Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы

Кафедраның тарихы

Кафедраның тарихы

 

1966  жылы   Қарағанды   педагогикалық   университеті   (ректоры  С.Б. Баймұрзин) алғашқы рет «Сурет және сызу» мамандығы бойынша студенттер қабылдады. Мамандар дайындау физика-математика факультетінің (деканы, ф.-м. ғ.к. К.М. Арынғазин) көркем-сурет бөлімінде жүргізілді.

1972 жылы педагогикалық институт негізінде Қарағанды мемлекеттік университеті құрылуына байланысты, көркем-сурет бөлімі қайтадан ашылған Қарағанды дене тәрбиесі педагогикалық институтына (ректорлары Б.С. Мусин (1970-1973 жж), Д.А. Шаймұханов (1974-1982 жж)) берілді. «Бейнелеу өнері және сызу» мұғалімдерін дайындау ол институтта 1973 жылдан 1978 жылдар аралығында мамандықты басқа ЖОО-ына (Жезқазған педагогикалық институтында) берілгенше жүргізілді.

Мамандықтың қайта өрлеуі Қазақ КСР-ның 1984 жылғы «Қарағанды дене тәрбиесі педагогикалық институтын Қарағанды педагогикалық институтына айналдыру туралы» қаулысынан кейін басталды. 1984 жылы ректор, профессор С.Қ. Досмағамбетовтың бастамасымен ҚарПИ-на «Бейнелеу өнері, сызу және еңбек» мамандығына студенттер қабылданып, «Бейнелеу өнері, сызу және еңбекке баулу» кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі болып доцент, т.ғ.к. В.И. Нартя сайланды. Кафедра мен бөлім физика-математика факультетінің (деканы доцент, ф.-м.ғ.к. Әлжанов К.З.) жанынан құрылды.

1985 жылы жаңа инженерлік-педагогикалық факультеттің ашылуына байланысты «Бейнелеу өнері, сызу және еңбек» мамандығы сол факультетке ауыстырылды. Факультет деканы болып Нам Э.А. қызмет етті.

1996 жылы ҚарПИ-дың Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-мен бірігуінен кейін кафедра мен факультет қайта ұйымдастырылды. Кәсіби-көркем сурет факультеті құрылып, оның құрамына графика және қолданбалы сәндік өнер (кафедра меңгерушісі доцент Нартя В.И.), бейнелеу өнері (кафедра меңгерушісі доцент Балкенов Ж.Ш.) кафедралары да енді.

1997 жылы кафедралардың бірігуі мен іріленуінен кейін «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы ұйымдастырылды және алғаш рет «Дизайн» мамандығына студенттер қабылдана бастады. Оның меңгерушісі болып ҚарМУ доценті, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Мұстафин Б.Е. тағайындалды. 2005-2006 жылдары кафедраны п.ғ.к., доцент Солодовиченко Л.Н., 2006-2007 жж. – п.ғ.к., профессор Хасенов М.М., 2007-2012 жж. – филос. ғыл. канд., доцент Резин Ж.Ш. басқарды.

Қазір бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Қыпшақов С.А. Кафедрада 28 профессорлық-оқытушылар құрамы жұмыс атқарады. Олардың ішінде 12 Қазақстанның дизайнерлері одағының, 9 Еуразиялық дизайнерлер одағының, 4 Қазақстан суретшілер одағының және 2 журналистер одағының мүшелері, 7 ғылым кандидаттары және 2 ғылым магистры қызмет етеді.

 

Мамандық туралы

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ ДИЗАЙН КАФЕДРАСЫ

келесі мамандықтар бойынша мамандарды дайындайды

 

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ ДИЗАЙН КАФЕДРАСЫ

 

5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы аясында

КӨРКЕМ ЕҢБЕК мұғалімдерін дайындайды

 

Оқу мерзімі: күндізгі оқу – 4 жыл, күндізгі және сырттай қысқартылған – 3 жыл, екінші жоғары – 2 жыл

 

Мамандықты бітіруші түлектер кәсіби даярлық барысында бейнелеу өнері, сызу және көркем еңбекті оқыту әдістемелері, өнер теориясы мен тарихы, сурет, кескіндеме, композиция, мүсін және пластикалық анатомия, сәндік-қолданбалы өнер, көркем безендіру және жобалау негіздері, станоктік, кітап және қолданбалы графика, кіші сәндік мүсін, қыш, тоқу, халық кәсіпшілігі, киімді көркем үлгілеу, сызба геометрия және сызу пәндері бойынша білім беру бағдарламасын меңгереді.

