Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы

Кафедра тарихы

Кафедра меңгерушісі, з.ғ.к., А.С.Қыздарбекова

Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы

Өзіндік қалыптасу мен даму тарихына ие азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасы юриспруденция аумағында жоғары дәрежелі мамандарды дайындауда жоғары орынға ие.  Заң факультетінің қалыптасуының алғашқы  кезеңдерінде ең күрделі мәселелердің бірі білім үрдісін ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету болды. Аталған мәселе басқа жоғары оқу орындарынан жоғары дәрежелі ғалымдарды шақыру арқылы шешілді. Сондықтан азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасын 1975 жылдан 1977 жылдар аралығында Калинингардтық мемлекеттік университеттің доценті заң ғ.к. И.В Гущин басқарды.Кафедрада оқу үрдісін жүзеге асыруда үлкен көмекті Беларусс мемлекеттік университеттен келген доцент Туезарова А.И., оқытушы Тимшкевич А.Е., А.А. Жданов атындағы ЛГУ аяқтаған соң жас мамандар  Нургалиева Е.Н.,(қазір заң ғ.д.,профессор), Аль-Фараби атындағы ҚазМУ-дың түлегі Щеголева Т.П. (қазір заң ғ.д.,профессор, Орынбор аграрлық университетінің деканы) және басқалары көрсетті.

70 жылдардың соңында азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы екі жеке бөлімшеге бөлінді: азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы мен ауылшаруашылық құқығы кафедрасына, дегенмен олар 1995 жылы қайтадан біріктірілді. Қазіргі таңда кафедра «Азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасы» деген атқа ие.

Әр уақыттарды кафедраны доцент Иосифиди Т.П., аға оқытушы Нурабаева З.Т., доцент Кенжетаев Т.Р., заң ғ.к., доцент Идрисова С.Б., заң ғ.к., доцент Муканова М.Ж., заң ғ.к. Зинченко В.В. басшылық жасады. 2008 жылдан бастап азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасын Қарағанды мемлекеттік университетінің 1997 жылғы түлегі заң ғ.к. Киздарбекова Антонина Сериковна басқарады.

ҰОС ардагерлерімен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 2000 ж.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 2010 ж.

Қарағанды облысы прокуратурасының жас қызметкерлерімен азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының ПОҚ кездесуі.

14.03.2014 ж.

«Азаматтық іс жүргізу кодексін» талқылау 2015 ж.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қараша 2015ж.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 2015 ж.

ПОҚ тізімі
Киздарбекова Антонина Сериковна
Мира Жаскайрат
Ильясова Гүлжазира Ақтөреқызы
Ілясова Майра Тимишқызы
Карибаева Асель Ергалиевна
Әлиева Людмила Русланқызы
Тоқатов Руслан Алтайұлы
Прудникова Марина Юрьевна
Әкімжанова Маржангүл Тұрсынханқызы
Рахимберлина Әсел Қапанқызы
Әсетова Гүлнұр Бақытқызы
Мырзалиева Жанарай Тұрғанбайқызы
Мүлкiбаева Шынар Рамазанқызы
Нұржанова Әлия Сейтқазықызы
Ильясов Арыстан Аскарович
Жағалов Рүстем Бағдатұлы
Мамандықтар

5В030100 – «Заңтану» (бакалавр)

5B030200  – « Халықаралық құқық» (бакалавр)

6М030100 –  «Заңтану» (магистратура)

6М030100 –  «Заңтану» (докторантура)

Халықаралық ынтымақтастық

Кафедра шетелдік ғылым және білім беру орталықтарының өкілдерімен белсенді түрде жұмыс істейді. Шет елдердің ғалымдарымен халықаралық ынтымақтастық аясында факультетте азаматтық ғылымның мәселелері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіліп, халықаралық ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асыруға қатысады. TEMPUS-VI бағдарламасы бойынша (TuCAHEA) «Орталық Азиядағы жоғары білім беруді дамыту: құрылымды қалыптастыру және сапалы мәдениетті қалыптастыру» 2013-2015 жылдар аралығында халықаралық ғылыми-білім беру жобасын жүзеге асыруға келесідей оқытушылар Киздарбекова А.С., Ильясова Г.А., Акимжанова М.Т. қатысты.

