Қазақ тіл білімі кафедрасы

Кафедра тарихы

Қазақ тіл білімі кафедрасы

Кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Ш.М.Мажитаева

Қазақ тіл білімі кафедрасының негізі 1938 жылы қаланған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Қ.К.Тұңғышбаев болды. Әр жылдары кафедраға ф.ғ.к., доцент Ф.Кенжебаева, ф.ғ.д., профессор Х.М.Нұрмұқанов, ф.ғ.к. доцент С.Р.Ыбыраев, ф.ғ.д., профессор Т.Р.Қордабаев, ф.ғ.к., доцент Т.Қ.Смайылов, ф.ғ.д., профессор Ж.А.Жақыпов меңгеруші болды. 2001 жылдан бастап кафедра меңгерушісі – филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Мажитаева.

Қазір кафедрада 10 оқытушы қызмет атқарады. Оның екеуі – филология ғылымдарының докторы, профессор, жетеуі – филология ғылымдарының кандидаты. Магистратураны үздік бітірген Э.Н.Ажарбекова ғылыми ізденісін жалғастыруда.

70 жылдан астам тарихы бар қазақ тіл білімі кафедрасы бүгінгі таңда «050117 – қазақ тілі мен әдебиеті», «050205 – филология», «050221 – қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша мамандар (бакалавриат) дайындайтын кафедра. Жоғары оқу орнынан кейін «6N0205- филология», «6N0117-қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша магистратурада білім береді.

Кафедрада шетелмен байланыс жақсы жолға қойылған. Профессор-оқытушылар әр түрлі халықаралық оқу орындарымен ғылыми байланыс жасайды, олардың ішінде Ташкент қаласындағы Өзбекстанның Әлем тілдері университеті, Германияның Бонн, Қытайдың Чинжянь университеті бар. Аталған жоғары оқу орындарымен бірлесіп филология магистрі мен Ph.D. докторанттар дайындау туралы келісімшарт жасалынып, меморандумға қол қойылған. 2008-2009 оқу жылынан кафедрада 6D020500-филология (докторантура) мамандығы ашылды.

Кафедра ғалымдары мектеп оқушыларына ғылыми бағыт беріп, ізденушілік жұмыстарына жетекшілік етеді.

Кафедра құрамы

  • Мажитаева Шара Мажитаевна – ф.ғ. д., профессор, кафедра меңгерушісі
  • Әділова Алмагүл Советовна – ф.ғ.д., профессор
  • Пірімбетов Тұрмұхан Төлешович – ф.ғ.к., доцент
  • Жуынтаева Замзагүл Нағашыбаевна – ф.ғ.к., доцент
  • Тұрсынова Мархаба Ахметқалиевна – ф.ғ.к., кафедра доценті
  • Қазанбаева Айнагүл Зікіровна – ф.ғ.к., доцент
  • Рапишева Жанат Дабыловна – к.ф.н., доцент
  • Калиев Бектұрсын Аманқұлович – ф.ғ.к., кафедра доценті
  • Түйте Елдос Ергазыұлы – ф.ғ.к., кафедра доценті
  • Ажарбекова Эльвира Нәсіпқұлқызы – аға оқытушы, филология магистрі
  • Хасенов Болат Рашидович – оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Сапарова Қаламқас Ордабековна – оқытушы, педагогикалық ғылымдар магистрі
Оқытушы-профессорлар құрамы
Мамандықтар

«5В050117 – қазақ тілі мен әдебиеті», «5В050205 – филология», «5В050221 – қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша білім алған студенттер мектепте, колледжде, жоғары оқу орындарында, редакция, теле-радио орталықтарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде жұмыс істей алады.

Халықаралық бірлестік

Біліктілікті арттыру.

Кафедра оқытушылары оқу жылы бойы шетелде стажировкадан өтіп, шетел ғалымдарының дәрістеріне қатысып, біліктіліктерін жетілдірді. Сертификаттары бар:

1. Профессор Ш.М.Мажитаева 13.07.2012 – 4.08.2012 аралығында Дюсельдорф қаласында біліктілікті жетілдіру үшін сертификат алды.

2.Кафедра оқытушылары Түйте Е.Е., Рапишева Ж.Д., Тұрсынова М.А., Жуынтаева З.Н., Әділова А.С., Қазанбаева А.З., Ажарбекова Э.Н. 24.09.12 – 05.10.12 аралығында «Актуальные проблемы общего и германского языкознания» атты дәріс (36cағат) тыңдап, РҒА тіл білімі институтының сертификатын алды.

