Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы

Кафедра тарихы

Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к.,доцент Б.М.Айтбаева

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»-деген болатын. Жақын болашақта алдыңғы қатарлы мемлекеттер сапынан көрінетін Қазақстанның мемлекеттік тілі де дүниежүзінде танылған халықаралық тілдердің қатарынан орын алуы Тәуелсіз Қазақстан Республикасы тіл саясатының болашақтағы басым бағыты екендігін көрсетеді. Өйткені қазақ тілі мың жылдық тарихы бар дүниежүзіндегі ең бай да көркем, жетілген тіл ретінде озық ойлы тіл мамандарының бағасын әлдеқашан алған.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алған кезеңіне сәйкес ана тілімізге деген зор ілтипат пен қамқорлықтың куәсі ретінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қара шаңырағында да « Қазақ тілінің практикалық курсы» кафедрасының іргетасы 1989 жылы қаланды. Кафедрада алғашқыда 5 адам жұмыс істеді. Олар: кафедра меңгерушісі – Х.М.Нұрмұқанов, кафедра оқытушылары – Ж.Қ.Смағұлов, С.Р.Ибраев, Т.Қ.Смаилов, Ж.С.Есбаева. Сол тарихи кезеңнен бері кафедраның міндеті – орыстілді студенттерге қазақ тілі грамматикасының басты заңдылықтары негізінде қазақ тілін сөйлеу тәжірибесіне үйрету, қазақ тілін коммуникативті-бағытталған әдіспен оқыту. Бүгінде Е.А. Бөкетов университеті студенттерінің болашақ мамандықтарына сәйкес, міндетті түрде оқытылатын кәсіби бағдарлы қазақ тілі пәнін оқуға мүмкіндіктері бар. Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші. Сондықтан 2015-2016 оқу жылынан бастап барлық мамандықтар үшін «Мемлекеттік тілде іс жүргізу «пәні таңдау компоненті ретінде университеттің оқу жоспарына еніп, кафедра мамандары бұл істі сабақ беру арқылы жүзеге асыруда.

Әр жылдары кафедра меңгерушілері болып, филология ғылымдарының докторы, профессор Х.М.Нұрмұқанов, филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.М.Мәжітаева, ф.ғ.д. С.Р.Ибраев, ф.ғ.к. Т.Т.Пірімбетов, ф.ғ.д. доцент А.С.Әділова жұмыс істеді. Қазіргі кезде кафедраны ф.ғ.к., доцент Б.М.Айтбаева басқарады. Бұл кісілердің басшылығымен кафедра құрамы толық жасақталып, оқу үрдісіне қажетті жағдайлар қамтамасыз етіліп отырды.

Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы:

  1. Б.М.Айтбаева – кафедра меңгерушісі, доцент, ф.ғ.к.
  2. Ж.З.Кадина – доцент, ф.ғ.к.
  3. М.Қ.Жүнісова – доцент, ф.ғ.к.
  4. Ж.Б. Ахметжанова доцент, к.ф.н.
  5. Ж.А.Кенжебекова – ф.ғ.м., аға оқытушы
  6. А.Ж.Әметова – ф.ғ.м., аға оқытушы
  7. М.Ш.Қабанов – ф.ғ.м., оқытушы
  8. Б.С.Сатеева – ф.ғ.м., аға оқытушы
  9. Қ.Ж.Балапанова – ф.ғ.м., аға оқытушы
  10. А.Т.Жармағанбетова – ф.ғ.м., аға оқытушы
  11. Н.М.Абдуова – ф.ғ.м., оқытушы
  12. Н.Б.Ақжүнісова – п.ғ.м., оқытушы
  13. А.Ш.Смаилова – ф.ғ.м, аға оқытушы
  14. Б.О.Рахимбаева – ф.ғ.м, аға оқытушы
  15. З.З.Ордабаева – п.ғ.м, аға оқытушы
  16. Ә.М.Мәуленова – п.ғ.м., аға оқытушы


2013-2014 оқу жылы қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы үшін табысты жылдардың бірі болды. Кафедра меңгерушісі Б.М.Айтбаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “ЖОО Үздік оқытушысы”грантының иегері атанды.