Кафедра оқытушылары Киздарбекова А.С., Нуржанова А.С 2017 жылдың қаңтар мен 2017 жылдың маусым аралығында Р2Р халықаралық студенттік жобаны жүзеге асыруға қатысты.


Кафедрада қазіргі уақытта 6D030100 –«Заңтану» мамандығы бойынша 4 PhD доктаранты оқып жатыр. Е.А.Бөкетов атыңдағы ҚарМУ мен диссертациялық зерттеулерді орындауға консалтингтік жетекшілік қызмет көрсету бойынша Әзірбайжан ІІД Полиция Академиясының құқық бойынша философия докторы Р.Ю Мамедовпен (Әзірбайжан, Баку қ.), «Неофит-Рильский» Оңтүстік-Батыс университетінің профессоры, заң докторы Д.,Чанковамен (Болгария Республикасы, Благоевград қ.), заң докторы , профессор Ладислав Тыллмен (Чехия) меморандумдар жасалды.

Ғылыми бағыттар

Кафедра оқытушыларының ғылыми қызығушылықтарының негізгі тақырыптары Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйенің қалыптасу жағдайында азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелеріне бағытталған. Осы тақырып аясында азаматтық құқық ғылымының келесі бағыттары белсенді түрде зерттелуде: шарттық құқық мәселелері, меншік құқығы институтының дамуы, Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының азаматтық құқықтық мәртебесі мәселелері, ерлі-зайыптылардың мүліктік және жеке қатынастарының мәселелері, мемлекеттік мүліктің құқықтық режимінің мәселелері және т.б.

Оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттердің жыл сайынғы «De jure, de facto» еңбек жинағында ғылыми зерттеулердің нәтижелері жарияланады, бұл тәжірибелі оқытушылар мен студенттерге өзекті құқықтық мәселелер бойынша ғылыми талқылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Кафедра оқытушылары Қазақстан Республикасында және алыс жақын шетелдерде өтетін халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді түрде қатысуда.

Кафедраның профессорлары мен доценттері Thomson Reuters ақпараттық базасына сәйкес Scopus, РИНЦ деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналдарда уәкілетті орган ұсынған ғылыми басылымдарда жарияланымдары бар.

Кафедраның оқытушылары көптеген монографиялар, ҚР БҒМ ұсынылған оқулықтары мен оқу құралдарының авторлыры болып табылады.



Сонымен қатар кафедра электронды оқу бағдарламаларын, электронды оқулықтарды әзірлейді, олардың ішінде:

Кафедраның оқытушылары Германия, Чехия, Болгария, АҚШ-тың жетекші халықаралық білім беру орталықтарында, «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының бағдарламаларына сәйкес өз біліктілігін арттырады. Профессор М.Жаскайрат Болгария Республикасының Бургас қаласында 2012 жылы 11-24 маусым аралығында «Медиация в области межэтнических отношений»жазғы мектебінде білім алды, тренинг нәтижелері бойынша «Этносаралық қатынастардағы медиация» мамандандырылған курс бойынша сертификат алды.

Профессор Киздарбекова А.С. 2013 жылы «Interkulturelle Weiterbildungs gesellschaft e.V.» (Дюссельдорф қ., Германия), Халықаралық білім және ғылыми ақпарат орталығында  ғылыми-зерттеушілік тәжірибе өтті, 2016 жылы Penn State Low (Пенсильвания, АҚШ) «Visiting scholar in  Penn State Law school» жобасы аясында  «International financial law (professor Tridimas); «Constitution law (Dean Romero)»; «International litigation and arbitration (professor Carbonneau)»; «International trade law (professor Bufford)»; «Multinational corporations (professor Backer)» тақырыптарыбойынша біліктіліктерін жоғарлатты.

Профессор Ильясова Г.А.  2014 жылы «Interkulturelle Weiterbildungs gesellschaft e.V.» (Дюссельдорф қ., Германия), Халықаралық білім және ғылыми ақпарат орталығында Генрих Гейне атындағы Дюссельдорф университеті базасында біліктілігін жоғарлатты.