3. 2012 жылдың 4 желтоқсанында ҚарМУ өткізген «Инфактфактор журналына мақала жазу жайы» тақырыбындағы семинарға қатысып, проф. Ш.М.Мажитаева мен доцент М.А.Тұрсыновалар сертификат алды.

4.Доценттер Тұрсынова М.А., (193013), Рапишева Ж.Д., (189013), Түйте Е.Е.(192013) 2013 жылдың 19 қаңтарда «Қолданбалы дидактикалық материалдарды өңдеу және несиелік пен қашықтықтан оқыту технологиялары жағдайында білім беру әдістемелері» тақырыбында оқыту семинарына қатысып, біліктілігін жетілдіргені үшін сертификат алды.

5. Профессор Ш.М.Мажитаева 07.08.2012 – 17.08. 2012 аралығында «Политическая лингвистика» атты ғылыми-практикалық семинарға ( 36 сағат) қатысып, сертификат ( № 55) алды.

6. Профессор А.С.Адилова мен доцент З.Н.Жуынтаева «Педагогикалық өлшеу теориясымен әдістемелерінің негіздері тақырыбындағы профессор В.С.Аванесовтың семинарына қатысып, ұлттық тестілеу орталығының сертификатын алды. (05 – 09 қараша. Астана 2012 )

Студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмысы

2012-2013 оқу жылы бойынша кафедра ПОҚ-ның жетекшілігімен магистранттар мен студенттердің 40 шақты ғылыми мақаласы талқыланып, баспаға ұсынылды.

14.02.2013 күні магистранттар мен студенттердің ХХХҮІ жалпыуниверситеттік ғылыми-практикалық ғылыми-практикалық конференциясының І кезеңі болып, оған магистранттар Қаппасова А. (Жыраулар поэзиясындағы «жақсылық», «жамандық» концептісінің тілдік сипаты – ғыл.жет. Ш.М.Мажитаева), Қожамбердина М. (Толымсыз сөйлемдердің зерттелу жайы – ғыл.жет. З.Н.Жуынтаева) студенттер Бейсен Ф. (Қарағанды қаласының менсонимдері – ғыл.жет. А.С.Әділова), Сүлейменова А. (БАҚ материалдарындағы қосымшалардың жалғануындағы олқылықтар – ғыл.жет. М.А.Тұрсынова) қатысты. Аталған конференцияның ІІ кезеңі «Бөкетов оқулары – 2013» деп аталып, 27-28 наурыз күндері болды, конференцияға қатысушылардың мақалалары ғылыми жинақта жарық көрді. Конференция қорытындысы нәтижесінде Сүлейменова А. (ғыл.жет. М.А.Тұрсынова) жүлделі 3-орынға иеленіп, дипломмен және 8400 теңге көлемінде сыйлықпен марапатталды.

2013 жылдың 5 наурызында А.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы М.С.Серғалиевтің 75 жылдығына арналған «М.Серғалиев сабақтары – 2013» аясында өткізілген студенттердің «Тіл мен әдебиет теориясы, стилистика, көркем мәтін» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясына А.С.Әділова, А.З.Қазанбаева, Б.А.Қалиев, З.Н.Жуынтаевалардың студенттері қатысып, баяндама жасағаны үшін сертификат алды. Олардың ішінде Байзаққызы Лаура (КФ-11 топ студенті), Әзілханова Жансұлу (КФ-11 топ студенті), Асылбекқызы Қанағат (КФ-11 топ студенті) т.б. бар.

ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., проф. М.С.Серғалиевтің 75 жылдығына арналған «М.Серғалиев сабақтары – 2013» аясында өткізілген студенттердің «Тіл мен әдебиет теориясы, стилистика, көркем мәтін» атты ІІ республикалық ғылыми-теориялық конференциясына қатысып, үздік баяндама жасағаны үшін Асылбекқызы Қанағат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады (Ғылыми жетекшісі, ф.ғ.к., доцент Қалиев Б.А.).

2013 жылдың 23 сәуірінде ҚР БжҒМ Сулейман Демирель университетінде өткен «Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен» атты студенттердің ІІ ЖОО аралық дәстүрлі ғылыми конференциясына қатысып, ғылыми баяндама жасағаны үшін КФ-11 тобының студенті Байзаққызы Лаура (ғыл.жет. – Б.А.Қалиев) сертификат алды.

2013 жылдың 26 сәуірінде ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында өткен «Заң және қоғамдық ғылымдардың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының секциялық жұмысында өзекті мәселе көтергені үшін КО-41 тобының студенті Базылхан Гүлсім (ғыл.жет. – Б.А.Қалиев) мақтау қағазымен марапатталды.

