Экономика және халықаралық бизнес кафедрасы

Кафедра тарихы

«Экономика және халықаралық бизнес» кафедрасы «Экономикалық география және салалар экономикасы» (1978 -1989 жж. аралығында), «Экономика және сала мен территорияларды жоспарлау» (1989-1993жж. аралығында) кафедралар негізінде 1993 жылы құрылды. Кафедрада «Экономика» (бакалавриат, магистратура) маманыдығы және «Экономика және жаһандану жағдайында инновациялық даму» PhD докторантура бойынша жоғары білікті мамандарды дайындайды.

1992 жылдан бастап 5В050600 – «Экономика», 2008 жылдан 5В011500 – «Құқық және экономика негіздері» және 2010 жылдан 5В051300 – «Әлемдік экономика» мамандықтары бойынша мамандарды даярлау басталды.

1996 жылы Кафедра «Әлемдік экономика» бойынша алғашқы студенттердің шығарды. 1996 жылдан 2006 жылға дейін аталған мамандық бойынша 500-ден астам студенттер бітіріп шықты.

2010 жылы 2010 жылы 3 ақпандағы (ҚР БҒМ БҒСБК 03.02.2010ж, №168 бұйрығы) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуші 08-2009: Серия АБ №0137349 жаңа жіктеушіге сәйкес мамандықтардың лицензиясы қайта рәсімделді. 2012 жылдың 28 сәуірдегі № 544 Өзгеріс арқылы қайта ұйымдастыру туралы: 2012 жылы 15.10.2012ж. №12015198 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес 2012 жылы мамандықтың лицензиясы кайта рәсімделді.

2011 жылы экономика және халықаралық бизнес кафедрасы және экономикалық теория кафедрасының бірігуі болды.

Қазігі уақытта кафедрада 5В011500 – «Құқық және экономика негіздері», 5В050600 – «Экономика» және 5В051300 – «Әлемдік экономика» бакалавриаттың 3 мамандығы бойынша, 6М011500 – «Құқық және экономика негіздері» және 6М050600 – «Экономика» магистратураның 2 мамандығы бойынша және 6D050600 – «Экономика» докторантура мамандығы бойынша мамандарды даярлау жүргізіледі.

2012 жылы 20 мамырдағы Аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамсыздандыру институты ACQUIN (Германия) комиссиясының шешімімен «Экономика (бакалавриат)» академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің білім беру бағдарламасы халықаралық аккредиттеу алды.

Кафедраның құрамы
Мамандықтар

5В050600 – “ЭКОНОМИКА”

мамандығы бойынша

БАКАЛАВРИАТ

Академиялық дәреже – “Экономика” мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры. Кәсіби қызметтерінің объектілері болып табылады: экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері, жоспарлау бөлімдері, экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары, облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер, департаменттер, әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар, фирмалар, және ұйымдар, трансұлттық корпорациялар және ұлттық компаниялар, ведомстволар және министрліктер.

Оқыту тілдері: қазақ, орыс.

Оқыту нысаны: күндізгі, сыртқы.

Оқытудың нормативтік мерзімі:

-оқытудың кқндізгі нысаны, 11 сынып негізінде – 4 жыл;

-оқытудың кұндізгі нысаны, қысқартылған, техникалық және кәсіби (орта кәсіби) білім негізінде – 3 жыл;

-оқытудың сыртқы нысаны, қысқартылған, техникалық және кәсіби (орта кәсіби) білім негізінде – 3 жыл;

-оқытудың сыртқы нысаны, қысқартылған, жоғары білім негізінде – 2 жыл.

Таңдау пәні – география.

Бейіндік пән – математика.

Аккредитация, сертификация және сапаны қамтамасыздандыру институты ACQUIN (Германия) аккредитациялық комиссиясының шешімімен 2012 жылдың 30 мамырынан бастап академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Экономика (Бакалавриат)» білім беру бағдарламасы халықаралық аккредитацияға ие болды.

 

5В051300 – “ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА”

мамандығы бойынша

БАКАЛАВРИАТ

Академиялық дәреже – “Әлемдік экономика” мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры.

«5В051300-Әлемдік экономика» білім беру бағдарламасының кәсіби қызметтерінің объектілері болып табылады: халықаралық фирмалар және ұйымдар, сыртқыэкономикалық операцияларды орындайтын отандық компаниялар, бірлескен кәсіпорындар, коммерциялық банктер, инвестициялық компаниялар және қорлар, ұлттық банк, шетел және отандық фирмалардың өкілдері, экономиканы мемлекеттік реттеу органдары, мемлекет аралық мекемелер және ұйымдар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, орта және орта кәсіби оқу орындары.

