Ғ.А. Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемесі және практикасы кафедрасы

Кафедра тарихы

Кафедра меңгерушісіф.ғ.к..Балмагамбетова Ж.Т.

Ғ.А. Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемесі және практикасы кафедрасы 47 жыл бойы осы кафедраның негізін қалаушы: атақты ғалым-лингводидакт, ұстаз, жаңашыл-әдіскер, Орталық Қазақстанда лингводидактика және әртүрлі саладағы тілдердің салыстырмалы-типологиялық зерттеулер проблемалары бойынша өзінің ғылыми мектебін құрған Ғ.А. Мейрамовтың дәстүрін жалғастыруда.

Кіші синтаксисті оқытудың проблемаларын зерттеуді Ғ.А. Мейрамов орыс және қазақ тілдеріндегі септік жүйесіндегі айырмашылықтарды, көмекші сөздердің орыс тілінде бар, ал үйренушілердің ана тілінде мүлдем болмауын ескере отырып, орыс грамматикасын басқарудағы қазақ студенттерін оқытудың жүйесін құрды. Ол «Обучение родительному падежу в 5 классе казахской школы», «Русские падежи и способы их передачи в казахском языке» атты монографиялардың авторы. Оның 1968 жылы жария болған «Система обучения русскому грамматическому управлению учащихся-казахов» негізгі жұмысы, басқа ұлтты аудиторияда орыс тілін оқытудың әдістемесі бойынша Қазақстандағы ең бірінші монографиялық еңбек болды.

Ғалымның негізгі концепциясы басқаларға еріп грамматиканың құбылыстарын бөліп оқымай, сөйлеу практикасында параллель колдану арқылы, нақтылай айтсақ: 1) септіктің грамматикалық түрлері мен қызметтері бірге оқытылады; 2) төлеу септіктердің оқытылу реті өзгерген; 3) сөйлеу шеберлігі мен дағдыларын жетілдіруде үш бір-бірімен тығыз байланысты кезең болады: сөз тіркесінде, сөйлемде, жүйелі сөзді жетілдіруде. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін профессор аспиранттардың зерттеулеріне талап қояды, кейінірек бұл «профессор Ғ.А. Мейрамовтың мектебі» деген атаққа ие болады.

Қадірлі ғалымның оқушылары болып елуден астам оқытушылар, ізденушілер, стажерлер, негізінен жоғарғы мектептің, орта оқу орындарының ұстаздары арасынан (Б.Р. Жумадилова, Н.К. Иманкулова, Г.Н. Лекерова, И.И. Скокова, С.А. Шаутыбаева және тағы басқалары) болады. Ғ.А. Мейрамовтың жетекшілігімен педагогика және филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін жиырмадан астам аспиранттар иеленді. Кафедраның бүкіл тарихында 2 докторлық диссертация және шамамен 40 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Осы күнге дейін Ғ.А. Мейрамовтың ғылыми мектебі, мектеп мұғалімдері мен кафедра оқытушылары арасындағы тығыз байланысты сақтап келе жатқан приоритетті орталық болып келеді (Л.А. Чуйкина, Г. Асанбаева, Р.П. Хван, Л.С. Буданова, Г.М. Алибекова, Р.Г. Баяманова, Н.К. Кажекенова, Л.В. Бейсебаева, А.А. Чукуев, Ж.М. Сыздыкова, Б.Б. Бисенбаева, Р.Х. Есбаева және т.б, кандидаттық диссертациялар).

Осы күнге дейін осы ғылыми бағыт өзінің маңыздылығын жоғалтпай, ал ғалымның белгілеп кеткен ғылыми парадигмалары кафедраның мемлекеттік бюджетті тақырыптары болып келеді. Кафедраның приоритеті ғылыми бағыттары болып қазақ және орыс тілдерін салыстырмалы оқытудың сұрақтары, көптілді тұлғаны қалыптастыру, орыс тілін қазақ топтарындағы студенттерге модульді түрде оқыту, орыс тілі мен әдебиетін мектепте және жоғарғы оқу орындарында оқыту әдістемесі болып саналады. Әртүрлі тілдерді салыстырмалы оқытудың педагогикалық кадрларын дайындау бакалавриаттың 050118 – Орыс тілі мен әдебиеті, 050122 – Орыс тілінде оқытылмайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандықтары базасы негізінде, 10.02.20 – Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салыстырмалы тіл білімі мамандығы бойынша аспирантура ( Альбатырова А., Бондарук О….) және ізденушілік институты (Ибраев Г.У.) арқылы жүзеге асырылады.