Кафедра доценті Ж.Д.Рапишеваның жетекшілігімен Карамсакова А.К., Каримова А., Мукушева Ж. т.б. студенттердің ғылыми мақалалары Польша, Болгария елдеріндегі халықаралық конференция материалдарында жарияланды.

2012 жылдың қазан-қараша айларында Алматы қаласында өткен «Қазіргі қазақ тіл білімі: қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелері», «Фонетика ғылымдарының өзекті мәселелері: дамуының қайнар көздері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларға және «Түркітану және жастар: Қазақстанның тұрақты дамуы мен зияткерлік ұмтылыс» атты Әбжан Құрышжанұлы оқуларына кафедра доценттері Ж.Д.Рапишева, М.А.Тұрсынова, З.Н.Жуынтаева т.б. жетекшілігімен жазылған жұмыстар талқылаудан өтіп, мақалалары жарыққа шықты.

Кафедра ПОҚ-ы Ақтөбе қаласында өтетін қазақ тілі мен әдебиетінен пәндік олимпиадаға қатысу үшін 2-3 курс студенттері арасынан іріктеу турын өткізді. Алғашқы турға 26 студент қатысып, диктант жазды және 9 студент 2-турға қатысатын болды. 2-турда қазақ тілінің салалары бойынша кешенді талдау жасап, 3 студент олимпиадаға қатысатын болып шешілді. Олимпиадаға қатысатын студенттерге (Бажикеев Қ., Нұғманова Ж., Оспан Д.) оқытушылар 10 күннің көлемінде арнайы кесте бойынша дайындық жүргізді. Олимпиада 3-4 мамыр аралығында Ақтөбе қаласында өтті. Осының нәтижесінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттер арасындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» бойынша ұйымдастырылған республикалық пәндік олимпиадада біздің студенттер жүлделі бірінші орын иеленіп, бірінші дәрежелі дипломмен және ауыспалы кубогпен марапатталды. Олимпиаданың І, ІІ турлары бойынша жақсы нәтиже көрсеткендері үшін Құрмет Бажиккев пен Жібек Нұғманова 1, 2-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Жалпы алғанда әр түрлі дәрежедегі жинақтарда студенттердің 34 мақаласы жарияланды, ол 14,4 баспа табақты құрайды.

Магистранттардың 19 мақаласы жарияланды, ол 8,3 баспа табақты құрайды.

Оқытушылардың ғылыми жұмысы

Кафедрада ғылыми-әдіснамалық семинар бойынша айына бір рет отырыс болып, оған кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар қатысады. Жыл соңында бекітілген жоспар бойынша баяндамалар тыңдалып, талқыланады, пікір алмасады, ғылыми басылымдарға мақалалар дайындалады.

Ғылыми бағыт: Қазақ және орыс тілдерінің қазіргі тіл жағдайы мен құрылымдық-семантикалық өзгешелігі, ал қарастыратын мәселелерге: Көркем шығарманың тілдік ерекшеліктері; Тіл білімінің өзекті мәселелері; Когнитивтік, психолингвистикалық, этномәдени зерттеулер; Қазақ тілінің тарихы мен түркітануға байланысты зерттеулер жатады.

Жалпы алғанда, 2012-2013 оқу жылындағы жарияланымдар нәтижесі төмендегідей:

Имфакт-фактормен шыққан ғылыми мақалалар – 13 (5,3 б.т.);

ҚР шығатын ККСОН тізіміндегі журналдардағы ғылыми мақалалар – 12 (6 б.т.);

ҚР халықаралық конференция материалдарындағы жарияланымдар – 18 (7,6 б.т.);

Республикалық конференция материалдарындағы жарияланымдар – 8 (3,3 б.т.);

Жақын шетелдердегі ғылыми мақалалар жинағында – 1 (0,9 б.т.);

Алыс шетелдердегі ғылыми мақалалар жинағы мен халықаралық конференция материалдарында – 31 (12,7 б.т.);

Электронды оқулықтар – 1.

Кафедрада жасалатын ғылыми бағыттар

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТ:

Көркем шығарманың стильдік қолданыстары

Филология ғылымдарының докторы, профессор Хайролла Мырзағалиұлы Нұрмұқанов 1963 жылдан бастап Қарағанды педагогикалық институтында, кейін осы институт негізінде ашылған университетте оқытушы, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, декан болып қызмет істеді. Ол кісі 1969 жылы кандидаттық, 1994 жылы докторлық диссертациялар қорғады, 1972 жылдан доцент, 2000 жылдан профессор, 1998 жылдан әлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшесі, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне еңбегін сіңірген қызметкер» атақтарының иегері екені белгілі. Профессордың жетекшілігімен 6 кандидаттық, 1 докторлық диссертация қорғалды.

