Журналистика кафедрасы

Кафедра тарихы

Кафедра меңгерушісі ф. ғ. к., доцент Жұмабеков М.К.

1993 жылы тәуелсіз Қазақстан Республикасында Алматының ҚазМУ-інен кейінгі екінші журналистика мамандығын даярлау бөлімі  Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың шаңырағында бой көтеріп, іргетасы қаланды.

Қарағанды Мемлекеттік университетіндегі журналистика кафедрасының ашылуына бастамашы болған әрі осы істі үлкен қажырмен жүргізген белгілі журналист-ғалым, өлкетанушы-тарихшы Зарқын Сыздықұлы Тайшыбаев болды. Зарқын Сыздықұлының бұл бастамасына университеттің сол жылдардағы ректоры, профессор Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев барынша қолдау көрсетті.

Міне, содан бері сынаптай сырғыған жиырма жыл да өте шықты. Биыл Қазақстан жоғары оқу орындары ішінде журналистика мамандығын екінші болып ашқан Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың журналистика кафедрасы өзінің жиырма жылдық мерейтойын атап өту шарасына дайындық үстінде.

Кафедраның жиырма жылдық мерейтойы қарсаңында осынау ұжымның әр жылдардағы шежіресіне ой жүгірте отырып, өткенді еске алуды өзімізге борыш санаймыз. Кафедра тарихында өзіндік із қалдырып шәкірттерге сапалы білім, тағылымды тәрбие берген,  бұл күнде арамызда жоқ ардақты ұстаздар Кәрім Сауғабаев, Дәулетбек Мақашов, Сағатбек Мұғалімжанұлы, Берік Қойшығарин, Мартбек Тоқмырза, Жанар Құрманғалиевалардың есімдерін құрметпен еске алып, әруақтарына тағзым еткен абзал.

Жиырма жыл аз уақыт емес. Кезінде басқа кафедраларға телініп, мамандық ретінде ашылған журналистика кафедрасы қазір университеттің қабырғалы білім ордаларының біріне айналып отыр. Қазақстанда болып жатқан білім реформаларына сай журналистика кафедрасы да жаңару мен жаңғырудың сан түрлі өткелдерінен сүрінбей өтіп, қазір заманауи оқу-әдістемелік, ғылыми-техникалық базасы қалыптасқан іргелі білім беру саласының біріне айналды.

Қазір журналистика кафедрасы жыл сайын қанатын қатайтып, керегесін кеңге жаю үстінде. Заман талабына сай журналистика бакалавриатын дайындаумен ғана шектелмей, жаңадан «Қоғаммен байланыс» мамандығын ашып, көкжиегін одан әрі кеңейте түсті. Қазақ, орыс тіліндегі журналистика мамандарын дайындап қана қоймай, болашақ мамандардың ғылыммен айналсуына да мол мүмкіндіктер ашып отыр. 2012 жылдан бастап журналистика магистрлерін оқыту қолға алынды.

Университет басшылығының Орталық Қазақстандағы журналистика кадрларын дайындау үрдісіне ерекше көңіл бөліп,  қолдау көрсетуі сөз жоқ кафедраның болашағына үлкен кеңістік ашып, оның қалыптасуы мен дамуына жақсы ықпал етуде. Кафедраның оқытушы-ұстаздарының ғылыми потенциалы да жыл өткен сайын артып келеді. Қазіргі таңда журналистика мамандығы бойынша қорғаған екі ғылым докторы, сондай-ақ, ғылым кандидаттары мен магистр оқытушылардың қатары көбею үстінде. Осындай игілікті шаралардың оң шешімін табуына унверситет ректоры Еркін Қинаятұлы Көбеевтің үнемі қамқорлық жасап отырғанын ерекше атап айтқан ләзім.