Оқытушы-профессорлар құрамы
Айтбаева Бакыт Манатовна
Абдрахманова Гаухар Хайрулловна
Кадина Жамбы Зекеновна
Жүнісова Марина Қабдылқалымқызы
Кенжебекова Жибек Алшымбековна
Аметова Алмагул Женисовна
Қабанов Мейір Шәкенұлы
Сатеева Ботагоз Серикбеккызы
Балапанова Кундыз Жарылгасыновна
Абдуова Назиля Мухаммадгалиевна
Смаилова Анар Шабазовна
Мизанбаева Гулбейбит Шахмановна
Ордабаева Загира Зекеновна
Мауленова Асемгуль Манатовна
Ахметжанова Жанар Балтабековна
Рахимбаева Бағира Оспановна
Смақова Тоғжан Сагидуллаевна
Мамандықтар
Халықаралық бірлестік
  • Халықаралық ынтымақтастық

    Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің халықаралық қызметі университет мәртебесін нығайтуға, білім берудің интернациолизациясын арттыруға, әлемдік білім беру кеңістігі мен ғылыми қауымдастыққа кірігуге бағытталған. Сондықтан университеттің қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы халықаралық ынтымақтастықты шетелдік жетекші университеттермен жасалған келісім аясында жүзеге асырып, бірлескен халықаралық білім беру бағдарламаларын және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар ұйымдастырады, оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын іске асырады, танымал визитинг-профессорларды дәріс оқуға, тәжірибе алмасуға шақырады.

    Доцент Б.М.Айтбаева Германияның Дюссельдорф қаласында халықаралық білім және ғылыми зерттеу орталығында біліктілікілін жетілдіріп, сертификат алды(семинар жүргізген профессорлар: Н.Б.Михайлова, Ольга Ганзер)

    Доцент Б.М.Айтбаева Анкара университетінде «Тілдерді оқытудың тиімді тәсілдері – Халықаралық ынтымақтастық» атты конференцияда, 2011 жыл


    Кафедра оқытушылары басым көпшілігі 2013 жылдың 20 желтоқсанында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де өткізілген М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының профессоры педагогика ғылымдарының докторы Несібелі Жәкенқызы Құрманның «Тілдерді оқытудың интенсивтік-интерактивтік технологиялары» атты шеберлік сабағына қатысып, сертификаттар алды.

    Кафедра оқытушыларының барлығы 2013 жылдың 20 -22 маусымы аралығында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де өткізілген М.В.Ломоносов атындағы ММУ орыс тілінен шетел азаматтарын тестілеу орталығының директоры филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.П.Андрюшинаның «Лингводидактическое тестирование и проблемы функциональной грамотности» атты халықаралық семинар-тренингіне қатысып, сертификат алды.

    Кафедраның оқытушылары Санжы университетінде (Қытай Халық Республикасы) «Жоғары оқу орындарында ғылыми-техникалық терминологияны оқытудың заманауи технологиясы» атты семинарға қатысып, біліктілігін арттырып, сертификаттарға ие болды. Сонымен қатар Бішкек қаласының Қырғыз-Түрік «Манас» университетінің Жас түркологтардың V ел аралық симпозиумына қатысқан оқытушылар да бар.

    Кафедра оқытушылары Қабанов М.Ш., Смаилова А.Ш., Рахимбаева Б.О., Мауленова Ә.М. Магитрлік ғылыми жұмыстарына байланысты 2013-2014 жылдары Словакия Республикасы Братислава қаласында тағылымдамадан өтіп, сертификат алды.