Докторлық диссертацияға негіз болған «Сөз және шеберлік» кітабы ұзақ уақыт бойы лингвист-ғалымдар, тіл өнерімен айналысушылар мен әуестенушілер, тіл жанашырлары ерекше ден қойып оқып жүрген іргелі ғылыми еңбек екені белгілі.

Негізгі лингвистикалық санат ретіндегі сөздің мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерін, лексикографиялық түзілу сипатын, тіл жүйесіндегі өзара байланыстары мен айырмашылықтарын, қолданылу әлеуетін көрсеткен ғалымның пікірлері, тұжырымдары тілшілердің бірнеше буыны басшылыққа, негізге алған құнды ойлар болды.

Қазіргі кезде арнайы зерттеу нысаны ретінде жеке-жеке қарастырылған потенциалды, окказионалды, эмоционалды, экспрессивті, пароним сөздер, сөзқолданыстағы екіұштылық мәселелері сияқты бірқатар тілдік құбылыстарды ғалым алғаш рет осы еңбегінде атап көрсетіп, өз ойын ұсынғаны мәлім. Аталған тақырыптар қазақ тіл білімінде зерттелуі кемшін түсіп жатқан немесе әлі де қолға алынбай жатқан мәселелер болғандықтан, Хайролла Мырзағалиұлы өз ізденушілерінің зерттеулері сол олқылықтың орнын толтырғанын қалады.

Хайролла Мырзағалиұлының «Сөз және сезім» монографиясы М.Әуезовтің драмалық шығармаларындағы сөзқолданыс арқылы ұлттық тіліміздің нақты және әлеуетті мүмкіндіктерін аңғартқан және әр туындының тілдік-семантикалық құрылымы ажырамас бірлікте қаралғанда ғана, оның коммуникативтік-прагматикалық қызметі толық ашылатынын көрсеткен алғашқы еңбектердің бірі.

Х.М. Нұрмұқановтың бірқатар мақалалары қоғам өміріндегі өзекті, мәнді, мәселелерге, яғни қазақ тілінің терминжасамы, БАҚ-ндағы сөзқолданыс сияқты мәселелерге арналған.

Бүгінде ұлағатты ұстаздың шәкірттері, студенттері ол кісі еңбек еткен оқу ордасында ісін жалғастыруда.

Атап айтсақ, 1998 жылы кандидаттық, 2009 жылы доктрлық диссертация қорғаған Әділова Алмагүл Советқызы, 2002 жылы кандидаттық диссертация қорғаған Тұрсынова Мархаба Ахметқалиқызы аталмыш кафедрада жұмыс істеп келеді.

Сондай-ақ университет қабарғасында еңбек ететін 2009 жылы кандидаттық диссертация қорғаған Жүнісова Марина Қабдылқалымқызы немесе қазақ тіл білімі кафедрасындағы тіл мәдениеті, көркем шығарманың тілі, көркем мәтінді лингвистилық талдау саласында ғылыми мақалалар, еңбектер жазып жүрген доценттер Т.Т.Пірімбетов, А.З.Қазанбаева, Б.А.Қалиевтерді айтуға болады. Аталған оқытушылардың барлығы ұстазымыздың ісін жалғастыруда еңбек етіп, көркем мәтінді лингвистикалық талдау мәселесімен айналысып, мәтіндегі сөзқолданыстардың берілу жолдарын, лексика-прагматикалық ерекшеліктерін, стилін, мәтіннің тілдік түзілу ерекшелігін, мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін қарастыруда және студенттерге дәріс беруде ол кісінің еңбектерін пайдалануда.

Сондай-ақ, Х.М.Нұрмұқановтың жетекшілігімен диссертациялар, дипломдық жұмыстар қорғаған кандидат, магистрант, студенттері Қазақстанның әр түкпірінде көптеп саналады.