Әрине, бұл жердегі ең басты мәселе Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті журналистика бөлімін бітіріп шыққан түлектердің білім деңгейі мен мамандықты игерудегі біліктілігі қандай дәрежеде деген сұрақтың болуы әбден заңдылық. Бірден айту керек, 20 жылдық еңбек еш кеткен жоқ. Оны өмірдің өзі көрсетіп отыр. ҚарМУ-дың журналистика мамандығын бітірген түлектерге деген сұраныс республика бойынша жоғары деңгейде. Қазақстанның кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында біздің шәкірттеріміз маңдайалды мамандар ретінде көзге түсіп жүр. Республикалық, аймақтық, облыстық деңгейдегі түрлі ақпарат көздерінде қызмет жасап жүрген түлектерінің қадамы әрдайым назардан тыс қалған емес. Кейбір шәкірттеріміз баспасөз қызметі арқылы мемлекеттік ұйымдарда да абыройлы еңбек етуде. Президент әкімшілігі, түрлі министрліктер, мемлекеттік агенттіктер мен департаменттердің баспасөз қызметі және ұйымдастырушылық саласында ҚарМУ түлектерінің қызмет жасап жүруі біз үшін зор мақтаныш. Атап айтқанда, Е.Тоқшылық, Ж.Аманбаева, А.Талпақова, Ж.Қаржан, А.Кемпірбай, Е.Атамбай, Е.Қаламбай, Т.Тілеубай, Е.Қуатайұлы, А.Баязитова сияқты көптеген түлектеріміз журналист ретінде республикаға өз есімдерін танытып үлгерді.

Ал облыстық БАҚ-тың 50 пайызын ҚарМУ-дың журналистика бөлімінің түлектері құрайды. Атап айтқанда, «Қазақстан Қарағанды» телеарнасындағы Г.Ақажанова, А.Бухарбаева, А.Ағылбаевалар, «5-арнада» Ә.Сәбитова, А.Тонтаев, «Қарағанды-1»-де М.Салқынбаева, Т.Қали, Ә.Шалқарбек, А.Иса, «Орталық Қазақстан» газетінде Ж.Әлиман, Ж.Омарбекова, С.Әбілова сияқты түлектеріміз жемісті еңбек етіп жүр.

Ал республикалық жетекші телеарналар «Қазақстан» мен «Хабардың» меншікті  тілшілері – Руслан Тұрсынғалиев пен Ардақ Қабыханның ҚарМУ-дың түлектері екені кафедра үшін үлкен абырой.

«Орталық Қазақстан» газетінің журналистік ұстаханасынан тәжірибе жинаған тағы бір түлегіміз Жанат Жаңқашұлы бұл күнде «Арқа ақшамы» газетінің редакторы болып қызмет етуде.

Сондай-ақ, түрлі қоғамдық салаларда, мәселен, Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінде жемісті еңбек етіп жүрген шәкірттеріміз Бақытжан Құдияров, Жазира Орынбаева, Саян Жарылғап, төтенше жағдайлар департаментінде Қуаныш Мүтәлләповтар өз ісінің білікті мамандары ретінде бағаланады.

Журналистиканың теориясы мен тәжірибесіне университет қабырғасында жүріп қанықса да болашақ журналистер ақпарат кеңістігіне бірден қанат қағып кете алмасы анық. ҚарМУ-дың журналистика бөлімі түлектерін өздерінің шығармашылық ұстаханасында шыңдап, республикалық кеңістікке шығарып отырған «Орталық Қазақстан» газетінің ұжымына (бас редакторы М.Сембай) алғысымыз зор.

Ал күндізгі бөлімде оқитын студенттеріміздің  республикалық, халықаралық дәрежедегі ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларда, түрлі олимпиада мен тренингтерде алып жүрген жүлделері мен жетістіктері өз алдына үлкен әңгіме.

Бұл жердегі ең басты мәселе республика бойынша ҚазМҰУ-дың журналистика факультетіне шынайы бәсекелес болуға толыққанды жарап тұрған Е.Бөкетов атындағы журналистика бөлімінің 20 жылда жеткен осынау жетстіктері – қажырлы еңбек, жемісті ізденістер арқылы келгендігін көрсету ғана.

«Газет халықтың көзі, тілі һәм құлағы» деген кешегі Алаш зиялысы Ә.Бөкейханның сөзі бүгінгі ұлттық журналистиканың жас мамандары үшін айнымас қағидаға айналуы шарт.

Е.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультеті журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Асанов Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» байқауында «Тіл майталманы» номинациясының иегері атанды.