Кафедрада жасалатын ғылыми бағыттар

Кафедраның оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары

Кафедра мүшелері халықаралық, республикалық, аймақтық, жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысып отырады.
Кафедра оқытушыларының күшімен “Қазақ тілі”, “Кәсіби қазақ тілі”, “Мемлекеттік тілде іс жүргізу” пәндері бойынша  бақылау жұмыстары, әдістемелік нұсқаулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, жұмыс дәптерлері жарыққа шықты.
Сонымен қатар кафедра оқытушылары тек практикалық сабақ жүргізумен ғана айналыспай,  ғылыми жұмыспен тұрақты түрде шұғылданып, қорғаған диссертациялары негізінде монография мен оқу құралдарын да жарыққа шығарды. Атап айтсақ:
1. Ж.Ж. Ибраимова. Қазақ тіліндегі айрықша құрылымды сөйлемдер синтаксисі. Оқу құралы. Қарағанды, ҚарМУ баспасы, 2012. – 147 б.
2. Айтбаева Б.М., В.В.Козина, Е.Н.Цай және т.б. Электронды оқу құралы «Қазақстан тарихы бойынша орысша-қазақша-ағылшынша анықтамалық сөздік».-Қарағанды: «ҚарМУ» баспасы, 2013-220 б.
3. Б.С.Рақымов, Б.М.Айтбаева. Қазақ батырлық жырларындағы ажарлаудың қызметі. –Қарағанды,  2014. -124б.
4. Б.М.Айтбаева. Қазақ тілі (В-1 деңгейі). Экономика факультетінің көптілді топтары студенттеріне арналған: Оқу құралы. – Қарағанды: «Арко»ЖШС, 2014. -104б
5. Г.Х.Абдрахманова, Б.М.Айтбаева. Қазақ тілі. Оқу құралы. Қарағанды, 2014.– 152б.
6. Г.Х.Абдрахманова, Б.М.Айтбаева. Қазақ тілі (электрондық оқу құралы). – Қарағанды,  2014.
7. Ж.Ж.Ибраимова. Қазақ тіліндегі айрықша құрылымды сөйлемдер синтаксисі. Электронды оқу құралы, Қарағанды, ҚарМУ, 2015.
8. Ж.Ж.Ибраимова қосалқы автор ретінде ҚР БжҒМ ҒК мемлекеттік тапсырысымен ғылымды 2012-2014 жылдары гранттық негізде қаржыландыру аясында шығарылған «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар» монография-оқулығы (Жалпы редакциясын басқарған Ж.А.Жақыпов, Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2016. 464-б.)

2015-2016 жылында қафедра оқытушыларының 60-тан астам мақалалары әртүрлі ғылыми басылымдарда, соның ішінде: Импакт-факторы бар журналдарда, ЖАК журналдарында, алыс және жақын шетел конференциялары мен ғылыми журналдарында, Халықаралық, Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинақтарында жарыққа шықты. Оның ішінде:
1. Скопус (Scopus) журналдары
2. Materials of the XI international scientific and practical conference «Scientific Horizons – 2015» – Sheffield Science and Education LTD
3. «Найновите постижения на европейската наука-2015», София қ.
4. Materialy XII mezinarodni vedecko-prakticka «Moderni vymozenosti vedy-2016» Praha қ.
5. Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.
6.Materials of XII mtezinarodni vedecko-practika conference: Moderni vymozenosti vedy – 2016. Dil 10. Praha, -S 3-5.
7.«Оралдың ғылым жаршысы» ғылыми журналы
8. «Вестник современной науки» журналына Волгоград 2016 №1.
9. «Актуальные проблемы гуманитарных и естественных наук”
10. “Современный научный вестник”
11. Еуразия Ұлттық университетінің хабаршысы.
12.«Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» атты ғылыми-практикалық конференция.
13. Филологические науки: взгляд молодого ученого( Всероссийская международная конференция Башкирский государственный университет).
14. Современные проблемы башкирской и тюркской филологии, посвященной 105-летию со дня рождения народного писателя Башкорто стана Зайнаб Биишевой.
15.«Байтанаев оқулары-4:Қазақстанда заманауи білім беру болашағы:Реформалар мен даму» атты ғылыми-практикалық конференция.