Кафедра профессорлары «Үздік оқытушы» республикалық байқау грантының иегерлері, Қазақстандық заңгерлік кәсіби байқауының жеңімпазы.

Қазіргі уақытта кафедра 6M030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша бейіндік және ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламалары бойынша  24 магистрант білім алуда. Жеке магистрлік зерттеулерді жүзеге асыру үшін Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының өтінімдері бар, оның негізінде кафедра филиалы құрылды және жұмыс істейді.

 

 

Кафедраның оқытушылары Қазақстан Республикалық заңгерлер одағы (Ильясова М.Т., Потапчук М.Г.), Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес (Киздарбекова А.С.), Диссертациялық кеңес (Карибаева А.Е.), Медиация орталығы (Жасайрат М.Ж., Потапчук М.Г., Тасымов К.Е., Киздарбекова А.С.), Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының мүшелері (Ибраев М.А., Мулькубаева Ш.Р.), Қарағанды облысының Әділет департаментінің оқу-әдістемелік кабинеті (Киздарбекова А.С., Ильясова Г.А., Жаскайрат М., Прудникова М.Ю., Акимжанова М.Т.) мүшелері болып табылады.

Кафедра оқытушылары жыл сайын шаруашылық шарт негізінде жобаларға қатысады. Атап айтқанда, «Қазагромаркетинг» АҚ тапсырысы бойынша бастаушы кәсіпкерлерді оқыту.

 

 

Қазіргі уақытта кафедра профессоры Ильясова Г.А «Қазақстандағы және қазіргі әлемдегі ювиналды жүйесінің даму мен қалыптасуындағы бала құқықтарын қорғауды қамтамас ету мен клнституциялық құқықтық қорғау» іргелі гранттық тақырыпты іске асыруға қатысады.

Тәрбиелік жұмыс

Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының тәрбие жұмысының үрдісі студенттік жастарға жеке және кәсіби дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған кәсіби және жалпы мәдени құзыреттілік, ЖОО түлектеріне сәйкес сапалы негізгі әлеуметтік-жеке келесідей қасиеттерге яғни руханият, адамгершілік, патриоттық, еңбекшіл, жауапкершілік, ұйымдастырушылық, тәуелсіздік, бастамашылық, тәртіптілік, өзін-өзі танытуға, салауатты өмір салтын ұстануға және мәдени құндылықтарға ұмтылу қабілетіне бағытталған.

Кафедрадағы тәрбие жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі. Студенттерді тәрбиелеу мәселелері старостаттың отырысында, кафедра мәжісілінде қарастырылады, онда оқытушылардың және тәрбие жұмыстарына жауапты тұлғаның есептері тыңдалып, сәйкес отырыстың хаттамаларымен рәсімделеді.

Жылдар өткен сайын кафедра оқытушылары тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру нысандары мен әдістерін жетілдіруде. Соның ішінде тәрбие жұмыстарының келесідей нысандары кеңінен қолданылады: конкурстар, іскерлік ойындар, әңгімелесулер, диспуттар, пікір таластар, кураторлық сағаттар, кездесулер, дәрістер және экскурсиялар және т.б. Кафедра оқытушыларымен жүргізілетін тәрбиелік шаралар студенттердің шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттіліктерін, студенттредің өзін өзі басқаруды және студенттердің қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, адамзат идеясына, гуманизмге және жалпыға ортақ құндылықтарға негізделген білім беру жұмысының мазмұны, формалары мен әдістері жоғары кәсіптік білім беру және бәсекеге қабілетті үлгілі маман шығаруға бағытталған.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, діни экстремизмге, СПИДке және наркоманияға қатысты мамандарды, медициналық қызметкерлерді тартумен, киноқойылымдарды көрсетумен тәрбиелік жұмыстарды жүргізуге ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, мемлекет басшысының Қазақстан Халқына жолдайтын жыл сайынға Жолдауын таратумен байланысты жұмыстар алдыңғы орындарға қойылған.

