Қазақ әдебиеті кафедрасы

Кафедра тарихы

Кафедра меңгерушісі м.а. ф.ғ.д., профессор Ж.Ж.Жарылғапов
Қазақ әдебиеті кафедрасы

Кафедра тарихы: Кафедра 1966 жылы Қарағанды мұғалімдер институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» деп аталған ортақ кафедрадан бөлініп, өз алдына жеке шаңырақ көтерді. Жаңа ұжымды сол шақтағы филология ғылымдарының кандидаты, доцент З.Т.Жұмағалиев басқарды. Кафедраның алғашқы құрамында филология ғылымдарының кандидаты, доценттер А.Н.Нәрешов, Ә.Әзеиевтер, аға оқытушылар Қ.К.Лекеров, М.К.Смағұлов секілді білікті мамандар еңбек етті. 2004 жылы кафедра «Қазақ фольклоры және әдебиет тарихы» және «Әдебиет және теория» кафедралары болып дербес жұмыс жасады да, 2007 жылы «Қазақ әдебиеті» атауымен қайта біріктірілді.
Бүгінде тек Орталық Қазақстан аймағында ғана емес, еліміздегі білім мен ғылымның орталығына айналып отырған қазақ әдебиеті кафедрасы елу жыл тарихында орта және арнаулы орта мектептерді білімді де сауатты мамандармен қамтамасыз етуде өлшеусіз еңбек сіңірді. Мыңдаған шәкірт білім-ғылым нәрімен сусындап, мұғалім, тәлімгер-ұстаз аталатын қасиетті мамандықтың иесіне айналды. Оның бәрі де бүгінде еңбек ардагері атанып отырған ғалым-әдебиетші ағаларымыз бен апайларымыздың арқасы десек, артық айтқандық емес.
Жаңадан ашылған кафедраның ірге тасының берік нығайуына еңбек сіңірген ардақ тұтар тұлғалардың бірі – филология ғылымдарының кандидаты, доцентАйтбай Нәрешұлы Нәрешов болатын. Сталиндік «халық жауларын әшкерелеу» науқанының салдарынан біраз жылдар бойы тағдыр талқысын көрген ағамыз халық ауыз әдебиеті мен қазір хандық дәуір әдебиеті аталып жүрген қазақ әдебиеті тарихынан өте білгір маман, ғалым-әдебиетші еді. Дәріс жүргізудегі педегогикалық шеберлігі өте жоғарылығы сондай, дәріс оқу барысында ала келген дәріс мәтініне бірде бір қарап жатпайтын. Қарағанды мұғалімдік институтының қабырғасына елуінші жылдардың аяқ шенінде келген А.Н.Нәрешов оқу орны университет дәрежесіне ие болғаннан 1980 жылы қайтыс болғанға дейін жан аямай қызмет жасады. Сол кезеңде алдын көріп дәріс тыңдау құрметіне ие болған шәкірттері ардагер ағаны үнемі қимастықпен еске алады.
Білікті маман дайындауда мұғалімдік шеберлікті шыңдауды басты мақсат етіп алға қойған кафедра ашылған кезден-ақ  тәжірибелі де ізденімпаз ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері Қаби Кәкенұлы Лекеров жұмысқа шақырылды. Ұстаздық қызметпен қоса ғылыми зерттеу жұмыстарымен шұғылдануды биік мақсат тұтқан ағаның ғылыми шығармашылығындағы жүзден астам сын-зерттеу және публицистикалық мақалалары мен «Қазақ балладалары» (1997) атты еңбегі ұлттық әдеби сын мен ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге үлес болып қосылды. Жасы ұлғайған шағына қарамастан ардагер ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, доцент  К.К. Лекеров биылға дейін кафедра ұжымымен тығыз қарым-қатынастағы байланыста болып,  тоқсаннан асып барып дүние салды.
КазПИ-ді бітіріп, арнайы жолдамамен кафедраға жас маман ретінде келіп  жұмысқа орналасқан  Мұрат Кәрменұлы Смағұлов ұжымда ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Қызығы мен қиындығы мол ұстаздық міндетімен қоса әуеліде пединституттың комсомол ұйымының хатшысы, университет атағына ие болғанда кәсіподақ ұйымының басшысы, партия ұйымының хатшысы және факультет деканы қызметтерін атқарды. Қоғамдық қызметтерде жүруіне байланысты ғылыми атақ алуға мүмкіндігі бола қоймаса да ұлттық әдеби сын мен әдебиетану ғылымындағы  жүзге тарта мақалалары мен оқу-әдістемелік  құралдары жас мамандар дайындау жолындағы  игілікті істерде өз міндетін молынан атқарғаны анық. Білімді де білікті ұстаз ретінде факультет ұжымы мен студенттер алдында үлкен беделге ие бола алған ардегер ұстаз әріптестері мен шәкірттерінің мәңгілік жадында жүретіні айнымас ақиқат.
Қазақ әдебиеті кафедрасын 1986-1991 жылдары филология ғылымдарының кандидаты, доцент Күлмағанбет Лекерұлы Есбаев басқарды. Заманының заңғар жазушысы атанған классик жазушы М.Әуезовтің шәкірті, ұлы тұлғаның ғылыми жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғаған  ғалымның ғылыми зерттеу нысаны Ұлы Абайдың сыншылдық-эстетикалық көзқарасы еді. Осы тың да өзекті тақырып турасында жүзге тарта ғылыми мақалалар мен бірнеше оқу-әдістемелік құралдары жарыққа шықты. Өкініштісі ұлттық эстетиканың тарихы туралы дайын тұрған докторлық диссертациясын қорғауға үлгермей кетті. К.Л.Есбаев кафедра меңгерушісі ретінде ұжымның  ғылыми әлеуетін арттыру жолында ерекше еңбек сіңірді. Осы жылдары кафедра ұжымы А.Ақашев, Т.О.Есенбеков, Б.Мамыраев секілді жас ғылым кандидаттарымен толықты. Олар бүгінде басқа оқу орындарына ауысып кетсе де ғалым атануларына  қазақ әдебиеті кафедрасы жол ашқаны анық. Білімді ұстаз, білікті басшы ретіндегі еңбегін әріптестері мен студенттер қауымы қадір тұтқан К.Л.Есбаевтың кафедра тарихындағы тұлғасы құрметпен аталары анық.
Аға буынының әрқайсы бір-бір мектеп еді. Ақтық демінің соңына дейін өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінің жуан ортасында жүріп, даланың дархандығы мен қазақтың кемеңгерлігін арқалаған ұлағат иелеріне деген құрмет жылдар жылжыған сайын үдей түскені сезіледі.
Кафедра ұжымында 1974-1996 жылдар аралығында  бүгінде  филология ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Кәрібайқызы Кәрібаева жұмыс жасады. 1995-96 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Алаш жұртына танымал әдебиет сыншысы, ғалым-әдебиетші қазақ лирикасының көркемдік ізденістері туралы мақалалары мен іргелі зерттеулерін жарыққа шығарды. Ғалымның «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы», «Қара өлең мен лирика», «Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары» еңбектері  ұлттық әдебиеттанудың жаңа концепциясын негіздеудеуге мұрындық болғаны сөзсіз. Ұлттық әдебиеттің тарихы мен теориясын ұзақ жылдар індете  зерттеп, оның практикалық қажеттіліктерін де назардан қақас қалдырмай келе жатқан ұстаз-ғалымның жаңа көзқарасқа негізделген еңбектері аз емес.
Қазіргі таңдағы белді әдебиеттанушыларымыздың бірі профессор Темірғали Есембековтің де ғылым мен білім беру жолындағы бір белесі біздің кафедрамызбен байланысты. Ғалым өмірінің Қарағанды кезеңі ұлттық әдебиеттану ғылымына қомақты үлес болып қосылған құнды еңбектерімен есте қалды.
Кафедра тарихында құрметтпен аталатын ардагер ұстаздардың бірі – аға оқытушы Сара Мұқышқызы Жұмабекова. КСРО халықтары әдебиеті тарихынан дәріс жүргізген білгір маман кішіпейіл мінезімен, адамгершілік болмысымен қадір-қасиетке ие бола білді. Парасат-пайымын тек қана жас ұрпақтың салауатты да сауатты маман болып шығуына арнаған ардагер ұстаздың кафедраның абырой-беделінің арта түсуіне сіңірген еңбегі орасан зор. Әділ де турашыл қасиетке негізделген көзқарасымен шәкірттерін орасан мол білім нәрімен сусындата білді. «Туысқан халықтар әдебиеттерінің әдеби байланысы» тақырыбын ғылыми зерделеу бағытында елуге тарта ғылыми мақалалар мен бірнеше оқу-әдістемелік құралдарын жарыққа шығарды. Қазір демалыстағы ардагер ұзақ жылдар бойғы еңбегінің зейнетін көруде.
Ұзақ жылдар бойы кафедраның іс-қағаздары мен құжаттарына үлкен жауапкерлікпен қарап, адал еңбегі арқасында сый-құрметке ие болған еңбек ардагерлерінің бірі, аға лобарант қызметін атқарған Бишөкен Көрпебаева еді. Пррофессор Ж.Смағұлов апамыздың есімін аса бір жылылықпен еске ала отырып, «Күніне төрт-бес пара дәріс оқып, аудиториядан қажып шыққан оқытушыны өзінің жайдары жарқын мінезімен, үлкенге қарындас, кішіге апа бола алған мейірім шапағатымен жадырататын. Түрлі тексерістер мен  комиссияларда кафедра құжаттарының сақадай-сай дұрыс та түгел дайын тұратыны – осы апайдың қажымай атқара білген көзге көріне бермейтін, кезінде бағалана да қоймайтын еңбегінің арқасы. Қазір зейнеткерліктегі апайымыздың дәрістер арасындағы үзілісте алдымызға бір шыны қара шайын ала жүгіруінің өзі-ақ бір ғанибет болатын» дегені талай жайтты аңғартқандай.