Мамандықтың түлегі орта жалпы білім беру мектептерінде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде бейнелеу өнері, сызу және көркем еңбек пәндерінің мұғалімі; мектептен тыс білім беру мекемелерінің оқытушысы; бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнері бойынша әдіскер; балалардың көркем шығармашылығын ұйымдастырушысы; балалардың көркемсурет студияларында, жастар бірлестіктерінде сәндік-қолданбалы өнер үйірмелерінің жетекшісі болып қызмет атқара алады.

5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамаңдығы бойынша талапкерлер, оқу мерзіміне байланысты, келесі пәндерден емтихан тапсырады:

Күндізгі оқу – 4 жыл: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, 2 шығармашылық емтихан (сурет және кескіндеме)

Күндізгі және сырттай қысқартылған – 3 жыл: педагогика және психология (тестілеу), 1 шығармашылық емтихан (сурет).

Сырттай қысқартылған – 2 жыл: сұхбаттасу.

5В042100 – Дизайн

Оқу мерзімі: күндізгі оқу – 5 жыл, күндізгі және сырттай қысқартылған – 3 жыл, екінші жоғары – 2 жыл

 

Түлектерге 5В042100 – «Дизайн» мамандығы бойынша «Өнер бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Оқыту барысында сәулетттік, графикалық және костюм дизайны маманданулары бойынша жалпы көркемдік жобалау дайындықтарына үлкен көңіл бөлінеді. Барлық мамандану бойынша жобалаудың дәстүрлі түрлерімен қоса Corel Draw, Adobe Photoshop, Adobe Illustrator, 3D Max, AutoCad бағдарламаларының графикалық пакеттерінің көмегімен заманауи компьютерлік жобалау әдістері және заманауи кәсіби дизайнерге қажетті фотографика, типографика және т.б. пәндер меңгеріледі.

5В042100 – «Дизайн» мамандығын бітірушілер:

  • сәулет дизайны саласында: қалалық, ауылдық саябақ ансамблдерінің, экспозициялық кеңістіктердің; тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, жерасты құрылыстарының ішкі кеңістігі, жабдықтар мен жиһаздар, көрме және сауда экспозициясы, монументальді-сәндік элементтер және экстерьер мен интерьердегі сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының дизайны жөніндегі мамандар;
  • графикалық дизайн саласында: жарнамалық фирмалар мен агенттіктерінде электрондық және баспа құралдары үшін тауар және әлеуметтік жарнама жөніндегі бұқаралық ақпарат, сыртқы, транзиттік жарнама, кітаптады безендіру мен иллюстрациялар бойынша мамандар;
  • сән дизайны саласында: арнайы киімдер, тігін бұйымдары ансамбльдері, аксессуарлар, тоқыма және театр костюмы жөніндегі мамандар мен дизайнерлер болып қызмет атқара алады.

Сонымен қатар, орта арнайы білім беру мекемелерінде оқытушылық қызметпен; жеке жобалау қызметтерімен айналысуларына мүмкіндіктері бар.

«Дизайн» мамаңдығы бойынша талапкерлер, оқу мерзіміне байланысты, келесі пәндерден емтихан тапсырады:

күндізгі оқу – 5 жыл: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, 2 шығармашылық емтихан (сурет және сызу).

күндізгі және сырттай қысқартылған – 3 жыл: сызу (тестілеу), 1 шығармашылық емтихан (сурет).

екінші жоғары – 2 жыл: сұхбаттасу.