Оқыту тілдері: қазақ, орыс.

Оқыту нысаны: күндізгі, сыртқы.

Оқытудың нормативтік мерзімі:

-оқытудың кқндізгі нысаны, 11 сынып негізінде – 4 жыл;

-оқытудың кұндізгі нысаны, қысқартылған, техникалық және кәсіби (орта кәсіби) білім негізінде – 3 жыл;

-оқытудың сыртқы нысаны, қысқартылған, техникалық және кәсіби (орта кәсіби) білім негізінде – 3 жыл;

-оқытудың сыртқы нысаны, қысқартылған, жоғары білім негізінде – 2 жыл.

Таңдау пәні – география.

Бейіндік пән – математика.

Мамандық түлектері экономикалық мамандықтар бойынша магистратурада білімдерін жалғастыра алады.

Аталған мамандық бойынша көптілдік оқыту қарастырылған (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын).

5В011500 – “ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ”

мамандығы бойынша

БАКАЛАВРИАТ

«5В011500 – Құқық және экономика негіздері» білім беру бағдарламасы құқық және экономика саласында педагогика, экономика және заң ғылымдарында негізгі мәселелерінің мәнін ашатын, элективті курстар шеңберінде білім алушылардың жеке траекториясын қалыптастыру және жүзеге асыру арқылы педагогикалық кадрларды даярлаудың алғашқы сатысы болып табылады; педагогика, экономика және заң ғылымдарының когнитивті, құрылымдық және қызметтік қасиеттері; педагогика, экономика және заң құбылыстарын микро және макроталдау. Берілген бағыттың өзге оқу бағдарламаларынан және дәл осындай өзге ЖОО-дағы бағдарламаларынан айырмашылығы құқықтық және экономикалық пәндердің болашақ оқытушысын даярлауды тереңдетуге бағытталған, ұсынылып отырған элективті курстарда болып отыр: Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы, Сыбайлас жемқорлықпен күрес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, Қазақстан Республикасының корпоративтік құқығы, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы, Экономикалық әлеуметтану, Экономикалық ойдың парадигмалары, Экономикадағы тәртіптік үлгілер, Экономикалық даму теориялары, Педагогикалық шеберлік, Педагогикалық психология, Әлеуметтік психология, Эксперименталды психология және т.б.

Академиялық дәреже – құқық және экономика негіздері бакалавры.

Кәсіби қызметтерінің объектілері болып табылады: орта жалпы білім беретін мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер және басқа да орта, техникалық және кәсіби оқу орындары, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер (біліктілікті жоғарылату институттары, баспа үйлері), консультациялық фирмалар, оқу мекемелері (лаборант, кабинет меңгерушісі, кеңесші, менеджер) және т.б.

Оқыту тілдері: қазақ, орыс.

Оқыту нысаны: күндізгі, сыртқы.

Оқытудың нормативтік мерзімі:

-оқытудың кқндізгі нысаны, 11 сынып негізінде – 4 жыл;

-оқытудың кұндізгі нысаны, қысқартылған, техникалық және кәсіби (орта кәсіби) білім негізінде – 3 жыл;

-оқытудың сыртқы нысаны, қысқартылған, техникалық және кәсіби (орта кәсіби) білім негізінде – 3 жыл;

-оқытудың сыртқы нысаны, қысқартылған, жоғары білім негізінде – 2 жыл.

Таңдау пәні – дүниежүзі тарихы.

Бейіндік пән – дүниежүзі тарихы.

Мамандық түлектері экономикалық, құқықтық және педагогикалық мамандықтар бойынша магистратурада білімдерін жалғастыра алады.

 

 

 

 

 

 

5М050600 – “ЭКОНОМИКА”

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРА

«6М050600-Экономика» магистралерді дайындау бағыты бойынша білім беру қызметі жоғарғы кәсіби білім беру бағдарламасы негізінде келесі оқу нысандары бойынша жүзеге асырылады:

– кәсіби бағыт – 1 жыл;

– ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл.

Оқыту тілдері: қазақ, орыс.

«6М050600 – Экономика» мамандығы бойынша ЖОО-нан кейін жоғарғы білім берудің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестациядан табысты өткен тұлғаларға, академиялық дәреже беріледі:

– кәсіби бағыт – «6М050600 – Экономика» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі;

-ғылыми-педагогикалық бағыт – «6М050600 – Экономика» мамандығы бойынша экономикалық ғылымдарының магистрі.