Кафедра оқытушыларының біліктіліктерін арттыруы
1.«Инновационные технологии в преподавании филологических дисциплин» (Башкирский государственный университет).
2. Қарағанды қаласының әкімдігі «Қарағанды қаласының мәдениеті және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ұйымдастыруымен «Іс жүргізу және мемлекеттік тілде дайындалатын құжат сапасын арттыру»  семинары.
3. «Мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелері мен озық технологиялары» Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының 25 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция.

4. КАЗГЮУ Университетінде 2-7 қазан, 2015 жылы өткен «Жоғары мектепте тілдік даярлық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқу-әдістемелік қамту мәселелері» оқу-әдістемелік семинар. 5. «Языковое образование в условиях социокультурной трансформации современного общества» халықаралық ғылыми форум.
6.ЖОО педагогика мамандығы оқытушыларының курсынан 02.03.15.-28.03.15 өтіп келген кафедра доценті Ж.Ж.Ибраимованың «Мен және қоршаған орта» модулі бойынша тренинг-сабағы.

7. «Еdteсh» халықаралық білім орталығының «Новые подходы и методы довузовской подготовки абитуриентов» атты оқыту семинары.
8.ҚарМТУ-дың ұйымдастыруымен «Орта және жоғары мектептің жүйесінде көптілдік білім беруде әдістемелік аспектісінің мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар.
9.«Білім жүйесіндегі заманауи ақпараттық технологиялар» тақырыбында семинар-практикум.
10.«Springer» баспасы өткізген семинар-трениг.
11.Кафедра оқытушылары жыл сайын өзара тәжірибе алмасып отырады, ашық сабақтар, ашық тәрбие сағаттарын өткізеді.
11. Кафедраның доценттері С.А.Рахымберлина, М.К.Жунісова, Ж.Ж.Ибраимова, Ж.З.Кадиналар ҚР БжҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АК 240 сағаттық бағдарламасы бойынша біліктіліктерін жоғарылатты.

 

2013-2014 оқу жылы қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы үшін табысты жылдардың бірі болды. Кафедра меңгерушісі Б.М.Айтбаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “ЖОО Үздік оқытушысы”грантының иегері атанды.

Кафедра тұрақты түрде кәсіби бағдар жұмысы бойынша жұмыс жасайды. Қала, облыс мектептеріне барып, болашақ үміткерлерді университет, факультет, мамандықтармен таныстырады.

Жыл сайын факультет қабырғасында облыстық пәндік олимпиадалар өткізіледі. Кафедра мүшелері олимпиаданы өткізуге атсалысады. Әділқазылар алқасы мүшелері болып, жеңімпаздар шынайы бағаланады.

Кафедраның оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары

Кафедра мүшелері халықаралық, республикалық, аймақтық жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-теориялық,ғылыми-әдістемелік  конференцияларға қатысып отырады.

Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы  университет  факультеттерінің   жетекші ғылыми білім беру  кафедраларының бірі ретінде өзекті және  кешенді/пәнаралық міндеттерді шешу үшін қазіргі қоғамның сұранысына сай инновциялық қорытындылар алуымен сипаталады..Кафедра оқытушылары «Қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі» пәндері бойынша  әдістемелік нұсқаулар, жұмыс дәптерлерін жарыққа шығарды.Сонымен қатар кафедра оқытушылары тек практикалық сабақ жүргізумен  айналыспай, ғылыми жұмыспен тұрақты түрде айналысып, қорғаған диссертациялары негізінде монография мен оқу құралдарын, пәнаралық байланыс нәтижесінде  оқу құралдарын  жарыққа шығарды.