Халықаралық серіктестік

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының алыс және жақын шетел жоғарғы оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық

Кафедраның халықаралық ынтымақтастықтың бірден бір бағыты шетел университеттерімен академиялық серіктестік болып табылады, оның аясында халықаралық білім беру және ғылыми жобалар іске асырылады. Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы басқа да шетел жоғарғы оқу орындарымен серіктестік байланыстарын дамытуды, професорлық-оқытушылық құраммен алмасу жұмыстарын іске асырып отыр. Кафедра алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен және дүниежүзілік ғылыми орталықтарымен белменді қарым – қатынас жүргізілуде: Түркия, Испания, АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Германия, Белоруссия, Қырғызстан, Өзбекстан, Омск мемлекеттік педагогикалық университеті, Өнер институты, РАО көркемдік білім беру институты (Мәскеу); А.М.Горький атындағы Орал мемлекеттік университеті, «Өнертану және мәдениеттану» факультеті (Ресей); Шәкәрім атындағы халықаралық қор, Өнертанушылардың халықаралық ассоциациясы (Ресей), және тағы басқа алыс және жақын шетел. Әртүрлі формадағы халықаралық серіктестік туралы келісімшарттар жасалып, іске асырылуда.

Б.Ельцин атындағы Орал федералдық университеті (Екатеринбург қ.), Сібір консултанттар ассоциациясы: ғылыми мақалалар, біріккен монографиялар, халықарлық конференцияларға қатысу.

Кафедра профессоры п.ғ.к. Л.Р. Золотарева Германия, Италия елдерінде ғылыми машықтану өтті.

Кафедраның аға оқытушылары А.К.Буртибаева, М.У.Буканов, Г.Б. Кенжебеков С.А.Салкимбаева Братислава қаласында (Словакия) ғылыми машықтанудан өтті.

Кафедра аға оқытушы  Г.С.Тоқтыбаева Прага қаласында (Чехия) Педагогикалық институтында ғылыми машықтанудан өтті.

Кафедра оқытушылары «Кәсіби білім беруді дамыту: ғылыми негіздер және инновациялар» атты бірлескен зерттеу тақырыбы бойынша, Екатеринбург қаласының (Ресей) Ресей мемлекеттік кәсіби – педагогикалық университетімен жасаған серіктестік туралы келісімшарт негізінде. София қаласының машинажасау Ғылыми – техникалық қоғамымен серіктестік туралы келісімшарттар жасалды; Анкара қаласының Гази университеті (Түркия).

Кафедраның аға оқытушысы Бодиков С.Ж. Гази университетінде «Turk dunyasi» атты халықаралық симпозиумға қатысып, шақырылған дәрістеме оқып және заманауи өнерден шеберлік сабағын өткізді. г.Анкара (Түркия).

Студенттер жыл сайын дәстүрлі өтетін Еуразиялық сәулет-құрылыс және дизайн мектептерінің Халықаралық фестиваліне және Еуразия дизайнерлер одағының фестиваліне белсене қатысады.

Кафедра доценті С.А. Қыпшақов 18.11.2015 – 27.11.2015 аралығында Порту қаласындағы Жоғары Техникалық Университет базасында біліктілікті жоғарылату курсынан өтті.

Ағымдағы жылы QS World University Rankings нәтижелері бойынша ТОР-500-ге енетін шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында тағылымдамадан Чехия республикасының Прага қаласында Карлов университетінде өтті. Сонымен қатар иектептер, гимназиялар, Прага қаласының мәдени орталықтары және ең үлкен кітапханаға болды.

С.А. Қыпшақов шетелдің жетекші ғылыми орталықтары мен зертханаларында Словакия Республикасы, Братислава қаласының Еуразия академиясында, тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар профессор Бенчич Станиславтың дәрістеріне қатысты.

Ғылыми орталықтары мен зертханаларында тәжірибе өту барысында «Паневропейский университеттің, мазмедия факультеті», «Каменский университеті», «Бейнелеу өнері институтының дизайн факультеті», «Мемлекеттік педагогикалық институты», «Орталық өндірістік электротехника мектебі», «Братислава Ұлттық кітапханасы», «Словацкияның педагогикалық кітапханасы» және «Галерея Nedbalka», «Каменскийдің Ұлттық педагогикалық мұражайы», «Словак ұлттық галереясы», «Заманауи мұражай», «Ndrej Smolak көркем өнер студиясы», «Паневропейск университетінің дизайн көрмесіне» қатыстым.