Оқытушы-профессорлар құрамы
Жұмабеков Мейрам Кеңесұлы
Абишева Вера Тукеновна
Қойлыбай Дәулетқанұлы Асанов
Рамазанова Жанар Сембековна
Ләззат Таймырқызы Қожахметова
Жақан Әлімжан Құтжанұлы
Демьянова Юлия Александровна
Еркін Жазира Жанғазықызы
Амангелдиева Гүлмира Сабыровна
Мамандықтар
5В050400 – «Журналистика» мамандығы бойынша кадрларды дайындау 2004 жыдан бастап 03.02.10 жылдың лицензиясы АБ №0106667 сериясы негізінде іске асырылуда. 6М050400 «Журналистика» мамандығы бойынша кадрларды дайындау 2012жылды қыркүйек айынан бастап 03.02.10 жылдың лицензиясы АБ № 0137349 сериясы негізінде іске асырылуда.
Кафедрада Мемлекеттік стандартқа сай білім берудің 5В050400 «Журналистика»: ГОСО 6.08.023-2010, 6М050400 «Журналистика» – ГОСО ҚР 7.09.018-2010 мамандықтары бойынша және мамандық бойынша типтік оқыту жоспарлары ҚР БҒМ № 158 бұйрығы бойынша 2012 жылдың 10 сәуірінен бекітілді.
5В050400 «Журналистика» бакалаврын дайындау бағыты бойынша білім бері қызметі келесі түрде оқыту формаларымен жүзеге асады:
– Орта білім негізі бойынша (күндізгі оқу бөлімі) – 4 жыл;
– Жоғары кәсіби білім негізі бойынша (қысқартылған сырттай оқу бөлімі) – 2 жыл.
Оқыту тілі – қазақша, орысша.
5В050400 – Журналистика мамандығы бойынша жоғары білім беру, кәсіби оқыту бағдарламасы бойынша аттестациядан өткен тұлғаларға «5В050400 «Журналистика» мамандығы бойынша әлеуметтік білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
6М0050400 «Журналистика» бойынша магистрлерді дайындау бағыты келесідей жүзеге асырылады:
– Жоғары кәсіби білім негізі бойынша (күндізгі, ғылыми – оқытушылық бағыт) – 2 жыл;
– Жоғары кәсіби білім негізі бойынша (күндізгі, қысқартылған, профильдік бағыт) – 1 жыл.
Оқыту тілі – қазақша, орысша.
Магистратуралық білім беру бағдарламасы бойынша оқытылған тұлғаларға мемлекеттік үлгідегі «Әлеуметтік білімдер магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.
Оқыту барысында түлектер іргелі ғылыми және кәсіби дайындықтан өтіп, ғылыми ақпараттарды алу тәсілдері, өңдеу, сақтау сияқты жаңа ақпараттық технологияларды меңгерумен, сонымен қатар зерттеушілік және басқарушылық қызметті сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Қазіргі таңда «Операторлық өнер» (бакалавриат) және «Халықаралық журналистика», «Қоғаммен байланыс» (магистратура) сияқты жаңа мамандықтар ашу бағытында жұмыстар атқарылуда.
2012 жылдың 20 маусымынан 5В051400-Қоғаммен байланыс мамандығы бойынша абитуренттер қабылдана бастады. Мамандық қазақ және орыс тілдерінде оқытылады
Халықаралық бірлестік

Филология факультетінің магистранттары (2013 ж. мамыр) мәдениетаралық байланыстардың мәселелері туралы  Словакия профессоры Станислав Бенчичтің және (2013 ж. маусым) Ломоносов Андрющенко атындағы  МГУ профессорының дәрісін тыңдады. Халықаралық қатынастарды күшейту барысында 2013 жылдың 9 -10 желтоқстан айларында филологиялық факультетте филология факультетінің студенттері мен магистранттарына арналған «Масс – медиа» бағытында Қоғамдық институттармен журналистердің өзара қатынасы сонымен қатар халықаралық – журналист, РФ Мемлекеттік кеңесшісі, РЖҒА академигі, профессор Кипрас Мажейктің қатысуымен семинар – тренинг өтті.