Қазақ әдебиеті кафедрасының іргетасын қалап, оны 20 жыл бойы басқарған, филология ғылымдарының докторы, профессор Задан Тасқалиұлы Жұмағалиевуниверситет қабырғасында бертінгі жылдарға дейін еңбек жасады. Республикаға танымал әдебиетші ғалымның «Өршіл гуманизм өнегесі», «Дауылды жылдар шежіресі», «Уақыт және әдебиет», «Замана сазы», «Жылдар, ойлар», «Бел-белесте» атты монографиялары мен «Шындық және көркем әдебиет», «Кезең және әдебиет» оқулықтары секілді жарық көрген еңбектері ұлттық әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңіне қомақты үлес болып қосылған еңбектер қатарында саналады. Екі жүзге тарта ғылыми зерттеу бағытындағы және сыни мақалалары ­- ардагер ұстаздың ұзақ жылдар бойғы тынымсыз ізденісінің жемісі. Студенттерге қатал талап қоя білетін талғамымен сапалы да білімді мамандар әзірлеу жолындағы ерекше еңбегі атап айтуға тұрарлықтай. Задан Тасқалиұлы біздер үшін «қатал» мұғалім көрінетін. Кейін ойланып қарасам, сол қаталдықтың астарында үлкен жүректен ғана шығатын мейірім жатады екен-ау. Зәкең ұстазымыздың бойындағы ең асыл қасиет – әділдік болатын. Оның турашылдығы арқылы берілген тәрбие кейін бізге өмірдің қиыр-шиырынан өз жолымызды тауып кетуге септігін тигізді.
Қазіргі таңда оқу үдерісінің қайнаған ортасында жүрген профессорлар Ж.Смағұлов, Б.Рахимовтар кафедра басшылығында болған 1990 жылдары қыруар жұмыстар атқарылды. Бұл кезең – тоталитарлық жүйенің бағы тайып,  санадағы қозғалыс пен рухани сілкінудің кезеңі болды да ендігі уақытта тоталитарлық жүйе эстетикасының теориялық негіздері турасында нақты тұжырымдар қажет еді. Дәл осы шақта кафедра С.Жұмағұлов, А.Әлтай, А.Бабашов, С.Такиров, Ж.Рүстемова, М.Жетпісбаева, Ж.Жарылғапов, Ж.Шекенұлы, Қ.Сейтжанов, К.Төлеубаева, А.Жұмағұлов, Ж.Жұмагелдин т.б. жас мамандармен толықты. Олар қазақ әдебиетін зерттеу мен оқытудың ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік бағдарын түбегейлі, жаңаша қарастыру ісін батыл қолға алды.
1998 жылдары кафедра меңгерушілігін атқарған профессор Мәуен Хамзаұлы Хамзиннің есімі жаңашыл ізденістер мен кадрлық әлеуеттің күрт артуымен тығыз байланысты. «60–80-жылдардағы қазақ романының стилі мен типологиясы» зерттеуі қазақ романының жанрлық жүйесін, поэтикасын таудағы маңызды белес. Ізбасар шәкірт дайындауда тәлімгерлік ақыл-кеңесін аямаған ғалымның жетекшілігімен кафедра мүшелері Ж.Жарылғапов, К.Төлеубаева, А.Жүсіповалар филология ғылымдарының кандидаты атағын алды.
Осы аталған ардагер тұлғалардың, өнегелі тәлімгерлердің, ұлағатты ұстаздардың ерен еңбегінің арқасында қазақ әдебиеті кафедрасы республикадағы қазақ әдебиеттану ғылымында орны бар ғылыми орталық дәрежесіне көтеріле алды. Кафедра ұжымында қазірде жұмыс жасайтын еліміздегі ғылыми ортаға есімдері танымал Ж.Қ.Смағұлов, М.І.Әбдуов, Б.С.Рахимов, Ж.Ж.Жарылғаповтай 4 ғылым докторы, профессорлар,  С.У.Такиров, К.Жекеева, Ж.А.Рүстемова, К.Төлеубаева, А.Б.Жұмағұлов сияқты 4 ғылым кандидаты мен Ж.Жұмагелдин, А.Бейсентай, А.Мырзахметов, Б.Сыздықова, А.Ж.Әбдіқадырова секілді ғылым магистрлері тек өз кафедрамыздың түлектері болуы тәлімгер аға-апаларымыздың біліктілігінің биік көрсеткіші. Ал  кафедра тарапынан ғылымға жолдама алған басқа ЖОО-дағы әдебиетші ғалымдарды атасақ, тізімнің ұзара түсері анық.
Тәуелсіздік жылдарының өзінде қазақ әдебиеті кафедрасының ғылыми өнімі ретінде ұсынылған ондаған монография жарыққа шықты. Атап айтқанда, профессор З.Т.Жұмағалидің «Жылдар, ойлар…», «Бел-белесте», М.Әбдуовтың «Қазақтың діни эпосы», «Халық ақындары және фольклор», Ж.Смағүловтың «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы», «Бата сөздердің тағылымдық табиғаты», «Әдебиеттану әлемі»,  «Әдебиеттану әдіснамасы», Б.Рахимовтың «Тарихи жырлар тағылымы», «Тарихи эпос табиғаты», «Қазақ тарихи жырларының поэтикасы», «Түркі халықтарының фольклоры», Н.Жұмаділованың «1960-90 жылдардағы қазақ әдебиетінің даму тенденциялары», С.Жұмағұловтың «Сын сардары», «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы (1956-1991ж.ж)», Ж.Жарылғаповтың «ХХ ғасыр соңындағы қазақ прозасының идеялық-эстетикалық мәселелері», «Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер», «Ұлттық прозадағы әдеби ағымдар типологиясы», С.Такировтың «Әдеби сын белестері», «Көркемдік көкжиегі», Ж.Рүстемованың «Қазіргі балалар ертегі-әңгімесі: жанры және поэтикасы», А.Жұмағұловтың «Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы» т.б. Сонымен қатар, «Қазақ прозасы: модернизм және постмодернизм», «Қазақ әдебиеттануы: кеше және бүгін», «Даналық дидары» сынды ұжымдық монографиялар мен ғылыми жинақтар ұлттық әдебиеттанудың ең ділгір мәселелеріне арналды. Сонымен қатар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының оқу үдерісін жетілдіру мен қазақ әдебиетін тереңдете оқытуға арналған «Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығын оқыту мәселелері», «Әдебиетші әлемі»,» ХХ ғасыр соңындағы қазақ прозасының идеялық-эстетикалық мәселелері», «Ғұмар Қараш шығармашылығы», «А.Байтұрсынұлы – аудармашы», «Кезең және әдебиет», «Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері», «Қазақ романындағы кейіпкердің рухани әлемі (ХХ ғасырдың 70 – 90 жылдары)», «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы», «Қазақ балалар әдебиеті», «Жанр және көркемдік әдіс», «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы», «Гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау», «ХХ ғасырдың қырқыншы-алпысыншы жылдарындағы сын және әдебиеттану», «Қазақ әдебиеті тарихының зерттелуі (1968-1984 жылдардағы еңбектер негізінде)» т.б. оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар жазылды.
Кафедрада ұлттық әдебиеттанудағы бірнеше мектептердің қанат жайғанын көреміз. Соның бірі – әдебиеттану ғылымының, оның сын тармағының қалыптасуын ыждаһатты тұрғыда зерттеп келген Т.Кәкішевтің ғылыми мектебі Қарағанды ғалымдарымен де өрістеп келе жатыр. Неге десек, ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихи негіздері мен қалыптасып-дамуын жан-жақты қарастырған Ж.Смағұлов та, С.Жұмағұлов та Тұрсекең тәлімінде тәрбиеленді. Демек, әдебиеттану деп аталатын ғылым саласының күрделі жолын Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы қарастырып шықты деп ауыз толтыра айтуға болады. Ал академик Рымғали Нұрғалидің ғылыми мектебінен қанаттанған буын әдебиет теориясының қордаланып қалған мәселелерін қолға алып, көркемдік әдіс, әдеби ағым мен бағыт, мазмұн мен пішін, образ бен характер, тақырып пен идея, жанр мен түр т.б. теориялық категорияларды ұлттық әдебиет мысалында қарастыруға ден қойды.
Бүгінгі таңда ҚарМУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасы мынадай ғылыми бағыттар бойынша жұмыстар атқаруда:
1. Қазіргі қазақ әдебиеті: жанр және стиль мәселелері. Мұнда қазіргі қазақ әдебиетінің жанр жүйесі мен стиль мәселелері кешенді зерттеу міндеттері қойылып отыр. Негізгі мақсат – қазіргі қазақ әдебиетінің даму жолындағы, идеялық-эстетикалық жаңа биікке шығу бағдарындағы жанр табиғаты  мен стильдік ізденістерді кешенді зерттеу.
2. Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы мен әдіснамасы. Бұл бағыттың негізгі нысаны – ұлттық әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу және даму жолдарының тарихын қарастыру. Әдебиеттің ғылыми тарихын жасау бағытында қол жеткізген табыстары мен олқылықтарын сараптап, дәуірлеудегі жаңа концепция негізінде қазақ әдебиеті қалыптасу кезеңдерін айқындау және ертедегі әдебиет нұсқаларын ғылыми айылымға түсірудегі қадамдардың әдеби-тарихи маңызын ашып көрсету. Әдеби сын табиғатын саралап, қазақ сөз өнері теориялық тарихының даму өрісін жанр жүйесінің зерттелуі тұрғысынан анықтау. Аталмыш бағыт бойынша жазылып жатқан ғылыми еңбектерде ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы мен әдіснамасы жүйелі зерттелуде. Әдеби сын эстетикасы айқындалып, әдеби сынның шеберлік қыры мен көркемдік даму мәселелерін полемикалық, проблемалық аспектіде зерделенуі талданады.
3. Көркем шығарма мәтіні және филологиялық  талдау. Яғни көркем шығарма мәтін және мәтінтану мәселелерін қарастыру, әдеби туындыны филологиялық талдаудың ғылыми-әдіснамалық сипатын саралау. Көркем шығарма мәтін және мәтінтану мәселелері зерттеліп, әдеби туындыны филологиялық талдаудың ғылыми-әдіснамалық тұрғылары сараланады.
Бүгінде Қарағанды мемлекеттік академик Е.А.Бөкетов атындағы университеті респубикадағы белді де беделді оқу орындарының бірі  дәрежесінде танылуында кафедрада жұмыс жасаған  алдыңғы буынның және заманауи білім берудің қайнаған ортасында жүрген қазіргі толқынның да қажыр мен қайратқа толы қолтаңбасы бар.