Eurasian academy университетінде «Инновационные подходы в развитии науки и образовании» атты Халықаралық конференциясында «Компетентносный подход профессиональной подготовке будущего учителя художественного труда» тақырыбында баяндама жасады.

Кафедра доценты, п.ғ.к. А.Ш. Манабаева Прага қаласында (Чехия) Халықаралық дипломатия және құқық институтында ғылыми машықтанудан өтті.

Кафедраның ғылыми қызметі

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының

ғылыми-зерттеу жұмысы

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының профессор-оқытушылар құрамында: 2 профессор, 7 ғылым кандидаты, 4 доцент; 1 ҚР суретшілер Одағының мүшесі; 13 ҚР дизайнерлер Одағының мүшесі; 7 Еуразия дизайнерлер Одағының мүшесі; 8 ҚР қолөнершілер Одағының мүшесі. Қазақстандық ЮНЕСКО клубының мүшесі – 1, халықаралық өнертанушылар Ассоциациясының мүшесі (АИС) – 1.

Кафедраның ПОҚ әр түрлі ғылыми жобалар мен сайыстарға белсене қатысып тұрады. ПОҚ ғылыми жұмыстары әр түрлі деңгейлерде аталған. Кафедраның ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері болашақ өнер және білім беру бакалаврларының даярлығының оқк процесіне енгізіледі. Сонымен қатар, кафедра оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі «ЖОО үздік оқытушысы» ҚР БжҒМ Мемлекеттік грантына ие болды. Әр жылдарда «ЖОО үздік оқытушысы» Республикалық грантқа ие болғандар –    Золотарева Л.Р. (2006), Манабаева А.Ш. (2010), Кипшаков С.А. (2016).

Кафедраның ғылыми зерттеу жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Заманауи дизайнерлер, суретші-пелагогтар, көркем еңбек мұғалімдерін кәсіби даярлауда дәстүрлі және инновациялық оқыту технологияларын кіріктіру;
  • Білім берудің жаңартылған оқу бағдарламасын енгізу аясында болашақ көркем еңбек мұғалімін кәсіби даярауды қамтамасыз ету;
  • Көркем білім ебруді дамытудағы инновациялар.

Кафедраның ПОҚ келесі тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді «Болашақ көркем еңбек мұғалімінің көркем-технологиялық даярлаудың теориялық және әдіснамалық негіздері», ғылыми жетекші, п.ғ.к., бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының доценті А.Ш.Манабаева;

  • «Бейнелеу өнері бакалаврының поликөркемдік білім берудің мәдениеттанушылық негіздері», ғылыми жетекші, п.ғ.к., бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының профессоры Л.Р.Золотарева.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері монографияларда, оқу және оқу-әдістемелік құралдарда, жоғарырейтингілі Импакт-факторммен ғылыми журналдарда жарияланып тұрады.

«ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант аясында п.ғ.к., кафедра доценті С.А.Қыпшақов QS World University Rankings нәтижесімен  ТОР-500 кіретін алдыңғы қатарлы оқу орындарында: Charles University, Facuity of  Education «The education system and teacher training in the Czech Republic in tze histjrical context» – «Тарихи контекстіде Чех Республикасының білім беру жүйесі мен мұғалімдерді даярлау» білімін арттырды.

п.ғ.к., кафедра доценті С.А.Қыпшақов, Словак Республикасының Братислава қ. ғылыми орталықтары мен Еуразиялық академиясының лабораторияларында стажировка өтті. Сертификат: «Actual problems of ART-management and entrepreneurship in art» (АРТ-менеджмент пен өнер кәсіпкерлігіндегі өзекті мәселелер).

Кафедраның ПОҚ электронды оқулықтар мен интеллектуалды жеке меншік туралы авторлық куәліктермен университеттің ғылыми-әдістемелік қорын толықтырды.

Дизайн саласында ерекше еңбегі үшін кафедраның аға оқытушылары С.Ж. Бодиков С.Ж., Қ.А.Балабеков Еуразия дизайнерлер Одағының медалімен марапатталды.Загрузить файлы

М.С. Қалмаханов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалімен марапатталды.