 

Ғылыми жетекші:

 

  • Нұрмұқанов Хайролла Мырзағалиұлы

 

    1. Филология ғылымдарының докторы (1994 ж.), профессор (2000 ж.)
    2. 16.06.1929 жылы Орал облысы, Фурманов ауданында туған
    3. С.М.Киров атындағы мемлекеттік университет (1962), «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
    4. Қазақ тілі
    5. 1942-1950 жылдар – Орал облысында жұмысшы;

1950-1952 жылдар – комсомол комитетінде кадр және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі;

1952-1954 жылдар – Орал қаласындағы мұғалімдер институтында оқиды;

1954-1956 жылдар – Қарағанды облысы, Ақтөбе ауылында мұғалім, кейіннен мектеп директоры болды;

1956-1962 жылдар – С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетте оқиды;

1963 жылдан 2009 жылға дейін Қарағанды педагогикалық институтында, кейін осы институт негізінде ашылған университетте оқытушы, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, декан болып істеген.

1997 жылы ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі болып сайланды.

    1. 70 шақты ғылыми мақаланың, 1 монографияның, 2 оқу құралының авторы.
    2. Ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау: филология ғылымдарының докторы – 1 (Әділова А.С.), филология ғылымдарының кандидаты – 5 (Әділова А.С., Тұрсынова М.А., Кәукербекова Б., Бекмашева А.Н., Жүнісова М.Қ.), филология магистрі – 3.
    3. «За освоение целинных земель» медалі (1964 ж.), «Ветеран труда» медалі (1986 ж.), «Қазақстан Республикасының білім саласының құрметті қызметкері» (2002 ж.), «Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрметті қызметкері» (2002 ж.), «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 60 жыл» медалі (2004 ж.).
    4. Негізгі ғылыми еңбектері:

1. Қазақ тіліндегі паронимдер мен мағыналық екіұштылықтар. – Алматы: «Литера- М», 2007.- 152 б.

2. Кейіпкер тіліндегі юмор. Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.- 2007.- №4. – Б.112-115.

3. Естелік тіліндегі экспрессивті мәселелер. Қазіргі заманғы маңызды проблемалар. Халықаралық ғылыми журнал. №4- Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2008. – Б. 57-61

  1. Фото

 

Ғылым докторлары:

  1. Әділова Алмагүл Советовна
  2. Филология ғылымдарының докторы (2009), доцент (2008)
  3. ҚарМУ профессоры
  4. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қызыларай ауылы
  5. ҚарМУ (1983) Филолог-оқытушы

6. Мәтін лингвистикасы, тіл мәдениеті

7. 1983-1990 жылдар аралығында Қызыларай орта мектебінде мамандығы бойынша жұмыс істеген. 1991 жылдан бері Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент.

8. 50 шақты мақала, 2 оқу құралы («Көркем мәтінді лингвистикалық талдау»; «Қазақ тілі – заң факультетінің студенттеріне арналған»); монография («Сентенциялардың лингвостилистикалық сипаты»).

9. –

10. –

11. 1. Журналист және сөз қолданыс. – Журналистика ғасырлар тоғысында: республикалық конференция мат./ ҚарМУ. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002. – Б. 185-188. 2. Интертекстуалдылық жөнінде. – А.Байтұрсынұлы тағылымы: Республикалық ғылыми конференция мат./ ҚарМУ. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. – Б.17-19. 3. Автоцитата как феномен интертекстуальности. – Кыргызско-Российского Славянского университета вестник. 2008.№3.Б.-165-169

12. 87212770432 (жұм.); adilova2010@mail.ru

13.Фото

Ғылым кандидаттары:

  1. Тұрсынова Мархаба Ахметқалиқызы
  2. Филология ғылымдарының кандидаты (2002 жыл)
  3. 09.12.1966 жыл Семей облысы, Жарма ауданы
  4. Қарағанды мемлекеттік университеті (1990)

Филолог. Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы

6. Түркі тілдері

7. 01.09.1985-15.08.1990 – Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті;

29.01.1990-02.12.1991 – Қарағанды облыстық телевизия студиясының дикторы;

20.12.1991-08.12.1992 – Ә.Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтер училищенің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

08.12.1992-06.12.0996 – қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы;

06.12.1996-06.12.1999 – қазақ тіл білімі кафедрасының аспиранты;

14.12.1999-28.10.2001– қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы;

28.10.2001-2005 – қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы;

2005 жылдан – қазақ тіл білімі кафедрасының доценті;

8. 40 шақты ғылыми мақаланың, 2 оқу құралының, 3 оқу-әдістемелік құралдың, 2 электрондық оқу құралының авторы.

9. –

10. –

11. 1. Қазақ, қырғыз, өзбек тілдерінің салыстырмалы фонетикасы. Қарағанды: ЖШС «Санат-Полиграфия», 2006. – 116 б.

2. Көне түркі тілі. Қарағанды: ЖШС «Санат-Полиграфия», 2006. – 136 б.