Оқытушы-профессорлар құрамы:

  1. Ж.Ж.Жарылғапов – кафедра меңгерушісі, профессор, ф.ғ.д.
  2. Б.С.Рақымов  – профессор, ф.ғ.д.
  3. М.І.Әбдуов – профессор, ф.ғ.д.
  4. Ж.Қ.Смағұлов – профессор, ф.ғ.д.
  5. С.У.Такиров  – доцент, ф.ғ.к.
  6. Ж.А.Рүстемова – доцент, ф.ғ.к.
  7. К.А.Төлеубаева – доцент, ф.ғ.к.
  8. А.Б.Жұмағұлов – доцент, ф.ғ.к.
  9. Ж.Ш.Жұмагелдин – аға оқытушы,ф.ғ.магистрі
  10. А.Б.Бейсентай – оқытушы, ф.ғ.магистрі
  11. Б.С.Сыздықова– оқытушы, ф.ғ.магистрі
  12. А.Ж.Абдикадирова – оқытушы, п.ғ.магистрі
  13. А.А.Мирзахметов – аға оқытушы, г.ғ.магистрі

Оқытушы-профессорлар құрамы
Мамандықтар

Мамандықтар. Кафедра – 5В011700 – қазақ тілі мен әдебиеті, 5В020500 – қазақ филологиясы, 5В012100 – басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша білікті мамандар дайындайды. 6М0117 қазақ тілі мен әдебиеті, 6М0205 филология мамандығы бойынша магистранттарды дайындайды.
Бітіруші түлектер оқуды тамамдаған соң мынадай салаларда қызмет атқара алады:

  • білім: (жалпы орта білім беретін, кәсіптік орта білім беретін мектеп, мекемелер, гимназия, лицей,  колледждердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі);
  • ғылым зерттеу ісі: (зерттеуші-мұғалім, шығармашылық және басқа да жоба қызметкері);
  • БАҚ: (баспа редакторы, диктор);
  • Баспа ісі: (баспа редакторы);
  • Мемлекеттік қызмет: (мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдардағы түрлі деңгейдегі қызметкерлер).
Халықаралық бірлестік

Халықаралық бірлестік. Кафедра оқытушы – профессорлары Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Еуразия гуманитарлық институты сияқты т.б жоғары оқу орындарының қазақ әдебиеті кафедраларымен ғылыми – зерттеушілік, әдеби – шығармашылық байланыс орнатылған.
Қазақ әдебиеті кафедрасы Шыңжан (Қытай) университетімен, Диджле (Түркия) университетімен, Іле (Қытай) педагогикалық институтымен, сонымен қатар «Түркі академиясы» ғылыми орталығымен ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша меморандум жасалған.
Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы Еуропаның, Азияның ЖОО-да халықаралық тағылымдамадан өтті. Профессорлар М.І.Әбдуов, Ж.Қ.Смағұлов, Ж.Ж.Жарылғаповтар Қытайдың ЖОО-да, С.Б.Жұмағұлов Еуропаның (Чехия) ЖОО-да өз тәжірибелерін шыңдап келді.

Кафедрада жасалатын ғылыми бағыттар

Кафедрада жасалатын ғылыми бағыттар.
Кафедраның ғылыми-зерттеу бағыттары:
1. Қазіргі қазақ әдебиеті: жанр және  стиль мәселелері. Қазіргі қазақ әдебиетінің жанр жүйесі мен стиль мәселелері кешенді зерттеу міндеттері қойылады. Қазіргі қазақ әдебиетінің даму жолындағы, идеялық-эстетикалық жаңа биікке шығу бағдарындағы жанр табиғаты  мен стильдік ізденістерді кешенді зерттеу.
Қазіргі қазақ әдебиетінің жанр жүйесі мен стиль мәселелері кешенді зерттеу нысанына алынады. Әдебиеттің даму жолында тарихи қалыптасқан ортақ көркемдік құбылыстар – ағым мен бағыт ұғымдарының зерттелу тарихына зер салынып, аталмыш әдеби-теориялық категориялардың табиғаты туралы тұжырымдар жүйеленіп, олардың өзіндік ерекшеліктері нақтыланады.
Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы мен әдіснамасы жүйелі зерттеледі. Әдебиет тарихын ғылыми негізді зерттеуде маңызды қадамдар жасалады. Әдеби сын эстетикасы айқындалып, әдеби сынның шеберлік қыры мен көркемдік даму мәселелерін полемикалық, проблемалық аспектіде зерделенуі талданады. Қазақ сөз өнері теориялық тарихының даму өрісі жанр жүйесі тұрғысынан зерттеліп, типологиялық, герменевтикалық әдіс-тәсілдерді ұштастыра қолдану тәжірибесінің шығармашылық арнада кеңінен игерілуі талдап көрсетіледі.
2. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы мен әдіснамалық мәселелері. Ұлттық әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу және даму жолдарының тарихын қарастыру. Әдебиеттің ғылыми тарихын жасау бағытында қол жеткізген табыстары мен олқылықтарын сараптап, дәуірлеудегі жаңа концепция негізінде қазақ әдебиеті қалыптасу кезеңдерін айқындау және ертедегі әдебиет нұсқаларын ғылыми айылымға түсірудегі қадамдардың әдеби-тарихи маңызын ашып көрсету. Әдеби сын табиғатын саралап, қазақ сөз өнері теориялық тарихының даму өрісін жанр жүйесінің зерттелуі тұрғысынан анықтау.
Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы мен әдіснамасы жүйелі зерттеледі. Әдебиет тарихын ғылыми негізді зерттеуде маңызды қадамдар жасалады. Әдеби сын эстетикасы айқындалып, әдеби сынның шеберлік қыры мен көркемдік даму мәселелерін полемикалық, проблемалық аспектіде зерделенуі талданады. Қазақ сөз өнері теориялық тарихының даму өрісі жанр жүйесі тұрғысынан зерттеліп, типологиялық, герменевтикалық әдіс-тәсілдерді ұштастыра қолдану тәжірибесінің шығармашылық арнада кеңінен игерілуі талдап көрсетіледі.
3. Көркем шығарма мәтіні және мәтінтану. Көркем шығарма мәтіні және мәтінтану мәселелерін қарастыру, әдеби туындыны филологиялық талдаудың ғылыми-әдіснамалық сипатын саралау.
Көркем шығарма мәтін және мәтінтану мәселелері зерттеліп, әдеби туындыны филологиялық талдаудың ғылыми-әдіснамалық сипаты сараланады.

Кафедраның ғылыми-зерттеу бағыттарының нәтижелері:

Жарылгапов Ж.Ж Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер: Монография – Қарағанды: Изд-во «Гласир», 2009, – 400 стр

Жарылгапов Ж.Ж Ұлттық прозадағы әдеби ағымдар типологиясы: Монография. Қарағанды: Изд-во «Арко», 2011. – 182 стр;

Cмагулов Ж.Қ ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы: Учебник, – Алматы «Эверо», 2014,- 482 стр

Абдуов М.І. «Қазақтың діни эпосы», Учебник, – Алматы «Жалын», 2006

Жумагулов С.Б. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы. Монография. – Қарағанды: «Гласир», 2008;

Жумагулов А.Б. «Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы», Монография, 2012;

Рустемова Ж.А. «Қазақ балалар ертегі-әңгімесі», Монография, 2010

Смагулов Ж.Қ. Бата сөздердің тағылымдық табиғаты: Монография .- Қарағанды: Изд-во «Ризографиялық баспа», 2009. – 144 с

Жумагулов С.Б. Ғұмар Қараш шығармашылығы. Учебное пособие. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005

Такиров С.У. «Әдеби сын белестері», Монография, 2010

Рустемова Ж.А. Учебная пособия «Қазақ балалар әдебиеті», 2011;

Рахимов Б.С. «Тарихи жырлар» Учебник, 2009;

Төлеубаева К.А. «Қазақ романындағы кейіпкердің рухани әлемі»; Монография, 2009

Смагулов Ж.Қ. «Ұлттық әдебиеттану әлемі», Монография – Қарағанды: Изд-во«Болашақ-Баспа»,2005

Қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Нарманбет Орманбетұлы және азатшыл Алаш әдебиеті» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған ақын мұрасын зерттеуші Туғанбаев Амангелді, «Отырар» ғылыми кітапханасының директоры, ф.ғ.д., профессор Тұрсын Жұртбай, Астана қаласы тілдерді дамыту «Руханият» орталығының басшысы, ф. ғ. к., доцент Ербол Тілешов, тіл жанашыры Сабыржан Шүкірұлы, ф.ғ.д., профессор Жантас Жақыпов қатысып баяндама жасады.
Соңғы жылдары қазақ әдебиеті кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының бірнеше ғылыми зерттеу еңбектері жарық көрді. Соның ішінде З.Т.Жұмағалидің «Бел белесте», Ж.Қ.Cмағұловтың «Ұлттық әдебиеттану әлемі», М.І.Әбдуовтің «Қазақтың діни эпосы», К.А.Төлеубаеваның «Қазақ романдарындағы кейіпкердің рухани әлемі (ХХ ғасырдың 70-90 жылдары), Ж.Ж.Жарылғаповтың «Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер», С.Б.Жұмағұловтың «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы (1956-1991 ж.ж)» еңбектері ерекше аталады.
Кафедра оқытушылары ғылыми зерттеу еңбектері, кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғауы да ел ғылымын дамытуға қосылған қомақты үлес. Ж.Қ.Смағұловтың «Қазақ әдебиетану ғылымының туу, қалыптасу және даму жолдары», Ж.Ж.Жарылғаповтың «Қазақ прозасындағы ағымдар мен әдістер», С.Б.Жұмағұловтың «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы (1956-1991 ж.ж)» тақырыптарында докторлық диссертациялар қорғауы соның айқын дәлелі.
Студент Мұхиден Ботагөз Ұлы отан соғысының 65 жылдығына арналған және Шымкент қаласында Б.Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық айтыстан Қасым Аманжолов атындағы дипломға ие болды. Сонымен қатар Мұхиден Ботагөз 27 сәуірде(2010ж), Көкшетау қаласында өткен республикалық ақындар айтысы конкурсының 1 орын және бас жүлдеге ие болды.
Кафедраның аға оқытушысы, ф.ғ.к. А.Б.Жұмағұлов Павлодар қаласында өткен ақындар айтысы конкурсында І орынға иеленді.
2010 жылдың  қараша айында қазақ әдебиеті кафедрасының 2 курс магистранты Асан Мирас Халықаралық «Шабыт» фестивальінің лауреаты атанды.
Қазақ филологиясының 4 курс студенті Қасымова Саруар  Астана қаласында өткен «Менің Қазақстаным, менің жерім» атты республикалық конкурстан І дәрежелі дипломды иеленді.
Қазақ әдебиеті кафедрасы  2010 жылдың 26 қарашасында «Ұлттық сөз өнеріндегі уақыт пен кеңістік мәселелері»  атты халықаралық ғылыми-практикалық  конференция  өткізді.
2011-2012 оқу жылының қыркүйек айында 9 жұлдызында қазақтың ұлы ақыны Қ.Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қ.Аманжолов және жаңа дәуір поэзиясы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция жоғары деңгейде өтті.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ЖОО арасында студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасында 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының  студенттері 1 орын иегері атанды. (Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)
2013  жылдың  30 наурызында өткен «Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына орай өткізілген «Мен Жастарға сенемін» атты Жақып Ақбаев атындағы арнайы жүлдені 1 курс магистранты Айзада Рахымжанова жеңіп алды.
2013  жылдың  20 сәуірінде «Оралхан Бөкей және қазақ әдебиетінің даму үдерісіндегі көркемдік-эстетикалық тұғырнама жүйесі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды және өткізді.
Кафедра профессорлары Ж.Ж.Жарылғапов 2011 жылғы, С.Б.Жұмағұлов 2013 жылғы, Ж.Қ.Смағұлов 2014 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы» номинациясының жеңімпаздары болды.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ЖОО арасында студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасында 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының  студенттері 1 орын иегері атанды. (Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті)
2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ЖОО арасында студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасында 5В020500-«Филология» мамандығының  студенттері 3 орын иегері атанды. (Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)

Кафедрада жүргізілетін тәрбиелік жұмыс

Кафедрада жүргізілетін тәрбиелік жұмыстар. Қазақ әдебиеті кафедрасында 11 оқытушы 1-4 курс студенттеріне кураторлық жұмыстар атқаруда. Кафедра тарапынан құрылған «Серпін» (жетекшісі А.Б.Жұмағұлов) студенттердің әдеби – шығармашылық үйірмесі жанданып келеді. Студенттердің ұйымдастыруымен «Жалын», «Шабыт» атты әдеби талдау жастар клубтары жұмыс жасауда.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасының жанынан құрылған «Жалын» және «Шабыт» студент жастар клубының негізгі мақсат-міндеттері: Қазақстан жастары арасында мелекеттік тілді дамыту, олардың сөйлеу мәдениетін арттыру, шығармашылығын  шыңдау. Жастарды туған елін сүюге және патриоттық  рухта тәрбиелеу болып табылады.
Осы оқу жылында ҚР Жазушылар Одағы басқармасының екінші хатшысы, ақын Ғ.Жайлыбай, ақын С.Ақсұңқарұлы, жазушы Т.Әлжанов, академиктер Т.Кәкішұлы, С.А.Қасқабасов, М.Мырзахметұлы және М.О.Әуезов атындағы драма театр ұжымының өнер қайраткерлерімен кездесулер өткізді.
  2011 жылдың қазан айында Қытай халық республикасы Шынжан университетінің  профессоры Комуна Жанбоздың «Қытайдағы қазақ әдебиеті жайы» атты лекциялар курсын студенттер тыңдады.
2011 жылдың қазан айында факультетіміздің оқытушысы А.Б.Жұмағұлов Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына  орай өткізілген «Сүйем сені туған ел» атты ақындар айтысына қатысып жүлделі 3 орынға йе болды.
2012 жылдың наурыз айында КО-31 тобының студенттері Ә.Жакулаев, Х.Алтынбек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ЖОО студенттері арасында өткен «Қазақ прозасындағы әйел тағдыры» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік жас зерттеушілер форумына қатысып, жалпы командалық есепте 1-орынды иеленді. Студенттердің жетекшісі оқытушы Ж.Жұмагелдин болды.
Кафедрадағы оқу – тәрбие жұмыстары сабақ кезеңінде де және сабақтан тыс уақыттарда жүргізіліп келді. Оқу жылының басынан бастап, Қарағанды қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №39 гимназиясындағы қазақ әдебиеті кафедрасының филиалдары оқу – тәрбие жұмыстарына айтарлықтай үлес қосты. Белгіленген жоспарға сәйкес мектептегі филиалдарда мәжілістер уақыты өтіп, жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруге байланысты кездесулер өтіп, онда университет туралы жан –жақты мәліметтер берілді.
2013 жылдың қазан айында кафедра оқытушысы А.Б.Жұмағұловтың ұйымдастыруымен Облыстық «Бұқарекең жырлайды» атты сайыста филология факультетінің  1 курс  магистранты Ә.Жакулаев бірінші орын иеленсе, КОк-33 тобының студенті Ж.Сүлейменова арнайы, КФ-31 топ студенттері Ж.Болысхан және А.Қанат алғыс хатпен марапатталды.
2013 жылдың желтоқсан айында «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ, Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастырған «Жаңғырық» интеллектуалдық сайысына КО-11 топ студенттері, атап айтар болсақ, Хамит Әйбат, Абдрахманова Ақтолқын, Жаңғылышбаева Перизат, Көпжасар Жібек «Қазанат» атты топ құрып, І орынға ие болды. (КО-11 топ кураторы – Жумагелдин Жанайдар Шаймерденұлы)
2013 жылдың желтоқсан айында Қарағанды мемлекеттік мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен «Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер  кітапханасы» КММ ұйымдастырылған «Елдіктің ерендігі-Егемендік» атты облыстық сайыста «Қазанат» атты топ мүшелері: Зетулла Ақбота, Жаңғылышбаева Перизат, Айғазы Мадина І орынды йеленді. (КО-11 топ кураторы – Жумагелдин Жанайдар Шаймерденұлы)
Сонымен қатар, Қарағанды мемлекеттік мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен      «И.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ ұйымдастырған Төле бидің 350 жылдығына арналған «Ұлы жүздің бас биі» атты облыстық әдеби-танымдық сайыста «Шабыт» поэзия клубы мүшесі Жаңғылышбаева Перизат І орынды йеленді.
2014 жылдың 18 наурызында «Шабыт» шығармашыл жастар клубының ұйымдастыруымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің студенттер сарайында «Қарағанды – жер жәннаты арқадағы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Байланыс телефондары. Мұқанов көшесі 1. 110,111 аудитория. Қазақ әдебиеті кафедрасы. 87212 77-17-07.