Филологиялық факультет шетелдердің оқытушыларымен тығыз қарым қатынаста:

  • Томаш Эвертовски. Познаньдағы (Польша) Адам Мицкевич атындағы Университеттің оқытушысы, (2013 ж. сәуір) магистранттарға лингвистика туралы дәріс курстарын оқыды.
  • Профессор Любор Матейко (Комениус Университеті, Словакия, Братислава қаласы) (2013 ж. сәуір) магистранттарға русистика бағыты бойынша өзект тақырыптарды ашып, магистранттар сертификаттармен марапатталды.
  • Станислав Бенчич PhD докторы (Janos University, Faculty of Education, Komarno, Slovakia) (2013 ж. маусым, қыркүйек) «Мәдениетаралық қарым – қатынас мәселелері» атты дәріс оқыды.
  • Михай Фрешли PhD докторы, Батыс – Венгерлік университеттің Славяндық Филология Институтының ғылыми – зерттеу топтарының басқарушысы (2013 ж. қазанда) Славяндық мәдениетаралық ғылыми – зерттеу топтарының презентациясын ұсынды.
  • Силездік университеттің (Леньша қаласы, Польша) польшалық ғалымдарының бір тобы шетелдік тағылымдама мүмкіндіктері туралы презентацияларын ұсынды.

Сонымен қатар, магистранттар 2013 жылдың 21 қазанынан 2 қараша аралығында Братислав қаласындағы (Словакия) Еуразиялық академияда шетелдік тағылымдамадан өтті. Онда  білім беру жүйесінің практикалық бағытында шетелдік тәжірибені алу, оқыту кезіндегі негізгі тәсілдерді зерттеу, мәдениетаралық қарым – қатынасты қарастырудағы сұрақтарды қайта қарау, лингвистикалық анализді шешу сияқты мақсаттармен барды. 2013 жылы журналистика кафедрасының оқытушысы Дмитренко Ульета Томск қаласында (Ресей) Халықаралық конференцияға «Конвергенция жағдайында БАҚ – тағы жарнаманың әсер етуші рөлі» атты ғылыми зерттеу жұмысы жоғары деңгейде бағаланды. 2014 жылдың 11 – 13 шілде аралығында журналистика кафедрасының оқытушылары Рамазанова Ж.С., Еркін Ж.Ж. Қырғызстанда Әл –Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған «Журналистика және коммуникация» атты Жаздық мектепке біліктілікті арттыру курсын өтті. 2014 жылдың шілде айында журналистика кафедрасының меңгерушісі Жұмабеков М.К Прагада (Чехия) тілдер институтында айлық тілдік курстар өтті. Жоғарыда көрсетілген фактілер факультетте халықаралық қатынастар мен басқа да елдердің университеттері арасындағы байланысты одан әрі күшейтуге мүмкіндік бергенін көрсетеді. 2017 жылы  наурыз айында филология ғылымдарының докторы, профессор Абишева Вера Тукеновна  Франция қаласында «Халықаралық ұйымдастыру және ғылыми бірлестік » атты ғылыми тәжірибеден өтті. Сонымен қатар біліктілікті арттыру және сол қаланың мәдени мерекелеріне, ғылыми  конференцияға қатысты. Конференциялар мынадай:

– КОНКОРД Халықаралық Академиясы.

– Париж- 1 – Пантеон-Сорбонна Университеті.

– Францияның саяси ғылымдар институты.

– Батыс тілдері және әлем өркениеттері ұлттық  институты.

КОНКОРД Халықаралық Академиясы президентінің, ЮНЕСКО қызметкері Луи Пардтың, ФИДЖИП халықаралық федерациясы директоры Н.К. Тазеева сияқты әлемдік ғалымдардың дәрістеріне қатысты.

2017 жылы  маусым айында филология ғылымдарының докторы, профессор Абишева Вера Тукеновна Ресейдің Санкт-Петербург қаласының Санкт-Петербург мемлекеттік универсиетінде «Современное состояние и перспективы развития исследований актуальных проблем журналистики» атты ғылыми тәжірибеден өтті. Университеттің білікті деген ұстаздарының дәрісін тыңдады. Олардың қатарында С.Г. Корконосенко,  А.С. Пую, Л.П. Громова  сияқты танымал ғалымдар бар.

2017 жылдың қарашасында филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Даулетханұлы  Түркия мемлекетінің Анкара қаласында орналасқан «Хаджеттепе» университетіне барып қайтты. «Түркият» университетінің директоры, профессор Юнус Кочтың ғылыми  дәрісін тыңдады.