Оқу құралы

  1. Абдрахманов З., Смаилова А.Ш., Рахимбаева Б.О. «Жеңіл атлетика» электронды оқу-әдістемелік құралы. 2017. ҚарМУ.
  2. Монография

1.Жүнісова М.Қ. «Бастапқы және соңғы сөйлемдердің лингвостилистикалық заңдылықтары »(әңгіме жанры бойынша):Монография. – Қарағанды: «Ақнұр баспасы». – 2017. – 220бет

2.Айтбаева Б.М., Мауленова А.М. Язык и билингвизм: Монография. – 2017, -110 стр

Айтбаева Б.М., Жүнісова М.Қ. «Кәсіби қазақ тілі» Экономика факультетінің студенттеріне арналған: Оқу құралы. – Қарағанды: Полграфист баспасы, 2017. 145.б

 

 

Айтбаева Б.М. «Қазақ тілі» (В-1 деңгейі). Экономика факультетінің көптілді топтары студенттеріне арналған: Оқу құралы. – Қарағанды: «Арко» ЖШС, 2014. 104.б

 

Жүнісова М.К. “Мәтіннің бастапқы және соңғы сөйлемдерінің лингвостилистикалық заңдылықтары (әңгіме жанры бойынша)” : Монография. – Қарағанды. – 2017. 145б.

 

 

Смаилова А.Ш., Абдрахманов З. «Жеңіл атлетика: оқу- әдістемелік құрал. – Қарағанды: «Medet Group»ЖШС, 2017. -178.б

 

 

 

Кадина Ж.З., Мизанбаева Г.Ш., Сатеева Б.С. «Кәсіби қазақ тілі»(Бастауыш оқыту және әдістемесі мамандығы үшін) Оқу-әдістемелік құрал. –Қарағанды:ҚарМУ баспасы., 2017. 117.б,  Көлемі  7.37 б.т.

 

Айтбаева Б. М.  «Қазақ тілі» (В-1 деңгейі) Электрондық оқу құралы. –Қарағанды – 2016.

 

З.А. Абдрахманов., А. Ш. Смаилова.,Б.О. Рахимбаева.

Электрондық оқу-әдістемелік құрал. –Қарағанды-2017.

 

Кафедра оқытушылары қазақ тілін оқыту мәселелеріне арналған республикалық, халықаралық конференцияларға,алыс және жақын шетелдерде шығатын ғылыми жинақтарда мақалаларын жариялап, халықаралық конференцияларға қатысты. Тіл білімі мәселелеріне арналған республикалық, халықаралық конференцияларға да қатысып, әр түрлі дәрежедегі отандық, шетелдік ғылыми жинақтарда мақалалары жарияланды.Кафедра оқытушылары жоғары рейтингті басылымдарда, Қазақстан Білім беру және ғылым аясындағы бақылау комитетінің тізімдемесі және ТМД елдерінің журналдарында мақалалары шықты.Оқытушылар тіл білімі мәселелеріне арнап жазылған ғылыми мақалаларға, оқулық, оқу құралдарына пікір берді. Кафедра оқытушыларының ғылыми жұмыстарының төмендегідей  тізімнен  көруге болды.

Скопус

  1. «Functions of expressive facilities in heroic epos» PONTE Journal:(DOI: 10.21506/j.ponte. -Scopus 2017.10.34). -Italy, 2017. -Vol. 73 -№ 10 -Р. 43-47.

Ринц

  1. «Дидактические основы дистанционного обучения английского языка в вузах»Актуальные проблемы гуманитарных и естественных наук: журнал научных публикаций.– 2017.- №2 Ч1.

2. «Компьютерные технологии как средство формирование коммуникативной компетенции учащихся на уроках иностранного языка»Актуальные проблемы гуманитарных и естественных наук: журнал научных публикаций.– 2017.- №2 Ч1.

