Физика және нанотехника

История кафедры

Кафедра меңгерушісі, физика – математика ғылымдарының кандидаты, доцент А.С. Кудусов

Физика және нанотехнологиялар кафедрасы 1972 жылы Қарағанды Мемлекеттік университеті құрылғанда алғаш ұйымдастырылған кафедралардың бірі. Кафедраны Алматының политехникалық институтынан университеттің ректоры Евней Арыстанұлы Бөкетов арнайы шақырған жас физика – математика ғылымдарының кандидаты Ильина Лидия Федровна басқарды.

Кафедарының алғашқы меңгерушісі– профессор  Ильина Лидия Федоровна

Арынғазин Қанапия Мүбаракұлы 1972 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті құрылған күннен бастап қызмет атқарады. 1969 жылдан 1972 жыл аралығында Қарағанды педагогикалық институтының физика- математика факультетінің деканы болды, соның негізінде Қарағанды университеті құрылды. 1972 жылдан 1974 жыл аралығында физика факультетінің алғашқы деканы болды және факультет пен университеттің құрылуына үлкен үлес қосты.

.

Физика факультетінің бірінші деканы, п.ғ.д., академик, профессор

Арынғазин Қанапия Мүбаракұлы

Кафедраның негізгі оқытушыларын бұрынғы Қарағанды Мемлекеттік педагогикалық институттың алдынғы қатарлы жас түлектері құрады. Олар: Брюханов В.В., Сойников Ю.А., Антипов Ю.Н., Гладков В.Е., Қонтаев С.С. және т.б.

Кафедраны әр жылдары Ильина Л.Ф., Сойников Ю.А., Қонтаев С.С., Қонакбаев Т.А., Антипов Ю.Н., Құрманов М.К., Мукатов Т.М., Тұрмұхамбетов А.Ж., Арынғазин Қ.М., Саулебеков А.О., Сакипова С.Е. басқарды.

Ильина Л.Ф. және Тұрмұхамбетов А.Ж. әртүрлі жылдары физика факультетінің деканы қызметін атқарды. Ал Антипов Ю.Н. ҚарМУ-ң ғылыми жұмыстары жөніндегі проректоры, Контаев С.С. мұғалімдердің біліктілігін жоғарлату институтының ректоры болып жұмыс істеді, яғни бұл кафедрада өзара түсіністік болғандығын, кафедра мүшелерінің ғылыми жұмыстарына және өсу деңгейіне мүмкіншілік жасады деген сөз. Кафедрада Антипов Ю.Н., Альжанов К.З., Кецле Г.А., Сойников Ю.А., Контаев С..С., Гладков В.Е., Брюханов В.В., Мельников Г.В., Кунакбаев Т.Ж., Кусайынов К.К., Мусенов К.К., Ройзман Г.Ш., Оспанов Н.М. және т.б. жұмыс істей жүріп кандидаттық диссертацияларын қорғады.

Оның ішінде Антипов Ю.Н., Альжанов К.З., Кецле Г.А., Курманов М.К., Кусайынов К.К. докторлық диссертацияларын қорғады.

Қазіргі уақытта кафедра құрамының 70% мүшесі келешегі мол жастарды құрайды. Сонымен қатар кафедрада көп жыл қызмет атқарған физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Ильина Л.Ф., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Гладков В.Е. қызмет атқарды.

Кафедра өзінің бұрын қызмет атқарған ардагерлерін Каратаев К.К., Иванчинов В.Г., Резник М.М. ешқашан ұмытпайды, бұрынғы кафедра мүшелерінің ішінде Жиленков И.П., Подгорный Н.И., Мусенов К.К., Мукатов Т.М. әр уақытта еске алып отырады. Өйткені олардың физика факультетінің қалыптасуында атқарған еңбектері ұшан теңіз.

Өзінің даму тарихында кафедра атын бірнеше рет өзгертті. Алғашқыда кафедра Жалпы және физиканы оқыту әдістемесі, одан кейін Жалпы және жылу физикасы, соңғы жылдары Жалпы және теориялық физика кафедрасы деп, кейін Физика және нанотехнологиялар кафедрасы деп аталды. Аты өзгергенімен кафедраның ядросы өзгеріссіз қалды. Жалпы және теориялық физика кафедрасының ұжымы университет пен факультеттің қандай да бір бастамаларын орындау мақсатында белсенді қызмет атқарды.