Магистратура түлектерінің кәсіби қызметтерінің объектілері болып табылады:

-кәсіби дайындықта: мемлекеттік және жергілікті басқару органдары; кәсіпорындардың және ұйымдардың өндірістік-экономикалық және жоспарлы-экономикалық, әлеуметтік-басқару және маркетингтік, қаржылық-талдау қызметтері; сыртқыэкономикалық қызметтердің бөлімдері;

-ғылыми және педагогикалық дайындықта: ғылыми-зерттеу институттары; жоғарғы оқу орындары, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары; кәсіпорындардың және ұйымдардың өндірістік-экономикалық және жоспарлы-экономикалық, әлеуметтік-басқару және маркетингтік, қаржылық-талдау қызметтері; сыртқыэкономикалық қызметтердің бөлімдері.

 

«6М011500 – ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ”

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРА

Берілген саладағы білімін тереңдету мүмкіндігі «6М011500 – Құқық және экономика негіздері» магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырып, оның негізгі ерекшелігі элективті курстар шеңберінде білім алушының жеке оқу траекториясын қалыпастыру мен жүзеге асыру арқылы экономикалық және құқықтық оқыту кезіндегі заманауи педагогикалық үрдіс саласындағы білім алушыларды түпнегізді және кәсіби дайындауды тереңдету болып табылады.

«6М011500 – Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша магистрлерді даярлау бағыты бойынша білім беру қызметі сериясы АБ№0137349 мемлекеттік лицензия негізінде жүргізілуде.

Оқу үрдісі келесі оқу нысандары бойынша жүзеге асырылады:

– жоғарғы кәсіби білім негізінде (күндізгі, ғылыми-педагогикалық бағыт) – 2 жыл;

– жоғарғы кәсіби білім негізінде (күндізгі қысқартылған, кәсіби бағыт) – 1 жыл.

Оқыту тілдері: қазақ, орыс.

Магистартураның білім беру бағдарламасы бойынша білімін тәмамдаған тұлғаларға «6М011500 – Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша «білім беру магистрі» (1 жыл) немесе «6М011500 – Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша «педагогика ғылымдарының магистрі» (2 жыл) академиялық дәрежелерін тағайындаумен мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

«5В011500/6М011500 – Құқық және экономика негіздері» білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызмет объектілері келесілер болып табылады: орта білім беру мектебі, лицеилер, гимназиялар, колледждер және өзге орта, техникалық және кәсіби оқу орындары, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер (біліктілікті жоғарылату институттары, баспаханалар), кеңес беруші фирмалар, оқу орындары (лаборант, кабинет меңгерушісі, кеңесші, менеджер) және т.б.

 

6D050600-ЭКОНОМИКА

мамандығы бойынша

ДОКТОРАНТУРА

Докторантурада философия докторын (PhD) және бағыт бойынша докторын даярлау жүргізіледі.

Философия докторы (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасының ғылыми-педагогикалық бағыты бар және фундаменталды білім беру, әдістемелік пен зерттеушілік дайындықты және ұлттық экономика, әлеуметтік сала: білім беру, медицина, қызмет көрсету және бизнес аясы және т.б. салалар үшін сәйкес ғылым бағыты бойынша пәндерді терең оқыту.

Докторантураның білім беру бағдарламасын игерген тұлғаларға 6D050600 – Экономика мамандығы бойынша «Философия докторы» (Ph.D) немесе «Экономика және бизнес докторы» академиялық дәрежесі беріледі.

Оқу мерзімі:

Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативті ұзақтығы:

(Ph.D) докторантура үшін – 3 жылдан кем емес;

кәсіби докторантура үшін – 3 жылдан кем емес.

Кәсіби қызметтің объектілері.

«6D050600 – Экономика» мамандығы бойынша кәсіби қызмет объектілері табылады:

Бағыт бойынша докторлар: мемлекеттік және жергілікті басқару органдары; кәсіпорындардың, бизнес-құрылымдардың, ұйымдардың және мекемелердің өндірістік-экономикалық және жоспарлы-экономикалық, әлеуметтік-басқару және маркетингтік, қаржылық-талдау қызметтері; ғылыми-зерттеушілік ұйымдар және құрылымдар, ведомстволық бағынушылық және меншік нысанына тәуелсіз экономиканың кез келген салаларының ұйымдарында, кәсіпорындарында және компанияларында.