Қазақ әдебиеті кафедрасы дамуының индикаторлы жоспары

«БЕКІТЕМІН»

Филология факультетінің

деканы М.І.Әбдуов

_______________

«_____»____________2014ж.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультеті

қазақ әдебиеті кафедрасы дамуының индикаторлы жоспары

2014-2015/2015-2016/2016-2017 оқу жылы

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

нысаналы индикатор

іске асыру жөніндегі іс-шаралар

мерзімі

жауаптылар

1.

Білім беру бағдарламаларын еңбек нарығы сұраныстарына орай жетілдіру Сыртқы орта өзгерістерін есепке алу негізінде элективті курстар әзірлеу:

  1. Әдебиеттегі постмодернизм
  2. Тарихи жырлардың поэтикасы
  3. Шешендік өнер шежіресі
  4. ХYІІІ-ХІХ ғасырлардағы жыршы-ақындар мұрасы
  5. Халық ақындар шығармашылығы
  6. Әдеби сын теориясы
  7. Әдебиеттану әдіснамасы

Мамыр 2015 ж.

Мамыр 2015 ж.

Мамыр 2015 ж.

Мамыр 2016 ж.

Мамыр 2016 ж.

Мамыр 2017 ж.

Мамыр 2017 ж.

Ж.Ж.Жарылғапов

А.Мырзахметов

Б.С.Рахимов

Б.С.Рахимов

А.Б.Жұмағұлов

М.І.Әбдуов

С.У.Такиров

Ж.Қ.Смағұлов

2

Білім беру бағдарламалары пәндерін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету Оқу құралдарын әзірлеу және баспадан шығару:

  1. Қазіргі қазақ әдебиеті
  2. ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы сын, әдебиеттану, библиография
  3. Діни эпос
  4. Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
  5. Қазақтың тарихи өлеңдері
  6. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

Оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу және баспадан шығару:

  1. Қазақ әдебиетін интерактивті оқыту әдістері

Әдістемелік нұсқау әзірлеу және баспадан шығару:

1. «Қазақ әдебиетін интерактивті оқыту әдістері» пәні бойынша СОӨЖ, СӨЖ тапсырмаларына арналған әдістемелік нұсқау

Сәуір 2015 ж.

Сәуір 2015 ж.

Сәуір 2016 ж.

Сәуір 2016 ж.

Сәуір 2016 ж.

Сәуір 2017 ж.

Сәуір 2015 ж.

Сәуір 2016 ж.

Ж.Ж.Жарылғапов

А.Мырзахметов

Ж.Қ.Смағұлов

С.У.Такиров

М.І.Әбдуов

А.Б.Жұмағұлов

Б.С.Рахимов

Ж.А.Рүстемова

Ж.А.Рүстемова

А.Б.Бейсентай

Ж.А.Рүстемова

А.Б.Бейсентай

3

Білім берудің инновациялық модельдерін дамыту Электронды оқулық әзірлеу:

  1. Жанр және көркемдік әдіс
  2. Гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  3. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы
  4. Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

Сәуір 2015 ж.

Сәуір 2015 ж.

Сәуір 2016 ж.

Сәуір 2015 ж.

Ж.Ж.Жарылғапов

Ж.Қ.Смағұлов

С.У.Такиров

Ж.А.Рүстемова

Ж.Қ.Смағұлов

А.Б.Жұмағұлов

4

Бітіруші түлектердің еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету – «Ашық есік» күнін өткізу

 

  • Облыстық пәндік олимпиада өткізу

 

– Мансап күнін өткізу

Мамыр 2015 ж.

Мамыр 2016 ж.

Мамыр 2017 ж.

Ақпан 2015 ж.

Ақпан 2016 ж.

Ақпан 2017 ж.

Сәуір 2015 ж.

Сәуір 2016 ж.

Сәуір 2017 ж.

Кафедра меңгерушісі

Ж.Ш.Жумагелдин

Ж.Ш.Жумагелдин

5

Студенттер мен магистранттардың контингентін қалыптастыру саясатын дамыту
  • Жарнамалық іс-шаралар жүргізу

 

  • мектеп және колледждерде кездесулер ұйымдастыру
  • Кафедра филиалы болып табылатын М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия жұмысын жандандыру
  • Факультетте пәндік олимпиада мен экскурсия ұйымдастыру
  • Университет сайтында кафедра жайлы мағлұматтар қатарын толықтыру

Наурыз 2015 ж.

Наурыз 2016 ж.

Наурыз 2017 ж.

Ақпан 2015 ж.

Ақпан 2016 ж.

Ақпан 2017 ж.

Қаңтар 2015 ж.

Қаңтар 2016 ж.

Қаңтар 2017 ж.

Ақпан 2015 ж.

Ақпан 2016 ж.

Ақпан 2017 ж.

Мамыр 2015 ж.

Мамыр 2016 ж.

Мамыр 2017 ж.

А.А.Мырзахметов

Б.С.Рахимов

Б.С.Рахимов

Ж.Ш.Жумагелдин

А.А.Мырзахметов

6

Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру тиімділігін қамтамасыз ету
  • Мектеп мұғалімдерімен семинар кеңесін өткізу

– Білім беру бағдарламаларына элективті пәндер енгізуде жұмыс берушілермен келісім жасау

Сәуір 2015 ж.

Сәуір 2016 ж.

Сәуір 2017 ж.

Мамыр 2015 ж.

Мамыр 2016 ж.

Мамыр 2017 ж.

Ж.А.Рүстемова

Кафедра меңгерушісі

7

Білім беру бағдарламаларының мазмұны мен құрылымын жетілдіру
  • Оқу-әдістемелік семинар өткізу

 

  • «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын ұлттық рейтингке қатыстыруға құжаттар ұсыну

Мамыр 2015 ж.

Мамыр 2016 ж.

Мамыр 2017 ж.

Желтоқсан 2015 ж.

Желтоқсан 2016 ж.

Желтоқсан 2017 ж.

Ж.А.Рүстемова

Кафедра меңгерушісі

8

Пәндерді оқыту сапасының мониторингін жетілдіру
  • Студенттердің оқу үлгерімін бақылау

 

– ОЖСБ (ВОУД) нәтижесі бойынша жұмыс жүргізу

 

  • Берілетін білім сапасына студенттердің қанағаттануына байланысты сауалнама жүргізу
  • Оқытушы мен жұмыс берушіге қатысты сауалнама жүргізу

Ақпан 2015 ж.

Ақпан 2016 ж.

Ақпан 2017 ж.

Желтоқсан 2015 ж.

Желтоқсан 2016 ж.

Желтоқсан 2017 ж.

Мамыр 2015 ж.

Мамыр 2016 ж.

Мамыр 2017 ж.

Мамыр 2015 ж.

Мамыр 2016 ж.

Мамыр 2017 ж.

А.Б.Бейсентай

С.У.Такиров

Кафедра меңгерушісі

Кафедра меңгерушісі

Кафедраның кадрлық әлеуетін дамыту

1

Профессор-оқытушылық құрамының ғылыми-педагогикалық әлеуетін арттыру Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша PhD докторын даярлау

2016-2017 ж.ж.