Педагогикалық және құрылыс отрядтары, қала мен облыстағы оқу – әдістемелік кешен, қала мектептеріндегі кафедра филиалдары, жазғы демалыс уақытында ұйыдастырылатын арнаулы пәндік мектептер барлығы жалпы физика кафедрасының базасында туындап, жемісті еңбек етті. Кафедра аймақтың ғылыми – әдістемелік орталығы болды. Кафедра Жезқазғанның тау-кен байыту комбинатымен, Теміртау металлургия комбинатымен, Қарағандының жылу қондырғыларының зауытымен және т.б. өнеркәсіп орындарымен шаруашылық шарт бойынша белсенді түрде жұмыс атқарды. Нәтижесінде бірнеше потенттер мен авторлық куәліктер алынды. Шаруашылық шарттарынан түскен қаржылар оқу процесіне арналған құрал жабдықтар мен ғылыми зерттеу жұмыстарын дамытуға жұмсалады.

Студенттерді студенттер қатарына қабылдау, физика күндері оқытушылар мен студенттер арасындағы турнирлері, физика-математика факультетінің бірінші курс студенттері арасындағы КТК , «Сен болмасаң кім?» конференциясы сияқты мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде оқу-әдістемелік жұмыстардың көпшілік бөлігін біздің кафедраның оқытушылары атқарады. Кредиттік оқу жүйесіне көшкен кездегі алғашқы кейс, ОӘК, жаңа білім бері техникаларына байланысты дидактикалық принциптерді түсіндіруде қала мен облыс мектептерінде еңбек ететін физика мұғалімдеріне әдістемелік семинар ұйымдастырылады.

Алғаш рет жалпы физика кафедрасының базасында 10-11 сынып оқушыларының арасында физика пәні бойынша олимпиада өткізілді.

Кафедраның құрал жабдықтары оқу процесінің ұйымдастырып өткізуде ғана емес, факультет бойынша жалпы және арнайы іс- шараларда пайдаланылады. Олар арнайы кафедраның студенттерінің курстық және дипломдық жұмыстарын орындау кезінде, бейінді мектептерде сабақ өткізуде кафедраның филиалдары №93, 92 мектеп гимназиялары мен Дарын мектебі де қолданады. Педагогикалық практика кезінде студенттер де аталған құрал – жабдықтарды пайдаланады. Біздің авторлық бағдарламамыз бойынша әдістемелік нұсқаулармен әдістемелік –оқу құралдарын студенттер, физика мұғалімдері, жас оқытушылар пайдаланады.

Алғаш рет университетте қазақ тілінде «механика» және «молекулалық физика» оқулықтарын кафедра оқытушыларының көмегімен шығарылды. Университетте оқулықтар және оқу құралдарын жазып шығару жөнінде авторлық ұжым ұйымдастырылған. Оның негізгі мүшелері ЖжТФ кафедрасының оқытушылары болып табылады. ФжН кафедрасы ҚарМУ-ң физика факультетінің ең алдыңғы кафедрасы болып табылады.

Кафедрада 17 оқытушы, 3 қызметкер: оның 5 ғылым докторы, профессор,  ғылым кандидаты, доценттер, 3 PhD докторы, 3 магистр жұмыс жасайды. Кафедраның алты оқу зертханасы бар: механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, физиканы оқыту әдістемесі, мектептік эксперимент техникасы, физикалық емес мамандықтар үшін физпрактикум.

ФИО ППС

Кудусов Арыстан Сатыбалдыұлы

Қызметі: кафедра меңгерушісі, ф-м.ғ.к., доцент

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Теориялық физика және жалпы физика курстары; Ақпараттық жүйелер, Интернет технологиялар, Компьютерлік технологиялары,  Компьютерлік графика

Ғылыми зерттеулерінің бағыттары: Теориялық физика, жалпы және теориялық физиканы оқыту әдістері мен дидактикалық принциптері

Арынғазин Қанапия Мүбаракұлы

Қызметі: п.ғ.д., профессор

Марапатталуы: 4 медаль, ҚазССРінің білім беру ісінің үздігі белгісі, ҚазССРінің ЖОО министрлігінің грамотасы, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУнің еңбегі сіңген қызметкері.

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Теориялық физика курсы

Ғылыми зерттеулерінің бағыттары: Теориялық физика, мағыналық педагогиканың жаратылыстық ғылыми негіздері.