(Ph.D) философия докторлары: ғылыми-зерттеу институттары; жоғарғы оқу орындары, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары; кәсіпорындардың, бизнес-құрылымдардың, ұйымдардың және мекемелердің өндірістік-экономикалық және жоспарлы-экономикалық, әлеуметтік-басқару және маркетингтік, қаржылық-талдау қызметтері.

Кәсіби қызмет түрлері.

Бағыт бойынша докторлар келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

  • өндірістік -басқару;
  • ғылыми-зерттеушілік
  • ұйымдастырушылық-технологиялық;
  • іскерлік әкімшілік функциялары;
  • жобалық-ізденушілік;
  • инвестициялық-инновациялық;
  • маркетингтік.

(PhD) философия докторлары:

  • өндірістік -басқару;
  • ғылыми-зерттеушілік
  • педагогикалық.
Халықаралық серіктестік
Экономика және халықаралық бизнес кафедрасы келесі бағыттарда халықаралық серіктестікті жүзеге асырады:

1.М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен (Ресей), Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетімен (Ресей), Орынбор мемлекеттік университетімен (Ресей), Экономиканың жоғарғы мектебімен (Прага қ.), Szent Istvan University (Венгрия), Osteuropa-Institut Munchen (Германия), «Education Network» білім беру мекемелерінің Ассоциациясымен (Қырғызстан) білім беру және ғылым саласында ұзақ мерзімді серіктестік туралы келісімдер шегінде

2. Халықаралық бағдарламаларға қатысу шегінде ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру: мысалы, Tempus және Erasmus Mundus білім беру және мәдениет бойынша Еуропалық комиссияның бағдарламасы.

3. Ресей, Германия, Чехия, АҚШ оқу және ғылыми орталықтарында ғылыми тәжірибелерден оқытушылардың өтуі (Притворова Т.П., Мукашев Т.А., Ескендир Н.Н., Газизова М.Р., Рахимжанова Г.К., Жартай Ж.М., Жусупова А.М., Абдразакова Т.А.).

4.Қонақ дәрістерін оқу үшін шетел ғалымдары шақырылды: Экономиканың жоғарғы мектебінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы (Прага қ., Чех Республикасы) Ладислав Тылл; Ресей ғылым академиясы экономика Институтының энергиялық саясат секторының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Волошин В.И.; М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының Директоры, э.ғ.д., профессор Сидорович А.В.; Сцент-Иштвана Университетінің (Венгрия) қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Лазло Ваза; Қырғыз-Ресей Славян Университетінің э.ғ.д., профессоры Кучербаева А.А.; Михно Университетінің (Португалия) PhD докторы, профессоры Жоао Сарменто; PhD, Клуж-на-Поки Техникалық университетінің профессор Ион Войк Сукала (Румыния); Хайльбронн (Германия) Жоғарғы мектебінің профессоры Олаф Хенгерер.

Кафедраның ғылыми қызметі

Кафедраның ПОҚ ғылыми – зерттеу қызметінің негізгі мақсаты ғылыми зерттеуді қолдауда және дамытуда білімді фундаментеу негізінде, жұмыскерлердің еңбек біліктілігін дайындау базасы мемлекет пен қоғамның қажеттілігіне сәйкес келеді.

Ғылыми – зерттеу қызметі облысының негізгі мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады:

  • ғылымды дамыту және профессорлық оқыту құрамының творчествалық қызметін дамыту;
  • фундаментальдық зерттеудің приоритеттік дамуы және жаңа білімді құруға жаңа технологияны меңгеруге негіз болады;
  • білімдік және тәрбиелік мақсаттарды шешуде ғылымның әсерін күшейту;
  • жоғарғы мектептің ғылыми техникалық әлеуетін тиімді қолдану өндірісті жаңарту мақсатында міндеттерді шешуде және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуды өткізуге бағыттау;
  • жаңа ғылыми техникалық іскерліктің қарқынды үдемелі формасының дамуы, жоба конструкциялық, технологиялық ұйымдармен және өнеркәсіптік кәсіпорындармен маңызды ғылыми техникалық міндеттерді бірігіп шешу мақсатында, өндірісте жоғарғы оқу орынында пайдаланатын өңдеуді ұлғайту.
  • әлемдік ғылым мен білім жүйесі мен біріккен ғылыми нәтиже алу үшін халықаралық ғылыми әріптестікті кеңіту;

Кафедраның ғылыми қызметі КарМУ-дың 2015 жылға стратегиялық жоспарымен сәйкес келеді.