Кафедрада жасалатын ғылыми бағыттар
Кафедраның ғылыми – зерттеу жұмыстарының басты мақсаты білім берудің іргелі негізі ретінде, мемлекет пен қоғамның қажеттіліктеріне орай білікті еңбек маманын даярлау негізі ретінде ғылыми зерттеулерді қолдау мен оның дамуына үлес қосудан тұрады.
Ғылыми – зерттеу жұмыстарының басты міндеттері:
– Профессор – оқытушылар құрамы мен студенттердің ғылым және шығармашылық қызметтерінің дамуы;
– жаңа білім мен жаңа технологияларды меңгеру негізінде іргелі зерттеу жұмыстарының басымды түрде дамуы;
– білім беру және тәрбиелік міндеттерді шешуге ғылымның әсер етуін күшейту;
– БАҚ – тың алға қойған басты міндеттерін шешу үшін жоғары мектептердің ғылыми – зерттеу деңгейін тиімді қолдану;
– Әлемдік ғылым және білім жүйесінің интеграциялануы мен ортақ ғылыми қорытынды алу мақсатсында халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту.
Кафедраның ғылыми жұмысы ҚарМУ – дың 2015 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сай.
Универститеттің стратегиялық жоспарында кафедраның Профессор – Оқытушылар Құрамы (ПОҚ) 2011 – 2013 жыл аралығында «Аймақтық журналистиканың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстар орындалды және оқу процесіне енгізу жоспарда бар.
Ғылыми – зерттеу саласының стратегиясы кафедраның ғылымның өзекті және кешенді/пәнаралық міндеттерін шешу үшін, қазіргі қоғамның сұранысына сай инновациялық қорытындылар алуымен сипатталады.
2011 жылдан 2013 жыл аралығындағы берліген тақырып бойынша жасалған жұмыстардың қорытындылары кафедраның еңбек жинағынан тұрады:
1) Современная журналистика: актуальные проблемы и перспективы развития. // Материалы республиканской научно-практической конференции, посвященной 40-летию Карагандинского государственного университета имени академика Е.А. Букетова. — Караганда: Изд-во КарГУ, 2013. – 358 с.
2) Проблемы современности в контексте развития информационного общества. // Материалы республиканской научно-практической конференции, посвященной 20-летию кафедры журналистики Карагандинского государственного университета имени академика Е.А. Букетова. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2013. – 340 с.
2011 жылдан 2013 жыл аралығында кафедраның Профессор – оқытушылар құрамының жұмыс атқару өнімділігі артты. Егер 2011 жылы кафедра оқытушыларынан 2 мақаладан шығып тұрса, 2013 жылы 3 мақала шығып тұрды, бұл көрсеткіш 2011 жылға қарағанда 1,5 есе жоғары деңгейді көрсетеді.
Баспа қызметінің басылым парақтарындағы нәтижесі бойынша осындай оң қорытындылар есептелінеді. Егер 2011 жылы басылым беттеріндегі баспа көлемі 23,06 % құраса, 2012 жылы 32%, 2013 жылы 42% – ды құрады.
Кафедраның профессор – оқытушылар құрамының ғылыми жұмыстарының оң нәтижелері журналдардағы импакт – фактор ( Thomson Reuters, Scopus, РИНЦ базасы) болып саналатын мақалалардың деңгейімен тең. Рамазанова Ж.С. Ballad as a Genre in Kazakh Literature European Researcher, 2012, Vol (37), №12-2. С. 2175-2179 Рамазанова Ж.С. Publicism of Sherkhan Murtaza European Researcher, 2012, Vol (37), №12-2. С. 2179-2182 Жумабеков М.К. Loci Communes as a Cultural Phenomenon European Researcher, 2012, Vol (37), №12-2. С. 2197-2203 Жумабеков М.К. Интеграция культур и проблемы перевода на казахский язык European Researcher, 2012, Vol (37), №12-2.
Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы диссертациялық кеңестер жұмыстарына қатысады. Абишева В. Т. диссертациялық кеңестің мүшесі, диссертация қорғау бойынша философия докторы (PhD) ғылыми атағын беруге, Абылайхан атындағы Тілдер Институтының профилі 6D050400 мамандығы бойынша доктор, ал профессор Асанов К. Д. Гумилев атындағы ЕҰУ бойынша.
Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы шетелдік тағылымдама өтті:
Жұмабеков М.К. ф.ғ.кафедрасының меңгерушісі, доцент: 2014 жылдың шілде айында тілдік тағылымдаманы Чехия, Прага Тілдер Институтында өтті.
Журналистиканың ғылыми мектептерінің профессорлары, кафедраның ф.ғ.д Абишева В. Т. және ф.ғ. д. Асанов К. Д. республиканың ғылыми ортасында танылған.
Абишева В. Т. « Қазақстанның қазіргі журналистикасының деонтологиясы: қалыптасу мәселелері» атты зерттеуі ғылымның бөлігі болып табылатын – деонтология – оны оқудың маңызы мен жауапкершілігі, жұмыс барысында маманның кәсіби деңгейін көрсете алуы туралы ақпараттар қамтылды.
Тақырыптың өзектілігі қазақстандық қоғамның демократизациялану мәселелерімен қатар, ұлттың рухани жаңғыруы және журналистиканың дамуын ғылым деңгейімен қатар көрсету, оның аспектілерін зерттеу барысында жаңа әдіс – тәсілдер енгізу сияқты жұмыстар қарастырылды. Ғылыми жұмыстың мақсаты – ақпараттық саясатты орындау барысында журналистің кәсіби өзін – өзі ұстау нормалары мен принциптерінің жүйесінде Қазақстанның журналисттік деонтологиясының дамуының үрдісі мен алғышарттарын зерттеу. Отандық журналистикада алғаш рет журналистика деонтологиясы мәселелерін ғылыми тұрғыда сараптау қолға алынды: зерттеу тұжырымдамасы өңделді, оны құру үшін алғышарттар мен перспективалар жүзеге асырылды. Ғылыми қызығушылықтарға сонымен қатар қазақстандық БАҚ – ның тілін құру және функцияландыру кіреді.
Қазақстан халқының рухани қалыптасуы туралы өзекті диссертациялық зерттеу жұмысын Асанов К. Д. «Айтыс өнерінің публицистикалық мәні», қазақ халқының ауызекі поэзиясының құрылуы мен дамуының спецификалық жанр ретінде әлеуметтік – қоғамдық мәні бар екенін ашып көрсету, өнердің бұл түріне деген кері ақпараттық – танымдық және насихаттық сипатты публицистикалық тұрғыда ашып беру. Автор өмір, тарих, дәстүр, қазақтардың көзқарасы, айтыстың сөйлеу мәдениетіне әсері болатын ақпараттар көзін, басқа халықтардың мәдениетінде мұндай өнер түрінің жоқ екендігін, айтыстың басты мәнін түсіндіріп кетті.
Өз ғылыми жұмыстарында Жұмабеков М.К ең алдымен теориялық мағына беретін фольклор және фольклористика мәселеріне тоқталды. Қазақ фольклорында loci communes семантикасы мен генезисін зерттеуге арналған «Қазақ фольклорындағы loci communes генезисі мен семантикасы» атты монографиясы ұсынылды. Зерттеу жұмысының өзектілігі қазіргі қазақ фольклористикасының теориялық маңызы, генезис жанрларына байланысты қазақ фольклоры туралы туындайтын көптеген сауалдарға жауап беретін оның табиғатын және суреттемелік – эстетикалық қызметтерін, оның поэтикасын ашып беру, таныстыру болып табылды. Қазіргі таңда Жұмабеков М.К қазақ журналистикасының тарихына мен журналистің профессионалдық этикасы байланысты сұрақтармен айналысады.
Ғылыми зерттеу жұмыстар барысында ф.ғ.к., доцент Рамазанова Ж.С қазақ әдебиеттанудың құрамдас бөлшегі саналатын, аз зерттелген жанр түрі көркем балладаны оқу кезіндегі мәселелерге тоқталды. ф.ғ.к., доцент Рамазанова Ж.С диссертациялық жұмысы қазақ поэзиясындағы – баллада өнеріне, «Қазақ поэзиясындағы баллада жанры» (қалыптасу, даму ерекшеліктері және көркемдік сипаты) қамтылды.
Кафедраның оқытушылары мен қызметкерлері өздерінің оқытушылық қызметін ҚарМУ – дың этикалық талаптар кодексімен басшылыққа алынып, жоғарғы оқу орнының ұжымдық мәдениетін сақтап, этикалық тәртіппен сипатталады.