Дене тәрбиесін және студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыруға жол береміз. Бұл бағыт студенттердің саналы қажеттіліктерін және салауатты өмір салтын дағдыларын қалыптастыруды, а бейәлеуметтік мінез-құлық көрінісіне теріс қатынасты қалыптастыруды көздейді.

Кафедрамен жалпы Университетпен сонымен қатар, студенттерде қоршаған ортаға, табиғатқа деген этикалық жауапты қатынасты, олармен дұрыс қарым-қатынасты, еңбек акцияларына, «Жасыл ел» студенттік құрылыс және еңбек отрядтары мен елді көгалдандыру бағдарламаларын жүзеге асыруға белсенді қатысу қажеттіліктерін қалыптастыру ұйымдастырылған.

Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және жетекшілік курс студенттерімен сеңбілікте


1 қыркүйек жетекшілік топ студенттері

Біздің студенттер жай күндері

Жетекшілік топ студенттері демалыста

Жетекшілік топ студенттері сеңбілікте



Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ Заң клиникасы

Қазақстанның заң білімінде Заң клиникасы – жаңа салстырмалы құбылыс. Құқық мамандығының студенттеріне тәжірибелік дағдыларды ұзақ уақыт бойы енгізу мәселесі құқық қорғау органдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен әр түрлі мемарандумдарға қол қою арқылы шешіледі, студенттерге осы ұйымдар негізінде танысу және өндірістік тәжірибені өткізу мүмкіндігі беріледі, сонымен қатар, кейбір ұйымдардың, жекелеген органдардың ерекше мәртебесі арнайы режимінің қатысуымен, соның ішінде жұмыс үрдісі (құжаттардың құпия режимі, тергеу құпиясы және т. б),  студенттерге әрдайым жекелеген тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға, кейбір құжат категорияларымен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

Осы мән-жайларға байланысты Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Заң клиникасын құру қажеттілігі туды, яғни мамандарды ынталандыру бағдарламасын дайындау мақсаты бойынша жоғары және университеттен кейінгі заң факультетінің студенттері мен магистарттарын кәсіби дағдады нақты заңды казустардытұрғындар мен заңды тұлғалардың арасында шешу, заң аясында кеңес беру қызметін көрсету ректордың 2013 жылғы 04 қарашасында №1367 бұйрығымен университеттің құрлымдық бөлімі ретінде құрылды.

 

Қазақстанның ЖОО-да Заң клиникаларының жұмыс істеуі талданған жəне жинақталған тəжірибесі жоқ екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, көптеген университетттер құрылымында олар іс жүзінде жоқ. Жеке ЖОО- да жұмыс іститін бірнеше Заң клиникасы жұмыс формасы мен мазмұны бойыншы айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл салада нормативтік база жоқ. Тиісінше,мұндай қызмет рұқсат етілген институционалдық негізде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің Заң клиникасы жұмысын ұйымдастыру үшін 4 ғимараттан аудитория бөлініп, жөнделді. Мекен жайы: Қарағанды қ. Гоголя к-сі ,38, 110- кабинет, жиһаз жəне кеңсе жабдықтарымен қамтылған. Оның қызметін қамтамасыз ету заң факультетіне тапсырылды. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де Заң клиникасы туралы ереже əзірленіп, мақұлданды, онда университеттің арнайы құқық қабілеттігі мен жарғылық қызметіне сəйкес қатаң өкілеттіктері мен функциялары қарастырылған. Клиенттер базаны құру үшін, БАҚ, соттар, түрлі құқық қорғау органдары, университеттің ЭСҚ, жұмысқа арналған кесте, бұйрық және мөрі арқылы кең ауқымды жарнамалық науқан өткізілді. Заң клиникасының жұмысын ұйымдастыруға жауапты болып еңбек өтілімі əсерлі, тəжірибелі мамандар прокурор, судья , адвокат тағайындалған. ( Потапчук М.Г., ИбраевМ.А.).