03.11.2017 ж. Диз-41 тобының студенті Жеңісбек Ә. Республикалық «Дельфий ойындары-2017» қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша ол III дәрежелі Дипломмен марапатталды (ғылыми жетекші Буртибаева А.К.).

Оқытушылар мен студенттер өздерінің кәсіби шеберліктерін танытып халықаралық деңгейдегі көрмелер мен сайыстарға қатысып тұрады.

Іс-шаралар көлемінде өтетін аймақтық, оқу орнының ішінде өтетін конференциялардың, мектеп пен колледж оқушыларының облыстық және қалалық олимпиадалары өтіп тұрады. Ол «Дизайн» саласының келесі бағыттары бойынша өтеді: «Сән дизайны», «Графикалық дизайн», «Сәулет дизайны». Оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылыми мағалалары жинақтарында, республикалық және халықаралық деңгейдегі басылымдарды жарық көріп тұрады.

ҚР ЖОО арасында өтетін Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының сайысына қатысып тұрады, нәтижесінде 5В012000-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша  жүлделі орныдарғаие болды:

  1. Брейль Ж.- I дәрежелі Дипломмен (ғылыми жетекші п.ғ.к., профессор Золотарева Л.Р.)
  2. Жакеева Г.С.- III дәрежелі Дипломмен (ғылыми жетекші п.ғ.к., доцент Манабаева А.Ш.).

5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттері жыл сайын өтетін Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. Республикалық пәндік олимпиада – 2016 қатысқан студенттер БӨжС-31 тобынан «Жалын» командасынан Ілияс Ә., Нұржан А. І дәрежелі Дипломмен марапатталды, ғылыми жетекші, п.ғ.к., доцент Қыпшақов С.А.  2017 жылы «Жалын» командасынан 4 курс студенттері Ілияс Ә, Нұржан А. ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды, ғылыми жетекші аға оқытушы Кожиков Ж.А.

Студенттер студенттер мен магистранттардың «Бөкетов оқулары» ғылыми-зерттеу жұмысатырың сайысына қатысып тұрады. «Бөкетов оқулары-2017» қатысқан студент  ИИЧ-42 тобынан – Воробьева Н. II дәрежелі Дипломмен марапатталды (ғылыми жетекші п.ғ.к., профессор Золотарева Л.Р.), студент Диз-31 тобынан – Жеңісбек А., II дәрежелі Дипломмен марапатталды (п.ғ.к., доцент Манабаева А.Ш.).

 

Тәрбие жұмысы
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы педагогика факультетінің студенттері арасында «Менің университетім – менің мақтанышым!» атты фотосурет конкурсын ұйымдастырды және өткізді. Қазылар алқасының төрағасы суретші-фотограф, «Дизайн» мамандығының бұрынғы түлегі Баранов Алексей шақырылды. 

 «Жас талап» байқауына кафедра студенттерінің қатысуы

Кафедра үнемі университеттің студенттері арасында «Салауатты өмір салты үшін», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы», «Экстремизмге қарсы» атты плакаттар конкурсын өткізеді.

 Конкурстық комиссия құрамына кафедра оқытушылары кіреді.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретшілер мен дизайн кафедрасының аға оқытушысы Калмаханов Мадихан Сеитмаханович Теміртаудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде жеке көрмесін өткізді.

 

 Университеттің бас ғимаратында кафедра Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмені ұйымдастырды. 

 Біздің студенттер Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультеті мен БҰҰ-ның Гендерлік теңдік және әйелдердің  құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымымен бірлесе отырып ұйымдастырған «Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы» атты суреттер байқауынна қатысты. (МКҰ «БҰҰ Әйелдер», Орталық Азия (Қазақстан)).

Біздің студенттер «PeertopeerFacebookGlobalDigitalChellenge» халықаралық жобасы аясында «Экстремизм және терроризмсіз әлем» атты плакат конкурсына қатысты.

 

  

 

 Германияның Берлин қаласында бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының Аға оқытушы педагогика ғылымының магистрі, ҚР-ның суретшілер Одағының мүшесі Калмаханов Мадихан Сеитмахановичтің жеке көрмесі өтті.