  1. «Diagnostic methods for detection of manifestations deviance-victim behavior of teenagers»

http://world-science.ru/en/article/view?id=33698

European Journal оf Natural History. – М.,2017. -№ 1. –

  1. «Жастар баспасөзінің тарихы» РИНЦ:ISSN2524-0986: ISCIENCE.IN.UA:Актуальные научные исследования в современном мире: Сборник научных трудов. -Переяслав-Хмельницкий, 2017. -№ 11(31). -Ч.6.
  2. Публицистическая деятельность С.Сейфуллина» Актуальные проблемы гуманитарных и естественных наук: журнал научных публикаций.– 2017.- № 06 (июнь). Часть ІІ.
  3. «Ахмет Байтұрсынов – қазақ көсемсөзінің атасы»Интернаука: научный журнал. № 22(26). – М., Изд. «Интернаука», 2017.
  4. «Цели и задачи профессионального-ориентированного казахского языка»Актуальные проблемы гуманитарных и естественных наук: журнал научных публикаций.– 2017.- №2 Ч1.

ККСОН

  1. « Value- sense orientation as the personal determinative in choosing profession» Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. – Қарағанды, 2017. -№2 (86).

Алыс жақын шетел конференциясы

  1. «Сөйлемдер құрылымының сипаты» Materiály XIII Mezinárodní vĕdecko – praktická konference , «Vĕdecké pokrok na přelomu tysyachaletyích vĕd – 2017», 22 – 30 kvĕtna 2017 г. on Filologie .
  2. «Мемлекеттік тіл мәртебесінің нақты көрсеткіші-іс қағаздарының сол тілде жүргізілуі» MATERIALS of ХIII international research and practice conference «CUTTING-EDGE SCIENCE-2017».
  3. «Әбілқасым Әз-Замахшаридың «Мукаддимат Әл-Әдәб» сөздігі (ХІІ ғ.) мен қазіргі қазақ тіліндегі көмекші морфемалардың тарихи тектестігі» MATERIAL Sof the II International scientific-practical conference “INTEGRATION OF THE SCIENTIFIC COMMUNITY TO THE GLOBAL CHALLENGES OF OUR TIME”.– Osaka. Japan,2017.

4.  «Сөйлеу тілі бұзылған балаларды үйретудің әдіс-тәсілдері» Science and сivilization – 2017: Materials of the XIII International scientific and practical conference(November 30 – December 7, 2017):-Volume 8:Pedagogical sciences: – Sheffield. Science and education LTD, 2017.

  1. «Ұстаз туралы толғаныс» Materiály XIII Mezinárodní vĕdecko – praktická konference «Zprěvy vědecké ideje – 2017», Volume 3: Praha. Publishing House «Education and Science», 2017.
  2. «Қазақ тілін оқытуда интерактивті әдістерді қолданудың жолдары» Materials of XIII international research and practice conference: CUTTING-EDGE SCIENCE – 2017. – Science and Education Ltd Sheffield UK, 2017
  3. «Араб, парсы, ағылшын сөздерінің қазақ тіліне ену себептері» Materials of XIII international research and practice conference:CUTTING-EDGE SCIENCE – 2017. – Science and Education Ltd Sheffield UK, 2017
  4. «Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі»Materials of the XIII Internationalresearchand practical conference: CUTTING-EDGE SCIENCE – 2017. – Science and Education Ltd Sheffield UK, 2017
  5. «ОҚЫТУШЫ ШЕБЕРЛІЛІГІНІҢ

