және моральдық қасиеттерін тәрбиелеуге бағытталған.

Аламан фестиваль аясында өткен «Жайдарман» ойындарында физика-техникалық факультетінің БЖДк-114 тобының студенттері «Серпін Жастары» тобы құрамасында Жарқынбек Темірғали, Өмірзақов Азамат, Қуатбеков Нұрғазы, Амангелді Данияр белсенді қатысып үшінші орынға ие болды

2014-2015 оқу жылының басында кафедра тобының 1 курс студенттері «Жас тар» әскери-спорттық клубының әскери-спорттық жарыстарына белсене қатысып, 3-ші орынды иеленді, ал ТЭК-110 тобының студенті Пазыл Бек ұзындықтан секіруден екінші орын алды.

Жыл сайынЕ.А. Букетов атындағы ҚарМУ-да Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған «Бірлікті нығайту, күш-қуатқа ие бол!» Халықтық өнер фестивалін өткізеді. Фестивальға факультеттің студенттері, оның ішінде МФТ кафедралары қатысады. 2014 жылы Физика-техникалық факультеті үшінші жыл қатарынан «Халықтың үздік өкілдігі» номинациясында 1 орын алды.


Профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылуфизикасы кафедрасының 2016-2017 оқу жылының ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жетістіктері
Тағылымдамадан өту (стажировки):
Профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылуфизикасы кафедрасында:
– 2 курс магистранты Киврин В.И. Томск мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті (қ. Томск, Ресей). Тағылымдама уақыты 30.10.2016-12.11.2016жж.
-Аға оқытушы Кутум Б.Б. және оқытушы Дюсембаева А.Н. мен Тлеубергенова А.Ж. Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ біліктілікті арттыру курсынан өтті, Алматы қаласы (1.11.16-30.11.16жж)
-2 курс студенті Багдатова С.Б. Карлов университетінде ғылыми тағылымдаман өтті (қ. Прага, Чехия). Тағылымдама уақыты 20.11.2016-03.12.2016жж.
-2 курс магистранттары Копжасар К.Б., Накипова С.Ж., Нусупбеков У.Б. Кажыгали Д. Чешск университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті (қ. Прага, Чехия). Тағылымдама уақыты 4.12.2016-17.12.2016жж.
-Проф. Ж.С. Ақылбаев атындағы ИТФ кафедрасының доценті Айтпаева З.К Өрлеу біліктілікті арттыру орталығының бағдарламасы аясында, Алматы қаласында тағылымдамадан өтті (3.04.17 – 15.04.17жж).
Студенттердің ғылыми конференцияларда баяндамаларымен шығуы (іс-шара атауы, студент пен ғылыми жетекшісінің аты-жөні, топ, баяндама атауы):
1.Инновационные научные исследования: теория, методология, практика: Материалы международной научно – практической конференции, Тоқтаболат Г.Г.және Айтбаев А.К., ғылыми жетекшілері Булкаирова Г.А., Айтпаева З.К., Табиғи кварц минералының электрогидроимпульстік әдіспен ұсақталуын зерттеу, Құрамында бағалы құрауыштары бар пайдалы қазбаларға электрогидроимпульстік технологияның әсерін қарастыру, 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

2. V Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы транспорта и энергетики: пути их инновационного решения», Тоқтаболат Г.Г., ғылыми жетекшісі Булкаирова Г.А., Кварц минералының электрогидроимпульстік әдіспен бөлшектенуін зерттеу, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.
3. «Актуальность научной проблемы» секция «Актуальные проблемы естественных наук» «Букетовские чтения – 2017», Тоқтаболат Г.Г., ғылыми жетекшісі Булкаирова Г.А., Электрогидравликалық соққы толқындарының кварц минералының бөлшектенуіне әсерін зерттеу, 3 дәрежелі дипломмен марапатталды

4. Студент Әбжетов Д.Н. «Ғылым және Білім – 2017» студенттер мен жас ғалымдардың ХІІ Халықаралық ғылыми конференциясының қорытынсы бойынша – 2 дәрежелі дипломмен марапатталды, ҰЕУ, Астана, ғылыми жетекшісі Дюсембаева А.Н.
5. 3 курс студенті Рахманқызы Акерке ғылыми жұмысы үшін «Жылуэнергетика» мамандығы бойынша Министрліктің I дәрежелі дипломымен марапатталды (ғылыми жетекші – т.ғ.к., доцент Шаймерденова Г.М.).

Top