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУдегі Заң клиникасы бекіткен ережеге сəйкес бекітілген міндеттерге:

  • Халықтың əлеуметтік қорғалмаған топтарына тегін заңдық кеңес беру;
  • Заң мамандығы бойынша нақты тәжірибе материалдарымен жұмыс істеу арқылы заң факультетінің жоғары курс студенттері мен магистранттары үшін тәжірибелік дағдыны дамыту;
  • Өндірістік тəжірибе өтеуге арналған орындарды құру;
  • Жергілікті құқыққорғау органдарымен ынтымақтастыққа нақты негіздеме құру.
  • Халықтың əлеуметтік қорғалмаған топтарына тегін заңдық кеңес беру.
  • Бүгінгі күні Заң клиникасы консультативтік орталық және кəсіби заңдық көмек көрсететін орган ретінде университеттің танымал, сұранысқа ие құрылымдық бөлімшесі болды.

Соңғы жарты жылда Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің Заң клиникасы базасында 111 консультация өткізілді. Олардың ішінен:

– Еңбек даулары туралы- 11;

– Салық заңнамасы туралы -4;

– Отбасы заңнамасы туралы – 24;

– мұрагерлік жайында – 12;

-қылмыстық істер бойынша – 5

-сот орындаушысының әрекетіне шағымдану бойынша – 6

-тұрғын-үйге қатысты даулар бойынша – 13

-зейнетақы заңнамасы бойынша – 3

-мүліктік даулар бойынша – 48

-қылмыстық істер бойынша сот үкіміне шағымдану туралы – 8

-сот шешіміне шағымдану бойынша – 7

Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді, құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсетілді.

 

Берілген мерзім ішінде құқықтық сұрақтар бойынша кеңес алу мақсатында университеттің 14 оқытушысы жүгінді.

Атап өтетін болсақ, клиенттердің жетіспеушілік мәселелері іс-жүзінде жоқ. Өткізіліп отырған жарнама және клиника офисінің жақсы жерде орналасуы аталған мәселелерді шешеді. Жүгінуші келушілердің біркелкі емес саны апта күндері бойынша белгіленеді. Заңдық кеңес алу мақсатында жүгінушілердің негізгі контингенті  – қаланың қарт тұрғындары. Жүгінуге кешенді мінез-құлық тән, яғни ол әр түрлі құқық салаларын білуді талап етеді.

Заң факультетінің жоғары курс студенттері және магистранттарының құқықтық мамандықтары бойынша практикалық дағдылары іс-тәжірибе материалдарымен жұмыс істеу арқылы көрінді. 

Университеттің арнайы құқық қабілеттілігін ескере отыра, Заң клиникасы білім жаттықтырушысы ретінде құрылды, базалық және аранайы оқытылған заң пәндерін тәжірибелік тұрғыда нығайтуға мүмкіндік береді. Себебі анықталып отырған заңдық қызмет көрсету іс әрекеті Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ жарғысымен қарастырылмаған.

Дегенмен Заңнамада тыйым салынбаған заң факультетінің студенттері Заң клиникасы қызметінің шеңберінде практикалық дағдыларды иеленеді, практикалық жұмыс тәжірибесі мол мамандардың басшылығымен заңдық көмек көрсетуге өтініш берген қаланың кезкелген азаматтарына кеңес беру

Бұл салада зерттелген пәндер бойынша белгілі бір құқықтық есептердi шешу үшін құзыретті дамыта отырып, құқықтық клиникада жұмысжасайтын студенттер

Талап қою туралы өтініш, талап арызға жауап, апелляция сатыдагы процессуалдық құжаттармен жұмыс істеу дағдысын меңгереді, сондай-ақ кассациялық шағым, өтiнiш және басқалар келiсiмшарттар мен басқа да құқықтық құжаттамаларға сараптама жүргiзуге үйренедi.

Бұл қызмет оларды одан әрі жұмысқа орналастыру мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.