Ильина Лидия Федоровна

Қызметі: ф-м.ғ.к., профессор

Марапатталуы: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУнің еңбегі сіңген қызметкері, үздік жетітіктері үшін

СССР-інің Жоғары және арайы білім министрлігінің төс белгісі

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Жалпы физика курсы,  Мектептегі физика курсының дәстүрлі емес бөлімдерін оқыту

Ғылыми зерттеулерінің бағыттары: Теориялық физика, Инновациялық білім беру технолгоияларын құрастыру және қолдану

.

Дәрібеков Сағатбек Дәрібекұлы

Қызметі: т.ғ.к., профессор

Марапатталуы: Қарағанды қаласы мен облысының әкімдерінің грамоталары,

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУнің еңбегі сіңген қызметкері

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Жалпы физика курсы, Элентар физика курсының ғылыми негіздері

Ғылыми зерттеулерінің бағыттары: Магниттік құбылыстар физикасы, Физика сабақтарының моделі және моделдеу

Көкетай Темірғали Әбілдаұлы

Қызметі: ф-м.ғ.д., профессор

Марапатталуы: «Жоғарғы оқу орынның үздік оқытушысы» грантының иегері; 2008ж.

Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы «Қазақстандағы дәл ғылымдар бойынша ең көп сілтеме жасалатын авторлар» деген номинацияның 1-дәрежелі дипломын тапсырды; 2008ж.

Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы «Қазақстандағы дәл ғылымдар бойынша ең көп сілтеме жасалатын авторлар» деген номинацияның 1-дәрежелі дипломын тапсырды; 2008ж.

Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы «Қазақстандағы ғылымдар бойынша ең көп жариялаушы авторлар» деген номинацияның 1-дәрежелі дипломын тапсырды; 2008ж.

Қарағанды қаласының дамуына қосқан зор үлесі үшін «Замандас-2010» 3-қалалық конкурстың «Ғылым мақтанышы» номинациясы бойынша жеңімпазы; 2010ж.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды; 2011ж.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 40-жылдық мерекелік медалімен марапатталды; 2012ж.

Қарағанды облыстық әкімдігінің «Тіл жанашыры» конкурсының «Тіл майталманы» наминациясы бойынша жеңімпазы; 2012ж.

Қарағанды қаласының құрметті азаматы; 2013ж.

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Қатты дене физикасы, Жартылай өткізгіштер және диэлектриктер физикасы, Иондық кристалдар  физикасы, Қатты дене люминесценциясы, Кең аумақты кристалдардағы рекамбинациялық люминесценция.

Ғылыми зерттеулерінің бағыттары: 1. Қатты дене физикасы.

2 Кристалдардың  радиациялық  физикасы.

  1. Қатты дене люминесценциясы.

4. Наноматериалдар физикасы.

Ибраев Ниязбек Хамзаулы

Қызметі: ф-м.ғ.д., профессор

Марапатталуы: Ғылым және (жыл 2000-2002, 2002-2004, 2006-2008, 2010-2012, 2012-2013, 2013-2014 жыл) техниканың даму саласына енгiзген ғылымдары үшiн мемлекеттiк ғылыми үздiк стипендияның стипендиаты.

«ЖООның үздік оқытушысы» атты мемлекеттiк гранттың иесi (жыл 2006, 2011 жыл).

«Қазақстан Республикасының ғылымды дамытуда зор еңбегі үшін ҚР БҒМ төске тағатын белгісімен марапатталған.

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Наноматериалдар және Наноқұрылымдарды алу әдiстерi, молекулалар жүйелеріндегi электрондық қозулар динамикасы, нанофотоника, зонд микроскопиясының әдiстерi.

Ғылыми зерттеулерінің бағыттары: Физика-математикалық ғылымы

Лауринас Витаутас Чесловасович

Қызметі: ф-м.ғ.к., профессор

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Атомдық физика; лазерлер физикасы; аналитикалық лазерлік спектроскопия; қазіргі лазерлік технологиялар; нанотехнологиялар негіздері; материалтануға кіріспе.

Ғылыми зерттеулерінің бағыттары: Беттi түрлендiру машиналары және тетiктердi бөлшекте қорғайтын беттердi ұруының иондық – плазмалы әдiстерi, лазерлiк технологиялар.

Турдыбеков Кобланды Муборякович

Қызметі: х.ғ.д., профессор

Марапатталуы: Ғылым (2000-2002, 2002-2004, 2006-2008ж.ж.) жәнетехниканың даму саласынаенгiзгенғылымдарыүшiн мемлекеттiк ғылымиүздiк стипендияның стипендиаты.Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің құрмет грамотасымен марапатталған, 2001 ж. указом 25 тамыз 2005 жылы ҚР Перзидентінің жарлығымен“Ерен еңбегі үшін” төске тағатын белгісімен  және 3 желтоқсан 2007 жылы ҚР Перзидентінің жарлығымен ҚР мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағына ие«Қазақстан Республикасының ғылымды дамытуда зор еңбегі үшін ҚР БҒМ төске тағатын белгісімен марапатталған.