Ф.ғ.д., профессор В.Т.Абишева. Францияда ғылыми тәжірибе. Сорборна. сәуір 2017ж.


Ф.ғ.д., профессор В.Т.Абишева. Францияда ғылыми тәжірибе. Сорборна. сәуір 2017ж.

Ф.ғ.д., профессор В.Т.Абишева. ЮНЕСКО ғылыми тәжірибе.  сәуір 2017ж.


Ф.ғ.д., профессор В.Т.Абишева. Санкт Петербург қаласында іс-тәжірибеден өтуде (дөңгелек үстел)


Ф.ғ.д., профессор В.Т.Абишева. Санкт Петербург қаласында іс-тәжірибеден өтуде (мамыр, 2017ж)

2017 жылы  наурыз айында филология ғылымдарының докторы, профессор Абишева Вера Тукеновна  Франция қаласында «Халықаралық ұйымдастыру және ғылыми бірлестік » атты ғылыми тәжірибеден өтті. Сонымен қатар біліктілікті арттыру және сол қаланың мәдени мерекелеріне, ғылыми  конференцияға қатысты. Конференциялар мынадай:

– КОНКОРД Халықаралық Академиясы.

– Париж- 1 – Пантеон-Сорбонна Университеті.

– Францияның саяси ғылымдар институты.

– Батыс тілдері және әлем өркениеттері ұлттық  институты.

КОНКОРД Халықаралық Академиясы президентінің, ЮНЕСКО қызметкері Луи Пардтың, ФИДЖИП халықаралық федерациясы директоры Н.К. Тазеева сияқты әлемдік ғалымдардың дәрістеріне қатысты.

2017 жылы  маусым айында филология ғылымдарының докторы, профессор Абишева Вера Тукеновна Ресейдің Санкт-Петербург қаласының Санкт-Петербург мемлекеттік универсиетінде «Современное состояние и перспективы развития исследований актуальных проблем журналистики» атты ғылыми тәжірибеден өтті. Университеттің білікті деген ұстаздарының дәрісін тыңдады. Олардың қатарында С.Г. Корконосенко,  А.С. Пую, Л.П. Громова  сияқты танымал ғалымдар бар.

2017 жылдың қарашасында филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Даулетханұлы  Түркия мемлекетінің Анкара қаласында орналасқан «Хаджеттепе» университетіне барып қайтты. «Түркият» университетінің директоры, профессор Юнус Кочтың ғылыми  дәрісін тыңдады.