 Кафедра студенттік кеңестің және №5 жатақхананың жастар бірлестіктерімен бірлесіп, азаматтық-патриоттық бағыттағы іс-шараларды жүргізеді. 11.11.17 жылы кафедра ҚарМУ жатақханасының студенттері арасында «Алашорда – 100 жыл» тақырыбында плакат конкурсын ұйымдастырды және өткізді. Байқауға филология, биология, физика және математика, педагогика, тарих факультеттерінің студенттері қатысты. Жауапты жетекшілері: Салкимбаева С.А., Калмаханов М.С., Карипбаев Ж.Б., Буртибаева А.К., Кошкумбаев К.Т.

Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды педагогикалық факультеті Диз-31 тобының студенті БесімоваАйнагүл алды.

Факультеттің студенттері бейнелеу өнері саласындағы Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қайраткерлерімен шығармашылық кездесулерді дәстүрге айналдырды , 14 желтоқсан күні «Туған жер» бағдарламасы аясында «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының күні өтті.  Еуразиялық дизайнерлер одағының төрағасы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Ресей ұлттық дизайн академиясының академигі, өнер профессоры, педагогика ғылымдарының докторы – Асылханов Ермек Сабырұлы мен қазақ ұлттық өнер академиясының мүсін және кескіндеме кафедрасының профессоры, педагогика ғылымының кандидаты – Ижанов Байқоңыр Ижанович шақырылды.

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының күнінде  Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, Қарағанды қаласының суретшісі – Игорь Баграмов Маратович акварель кескіндеме өнерінің «а-ля прима» техникасы бойынша мастер-класс көрсетті.

Кафедра «Студенттер қатарына қабылдау- 2017» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды және өткізді.

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Қарағанды қаласының әкімдігі ұйымдастырған «Шығармашылық шырша» байқауына қатысты.

Кафедра үнемі ғылыми үйірмелер, клубтар, өнер топтары, спорттық секциялар қызметіне студенттердің қатысуын жүзеге асырады. Аға оқытушы педагогика ғылымының магистрі, ҚР-ның дизайнерлер одағының мүшесі Салкимбаева С.А. басшылығымен «Колорист» атты үйірме жүзеге асырылды.

Үйірме жұмысының нәтижесінде студенттер «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Қысқы ертегі», «Алтын күз», «Ата мен Әже – асылқазынам!», «Менің отбасым – менің мақтанышым!» атты республикалық сырттай байқауларына қатысып, орын алды.

Тоқыма пластикасы» үйірмесінің жетекшісі аға оқытушы – Буртибаева А.К.

Үйірме жұмысының нәтижесінде студенттер «Алтын күз» шығармашылық жұмыстарының республикалық сырттай байқауына қатысып,жүлделі орындарға ие болды.

№1 өнер мектебінде өткен облыстық «Дельфийлік ойындары-2017».

«Сән және стиль» үйірмесінің жетекшісі – педагогика ғылымының кандидаты, доцент Манабаева А.Ш.

23.10.17ж Диз-41 тобының студенттері №1 өнер мектебінде өткен облыстық «Дельфийлік ойындары-2017» қатысты. Нәтижесінде Турксиб Ж., Тонтаева Ж. студенттері жүлделі 2-орынды иеленді.

 

  1. Спартакиада «Бірінші курс студенті». Спартакиадада Абляев Альфараби «Асық» ойындарына қатысып, университет бойынша 2-ші орын алды
  2. «Салауатты университеттер» жобасы шеңберінде «Денсаулық фестивалі» республикалық науқанына студенттер қатысты:

Диз-11

  1. МускумовАзат
  2. КипшакбаевДанияр
  3. МуратбекНыгмет
  4. ШакаримовНурасыл

ИИЧ-12

  1. АблаевАльфараби

Спартакиада нәтижесі бойынша:

«Арқан тартыс» бойынша 2 командалық орын

«Дойбы» бойынша –Диз-11тобының студенті Муратбек Ныгмет 1 орынды иеленді.

 

Кафедра студенттерінің «Жас талап» байқауына қатысуы. Конкурсқа ИИЧ-12 тобының 1 курс студенті АблаевАльфараби және Диз-11 тобының студенті ТурарАнар қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша Аблаев А 2 орынды иеленіп, Студенттер сарайының вокалисттер қатарына кірді.

 

Top