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Жалпы физика, Статистикалық физика және физическалық кинетика, Атомдық и молекулярлық спектроскопия

Ғылыми зерттеулерінің бағыттары: Рентгендік дифракция және молекулярлық радиоспектроскопия.

Агельменев Максут Ельтаевич

Қызметі: х.ғ.д., профессор

Марапатталуы: Ғылым мен техниканың дамуына көрнекті үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері, 2010-2011ж.ж

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Избранные главы теоретической физики, Computing modeling of physical processes using MathCAD, Инновационные технологии в преподавании физики в высшей школе, Қазіргі физиканың таңдамалы бөлімдері.

Мүсенова Эльмира Қуанарқызы

Қызметі: ф-м.ғ.к., доцент

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Жалпы физика курсы, Мектептік эксперимент техникасы, физиканы оқыту әдістемесі.

Ғылыми зерттеулерінің бағыттары: Жалпы және теориялық физиканы оқыту әдістері мен дидактикалық принциптері

Архипов Вадим Валентинович

Қызметі: ф-м.ғ.к., доцент

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Теориялық физика және жалпы физика курстары

Ғылыми зерттеулерінің бағыттары: Өрістер теориясы

Балтабеков Асхат Секербайұлы

Қызметі: PhD докторы, доцент

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Жалпы физика курсы, Теориялық механика,

Ақпараттық жүйелер, Интернет технологиялар, Компьютерлік технологиялары,  Компьютерлік графика

Ғылыми зерттеулерінің бағыттары: Кристалдардағы радиациямен мәжбүрленген процестер

Карабекова Дана Жилкибаевна

Қызметі: PhD докторы, аға оқытушы

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Физика, Молекулярная физика, Электрдинамика, Теоретическая механика, Научные основы элементарного курса физики, Квантовая механика.

Ғылыми зерттеулерінің бағыттары: Теплометрия

Омарова Гүлден Серікқызы

Қызметі: магистр, аға оқытушы

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Физика, Материалтану, Оптика, Атомдық физика және спектроскопия

Ғылыми зерттеулерінің бағыттары: Конденсирленген ортадағы электрондық қозу динамикасы

Сейсембекова Тоғжан Ерболқызы

Қызметі: магистр, оқытушы

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Физика, Физикалық есептерді шығару әдісі

Ғылыми зерттеулерінің бағыттары: Физиканы оқытудағы қазігі заманғы білім беру технологиялары

Сериков Тимур Маратұлы

Қызметі: Оқытушы

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Оптика, нанотехнологиялар негіздері, наноматериалдарды зерттеу әдістері

Ғылыми зерттеулерінің бағыттары: Жартылай өткізгіштер физикасы, күн және сутегі энергетикасы

Қисабекова Перизат Әуелқызы

Қызметі: магистр, оқытушы

Оқытатын пәндері (негізгі және базалық): Физикалық терминдерді аудару техникасы, Физика

Ғылыми зерттеулерінің бағыттары: Көптілділік білім беру;

Инновациялық білім беру технологиялары.

.

Махонина Н.Л.

Қызметі: инженер

Таженова Қалампыр Амангелдіқызы

Қызметі: инженер

Есембекова Жұлдыз Жуанышқызы

Қызметі: инженер

Мамандықтар

Физика және нанотехнологиялар кафедрасы студенттерді келесі мамандықтар бойынша оқытады:

5В011000 – Физика (білім беру)

5В012800 – Физика-Информатика

5В060400 – Физика (жаратылыстану ғылымдары).

Магистратура: 6М011000-Физика (образовательная),   6М060400-Физика (жаратылыстану ғылымдары).

Докторантура: 6D060400 Физика (жаратылыстану ғылымдары)

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ 5В011000 – физика (білім  беру), 5В060400– физика (жаратылыстану ғылымдары), 5В012800 – Физика-Информатика бакалавр және  6М011000 – физика (білім  беру);  6М060400 – физика (жаратылыстану ғылымдары) магистратура мамандықтары бойынша «ACQUIN» Германия институтының сапа белгісіне ие. Осы мамандықты бітірген түлектер Европаның білім кеңістігінде еркін жұмыс істей алады

.