Кафедра оқытушыларының ғылыми бағыттары орыс тілін оқытудың әдістемесімен (п.ғ.к., доцент Сыздыкова Ш.М., п.ғ.к., доцент Баяманова Р.Г., п.ғ.к., доцент Бекмамбетова З.Ж., п.ғ.к., доцент Бейсекеева Б.Т., аға оқытушы Оспанова Д.Б.), әдебиетті оқыту әдістемесімен ( п.ғ.к., доцент Яковлева Н.Н, аға оқытушы Мамедова М.Г.), салыстырмалы-типологиялық тіл білімімен (ф.ғ.к., доцент Аязбаева Б.К., ф.ғ.к., доцент Балмагамбетова Ж.Т., аға оқытушы Ибраев Г.У.), лингвистика және әдебиеттанудың жалпы және жеке сұрақтарын зерттеумен ( ф.ғ.к., доцент Хан Н.К., аға оқытушы Жунусова Н.А., аға оқытушы Савина Н.Н.) байланысты.

Оқытушы-профессорлар құрамы

Кафедра құрамы

Оқытушылардың аты-жөні

Ғылыми дәрежесі

Қызметі

Балмағамбетова Жаннат Төлеуовна

Филология ғылымдарының докторы

Кафедра меңгерушісі

Аязбаева Бақыт Құсайыновна

Филология ғылымдарының кандидаты

Доцент

Хан Надежда Константиновна

Филология ғылымдарының кандидаты

Доцент

Баяманова Раушан Ғалымовна

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Доцент

Бейсекеева Батима Ташмухамбетовна

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Доцент

Бекмамбетова Занипа Жұмамұратовна

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Доцент

Григорьева Ирина Владимировна

Аға оқытушы

Жунусова Найля Айыповна

Аға оқытушы

Ибраев Ғабдеш Үкенович

Аға оқытушы

Мамедова Мадина Гаджалиевна

Аға оқытушы

Оспанова Дауреш Байдельдиновна

Аға оқытушы

Савина Нина Николаевна

Аға оқытушы

Сыздыкова Шакар Мухарямовна

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Доцент


Мамандықтар

Мамандықтар:

Кафедра бакалавриаттың 050118 – Орыс тілі мен әдебиеті, 050122 – орыс тілінде оқытылмайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті амандықтары бойынша, аспирантурада 10.02.20 – Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салыстырмалы тіл білімі мамандығы бойынша бітіруші кафедра болып саналады.

Халықаралық бірлестік

Халықаралық байланыс

Кафедра П.Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетімен (29.01.2008ж.), Мәскеу облыстық педагогикалық институтымен (31.01.08ж.), Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтымен (31.01.08ж.) ынтымастық туралы келісім шарт жасасты.

Кафедра профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми зерттеу нәтижелері халықаралық конференциялар материалдарында жарияланып отырады (Ресей, Болгария, Польша, Чехия, Украина, Қырғызстан).

2006 ж. ф.ғ.к., доцент Балмагамбетова Ж.Т. «Сорос-Қазақстан» қорының грантын жеңіп алып, Болгарияда Великотырново қаласында халықаралық симпозиумның жұмысына қатысты. Кафедра акспиранты Насонова В. және ғылыми ізденуші Ибраев Г.У. 2008 ж. қаңтар ақпан айларында А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтында білімін жетілдіріп келді. Насонова В. «Эрасмус Мундус» бағдарламасы бойынша Испанияда (2009ж. ақпан-сәуір айларында) тәжірибе алмасуда болды. Жыл сайын п.ғ.к., доцент Баяманова Р.Г. Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтында, Мәскеу облыстық педагогикалық институтында, Ресей халықтар достығы университетінде білімін жетілдіріп қайтады. Ресейлік филология ғылымдарының докторлары Бахтикиреева У.М., Синячкин В.П., Дронов В.П. атты профессорларымен және Қарағанды облыстық білім департаментімен бірлесе отырып мектеп мұғалімдері үшін 2 облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