3. Жіктеу есімдіктерінің септелуі. Филология и современность. Сборник научных трудов. – Ташкент, 2009. – С. 141-145.

12. 8(7212)72-27-07, 8-701-356-44-86, t_marhaba@mail.ru

13. Фото

  1. Кәукербекова Бағлан Сатибекққызы
  2. Филология ғылымдарының кандидаты (2006ж.)
  3. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, 06 сәуір, 1976 ж.
  4. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті (1997 ж.) Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы. Мамандық шифры 5212
  5. Қазіргі қазақ тілі, сөз мәдениеті.
  6. Қысқаша еңбек жолы жөнінде мәлімет:
    • 01.09.1992 – 30.06.1997 – Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенті (филология факультеті, үздік диплом ЖБ-І №0012056);
    • 25.08.1997 – Павлодар қ. №21 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі;
    • 01.09.1998 – Балқаш қ. №8 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
    • 01.09.1999 – №4 Балқаш кәсіптік техникалық лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы;
    • 05.11.2001 – Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Балқаш филиалында қазақ тілі оқытушысы;
    • 01.09.2003 – БГТИ-дің «Педагогика және филология» кафедрасы меңгерушісі;
    • 08.01.2007 – БГТИ-дің оқу-әдістемелік бөлім бастығы;
    • 06.04.2009– Орталық Қазақстан технология және менеджмент институты жанындағы колледж дир.;
    • 01.09.2010ж. – Орталық Қазақстан технология және менеджмент институты «Педагогика және әлеуметтік-ізгілендіру» кафедрасы меңгерушісі.
  7. 14 ғылыми мақала, 2 әдістемелік нұсқау, 1 оқу-әдістемелік құрал және 1 оқу құралы авторы.
  8. Негізгі ғылыми еңбектері:

– Синтаксистік және лексикалық омонимия мен семантикалық екіұштылықтар //Тіл білімі. ҚР Білім министрлігінің журналы, 2005ж.

– Сөз мәдениеті және тілдік қателіктер // Балқаш қаласының 70 жылдығына арналған «Балқаш өңірінің даму бағыттары мен мәселелері» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. 2007 ж. 263-266 бб.

– Нұрмұқанов Х.М., Бекмашова А.А., Кәукербекова Б.С.Қазақ тіліндегі паронимдер және мағыналық екіұштылықтар. /Оқу құралы: Алматы: «Литера – М» ЖШС, 2007ж.

12. 8(71036)53325; 8-701-773-60-00;

13. Фото.

      1. Бекмашева Ақтоты Нығметқызы
      2. Филология ғылымдарының кандидаты (1996)
      3. Академиялық атақ –
      4. Батыс Қазақстан облысы, 23 ақпан 1972
      5. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (1995)

Филолог. Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы.

    1. Тіл мәдениеті, көркем мәтін стилистикасы
    2. Қысқаша өмірбаян:

12.08.1990 – 15.08. 1995 – ҚарМУ-дың студенті (Филология факультеті), үздік диплом – ЖБ-І № 0006919

11.09.1995 – ҚарМУ-дың қазақ тіл біліміқ кафедрасының оқытушысы

01.11.1996-02.11.1998 – ҚарМУ-дың стажер-зерттеушісі

11.11.1998-11.11.2001 –ҚарМУ-дың аспирантурасының күндізгі бөлімінің асиранты

12.11.2001-01.09.2006 – Қазақ тіл білім» кафедрасының аға оқытушысы

13.09.2006 – Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы

01.09.2007 – Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының доценті

8. 25-ке жуық ғылыми мақала, 1 оқу құралы

9. 2 магистр

10.

11. 1. Фразеологиялық паронимдер Тілтаным.-А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты.-2006.№1(21). 134-140-бет

2. Паронимия және тіл мәдениеті мәселелері. Мемлекеттік тіл саясаты және тіл мәдениетінің өзекті мәселелері. ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. 4-6 қазан, 2007. Орал, 2008, 73-78-б.

3. Паронимдерді оқыту әдістемесі. «Қазіргі кезеңдегі педагог мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақалалар жинағы. Орал, 2010, 111-113-б.

12. 8 (711-2) 52-18-92 87771358151 e-mail: akku72@mail.ru

13. Фото

1. Жүнісова Марина Қабдылқалымқызы

 

    1. Филология ғылымдарының кандидаты (2009 ж)
    2. Академиялық атағы –
    3. Ақмола обл., Астрахан ауданы, 12 желтоқсан, 1970 ж.
    4. Қарағанды мемлекеттік университеті (1993 ж.)