2013-2015 жылға университетті дамытудың стратегиялық жоспары шеңберінде кафедра ПОҚ 2011 жылдан 2014 жылға дейін ғылымдық жұмыс келесі тақырыппен орындалды: «Методологиялық принциптері және методикасы, жіктелуі және әлеуметтік норматив пен нормаларды қолдану механизмдері, өмір сапасының ұлттық стандартын құрастыру», «Аймақтың адам ресурстарын дамыту: еңбек нарығы, жұмысбастылық, әлдеуметтік қорғау» қорытындысын оқу процесіне енгізу жоспарлануда.

Сонымен қатар жоғарғы мектептің міндеттерін жүзеге асыруда кафедраның ПОҚ 2011 жылдан бастап МОН РК конкурстарында қатысады және инициативті тақырыптарды жүзеге асырады. Притворова Т.П. мен Бектлеева Д.Е. мына ғылыми жоба бойынша қатысады: «Развитие специальных социальных услуг пожилым гражданам и инвалидам на дому: экономические модели и механизмы их реализации» (келісім шарт КН МОН РК №1581 экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық облыстарында ғылымдарды қолданбалы фундаментальды зерттеу).

Хусаинова Ж.С. шаруашылықтық келісім шарттық тақырыпқа қатысты келесі тақырыпта 103 Ю-14 «Проведение обучающего семинара по вопросам предпринимательства» СНС ретінде (тапсырыс беруші – АО Казагромаркетинг) және шаруашылықтық келісім шарттық тақырыпқа «Проведение обучающего семинара по реализации изменений программы «Дорожная карта занятости – 2020»» (тапсырыс беруші – ЧУ «Әріптестік және бизнес институты») кафедра доценттері Б.Н. Акмолдинамен., Г.А. Райхановамен бірігіп жүргізілді.

Атап өту керек, кафедраның ПОҚ инициативті тақырыптарды орындайды: «Ұлттық экономиканың жүйелі инновациялы және институционалды модернизацияның концептуалды негізі мен механизмі жаһанды технологиялық даму жағдайында».

Берілген тақырыптар бойынша жұмыстардың нәтижесі 2011- 2014 жылдарға кафедраның еңбектер жинағы болады:

  1. «Қазақстан экономикасының нақты сектордағы модернизация процесі»: «Экономика және халықаралық бизнес» кафедраның ғылыми еңбектер жинағы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ – Карағанды. 2011.–200 б.
  2. «Ұлттық экономиканың концептуалды негізі және жүйелі инновациялық механизмнің инновациялық және институционалды модернизациясы» кафедраның ғылыми еңбектер жинағы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ – Карағанды. 2013.–356 б.
  3. Ұлттық экономиканың әлеуметтік экономикалық модернизациясы: жаңа бағыттары- инновативті механизмі / Ғылыми еңбектер жинағы. э.ғ.к., доцент Хусаинова Ж.С.-Қарағанды: ТОО «Tengri», 2014. – 172 б.

Монографиялар мен оқу құралдары:

1) Монография э.ғ.к., доц. Ж.С. Хусаинованың «Институционализация экономической субъектности государства в системе общественного воспроизводства: генезис, современное состояние, макроэкономические эффекты», көлемі 12,5 б.т.

2) Оқу құралы э.ғ.к., доц. Ж.С. Хусаинованың және э.ғ.к., доц. Г.А. Райханованың «Микро – макроэкономикалық талдаудың негіздері», көлемі 8,2 б.т.;

3) Оқу құралы э.ғ.к., проф. Набиев Е.Н.( авторлар Базарова С.К., Салауатова Д.М.) «Маркетинг в банках» объемом 8,3 п.л.

4) Электронды оқу құралдары э.ғ.к., доцент Хусаинова Ж.С. «Микро- и макроэкономика: прикладные поведенческие модели» (Мемлекеттік тіркеу құқығы авторлық құқық объектісі куәлігі № 1405 , 22.10.13ж.)

5) Электронды оқу құралдары э.ғ.к., доцент Хусаинова Ж.С. және э.ғ.к., доц. Г.А. Райханованың «Микро – макроэкономикалық талдаудың негіздері», көлемі 8,2 б.т.; (Мемлекеттік тіркеу құқығы авторлық құқық объектісі куәлігі № 1405, 11.11.13ж.)