ЖЕМІСІ- НӘТЕЖЕЛІ САБАҚ»MATERIAŁYXIII MIĘDZYNARODOWEJ NAUKOWIPRAKTYCZNEJKONFERENCJI«EUROPEJSKA NAUKA XXI

POWIEKĄ- 2017»07 -15 maja 2017 rokuTom 6FilologicznenaukiPrzemyślNaukaistudia

ҚР халықаралық конференция

  1. «Биологияны оқытудағы шығармашылық сайыс сабағы» Қазіргі биология теориялық,қолданбалылық аспектілері және пәнаралық байланыстары. Халық.ғылыми-практ.конф.13-14қазан 2017ж ҚарМУ. Қарағанды.
  2. « Кәсіби қазақ тілін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» Қазіргі биология теориялық, қолданбалылық аспектілері және пәнаралық байланыстары халықаралық ғылыми-практикалық конф. –Қарағанды, 2017.
  3. «Қазақ тілі сабақтарында жаңа технологияларды қолдану» «Ана тілі аясы: оқыту зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар. –Астана, 2017.
  4. «Қостілділікті оқытудың өзекті мәселелері» Тіл білімі «Ана тілі аясы: оқыту,зерттеу мәселелері»атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар материалдары. Астана,2017.«Қазақ батырлар жырындағы тілдік құралдар» Қазіргі филологиялық зерттеулердегі өзекті мәселелері.Арқалық, 2017.
  1. «Оқушылардың ақпараттық технологияларды оқу іс-әрекеттерінде пайдалану мүмкіндіктері» Қазіргі биология: теориялық, қолданбалылық аспектілері және пәнаралық байланыстары: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф. материалдары, ҚарМу, 2017.
  2. «Үштұғырлы тіл – кәсіби табыстың кепілі» «Ана тілі аясы: оқыту, зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар материалдары– Астана : ЕНУ, 2017.

 

Кафедра оқытушыларының біліктіліктерін арттыруы

Кафедрада жүргізілетін тәрбиелік жұмыс

Тәрбиелік жұмыс

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультеті практикалық қазақ тілі кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен Тілдер күніне арналған «Тілім менің – тірлігім менің» атты мерекелік іс-шара өткізілді

            Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының тәрбие жұмысы осы замандағы біліктілігі жоғары мамандарды даярлауға бағытталған.
Оқытушылар сабақта және сабақтан тыс уақытта тәрбие шараларын басқарып, тиімді жұмыс өткізеді. Кафедра оқытушылары университеттің спорттық өміріне және жыл сайын ҚарМУ-інің спартакиадасына белсенді қатысады.
Оқу-тәрбие жұмысы кафедраның бекітілген жоспарына сәйкес өткізіледі. Кафедра оқытушыларының қатысқан мәдени іс-шаралары:

  1. Білім күні;
  2. Казақстан халқы тілдерінің аптасы;
  3. Әлемдегі СПИД-ке күрес және есірткіге қарсы мемлекеттік акция күні;
  4. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні;
  5. 8 – наурыз Халықаралық Әйелдер Күні ;
  6. «Наурыз» Мейрамы;
  7. Казақстан халқының бірлігі күні және Жеңіс Күні;
  8. Спорт шаралары.

2015-2016 оқу жылында кафедра келесідей тәрбиелік жұмыстарды атқарды:
ҚР Президенті ҚР Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясын» жүзеге асыру, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы және Қазақстан Республикасының тілдер күніне байланысты барлық факультетттің өзге ұлт студенттері арасында «Тіл- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем» атты «Тілдер фестивалі», 31.10.2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына байланысты өзге ұлт студенттері арасында «Мәңгілік ел» тақырыбында шығарма жазу сайысы  өткізілді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Үштілділік-қазіргі заман сұранысы» тақырыбында шетелде білім алып келген және университетте оқитын қытайлық студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Лю Сюе, Лю Цзе , Линь Цзе, Чжан Цянь (шетел тілдері факультеті, 3 курс студенттері) ерекше көзге түсті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» стратегиялық бағдарламасының 89-қадамындағы «Мәңгілік ел құндылықтарын енгізуді» насихаттау мақсатында Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері командасы мен А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері командасының арасында «АТА-БАБА ДӘСТҮРІ ҰРПАҚҚА АМАНАТ» атты байқау өткізілді. Байқау кезеңдерінің қорытындысы бойынша екі команда студенттері арнайы сыйлықтармен, мадақтамалармен марапатталды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын насихаттау барысында және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында университетте оқитын өзге ұлт студеттері арасында «Қазақ тілінің білгірлері» пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындармен марапатталған студенттер: Матияшина Екатерина (эконом.фак.), Ким Анна (заң фак.), Глубоких Лина (шет т.фак.), Харитонова Таня (заң фак.).
Мереке күндері кафедра оқытушылары қайырымдылық шараларға қатысып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады. Биылғы жылы Жаңа Жыл қарсаңында кафедра мүшелері “Шапағат” балалар үйіне барып, балалармен әңгімелесіп, іртүрлі сыйлықтар таратты.