Кафедрада жасалатын ғылыми бағыттар

Кафедраның зерттеп жатқан ғылыми бағыттары

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми зерттеулері мынадай екі бағытта жүзеге асырылуда:

  1. Мемлекеттік бюджетті тақырып аясындағы негізгі зерттеулер «Қазіргі замандағы тіл жағдайы және орыс және қазақ тілдерінің структуралық-семантикалық функционирование».
  2. Мемлекеттік бюджетті тақырып аясындағы қолданбалы зерттеулер «Мектепте және жоғарғы оқу орындарында орыс тілі мен әдебиетін оқытудың лингводидактикалық негіздері».

Әртүрлі тілдерді салыстырмалы оқытудың педагогикалық кадрларын дайындау бакалавриаттың 050118 – Орыс тілі мен әдебиеті, 050122- орыс тілінде оқытылмайтын мектептегі орыс тілі мен әдебиеті базасы негізінде, 10.02.20 – Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салыстырмалы тіл білімі мамандығы бойынша аспирантура ( Альбатырова А., Бондарук О….) және ізденушілік институты (Ибраев Г.У.) арқылы жүзеге асырылады. Кафедра магистратурасын бітіруші Григорьева И.В. кафедра мүшесі, аға оқытушы.

Кафедра оқытушыларының ғылыми бағыттары орыс тілін оқытудың әдістемесімен байланысты (п.ғ.к., доцент Сыздыкова Ш.М., п.ғ.к., доцент Баяманова Р.Г., п.ғ.к., доцент Бекмамбетова З.Ж., п.ғ.к., доцент Бейсекеева Б.Т., аға оқытушы Оспанова Д.Б.), әдебиетті оқыту әдістемесімен ( п.ғ.к., доцент Яковлева Н.Н, аға оқытушы Мамедова М.Г.), салыстырмалы-типологиялық тіл білімімен (ф.ғ.к., доцент Аязбаева Б.К., ф.ғ.к., доцент Балмагамбетова Ж.Т., аға оқытушы Ибраев Г.У.), лингвистика және әдебиеттанудың жалпы және жеке сұрақтарын зерттеумен ( ф.ғ.к., доцент Хан Н.К., аға оқытушы Жунусова Н.А., аға оқытушы Савина Н.Н.).

Кафедрада жүргізілетін тәрбиелік жұмыс

Кафедрада жүргізілетін тәрбие жұмысы

Кафедра оқытушылары тәрбие жұмысын барлық мамандықтар бойынша академиялық топтарда және кураторлық топтарда жүйелі түрде жүргізеді (Роу-11, Роу-21, Рс-32, Роу-31, Роу-41). Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы бойынша, Қазақстан Республикаксының «Тілдер туралы» заңын талқылау бойынша, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері бойынша, толеранттылықты қалыптастыру бойынша, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша, діни экстремизмдің алдын алу бойынша, сөйлеу этикеті дағдысын қалыптастыруға, іс-қағаздарын жүргізу, іскерлік сөйлеу мәдениетіне арналған жаттығуларды орындау. Педагогикалық практика кезінде оқытушылар студенттермін көптеген тәрбие жұмысын жүргізеді: конкурстар, викториналар, кештер, пікірталастар ұйымдастырылады, студенттер әділ-қазы құрамына шақырылады.

2006 жылы кафедра «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруы бойынша ең үздік кафедра» номинациясын жеңіп алды, Наурыз мейрамын тойлау конкурсында екінші орынды жеңіп алды.

Филология факультетінің КВН құрамында біздің студенттер ат салысады: Роу -21 тобынан Пастарнак Милана, Красильникова Елена, Роу-11 тобынан Кондратюк Александра, Никулаева Анна, Кабикенова Виктория, Аманов Рауан, Базарбаева Карина.

Top