6) Коллективті монография .э.ғ.д, профессор Притворова Т.П., э.ғ.к. доцент Бектлеева Д.Е. «Экономический потенциал Восточно-Казахстанской области в контексте перспектив размещения производительных сил и расселения населения на период до 2030 года. – г.Караганды көлемі 10,3 б.т. (авторлармен, Қарағанды қаласының аймақтық даму ҒЗИ ұжымымен).

Ғылым мен профессорлы оқытушылық құрамының творчествалық қызметін дамыту аясында кафедраның ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі болып басылым қызметі табылады. 2011-2013 жылдары басылымдар саны 2 есеге өсті, 61 бірліктен 119-ға жетті 119 (сурет 5).

 

Сурет 5 – Кафедраның 2011-2013 жылдарға басылым қызметінің көрсеткіштері динамикасы

Суреттен 2011-2013 жылдары кафедраның ПОҚ өнімділігі жоғарлады. Егер 2011 жылы кафедраның бір мүшесіне 2,54 статьядан келсе, ал 2013 году 4,58 статьядан, 2011 жылға қарағанда бұл 2 есе өскенін көрсетеді.

Басылым қызметінің динамикасы баспа табақта шығарушы кафедраның ПОҚ басылым түрлері 5 суретте көрсетілген.

Кафедраның ПОҚ оң нәтижсі болып импакт-фактор журналдарында (базасы Thomson Reuters, Scopus, РИНЦ) басылымдары табылады. Егер 2011 жылы 2 статья көлемі 0,8 баспа табақ болса, 2013 жылы 3 статья көлемі 2,0 баспа табақ болды. ПОҚ жақын және алыс шетелдердегі басылымна белсенділігі артты. Егер 2011 жылы 2 статья 0,6 баспа табақ болса, 2013 жылы 10 статья 4,1 баспа табақ болды. Кафедраның жақын және алыс шетелдердегі конференцияға қатысуы 9 еседен артық өсті.

 

Сурет 7 – 2011-2013 жылдарға басылым қызметінің динамикасы баспа табақта басылым түрлері бойынша

Ғылыми техникалық бірлестіктің жаңа үдемелі формасы шеңберінде ғылыми ұйымдармен және өнеркәсіптік кәсіпорындармен маңызды ғылыми техникалық міндеттерді бірлесе отырып шешуде кафедрада жыл сайын ғылыми семинарлар мен дөңгелек үстелдар өткізіледі.

2013 жылы «Қазақстанның инновациялы-индустриалды дамуының мәселелері мен болашағы» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Семинарда кафедраның ПОҚ, Э-42 тобының студенттері қатысты. Шақырылған қонақтар: экономика магистрі, Аймақтық даму ҒЗИ ғылыми қызметкері Джусупов Х.С., инвестициялық жобалар департаменті мен АО «НК «СПК «Сарыарка» бас инженері Тищенкова В.Э., экономика магистрі, консалтингтік фирманың директоры Жайлауов Е.Б.

2014 жылы ғылми семинарлар келесі тақырыптар бойынша жүргізілді:

– «Педагогикалық инновациялар жоғары экономикалық білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын жоғарылату факторы ретінде» (доклад жасаған Жартай Ж.М.)

– «Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы экономикалық мамандықтар студенттерінің ғылыми қызметін белсендеттіру тәсілі ретінде» (баяндамашы Рахимжанова Г.К.)

– «Қазақстандағы интеллектуалды капитал: түсінігі, мәселелері, даму болашағы». Семинарға кафедраның кәсіби оқытушылық құрамы мен Э-32 тобының студенттері қатысты. Семинар қонағы ретінде Аймақтық даму ҒЗИ директоры, э.ғ.д., профессор А.А.Алимбаев қатысты. Қарастырылған сұрақтар:

1. Интеллектуалды капитал Қазақстандағы инновациялық дамудың факторы ретінде. Баяндамашы Д.Е.Бектлеева.

2. Қазақстан Республикасындағы интеллектуалды капиталды дамыту үрдісі: жоғары дәрежелі мамандар даярлау ерекшеліктері. Баяндамашы Ж.С.Хусаинова.

3. Интеллектуалды капиталдың мәні. БаяндамашыА.А.Алимбаев.