 

 

Осы жұмыстың нәтижесінде Заң клиникасының консультанттары болып табылатын осындай студенттерді жұмысқа орналастыруға болады, Қабдулин Тимур (Өндірістік қызметті құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Табиғатты пайдалану және өнеркәсіп қауіпсіздігі департаментінің заңгері)

Қазақмыс Тобының операциялық қызметін қамтамасызету бойынша құқықтық қызмет департаменті, шығарылған жылы 2014) Құсайынов Дәурен («Орис» халықаралық консалтингтік тобының ағакеңесшісі, 2014ж.), НұрмағамбетовАдиль (Шлюмберже Логелк Инк., Келісімшарттарға талдаушы, шығарылған жылы 2015), Ысқак Жандос (Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарының көмекшісі, шығарылған жылы 2017) және т.б. Заң клиникасы қалыптасу сәтінде оны оқытуға енгізу мүмкіндігі үшін нормативтік негіздер ескерілген үдеріс және студенттердің барынша қамтуы болмады, бұл міндетті орындау үшін 20 еңжақсы 3 курс студенттері және 5 заң факультетінің магистранттары. Селекция студенттің өтініші негізінде, несие кітаптарының жиынтық есебінен егізделді (GPA) және мұғалімнің ұсынымдары. Таңдалған студенттер бір ай ішінде заңды тұлғалармен жұмыс істеу ерекшеліктері неүйренді содан кейін олар кеңес беру процесіне қатысуға рұқсат етілді.

Консультатциялар барысында студенттер мен магистранттар Қылмыстық іс-жүргізу және азаматтық іс-жүргізу құқығын зерделеп, талап, қою, шағым, өтініш, оппеляциялық және кассациялық өтініш сияқты процессуалдық құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын меңгерді.

Сонымен бірге клиентпен қарым-қатынас тәжірбиесі қалыптасты. Студенттер бірнеше рет Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ Заң клиникасы меңгерушісімен бірге Қазыбек би ауданында болған сот отырыстарына қатысты.

Өндірістік тәжірибені өтуге арналған орындарды құру.

Бұл тапсырманы іске асыру 2016 жылғы 29 қаңтардағы білім және ғылым Министірінің №107 жарлығы бойынша «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен қамтамасыз ету ережесін және ұйымдарды тәжірибеде қолданбай-ақ анықтайтын ережелерді бекіту туралы» бұйрығынан кейін, ол Заң клиникасын оқу үдерісіне біріктіруге объективті түрде мүмкіндік беріп, оны барлық 3-ші курс студенттеріне арналған екі апталық тәжірбие курсын өтуі міндетті.

Мәселен, осы жылдан бастап оқудан өту тәжірибесі екі кезеңге бөлінеді. 1-кезең оқу жылы академиялық зерттеулерден үзіліссіз, күн сайын белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылады. Әрбір студент Заң клиникасына 2 апта бойы бос уақытында қатысып және оның жұмысына атсалысады.

Осы уақытқа дейін студент екі арнайы ұйымдастырылған негізде Заң клиникасы жұмысының формациясымен танысу керек,

Заң клиникасы шақырылған дәрігерлердің дәрістерін тыңдап, прокуратура мен сот мұражайына барады, заңгерлік кеңес беру тактикасымен танысады, Заң клиникасының жетекшісінің қатысуымен клиенттің қабылдауын өткізеді, кеңес беру барысында жасалған қателерді талдайды, консультациялардың нәтижелері бойынша меморандум мен рәсімдік құжаттарды құрастырады, 2 сот отырысына барып қатысады.

 

 

2 этап түрінде дәстүрлі режим базасында прокуратура, сот және басқа да құқыққорғау органдары қамтамасыз етіледі.

Осындай тәжірибенің есебін қорғау нәтижесі бойынша кешенді комиссиялық баға түрде қамтамасыз етіледі.

Осындай режимде өткізілген тәжірибе арқасында әрбір студент Заң клиника жұмысымен бірлесе отырып, оның тәжірибелік дағдыларын шынайы заңды казустары бойынша кеңестер арқылы, құқықтың әр түрлі салалары бойынша алған білімдерін жетелеуді (комплексті мінезіне қарай санасу), кәсіптік жауапкершілік деңгейін көтеруді міндетті түрде қамтамасыз етеді.

Осылайша, Заң клиника тәжірибенің басқа базаларымен қатар, жоғары сараланған заңгер – мамандарын дайындауда тең құқылы орган болды.

Жергілікті құқық қорғау органдарымен шын мәніндегі бірлестік құру.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ университетінің Заң клиникасы қалалық құқыққорғау органдарымен және ұйымдармен белсенді бірлестік әрекетін орнатты.