Күндізгі бөлімнің оқу мерзімі: физика бакалавры – 4 жыл, магистратура – 2 жыл.

Оқыту тілдері – қазақ және орыс тілдері.

4 жыл оқығаннан кейін бакалавр дәрежесі, содан кейін магистр атағы беріледі. Мамандық квалификациясы –физика бакалавры. Магистрлер жоғары оқу орындарында, бакалаврлар орта оқу орындарында сабақ бере алады. Сырттай бөлімнің оқу мерзімі: физика бакалавры- 2 жыл (техникалық оқудан кейінгі қысқартылған оқу түрі).

Кафедраның аталған мамандықтарын бітіргеннен кейін түлектер магистратураға және докторантураға түсулеріне болады және жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждарда сабақ бере алады.

Магистартураны бітірген соң жоғары оқу орындарында, ғылыми- зерттеу институттарында, зауыттар мен фабрикалардың өндірістік зертханаларында жұмыс істей алады.

Студенттерді оқыту аумағында зерттеушілік жұмыстарды атқаруға, физиканы және информатиканы оқыту әдістемесіне, физиканы оқытудағы қазіргі білім беру технологиялары аумағында жұмыс істеуге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған. Сонымен катар, оқу барысында компьютермен жұмыс істеу біліктіліктерін арттырып, мынадай арнайы пәндерді оқиды; сандық әдістер, компьютерлік графика, жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері, ақпараттық жүйелер, Интернет – технологиялар, физикалық есептерді компьютерде модельдеу және т.б.

.

Халықаралық бірлестіктер

Кафедра келесі ғылыми орталықтармен байланыста:

  • Ядролық физика институты (Ғылым Академиясы, Прага, Чехия)
  • Рязань мемлекеттік радиотехника университеті (Ресей)
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Абай атындағы ҚМПУ
  • Еуразиялық гумманитарлық институт
  • Институт КАО им. И. Алтынсарина
  • Жылуфизика институты
  • Теоретиялық және қолданбалы механика институты
  • Органикалық емес химия институты
  • Қолданбалы механика институты
  • Томск мемлекеттік университеті
  • Физика және материалдардың беріктілігі институты
  • Кемерово мемлекеттік университеті
  • ҚР БҒМ Физика- техникалық институты, Алматы
  • Рязань мемлекеттік радиотехникалық университеті
  • Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университеті

 

Ғылыми бағыттар

Кафедрада дамытылып жатқан ғылыми бағыттар:

  • Зарядталған бөлшектер ағындарын талдауға арналған корпускулалы-оптикалық жүйелер.
  • Классикалық динамикалық жүйелердің квантталу мәселелері.
  • Жалпы және теориялық физика курсын оқытуда студенттер мен оқушыларды тәрбиелеу және оқыту әдістемесі мен дидактикалық принциптері.
  • Физиканы оқытудағы экологиялық аспект.
Тәрбиелік жұмыс

Физика-техникалық факультеттің ФОК-300 тобы 2013 жылдың 19-сәуірінде өткізілген «ҚарМУ-нің үздік тобы – 2013» байқауында «ҚарМУ-нің ең жарқын тобы – 2013» номинациясын жеңіп алды.



2013 жылдың 15-ақпанында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің физика-техникалық факультетінің базасында физикадан оқушылардың 10-ашық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің, гимназиялары мен мектеп-интернаттарының 10-11 сыныптарында оқитын 331 оқушылар қатысты.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Департаментінің базалық жоғары оқу орындарында пәндік олимпиадаларды өткізу туралы 28.02.2013 күнгі хаты негізінде академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 2013 жылдың 25-27 сәуір аралығында физика пәнінен 5В011000-«Физика» мамандығы бойынша V Республикалық пәндік студенттік олимпиада олимпиада өткізілді

Олимпиадаға Қазақстанның жоғарғы оқу орындарынан 11 команда қатысты.

Олимпиаданың ашылуы

1-ші тур

2-ші тур

Қатысушы командалардың жетекшілері ЖжТФ кафедрасының инженері Н.Л.Махонинамен бірге.

2013 жылдың 25-сәуірінде физика-техникалық факультетінің ұйымдастыруымен физика пәнінен 5В011000-«Физика» мамандығы бойынша V Республикалық пәндік студенттік олимпиадаға Қазақстан Республикасының әр облыстарынан келген қатысушы қонақтарға концерттік бағдарлама өткізілді. Концерттік бағдарламаны физика-техникалық факультеттің студенттері ұйымдастырды.

 




Top