Кафедрада жүргізілетін тәрбиелік жұмыс
Филологиялық факультеттің студенттерімен тәрбиелік жұмыстарды жүргізу оқыту үрдісімен, сонымен бірге ғылыми көзқарасты қалыптастыру мақсатында өткізілетін аудиториядан тыс әртүрлі шаралар мен жұмыстардың жүргізілуі және интеллектуалдық, кәсіби – бағытталған, кәсіби – шығармашылық, эстетикалық, экологиялық, патриоттық, физикалық жағынан жастарды дамытуға арналған іс – шаралар жүргізіліп отырылады.
Оқу – тәрбиелік жұмыстардың негізі рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие беруден тұрады:
• Таңдалған мамандыққа деген сүйіспеншілік;
• Адамдарға жақсы қарым – қатынаспен қарау;
• Рухани даму;
• Оқу үрдісін дамытуға үлес қосу;
I. Таңдалынған мамандыққа деген сүйіспеншілік.
Бірінші курс студенттері үшін алғашқы қадамдар «Студенттер қатарына қосылу» сияқты кураторлық сағаттың жүргізілуімен басталады.
Қыркүйек – қазан айларында студенттерді Мемлекеттік білім беру стандарттарымен, БАҚ жұмыскерлерінің жоғары білікті маман болуына даярлайтын талаптармен танысу, Қарағанды қаласының телеканалдарымен, газет, баспа орталықтарымен танысу, экскурсия жүргізу және студенттерді бас редакторлармен, жауапты хатшылармен болашақ журналистердің араласуын қадағалау сияқты бірқатар жұмыстар жүргізіледі.
Жоғары білімді мамандарды тәрбиелеу нәтижесінде барлық оқу – тәрбие жұмыстарының барлық бағыты қолданылады.
Субьективті мәселелер, сессия кезіндегі туындайтын қиындықтар, конфликтік жағдайларды шешу үшін арнайы кеңестік шаралар жүргізіледі.
Тәрбие жұмыстары келесі бағыттарды қамтиды:
Шығармашылық қызмет: экскурсиялар ұйымдастыру, қызықты тұлғалармен кездесу, студенттік топтардың қатысуымен өтетін іс – шаралар.
16.09.2012 ж. жазушы, антиядролық әлем үшін күрескер Олжас Сүлейменовпен кездесу өтті, 23.10.2013 ж. Айман Каймульдинова және Анвар атты журналистермен шеберлік сынып өтті.
Қараша айында 5 каналда экскурсия өтіп, студенттер тележурналисттермен кездесеп, тележурналистика, оператор жұмысымен танысты.
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің Филология факультетінің «Жалын» және «Шабыт» клубтары келесі мақсаттар мен міндеттерді: жастар арасында мемлекеттік тілдің дамуы, шығармашылық деңгейді арттыру, және Отанға деген махаббат пен патриоттық рухты жігерлендіру болып табылады.
Студенттерді тәрбиелеу мақсатында факультеттің де қоғамдық рөлінің маңызы зор. Студенттер қоғамдық – саяси, әр түрлі іс – шаралар, ғылми –зерттеу жұмыстарына белсене араласады.
Құқықтық тәрбие жүргізу құқықтық ұйымдар арқылы, студенттік ортада профилактикалық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Ол патриоттар мен білімді азаматтардың қалыптасуына әсер етеді.
Салауатты өмір салтын ұстануды оқудың негізгі бөлшегі ретінде қарастыра отырып, нашақорлық және ішімдік профилактикаларына баса назар аударылған.
Студенттердің рухани – патриоттық білімдерін күшейту мақсаты да тәрбиелік жұмыстың бір бөлшегі болып табылады.
Тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыру барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына, жастарына студенттеріне арнаған бағдарламалық жолдаулары маңызды рөл атқарады. Студенттердің жастар саясаты тұжырымдамасымен «Қазақстан – 2020: Болашаққа бағдар – бірінші кезең (2013 – 2015)» іске асты. Студенттер сонымен қатар, мемлекеттің жастар саясатының 2020 жылға дейін тұжырымдамасымен, негізгі құқықтық актілерімен таныс болды.
Студенттердің кәсіби – педагогикалық бағыттарынын арттыруда Л.С. Петрушевскийдің 75 жылдығына орай РФ – 42 студенттер тобымен әдеби кеш өтті. Студенттер жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныс болды.
Студенттер факультеттің, жалпы университтің деңгейінде, әртүрлі мәдени іс – шараларда белсене қатысалы.
Студенттер сонымен бірге, университеттің спорттық, мәдени, ғылыми өмірінде белсене араласып, спорттық секциялар мен би секциялары (баскетбол Диль В. – 2 деңгейлі, Киселева К – коньки спорты бойынша Қазақстан құрамасы, Кравцова К – бал билері, Углугбекова М – дебат клуб).
Студенттердің көбісі филологиялық факультеттің 5 жатақханасында тұрады. Сондықтан оқу жылы басталғанда факультет оқытушылары 5 жатақханада кезекшілік атқарып, жатақханада тұрды, сонымен бірге студентерді техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
Шығармашылық тұлға қалыптастыру шығармашылық тапсырмаларды білім берудің ішкі инновациялық үлгісін шешуге көмектеседі.
Шығармашылықпен айналысып, қоғамға өз пайдасын тигізіп жүрген студенттер бізде қаншама. Солардың бірі және бірегейі 2АО «Арселор Миттал» компаниясының 22 жылдық мерейтойына орай журналистер арасында өткен «Стальное перо» байқауына қатысып, 2017 жылы қараша айында ҚЖ-32 тобының студенті Мадибекова Аяжан үздік деп танылды.



Қарағанды облысының әкімі Е. Қошановтың алғыс хатымен Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын және Қаз дауысты Қазыбек бидің өнегелі өмірін кең көлемде насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Қаз дауысты Қызыбек би жолымен: Бабаларға тағзым!» Халықаралық автокеруеннің өтуіне белсене атсалысқаны үшін 3 курс студенті Ықыласов Бек марапатталды.


Top