Ғылымның білім беру мен тәрбие мәселелерін шешуге әсерін күшейту үшін:

А) 2013 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың экономика факультетінің “Экономика және халықаралық бизнес” кафедрасының ғылым кандидаттары мен докторларының қатысуымен “Мектептер, гимназиялар мен колледждерде экономикалық бағыттағы пәндерді оқыту әдістемесінің көкейкесті мәселелері” тақырыбына Дөңгелек үстел өткізілген болатын. облыстық Қарағанды қаласының дарынды балаларға арналған №1 интернаты – қазақ-түрік лицейінің оқытушысы Абдрахманова Жайнагүл Ермекқызы, Сарань қаласының А.Құнанбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы Алибаева Марина Сергеевна, Қарағанды қаласының “Болашақ” колледжінің оқытушысы Нургалиева Айым Алпысбаевна, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың “Экономика және халықаралық бизнес” кафедрасының магистранттары Рахимжанова Гульнар Канатовна және Жартай Жанибек Маратулы баяндама әзірледі.

Б) ғылыми зерттеу жұмыстарының барлық нәтижелері “Әлемдік экономика” және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтарының студенттері мен магистранттарына лекция және семинар дәрістерін дайындау мен жүргізу барысында қолданылады

В) диссертациялық кеңес жұмыстарына кафедраның кәсіби оқытушылық құрамы қатысады. Осылайша Т.П. Притворова PhD философия докторы бойынша, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының 6D051000 – “Мемлекеттік және жергілікті басқару” бағыты пен мамандығы бойынша ғылыми дәрежесін беру үшін диссертация қорғау бойынша диссертациялық кеңес мүшесі болып табылады.

Д) кафедра профессорларын 6D050600 – “Экономика” мамандығы бойынша PhD философия докторы ғылыми дәрежесін беру үшін диссертациялық жұмыстардың ресми рецензенті болуға шақыруда. Т.П. Притворова Т.Рыскулов атындағы КазЭУ-де ресми рецензент болды.

Г) Ғылыми жетістіктердің көрмелері өткізіледі. I аймақтық пәндік олимпиаданы «Стратегия «Казахстан – 2050»: новые ориентиры социально-экономической модернизации» өткізу кезінде Қарағанды облысының университет базасындағы экономикалық мамандықтар бойынша мектеп, колледж оқытушылары мен оқушылары үшін кафедраның ПОҚ ғылыми әдістемелік еңбектерімен көрме өткізілді.

Д) Кафедра оқытушылары жиі өз біліктіліктерін арттырып отырады, стажировка өту арқылы. 2013 году Нурпеисов Б.Г., Базарбаев М.К., Бектлеева Д.Е., Мусина С.Т., Жартай Ж.М., Таттымбетова К.Т., Ескендир Н.Н., Куттыбаева Н.Б., Жашкеев Р. «Қолданбалы дидактикалық материалдарды жасау және оқытудың кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиясының әдістемесі» курсын өтті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті базасында.

Тәрбие жұмысы
Оқу жылының басында 2013-2014 оқу жылына «Экономика және халықаралық бизнес» кафедрасының аға куратордың жұмыс жоспары құрастырылды және бекітілді.

«Экономика және халықаралық бизнес» кафедрасының тәрбие жұмысы кураторлардың жеке жұмыс жоспарына және кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүрігізілді.

Барлық кураторлар өздерінің топтарымен кураторлық жоспарларына сай жұмыс істейді. Кафедраның барлық кураторлары студенттер туралы мәліметтері (демографиялық ақпарат, ата – аналар туралы мәліметтер, сырттан келген студенттердің мекен — жайлары) бар жұмыс журналдарын жүргізіледі.

Жоспарда қарастырылады:

  • оқу – тәрбие жұмысы;
  • саяси – тәрбие жұмысы;
  • мәдени – жаппай жұмысы;
  • маңызды күндерге және оқиғаларға арналған жалпы университеттік іс – шаралар.

Оқу – тәрбие жмысы

2013 жылдың қыркүйегінде Э- 11, 12, 13с, 14с, МЭ-11,МЭ-12, ОПЭ-11, ОПЭ-12с топтарының кафедра меңгерушісімен, аға куратормен, кураторларымен кездесуі өтті. Кездесу кезінде академиялық топтар кураторлары таныстырылды, оқудың кредиттік жүйесі бойынша ҚарМУ оқу үрдісі, сонымен қатар студенттердің шығармашылық-мәдени өмірі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кафедра оқытушылары 26 топтардың кураторлары болып табылады, оларға бекітілген аудиторияларға тұрақты санитарлық тазалық өткізіледі.

Кураторлық сағаттар өткізу арқылы сабаққа қатысуға және үлгерімге бақылау жүзеге асырылды, әсіресе емтихан сессияның қорытындылары туралы кураторлық сағаттар өткізілді.