Филолог. Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы

Мамандық шифры – 02

    1. Практикалық қазақ тілі
    2. Қысқаша еңбек биографиясы:

01.09.1988 – 28.06.1993 – ҚарМУ студенті (филология факультеті)

(диплом ФВ № 647946).

01.09.1993 – қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының

оқытушысы (ҚарМУ)

01.09.1994 – 1.07.1995 – С.Сейфуллин атындағы педагогикалық

институты, қазақ тілінің оқытушысы (Ақмола қаласы).

01.09.1995 жылдан бастап осы уақытқа дейін – қазақ тілінің

практикалық курсы кафедрасының аға оқытушысы (ҚарМУ).

  1. 16 ғылыми мақала
  2. 1.Жүнісова М.Қ. Әңгіме жанрында соңғы сөйлемдердің суреттемелік сипатта түзілу тәсілдері // Тілтаным. Алматы, 2004. – № 3 (15). – Б.116-121.

2. Жүнісова М.Қ. Бастапқы сөйлемдегі кейіпкер монологі // Қазақстан және Ресей: Ынтымақтастық жолы, мәдени байланыс, ғылым мен білім беру интеграциясы: Халықаралық ғыл-теория. конферен. мат. – Көкшетау, 2006. – Б. 66-69.

3. Жүнісова М.Қ. Бастапқы сөйлемдердің әңгіме тақырыбымен байланысы //Абай атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – Алматы, 2006. – №3 (17). –Б. 67-69.

12. Байланыс негіздері: 8(7212) 731643, 87011738819.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2016 жылғы 15 тамыздың шешімімен қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Алмагүл Советқызы Әділоваға Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалғандығын хабарлайды.

М.А.Тұрсынова Өскемен қаласына өткен «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндерінде» 19.05.2016

М.А.Тұрсынова Өскемен қаласына өткен «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндерінде» 19.05.2016

Тұрсынова М.А. «Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын Республикалық институтында курстан өтіп келді (2015 жыл).

Тұрсынова М.А. «Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын Республикалық институтында курстан өтіп келді (2015 жыл).

Кафедрада жүргізілетін тәрбиелік жұмыс

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шара

КФ – 11 тобы Қарағанды облыстық тілдерді дамыту орталығында практикадан өтуде. Жетекші – ф.ғ.к., доцент З.Н.Жуынтаева

Қазақ тіл білімі кафедрасында 12 оқытушы бар. Оның 8-і топ кураторлары. Атап айтқанда, КФ-11 тобына Э.Н.Ажарбекова, КС-11, КСк-11 тобына Б.Р.Хасенов, КФ-21 тобына профессор А.С.Әділова, КСк-21 тобына доцент Б.А.Қалиев КФ-31 тобына доцент М.А.Тұрсынова, КС-31 тобына доцент Ж.Д.Рапишева, КФ-41 тобына доцент А.З.Қазанбаева, КС-41 тобына доцент З.Н.Жуынтаева кураторлық етеді.

Қазақ тіл білімі кафедрасында студенттер мен оқытушылар құрамына азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие беру, рухани-өнегелі тәрбие беру, полимәдениетті тәрбие беру, әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету, ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу, студенттер мен оқытушылар құрамының білімге және дамуға қажеттілігін, әлеуметтік маңызды және жеке қасиеттері мен тұлғаның коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу, олардың арасында экологиялық, дене тәрбиесін беру және саламатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу, тағылымдамалар ұйымдастыру және жас мамандарды жұмысқа орналастыру, еңбектік және экономикалық тәрбие, интеллектуалдық мәдениетті дамытуға, жас дарындарды дамытуға және қолдауға бағытталған іс-шараларды өткізу жұмыстары кафедраның тәрбие жұмысы жоспарына сай атқарылып келеді. Кафедрадағы тәрбие жұмысының барысы кафедра, деканат, факультет Кеңесінің мәжілістерінде үнемі қаралып отырды.

Студенттердің ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмысы бойынша филология факультеті студенттеріне кафедра оқытушылары Ш.Мажитаева, А.Әділова, Т.Пірімбетов, Б.Қалиев т.б. жетекшілік жасап, студенттер аймақтық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға үнемі қатысып отырады. Кафедраның ұйымдастыруымен 20.12.2013 жылы профессор Ә.Болғанбаевтың 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тілтанудағы ірі тұлға» және 11.04.2014 жылы профессор Х.М.Нұрмұқановтың 85 жыл толуына орай қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Сөз және шеберлік» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциялар өтті.

Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге байланысты атап айтар болсақ:

19.09.2013 жылы КФ-21 тобының студенті Г.Абаканова ҚР халқының Тілдері күні қарсаңында ұйымдастырылған «Тілдарын – 2013» байқауына қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді (Кураторы – А.С.Әділова).

20.09.2013 жылы КФ-21 топтары ҚР халықтарының Тілдері күні қарсаңында ұйымдастырылған «Тіл – татулық тірегі!» атты республикалық жастар форумына қатысты (Кураторы – А.С.Әділова).

04.10.2013ж. – Кок-23, КСк-21 топ студенттері ұстаздар күніне орай «Ісі аңыз – ізгі адам» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды (Кураторы – Б.А.Қалиев).

07.10.2013ж. – факультетте КФ-21 тобының ұйымдастыруымен «Біз кімге еліктейміз?» ток-шоуы өтті (Кураторы – А.С.Әділова).

30.10.2013 жылы КФ-31 тобының студенттері облыстық «Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі Бұқар жырау оқуларына қатысты (Кураторы – М.А.Тұрсынова).

18-22.11.2013 жылы факультеттің 1 курс студенттері ҚарМУ-дың тарихы мұражайына кураторларымен бірге саяхат жасады.

2013 жылдың желтоқсан айында қазақ тіл білімі кафедрасының кураторлары топтарында «ҚР Тұңғыш Президентінің қазақстандық мемлекетті қалыптастырудағы рөлі» және «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (бірінші кезең 2013-2015 жылдар) жүзеге асыру аясында азаматтық белсенділік позициясын қалыптастыру және студенттер бастамашылдығын дамыту бойынша және «Тұңғыш Президенттің қазақстандық мемлекеттің қалыптасуындағы рөлі» атты тақырыптарда кураторлық сағаттар өткізді. Хаттамалары бар.

10.12.2013 жылы Е.Е.Түйте мен факультеттің 12 магистранты Қазақстанның жас депутаттар ассоциациясы өткізген «Будущее представительных органов власти» атты шараға қатысты.

12.12.2013 жылы КФ-31 тобының студенттері Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап кітапханасы ұйымдастырған «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты поэтикалық марафонға қатысты (Кураторы – М.А.Тұрсынова).

14.12.2013 жылы Е.Е.Түйте, Б.Р.Хасенов Кеншілер мәдениет сарайында өткен ҚР Тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік жиынға қатысты.

29.01.2014ж. – Е.Е.Түйте мен факультеттің 8 студенті құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткен «Профилактика преступлении и праванарушении» атты семинарға қатысты.

18.03.2014ж. – «Шабыт» ақындар клубының бастамасымен Қарағанды қаласының 80 жылдық мерейтойына орай «Қарағанды – жер жәннаты Арқадағы» атты поэзиялық кеш ұйымдастырылды. Кешке танымал ақындар, әншілер шақырылды. Кешті кафедра оқытушысы Е.Е.Түйте жүргізді.

20.03.2014ж. – кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы Күні қарсаңында ұйымдастырылған «Наурыз-мейрамы» атты мерекелік шара өтті.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын қолдау мақсатында топ кураторлары топтарында кураторлық сағаттар өткізді.

Оқу жылының басынан жоспарланған мәдени іс-шараларды кафедра оқытушылары жатақханада да өткізді. Сонымен қатар, жатақханаға мереке күндері де кафедра оқытушылары қосымша кезекшіліктерге барып отырды.

Кафедра кураторлары «Жас талап – молодое дарование – 2013», «Студенттер қатарына қабылдау-2013», байқауларына студенттерді қатыстырып, белсенділіктерін көрсетті. «Жас талап – молодое дарование – 2013» байқауы бойынша филология факультеті гран-при иегері атанды.

«Университет аумағы мен бекітілген территорияларды тазалау мен қалыпқа келтіру бойынша екіайлық шарасын» өткізу жоспарына сәйкес кафедра оқытушылары мен студенттері күз айларында республикалық, облыстық, қалалық, жалпыуниверситеттік сенбіліктерге шықты. Сонымен қатар, «Тазалық бейсенбісінде» кафедраға қарасты дәрісханалар жуып тазаланды.

 

 Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к., тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасры Е.Е.Түйте. Жас талап – 2013. Дайындық барысы

 Жас талап – 2014

 Ф,ғ.к., доцент Б.А.Қалиев және КФ-21 тобының студенттерінің Ішкі істер қызметкерлерімен кездесуі

 Профессор А.С.Әділова және КФ-31 тобының студенттері. Астана қаласында өткен пәнаралық олимпиада. ІІІ орын

Top