2017 жылдың 22 қыркүйегінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде  қазақ тілі практикалық курсы кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен ұлттық мәдениеттер мен тілдерді насихаттау және олармен студент жастарды таныстыру, студенттердің белсенділігін арттыру, жастар қабылдауында ұлтаралық көркем шығармашылықтың мәртебесін көтеру мақсатымен Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында университетіміздің барлық факультеттің студенттері арасында  «Тіл- халықтар достығының кепілі» атты тіл фестивалі өтті.  Жыл сайын өтетін дәстүрлі фестивальден ерекшелігі –  Қытай Халық Республикасы Синьцзян университеті студенттерінің қатысуымен өтті. Студенттер әр ұлт тілінде өлең оқып, ән шырқап, би биледі.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  студенттердің шығармашылық потенциалын көтеру және «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасын насихаттау мақсатында өзге ұлт студенттері арасында «Білімді ұқпақ – ел болашағы» атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайыс 8 ғимаратта сағат 16.00-де 214 дәрісханада өтті.

Сайысқа қатысқан студенттер:

1 топ «Жасұлан»

Когайчук Александра – УА-12

Завамичика  Анна –БН-22

Юк Фуркан – МП-11

Гребенюк Дарья – Тур-32

Гаджиева Арус – Диз-12

Жданова Виктория – М-104

Гаджалиева Сусана- М-102

2 топ «Мәңгілік ел»

Шмидт Маргарита – ХТНВ-32

Эргешова Зилола – РС-11

Лучицкая Ангелина  – РА-12

Расулова Ханапуз – Ю-26

Ким Мира – Фор-101

Катпышова Диляра – РЖ-21

Жалпы мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан – жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Студенттердің ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Студенттердің  сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру. Білімін, ойлау өрісін, сөйлеу шешендігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілетін арттыру.

              2018 жылдың 16-ақпанында  Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық- техникалық колледжі студенттері арасында «Студенттік өмір, көтеріңкі көңіл» деген тақырыпта Көңілді тапқырлар  сайысы өткізілді. Сайыстың  негізгі мақсаты  Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау және жеке тұлғаны қалыптастыруда   студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, өзін-өзі көрсетуге жағдай жасау, университетте Көңілді тапқырлар  сайысын  студенттер арасында насихаттау болды.

Сайыс сәлемдесу, үй тапсырмасы, 5 жаңалық  кезеңдерінен тұрды. Сайыс соңында әділқазылар алқасы екі топтың өнер сайысын бағалап, Е. А. Бөкетов атындағы «Арманшылдар» командасы бірінші орынды иеленді. Команда мүшелері алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды. Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі жастар мен балалардың үкіметтік емес ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы С. Т. Жүнісов өнерпаз студенттерді құттықтап, ақ жол тіледі.

Кафедра мүшелері тек сабақ берумен ғана айналыспайды, өзара спорттық сайыстарда да бақтарын сынап тұрады. Наурыз күніне арналған мерекеге кафедра оқытушылары көңілді тапқырлар сайысын өткізіп, екі команда да мықты екендіктерін көрсетті.

Top