1 курс студенттері куратормен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих мұражайында 03.02.-07.02.2012ж. аралығында болды.

«Экономика және халықаралық бизнес» кафедрасының ПОҚ №1 жатақхана және бас ғимаратта кесте бойынша кезекшілік атқарды.

2. Саяси-тәрбие жұмысы

7.10.13 – 10.10.13 жж. «Экономика», «Әлемдік экономика», «Құқық және экономика негіздері» мамандарының жетекшілік ететін 1, 2 курс топтарының студенттері арасында ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған кураторлық сағаттар өтті.

25.10.13 ж. – ОПЭ-22,Э-22, Э-23с, МЭ-22 топтарының студенттері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» арналған курторлық сағат жүргізілді.

11.11.12 – 15.11.13 студенттермен әлемдегі терроризмге және экстремизмге қарсы күреске арналған кураторлық сағаттар өткізілді. Кураторлық сағаттар «Экономика», «Әлемдік экономика», «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарының барлық курстар студенттерінің арасында жүргізілді.

26.11.13 МЭ-31, МЭ-11,Э-11,Э-13 топтарының студенттері Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті күніне арналған кураторлық сағаттар өтті.

12.12.13 ж. «Экономика және халықаралық бизнес» кафедрасының студенттері «Тәуелсіз Қазақстан: тұрақты экономикалық өсім траекториясы» тақырыбына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған ашық кураторлық сағаты жүргізілді.

20.01.14 ж. Э-31,Э-32 топтарының студенттері 2014 жылғы 17 қаңтардағы ҚР Президентінің ««Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған кураторлық сағаттары өтті.

14.04.14 – 17.04.14 жж. «Экономика», «Әлемдік экономика», «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарының 1, 2 курс студенттері арасында ҚР және әлемдік қауымдастықтағы экономикалық – саяси жағдайы арналған кураторлық сағаттар жүргізілді.

5.05.2013 ж. – ОПЭ-32 тобының студенті Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған кураторлық сағаттары өтті.

3. Мәдени-жаппай жұмысы

07.09.2013 ж. – Э-11, Э-12 топтарының студенттері «Денсаулық күніне» арналған «Дене шынықтыруға жинал» акциясына қатысты.

23 қазанда – экономикалық факультетте «Экономика және халықаралық бизнес» кафедрасының Күні іс-шарасы өткізілді.

17 қарашада МЭ-32 тобының студенті Свиридов В., Акжигитов Д. Экономикалық факультетте «Студенттер күні» іс – шарасына қатысты.

01.12.2013 ж. ¬– оқытушылар мен студенттер «Жастар» спорт кешенінде ұйымдастырылған ҚР Алғашқы Президентінің Күніне «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» арналған форум жұмысына қатысты.

04.12.2013 ж. – кафедра оқытушылары К.Н.Бурханов ҚР Мәжіліс Парламентінің депутатымен кездесті.

04.12.2013 ж. – ЖІЖК факултетінің төрайымы М.Ибраева және Э-21, Э-22 топтарының студенттері «Жастар салауатты өмірді қалайды» акциясына қатысты. 12.12.2013 ж. ¬– кафедра оқытушылары ҚР Алғашқы Президентінің Күніне арналған Э-33с тобының студенті Жаканов Д. Мерейлі іс-шараларын өткізуіне қатысты. 13.03.2014 ж. – экономикалық факультеттің МЭ-31 тобының студенттері Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қолдау бойынша форумға қатысты. 21.03.2014 ж. – кафедра оқытушылары «Наурыз-мейрамы» қалалық іс-шараға қатысты. 2014 жылғы 1 мамырда – «Экономика және халықаралық бизнес» кафедрасының оқытушылары Қазақстан халықының бірлік және ынтымақ күніне арналған салтанатты шеруге қатысты.

4. Маңызды күндерге және оқиғаларға арналған жалпы университеттік іс – шаралар. «Экономика және халықаралық бизнес» кафедрасының студенттері музыкалық және би топтары құрамында Білім күніне арналған салтанатты митингке және мерекелі концертке, Ұлттық мейрам-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне, Халықаралық әйелдер күні 8 наурызға арналған мерекелі концертке, «Наурыз, құтты болсын!», Университет Күніне арналған, Қазақстан халықының бірлік және ынтымақ күніне арналған және т.б. мерекелі бағдарламаға белсенді қатысты.

Top