Бастапқы әскери дайындық кафедрасы

Кафедра тарихы

Бастапқы әскери дайындық кафедрасының тарихы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы №1340 «Алғашқы әскери дайындық туралы» қаулысы бойынша «Алғашқы әскери дайындық» пәні жалпы орта білім беретін мектептер мен бастапқы және орта кәсіптік білім беретін ұйымдарда 1996-97 оқу жылынан бастап қайта енгізілді.

Осы қаулы бойынша Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университетінде алғашқы әскери дайындық пәні бойынша, жыл сайын 100 адам қабылданатын, оқытушы-ұйымдастырушы мамандарын дайындауға ұсыныс берілді.

1996 жылдан бастап кафедра, алғашқы әскери және дене дайындығы оқытушысы дәрежесі берілген, «0312- Алғашқы әскери дайындық және дене дайындығы» мамандығы бойынша студенттерді даярлай бастады.

2001 жылдан бастап әскери дайындық кафедрасы, алғашқы әскери және дене дайындығы мұғалімі дәрежесі берілген ,«031240 – Алғашқы әскери және дене дайындығы» мамандарын даярлайды.

2004 жылдан бастап кафедра, Бастапқы әскери дайындық оқытушысы және академиялық бакалавр дәрежесі берілген, «050104 – Бастапқы әскери дайындық» мамандарын даярлайды.

Оқытушы-профессорлар құрамы
Мамандықтар

Мамандықтар

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Бастапқы әскери дайындық кафедрасы

Факультетте 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша кадрларды дайындау жүргізіледі.

1981 жылдан бері Қазақстанда алғаш рет Қарағанды педагогикалық институтының базасында «Алғашқы әскери дайындық» мамандығы бойынша кадрларды дайындау жүргізіле бастады.

1996 жылдан бастап факультет Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрамында жоғарыдағы мамандық бойынша кадрлар дайындай бастады. Ол үшін барлық жағдайлар жасалған: 4 залдан тұратын қазіргі заманға сай арнайы оқу-жаттығу кешені(2310 кв.м.): спорттық, көркем гимнастика, акробатика залы, рингпен жабдықталған бокс, күрестің барлық түріне арналған зал қызметтің барлық түрін көрсетеді.

«Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының ПОҚ: 1 мед.ғыл.докторы, 3 ғылым кандидаты, 1 профессор, 2 доцент, 7 аға оқытушы, 2 оқытушы, 6 магистр.

5В010400- Бастапқы әскери дайындық бакалавры мамандығын бітірушілер азаматтық қорғаныс, өмірге қауіпсіздік ережесі қызметін ұйымдастырушы, қауіпсіздік қызметінің нұсқаушысы, ҚР Қарулы Күштерінің, Ішкі және шекара әскерінде, ҰҚК және ІІМ органдарында офицерлік және сержанттық құрамда қызмет атқара алады. Қазақстан Республикасының жұмылдыру ісшараларында бітіруші бастапқы офицерлік лауазымда қызмет атқара алады.

Осы мамандық бойынша оқу ұзақтығы:

күндізгі бөлім – 4 жыл;қысқартылған, сырттай бөлім – 3 жыл (колледж бен техникум базасынан кейін);

қысқартылған, сырттай бөлім – 2 жыл, (жоғары білім базасынан кейін);

 

Магистратура:

5М010400 – Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша магистрлерді даярлау ҚР МЖБС 23.06.2011, «Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ магистрлерді даярлау Ережесі» (Қарағанды, 2003) сәйкес 2011 басталды. Магистрлерді даярлау лицензиясының мерзімі – шексіз. (серия АБ №0137349. ҚР БҒМ 23.07.2011ж. №544 бұйрығы). Бекітілген оқу мерзімі: 2 жыл (ғылыми- педагогикалық).

Магистратура мамандығын бітірушілерге педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі тағайындалады.

БӘД бойынша VI-Республикалық пәндік олимпиада

Жүлделі орын алған командалардың дипломдары

БӘД бойынша VI-Республикалық пәндік олимпиаданың ашылуы

БӘД пәндері бойынша тестілеу

ҚР ҚК Жарғылары ережелерін білуіне арналған байқау

Зардап шегушілерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету және эвакуациялау

VI олимпиаданың салтанатты ашылуында сапқа тұру сәтінен көрініс

VI олимпиаданың қорытындысын шығару

БӘД кафедрасының оқытушысы және мамандық студенттері

ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша иеленген дипломдары

Халықаралық бірлестік
Кафедрада жасалатын ғылыми бағыттар

Ғылыми жұмыс

Кафедрада ҒЗЖ жылдық және болашақ жоспарлары бар. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары БӘД кафедрасында ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу үйірмесінде жүргізіледі.

Студенттердің жұмысы БӘД кафедрасы доценттері мен аға оқытушыларының басқаруымен өткізіледі. Олардың жұмыстарының қорытындысы факультеттің жыл сайынғы студенттердің ғылыми конференцияларында, тіпті халықаралық ғылыми практикалық конференцияларында тыңдалады. Барлық жылдары кафедрада жүйелі түрде ғылыми практикалық конференциялар өткізіліп келеді. Оған қатысқан студенттер О.С.Омаров, Б.А.Омашев, Хырыкбай Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігінің І дәрежелі мақтау қағазымен марапатталды.