Ж.Ш.Жумагелдин

2

Оқу үдерісін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыруды жетілдіру Оқу үдерісіне практик мамандарды тарту. Кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіруге мектеп, лицей, гимназиялардағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерімен семинар кеңестер өткізу

2014-2017 ж.ж.

Кафедра меңгерушісі, оқу-әдістемелік семинар жетекшісі

3

Білімі беру бағдарламасын жетілдіруге білікті шетелдік мамандарды тарту Дәрістер оқуға шетелдік мамандарды шақыру:

– ҚХР, Іле педагогикалық университетінің профессоры қазақ тілі-әдебиеті кафедрасының профессоры С.Ысқақұлының дәрісі

– ҚХР, Іле педагогикалық университеті филология институтының бастығы ф.ғ.д., профессор С.Дәулеткелдіұлы

– Шыңжаң университетінің профессоры ф.ғ.д., профессор Б.Мәуленұлы

Қараша 2015 ж.

Қазан 2016 ж.

Ақпан 2017 ж.

Кафедра меңгерушісі, ғылыми-әдіснамалық семинар жетекшісі

4

Көп деңгейлі білім беру үлгісін дамыту Түлектердің оқу жетістіктерін ескере отырып, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша магистратураға түсушілердің кандидаттарын ұсыну

Мамыр 2015 ж.

Мамыр 2016 ж.

Мамыр 2017ж.

Кафедра меңгерушісі

5

Оқытушылардың кәсіби дамуы және оларды ынталандыру Республикалық және шетелдік гранттық конкурстар мен стипендиялық бағдарламаларға қатысу

– ҚР ғылым мен техниканың дамуына айрықша үлес қосқаны үшін берілетін ҚР БжҒМ берілетін стипендияға ф.ғ.д., кафедра профессоры Ж.Қ.Смағұловты ұсыну.

– ҚР БжҒМ талантты жас ғалымдарға берілетін стипендияға кафедра оқытушысы А.А.Мырзахметовты ұсыну

– Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік зерттеуге берілетін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлыққа ф.ғ.д., профессор Б.С.Рахимовтың еңбектерін ұсыну

– Гуманитарлық ғылымдар саласындағы жас ғалымдардың М.Әуезов атындағы сыйлығына кафедра аға оқытушысы, ғылым магистрі Ж.Ш.Жумагелдинді ұсыну

Қыркүйек 2015 ж.

Қыркүйек 2015 ж.

Қыркүйек 2016 ж.

Қыркүйек 2016 ж.

Ж.Қ.Смағұлов

А.А.Мырзахметов

Б.С.Рахимов

Ж.Ш.Жумагелдин

Кафедраның ғылыми жұмысы

1

Кафедраның ғылыми-зерттеу жүктемесінің сапасын арттыру Әлемдік әдебиеттану мен теориядағы ғылыми жаңалықтарды және зерттеу әдіс-тәсілдерін ғылыми айналысқа енгізу

Thomson Reuters, SCOPUS базаларына енетін импакт-факторлы журналға шығатын мақалалар:

– «Әл-Фараби және өлең сөздің теориялық мәселелері»

– «Әдебиетте тілдік нормаларды қалыпты қолданудың заңнамалық негіздері

– «Қазақ балалар әдебиетінің даму ерекшеліктері»

– «Қазақ прозасындағы модернистік ізденістер»

Қаңтар 2015 ж.

Ақпан 2015 ж.

Наурыз 2015 ж.

Мамыр 2015 ж.

Ж.Қ.Смағұлов

Ж.Ж.Жарылғапов

Б.С.Рахимов

Ж.А.Рустемова

С.У.Такиров

А.М.Жакулаев

2

Іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми жобалар мен гранттық конкурстарға қатысу Әдебиеттану ғылымындағы соны жаңалықтарды ұлттық әдебиеттің актуалды мәселелеріне қатысты зерделеу

ПОҚ-ның ғылыми жобалар мен гранттық конкурстарға қатысуы:

– Компративизм и методологические проблемы казахского литературоведения

– Қазіргі қазақ әдебиетінің жаңа парадигмалары: модернизм және постмодернизм

-Тарихи құндылықтар және рухани мұра

Қараша 2015 ж.

Қазан 2016 ж.

Қазан 2015 ж.

Ж.Қ.Смағұлов

Ж.Ж.Жарылғапов

М.І.Әбдуов

3

Кафедра мүшелерінің ғылыми әлеуетін жоғарылату мен ғылыми шығармашылығын дамыту Кафедра оқытушыларының алыс және жақын шетелдер мен ҚР журналдарында жаряланатын мақалалары:

– Ұлттық әдебиет теориясының әдіснамалық мәселелері. ҚазҰПУ Хабаршысы

– Әдебиетті зерттеу әдістері. ҚарМУ Хабаршысы

– Қазақ және жапон әдеби байланыстары. ПМУ Хабаршысы

– М.Мағауин шығармаларындағы бала бейнесі. Европейский исследователь Россия, Сочи

– Б.Соқпақбаев және әлем балалар әдебиеті. Филологические науки Россия, Тамбов

– Әдебиет сабағындағы көркем мәтінді талдау жұмыстары. ҚарМУ Хабаршысы

– Алаш Арыстары зерттеулері және ғылыми әдіснама. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы

– Д.Ысқақұлы және сын жанрларының теориялық мәселелері. ҚарМУ Хабаршысы

– М.Мақатаев лирикасы. «Мұқағали» журналы

-Қазақ әдебиеттану ғылымының негізгі арналары.Іле педагогикалық университетінің ғылыми журналы. ҚХР, Құлжа

– Тұлғалар тоғысы: Мағжан-Сәбит. «Мағжан» журналы

-Казахское литературоведение: проблемы возрождения и становление. Международный симпозиум «Актуальные проблемы современного литературоведения» г.Тибилиси, Грузия

-Шежіре мен жылнамалардың жанрлық табиғаты. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университеті Хабаршысы

– Елеусіз қалған асыл ер. «Қасым» журналы

-Әдебиеттану ғылымының әдіснамалық мәселелері. ҚарМУ Хабаршысы

-Сюжет және көркемдік әлем. ҚарМУ Хабаршысы

-А.Алтай шығармаларындағы сюжет. Филологични науки. София

-Қазіргі қазақ прозасындағы фэнтези жанрының көріністері

-Қазіргі қазақ прозасындағы тұлға мәселесі

-Б.Шаханов повестеріндегі адамгершілік мәселелері

-С.Мұқанов және әдебиет тарихын дәуірлеу. ҚарМУ Хабаршысы

– Жыраулар поэзиясындағы хандар мен билер образы

– Тарихи өлеңдердің типологиясы.

-Гуманитарлық пәндер бойынша мектеп оқушыларына берілетін тәрбиенің түрлері

-Тарихи жырлардағы уақыт және кеңістіктің көркем берілісі

-Мағжан Жұмабаев және балалар әдебиеті

-Мағжан және неміс әдебиеті

Қараша 2014 ж.

Наурыз 2015 ж.

Қыркүйек 2016 ж.

Сәуір 2015 ж.

Мамыр 2015 ж.

Қаңтар 2015 ж.

Қаңтар 2015 ж.

Желтоқсан 2014 ж.

Қараша 2014ж.

Қаңтар 2015 ж.

Желтоқсан 2014ж.

Ақпан 2015 ж.

Сәуір 2015 ж.

Қаңтар 2016 ж.

Наурыз 2017 ж.

Желтоқсан 2014 ж.

Ақпан 2015 ж.