Қарағанды облысының «Нұр Отан» партиясының филиалы өздеріне тікелей қатысушылардың арыздары мен шағымдарына құқықтық көмек көрсетуде Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ заң клиникасынан құқықтық казусына сүйенеді. Осылайша, партия филиалының жолдауымен юристік клиникаға 12 адам келген. Осылайша, азаматша И.А.Недашковскаяға зейнет жасына тағайындалған жәрдемақы алу үшін еңбек стажын анықтауға көмектескен, тұл жетім Грамовтар және Т.Соколоваға пәтерін қайтарып беруге, колледж оқушысы, аз қамтылған отбасынан шыққан Тастеміроваға жол көлік оқиғасы кезіндегі материалдар шығынын қайтарып беруге қол жеткізуді, жалғызбасты ана К.Имашеваға өз тәрбиесіне қалдырған күйеуінен баласын алып беруге көмектесуді, Росс әулетіне консультация арқылы өзінің баспанасын алып беруде көмектесуге отырған баспанасы бұзылған азаматша Мустафинаға бірінші кезекте баспана алуға кезекке тұруға көмек қолын созды.

Заң клиниканың «Пенсионеры» газетімен бірлескен жұмысы өз жемісін беріп отырды, өйткені газет беттеріндегі Заң клиникасының құқықтық айдары тікелей заңгерлік сұрақтарға жауап беру арқылы, университеттің келбетін одан әрі көтере берді.

Университеттің Заң клиникасы «Ердос» қоғамдық қайырымдылық қорынан шыққан кәмелеттік жасқа толмаған балалар құқықтарын қорғау мүддесі үшін құқықтық сипаттағы мәселелерді шешуге белсенді түрде қатысады, олармен Заң клиникасы тығыз қарым-қатынас орнатқан. Атап айтқанда, Мажитич С.И., Цой Е.М сот орындаушыларымен қарым-қатынаста өз мүдделерін қорғауға көмектесті, В.Г. Алдеевқа санкцияларды жартылай азайту үшін көмектесті.

Дауларды шешудің құқықтық сипаттамасын түсіндіру үшін Заң клиникада тәжірибелі заңгер- кеңесшілер кеңес береді. Осылайша, осы мақсат үшін Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының құқықтық бөлімінің өкілдері тартылды, оның негізінде Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының филиалы қызмет істеуде. Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының оқытушылары Қарағанды облысы Нотариаттық палатасының оқу-әдістемелік кабинетінің мүшелері болып табылады.

Сонымен қатар, Заң клиникасының кеңесшілері құқықтық мәселелер бойынша сараптамалық қорытындыларды беруге, құқық қорғау органдарына заңнама түсіндіруге қатысады. Осылайша, 2016 жылдың қазан айының басында Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде азаматтық заңнама нормаларын қолданудың заңдылығы туралы басталған қылмыстық істер бойынша 103 іс материалдарын қарап тиісті қорытынды берді.

Осы жұмысқа азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының барлық оқытушылары және Заң клиникасының барлық кеңесшілері жұмылдырылды.

Оқу үрдісіне қатысуға шақырылған тәжірибелі заңгерлер

Жыл сайын дипломдық жұмыстарға жетекшілік етуге және  таңдаулы элективті пәндер бойынша дәріс оқу  үшін Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы тәжірибелі заңгерлерді, департаменттер мен ұйымдардың  заң бөлімінің басшыларын шақырады.

Оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін төмендегілер шақырылды:

Тасымов Кайрат Ельтаевич

Қарағанды қ.

Кәсіби медиаторлар орталығының басшысы

Воропаев Виталий Васильевич

Азаматтық істер бойынша сот өкілі

Потапчук Мария Григорьевна

Адвокат

Омарханов Бахтияр Никанбаевич

Қарағанды қаласы Әкімінің аппарат басшысы

Торегельдин Серик Макенович

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының

кәсіпкерлер құқықтарн қорғау Кеңесінің төрағасы

Ибраев Марат Айтмаганбетович

Адвокат,

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ Заң клиникасының жетекшісі

Галиев Марс Темирович

Қарағанды облысының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бастығы

Top