Кафедра оқытушылары барлық өз мамандығына қатысты ісшараларға, жиналыстарға, конференцияларға белсене қатысады. Кафедра оқытушылары Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ- де 2000 жылы 10 қарашада өткен конференцияда «Жастардың бос уақыты мен спорт», 2002 жылы 24-25 қаңтарда «Адам денсаулығы мен өмір сүру ортасын қалыптастырудың өзекті проблемалары» тақырыптарымен конференцияларға қатысады.

Ғылыми біліктілікті көтеру тағылымдамадан өту және біліктілікті арттыру курстарында жүзеге асады.

 

Кафедраға: жалпы аумағы – 144 м2 болатын №№ 100, 104,105,106, 107, 107а, 110,111,112 аудиториялар, жалпы аумағы – 2310 м2 болатын гимнастикалық және күрес залы бекітілген.

Әскери-патриоттық тәрбиеге, алғашқы әскери дайындық негізіне, өмірге қауіпсіздік негізіне, азаматтық қорғанысқа арналған оқу аудиториялары бар.

Саптық дайындыққа арналған, қысқа кедергілер жолағы, ашық гимнастика алаңы бар алаң бар. Алғашқы әскери дайындық мамандығы студенттері әскери күн тәртібімен сабақ өткізу әдісіне сәйкес әскери формалармен қамтамасыз етілген.

Кафедрада гимнастика, тренажер залында шұғылдануға мүмкіндіктер жасалынған.

Одан басқа кафедра студенттері академиялық сабақтар мен жаттығулар кезінде жалпы аумағы – 300 м2 (25х12) болатын Н.Әбдіров атындағы спорт кешені бассейнін, жалпы аумағы – 1296 м2 (54х24) болатын № 12 корпустың ойын залын, жалпы аумағы – 648 м2 (54х12) № 12 корпустың жеңіл атлетика манежін, №1 и №2 стадиондарды, №6 жатақхананы пайдаланады.

Алғашқы әскери дайындық кафедрасының оқытушылары ДТжС факультеті өткізген «Адам денсаулығы мен өмір сүру ортасын қалыптастырудың өзекті проблемалары» халықаралық конференцияға, тағы да БӘД факультеті студенттері арасында ұйымдастырылған І Республикалық олимпиадаға байланысты ісшараларға атсалысты.

БӘД кафедрасы Омск қаласының Сібір спорттық академиясымен ақпарат, оқу-әдістемелік материалдар алмасуда тығыз қатынас орнаған. Бұған мысал ретінде кафедраның аға оқытушысы Н.А.Симон кандидаттық диссертациясын аталмыш оқу орнында қорғаған.

Лучшая научно- исследовательская работа студентов высших учебных заведений Республики Казахстан

IV-Республиканская предметная олимпиада по НВП

Кафедрада жүргізілетін тәрбиелік жұмыс

Кафедра отырысында

БЕКІТІЛГЕН

«____»_________________2014 ж.

каф.меңгерушісі_______ Садыков Қ.И.

Бастапқы әскери дайындықкафедрасының тәрбие ісі жөніндегі

ЖОСПАРЫ

2014-2015 оқу жылы

№ р/н

Ісшаралар, жарыстар

Мерзімі

Аты-жөні

1.

Кафедрада тәрбие жұмысын құру және бекіту

Қыркүйек

М.И.Искаков

2.

Кафедра отырыстарында жүйелі түрде оқытушы-кураторлардың тәрбие жұмысы жөніндегі есебін семестіріне бір рет тыңдау

Жыл бойы

Топ кураторлары

3.

Сабақ кезінде студенттермен тәрбие жұмысын жүргізу

Жыл бойы

Оқытушылар

4

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат өткізу

Желтоқсан

Топ кураторлары

5

Жыл бойы студенттер арасында өткізілетін жарыстар:

  • Еркін күрес
  • дзю-до
  • самбо
  • ұлттық ойындар
  • грек рим күресі

Желтоқсан

Қаңтар

Желтоқсан Наурыз

 

Давлеткалиев Б.Р.

К.С. Мускунов

Д.З.Шалдыбаев

Ж.Божиг

Давлеткалиев Б.Р.

6

Мектеп оқушылары арасында АӘД пәні бойынша І облытық олимпиада өткізу

Қаңтар

Елемесов Т.Б.

7

БӘД және ДМжС мамандықтарының студенттери арасында әскери спорттық үшсайыс бойынша жарыс өткізу

Ақпан

Искаков М.И.

8

ПОҚ арасында әскери спорттық үшсайыс өткізу

Ақпан

Искаков М.И.

9

ҚР спорт шебері Хабидолда А. еске алуға арналған қазақ күресінен ҚарМУдың ашық біріншілігін өткізу

Сәуір

БӘД кафедрасының оқытушылары

10

БӘД студенттері арасында ҰОС Жеңіс күніне арналған саптық ән байқауы

мамыр

Кулейменов А.Ж.

11

Жоспар бойынша №6 жатақханада бұқаралық-спорттық жарыс өткізу

Жыл бойы

БӘД кафедрасының оқытушылары

12

Университет пен факультет аумағында өткізілетін барлық ісшараларға атсалысу.

Жыл бойы

БӘД кафедрасының оқытушылары

Жауапты

БӘД кафедрасының аға оқытушысы Искаков М.И.

Студенты 3 курса на заняти по Пулевой стрельбе.


Открытие V- Республиканской Олимпиады по НВП


Команда КарГУ

Top