Наурыз 2015 ж.

Қаңтар 2017 ж.

Сәуір 2015 ж.

Ақпан 2015ж.

Сәуір 2015 ж.

Сәуір 2015 ж

Желтоқсан 2014 ж.

Қазан 2016 ж.

Қараша 2014

Мамыр 2015 ж.

Ж.Ж.Жарылғапов

Ж.Ж.Жарылғапов

Ж.Ж.Жарылғапов

Ж.А.Рустемова

Ж.А.Рустемова

Ж.А.Рустемова

Ж.Қ.Смағұлов

Ж.Қ.Смағұлов

Ж.Қ.Смағұлов

Ж.Қ.Смағұлов

Ж.Қ.Смағұлов

Ж.Қ.Смағұлов

Ж.Қ.Смағұлов

Ж.Қ.Смағұлов

Ж.Қ.Смағұлов

С.У.Такиров

Ж.Н.Шәмшиева

С.У.Такиров

Ж.Н.Шәмшиева

А.А.Мырзахметов

А.А.Мырзахметов

Ж.Ш.Жумагелдин

А.Б.Жұмағұлов

А.Б.Жұмағұлов

Б.С.Рахимов

Б.С.Рахимов

Б.С.Рахимов

А.Б.Бейсентай

А.Б.Бейсентай

4

Кафедраның ғылыми байланысын және іс-тәжірбие алмасу жұмыстарын арттыру Қазақ әдебиеті кафедрасының құрылғанына 60 жыл және әдебиеттанушы ғалым ХАА академигі, ф.ғ.д.,профессор Ж.Қ.Смағұловтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік және ұлттық әдебиеттану ғылымы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыру

– Қазақ әдебиеті кафедрасының қалыптасу тарихы (баяндама)

– Профессор Ж.Қ.Смағұлов еңбектеріндегі ұлттық әдебиеттану ғылымы тарихының мәселелері (баяндама)

– Тәуелсіздік тұсындағы фольклортану

28-29 қазан 2016ж.

28-29 қазан 2016ж

28-29 қазан 2016ж

28-29 қазан 2016ж

Кафедра меңгерушісі

Кафедра меңгерушісі

С.У.Такиров

Б.С.Рахимов

Кафедра білім алушыларының академиялық ұтқырлығын дамыту

Кафедраның білім беру бағдарламасын интернационалдандыру

1

Жоғары білім берудің академиялық ұтқырлығын дамыту – Академиялық ұтқырлық бойынша ҚХР, Іле педагогикалық университеті мен Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті арасында келісімшарт жасау

– Академиялық ұтқырлық бойынша ҚХР, Шыңжаң университеті мен Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті арасында келісімшарт жасау

Қараша 2015 ж.

Қараша 2016 ж.

Кафедра меңгерушісі

Кафедра меңгерушісі

2

Көптілді білім беру бағдарламасын жетілдіру – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша көптілді топтардың санын арттыру

– Көптілді топтар үшін жасалған білім беру бағдарламасындағы ағылшын тілінде өткізілетін пәндердің үлес салмағын 60%-ға жеткізу

Қыркүйек 2016 ж.

Ақпан 2017 ж.

Кафедра меңгерушісі

Тәрбие жұмысы

1

Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін дамыту – «Қазақстан Республикасының жастар саясатын іске асырудағы студенттердің өзін-өзі басқару органдарының орны» атты дөңгелек үстел өткізу

– Қарағанды облысы жастар саясаты басқармасымен бірлесе отырып студенттердің өзін-өзі басқару мен мәдени алмасуларды жүзеге асыру жөнінде семинар өткізу

Ақпан

2015 жыл

Қазан

2016 жыл

Кафедра меңгерушісі

А.Б.Жұмағұлов

М.І.Әбдуов

А.Б.Жұмағұлов

2

Студенттердің бойында ұжымдық дағдысын қалыптастыру Студенттер арасында валантёрлық қозғалысты дамыту:

  • Мемлекеттік рәміздер күніне өткізілетін шараға атсалысу;
  • Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күніне орай өткізілетін іс-шараларға қатысу;
  • Қарттар күні қарсанында қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру;
  • Балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастыру;
  • Наурыз мейрамына ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастыру;

Тамыз

2015, 2016, 2017 ж.

Мамыр

2015, 2016, 2017 ж.

Тамыз

2015, 2016, 2017 ж.

Қыркйек

2015, 2016, 2017 ж.

Маусым

2015, 2016 ж.

Кафедра меңгерушісі

А.Б.Жұмағұлов

Топ кураторлары

Топ кураторлары

Топ кураторлары

Топ кураторлары

3

Студенттердің шығармашылығын дамыту – Студенттер арасында Шешендік өнерден сайыс ұйымдастыру

– ҚарМУ-дың студенттері арасында ақындар айтысын өткізу

Ақпан

2015 жыл

Ақпан

2016 жыл

Б.С.Рахимов

А.Б.Жұмағұлов

4

Университеттің имиджін нығайту
  • ҚР Конституциясының негіздері мен мемлекеттік рәміздерін білу бойынша жоғары оқу орны студенттері арасында өтетін сайысқа команда дайындау
  • Қазақстан-Қарағанды телеарнасы өткізетін «Жаңғырық» әдеби-танымдық сайысқа студенттер дайындау

– Қазақстан-Қарағанды теларнасында өтетін «Тарих тағылымы» атты бағдарламаға қатысу

Қазан

2014 жыл

2015- 2017 ж.ж.

2015- 2017 ж.ж.

А.Б.Жұмағұлов

С.У.Такиров

А.Б.Бейсентай

Ж.Ш.Жумагелдин

А.А.Мырзахметов

А.Б.Жұмағұлов

Ж.Қ.Смағұлов

Кафедраның білім беру бағдарламасы ресурстарын дамыту

1

Ақпараттық ресурстарды жетілдіру Кафедраның сайттық бетін жаңа ақпараттармен толықтырып, жүйелі жаңартып отыру. Атап айтқанда:

  • Мамандықтар туралы толық мәлімет;
  • Кафедраның жоспары;
  • Кафедраның құрамы;
  • Кафедра мүшелерінің оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие жұмыстары;
  • Кафедрада оқытылатын пәндерге сипаттама;
  • Кафедраның шығармашылық байланыстары;
  • Кәсіби бағдар-жұмытстары;
  • Кафедра филиалдары туралы мәлімет;

Қыркүйек, мамыр 2015 ж.

Қыркүйек, мамыр 2016 ж.

Қыркүйек, мамыр 2017 ж.

Кафедра меңгерушісі

2

Білім беру бағдарламаларын оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету Қазақ тіл білімі мен қазақ әдебиетінің теориясы, тарихы, қазіргі жағдайына арналған жаңа әдебиеттерге тапсырыс беру

Сәуір 2015,2016, 2017ж.

Кафедра меңгерушісі

3

Материалдық-техникалық базаны жетілдіру – Қазақ тілі мен әдебиетіне арналған мамандандырылған кабинет ашу

– білім беру бағдарламасы пәндері бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды толықтырып отыру

-оқу корпусының айналасын абаттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу

Мамыр 2016ж.

Маусым 2014,2015,2016 ж.

Сәуір-мамыр 2014ж.

Қыркүйек-қазан

2016 ж.

Қыркүйек 2017 ж.

Кафедра меңгерушісі

Қазақ әдебиет кафедрасының меңгерушісі Ж.Ж.Жарылғапов

 

 

 

 

 

 

 

 

Top